Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 93 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 тамызда № 7872 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 06.01.2014 № 2 бұйрығымен.

      Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалаудың ұйымдастырылуын жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берілген Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін.
      2. «Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2010 жылғы 12 қазандағы № 71 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6636 тіркелген) күші жойылған деп танылсын.
      3. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің бастығы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын.
      4. Осы бұйрықпен Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің бастықтары мен қызметкерлері таныссын, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорларға жолдансын.
      5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
           Бас Прокуроры                                А. Дауылбаев

Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 
2012 жылғы 13 тамыздағы
№ 93 бұйрығымен  
бекітілген    

Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында
және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды
бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық
қадағалауды ұйымдастыру туралы
НҰСҚАУЛЫҚ

1. Жалпы ережелер

      1. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы осы Нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасының КонституциясынаҚылмыстықҚылмыстық іс жүргізуҚылмыстық-атқару,  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне, «Прокуратура туралы» және «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және қылмыстық іс жүргізу барысында арнайы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық жазаны өтеуші, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған адамдардың, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
      2. Бас Прокурордың орынбасары, Бас прокуратураның ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаментінің бастығы, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар, мамандандырылған прокурорлар, қала мен аудан прокурорлары қадағалаудағы мекемелерде және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің органдарында, арнайы қабылдауыштарда, уақытша ұстау изоляторларында, қоғамдық қауіпсіздік құрылымдарында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары мен өзге де заңнамалық актілердің нақты және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етеді, кез келген заң бұзушылықты анықтауға және жоюға шаралар қабылдайды.
      3. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына қадағалау қылмыстық жазаның, өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуы кезінде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық-атқару заңнамаларының, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормаларының қолданылу заңдылығын, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамауға алынғандардың, сотталғандардың, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандардың, сондай-ақ әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың қонституциялық құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуын, арнайы және түзеу мекемелерінде ұстаудың тәртібі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ қуғын-сүргіннен ақталған адамдарға ақшалай өтемақыларды төлеу мен жеңілдіктерді берудің тәртібін реттейтін заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      4. Осы Нұсқаулықта қолданылған негізгі ұғымдар мен шартты белгілер:
      1) Департамент - Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау департаменті;
      2) облыс прокуроры – облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры;
      3) облыс прокурорының көмекшісі – облыстардың, Астана, Алматы қалалары прокурорларының, Бас әскери және Бас көлік прокурорларының ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі көмекшісі және аға көмекшісі;
      4) прокурор – қалалық, аудандық және оған теңестірілген прокурор (көлік және әскери прокурор), оның орынбасарлары, аға көмекшілері және көмекшілері;
      5) мамандандырылған прокурор – түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі прокурор, оның орынбасары, аға көмекшілері және көмекшілері;
      6) қадағалаудың аймақтық қағидаты – Департамент прокурорына осы Нұсқаулық талаптарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі облыстардың жекелеген прокуратураларының қызметтеріне бақылаудың жүзеге асырылуын бекіту;
      7) қадағалаудың пәндік қағидаты – Департамент прокурорына прокурорлық қадағалаудың жағдайын және қылмыстық жазалардың атқарылуын, ұсталғандардыңәкімшілік және тергеумен қамауға алынғандардың, сотталғандардың ұсталу тәртібі мен шарттарын реттейтін  заңнамалардың жекелеген мәселелерін орындау бойынша заңдылықты тексерудің әдістемелерін әзірлеуді, талдауды және жинақтап қорытуды бекіту;
      8) қызметкер – қылмыстық атқару жүйесінің, ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) қызметкері;
      9) ұсталған – құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мәжбүрлеу сипатындағы өзге де шараларды қолдану мақсатында адамның жеке бас бостандығын 72 сағаттан аспайтын қысқа уақытқа шектеуден тұратын және уәкілетті мемлекеттік органдар, лауазымды және өзге де тұлғалар заңда көзделген негізде және тәртіппен іске асыратын мәжбүрлеу шарасы қолданылған тұлға;
      10) сезікті – тергеушi, анықтаушы қылмыс жасады деп күмән келтiрiлгендiгiн хабарлап, соған байланысты Қылмыстық іс жүргізу заңнамаларымен белгiленген негiздерде және тәртiппен өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған не оны күдіктi деп тану туралы қаулы шығарылған, не ұстау жүзеге асырылған, не айып тағылғанға дейiн жолын кесу шарасы қолданылып, күдікті болып танылған адам;
      11) айыпталушы – өзiне қатысты айыпталушы ретiнде жауапқа тарту туралы қаулы шыққан, сондай-ақ оған қатысты анықтау органының бастығы айыптау хаттамасын немесе сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған және бекіткен не тергеуші сотқа дейінгі жеңілдетілген іс жүргізу хаттамасын жасаған адам;
      12) арнайы қабылдауыш – әкімшілік қамауға тартылған адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған ішкі істер органдарының арнайы мекемесі;
      13) әкімшілік қамалған – әкімшілік қамауға алу қолданылған адам;
      14) тергеумен қамалған – қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылған сезікті немесе айыпталушы;
      15) уақытша ұстау изоляторы (бұдан әрі – УҰИ) – қылмыс жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды күзетте ұстауға арналған арнаулы мекеме;
      16) тергеу изоляторы (бұдан әрі – ТИ) – бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған, қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды, сондай-ақ шаруашылық қызметтер көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме;
      17) арнайы мекемелер – арнайы қабылдауыштар, уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары;
      18) түзеу мекемелері – бас бостандығынан айырылған сотталғандардың жазасын өтеп жатқан түрмелер, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар, тәрбиелеу колониялары және қоныс-колониясы;
      19) сотталған адам – өзiне қатысты айыптау үкімі шығарылған айыпталушы;
      20) есепте тұрған адамдар – бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға және қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шараларына сотталған, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған адамдар;
      21) ЖӨМБШБ – жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (бұдан әрі – МБШБ);
      22) әкімшілік қадағалаудағы адам – сотпен «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңына сәйкес әкімшілік қадағалау белгіленген адам;
      23) пробация қызметі – шартты түрде сотталған адамның сынақ мерзімі мен пробациялық бақылауда тұрған кезінде жаңадан қылмыс жасауын алдын алу мақсатында оның жүріс-тұрысын одан әрі түзету үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың кешендерін жүзеге асыратын қылмыстық-атқару инспекциясындағы қызмет;
      24) электрондық бақылау құралдары (электрондық білезік) – тиісті бақылауды қамтамасыз етуге және Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекциясында есепте тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға немесе шартты түрде сотталған адамның жүрген жері туралы ақпаратты алуға арналған электрондық құрылғы;
      25) төтенше жағдай – табиғи не экологиялық зілзала, сезіктілер мен айыпталушылардың, сотталғандардың қылмыс жасау фактілері, адамдарды кепілге алу, қирату (мүлікті қасақана жою), жаппай тәртіпсіздік, топтасып қашу, дене мүшелеріне зақым келтіру, ақылы қызмет түрін орындаудан, тамақ ішуден (аштық жариялау) бас тарту, сондай-ақ олардың заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттерді жасауы, арнайы және түзеу мекемелері әкімшілігінің талаптарын орындамауы, қызметкерлердің ұсталғандарға, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға қатысты азаптауларды, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдануы, «Еңбек» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлері мен жұмысшыларының қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылықтар жасауы;
      26) арнайы хабарлама – төтенше жағдай туралы электронды немесе факсимилды байланыс арқылы дереу (3 сағат ішінде) жіберілетін хабарлама;
      27) кешенді тексеру – бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазалардың орындалуы бойынша жалпы заңдылықтың жағдайын және түзеу мекемелері әкімшіліктері мен жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының өзара іс-әрекетінің жағдайын прокурорлық тексеру;
      28) мамандар – қызметтің қандай да бір саласында (денсаулық сақтау, бухгалтерия, қаржы, еңбекті қорғау, әлеуметтік, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы және т.б.) арнаулы білімі бар адамдар;
      29) ҚАИ – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару инспекциясы;
      30) ІІО ҚҚБ – ішкі істер органдарының қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесі;
      31) «Еңбек» РМК – Қылмыстық атқару жүйесінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары;
      32) айыптылық бөлмелер – айыптылық изолятор (бұдан әрi – АИ), камера түріндегi бөлмелер (бұдан әрi – КТБ), бір кісілік камера (бұдан әрi – БКК), карцер, тәртiптiк изолятор (бұдан әрi – ТИЗО).
      5. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды ұйымдастырған кезде келесіні қадағалау прокуратура органдары қызметінің басымды бағыттары болып табылады:
      1) құқық қорғау органдарының арнайы және түзеу мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ұйымдасқан, терроризм мен діни экстремизм, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарына қарсы күрес жұмыстарының үйлестірілуін;
      2) ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың, ЖӨМБШБ және әкімшілік қамауға алынғандары конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуын;
      3) азаптауларға қарсы бағытталған заңнамалардың сақталуын, сондай-ақ ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды 1955 жылғы 30 тамыздағы БҰҰ бірінші Конгресінде қабылданған Қамаудағыларға қараудың ең төменгі стандарттық ережелеріне жақын ұстау жағдайларымен қамтамасыз етілуін;
      4) жазаны өтеу орындарынан босатылған адамдардың бейімделуіне бағытталған заңнаманың сақталуын;
      5) ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды ұстауға бөлінетін бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығының жағдайын.
      6. Прокурорлық қадағалау ІІМ ҚҚБ, ҚАИ, арнайы және түзеу мекемелерінде құқықтық тәртіп пен заңдылықтың жағдайын тоқсан сайын талдау негізінде қамтамасыз етіледі.
      7. Арнайы және түзеу мекемелерінің, ҚАИ, ІІМ ҚҚБ, халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметіндегі заңдылықтың жағдайын тексеру жұмыс жоспарына сәйкес, Бас және облыстық прокуратуралардың тапсырыстары мен тапсырмалары, төтенше жағдайлардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша тексеру тағайындау туралы қаулының негізінде жүргізіледі.
      Тексеру барысында қадағалауға бағынысты органдардың қызметіндегі заңдылығының жағдайына және прокурорлық қадағалаудың тиімділігіне баға беріледі.
      8. Прокурор өз құзыреті шегінде, заңдылықтың, ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің анық бұзылуына дереу ықпал ету мақсатында, тәуліктің кез келген уақытында ІІО ҚҚБ, арнайы және түзеу мекемелерін тексеруге құқылы.
      Қажетті кезде тексерулерге мамандар тартылады.
      Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелерінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге тексеру жүргізу туралы қаулы тіркелуге жатады.
      Жоспарлы тексеруді бастар алдында тексерілетін органның басшылығы қаулымен танысады.
      Тексеру нәтижелері анықтама немесе акті түрінде ресімделеді, онда: тексерудің жүргізілген орны мен уақыты, тексерушінің лауазымы, тегі, аты (бар болса әкесінің аты) анықталған заң бұзушылықтар, жұмыстағы кемшіліктер мен олқылықтар, осыған әсер еткен себептер мен салдарлар, тексеру нәтижелерін іске асырудың ұсынылып отырған нұсқалары, оларды жоюдың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі.
      Прокурорлық қадағалау актілерін енгізу қажет болған кезде, сондай-ақ ұсталғандардың, әкімшілік және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың конституциялық құқықтарының бұзылғаны анықталған кезде анықтама ресімделеді.
      Тексеру барысында анықталған заң бұзушылықтарды, жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен олқылықтарды жою кезінде акт құрастырылады.
      Түзеу мекемелерін кешенді тексеру нәтижелері анықтама түрінде ресімделеді.
      9. Тексеру нәтижелері туралы анықтамамен тексерілген органдардың бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушылар, сондай-ақ осы орган қызметінің қадағалануын қамтамасыз ететін прокурор танысады.
      10. Облыс прокуратураларының және Үйлестіру кеңестерінің жедел кеңестерінде немесе алқа отырыстарында заңдылық, құқық тәртібін және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі жоспарлы іс-шаралардың орындалуы мен тексерулердің нәтижелері кемінде жарты жылда бір рет қаралады.
      11. Бас прокуратурада тұрақты негізде облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларының ұсталған, әкімшілікпен қамалған, қамауға алынған, қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың құқықтарының сақталуы мәселесі тыңдалып отырады.
      12. Облыстық мемлекеттік органдарға енгізілетін прокурорлық қадағалау актілері, сұрау салулар мен хаттар облыс прокуратуралары арқылы, орталық органдарға Бас прокуратура арқылы жолданады.
      Осы кезде анықталған заң бұзушылықтарды нақты жоюға бақылау белгіленеді.
      Прокурорлық қадағалау актілерін тиісті қарамау және ықпал етпеу фактілері бойынша заңмен көзделген шаралар қабылданады.
      13. Қылмыстық жазаларды атқару, ұсталғандарды, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды арнайы және түзеу мекемелерінде ұстау, сондай-ақ ЖӨМБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру мәселелері бойынша қылмыстық-атқару жүйесі, Ішкі істер және ҰҚК органдары шығаратын нормативтік құқықтық актілерінің, бұйрықтарының және өкімдерінің заңдылығы үнемі зерделенеді және тексеріледі.
      14. Прокуратура органдарында жедел-профилактикалық есепке тіркелген адамдарға қатысты бақылау істері ашылады.

2. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында
және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды
бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды
ұйымдастыру

1-параграф. Департаменттің қадағалауды ұйымдастыруы

      15. Департамент прокурорлары:
      1) Бас прокуратура мен Департаменттің Стратегиялық, операциялық және тоқсандық жұмыс жоспарларына сәйкес, Бас прокуратураның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, төменгі тұрған прокуратуралармен, мүдделі министрліктер және ведомстволармен өзара іс-әрекет ету және үйлестіру арқылы қызметкерлердің лауазымды міндеттерін нақты жіктеу және тапсырылған учаскелер мен аймақтық-пәндік қағидаттар бойынша істердің жағдайына олардың әрқайсысының жеке жауапкершілігін белгілеу негізінде Республикада ұсталған, әкімшілік қамалған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына тұрақты және пәрменді қадағалау ұйымдастырады және жүргізеді;
      2) Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, Әкімшілік полициясы комитетінің қызметіндегі заңдылыққа – УҰИ, арнайы қабылдауыштардың қызметіндегі, сондай-ақ ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің – ТИ қызметіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша тікелей қадағалауды жүзеге асырады;
      3) Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің прокурорларымен бірлесіп, жетекшілік ететін желілердің қызметінің заңдылығын қамтамасыз етеді, бірлескен тексерулер жүргізу бастамасы көтеріледі және жазаның атқарылуы мен қамауға алынған адамдарды ұстау кезінде заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған өзара қызмет ету шаралары қабылданады;
      4) облыс прокурорларының ұсыныстары және сотталғандардың өтініштері бойынша жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, түзеу мекемесінің түрін өзгерту материалдары бойынша бірінші және апелляциялық сатыда қабылданған сот қаулысының заңдылығы қадағалау тәртібінде наразылық енгізу мақсатында зерделенеді;
      5) оқу семинарлары мен кеңестер, бірлескен тексерулер және облыс прокурорларының көмекшілерін, прокурорлары мен мамандандырылған прокурорлардың тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылады және өткізіледі, жұмыстың оң тәжірибелері зерделенеді және таратылады, қадағалауды ұйымдастырудағы жол берген кемшіліктері мен олқылықтары үшін төменгі тұрған прокурорлардың жауапкершіліктері туралы Бас прокуратураның басшылығына ұсыныстар енгізіледі;
      6) тұтастай алғанда, сондай-ақ қадағалаудың басымдық, аймақтық және пәндік бағыттары бойынша заңдылықтың жағдайына талдау жасалады, тексерудің әдістері әзірленеді;
      7) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлардың салдары жергілікті орындарға бару арқылы тексеріледі;
      8) жергілікті орындарда тексеру жүргізу кезінде прокурорлық ықпал ету актілері дербес енгізіледі;
      9) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша аумақтық прокурорлардың, аймақтардағы құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қабылдаған шешімдерінің, сондай-ақ сот актілерінің заңдылығын зерделеу мақсатында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен өзге де материалдар сұратып алынады;
      10) Департамент туралы Ережемен көзделген өзге де міндеттер, функциялар мен өкілеттіктер орындалады.

2-параграф. Облыс прокуратуралары мен оларға
теңестірілгендердің қадағалауды ұйымдастыруы

      16. Облыс прокурорлары және олардың орынбасарлары:
      1) ұсталған, арнайы мекемелерге орналастырылған, қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
      2) жарты жылда кемінде бір рет түзеу мекемелерінің кешенді тексерулеріне және арнайы мекемелердің тексерулеріне қатысады.
      Көрсетілген тексерулерді жүргізу барысында ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды, «Еңбек» РМК-ның қызметкерлері мен жұмысшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіледі;
      3) арнайы және түзеу мекемелерінде қызметкерлердің ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға азаптау, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдану фактілері бойынша уақытында тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
      4) мұндай фактілер бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің заңдылығын он тәулік ішінде тексеруді тапсырады.
      17. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған кезде дереу 3 сағат ішінде Бас прокуратураға арнайы хабарлама жібереді, онда міндетті түрде төтенше жағдайдың орын алған күні, уақыты, орны және мән-жайы, себебі, мақсаты, тәсілі, нысанасы мен оны жасаған кезде пайдаланған құрал-жарақтары, оған қатысқан адамдардың жалпы саны, олардың тегі, аты, әкесінің аты, ҚК-тің қандай баптары бойынша тартылғаны немесе сотталғаны, жедел-алдын алу есебінде тұратындығы көрсетіледі (5 және одан да көп қатысушылар болса, олар туралы деректер арнайы хабарламаға тіркеледі).
      18. Арнайы және түзеу мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қажетті қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында облыс прокуратураларының тиісті құрылымдарының өзара тығыз қызмет етуіне назар аударылады.
      Қажетті кезде арнайы және түзеу мекемелерінде тиісті режимді қамтамасыз ету шараларын әзірлеп, бірлескен тексерулерді өткізу және талдау жасау тапсырылады.
      19. Облыс прокурорларының көмекшілері:
      1) ҚАЖ комитеті арнайы мекемелерінің, Департаменттерінің, «Еңбек» РМК және түзеу мекемелерінің (мамандандырылған прокуратуралар құрылмаған өңірлерде) қызметіндегі заңдылыққа, Ішкі істер департаментінің – арнайы мекемелерде заңдардың, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдарға бақылауды жүзеге асыру заңнамасының орындалуына, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ТИ заңдардың орындалуына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалардың қолданылуына қадағалауды жүзеге асырады;
      2) облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімшесімен келісіп, арнайы және түзеу мекемелерінде жүргізілетін жедел-іздестіру іс-шараларының заңдылығын тексереді;
      3) осы Нұсқаулықтың 34-61-тармақтарының орындалуы бойынша прокурорлардың, соның ішінде мамандандырылған прокурорлардың қызметіне тікелей бақылауды жүзеге асырады.
      20. Арнайы және түзеу мекемелерінде ұсталғандарға, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шаралары мен арнаулы құралдардың қолданылғаны туралы хабарламалар немесе өтініштер келіп түскен кезде, дербес немесе прокурор, мамандандырылған прокурор, қылмыстық қудалау органдары процессуалдық шешім қабылдау арқылы тексерудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
      Ұсталғандарға, әкімшілік және тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша қорытынды шығарылып, облыс прокурорының жетекшілік ететін орынбасары бекітеді.
      Қорытындыда: арнайы құралдардың қолданылу орны, уақыты, жағдайы, сондай-ақ оларды қолданған қызметкерлер туралы деректер, арнайы құралдардың қолданылуын реттейтін нормативтік құқықтық  актілерге сілтеме мазмұндалуы қажет.
      Қорытындының резолютивтік бөлігінде арнайы құралдарды қолданудың заңдылығы немесе заңдылықты бұзушылығы туралы тұжырым көрсетіледі.
      Қорытындыға растайтын материалдар қоса тіркеледі.
      21. Айына бір реттен кем емес облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Жезқазған және Семей қалаларында орналасқан ТИ заңдылықтың жағдайына тексерулер жүргізіледі.
      Адамның қамауда заңсыз отырғаны анықталған кезде оны дереу босатуға шаралар қабылданады.
      22. Апта сайын облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан УҰИ, арнайы қабылдауыштарда заңдылықтың сақталуының жағдайына тексеру жүргізіледі.
      23. Басқа елді мекендерде орналасқан УҰИ тексеру заңдылықтың жағдайы мен ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байланысты жүргізіледі.
      Арнайы мекемелерде тексеру жүргізгенде ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды және қызметкерлерді жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіледі.
      24. Төтенше оқиғаларды және ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға қаруларды, арнаулы құралдарды қолдану, арнайы және түзеу мекемелерінен қашуға оқталу, өзін өлтіру және өзіне дене жарақатын салу барлық фактілерін есепке алу журналы ресімделеді және жүргізіледі.
      Төтенше жағдайлар туралы ақпаратты алған кезде дереу телефон байланысымен (бір сағат ішінде) Департаменттің жетекшілік ететін прокурорына хабарланады.
      25. ТИ келесі тексеріледі:
      1) айыпталушының қамаудағы мерзімінің аяқталуы мен оны қамаудан босату туралы шешімнің қабылдануы туралы тиісті органдарды уақытында хабардар ету бөлігіндегі мекеме әкімшілігінің қылмыстық іс жүргізу заңнамасы талаптарының сақтауына назарын аударып, күдіктілердің, айыпталушылардың және сотталғандардың қамауда ұсталуының заңдылығы;
      2) тергеумен қамалғанның арызын прокурорға уақытында жіберу бөлігіндегі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талаптарының сақталуы;
      3) материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызметпен қамтамасыз етілуі;
      4) тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды тергеу изоляторларына орналастырған кезде және тергеу әрекеттері мен сот талқылауынан кейін әрбір кері қайтарылғанда, дене жарақатының болу-болмауына уақытында медициналық куәландырудың жүргізілуі;
      5) тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың арасында туберкулездің таратылуына қарсы іс-әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуы;
      6) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкестігі;
      7) ұсталғандарды, тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жағдайы;
      8) тергеумен қамалғандарды карцерге қамаудың заңдылығы;
      9) тергеумен қамалғандардың уақытша ұстау изоляторларынан тергеу изоляторына уақытында қайтарылуы;
      10) сотталғандардың тергеу изоляторларынан түзеу мекемелеріне уақытында жіберілуі;
      11) тергеумен қамалғандарды бөлек орналастыру мәселелерін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы;
      12) сотталғандарды шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін қалдырудың заңдылығы;
      13) сотталғандарды қоныс-колониясына ауыстыру, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, ұстау режимін қасақана бұзушыларды жазасын өтеу үшін түзеу мекемелеріне жіберу туралы мәселелердің уақытында қаралуы және заңдылығы;
      14) сезіктілерге, айыпталушыларға және сотталғандарға жазаларды тағайындау мен оларды көтермелеудің заңдылығы;
      15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы.
      26. Тексеру барысында, дереу ықпал етуді талап ететін заңдылықты айқын бұзушылық анықталса, прокурорлық қадағалау актілері енгізіледі.
      27. Шаруашылық жұмыстарын орындау үшін ТИ қалдырылған сотталғандарға қатысты үкімді орындауға байланысты мәселелердің бірінші сатыдағы сотта қаралуы кезінде, сондай-ақ жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру туралы және түзеу мекемелерінің түрін өзгерту материалдары бойынша шығарылған сот қаулыларына арыздар мен наразылықтарды апелляциялық сатыдағы соттарда қараған кезде міндетті түрде қатысады.
      28. УҰИ тексеру осы Нұсқаулықтың 37-43-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      29. Түзету мекемелерінде тексеру осы Нұсқаулықтың 54 және 60-тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      30. ЖӨМБШБ, әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды қамтамасыз ету, қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында, жарты жылда бір рет мекемелерден босатылған, соның ішінде басқа аймақтардағы, тұрғылықты мекенжайларына келген ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың саны туралы, олардың қайталап жасаған қылмыстары туралы Ішкі істер департаментінің мәліметтерімен бірге Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттегі деректермен салыстырып тексеру жүргізіледі.
      31. Тоқсан сайын ұсталған, әкімшілік қамалған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың, ЖӨМБШБ және қадағалауда жүрген адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалаудың жағдайы талданады.
      32. Азаматтарды жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақтау мәселелерін реттейтін заңнамалардың қолданылуы жыл нәтижесі бойынша жинақтап қорытылады.
      33. Облыс прокуроры мен оған теңестірілгеннің аға көмекшісі (көмекшісі) туралы ережеде көзделген өзге де міндеттер, функциялар мен уәкілеттіктер орындалады.

3-параграф. Қалалық және аудандық прокуратуралардың
қадағалауды ұйымдастыруы

      34. Прокурорлар:
      1) УҰИ, арнайы қабылдауыштардағы заңдылыққа, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жаза мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының атқарылуы заңдылығына, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдарды бақылау тәртібі заңнамасыныңақталған азаматтарға ақшалай өтемақыларды төлеу және оларға жеңілдіктерді беру кезінде заңдардың сақталуына қадағалауды жүзеге асырады;
      2) түзеу мекемесі мамандандырылған прокуратурадан едәуір алыс болса, мән-жайларды анықтау және заңдылықты қамтамасыз ету үшін төтенше оқиға орнына баруды дереу жүзеге асырады;
      3) қызметкерлердің ұсталғандарға немесе әкімшілік және тергеумен қамалғандарға арнаулы құралдар мен күш қолдануы туралы арнайы хабарламалар оқиға орнына барып, УҰИ, арнайы қабылдауыштардың әкімшіліктері іс-әрекеттерінің заңдылығы мен негізділігі туралы қорытындыны құрастыру арқылы тексеріледі.
      35. Ұсталғандардың, сезіктілердің ҚІЖК нормаларында көзделген конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етіледі, процессуалдық құжаттардың уақытында және толық ресімделуі мен олардың УҰИ ұсынылуы тексеріледі.
      36. Жұмыс істейтін (оқу орындарында оқитын) және тұрақты мекенжайы бар, бас бостандығынан айыру жазасы көзделмеген немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған сезіктілерді УҰИ ұстау заңдылығына назар аударылады.
      37. УҰИ тексеру барысында келесі уақытында анықталады:
      1) нақты ұстағаннан кейін тергеушінің немесе анықтаушының ұстау хаттамасын толтыруы;
      2) (ұсталған немесе бұлтартпау шарасын қолданған мезеттен бастап, 24 сағаттан кешіктірмей) ұсталғаннан жауап алуы;
      3) ұсталғанның қорғаушыны шақырту және оның қатысуымен жауап беру құқығының сақталуы;
      4) ұсталғанға өзінің ұсталғандығы және ұсталу орны туралы телефонмен немесе өзге де тәсілмен өзінің тұрғылықты жері немесе жұмысы орнына дереу хабарлау құқығының берілуі және түсіндірілуі.
      38. Нақты ұсталғанды УҰИ уақытында орналастырмау туралы мәліметтер болған немесе өтініштер түскен кезде:
      1) сезіктіні оқшаулау және ұстау хаттамасының нақты толтырылуы уақытының сәйкестігіне қатысты құқық қорғау органының кезекші бөліміне Жеткізілген адамдарды есепке алу кітабы зерделенеді;
      2) әкімшілік тәртіпте жеткізілген және ұсталған адамдарға арналған, ұсталған адамдарды талқылауға арналған бөлмелер тексеріледі;
      3) қажетті жағдайда, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарында, қабылдау-тарату орындарында, медициналық айықтырғыштарда қарсы тексеру жүргізіледі, ҚІЖК нормаларының тәртібінде ұсталғандардың және көрсетілген мекемелерге орналастырылған адамдардың тізімін салыстырып тексеру тәжірибесі қолданылады.
      39. Ұсталғандарды және тергеумен қамалғандарды қамаудан босату туралы процессуалдық мерзімдер өткен кезде тергеушінің, анықтаушының немесе ұстау орындары әкімшілігі басшысының уақытында шешім қабылдауы бөлігіндегі қылмыстық іс жүргізу заңнамасы ережелерінің сақталуы қамтамасыз етіледі.
      Ұсталғанның, әкімшілікпен және тергеумен қамалғанның жеке ісінде тиісті қаулы болмаған жағдайда, бұл адамдарды қамаудан босату және аталған лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері туралы мәселе шешіледі.
      40. Ұсталғандарға әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарға УҰИ азаптаулардың, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларының, арнаулы құралдардың қолданылғаны туралы мәліметтер және өтініштер келіп түскен кезде, тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы өтініштерді тексеру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Тексеру нәтижесімен ұсталғандардың және тергеумен қамалғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты процессуалдық шешімдердің қабылдануы қамтамасыз етіледі.
      41. УҰИ тексеру барысында келесі мәселелерге назар аударылады:
      1) кәмелетке толмағанның ұсталғаны туралы туысқандарына уақытында хабардар ету және оны ата-аналарының, қамқоршыларының және т.б. қарауына беру мәселесін қарау шараларын қабылдау бөлігіндегі ҚІЖК нормалары талаптарының сақталуына;
      2) ұсталғанның және тергеумен қамалғанның арызын прокурорға уақытында жіберу бөлігіндегі ҚІЖК талаптарының сақталуына;
      3) сезіктілер мен айыпталушыларды УҰИ ұстау негізділігі бөлігіндегі ҚІЖК талаптарының сақталуына;
      4) ұсталғандардың және тергеумен қамалғандардың арасында туберкулездің, басқа да жұқпалы аурулардың таратылуына қарсы іс-әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуына;
      5) ұсталғандарды УҰИ әрбір орналастырған кезде дене жарақаттарының болу-болмауына медициналық куәландырудың уақытында жүргізілуіне;
      6) материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызметпен тиісті қамтамасыз етілуіне;
      7) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкестігіне;
      8) ұсталғандарды, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жағдайына;
      9) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнама талаптарының сақталуына.
      42. УҰИ тексеру күн сайын жүргізіледі, олардың нәтижелері тексерулерді есепке алудың арнайы журналында көрсетіледі.
      Қажетті кезде тексеруге мамандар тартылады.
      Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексерумен анықталған фактілерді көрсетіп, анықтама жасалады.
      Тексерулерді түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндері, оның ішінде бейнекамераны пайдаланып жүргізу тәжірибесі қолданылады.
      43. Тексеру жүргізу кезінде ұсталғандар, әкімшілікпен қамалғанда, қамауға алынғандар жеке сұрақтары бойынша қабылданады.
      44. Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалар мен қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларының мүлтіксіз атқарылуын қамтамасыз ету мақсатында, соттардың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларына сотталған адамдардың саны туралы деректерін ҚАИ есепке тіркелген адамдардың саны туралы мәліметтерімен тоқсандық салыстырып тексерілуі қамтамасыз етіледі.
      45. Кемінде жарты жылда бір рет ҚАИ қызметіндегі заңдылықтың жағдайына тексеру жүргізіліп, соның барысында келесі мәселелерге назар аударылады:
      1) есепке алынған адамдарға қатысты бақылау істерінің уақытында ашылуына;
      2) бақылау істерінің құрастырылуы мен есепке алынған адамдарға бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібін реттейтін ведомстволық бұйрықтар мен нұсқаулықтардың орындалуының жағдайына;
      3) ішкі істер органдарымен бірлесіп, есепке алынған адамдарға бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібін реттейтін ведомстволық бұйрықтар мен нұсқаулықтардың орындалуының жағдайына;
      4) есепке алынған адамдардың тұрғылықты жері бойынша болмауының уақытында анықталуына және оларға іздестіру жариялау шараларының қабылдануына;
      5) жазаны өтеуден қасақана жалтарған және бақылаудан жасырынған есепке алынған адамдарға тиісті шаралардың қабылдануына;
      6) есепке алынған адамдардың арасындағы қылмыстың қайталануы мен құқық бұзушылыққа қарсы күрес жұмыстарының жағдайына;
      7) есепке алынғандарды қоғамдық және түзеу жұмыстарына нақты тартылуына;
      8) уәкілетті мемлекеттік органдардың тарапынан есепке алынған адамдардың жүріс-тұрысына және оларға әлеуметтік көмек көрсетілуіне пробациялық бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібіне;
      9) электрондық білезік қолдану кезіндегі заңдылықтың жағдайына.
      46. Кемінде жарты жылда бір рет ІІО ҚҚБ қызметіндегі заңдылықтың жағдайына тексері жүргізіліп, соның барысында келесі мәселелерге назар аударылады.
      1) МБШБ босатылған адамдарға бақылауды жүзеге асыру кезінде заңдылықтың жағдайына;
      2) МБШБ босатылғандарға қатысты уақытында бақылау істерінің ашылуы мен профилактикалық есепке алынуына;
      3) МБШБ босатылған адамдардың тұрғылықты жеріне келуі мен есепке алынуы туралы ҚАЖ органдарын хабардар ету;
      4) МБШБ босатылғандарға бақылаудың жүзеге асырылуы тәртібін реттейтін Ішкі істер министрлігінің ведомстволық бұйрықтары мен нұсқаулықтары орындалуының жағдайына;
      5) соттың оларға жүктеген міндеттері бойынша шектеу мерзімдері белгілеуінің сақталуына;
      6) бірнеше рет әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жазаға тартылған немесе міндеттерін атқарудан қасақана жалтарған МБШБ босатылған адамдарға қатысты тиісті шаралардың қабылдануына;
      7) МБШБ босатылған адамдардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жасауын алдын алу бойынша шаралардың толық қабылдануына;
      8) «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Заңының, әкімшілік қадағалаудағы адамдарға бақылаудың жүзеге асырылуының тәртібін реттейтін ІІМ ведомстволық бұйрықтары мен нұсқаулықтарының орындалуы кезінде заңдылықтың сақталуына;
      9) қадағалауда жүрген адамның уақытында профилактикалық есепке алынуына және әкімшілік қадағалауды белгілеу туралы қаулы келіп түскен түзеу мекемесіне бұл туралы хабардар етілуіне;
      10) қадағалауда жүрген адамның таңдалған тұрғылықты жеріне белгіленген мерзімде келмеген жағдайда, тиісті шаралардың қабылдануына;
      11) қадағалауда жүрген адамдарға қатысты қолданылатын шектеулердің белгіленуінің заңдылығына;
      12) қадағалауда жүрген адамдардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды жасауын алдын алу бойынша шаралардың толық қабылдануына;
      13) қадағалауда жүрген адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылуының заңдылығына;
      14) қадағалауда жүрген адамдарға қатысты кейін қылмыстық іс ашу үшін материалдарды жинақтау бойынша шаралардың уақытында қабылдануына;
      15) бақылаудағы істердің уақытында тоқтатылуына.
      47. МБШБ, әкімшілік қадағалаудағы адамдардың жүріс-тұрысына бақылауды қамтамасыз ету, қылмыстың қайталануын алдын алу мақсатында, жарты жылда бір рет МБШБ босатылған және мекемелерден босатылған қадағалауда жүрген адамдардың саны туралы, олардың қайталап жасаған қылмыстары туралы, соның ішінде әкімшілік қадағалау белгіленген адамдардың саны туралы соттардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Басқармасының арасындағы деректерге салыстырып тексеру жүргізіледі.
      48. Қалалық, аудандық және ауыл әкімдіктерінде сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін объектілерді айқындау туралы шешімнің қабылданғаны тексеріледі.
      49. Қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау және атқарушылық органдарында ақталған азаматтарға ақшалай өтемақылар мен жәрдемақылардың төленуінің және жеңілдіктердің берілуінің тәртібін реттейтін заңнамалардың сақталуына қадағалау жүзеге асырылады.
      50. Қадағалаудағыларға қатысты үкімнің орындалуымен байланысты мәселелерді қараған кезде, бірінші сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысады.
      51. Заңмен белгіленген мерзімдерде үкімнің орындалуы тәртібінде шығарылған сот қаулыларының заңдылығы тексеріледі, апелляциялық наразылықтар келтіріледі.
      52. УҰИ жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау қамтамасыз етіледі.
      53. Мамандандырылған прокуратуралар құрылмаған аймақтарда жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау жүзеге асырылады, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 55-59-тармақтарының орындалуы қамтамасыз етіледі.

4-параграф. Мамандандырылған прокуратуралардың
қадағалауды ұйымдастыруы

      54. Мамандандырылған прокурорлар:
      1) түзеу мекемелерінің, «Еңбек» РМК филиалдарының қызметіндегі заңдылыққа қадағалауды жүзеге асырады, сотталғандарға қатысты үкімді орындаумен байланысты мәселелер қаралған кезде, бірінші сатыдағы соттарға, сотталған кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлердің мүдделеріне қатысты, азаматтық істер бойынша сот отырыстарына міндетті түрде қатысады, сондай-ақ сотта тарабы мекеменің әкімшілігі немесе «Еңбек» РМК болып табылатын дауларды қараған кезде, мемлекет мүддесіне өкілдік етеді;
      2) ай сайын сотталғандардың айыпталу орындарына орналастырылуы мен ауыстырылуының заңдылығы мен негізділігін тексереді.
      Тексеру нәтижесі анықтамамен ресімделеді, сондай-ақ тексеру жүргізілген органның тиісті журналына күнін, уақытын, режимнің температурасын, ауаның ылғалдылығын, айыптылық орындарында (АИЗО, КҮҮЖ, ТОО, ЖК АИЗО, КТБ, ТИЗО және БК қамалған адамдардың санын жеке көрсетіп) ұсталған адамдардың және арызбен шағымданған сотталғандардың жалпы санын көрсетіп, тексеру жүргізгені туралы қысқаша жазба толтырады;
      3) жарты жылда бір рет облыс прокурорының немесе оның орынбасарының қатысуымен түзеу мекемелерінде кешенді тексерулер жүргізіледі;
      4) ай сайын түзеу мекемелерінде сотталғандарды, колония қызметкерлерін және «Еңбек» РМК жұмысшыларын жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізіледі;
      5) қызметкерлердің сотталғандарды азаптаулары, рұқсат етілмеген ықпал ету шараларын, арнаулы құралдарды қолдануы туралы мәліметтер болса немесе өтініш келіп түссе, тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау туралы арыздарды тексеру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      55. Есепке алу-тіркеу тәртібі талаптарының сақталуы тексеріледі.
      56. Түзеу мекемелеріндегі анықтауға, қылмыстық істі қозғау туралы және қозғаудан бас тарту туралы қабылданған шешімнің заңдылығына қадағалау қамтамасыз етіледі, мұндай қылмыстық істерді қараған кезде соттарға қатысу ұйымдастырылады.
      57. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты үкімнің орындалуымен байланысты мәселелерді қараған кезде бірінші сатыдағы соттарға міндетті түрде қатысады.
      58. Төтенше жағдай туралы ақпарат алған кезде телефон байланысымен (бір сағат ішінде) дереу облыс прокурорының көмекшісіне хабарланады.
      59. Осы Нұсқаулықтың 20-тармағына сәйкес қызметкерлердің сотталғандарға арнаулы құралдарды қолданғаны туралы арнайы хабарлама оқиға орын алған жерге барып тексеріледі.
      60. Тұрақты негізде келесіні қадағалау жүзеге асырылады:
      1) кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға арнаулы мемлекеттік және зейнеткерлік жәрдемақылардың есептелуі шараларының қабылдануына;
      2) түзеу мекемесі әкімшілігінің сотталғанды мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру және түзеу мекемесінің түрін өзгерту бойынша шараларды уақытында қабылдауына;
      3) арнаулы медициналық комиссияның ауыр науқасты сотталғандарды ауруына байланысты босатуға ұсынуы туралы мәселенің уақытында өткізуіне;
      4) материалдық-тұрмыстық жағдайлармен және медициналық-санитарлық қызметпен тиісті қамтамасыз етілуіне;
      Қажетті кезде тексеруге мамандар тартылады;
      5) сотталғанға жазаның тағайындалуы мен көтермелеуді жариялаудың заңдылығына;
      6) жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танудың заңдылығы мен сотталғанды түрмеге ауыстыру бөлігіндегі Қылмыстық-атқару кодексі талабының сақталуына;
      7) сотталғанның түзеу мекемесіне әрбір келген кезінде дене жарақаттарының болу-болмауына медициналық куәландырудың уақытында жүргізілуіне;
      8) сотталғандардың арасында туберкулездің, басқа да жұқпалы аурулардың таратылуына қарсы іс-әрекет ететін нормативтік құқықтық актілердің талаптарының сақталуына;
      9) сотталғандардың ақылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне;
      10) сотталғандарды ұстауға бөлінген қаражаттардың пайдаланылуы заңдылығының жағдайына;
      11) инженерлік-техникалық күзет құралдары мен ғимараттардың қойылатын талаптарға сәйкестігіне;
      12) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалардың қолданылуы кезіндегі заңдылықтың жағдайына;
      13) мекеме әкімшілігінің шығарған қаулыларының, бұйрықтары мен өкімдерінің заңдылығына;
      14) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін реттейтін заңнамалардың сақталуына.
      Ескерту: осы тармақтың 1)-4)-тармақшалары бойынша қажетті кезде тексеруге мамандар тартылады.
      61. Түзеу мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау жүзеге асырылады.

3. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында
және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды
бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды
жүзеге асыру кезінде прокурорлардың өзара іс-әрекет етуі
мен уәкілеттіктерінің жіктелуі

      62. Департамент, облыстық және оған теңестірілген прокуратуралардың бөлімшелері, қалалық, аудандық, көлік, әскери және мамандандырылған прокурорлар ұсталған, әкімшілік қамалған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды өзара іс-әрекет ету және функцияларының жіктелуі арқылы қамтамасыз етеді.
      63. Бас әскери прокурор, оның көмекшілері және әскери прокурорлар әскери құқық қорғау органдарының гауптвахталарындағы, теңіз кемелері капитандарының, шекара жасақтары бастықтарының айқындаған орындарындағы адамдардың ұсталуы, Қылмыстық кодексте көзделген әскери қызметшілерге қатысты жазалардың атқарылуына, түзеу мекемелерін күзету, бақылау қызметі және сотталғандарды айдауылдау жөніндегі ішкі әскер қызметіндегі заңдылықтың сақталуына, сондай-ақ әскери трибуналдармен сотталған азаматтардың жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
      Төтенше жағдайлар кезінде (тергеумен қамалғандар және сотталғандар жол бойында қылмыс пен құқық бұзушылық жасағанда), түзеу мекемелеріндегі инженерлік-техникалық күзет құралдарының талапқа сәйкес болуының, бақылау қызметінің мәселелері бойынша әскери және мамандандырылған прокурорлардың, ал мамандандырылған прокуратуралар ұйымдастырылмаған аймақтарда облыс прокурорларының көмекшілері бірлесіп тексеру тәжірибесін қолданады.
      64. Бас көлік прокуроры, олардың көмекшілері және көлік прокурорлары осы Нұсқаулықтың 37-43-тармақтарының ережелеріне сәйкес көліктегі ішкі істер органдарының УҰИ қызметіне қадағалауды жүзеге асырады.
      65. Облыс прокуратурасының жедел-іздестіру қызметіндегі заңдылықты қадағалау бөлімшесі ҚАЖ комитетінің аумақтық Департаменттері мен тергеу изоляторларындағы және Ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады.
      66. Облыс прокурорларының көмекшілері:
      1) халықаралық шарттардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшемен өзара іс-әрекет етіп, шетел мемлекеттерінің әділет мекемелерінің, олардың аумағында үкімді орындау туралы талаптары (өтініштері) орындалуының, сондай-ақ тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың қамауда ұсталуы мен шетел мемлекеттеріне транзиттік тасымалдануының заңдылығы қамтамасыз етіледі;
      2) қылмыстық іс-жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын бөлімшемен өзара іс-әрекет етіп, бірге тергеумен қамалғандарға, сотталғандарға, «Еңбек» РМК қызметкерлері мен жұмыскерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істердің алдын ала тергелуі мен сотта қаралудың барысы мен нәтижелері туралы ақпараттың жолдануын қамтамасыз етеді.
      67. Прокурорлар және мамандандырылған прокурорлар әкімшілік құқық бұзушылық туралы өздері қозғаған істер сотта қаралған кезде тікелей қатысады және осы істер бойынша сот актілері заңдылығының тексерілуін қамтамасыз етеді, апелляциялық наразылықтар келтіреді.

4. Қорытынды ережелер

      68. Жазаны орындауда, арнайы мекемелерде адамдардың ұсталуында және бас бостандығынан айыру орындарынан босағандарды бақылауда заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы қадағалау жөніндегі прокуратура органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері айқындалсын:
      1) қылмыстық жазаны өтеу және қылмыстық мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
      2) ұсталғандардың, әкімшілікпен және тергеумен қамалғандардың, сотталғандардың, ЖӨМБШБ және әкімшілік қадағалаудағы адамдардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін мүлтіксіз сақтау;
      3) азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн болдырмау.
      69. Облыс прокурорлары Департаментке әр айдың 30 күніне төтенше оқиғалар және ұсталғанға, әкімшілік және тергеумен қамалғанға, сотталғанға қатысты қарудың, арнаулы құралдардың қолданылуының, мамандандырылған және түзеу мекемелерінен қашуға оқталудың (қашудың), өзіне дене жарақатын салуы мен қол жұмсауының барлық фактісі бойынша тексерулердің нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпараттар жолдайды.
      70. Облыс прокурорлары Департаментке тоқсан сайын ұсталған, әкімшілік қамалған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы прокурорлық қадағалаудың жағдайы жөнінде тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың 10 күніне ақпарат жібереді, сондай-ақ құқықтық статистика органдарына тиісті есеп береді.
      71. Департамент және облыс прокурорлары жартыжылдық және жылдық жұмыс қорытындылары бойынша, осы Нұсқаулықтағы заңдылықтың бұзылуына септігін тигізген себептер мен жағдайлары белгіленіп, оларды жоюдың жолдары айқындалған 5-тармақтың 1)-3)-тармақшаларында көрсетілген әрбір басымды бағыттар бойынша заңдылықтың жағдайын жинақтап талдайды.
      Облыс прокурорлары жинақтап талдау бойынша ақпараттарды Департаментке 10 шілдеге және 10 қаңтарға жолдайды.
      Департамент және облыс прокурорлары ұсталғандарды, әкімшілік және тергеумен қамалғандарды, сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджеттік қаражаттарды пайдалану заңдылығының жағдайын жыл қорытындысы бойынша жинақтап талдайды.
      Облыс прокурорлары аталған мәселені жинақтап талдау бойынша ақпаратты Департаментке 1 наурызына жолдайды.
      72. Департамент және облыс прокурорлары қадағалауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістерінің бастамашылығы мен енгізілуі, қадағалау қызметі оң тәжірибесінің таратылуы, қызметкерлердің біліктілігінің арттырылуы бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
      73. Арнайы және түзеу мекемелеріндегі заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайын, сондай-ақ прокурорлардың қадағалау қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы прокуратура органдарының беделін арттыру бойынша жұмыстар мақсатты түрде жүргізіледі.
      74. Департамент пен облыс прокурорлары Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Сулеймен Есқараев атындағы Институтпен, басқа да жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғалым-заңгерлермен қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру бойынша өзара іс-әрекет етуді жүзеге асырады.