Кеңселік жиһаз сатып алуға арналған нормативтерді белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 тамыздағы N 1209 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 қаулысымен.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының 2011.10.17 N 01.04-08/2964 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 148 Заңы 27-бабы 2-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 Заңы 28-бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы» Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 3 сәуірдегі № 87 қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 4 мамырда № 1707 тіркелді, «Солтүстік Қазақстан» 2009 жылдың 20 мамыры, «Северный Казахстан» 2009 жылдың 20 мамыры газеттерінде жарияланды) келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасындағы «Рамазанов Ілияс Оқтайұлы» сөздері «Көшеков Мұрат Өмірбайұлы» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                                       С. Біләлов