Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жайлы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2010 жылғы 12 қазандағы N 71 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 17 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6636 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 тамыздағы № 93 Бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас Прокурорының 2012.08.13 № 93 Бұйрығымен.

      Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңы 11-бабының 4) тармақшасын басшылыққа алып,
      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулық бекітілсін.
      2. Мыналардың:
      1) «Азаматтарды ақтау және жазаның орындалуына прокурорлық қадағалау ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту жайлы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 4 қарашадағы № 42 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 тіркелген):
      2) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Азаматтарды ақтау және жазаның орындалу заңдылығына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы Нұсқаулықты бекіту туралы» 2005 жылдың 4 қарашасындағы № 42 бұйрығына өзгерту енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 31 қазандағы № 38 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5010 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі Департаменттің бастығы (Әбдіров Н.М.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін шаралар қабылдасын.
      4. Осы бұйрық Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің назарына жеткізіліп, облыс және оларға теңестірілген прокуратураларға жолдансын.
      5. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап қолданысқа енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                                          Қ. Мәми

БЕКІТІЛДІ     
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 
12 қазан 2010 жылғы
N 71 бұйрығымен  

НҰСҚАУЛЫҚ
Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы аталған Нұсқаулық (әрі қарай – Нұсқаулық) КонституцияғаҚылмыстықҚылмыстық іс жүргізуҚылмыстық атқару кодекстеріне, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және қылмыстық процесс барысында мамандандырылған мекемелерге орналастырылған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайтын Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
      2. Бас Прокурордың орынбасары, Бас Прокуратураның ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі Департамент бастығы, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар, мамандандырылған прокурорлар, қала және аудан прокурорлары қадағалаудағы мекемелерде және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті органдарында, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің уақытша ұстау изоляторларында және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу изоляторларында Заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының және өзге де заңнамалық актілердің нақты және біркелкі қолданылуына жоғары қадағалауды қамтамасыз етіп, кез келген заң бұзушылықты анықтау және оны жоюға шаралар қабылдайды.
      3. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші тұлғалардың құқықтарының сақталуын қадағалау қылмыстық жазаның, басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуында, ұсталғандар, тергеу-қамауындағылар мен сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, қылмыстық жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарын реттеуде қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқару заңдарының мақсаттары мен міндеттерінің, сондай-ақ жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақталған азаматтарға ақшалай өтемақыларды төлеу және оларға берілетін жеңілдіктерді реттейтін заңнамалардың орындалуын қамтамасыз етеді.
      4. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар мен шартты белгілер:
      1) «Департамент» – ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі Департамент;
      2) «облыс прокуроры» – облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокурорлары, Бас Әскери прокурор, аймақтық көлік прокуроры;
      3) «облыс прокурорының көмекшісі» – облыстардың, Астана, Алматы қалалары прокурорларының, Бас Әскери және аймақтық көлік прокурорларының ұсталғандар, қамауға алынғандар және жазаны өтеп жүрген тұлғалардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі көмекшісі және аға көмекшісі;
      4) «прокурор» – қалалық, аудандық және оған теңестірілген прокурор (көліктік және әскери прокурор), оның орынбасарлары, аға көмекшілері және көмекшілері;
      5) «мамандандырылған прокурор» - түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі прокурор, оның орынбасары, аға көмекшілері және көмекшілері;
      6) «қадағалаудың аймақтық қағидаты» – Департамент прокурорына осы Нұсқаулықтың талаптарын орындауды қамтамасыз ету жөніндегі облыстардың жекелеген прокурорларының қызметтерін бақылауды жүзеге асыруды бекіту;
      7) «қадағалаудың пәндік қағидаты» – Департамент прокурорына прокурорлық қадағалаудың жай-күйін және қылмыстық жазалауды орындаудың, күдіктілер мен айыпталушыларды қамауға алудың тәртібі мен шарттарын реттейтін заңнамалардың жекелеген мәселелерін орындау жөніндегі заңдылықты тексерудің әдістемелеріне талдау жүргізуді және қорытуды әзірлеуді бекіту;
      8) «қызметкер» – қылмыстық атқару жүйесінің, ішкі істер органдарының және ұлттық қауіпсіздік Комитетінің қызметкері;
      9) «ұсталған» - қылмыс жасаған деген күдікпен, ҚІЖК-нің 132-бабының тәртібіне сай ұсталған тұлға;
      10) «сезікті» - жасалған қылмыс бойынша күдік тудырған тұлға;
      11) «айыпталушы» - жасалған қылмыс бойынша айыпталған тұлға;
      12) «тергеумен қамалған» - қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылған сезікті немесе айыпталушы;
      13) «уақытша ұстау изоляторы (УҰИ)» - ұсталғандар және тергеумен қамалғандарды ұстау орны;
      14) «тергеу изоляторы (ТИЗО)» - тергеумен қамалғандарды, қамауға алынған сотталғандарды және шаруашылық қызметі бойынша жұмыс жасауға қалдырылғандарды ұстау орны;
      15) «мамандандырылған мекемелер» – уақытша ұстау изоляторлары және тергеу изоляторлары;
      16) «түзеу мекемелері» – бас бостандығынан айырылған сотталғандардың жазасын өтеп жатқан түрмелер, жалпы, қатаң және айрықша режимдегі колониялар, тәрбиелеу колониялары және қоныс-колониясы;
      17) «сотталғандар» – бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар;
      18) «есепте тұрған адамдар» – бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға және қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шараларына сотталған, қылмыстық-атқару инспекцияларында есепте тұрған адамдар;
      19) «төтенше жағдай» – табиғи не экологиялық зілзала, күдіктілер мен айыпталушылардың, сотталғандардың қылмыс жасау фактілері, адамдарды кепілге алу, қирату (мүлікті қасақана жою), жаппай тәртіпсіздік, топтасып қашу, дене мүшелеріне зақым келтіру, ақылы қызмет түрін орындаудан, тамақ ішуден (аштық жариялау) бас тарту, сондай-ақ олардың заңмен белгіленген режимді бұзуға бағытталған басқа да құқыққа қарсы әрекеттерді жасауы, бас бостандығынан айыру және мамандандырылған мекеме әкімшілігінің талаптарын орындамауы, «Еңбек» РМК қызметкерлері мен жұмысшыларының қылмыс, сыбайлас жемқорлық қылмысы мен құқық бұзушылықтар жасауы;
      20) «арнайы хабарлама» – төтенше жағдай туралы электронды немесе факсимилды байланыс арқылы дереу (3 сағат ішінде) жіберілетін хабарлама;
      21) «кешенді тексеру» - бас бостандығынан айыру орындарындағы қылмыстық жазалардың орындалуы бойынша жалпы заңдылықтың жағдайын және түзеу мекемелері әкімшіліктері мен жергілікті атқару және құқық қорғау органдарының өзара әрекетінің жай-күйін прокурорлық тексеру;
      22) «мамандар» - қызметтің қандай да бір саласында (денсаулық сақтау, бухгалтерия, қаржы, еңбекті қорғау, әлеуметтік, өртке қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық бағыттағы және т.б.) арнаулы білімі бар адамдар;
      23) «ҚАИ» - Қылмыстық-атқару жүйесі Комитетінің қылмыстық-атқару инспекциясы;
      24) «Еңбек» РМК» – қылмыстық атқару жүйесінің Республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары;
      25) «айып орындары» - айыптылық оқшаулау орындары (бұдан әрi - АОО), камералық үлгiдегi үй-жайлар (бұдан әрi – КҮҮЖ), жалғыз адамдық камералар, карцер, тәртiптiк оқшаулау орындары (бұдан әрi - ТОО);
      5. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалауды ұйымдастырған кезде прокуратура органдарының қызметінің басымды бағыттары ретінде қадағалаудың мына түрлері танылады:
      1) ұсталғандардың, тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) азаптауға қарсы бағытталған заңнамаларды сақтау, сондай-ақ ұсталғандарды, тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды тұтқындармен айналысудың ең төменгi стандартты тәртiбiне жақын ұстау жағдайларымен қамтамасыз ету;
      3) құқық қорғау органдарының мамандандырылған және түзеу мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық сипатындағы, ұйымдасқан, терроризм мен діни экстремизм, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарына қарсы күрес жұмыстарын үйлестіру;
      4) ұсталғандарды, тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінетін бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығының жай-күйі.
      6. Прокурорлық қадағалау мамандандырылған және түзеу мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекцияларында құқықтық тәртіп пен заңдылықтың жай-күйін тоқсан сайын талдау негізінде қамтамасыз етіледі.
      7. Түзеу мекемелерінің, қылмыстық-атқару инспекцияларының,      халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметін тексеру жұмыс жоспарына сәйкес, Бас және облыстық прокуратуралардың тапсырыстары мен тапсырмалары, төтенше жағдайлардың деректері, бұқаралық ақпарат құралдарындағы жариялымдар, заңды және жеке тұлғалардың шағымдары бойынша тексеру тағайындау туралы қаулы негізінде жүргізіледі.
      Тексеру барысында қадағалау органдары қызметінің заңдылығының жай күйіне және прокурорлық қадағалаудың тиімділігіне баға беріледі.
      8. Прокурор өз құзыреті шегінде заңдылықты, ұсталғандардың, тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің көрнеу бұзылуына дереу мән беру мақсатында тәуліктің кез келген уақытында мамандандырылған және түзеу мекемелерін тексеруге құқылы.
      Қажет болғанда тексерулерге мамандар тартылады.
      Шаруашылық жүргізуші субьектілерге тексеру жүргізу туралы қаулы тіркелуге жатады.
      Жоспарлы тексеруді бастар алдында тексерілетін органның басшылығы қаулымен таныстырылады.
      Тексеру нәтижелері анықтама немесе акті түрінде рәсімделеді, онда: тексеру жүргізілген орын мен уақыт, тексерушінің лауазымы мен аты-жөні, анықталған заң бұзушылық, жұмыстағы кемшіліктер мен олқылықтар, осыған әсер еткен себептер мен салдарлар, тексеру нәтижелерін іске асырудың ұсынылып отырған нұсқалары, оларды жоюдың жолдары мен тәсілдері көрсетіледі.
      Анықтама прокурорлық қадағалау актілерін енгізу қажет болған кезде, сондай-ақ ұсталғандардың, тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың конституциялық құқықтары бұзылған кезде рәсімделеді.
      Акт анықталған заң бұзушылықтарды, тексеру барысында жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен олқылықтарды жойған кезде жасалады.
      Түзету мекемелеріне кешенді тексеру жүргізу нәтижелері анықтама түрінде рәсімделеді.
      9. Тексеру нәтижелері туралы анықтамамен тексерілген органдардың бірінші басшылары немесе олардың міндеттерін атқарушылар, сондай-ақ осы органның қызметін қадағалауды қамтамасыз ететін прокурор танысады.
      10. Жоспарлы іс-шараларды орындау және тексеру қорытындылары кемінде жарты жылда бір рет облыстық прокуратуралардың жедел кеңестерінде немесе алқа отырыстарында және құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңестерінде қаралады.
      11. Бас прокуратурада тұрақты түрде облыс прокурорлары мен олардың орынбасарларының ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші тұлғалардың құқықтарының сақталуында заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша жұмыстары тыңдалып отырады.
      12. Облыстық мемлекеттік органдарына енгізілетін прокурорлық қадағалау актілері, сұрау салулар мен хаттар облыс прокуратуралары, ал орталық органдарға - Бас прокуратура арқылы жолданады.
      Осы тұрғыда анықталған заң бұзушылықтардың нақты қалпына келтірілуіне бақылау орнатылады.
      Прокурорлық қадағалау актілерін тиісінше қарамау және шара қабылдамау фактілері бойынша заңмен көзделген шаралар қабылданады.
      13. Әділет, Ішкі істер және ҰҚК органдарының қылмыстық жазаны орындау және ұсталғандарды, тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды мамандандырылған және түзеу мекемелерінде ұстау мәселелері бойынша шығарған нормативтік-құқықтық актілерінің, бұйрықтарының және өкімдерінің заңдылығы ұдайы зерделеніп және тексеріліп отырады.

2-тарау. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалауды ұйымдастыру

1. Департаментпен прокурорлық қадағалаудың ұйымдастырылу реті

      14. Департамент прокурорларымен:
      1) Бас прокуратура мен Департаменттің ұзақ мерзімге және ағымдағы жұмыс жоспарларына сәйкес, Бас прокуратураның басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, төменгі тұрған прокуратуралармен, мүдделі министрліктер және ведомстволармен өзара әрекетте және үйлесімде бола отырып, қызметкерлердің лауазымды міндеттерін нақты шектеу және тапсырылған учаскелер мен аймақтық-нысаналық қағидаттар бойынша істердің жай-күйіне олардың әрқайсысының жеке жауапкершілігін белгілеу негізінде Республикада ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына тұрақты және пәрменді қадағалау ұйымдастырылады және жүргізіледі;
      2) Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, уақытша ұстау изоляторлары қызметіндегі заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің, тергеу изоляторлары қызметінде заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметтеріндегі заңдылыққа тікелей қадағалау жүзеге асырылады;
      3) Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау Департаментінің прокурорларымен бірлесіп жетекшілік ететін қызметтің заңдылығын қамтамасыз етеді, жазаның орындалуында және қамауға алынған адамдарды ұстау барысында заңдылық пен құқық қорғауға бағытталған біріккен тексерулер жүргізу және өзара іс-қимыл жүргізу туралы бастама көтеріліп, шаралар қабылданады;
      4) облыс прокурорларының ұсыныстары және сотталғандардың шағымдары бойынша жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру жөніндегі материалдарына қатысты бірінші және апелляциялық сатыда қабылданған сот қаулысының заңдылығы қадағалау тәртібінде наразылық енгізу мақсатында зерделенеді;
      5) оқу семинарлары мен кеңестер, бірлескен тексерулер және облыс прокурорларының көмекшілерін, прокурорлар мен мамандандырылған прокурорлардың тағылымдамадан өтуі ұйымдастырылады және өткізіледі, жұмыстың оң тәжірибелері зерделенеді және таратылады, қолданыстағы заңнамаларды одан әрі жетілдіруге бастамашылық көрсетіледі, қадағалауды ұйымдастыруда жол берген кемшіліктері мен олқылықтары үшін төменгі тұрған прокурорлардың жауапкершіліктері туралы Бас прокуратураның басшылығына ұсыныстар енгізіледі;
      6) тұтастай алғанда, сондай-ақ қадағалаудың басымдық, аймақтық және пәндік бағыттары бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жасалады, тексерудің әдістемелері әзірленеді;
      7) Бас прокуратура басшылығының тапсырмасы бойынша төтенше жағдайлардың салдары оқиға орнына бару арқылы тексеріледі;
      8) тексеру жүргізу барысында прокурорлық ықпал ету актілері дербес өздерімен енгізіледі;
      9) Департамент туралы Ережемен көзделген өзге де міндеттер, функциялар мен өкілеттіктер орындалады.
      2. Облыстық және оларға теңестірілген прокуратураларымен қадағалаудың ұйымдастырылу реті
      15. Облыс прокурорлары және олардың орынбасарларымен:
      1) ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына қадағалау ұйымдастырылады және қамтамасыз етіледі;
      2) кемінде бір рет жарты жылда мамандандырылған және түзеу мекемелерінде өткізілетін кешенді тексерулерге қатысуы қамтамасыз етіледі.
      Осы тексерулер барысында ұсталғандар, тергеумен қамалғандар, сотталғандар, «Еңбек» РМК-ның қызметкерлері мен жұмысшылары жеке сұрақтар бойынша қабылданады;
      3) мамандандырылған және түзеу мекемелерінде қызметкерлердің ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға арнаулы құралдар мен күш қолдану, қинау, деректері бойынша уақытында тексеру жүргізілуі қамтамасыз етіледі;
      4) бұндай деректер бойынша қабылданған қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешімдердің заңдылығын он тәулік ішінде тексеру тапсырылады.
      16. Төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған кезде дереу (3 сағат ішінде) Бас прокуратураға арнайы хабарлама жібереді, онда міндетті түрде төтенше жағдайдың орын алған күні, орны және мән-жайы, себебі, мақсаты, тәсілі, нысанасы мен оны жасаған кезде пайдаланған қаруы, оған қатысқан адамдардың жалпы саны, олардың аты-жөндері, ҚК-тің қандай баптары бойынша тартылғаны немесе сотталғаны (5 және одан да көп қатысушылар болған кезде олар туралы деректер арнайы хабарламаға қоса беріледі) көрсетіледі.
      17. Мамандандырылған және түзеу мекемелеріндегі жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына тиісті қадағалауды қамтамасыз ету мақсатында облыстық прокуратураларының тиісті құрылымдарының өзара әрекеттерінің тиімділігіне назар аударылады.
      Қажет болған жағдайда мамандандырылған және түзеу мекемелерінде қажетті режимді қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп тексеру өткізу және талдау шараларын әзірлеу тапсырылады.
      18.Облыс прокурорларының көмекшілерімен:
      1) ҚАЖ комитеті Департаменттерінің мамандандырылған мекемелерінің, «Еңбек» РМК және түзеу мекемелерінің қызметтерінің заңдылығына (мамандандырылған прокуратурасы жоқ өңірлерде), Ішкі істер департаментінің - уақытша ұстау изоляторларында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің - тергеу изоляторларында заңның орындалуына, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңнамалардың қолдануына қадағалау жүзеге асырылады;
      2) жедел-іздестіру қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі құрылымымен өзара әрекет жасай отырып, түзеу және мамандандырылған мекемелерінде жедел-іздестіру шараларының заңдылығы тексеріледі;
      3) осы Нұсқаулықтың 32-48 және 51-57-тармақтарының орындалуы бойынша прокурорлардың, оның ішінде мамандандырылған прокурорлардың қызметіне тікелей бақылау жүзеге асырылады.
      19. Мамандандырылған және түзеу мекемелерінде ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға қатысты қинау және арнаулы құралдар мен дене күшін заңсыз қолдану туралы арыздар мен хабарламалар түскен жағдайда өзімен немесе прокурор, мамандандырылған прокурор, қылмыстық қудалау органдарымен процессуальдық шешім қабылдау арқылы тексеру жүргізілуі қамтамасыз етіледі.
      20. Облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Жезқазған және Семей қалаларында орналасқан тергеу изоляторларында айына бір реттен кем емес тексерулер жүргізіледі.
      Адамның қамауда заңсыз отырғаны анықталған кезде оны босату жөнінде шұғыл шаралар қабылданады.
      21. Апта сайын облыс орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында орналасқан УҰИ-ғы заңдылықтың сақталуының жай-күйіне тексеру жүргізіледі.
      22. Басқа елді мекендерде орналасқан УҰИ-ы, ондағы заңдылық пен ұсталғандардың, тергеумен қамалғандардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталу жай-күйіне байланысты тексеріледі.
      Мамандандырылған мекемелерді тексеру барысында ұсталғандар, тергеумен қамалғандар, сотталғандар және қызметкерлер жеке мәселелері бойынша қабылданады.
      23. Төтенше оқиғалар мен ұсталғандарға, тергеумен қамалғандарға және сотталғандарға қарулар мен арнаулы құралдар қолдану, мамандандырылған және түзеу мекемелерінен қашуға оқталу, өзін өлтіру және өзіне дене жарақатын салу деректерінің есебін жүргізу үшін журнал ашылып жүргізіледі.
      Төтенше жағдайлар туралы ақпарат алған кезде телефон байланысы арқылы дереу (1 сағат ішінде) Департаменттің жетекшілік ететін прокурорына хабар беріледі.
      24. Тергеу изоляторында мыналар:
      1) айыпталушының қамауда болу мерзімінің аяқталуы туралы тиісті органдарға хабарламаларды дер кезінде беру және ҚК 153-бабының 13-тармағындағы ережелерге сәйкес оны қамаудан босату туралы шешім қабылдау бөлігінде қылмыстық іс жүргізу заңнамаларының талаптарын мекеме әкімшілігінің бұлжытпай орындап отырғанына назар аудара отырып, күдіктілер мен айыпталушылардың қамауда отыруының заңдылығы;
      2) ҚІЖК-нің 104-бабы талаптарының тергеумен қамалғандардың прокурорға жазған шағымының дер кезінде жолдану бөлігінде орындалуы;
      3) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайлармен қамтамасыз етілуі;
      4) тергеумен қамалғандар, сотталғандар тергеу изоляторларына орналастырылған кезде, сондай-ақ тергеу әрекеттері мен сот талқылауынан кейін әрбір кері қайтарылуында олардың дене жарақатының бар-жоғына дер кезінде медициналық тексеру жүргізілуі;
      5) тергеумен қамалғандар, сотталғандар арасында туберкулез ауруының таратылуына қарсы әрекет ететін нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуы;
      6) ғимараттар мен инженерлік-техникалық күзет құралдарының қажетті талапқа сәйкес болуы;
      7) ұсталғандар, тергеумен қамалғандар және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдаланудағы заңдылықтың жай-күйі;
      8) тергеумен қамалғандарды карцерге қамаудың заңдылығы;
      9) тергеумен қамалғандардың уақытша ұстау изоляторларынан тергеу изоляторына дер кезінде қайтарылуы;
      10) сотталғандардың тергеу изоляторларынан түзеу мекемелеріне дер кезінде жіберілуі;
      11) тергеумен қамалғандарды бөлек ұстау мәселелерін реттейтін заңнама талаптарының сақталуы;
      12) сотталғандардың шаруашылық қызмет көрсетуі бойынша жұмыстарды орындауы үшін қалдырылуының заңдылығы;
      13) сотталғандарды қоныс-колониясына аудару, жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру, ұстау режимін қасақана бұзушыларды жазасын өтеу үшін түзеу мекемелеріне жіберу туралы мәселелердің мерзімінде қаралуы және заңдылығы;
      14) сотталғанға жаза қолдану және марапаттаудың заңдылығы тексеріледі.
      15) Жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібін реттейтін заң талаптарының сақталуы тексеріледі.
      25. Тексеру барысында көрнеу заң бұзушылықтардың анықталуы бойынша дереу прокурорлық ықпал ету актілері енгізіледі.
      26. Шаруашылық жұмыстарын орындау үшін тергеу изоляторында қалдырылған сотталғандарға қатысты үкімді орындауға байланысты мәселелердің бірінші сатыдағы сотта қаралуында, сондай-ақ апелляциялық сатыдағы соттарда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату туралы және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыру туралы материалдар бойынша шығарылған сот қаулыларына шағымдар мен наразылықтарды қараған кезде оларға міндетті түрде қатысады.
      27. Уақытша ұстау изоляторларын тексеру осы Нұсқаулықтың 33-42 тармақтарының ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
      28. Түзету мекемелеріне тексеру осы Нұсқаулықтың 5257-59 тармақтарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      29. Тоқсан сайын ұсталған, қамауға алынған және жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуындағы қадағалаудың жай-күйіне шолу жасалады.
      30. Азаматтарды жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақтау мәселелерін реттейтін заңнамалардың қолдануына жыл қорытындысы бойынша талдау жасалады.
      31. Облыстық және оған теңестірілген прокурордың аға көмекшісі (көмекшісі) туралы Ережеде көзделген өзге де міндеттер, функциялар және өкілеттіктер орындалады.

3. Қалалық, аудандық және мамандандырылған прокуратуралармен қадағалаудың ұйымдастырылу реті

      32. Прокурорлармен:
      1) УҰИ-ғы заңдылыққа, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес қылмыстық жазанының, басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларының орындалуының, ақталған азаматтарға ақшалай өтемақыларды төлеу және оларға берілетін жеңілдіктердің заңдылығына қадағалау жүзеге асырылады;
      2) түзеу мекемесі мамандандырылған прокуратурадан алыс болған жағдайда, мән-жайларды анықтау және заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында төтенше оқиға орнына бару дереу жүзеге асырылады;
      3) қызметкерлердің ұсталғандар және тергеумен қамалғандарға арнаулы құралдар мен күш қолдану деректері бойынша арнайы хабарламалары оқиға орнына бару арқылы тексеріліп, УҰИ әкімшілігінің әрекетінің заңдылығы мен негізділігі туралы қорытынды жасалады.
      33. Ұсталғандардың, сезіктілердің конституциялық құқықтарының ҚІЖК-нің 68132134135136138-баптарына сай сақталуы қамтамасыз етіліп, процессуальдық құжаттардың толықтығы және дер кезінде толтырылуы, олардың УҰИ-на тапсырылуы тексеріледі.
      34. УҰИ-да бас бостандығынан айыру жазасы көзделмеген немесе онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасаған жұмыс жасайтын (оқу орындарында оқитын) және тұрақты мекен-жайы бар тұлғаларды ұстау заңдылығына көңіл аударылады.
      35. Уақытша ұстау изоляторларын тексерген кезде мыналар анықталуға жатады:
      1) тергеуші немесе анықтаушының ұстау хаттамасын нақты ұстаған сәттен бастап жасауы;
      2) ұсталғаннан жауап алынуы (ұсталған сәттен немесе бұлтартпау шарасы қолданылғаннан бастап 24 сағаттан кешіктірмей);
      3) ұсталғанның қорғаушы шақырту және оның қатысуымен жауап беру құқығының сақталуы;
      4) ұсталғанға өзінің ұсталғандығы және ұсталу орны туралы телефон немесе басқа тәсіл арқылы тұрғылықты жері мен жұмысы орнына дереу хабарлау мүмкіндігінің берілуі және бұл туралы түсіндірілуі;
      36. Нақты ұсталғанды уақытша ұстау изоляторына уақытында жеткізбеу туралы ақпараттар мен арыздар түскен жағдайда:
      1) құқық қорғау органының кезекші бөліміне жеткізілген адамдарды есепке алу Кітабы оқшаулау және сезіктіге қатысты ұстау хаттамасының нақты жасалған уақытының сәйкестігін анықтау үшін зерделенеді;
      2) әкімшілік тәртіпте жеткізілген және ұсталған адамдарға арналған орындар, ұсталған адамдарды талқылауға арналған бөлмелер тексеріледі;
      3) қажет болған жағдайда, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту Орталықтарында, қабылдау-тарату орындарында, медициналық айықтырғыштарда қарсы тексеру жүргізіледі, ҚІЖК-нің 132-бабындағы тәртіпте ұсталған және аталған мекемелерге орналастырылған адамдардың тізіміне салыстыру жүргізу тәжірибесі құпталады.
      37. Қылмыстық іс-жүргізу заңнамасы ережесінің ҚІЖК-нің 132-бабындағы ұсталғандарды 72 сағат және ҚІЖК-нің 142-бабындағы сай тергеумен қамалғандарды 10 тәулік ұстау мерзімі өткен жағдайда тергеушілердің, анықтаушылардың немесе ұстау орны әкімшілігі басшыларының босату туралы дер кезінде шешім қабылдау бөлігінің орындалуы қамтамасыз етіледі.
      Ұсталғанның және тергеумен қамалғанның жеке іс құжаттарында тиісті қаулы жоқ болған жағдайда, аталған лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері және сезіктілерді қамаудан босату мәселелері шешіледі.
      38. Ұсталған адамды азаптауға қатысты және оған арнаулы құралдар мен заңсыз күш қолдану туралы мәліметтер болған және арыздар келіп түскен кезде, тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы арыздарды тексеру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Тексеру қорытындысымен ұсталғандар және тергеумен қамалғандардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты процессуальдық шешімдер қабылдауды қамтамасыз етіледі.
