Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасын жасау ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 6 мамырдағы N 214 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 31 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6265 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 72 Бұйрығымен

      Қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген 2-бөлімде:
      3-бағандағы «112529» деген сандар «112763» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Облыстық бюджеттер мен республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері есебінен ұсталатын ішкі істер органдарының әкімшілік полициясы, оның ішінде:» деген жолда «46310» деген сандар «46544» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды облысының Ішкі істер департамент!» деген жолдағы «5051» деген сандар «5083» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Маңғыстау облысының Ішкі істер департаменті» деген жолдағы «1726» деген сандар «1928» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Қосымша санды ұстау өңірлердің жергілікті бюджеттерінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов