Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жарғылық капиталының ең аз мөлшері туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 29 желтоқсандағы № 122 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 10 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6043 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 6-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне баруларды және тексерулерді есепке алу кітабының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2006 жылғы 12 шілдедегі № 190 бұйрығы жойылсын.
      2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Ә. Исекешев