Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Төрағасының 2010 жылғы 21 мамырдағы N 50 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6303 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 258 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату ережелерін бекіту туралы» 1999 жылғы 28 наурыздағы № 37 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 754 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату жөніндегі ережелерде:
      8-тармақтың екінші бөлігінде:
      «банктердің,» деген сөз «банктердің және» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «нұсқаулықты» деген сөз «талаптарды» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 10 қазандағы № 401 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2062 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк болып табылмайтын заңды тұлғалардың банкноттарды, металл ақшаны және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі қызметін лицензиялау және реттеу ережесінде:
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды қайта санау, сұрыптау, орау, сақтау, сондай-ақ банктерге және банктердің тапсырмасы бойынша олардың клиенттеріне беру жөніндегі қызметті қоса атқару осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген үй-жайлардың Үй-жайларды күзетуді ұйымдастыру және жайластыру жөніндегі талаптарға сәйкес келуі туралы Ұлттық Банктің қорытындысы болған кезде жүзеге асырылады.»;
      16-тармақта «нұсқаулықта» деген сөз «талаптарда» деген сөзбен ауыстырылсын;
      17-тармақта «нұсқаулықтың талаптарына» деген сөздер «талаптарға» деген сөзбен ауыстырылсын.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Шегенов Ғ.Б.):
      1) Заң департаментімен (Өртембаев А.Қ.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау жөніндегі операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
      5. Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                      Г. Марченко