"Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 16 қаңтардағы № 15 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 18 қаңтарда № 18205 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 207-210 (26612) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:

      "4. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы ғылыми атақ беру туралы өтініш берген ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғаларға (бұдан әрі - үміткерлер) мынадай жағдайларда беріледі:

      1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша кемінде 14 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 ғылыми мақаласы.

      Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасындағы, сондай-ақ JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін журналдар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар көрсетілген базалардағы журналдардың тақырыптық бағытына сәйкес келеді және ағымдағы нөмірлерде жарияланады. Бұл ретте мақала жарияланған кезде немесе ұйымнан ғылыми атақ беру туралы қолдау хат түскен мезгілде журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша тиісті квартильге кіреді немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) тиісті көрсеткішке ие болады.

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы мақалалар ретінде саналады.

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған монографиясы (соңғы 5 жылда басылған, ізденушіге кемінде 6 баспа табағы тиесілі), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралы немесе оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, көлемі 6 баспа табақтан кем емес, оқу процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғасы.

      Осы Ереженің 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 3 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 4-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.";

      4-5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-5. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты ведомстволық жоғары әскери, арнайы оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларда толық ставкада жұмыс істейтін үміткерлерге - әскери қызметшілерге, қызметкерлерге және жұмыскерлерге мынадай жағдайларда беріледі:";

      5-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған, мамандық бойынша 28 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартиліне кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) 3 ғылыми мақала. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері) деректер базасындағы, сондай-ақ JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін журналдар да есепке алынады;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін жарияланған монографиясы (авторлығы кемінде 6 баспа табақты құрайтын), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулығы (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 6 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 3 тұлғасы.

      Осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 5 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.";

      5-1-тармақта 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылған мамандық бойынша 42 ғылыми мақаласы (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 30 және осы Ереженің 5-тармағының 2) тармақшасының талаптарын қанағаттандыратын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 5 ғылыми мақаласы;

      3) Ғылыми кеңес ұсынған және диссертация қорғағаннан кейін жарияланған кемінде 2 монографиясы (авторлығы кемінде 10 баспа табақты құрайды), не Ғылыми кеңес немесе Республикалық оқу-әдістемелік кеңес немесе уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған жеке жазылған оқулықтар (соңғы 5 жылда басылған, жалпы көлемі 12 баспа табақтан кем емес, білім беру процесінде кемінде 1 оқу жылы пайдаланылады), не оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар 4 тұлғасы.

      Осы Ереженің 5-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша (кем дегенде бір ғылыми саладан Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2-ші квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған 7 ғылыми мақаласы болған жағдайда осы Ереженің 5-1-тармағының 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.";

      5-6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-6. Профессор ғылыми атағы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты жоғары әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының, сондай-ақ жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардың қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар, осы ұйымда толық ставкада жұмыс істейтін әскери қызметшілеріне, қызметкерлеріне және жұмыскерлеріне мынадай жағдайларда беріледі:";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Аттестаттау ісін қарау нәтижелері бойынша Сараптамалық кеңес осы Ережеге 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша қорытынды қабылдайды. Сараптамалық кеңестің қорытындысы негізінде Комитет ғылыми атақ беру/беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қорытындыға қол қойылған күнінен бастап 10 жұмыс күні ішінде тиісті бұйрық шығарады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Комитет осы атақты беруден бас тарту туралы шешім шығарған жағдайда ғылыми атақ беру туралы жаңа ұсынымды Ғылыми кеңес кем дегенде бір жылдан соң береді.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      4-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 16 қаңтардағы
№ 15 бұйрығына
1-қосымша
  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған
профессор (доцент),
профессор) беру ережесіне
1-қосымша
Нысан

      _____________________________________________________ мамандық бойынша

      (мамандықтың шифры мен аты)

      ___________________________________________ ғылыми атағын ізденуші

      туралы анықтама

1

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

2

Ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, берілген уақыты

3

Ғылыми атақ, берілген уақыты

4

Құрметті атақ, берілген уақыты

5

Лауазымы (лауазымға тағайындалу туралы бұйрық мерзімі және нөмірі )

6

Ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі

Барлығы_________ жыл,
оның ішінде лауазымда ______________ жыл

7

Диссертация қорғағаннан/қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейінгі ғылыми мақалалар, шығармашылық еңбектер саны

Барлығы __________________,
уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда____,
Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының ақпараттық базасына ___,
Scopus (Скопус) не JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базалардағы ғылыми журналдарда__,
шығармашылық еңбектер_______________

8

Соңғы 5 жылда басылған монографиялар, оқулықтар, жеке жазылған оқу (оқу-әдістемелік) құралдар саны

9

Оның басшылығымен диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар тұлғалар

10

Оның жетекшілігімен даярланған республикалық, халықаралық, шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың, олимпиадалардың лауреаттары, жүлдегерлері

11

Оның жетекшілігімен даярланған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия ойындарының чемпиондары, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпиондары немесе жүлдегерлері

12

Қосымша ақпарат

      Кафедры (бөлімше) басшысы

      ___________________________

      (қолы, аты-жөні және тегі)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 16 қаңтардағы
№ 15 бұйрығына
2-қосымша
  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған
профессор (доцент),
профессор) беру ережесіне
3-қосымша
Нысан

      _________________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      (ғылым саласы)

      20__ ж. "____" ________                                          № _______ хаттама

      Тыңдалды:

      ________________________________________________________________________________

      ____________________________________________________________ ғылыми кеңесі ұсынған

      (ұйымның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда))

      ________________________________________________________________________________

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру туралы

      № ______________ ісі тыңдалды.

      Сарапшы ___________________________________________________________ тыңдап

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Үміткер (керектісін белгілеу):

      1) үміткердің ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия

      докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша

      доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор

      дәрежесі бар (жоқ)__________________;

      2) үміткердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995

      жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құрметті

      атағы немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы

      бар ____________________;

      3) үміткер Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан

      Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура

      органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты жоғары

      әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының немесе жоғары оқу орнында

      әскери кафедрасында жұмыс істейді, полковниктен төмен емес әскери (арнайы) атағы

      бар____________________________________________________________________________.

      Аттестациялық іс Ереженің ____ тармағы бойынша қарастырылады.

      2. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық,

      жаттықтырушы-педагогикалық еңбек өтілі (керектісін сызу), оның ішінде талап етілген лауазымда

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      3. Қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын ізденушінің ________

      ғылыми еңбектері бар, оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда ___;

      шетелдік ғылыми журналдарда :

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports

      (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартиліне кіретін халықаралық

      рецензияланатын журналдарда ____;

      немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 35 болатын

      халықаралық рецензияланатын журналдарда_____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core

      Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд

      Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс

      Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері)

      деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда____;

      JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда ____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate

      Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер

      базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      шығармашылық еңбектер _________;

      басқа жарияланымдар _______.

      4. Жеке жазылған және жарияланған, білім беру процесінде пайдаланылған,

      көлемі______ баспа табақ оқу (оқу-әдістемелік)

      құралы/монографиясы_____________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (аты, басылған орны және жылы, кім ұсынған)

      5. Үміткердің жетекшілігімен (қажеттісі толтырылады):

      1) диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы,

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні

      бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша

      доктор дәрежесі бар

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қорғаған және бекітілген күні, айы, жылы )

      __________________________________________________________________________ тұлға;

      2) дайындалған республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті

      органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың,

      олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ тұлға;

      3) дайындалған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия

      ойындарының чемпионы немесе жүлдегері, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының

      чемпионы немесе жүлдегері

      ________________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________ тұлға.

      6. Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқу (оқу-әдістемелік) құралдарында,

      оқулықтарда авторы мен дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдаланғаны туралы мәлімет

      ________________________

      (бар/жоқ)

      7. Аттестациялық істегі құжаттар Ереженің 7-тармағына сәйкес ұсынылған

      __________________________________________________________________________

      (сәйкес немесе сәйкес емес)

      8. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) Үміткер Ереженің барлық талаптарына сәйкес. Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші

      __________________________________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      _________________________________________________________ мамандық бойынша

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруді ұсынады.

      2) үміткердің аттестациялық ісі Ереженің ___ тармағына сәйкес

      келмейді________________________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      _________________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке __________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ______________________________________________________________ мамандық бойынша

      қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруден бас тартуды ұсынады.

      Дауыс беру нәтижелері:      "жақтап" дауыс бергені      ___________

      "қарсы"                  ___________

      "қалыс қалғаны"            ___________

      Төраға ____________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      Ғалым хатшы ______________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      Сарапшы __________________________________

      (Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 16 қаңтардағы
№ 15 бұйрығына
3-қосымша
  Ғылыми атақтар
(қауымдастырылған
профессор (доцент),
профессор) беру ережесіне
4-қосымша
Нысан

      _______________________ бойынша Сараптау кеңесінің қорытындысы

      (ғылым саласы)

      20__ ж. "_______" _________ № _______ хаттама

      Тыңдалды:

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________ ғылыми кеңесі ұсынған

                              (ұйымның атауы)

      __________________________________________________________________________

      (ізденушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (бұдан әрі - Т.А.Ә.

      (ол болған жағдайда)) )

      __________________________________________________________________________

      профессор ғылыми атағын беру туралы № ___________________ ісі тыңдалды.

      Сарапшы ___________________________________________________________ тыңдап

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда))

      Сараптау кеңесі мынаны белгілейді:

      1. Үміткер (керектісін белгілеу):

      1) үміткердің қауымдастырылған профессор (доцент) немесе аға ғылыми қызметкер

      ғылыми атағы бар (жоқ)__________________;

      2) үміткердің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы"

      1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында қарастырылған құрметті

      атағы немесе "Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы

      бар ___________________________________;

      3) үміткер Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан

      Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура

      органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне бағынысты жоғары

      әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының немесе жоғары оқу

      орындарындағы әскери кафедрасында жұмыс істейді, полковниктен төмен емес әскери

      (арнайы) атағы бар

      _______________________________________________________________________________.

      Аттестациялық іс Ереженің ____ тармағы бойынша қарастырылады.

      2. Ғылыми, ғылыми-педагогикалық, шығармашылық-педагогикалық,

      жаттықтырушы-педагогикалық еңбек өтілі (керектісін сызу), оның ішінде талап етілген лауазымда

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      3. Профессор ғылыми атағын ізденушінің ________ ғылыми еңбектері бар, оның ішінде:

      Комитет ұсынатын басылымдарда ___;

      шетелдік ғылыми журналдарда :

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports

      (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартиліне кіретін халықаралық

      рецензияланатын журналдарда ____;

      немесе Scopus (Скопус) базасында CiteScore (СайтСкор) көрсеткіші кемінде 50 болатын

      халықаралық рецензияланатын журналдарда_____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core

      Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд

      Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс

      Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) бөлімдері)

      деректер базасында индекстелетін халықаралық рецензияланатын журналдарда____;

      JSTOR (ДЖЕЙСТОР) базасына кіретін халықаралық рецензияланатын журналдарда ____;

      Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate

      Analytics (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер

      базасына енгізілген шетелдік патенттер ______;

      шығармашылық еңбектер _________;

      басқа жарияланымдар _______.

      4. Жеке жазылған және жарияланған, білім беру процесінде пайдаланылған,

      көлемі______ баспа табақ оқулығы /монографиясы_____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (аты, басылған орны және жылы, кім ұсынды)

      __________________________________________________________________________

      5. Үміткердің жетекшілігімен (қажеттісі толтырылады):

      1) диссертация қорғаған және ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы,

      философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні

      бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша

      доктор дәрежесі бар

      __________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда), қорғаған және бекітілген күні, айы, жылы)

      _________________________________________________________________ тұлға бар;

      2) дайындалған республикалық, халықаралық (Қазақстан Республикасының уәкілетті

      органы бекіткен), шетелдік конкурстардың, көрмелердің, фестивальдардың, сыйлықтардың,

      олимпиадалардың лауреаты, жүлдегері

      бар_____________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________ тұлға бар;

      3) дайындалған Дүниежүзілік универсиадалардың, Азия чемпионаттарының және Азия

      ойындарының чемпионы, Еуропа, әлем және Олимпиада ойындарының чемпионы немесе жүлдегері ____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________тұлға бар.

      6. Ұсынылған ғылыми мақалаларда, монографияларда, оқулықтарда авторы мен

      дереккөзіне сілтемесіз бөтен материалды пайдаланғаны туралы мәлімет

      __________________________________________________________________________

      (бар/жоқ)

      7. Аттестациялық істегі құжаттар Ереженің 7-тармағына сәйкес ұсынылған

      __________________________________________________________________________

      (сәйкес немесе сәйкес емес)

      8. Сараптау кеңесінің шешімі (тармақшалардың біреуі толтырылады):

      1) үміткер Ереженің барлық талаптарына сәйкес, Сараптау кеңесі Комитетке ізденуші

      __________________________________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      __________________________________________________________________________

      мамандық бойынша профессор ғылыми атағын беруді ұсынады.

      2) үміткердің аттестациялық ісі Ереженің ___ тармағына сәйкес

      келмейді________________________________________________________________________

      (аттестациялық іс осы Ереженің қай тармақтарына сәйкес келмейтіні көрсетіледі)

      _________________________________________________________________________.

      Сараптау кеңесі Комитетке __________________________________________________

      (ізденушінің Т.А.Ә (ол болған жағдайда).)

      ______________________________________________________________ мамандық бойынша

      профессор ғылыми атағын беруден бас тартуды ұсынады.