"Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оған оның шаруашылық жүргізу құқығындағы мынадай еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен:
1) "Атом энергиясы институты", Курчатов қаласы;
2) "Радиациялық қауіпсіздік және экология институты", Курчатов қаласы;
3) "Қазақ жарылыс жұмыстары мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығы", Алматы қаласы;
4) "Байкал", Курчатов қаласы болып қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының мынадай шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес мемлекеттік кәсіпорындары:
1) "Ядролық физика институты" Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып;
2) "Геофизикалық зерттеулер институты" Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорындар) болып қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық етуді жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
4. Кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні мемлекетке тиесілі стратегиялық объектілерді пайдалану және ұстау, атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру болып белгіленсін.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | С. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2013 N 186 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1433 қаулысымен бекітілген |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 шілдедегі № 926 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
1. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Қазақстан Республикасының ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Ядролық физика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің "Геофизикалық зерттеулер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.