Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 128 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 09 шілдеде 8567 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшамен ресімделген тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілсін.

      2. Келесі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын:

      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесiн бекiту туралы" 2001 жылғы 6 тамыздағы № 301 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1646 тіркелген, 2001 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде № 34 жарияланған);

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Ұлттық валютаның 1993 жылғы үлгідегі банкноталарын ақша айналысынан алу туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 71 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4342 тіркелген, 2006 жылғы 1 қыркүйекте "Заң газеті" газетінде № 158 (964) жарияланған).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Г. Марченко


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 128 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне енгізілетін өзгерістер тізбесі

      1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2017 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.07.16 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 253 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7926 тіркелген, 2012 жылғы 24 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 696-701 (27773) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының айналыстан алынатын және алынған банкноттары мен монеталарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тозған және бүлінген банкноттары мен монеталарын айырбастау қағидаларында:

      3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 477 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2689 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлемділігін айқындау қағидаларында айқындалған бүлінулері бар банкноттары мен монеталары;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Айналыстан алынған банкноттар мен монеталарды банктер және Ұлттық Банктің филиалдары заңды төлем құралы болып табылатын банкноттарға және монеталарға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы" 2000 жылғы 20 шілдедегі № 301 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1232 тіркелген) бекітілген Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгілерінің дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде және тәртіппен айырбастайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Банктерге келіп түскен тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген) бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен сұрыпталады, айналысқа жіберілмейді және Ұлттық Банктің филиалдарына өткізіледі.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық Банктің филиалы тозған және бүлінген банкноттар мен монеталарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" 2003 жылғы 26 желтоқсандағы № 467 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2685 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес сараптамадан өткізеді және айырбастайды.".

      5. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      6. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 25.02.2015 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.