      39. УҰИ-н тексеру кезінде төмендегі мәселелерге:
      1) кәмелетке толмағанның ұсталғаны туралы туысқандарына хабарламаның және оны ата-аналарының, қамқоршыларының және т.б. қарауына беру мәселесі жөніндегі шаралардың дер кезінде жолдануы және қабылдануы бөлігінде ҚІЖК-нің 138147491-бабы 5-бөлігінің талаптарының сақталуына;
      2) ұсталғанның және тергеумен қамалғанның шағымын қарау үшін прокурорға жіберу туралы бөлігінде ҚІЖК-нің 104-бабы талаптарының сақталуына;
      3) күдіктілер мен айыпталушылардың уақытша ұстау изоляторларында болуының негізділігі бөлігінде ҚІЖК-тің 142 және 152-баптары талаптарының сақталуына;
      4) ұсталғандар, тергеумен қамалғандар арасында туберкулез ауруының таратылуына қарсы әрекет ететін нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуына;
      5) ұсталғандардың дене жарақатының бар-жоғын анықтау үшін олардың УҰИ-на әрбір орналастыру кезінде медициналық тексеруден өткізілуіне;
      6) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайлармен қамтамасыз етілуіне;
      7) ғимараттар мен инженерлік-техникалық күзет құралдарының талаптарға сай болуына;
      8) ұсталғандар және тергеумен қамалғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығының жай-күйіне көңіл аударылады.
      9) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібін реттейтін заңнамалардың талаптарының сақталуы тексеріледі.
      40. Уақытша ұстау изоляторларында тексеру күн сайын жүргізіледі, олардың нәтижелері тексерулерді есепке алудың арнайы журналында көрсетіледі.
      Қажет болған жағдайда тексеруге мамандар тартылады.
      Заң бұзушылықтар анықталған жағдайда, тексерумен айқындалған фактілер көрсетіле отырып анықтама жасалады.
      Тексерулерді түнгі уақытта, мерекелік және демалыс күндері, оның ішінде бейнекамераны пайдаланып жүргізу тәжірибесі құпталады.
      41. Тексеру барысында ұсталғандар мен тергеумен қамалғандар жеке мәселелері бойынша қабылданады.
      42. Жазаның бұлжытпай орындалуын қамтамасыз ету мақсатында, есепке қойылған адамдардың саны туралы ҚАИ мәліметтері мен бас бостандығынан айыруға және қылмыстық-құқықтық әсер етудің өзге де шараларына байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны туралы сот деректеріне тоқсан сайын салыстыру жүргізу қамтамасыз етіледі.
      43. ҚАИ қызметінің заңдылығының жай-күйіне кемінде жарты жылда бір рет тексеру жүргізіледі, тексеру барысында төмендегі мәселелерге:
      1) есепте тұрған адамдарға қатысты бақылау істерінің дер кезінде арналуына;
      2) бақылау істерінің жасақталуы мен есепте тұрған адамдарға бақылау жасауды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін ведомостволық бұйрықтар мен нұсқаулықтардың орындалуының жай-күйіне;
      3) есепте тұрған адамдарға бақылауды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін ведомоствалық бұйрықтар мен нұсқаулықтарды ішкі істер органдарымен бірлесе отырып орындалуының жай-күйіне;
      4) есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша болмауының дер кезінде анықталуына және оларға іздеу жариялау шараларының қабылдануына;
      5) жазаны өтеуден қасақана жалтарған және бақылаудан жасырынған есепте тұрған адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдануына;
      6) есепте тұрғандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың қайталануына қарсы күрес жұмыстарының жай-күйіне;
      7) есепте тұрғандардың қоғамдық және түзеу жұмыстарына тартылуының нақтылығына назар аударылады.
      44. Ішкі істер органдарында:
      1) есепте тұрған адамдарға бақылау жасауды жүзеге асырудың тәртібін реттейтін Ішкі істер және Әділет министрлерінің бірлескен ведомостволық бұйрықтары мен нұсқаулықтарының орындалуының жай-күйі;
      2) жазаны өтеуден қасақана жалтарған және бақылаудан жасырынып жүрген есепте тұрған адамдарға қатысты қабылданған сот қаулылары бойынша іздестіру істерінің дер кезінде арналуы тексеріледі.
      45. Қалалық, аудандық және ауыл әкімдіктерінде сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін объектілерді айқындау туралы шешімнің қабылданғандығы тексеріледі.
      46. Қалалық, аудандық халықты әлеуметтік қорғау және атқарушылық органдарында жаппай саяси қуғын-сүргіндерін ақталған азаматтарға ақшалай өтемақы, жәрдемақы және жеңілдіктер беруді реттейтін заңнамалардың қолдануына қадағалау жүзеге асырылады.
      47. Үкімнің орындалуына байланысты есепте тұрған адамға қатысты мәселелерді қараған кезде бірінші сатыдағы сотқа міндетті түрде қатысады (ҚІЖК 452-455-баптары).
      48. Заңмен белгіленген мерзімдерде үкімнің орындалуына байланысты қабылданған сот қаулыларының заңдылығы тексеріледі, апелляциялық наразылықтар келтіріледі.
      49. Уақытша ұстау изоляторларында жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау қамтамасыз етіледі.
      50. Мамандандырылған прокуратура жоқ аймақтарда түзеу мекемелерінде жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау жүзеге асырылады, сондай-ақ осы Нұсқаулықтың 55-58-тармақтарын орындау қамтамасыз етіледі.

4. Мамандандырылған прокуратураларымен қадағалаудың ұйымдастырылу реті

      51. Мамандандырылған прокурорлармен:
      1) түзету мекемелері, «Еңбек» РМК филиалдары қызметінің заңдылығына қадағалау жүзеге асырылады, сотталғандарға қатысты (ҚІЖК 452-455-баптары) үкімді орындауға байланысты мәселелерді қараған кезде бірінші сатыдағы соттарға, сотталған кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлердің мүдделеріне қатысты азаматтық істер бойынша сот ісін қарауда сот отырыстарына міндетті түрде қатысу қамтамасыз етіледі, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі, оның ішінде «Еңбек» РМК тарап болып табылатын дауды қараған кезде сотта мемлекеттің мүддесі қорғалады;
      2) ай сайын сотталғандардың айып орындарына қамалуы мен ауыстырылуының заңдылығы және негізділігі тексеріледі.
      Тексеру нәтижесі анықтамамен рәсімделеді, сондай-ақ тексеру жүргізілген органның тиісті журналына тексеру күні, уақыты, режим мен ауа ылғалдылығының температурасы, айып орындарында (АОО, КҮҮЖ, ТОО) орналастырылған және шағым жасаған сотталғандардың жалпы саны көрсетіле отырып, тексеру жүргізгені туралы қысқаша жазба жазылады;
      3) жарты жылда бір рет облыс прокурорының немесе оның орынбасарының қатысуымен түзеу мекемелерінде кешенді тексерулер жүргізіледі;
      4) ай сайын түзеу мекемелерінде сотталғандар, колония қызметкерлері және «Еңбек» РМК жұмысшылары жеке мәселелері бойынша қабылданады;
      5) қызметкерлердің сотталғандарды қинау, оларға арнаулы құралдар мен дене күштерін қолдану фактілері туралы хабарлама не болмаса арыз болған ретте тексеру азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерi туралы арыздарды тексеру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
      52. Есепке алу-тіркеу тәртібі талаптарының сақталуы тексеріледі;
      53. Түзеу мекемелерінде анықтау органының қылмыстық іс қозғау туралы және қозғаудан бас тарту туралы қабылданған шешімнің заңдылығын қадағалау, ҚК 358-бабы359-бабының 1-бөлігі және 360-баптары бойынша қылмыстық істерді қараған кезде сотқа қатысу қамтамасыз етіледі;
      54. Түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты (ҚІЖК 452-455-баптары) үкімді орындауға байланысты мәселелердің қаралуында бірінші сатыдағы соттарға қатысады.
      55. Төтенше жағдай туралы ақпарат алған кезде телефон байланысы арқылы (1 сағат ішінде) дереу облыс прокурорының көмекшісіне хабарлайды.
      56. Мекеме қызметкерлерінің сотталғандарға арнаулы құралдар мен дене күшін қолдану фактісі мекеме әкімшілігі әрекетінің заңдылығы және негізділігі туралы қорытынды жасай отырып тексеріледі.
      57. Тұрақты негізде:
      1) кәмелетке толмағандар мен зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға арнаулы мемлекеттік және зейнеткерлік жәрдемақылардың есептелуі шараларының қабылдануына;
      2) түзеу мекемесі әкімшілігінің сотталғанды жазаны өтеуден мерзімінен бұрын-шартты түрде босату, жазасының өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыруға ұсыну, сондай-ақ түзеу мекемесінің түрін өзгерту туралы қабылданған шешімнің заңдылығына;
      3) ауыр науқас сотталғанға қатысты арнаулы медициналық комиссияны дер кезінде өткізілуіне және оларды ауруына байланысты босатуға ұсыну туралы мәселенің қаралуына;
      4) материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитарлық жағдайлармен қамтамасыз етілуіне.
      Қажет болған жағдайда тексеруге мамандар тартылады;
      5) сотталғанға жазалау шаралары мен марапаттаудың заңдылығына;
      6) жаза өтеудің тәртібін қасақана бұзушы деп танудың заңдылығы мен сотталғанды түрмеге ауыстыру бөлігінде ҚАК-тің 73-бабы талабының сақталуына;
      7) сотталғандардың түзеу мекемесіне келуінің әрбір жағдайында дене жарақатының бар-жоғына дер кезінде медициналық тексеру жүргізілуіне;
      8) сотталғандар арасында туберкулез ауруының таратылуына қарсы әрекет ететін нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуына;
      9) сотталғандардың ақылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне;
      10) сотталғандарды ұстауға бөлінген қаражаттарды пайдаланудағы заңдылықтың жай-күйіне;
      11) ғимараттар мен инженерлік-техникалық күзет құралдарының талапқа сай болуына;
      12) әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамалардың қолдануы кезіндегі заңдылықтың жай-күйіне;
      13) мекеме әкімшілігі шығарған қаулылардың, бұйрықтар мен өкімдердің заңдылығы;
      14) жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарау тәртібін реттейтін заңнамалар талаптарының сақталуы тексеріледі.
      58. Түзеу мекемелерінде жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау жүргізіледі.

3-тарау. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру барысындағы прокурорлардың өзара әрекеттесулері және олардың өкілеттіктерінің шектелуі

      59. Департамент, облыс және оған теңестірілген прокуратуралар, қалалық, аудандық, көліктік, әскери және мамандандырылған прокурорлар ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалауды өзара әрекеттесулері арқылы және функцияларының өкілеттік шегінде қамтамасыз етеді.
