N 2140 тіркелген "Ғылыми атақтар беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 10 қаңтардағы N 15 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 9 маусымдағы N 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2905. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы N 128 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі оны Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы орган етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығының 1-тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі". P070943

      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. U080552

      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті