"Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 7 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қаңтарда № 31654 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрінің
міндеттерін атқарушысы
Т. Ешенкулов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндеттерін
атқарушысы
2023 жылғы 9 қаңтардағы
№ 7 қосымша

Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларында:

      2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) аттестациялық іс – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне (бұдан әрі – Комитет) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін ұсынылатын құжаттар топтамасы;

      2) бейіні бойынша доктор – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде кәсіптік қызметтің тиісті саласы бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – "Білім туралы" Заң) белгіленген тәртіппен танылған дәреже;

      3) диссертация – философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының шеңберінде нақты мамандық бойынша Қазақстан Республикасында немесе шетелде қорғалған біліктілікті айқындайтын ғылыми жұмыс;

      4) Сараптау кеңесі – Комитет жанындағы тиісті ғылыми бағыт бойынша диссертацияның Қағида талаптарына сәйкестігін сараптайтын және диссертациялық кеңестің қызметіне мониторингті жүзеге асыратын, сондай-ақ ғылыми басылымдардың талаптарға сәйкестігіне сараптама және мониторинг жүргізетін консультативтік-кеңесші орган;

      5) философия докторы (РhD) – Қазақстан Республикасында немесе одан тысқары жерлерде ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша докторантураның бағдарламасын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін, "Білім туралы" Заңда белгіленген тәртіппен танылған дәреже.

      5-тармақтың алтыншы бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      " Дәйектілік принципі диссертация жұмысының нәтижелері компьютерлік технологияларды қолдану (егер қолданылса) арқылы ғылыми зерттеулердің тиісті ғылыми әдістері мен деректерді өңдеу және интерпретациялау әдістемелерін пайдалана отырып алынғанын білдіреді; жаратылыстану, техникалық, медициналық, ауылшаруашылық мамандықтары бойынша орындалған диссертациялар үшін теориялық қорытындылар, модельдер, анықталған өзара байланыстар және заңдылықтар эксперименттік зерттеулермен дәлелденеді және расталады; ал эксперименттердің нәтижелері бойынша қорытындылар жаңғыртылатын және (немесе) статистикалық дұрыс болып табылады; "Білім беру" тобының мамандықтары үшін нәтижелер педагогикалық эксперимент (егер қолданылса) негізінде дәлелденеді.";

      5-1-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша бірінші және/немесе екінші квартильге кіретін басылымдарда жарияланған кемінде екі мақала және бір шолу немесе үш мақала сериясы. Мақаланың біреуінде докторант хат-хабарлардың бірінші авторы немесе авторы болады.

      Осы тармақтың талаптары орындалған жағдайда 6-тармақтың талаптары докторант үшін қолданылмайды.";

      6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға ұсынылған диссертацияның негізгі ғылыми нәтижелері диссертация қорғалғанға дейін Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген ғылыми басылымдарда және (немесе) халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда жарияланады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) (бұдан әрі – JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторға ие және Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн индекс) деректер базасында индекстеледі немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша белгілі бір процентильге ие.

      Қорғауға жіберу үшін жарияланымдар бойынша талаптар:

      - JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар және Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн индекс) деректер базасында индекстелетін) немесе Scopus (Скопус) деректер базасында СiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала (article) немесе шолуы (review) және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 3 (үш) мақала;

      - не Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн индекс) деректер базасында индекстелетін және JCR (ЖСР) деректері бойынша импакт-факторы бар алғашқы екі квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала (аrticle);

      - не Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн индекс) деректер базасында индекстелетін және JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 2 (екі) мақала (аrticle) немесе 1 (бір) мақала (аrticle) және 1 (бір) шолу (review);

      - не Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монографияда тараудың болуы (докторантқа кемінде 3 баспа табақ тиесілі).

      Бұл ретте, 8D01 Педагогикалық ғылымдар және 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар дайындық салаларының "8D017 – Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау", "D016 – Тарих педагогтерін даярлау" және "8D060 – Филология", "D050 – Философия және этика" және "D053 – Тарих" білім беру бағдарламалары топтарының (бұдан әрі – ББТ) қазақ тілі мен әдебиетіне, қазақ филологиясына, Қазақстан тарихына, қазақ философиясына қатысты білім беру бағдарламалары бойынша қорғауға жіберу үшін мыналардың болуы талап етіледі:

      - Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс) бөлімі бойынша Web of Science Core Collection (Веб оф Сайнс Кор Коллекшн) деректер базасында индекстелетін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 25 (жиырма бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу және Басылымдар тізбесіндегі журналдарда 2 (екі) мақала;

      - не Басылымдар тізбесіндегі журналдарда кемінде 5 (бес) мақала, олардың бірі ағылшын тілінде және халықаралық ғылыми конференцияларда ауызша немесе стендтік баяндамамен 2 (екі) сөз сөйлеу.

      JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша бірінші квартильге кіретін немесе CiteScore (СайтСкор) бойынша кемінде 75 процентилі бар журналда бір ғылыми мақала болған жағдайда басқа жарияланымдар талап етілмейді.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы, конференция жинақтарындағы жарияланымдар диссертацияның мазмұнына және аталған базаларда мәлімделген журнал мен конференцияның тақырыптық бағытына сәйкес келеді, журналдың ресми сайтында, ағымдағы нөмірлерінде жарияланады және Аrticle (мақала), Review (шолу) немесе Article in Press (басылымдағы мақала), Conference Paper, Proceedings типіне ие. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary).

      Егер Scopus және/немесе Web of Science базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, онда үміткердің осы журналда индекстеу тоқтатылған жылғы және өткен жылғы жарияланымдары есепке алынбайды.

      Web of Science базасындағы журналдың квартилі және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль жарияланған жыл не жарияланған жылдың алдындағы жыл үшін ескеріледі.

      Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау кезінде диссертацияның негізгі нәтижелері диссертация тақырыбы бойынша кемінде 7 (жеті) жарияланымда, оның ішінде кемінде 4 (төрт) мақала Басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда жарияланады.

      Диссертацияны шетелде қорғаған адамдар үшін аттестациялық іс Комитетке тапсырылғанға дейін диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер (оның ішінде 1 (бір) мақала – халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда) ескеріледі. Басылымдар тізбесіне енген журналдардағы мақала ретінде шетелдік мерзімді ғылыми басылымдардағы мақалалар есепке алынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. ЖЖОКБҰ диссертациялық жұмыстарды ресімдеуге қойылатын талаптарды, оның ішінде диссертациялық жұмыстарда пайдаланылатын халықаралық дәйексөз алу стильдерін (Harvard style (Гарвард стилі), APA (American Psychological Association) Style (APA стилі), MLA (Modern Language Association) Style (MLA стилі), Chicago Style (Chicago стилі), ACS (American Chemical Society) Style (ACS стилі) немесе дайындық бағытына байланысты басқа да) дербес белгілейді.";

      10, 11 және 12-1-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "10. Сараптау кеңестерінің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелері бар мамандар кіреді.

      Сараптау кеңесі мүшелерінде (кемінде 1/3 (үштен бірінде)) дәйексөз алу индексі – Web of Science (Вэб оф Сайнс) немесе Scopus (Скопус) халықаралық дәйексөз алу жүйелерінде Хирш индексі 2 (екі) және одан көп; және (немесе) Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index бөлімдері (Aртс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстелетін және JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес импакт-фактор бойынша 1 (бірінші), 2 (екінші) және 3 (үшінші) квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында Citescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдар; және (немесе) халықаралық патенттер; және (немесе) Басылымдар тізбесіндегі басылымдарда кемінде 10 (он) жарияланым; және (немесе) 10 (он) ғылыми және (немесе) шығармашылық еңбек (өнер бағыты бойынша) болады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (кандидатқа кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (үміткерге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Сараптау кеңестерінің құрамына ЖЖОКБҰ-лардың бірінші басшылары және мемлекеттік қызметшілер (Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарының немесе ғылыми ұйымдарының өкілдерін қоспағанда), сондай-ақ ерекше мәртебесі жоқ ЖОО-лар жанындағы диссертациялық кеңестердің төрағалары және мүшелері кірмейді.

      Мамандар осы тармақтың талаптарына сәйкес болған жағдайда, Комитет Сараптау кеңестерінің құрамдарын 3 (үш) жыл мерзімге бекітеді. Бір Сараптау кеңесінің құрамына кемінде 6 (алты) адам кіреді. Сараптау кеңестерінің мүшелері өздерінің функцияларын қатарынан 2 (екі) мерзімнен артық орындай алмайды. Сараптау кеңесінің отырыстарында 1 (бір) жылда 3 (үш) реттен артық болмаған немесе өз міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда, Сараптау кеңесінің мүшесі Сараптау кеңесінің құрамынан шығарылады.

      Сараптау кеңесінің құрамында бір ұйымның өкілдері болып табылмайтын төраға, төрағаның орынбасары және ғалым хатшы тағайындалады.

      Сараптау кеңесінің мүшелері аттестаттау істерінің сараптамасын Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен ақылы түрде жүзеге асырады.

      11. Сараптау кеңесінің функциялары мыналар:

      1) аттестаттау істерінің, диссертациялардың және жарияланымдардың Диссертациялық кеңес туралы қағидалар мен Үлгілік ереженің талаптарына сәйкестігін сараптау;

      2) ғылыми қызмет негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдардың тізбесіне енгізу (немесе тізбеден алып тастау) үшін журналдарды сараптау және мониторингілеу;

      3) диссертациялық кеңестер жұмысын талдау және мониторингілеу;

      4) философия докторын (PhD), бейіні бойынша доктор даярлауды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қарау және ұсынымдар дайындау;

      5) біліктілік емтиханына арналған зерттеу әдістері мен академиялық хат бойынша ұсынымдар дайындау.

      12-1. Сараптау кеңесі ашық дауыс беру арқылы мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі берілсін;

      2) диссертация пысықтауға жіберілсін (диссертация мақалалар сериясы нысанында қорғалған жағдайлардан басқа);

      3) диссертация қайта қорғауға жіберілсін;

      4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тартылсын.

      Сараптау кеңестің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Сараптау кеңесі мүшелерінің 3/4 (төрттен үші) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Сараптау кеңесінің философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту, диссертацияны пысықтауға не қайта қорғауға жіберу туралы шешімі, егер оған отырысқа қатысқан Сараптау кеңесі мүшелерінің 2/3 (үштен екісі) және одан көбі дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Егер дауыстар көрсетілген санға жетпесе, қайта дауыс беру өткізіледі, онда диссертацияны пысықтауға не, егер оған отырысқа қатысып отырған кеңес мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, қайта қорғауға жіберу туралы шешім қабылданады. Қайта дауыс беруде дауыстар саны тең болған жағдайда диссертация қайта қорғауға жіберіледі.

      Диссертациялық жұмыс, егер онда мәтін бойынша елеусіз ескертулер болса, оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпесе, пысықтауға жіберіледі. Егер диссертация осы Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармақтарына сәйкес келмесе және (немесе) осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда, диссертация бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

      Диссертацияны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылданғанда Сараптау кеңесінің қорытындысында (осы Қағидаларға 1-қосымша) диссертациялық жұмыс бойынша нақты ескертулер көрсетіледі.";

      18-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 19 шiлдедегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23626 болып тіркелген) бекітілген "Білім туралы құжаттарды тану" мемлекеттік көрсетілетін қызметі шеңберінде Сараптау кеңесінің қарауына келіп түскен диссертациялар мен жарияланымдар осы Қағидалардың 5, 7 және 10-тармақтарына сәйкестігі тұрғысынан 36 жұмыс күні ішінде қаралады.

      Қағидалардың 5 және 10-тармақтарына сәйкес келмеуіне байланысты Сараптау кеңесінің теріс қорытындысы болған жағдайда ізденушінің диссертациясы қайта қарауға жатпайды.";

      19, 20, 21, 22, 23, 24, 25 және 26-тармақтар алынып тасталсын;

      28, 31, 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "28. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру мәселелері бойынша дауларды сотқа дейін реттеу үшін апелляция берілген күннен бастап 1 (бір) ай ішінде Комитет құрамы өзінің 2 (екі) өкілінен және ғылыми кеңесші, рецензент, диссертациялық немесе Сараптау кеңестерінің мүшелері болып табылмайтын, тиісті мамандық бойынша 3 (үш) ғалымнан тұратын апелляциялық комиссияны (бұдан әрі – комиссия) құрады.

      Комиссия құрылған күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде апелляцияны, аттестациялық істің материалдарын қарайды және апелляция нәтижелері бойынша қорытынды дайындайды.

      Докторантты немесе ізденушіні отырысқа шақыру туралы мәселені Комиссия дербес шешеді.

      31. Апелляциялық комиссияның қорытындысына қол қойылған күнінен бастап Комитет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру/беруден бас тарту туралы тиісті бұйрық шығарады және ол туралы өтініш берушіге хабарлайды. Апелляциялық комиссияның қорытындысы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің (ӘРПК) рәсімдеріне сәйкес өтініш берушіге хабарланады.";

      2. "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылы 31 наурыздағы № 126 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:

      3-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелген және осы Ереженің 3-тармағының талаптарына сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымымен (бұдан әрі – әріптес ЖОО) консорциумдық келісімі бар ғылыми ұйымдарда диссертациялық кеңестер күнтізбелік 3 (үш) жылға құрылады және докторантура кадрларын даярлаудың тиісті бағыттары бойынша:

      1) әріптес ЖОО докторанттары қатысатын мемлекеттік бюджеттен бағдарламалық-нысаналы немесе гранттық қаржыландыру шеңберінде соңғы 3 жылдағы ғылыми жобалар;

      2) осы Ереженің 9-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген халықаралық рецензияланатын басылымдарда жарияланымдары бар даярлау бағыты бойынша кемінде 3 ғалым болған жағдайда жұмыс істейді.";

      5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Диссертациялық кеңестің құрамына ғылыми дәрежесі (ғылым кандидаты, ғылым докторы, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор) ғылыми дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі бар кемінде 6 (алты) адам кіреді.

      Диссертациялық кеңес мүшелерінің кемінде 50% (елу) басқа ЖОО-лардың, ғылыми және (немесе) басқа да ұйымдардың өкілдері болып табылады.

      Диссертациялық кеңестің құрамында мүшелерінің 50% (елу), оның ішінде төраға, төраға орынбасары және ғалым хатшы тұрақты мүшелер болып табылады.

      Диссертациялық кеңестің құрамында мүшелерінің 50% (елу) докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне уақытша тағайындалады.

      Бұл ретте 8D01 Педагогикалық ғылымдар, 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар даярлау бағыттары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 болып тіркелген) бекітілген Дәрежелерді беру қағидаларының 6-тармағына сәйкес халықаралық рецензияланатын басылымдарда мақаласы жоқ докторант қорғайтын жағдайда диссертациялық кеңестің уақытша құрамына докторанттың диссертациялық жұмысына пікірді ауызша ұсына отырып, негізгі жұмыс орны Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиес) немесе Times Higher Education World University Rankings (Таймс Хайер Едукейшн Ворлд Юниверсити Ранкинг) немесе US News Best Global Universities Rankings халықаралық рейтингінің топ-200 құрамына кіретін университет болып табылатын не соңғы 5 жыл ішінде Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index (Артс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс бөлімдері), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстелетін журналдарда кемінде 2 (екі) мақала және (немесе) шолу жариялаған кемінде 1 (бір) шетелдік ғалым тартылады.

      Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері ретінде докторанттың ғылыми кеңесшілері, сондай-ақ докторантпен және оның ғылыми кеңесшісімен үлестес тұлғалар:

      1) жақын туыстары – ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, аға-інісі мен әпке-сіңлісі, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері, жұбайы немесе зайыбы, жекжаттары;

      2) докторант немесе ғылыми кеңесші еңбек қатынасында немесе олардан қаржылық немесе өзге де ресурстар алуды көздейтін басқа да қатынастарда тұрған ұйымдардың қызметкерлері;

      3) соңғы 3 (үш) жыл ішінде бірге жариялаған мақалалар және шолулардың тең авторлары тағайындалмайды.";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Әріптес ЖОО мен ғылыми ұйым арасында ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі консорциумдық келісім болған жағдайда диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің кемінде үштен бірі ғылыми ұйымнан тағайындалады. Мұндай жағдайда диссертациялық кеңестің отырыстары әріптес ЖОО немесе ғылыми ұйым базасында келісім бойынша өткізіледі.";

      8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "8. ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамында кеңес мүшелерінің бірі шетелдік ғалым (ӘАОО-ны қоспағанда) болып табылады. Диссертациялық кеңес мүшелерінің жарияланымдарына қойылатын талаптарды ерекше мәртебесі бар ЖОО дербес белгілейді.";

      9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "9. ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестерде мүшелердің кемінде 2/3 (үштен екісінің) кемінде 3 (үш) Хирш индексі немесе халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдары болады:

      1) 8D05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика, 8D06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, 8D07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, 8D08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 8D09 Ветеринария, 8D10 Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру (медицина), 8D11 Қызмет көрсетулер кадрлар даярлау бағыттары бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Journal Citeishen reports) деректері бойынша алғашқы үш квартильге кіретін немесе ең болмағанда кадрларды даярлау бағыттарына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) деректер базасында Сitescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кемінде 3 (үш) жарияланым.

      2) кадрлар даярлаудың басқа бағыттары бойынша соңғы 5 жылда Web of Science Core Collection (Вэб оф Сайнс Кор Коллекшн) (Arts and Humanities Citation Index бөлімдері (Aртс энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) деректер базасында индекстелетін және Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының JCR (ЖСР) деректеріне сәйкес алғашқы үш квартильге кіретін немесе ең болмағанда кадрларды даярлау бағыттарына сәйкес келетін ғылыми салалардың бірі бойынша Scopus (Скопус) деректер базасында Сitescore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 (отыз бес) болатын басылымдарда кемінде 2 (екі) жарияланым.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      ӘАОО жанындағы диссертациялық кеңестерде мүшелердің кемінде жартысының Ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын ғылыми басылымдар тізбесіне (бұдан әрі – Басылымдар тізбесі) енгізілген журналдарда кемінде 10 (он) жарияланымы болады.";

      11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      11. ЖЖОКБҰ-да диссертациялық кеңестер дербес құрылады. Диссертациялық кеңес құру туралы ақпарат ЖЖОКБҰ бірінші басшысының бұйрығы шыққан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЖЖОКБҰ интернет-ресурсында орналастырылады.

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Нақты кадрлар даярлау бағыттары (мамандық) бойынша диссертациялық кеңестің жабылуына мыналар негіз болады:

      1) Комитеттің докторантқа дәреже беруден бас тартуға немесе диссертацияны пысықтауға немесе қайта қорғауға жіберуге негіз болған осы кеңесте қорғалған диссертациялар бойынша 3 (үш) және одан да көп шешімі;

      2) докторантураның тиісті кадрлар даярлау бағыты бойынша білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиясынан айыру;

      3) докторантураның білім беру бағдарламасының аккредиттеу мерзімінің аяқталуы (ӘАОО-лардан басқа).

      Диссертациялық кеңестің осы Үлгілік ережеде белгіленген талаптарды 3 (үш) реттен артық бұзуы диссертациялық кеңесті жабу үшін негіз болып табылады.";

      23-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "23. Диссертациялық кеңес ЖЖОКБҰ интернет-ресурсында докторанттардың қорғауы және кеңес қызметі туралы мынадай материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызметтік пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:";

      3. "Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6939 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми атақтар (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру ережесінде:

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Ғылыми атақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 386 бұйрығымен бекітілген Ғылыми бағыттар сыныптауышының екінші деңгейінде көрсетілген мамандықтар бойынша беріледі.";

      4-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) диссертация қорғағаннан кейін ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте 3 жылдан кем емес, оның ішінде жоғары оқу орнында доценттен (қауымдастырылған профессордан) төмен емес лауазымда немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкер лауазымында, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы, басшының орынбасары, бөлімшелер басшылары лауазымдарында 2 жыл үзіліссіз өтілі.

      Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор академиялық дәрежесі бар үміткерлер үшін жоғары оқу орнында қауымдастырылған профессордан (доценттен) немесе ғылыми ұйымда аға ғылыми қызметкерден төмен емес лауазымдағы өтілі талап етілмейді;

      2) диссертация қорғағаннан кейін жарияланған және үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда кемінде 14 (он төрт) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынатын басылымдарда 10 (он) ғылыми мақаласы және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақаласы.

      Осы Ережеге 4-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарға үміткердің мамандығына сәйкес келетін ғылыми сала бойынша Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1, 2 және 3 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші кемінде 35 болатын журналдар жатады. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary). Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Journal Citation Reports (Цитэйшен Репортс журналы) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.

      Егер Scopus және/немесе Web of Science базасында халықаралық рецензияланатын ғылыми журналды индекстеу бұзушылықтарға байланысты тоқтатылған жағдайда, онда үміткердің осы журналдағы барлық жарияланымы есепке алынбайды.

      Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан аспайды.

      Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;

      5-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алғаннан кейін үміткердің мамандығына сәйкес келетін мерзімді ғылыми басылымдарда жарияланған 28 (жиырма сегіз) ғылыми мақаласы, оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 20 ғылыми мақала және халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда (Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші үміткердің мамандығына сәйкес ғылыми сала бойынша кемінде 50 болатын 3 ғылыми мақала. Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында ғылыми атаққа үміткер тұлғалар үшін Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science Core Collection (Веб оф Сайенс Кор Коллекшн) деректер базасында Arts and Humanities Citation Index (Арт энд Хьюманитис Цитэйшэн Индекс), Science Citation Index Expanded (Сайенс Цитэйшэн Индекс Экспандид), Social Sciences Citation Index (Сошиал Сайенсиз Цитэйшэн Индекс) индекстелетін мақалалар мен шолулар да есепке алынады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы мақалалар "Мақала" (Article (Артикль) немесе "Шолу" (Review (Ревью) түрінде болады және көрсетілген базалардағы журналдың тақырыптық бағытына сәйкес келеді. Пәнаралық бағыты бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жариялауға рұқсат етіледі (Multidisciplinary). Бұл ретте Journal Citation Reports (Жорнал Цитэйшэн Репортс) деректері бойынша квартиль немесе Scopus (Скопус) деректер базасында CiteScore (СайтСкор) бойынша процентиль көрсеткіші тиісті деректер базасында көрсетілген жариялау жылына ескеріледі. Journal Citation Reports (Цитэйшен Репортс журналы) деректері бойынша квартиль импакт-фактормен анықталады.

      Мақаланың мазмұны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген) бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес болады.

      Ғылыми мақалалар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілген мақалалар санынан артық болған жағдайда, осындай журналдағы 1 (бір) мақала уәкілетті орган ұсынатын басылымдардағы 2 (екі) мақала ретінде саналады.

      Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда 2 (екі) ғылыми мақала ретінде Elsevier (Эльзевир), Brill (Брилл), CRC Press (СРС Пресс), DeGruyter (ДеГрюйтер), Edward Elgar Publishing (Эдвар Элгар Паблишинг), John Wiley & Sons (Джон Уайли және Сонс), McGraw Hill (Макроу Хилл), Palgrave Macmillan (Палгрейв Макмиллан), Peter Lang (Питер Лэнг), Prentice Hall (Прентис Холл), Routledge (Рутледж), Sage Publications (Сэйдж Публикейшен), Springer Nature (Шпрингер Нэйчар), Taylor and Francis (Тейлор және Фрэнсис), Wolters Kluwer (Вольтерс Клувер) баспаларында (бұдан әрі – сенімді баспалар) немесе US News Best Global Universities Rankings (ЮС Ньюс Бест Глобал Юниверситис Ранкинс) немесе Academic Ranking of World Universities (Академик Ранкин оф Ворлд Юниверситис) немесе Times Higher Education World University (Таймс Хайр Эдюкейшн Ворлд Юниверсити) топ-100 рейтингіндегі университет баспасында шығарылған монография (ізденушіге кемінде 3 баспа табағы тиесілі) ескеріледі. Жоғарыда көрсетілген монографияда тарау болған жағдайда (ізденушіге кемінде 1 баспа табағы тиесілі) ол халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір) мақала ретінде есепке алынады.

      Америка құрама штаттары, Еуропалық одақ және Жапония елдерінің Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) компаниясының Web of Science (Вэб оф Сайнс) деректер базасындағы Derwent Innovation Index (Дервент Инновэйшн Индекс) енгізілген патенттері халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде саналады. Бұл ретте патенттердің ғылыми мақалаларды алмастыруы 20%-дан аспайды.

      Өнертабысқа патенттер уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалардың 20%-дан көбін алмастыра алмайды;";

      4. "Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 20 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13409 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарда:

      2-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Басылымдардың тізбесін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (бұдан әрі – Комитет) қалыптастырады.";

      2-тармақтың 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) журналды кемінде 2 (екі) толық жыл басып шығару, ғылыми басылымның мерзімділігі жылына кемінде 4 (төрт) рет, ғылыми басылымның уақытында шығуының мәлімделген мерзімділігін сақтау;".

      4-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ғылыми басылымдарының кәсіптік қызметінің ерекшелігін ескере отырып, Басылымдар тізбесіне мынадай талаптарға сәйкес келетін ғылыми басылымдар енгізіледі:".

      4-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6) журналдың уақытылы шығарылуы және басылым мерзімділігі жылына кемінде төрт рет;".

      5-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Ғылыми басылымның осы Талаптардың 2-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеру үшін Комитеттің келісімі бойынша мақалаларды беру мен рецензиялаудың онлайн жүйесіне қол жеткізу ұсынылады".