Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 462 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 18 шілдеде № 7799 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасын іске асыру мақсатында, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға 2012/2013 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 мамырдағы № 640 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2011-2012 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (М.Қ. Телеуов):
      1) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен шарт жасасуды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Г.Р. Сүйінтаева) осы бұйрыққа қосымшада қаралған денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын жасалған шарттар негізінде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі                  С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 9 шілдедегі  
№ 462 бұйрығына      
қосымша         

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау
саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік
білімі бар мамандарды даярлауға 2012-2013 оқу жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

Р/с №

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж

275, оның ішінде 125 қазақ және 150 орыс тілдерінде білім алушылар

Емдеу ісі

50 қазақ және 38 орыс тілдерінде білім алушылар, оның ішінде 10 - Ауғанстаннан келген тыңдаушылар

Ортопедиялық стоматология

25 орыс тілінде білім алушылар, оның ішінде 8 Ауғанстаннан келген тыңдаушылар

Мейірбике ісі

25 қазақ және 37 орыс тілдерінде білім алушылар, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейірбике ісі 16

Зертханалық диагностика

25 қазақ және 50 орыс тілдерінде білім алушылар

Гигиена және эпидемиология

25 қазақ тілінде білім алушылар

2.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

20

Мейірбике ісі Ауғанстаннан келген тыңдаушылар

20 - дайындық бөлімі

3.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

75, оның ішінде 50 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушылар

Мейірбике ісі

25 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушылар

Емдеу ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

4.

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

50, оның ішінде 25 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушылар

Мейірбике ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

Стоматологиялық ортопедия

25 орыс тілінде білім алушылар

5.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

75, оның ішінде 50 қазақ және 25 орыс тілдерінде білім алушылар

Емдеу ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

Мейірбике ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

25 орыс тілінде білім алушылар

6.

«Эмили» медициналық орталығы

25 қазақ тілінде білім алушылар

Мейірбике ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар