Ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар, ядролық емес арнаулы материалдар, қоса қабат мақсатта пайдаланылатын жабдықтар, материалдар мен технологиялар, радиоактивтi сәуле көздерi мен изотопты өнiмдер экспорты мен импорты туралы ереженi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 наурыз 1993 ж. N 183. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 903 қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.05.04  N 406  Қаулысымен.

      Уран өндiрiсiнiң бiрегей технологияларын сақтау, сондай-ақ олармен халықаралық нарықтарға тұрақты түрде шығу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақ атом энергиясы мен өнеркәсiбi кәсiпорындары мемлекеттiк корпорациясының кәсiпорындарында 500 тонна көлемiнде уранның шала тотығы мен тотығының және 100 мың тонна минералдық тыңайтқыштардың мемлекеттiк қоры жасалсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне "КАТЭП" корпорациясына бiр жылдық мерзiмге 25 проценттiк жылдықпен 5 млрд. сом кредит ресурстарын беру ұсынылсын, ал Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi коммерциялық банктердiң қолданылып жүрген ставкалар мен жеңiлдiктi проценттiк ставкалар арасындағы айырым шығындарына республикалық бюджеттен өтем жасалуын көздейтiн болсын. 
      3. Кредиттiң уақтылы өтелуi, уранның шала тотығы мен тотығының және минералды тыңайтқыштардың қорларына қажеттi күтiм жасаудың орындалуы, олардың физикалық қорғалуы мен сапасының қолдануы экологиялық қауiпсiздiктiң сақталуы үшiн жауапкершiлiк "КАТЭП" корпорациясына жүктелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi