"Бюджеттiк өтінімдi жасау және ұсыну ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 72 бұйрығына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 21 қыркүйектегі N 199 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 16 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5821 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 19 мамырдағы N 233 Бұйрығы.

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2010.03.29 N 269 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-бабы 2-тармағының 9-тармақшасына сәйкес және Түркістан қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 1 қыркүйек 2009 жылғы N 2-16/784 ұсынысының негізінде, ауыл шаруашылық малдары арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңа Иқан ауылдық округінің Ибата, Ойық елді мекендері және Ескі Иқан ауылдық округінің Ескі Иқан елді мекенінде карантин режимі енгізілсін.
      2. Ауыл шаруашылығы бөліміне (Т. Мұсаев), қалалық аумақтық инспекцияға (Д. Айтбай - келісім бойынша) шектеу қойылған елді мекендерде тиісті ветеринариялық сауықтыру жұмыстарды жүргізу ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің кеңесшісі Б.Тұрдыға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.      

      Қала әкімі                                 Қ.Молдасеитов     

      Келісілді:
      Түркістан қалалық аумақтық
      инспекция бастығы                          Д.Айтбай