Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 10 мамырда N 6939 тіркелді.

      "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасын іске асыру мақсатындаБҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі бекітілсін.

      2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Жұмағұлов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 128 бұйрығына
1-қосымша

Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесі

      1. Осы Ереже "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 15) тармақшасына сәйкес әзірленген және ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) берудің тәртібін анықтайды.

      2. Қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ғылыми ұйымдардың, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі - ЖОО) Ғылыми кеңестерінің (бұдан әрі – Ғылыми кеңестер) кандидатуралар ұсынуы негізінде аталған ұйымдардың қызметкерлеріне береді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 28.09.2018 № 512 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2-1. Ғылыми атақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттар сыныптауышының екінші деңгейінде көрсетілген мамандықтар бойынша беріледі.

      Ескерту. Ереже 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 09.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында cапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі - Комитет) болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 № 170 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) ғылыми мақаласы және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақаласы.

      Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary). Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Journal Citation Reports (Цитэйшен Репортс журналы) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.

      Егер Scopus және/немесе Web of Science базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, онда үміткердің осы журналдағы барлық жарияланымы есепке алынбайды.

      Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан аспайды.

      Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы немесе оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 3 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2021 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4-1. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері, оның ішінде:

      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;

      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі) немесе шетелде ұсынылған 1 (бір) шығармашылық еңбегі;

      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 1 (бір) рет қатысуы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері есептеледі.

      Ескерту. Ереже 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-2. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі;

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбектері;

      3) осы Ереженің 4-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).

      Ескерту. Ереже 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) осы Ереженің 4-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) жаттықтырушы-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде: уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он); шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 2 (екі); шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 2 (екі) баяндамасы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 4 (төрт) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 4 (төрт) баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым). Даярлаған тұлға (ұжым) ретінде Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпионы немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері.

      Ескерту. Ереже 4-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі жоқ, бірақ Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт мамандарына мынадай жағдайларда беріледі:

      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес үзіліссіз өтілі;

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы (тезистер емес);

      3) осы Ереженің 4-3-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқу-әдістемелік құралы/оның жетекшілігімен даярланған тұлға (ұжым).

      Ескерту. Ереже 4-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4-5. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты ведомстволық жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мынадай жағдайларда беріледі:

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 (үш) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орнының немесе ғылыми ұйымдарының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 (алты) баспа табағы тиесілі); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

      Ескерту. Ереже 4-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      4-6. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі дәрежесі жоқ, бірақ полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:

      1) осы Ереженің 4-5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда жарияланған кемінде 10 (он) ғылыми мақаласы;

      3) осы Ереженің 4-5-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы немесе оқу (оқу-әдістемелік) құралы.

      Ескерту. Ереже 4-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:

      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда тиісті лауазымда, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, жоғары оқу орны басшысының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда жарияланған 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми сала бойынша кемінде 50 болатын 3 ғылыми мақала. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary). Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Journal Citation Reports (Цитэйшен Репортс журналы) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.

      Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан аспайды.

      Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 тұлғасы.

      Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 5 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2021 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2023 № 7 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5-1. Профессор ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге мынадай жағдайларда беріледі:

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 8 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшысының орынбасары, бөлімшелерінің басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 42 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 30 және осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған кемінде 2 монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулықтар (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 тұлғасы.

      Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 7 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.

      Ескерту. 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      5-2. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған (жасалған), сұратылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес) және (немесе) шығармашылық еңбегі, оның ішінде:

      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және (немесе) Қазақстан Республикасында ұсынылған шығармашылық еңбектері;

      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы және (немесе) шетелде ұсынылған 3 (үш) шығармашылық еңбегі;

      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы немесе халықаралық конкурсқа, көрмеге, фестивальға, олимпиадаға төраға, қазылар алқасының мүшесі, куратор ретінде кемінде 2 (екі) рет қатысуы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалар (ұжымдар) ретінде республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, жүлдегерлері есептеледі.

      Ескерту. Ереже 5-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-3. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, Заңда қарастырылған құрметті атаққа ие болған, осы ұйымда жұмыс істейтін өнер және сәулет саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) ғылыми және (немесе) шығармашылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл үзіліссіз өтілі;

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы және (немесе) шығармашылық еңбегі;

      3) осы Ереженің 5-2 тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлғасы (ұжымдары).

      Ескерту. Ереже 5-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-4. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы бар және осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) осы Ереженің 5-тармағының 1) тармақшасының талаптарына сәйкес ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте үзіліссіз өтілі;

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша кемінде 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде:

      уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;

      шетелдік ғылыми журналдарда кемінде 5 (бес) ғылыми мақаласы;

      шетелдік халықаралық конференциялар материалдарында кемінде 3 (үш) баяндамасы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайтын); не Ғылыми кеңес/Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 (бір) оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы; не оның жетекшілігімен даярланған 2 (екі) тұлға (ұжымдар). Даярлаған тұлғалары (ұжымдары) ретінде Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері есептеледі.

      Ескерту. Ереже 5-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-5. Профессор ғылыми атағы қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар және Заңда қарастырылған Қазақстан Республикасының құрметті атағына немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағына ие болған және осы ұйымда жұмыс істейтін дене тәрбиесі және спорт саласындағы мамандарға мынадай жағдайларда беріледі:

      1) ғылыми және (немесе) жаттықтырушылық-педагогикалық қызметте кемінде 5 (бес) жыл үзіліссіз өтілі;

      2) сұратылған мамандық бойынша кемінде 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;

      3) осы Ереженің 5-4-тармағының 3) тармақшасының талаптарына сәйкес монографиясы/оқулығы/оның жетекшілігімен даярланған тұлғасы (ұжымдары).

      Ескерту. Ереже 5-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5-6. Профессор ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:

      1) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 5 (бес) жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында профессордан немесе ғылыми ұйымдарда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының және Ішкі істер министрлігінің жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымының басшысы (бастығы), басшысының (бастығының) орынбасары, бөлімшелер басшылары (бастықтары) лауазымдарында, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында профессордан төмен емес лауазымда 2 (екі) жыл үзіліссіз өтілі;

      2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, сұратылған мамандық бойынша 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 (жиырма) ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 (алты) баспа табақты құрайды); не Ғылыми кеңес ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 (бес) жылда басылған, жалпы көлемі 6 (алты) баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылған); не оның жетекшілігімен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 (үш) тұлғасы.

      Ескерту. Ереже 5-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      6. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.01.2016 № 57 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Ғылыми атақ беру туралы қолдаухатты Комитетке ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның Ғылыми кеңесі ұсынады.

      Ғылыми кеңес қолдаухат жіберу туралы шешім қабылдаудан 1 (бір) ай бұрын 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтаманың электрондық (DOC (док) немесе DOCX (докикс) форматында) және сканерленген нұсқаларын, 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үміткердің жарияланымдарының тізімін, оның ішінде халықаралық рецензияланатын басылымдардағы жарияланымдар тізімін ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның интернет-ресурстарында орналастырады (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнайы оқу орындарынан, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын жағдайлардан басқа).

      Қолдаухатқа аттестаттау ісі қоса беріледі, оған мынадай құжаттар кіреді:

      1) ілеспе хат – ұйымның бланкісінде материалдарды жіберу күні көрсетілген Ғылыми кеңес төрағасы қол қойған ұсыным;

      2) жарияланымдар тізімі. Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы жарияланымдар тізімі 2-қосымшаға сәйкес ресімделеді;

      3) жарияланымдар тізімінде көрсетілген жарияланымдар көшірмелері;

      4) ізденушінің ғылыми және педагогикалық қызметі көрсетілген ұйымның Ғылыми кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылыми дәрежелері мен атақтары туралы дипломдар көшірмелері (болған жағдайда);

      6) жұмыс орны растаған Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

      7) шәкірттер – ғылыми дәрежесі бар тұлғалар дайындағанын растайтын ресми құжаттардың көшірмелері (болған жағдайда);

      8) монографияның немесе оқулықтың (оқу (оқу-әдістемелік) құрал) қағаз және электронды нқсқалардағы түпнұсқасы;

      9) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі.

      3), 4), 5), 6), 7) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке пдф (pdf) файлы форматында (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа) сканерленген түрде ұсынылады.

      Қандай да бір құжат болмаған жағдайда Комитет аттестаттау ісін қарамай, қайтару себебін көрсетіп, аттестаттау ісінің Комитетте тіркелген күнінен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде қайтарады. ЖОО немесе ғылыми ұйым аттестаттау ісін қайтарылған күнінен бастап 1 айдан кем емес мерзімде қайта жібереді. Бұл ретте Ғылыми кеңестің жаңа қолдау хаты ұсынылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2021 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану Қазақстан Республикасының тиісті аттестаттарын бере отырып, қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор атақтарын беру арқылы жүргізіледі. Басқа елдердің мемлекеттік аттестаттау органдарында 2011 жылғы 1 қаңтардан кейін алынған Қазақстан Республикасы азаматтарының ғылыми атақтарын тану осы Ереженің 4, 4-1, 4-2, 4-3, 4-4, 4-5, 4-6, 5, 5-2, 5-3, 5-4, 5-5, 5-6-тармақтарына сәйкес қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атақтарын беру арқылы жүргізіледі.

      Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2021 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      7-2. Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың басқа елдің мемлекеттік аттестаттау органдарында алған ғылыми атақтарын тану мынадай құжаттарды ұсыну арқылы жүргізіледі:

      1) сұратылған мамандықтың атауы және шифры көрсетілген олар жұмыс істейтін ЖОО-ның немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты;

      2) жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесі;

      3) шетелде ғылыми атақ берілгені туралы аттестаттың нотариалды расталған көшірмесі.

      Ескерту. 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2021 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Ғылыми атақты ізденушілердің Комитетке жіберілетін аттестациялық істерін ресімдеуге байланысты шығыстарды төлеу Ғылыми кеңестер жұмыс істейтін, Комитетке тиісті ұсыныстарды әзірлеген ұйымдар есебінен жүргізіледі.

      9. Ғылыми атақ беру жөніндегі аттестациялық істер аттестациялық істің Комитетте тіркелген күнінен бастап 2 (екі) айда қаралады.

      10. Қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын ізденушілердің аттестаттау істерінің осы Ережеге сәйкестігі Комитеттің консультативтік-кеңес беру органы болып табылатын Сараптамалық кеңесте анықталады.

      Аттестаттау ісін қарау нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қорытынды қабылдайды. Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде Комитет ғылыми атақ беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қорытындыға қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады.

      Ғылыми атақты беру туралы шешім Комитеттің интернет-ресурстарында шешім қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде орналастырылады.

      Ғылыми атақты беруден бас тарту шешім жоғары оқу орнына немесе ғылыми ұйымға шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарланады. Бұл ретте Ғылыми кеңес осы атақты беру туралы жаңа ұсынымды кем дегенде 1 жылдан кейін береді.

      Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарында, оқулықтарда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдаланған жағдайда Комитет теріс шешім қабылдайды, ол жоғары оқу орнына немесе ғылыми ұйымға шешім қабылданған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде хабарланады. Бұл ретте осы тұлға бойынша қолдау хат Комитетке қайта берілмейді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      11. Комитет осы атақты беруден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда ғылыми атақ беру туралы жаңа ұсынымды Ғылыми кеңес кем дегенде бір жылдан соң береді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Қауымдастырылған профессорларға (доцент) және профессорларға мемлекеттік үлгідегі аттестаттар беріледі.

      13. Ғылыми атақтарды беру мәселелері туралы Комитеттің шешімі шыққан күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ізденуші Комитетке апелляция бере алады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін апелляция Комитет қарауына қабылданбайды.

      14. Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру мәселелері бойынша сотқа дейінгі дауларды реттеу үшін Комитет ізденуші апелляция берген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде құрамында Комитеттің 2 (екі) өкілі және тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымы бар апелляциялық комиссияны (бұдан әрі - Комиссия) құрады.

      Комиссия құрылған күнінен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде аттестациялық істің материалдарын қарап, апелляция бойынша қорытынды дайындайды.

      15. Комиссия өз қызметінде осы Ережені басшылыққа алады.

      16. Апелляциялық комиссияның қорытындысы комиссия мүшелерінің көпшілік ашық дауыс беруі нәтижесінде қабылданады және оған комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      17. Апелляциялық комиссияның қорытындысы бойынша Комитет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде шешім қабылдайды және шағымданушыға хабарлайды.

      18. Осы Ережемен реттелмейтін даулар, оның ішінде ғылыми атақтардан айыру (қалпына келтіру), апелляция беру мерзімін қалпына келтіру мәселелері сот тәртібімен шешіледі.

  Ғылыми атақтар
қауымдастырылған
профессор (доцент),
профессор) беру ережесіне
1-қосымша
Нысан

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________________________________________________ мамандық бойынша

      (мамандықтың шифры мен аты)

      ___________________________________________ ғылыми атағын ізденуші

      туралы анықтама

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


2

Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, берілген уақыты


3

Ғылыми атақ, берілген уақыты


4

Құрметті атақ, берілген уақыты


5

Лауазымы (лауазымға тағайындалу туралы бұйрық мерзімі және нөмірі )


6

Ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі

Барлығы_________ жыл,
оның ішінде лауазымда ______________ жыл

7

Диссертация қорғағаннан/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейінгі ғылыми мақалалар, шығармашылық еңбектер саны

Барлығы __________________,
уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда____,
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының ақпараттық базасына ___,
Scopus (Скопус) не JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базалардағы ғылыми журналдарда__,
шығармашылық еңбектер_______________

8

Соңғы 5 жылда басылған монографиялар, оқулықтар, жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралдар саны


9

Оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғалар


10

Оның жетекшілігімен даярланған республикалық, халықаралық, шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, жүлдегерлері


11

Оның жетекшілігімен даярланған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері


12

Қосымша ақпарат


      Кафедры (бөлімше) басшысы

      ___________________________

      (қолы, аты-жөні және тегі)

  Ғылыми атақтар (қауымдастырылған
профессор (доцент),профессор)
беру ережесіне
2-қосымша

ҒЫЛЫМИ АТАҚТЫ ІЗДЕНУШІНІҢ (ҚАУЫМДАСТЫРЫЛҒАН ПРОФЕССОР (ДОЦЕНТ), ПРОФЕССОР) ТІРКЕУ-ЕСЕП КАРТОЧКАСЫ

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 15.06.2015 № 380 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 128 бұйрығымен
бекітілген
  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған
профессор (доцент), профессор)
2-қосымша
  Форма

      Ескерту. Бұйрық 2-қосымшамен толықтырылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 07.07.2021 № 320 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Халықаралық рецензияланатын басылымдағы арияланымдар тізімі

      Үміткердің АЖТ _________________

      Автордың идентификаторы (болған жағдайда):

      Scopus Author ID: ____________

      Web of Science Researcher ID: ____________

      ORCID: ______________

№ р/н

Жарияланымның атауы

Жарияланым түрі (мақала,, шолу, т.б.)

Журналдың атауы, жариялау жылы (деректер базалары бойынша),DOI

Журналдың жариялау жылы бойынша Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша импакт-факторы және ғылым саласы*

Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасындағы индексі

Журналдың жариялау жылы бойынша Scopus (Скопус) деректорі бойынша .CiteScore (СайтСкор) процентилі және ғылым саласы*

Авторлардың АЖТ (үміткердің АЖТ сызу)

Үміткердің ролі (теңавтор, бірінші автор немесе корреспонденция үшін автор)










      *тиісті квартиль немесе процентиль берілген ғылым саласы. Ғылым саласы ғылыми атақ берілетін мамандыққа сәйкес келу керек

  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған
профессор (доцент),
профессор) беру ережесіне
3-қосымша
Нысан

      _________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      (ғылым саласы)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ ж. "____" ________                                          № _______ хаттама

      Тыңдалды:

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ ғылыми кеңесі ұсынған

      (ұйымның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда))

      ________________________________________________________________________________

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы

      № ______________ ісі тыңдалды.

      Сарапшы ___________________________________________________________ тыңдап

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Үміткер (керектісін белгілеу):

      1) үміткердің ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия

      докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша

      доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор

      дәрежесі бар (жоқ)__________________;

      2) үміткердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995

      жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құрметті

      атағы немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы

      бар ____________________;

      3) үміткер Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан

      Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура

      органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты жоғары

      әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының немесе жоғары оқу орнында

      әскери кафедрасында жұмыс істейді, полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы

      бар____________________________________________________________________________.

      Аттестациялық іс Ереженің ____ тармағы бойынша қарастырылады.

      2. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық,

      жаттықтырушы-педагогикалық еңбек өтілі (керектісін сызу), оның ішінде талап етілген лауазымда

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденушінің ________

      ғылыми еңбектері бар, оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда ___;

      шетелдік ғылыми журналдарда :

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports

      (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін халықаралық

      рецензияланатын журналдарда ____;

      немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 35 болатын

      халықаралық рецензияланатын журналдарда_____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core

      Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд

      Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс

      Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері)

      деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда____;

      JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда ____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate

      Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер

      базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      шығармашылық еңбектер _________;

      басқа жарияланымдар _______.

      4. Жеке жазылған және жарияланған, білім беру процесінде пайдаланылған,

      көлемі______ баспа табақ оқу (оқу-әдістемелік)

      құралы/монографиясы_____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, басылған орны және жылы, кім ұсынған)

      5. Үміткердің жетекшілігімен (қажеттісі толтырылады):

      1) диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы,

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні

      бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша

      доктор дәрежесі бар

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қорғаған және бекітілген күні, айы, жылы )

      __________________________________________________________________________ тұлға;

      2) дайындалған республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті

      органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың,

      олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ тұлға;

      3) дайындалған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия

      ойындарының чемпионы немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының

      чемпионы немесе жүлдегері

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ тұлға.

      6. Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарында,

      оқулықтарда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдаланғаны туралы мәлімет

      ________________________

      (бар/жоқ)

      7. Аттестациялық істегі құжаттар Ереженің 7-тармағына сәйкес ұсынылған

      __________________________________________________________________________

      (сәйкес немесе сәйкес емес)

      8. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Үміткер Ереженің барлық талаптарына сәйкес. Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші

      __________________________________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      _________________________________________________________ мамандық бойынша

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруді ұсынады.

      2) үміткердің аттестациялық ісі Ереженің ___ тармағына сәйкес

      келмейді________________________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      _________________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке __________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ______________________________________________________________ мамандық бойынша

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруден бас тартуды ұсынады.

      Дауыс беру нәтижелері:      "жақтап" дауыс бергені      ___________

      "қарсы"                  ___________

      "қалыс қалғаны"            ___________

      Төраға ____________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      Ғалым хатшы ______________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      Сарапшы __________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған
профессор (доцент),
профессор) беру ережесіне
4-қосымша
Нысан

      _______________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      (ғылым саласы)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 16.01.2019 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ ж. "_______" _________ № _______ хаттама

      Тыңдалды:

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________ ғылыми кеңесі ұсынған

                              (ұйымның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда)) )

      __________________________________________________________________________

      профессор ғылыми атағын беру туралы № ___________________ ісі тыңдалды.

      Сарапшы ___________________________________________________________ тыңдап

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Үміткер (керектісін белгілеу):

      1) үміткердің қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер

      ғылыми атағы бар (жоқ)__________________;

      2) үміткердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы"

      1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құрметті

      атағы немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы

      бар ___________________________________;

      3) үміткер Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан

      Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура

      органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты жоғары

      әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының немесе жоғары оқу

      орындарындағы әскери кафедрасында жұмыс істейді, полковниктен төмен емес әскери

      (арнайы) атағы бар

      _______________________________________________________________________________.

      Аттестациялық іс Ереженің ____ тармағы бойынша қарастырылады.

      2. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық,

      жаттықтырушы-педагогикалық еңбек өтілі (керектісін сызу), оның ішінде талап етілген лауазымда

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      3. Профессор ғылыми атағын ізденушінің ________ ғылыми еңбектері бар, оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда ___;

      шетелдік ғылыми журналдарда :

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports

      (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартиліне кіретін халықаралық

      рецензияланатын журналдарда ____;

      немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын

      халықаралық рецензияланатын журналдарда_____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core

      Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд

      Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс

      Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері)

      деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда____;

      JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда ____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate

      Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер

      базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      шығармашылық еңбектер _________;

      басқа жарияланымдар _______.

      4. Жеке жазылған және жарияланған, білім беру процесінде пайдаланылған,

      көлемі______ баспа табақ оқулығы /монографиясы_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, басылған орны және жылы, кім ұсынды)

      __________________________________________________________________________

      5. Үміткердің жетекшілігімен (қажеттісі толтырылады):

      1) диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы,

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні

      бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша

      доктор дәрежесі бар

      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қорғаған және бекітілген күні, айы, жылы)

      _________________________________________________________________ тұлға бар;

      2) дайындалған республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті

      органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың,

      олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері

      бар_____________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________ тұлға бар;

      3) дайындалған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия

      ойындарының чемпионы, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері ____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________тұлға бар.

      6. Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқулықтарда авторы мен

      дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдаланғаны туралы мәлімет

      __________________________________________________________________________

      (бар/жоқ)

      7. Аттестациялық істегі құжаттар Ереженің 7-тармағына сәйкес ұсынылған

      __________________________________________________________________________

      (сәйкес немесе сәйкес емес)

      8. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) үміткер Ереженің барлық талаптарына сәйкес, Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші

      __________________________________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      __________________________________________________________________________

      мамандық бойынша профессор ғылыми атағын беруді ұсынады.

      2) үміткердің аттестациялық ісі Ереженің ___ тармағына сәйкес

      келмейді________________________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      _________________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке __________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ______________________________________________________________ мамандық бойынша

      профессор ғылыми атағын беруден бас тартуды ұсынады.

      Дауыс беру нәтижелері:      "жақтап" дауыс бергені      ___________

      "қарсы"                  ___________

      "қалыс қалғаны"            ___________

      Төраға ____________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      Ғалым хатшы ______________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      Сарапшы __________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2011 жылғы 31 наурыздағы
№ 128 бұйрығына 2-қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізімі

      1. "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 15 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2140 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2003 жыл, № 15, 841-бап).

      2. "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы № 534 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2905 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 15, 96-бап).

      3. "Ғылыми атақтар беру ережелелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы № 15 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 127 Бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3543 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 жыл, № 14, 74-бап).