      60. Бас әскери прокурор, оның көмекшілері және әскери прокурорлар ҰҚК-нің тергеу изоляторлары қызметінің, гауптвахтаға, теңіз кемелері капитандарының, шекара жасақтарының басшылары айқындаған орындарындағы адамдардың ұсталуының, ҚК-тің 39-бабы 1-бөлігінің д) және ж) тармақтарында көзделген әскери қызметшілерге қатысты жазаның орындалуын, түзеу мекемелерін күзету және сотталғандарды айдап апару-әкелу жөніндегі ішкі істер қызметінің заңдылығын, сондай-ақ әскери трибуналдарымен сотталған азаматтардың жаппай саяси қуғын-сүргіндерінен ақталуына қадағалауды жүзеге асырады.
      Төтенше жағдайлар (тергеу қамаудағылар және сотталғандармен жол бойында қылмыс жасаған кезде) орын алған кезде, түзеу мекемелеріндегі инженерлік-техникалық күзет қондырғыларының талапқа сәйкес келу мәселесі бойынша әскери және мамандандырылған прокурорлардың, ал мамандандырылған прокуратуралары жоқ аймақтарда – облыс прокуроры көмекшілерінің бірлескен тексерулерін тәжірибеге айналдыру құпталады;
      61. Аймақтық көліктік прокурорлары, олардың көмекшілері және көліктік прокурорлармен осы Нұсқаулықтың 32-41-тармақтарының ережелеріне сәйкес көліктегі ішкі істер органдарының уақытша ұстау изоляторларының қызметіне қадағалау жүзеге асырылады.
      62. ҚАЖ Комитетінің аумақтық Департаменттері мен тергеу изоляторларындағы жедел іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалау облыстық прокуратуралардың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі құрылымдарымен жүргізіледі.
      63. Облыс прокурорлары көмекшілерімен өзара әрекеттерінде:
      1) халықаралық шарттарды қолдануды қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшемен бірлесіп шетелдік мемлекеттердің әділет мекемелерінің олардың аумағында үкімді орындау туралы талаптарын (өтініштерін) орындаудың, сондай-ақ тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды шетел мемлекеттеріне күзетпен транзиттік тасымалдаудың заңдылығы қамтамасыз етіледі;
      2) қылмыстық іс-жүргізудің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшемен бірге тергеумен қамауға алынғандарға, сотталғандарға, қызметкерлерге, сондай-ақ «Еңбек» РМК қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерді алдын-ала тергеу және сотта қараудың барысы мен нәтижелері туралы ақпараттарды жіберу қамтамасыз етіледі;
      64. Прокурорлар және мамандандырылған прокурорлармен әкімшілік құқық бұзушылық туралы өздері қозғаған істердің сотта қаралуында тікелей өздерінің қатысуы және осы істер бойынша сот актілерінің заңдылығын тексеруді қамтамасыз етіледі және апелляциялық наразылықтар келтіріледі.

4-тарау. Қорытынды ережелер

      65. Ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуын қадағалау жөніндегі прокуратура органдарының қызметін бағалаудың негізгі өлшемдері: қылмыстық жазаны атқару және қылмыстық мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде заңның үстемдігін қамтамасыз ету, ұсталғандардың, тергеумен қамалғандардың және сотталғандардың конституциялық құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін бұлжытпай сақтау, азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалау түрлерiн болдырмау.
      66. Облыс прокурорлары Департаментке әр айдың 30-шы жұлдызында төтенше оқиғалар, ұсталғанға, тергеумен қамалғанға және сотталғанға қатысты қару, арнаулы құралдар қолдану деректері, мамандандырылған және түзеу мекемелерінен қашуға оқталу, өз-өзіне қол жұмсау, өзіне дене жарақатын салу туралы барлық деректер бойынша жүргізілген тексерулердің қорытындысы және қабылданған іс-шаралар жайлы ақпараттар жолдайды.
      67. Облыс прокурорлары Департаментке тоқсан сайын ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеуші адамдардың құқықтарының сақталуына прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы тоқсан аяқталғаннан кейінгі айдың 10-шы жұлдызына ақпарат жібереді, құқықтық статистика органдарына тиісті есептер жіберіп отырады.
      68. Департамент және облыстық прокурорлар жарты жылдық және жылдық жұмыс қорытындылары бойынша осы нұсқаулықтың 5-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген әрбір басымды бағыттар бойынша заңдылықтың жай-күйіне талдау жасайды, онда заңдылықты бұзуға әсер еткен себептер мен жағдайлар атап өтіледі және оларды жоюдың жолдары айқындалады.
      Облыс прокурорлары талдаулар бойынша ақпараттарды Департаментке 10 шілде және 10 қаңтарға жолданады.
      Департамент және облыс прокурорлары ұсталғандарды, тергеумен қамалғандарды және сотталғандарды ұстауға бөлінген бюджет қаражаттарын пайдалану заңдылығының жай-күйін жыл қорытындысы бойынша талдайды.
      Бұл жөніндегі ақпарат Департаментке 1 наурызда жолданады.
      69. Департамент және облыс прокурорлары қадағалауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы әдістеріне бастамашы болуды және енгізуді, қадағалау қызметінің оң тәжірибесін тарату, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді.
      70. Түзеу және мамандандырылған мекемелеріндегі, сондай-ақ прокурорлардың қадағалау қызметіндегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйін бұқаралық ақпарат құралдарына жария ету арқылы прокуратура органдарының беделін арттыру жөніндегі жұмыстар мақсатты түрде жүргізіледі.
      71. Департамент және облыстық прокурорлар Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы С. Есқараев атындағы Заңдылық пен құқықтық тәртібінің проблемаларын зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтымен, басқа жоғары оқу орындарымен, ғылыми мекемелермен, ғалым-заңгерлермен қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөніндегі өзара әрекетті жүзеге асырады.