Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 ақпандағы № 186 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Ескерту. Барлық мәтін бойынша: "село" деген сөзі алынып тасталсын - Маңғыстау облысы әкімдігінің және облыстық мәслихатының  09.12.2014 № 308 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бәрлескен қаулысымен және шешімімен.

      Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттерін «ауыл» санатына жатқызу туралы ұсынысын қарай келіп, «Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылыcы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы заңының 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарақия ауданының Жетібай және Мұнайшы кенттері «ауыл» санатына жатқызылсын.
      2. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және олар алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                             А. Айдарбаев

      Сессия төрағасы                         Ж. Дәрменов

      Облыстық
      мәслихат хатшысы                        Б. Жүсіпов