Ғылыми атақтар беру ережелерiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 29 қаңтарда тіркелді. Тіркеу N 2140. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 Бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. "Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына Қазақстан Республикасынан мыналар енгізілсін:
      Жұмағұлов             - Қазақстан Республикасы Премьер-
      Бақытжан Тұрсынұлы      Министрінің Кеңсесі Әлеуметтік-
                              мәдени даму бөлімінің меңгерушісі;
      Исаев                 - Қазақстан Республикасының
      Батырхан Арысбекұлы     Экономика және бюджеттік
                              жоспарлау вице-министрі;
      көрсетілген құрамнан Ерік Мазанұлы Мусин және Наталья Артемовна Коржова шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі