Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 233 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 15 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6289 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 584 Бұйрығымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 540 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақта:
      «Экономика және бюджеттік жоспарлау» деген сөздер «Экономикалық даму және сауда» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары Жасер Әзімханұлы Жарқынбаев» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов