Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптарды және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 наурыздағы N 25 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 13 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6164 болып енгізілді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертуі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т қараңыз.

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті және өзара сақтандыру, салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін Талаптардың 3-тармағының 12) тармақшасын қоспағанда, оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      4. Агенттіктің Төрайым Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                     Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы   
Қаржы нарығын және қаржы  
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының  
2010 жылғы 1 наурыздағы  
№ 25 қаулысымен бекітілді

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері

      1. Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыруына қойылатын осы талаптар, оның ішінде сақтандыру нарығының қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары жөніндегі талаптар және сақтандыру агентінің делдалдық қызметті жүзеге асыруына өкілеттіктері (бұдан әрі – Талаптар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-1 және 18-баптарына сәйкес сақтандыру шарттарын жасасу және орындау барысында, оның ішінде сақтандыру агентінің сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыруы кезінде туындайтын процестерді реттеу мақсатында әзірленді.
      2. Осы Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) сақтандыру оқиғасы – нәтижесінде сақтандыру объектісіне немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген және кейіннен сақтандыру жағдайы болып танылуы мүмкін оқиға;
      2) тапсырма шарты - тараптар арасында жазбаша нысанда жасалатын шарт, оған сәйкес бір тарап (сақтандыру агенті) осы Талаптарда көзделген өкілеттіктері шегінде сыйақы үшін басқа тараптың (сақтандыру ұйымының) атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жасауға міндеттенеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      3. Сақтандыру ұйымының сақтанушымен сақтандыру шартын жасау процесін ұйымдастыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) сақтандыру ережелерімен танысу және сақтандыру шартының мынадай талаптары жөнінде шынайы және толық ақпарат беру:
      сақтандыру тарифтері мен сақтандыру сомаларының мөлшері;
      сақтандыру сыйлықақыларын төлеу мерзімі;
      сақтандыру шартының күшіне ену мерзімі;
      сақтандыру оқиғалары, оның ішінде сақтандыру жағдайларының түрлерін және сақтандыру оқиғасының және (немесе) сақтандыру жағдайының басталуы туралы хабарлау тәртібін сипаттау;
      сақтанушының құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтанушының құқықтары мен міндеттері;
      шарт талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі;
      сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату салдары;
      жеңілдік берілетін тұлғалардың тізбесі көрсетілген жеңілдіктердің болуы;
      сақтандыру түріне тән өзге де маңызды талаптар;
      2) егер сақтандыру шарты қосылу шарты нысанында жасалса, ерікті сақтандыру түрлері бойынша сақтанушыға сақтандыру полисін бере отырып, сақтандыру ережелерінің көшірмелерін ұсыну;
      3) сақтандыру шартын жасасуға қажетті ақпарат пен құжаттарды (құжаттардың көшірмелерін) алу;
      4) сақтандыру шартын жасасуға негіз болатын (сақтандыру ережелерінде немесе міндетті сақтандыру түрлерін реттейтін заңнамалық актілерде талаптар болған кезде), оның ішінде сақтанушыны сақтандыру талаптарымен таныстыру және оның сақтандыру ережелерінің көшірмелерін алуы туралы мәліметтерді қамтитын өтінішті толтыру;
      5) мүліктік сақтандыру объектісін қарау және (немесе) бағалау (жеке сақтандыру объектісін медициналық куәландыру), оның ішінде оларды жүргізу үшін мамандарды тарта отырып қарау және (немесе) бағалау. Сақтандыру объектісін қарау кезінде сақтандырушының ішкі құжаттарында көзделген нысан бойынша тиісті акт жасалады;
      6) сақтандыруға қабылданатын сақтандыру тәуекелдері бойынша сақтандыру өтемінің талаптарын анықтау;
      7) сақтандыру ұйымының ішкі ережелерінде белгіленген мерзімде тәуекел дәрежесін бағалау үшін сақтандыру объектісіне қатысты сақтанушы хабарлаған мәліметтер мен құжаттарды тексеруді жүзеге асыру арқылы міндетті сақтандыру шарттарын қоспағанда, сақтандыру шарттарын жасасу мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;
      8) сақтандыру объектісі және сақтандыруға қабылданатын тәуекелдер бойынша сақтандыру тарифін анықтау;
      9) сақтандыру сомасын келісу және сақтандыру сыйлықақыларын есептеу;
      10) сақтанушының:
      фискальді чекті ала отырып, сақтандырушының кассасына төлеуі;
      сақтандырушының банктік шотына аударым жасауы;
      сақтандыру сыйлықақыларын төлеу туралы растайтын құжатын ала отырып сақтандыру агентіне, жеке тұлғасына;
      фискальдi чектi ала отырып сақтандыру агентiне, заңды тұлғасына;
      11) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, сақтандыру полисін беру немесе жекелеген сақтандыру шартын жасасу;
      12) сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде осы Талаптардың 1-қосымшасында көзделген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы ақпаратты көрсету.
      Сақтандыру ұйымы аталған ақпаратты алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ақпаратты енгізуді қамтамасыз етеді.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      4. Сақтандыру шартына өзгерістер енгізу мынадай рәсімдерден құралады:
      1) сақтанушыдан еркін нысанда немесе сақтандыру ережелерінде белгіленген нысанда жасалған, сақтандыру шартында қамтылған талаптардың немесе мәліметтердің өзгеру себептері міндетті түрде көрсетілген сақтандыру шартына өзгерістер енгізу туралы өтінішті қабылдау;
      2) қосымша келісім жасасу және оған тараптардың қол қоюы арқылы сақтандыру шартына өзгерістер енгізу.
      Сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) типтік талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы жасасатын сақтандыру шарты онда көрсетілген талаптар мен мәліметтер өзгерген кезде өзінің қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатады.
      5. Сақтандыру ұйымы әрбір жасасқан сақтандыру шартына қатысты сақтандыру ісін қалыптастырады, оның мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарында тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6113 тіркелген) көзделеді.
      5-1. Сақтандыру ұйымы жасалған сақтандыру (қайта сақтандыру) шартын оны жасаған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізіліміне енгізеді.
      Сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының тізілімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
      1) сақтанушы туралы мәліметтер:
      (жеке тұлғаның) фамилиясы, аты, бар болса – әкесінің аты;
      (заңды тұлғаның) атауы;
      сақтандыру шартының нөмірі;
      сақтандыру шартын жасасу күні;
      сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
      салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
      салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      2) сақтандырылушы туралы мәліметтер:
      (жеке тұлғаның) фамилиясы, аты, бар болса – әкесінің аты;
      (заңды тұлғаның) атауы;
      сақтандыру шартының нөмірі;
      сақтандыру шартын жасасу күні;
      сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
      салық төлеушінің (жеке тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;
      салық төлеушінің (заңды тұлғаның) тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
      3) қайта сақтандырушы туралы мәліметтер:
      қайта сақтандырушының атауы;
      қайта сақтандыру шартының нөмірі;
      қайта сақтандыру түрі;
      қайта сақтандыру шартын жасаған күні;
      сақтандыру шартының күшіне енгізілу және қолданылуы аяқталу күні;
      қайта сақтандырушы резиденттiгiнiң мәртебесi;
      Ескерту: Талаптар 5-1 тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      6. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шартының орындалу барысын ұйымдастыруы мынадай кезеңдерді қамтиды:
      1) сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы хабарлаған кезде егер де аталған міндет сақтандыру шартында немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде көзделсе, сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері сақтандыру оқиғасы және (немесе) сақтандыру жағдайы туралы мәліметтерді шығындарды есепке алу журналына тіркейді;
      2) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде не өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) көзделген құжаттарды қоса бере отырып, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру туралы жазбаша нысандағы өтінішті қабылдайды.
      Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі өтініш пайда алушы туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      тегі, аты, бар болса – әкесінің аты;
      тұрғылықты орны;
      байланыс телефондары;
      сақтандыру төлемдерін алу тәртібі – қолма-қол ақшамен не банктік шотына аударым жасау арқылы;
      банк деректемелері (қажет болған жағдайда).
      Өтініште осы тармақшада көрсетілген мәліметтерден бөлек міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актіде не сақтандыру ұйымының ішкі ережелерінде көзделген өзге де мәліметтер қамтылуы мүмкін;
      3) өтініш берушінің (сақтанушының, сақтандырылушының, пайда алушының не олардың өкілдерінің) сақтандыру төлемдерін алуға ұсынған құжаттарының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілердің не сақтандыру шартының (сақтандыру ережесінің) талаптарына сәйкес келуін, оның ішінде құжаттардың толық пакетінің болуын тексеру;
      4) сақтандыру сыйлықақыларын (сақтандыру жарналарын) төлеу бойынша сақтанушының дебиторлық берешегінің болуын тексеру;
      5) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде немесе сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) осы құқық көзделген жағдайда, бүлінген мүлікті қарау;
      6) сақтандыру оқиғасының басталу себептері мен мән-жайын анықтау, сондай-ақ өтініш беруші ұсынған құжаттардың және де өтініш берушіден алынған, сақтандыру оқиғасын анықтауда мәні бар шынайы мәліметтердің негізінде сақтандыру оқиғасы мен сақтандыру жағдайы арасындағы себепті байланысты растау;
      7) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде немесе сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) белгіленген тәртіпте және мерзімдерде бүлінген (жойылған) мүлікке бағалау жүргізуді ұйымдастыру және бағалау жүргізу;
      8) сақтандыру төлемін жүзеге асыру не оны жүзеге асырудан міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде не сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) көзделген негіздемелер бойынша толық немесе ішінара бас тарту туралы шешім қабылдау;
      9) бас тарту себептерінің дәлелді негіздемесімен бірге сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тарту туралы тиісті шешімді міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде не сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберу;
      10) міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерде не сақтандыру шартында (сақтандыру ережесінде) белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімдерде сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не сақтандыру төлемін жүзеге асыру туралы өтінішке сәйкес банк шотына аударым жасау арқылы жүзеге асыру;
      11) сақтанушыға (сақтандырылушыға) немесе өзге де тұлғаға сақтандыру жағдайы кезінде шығындарды болдырмау немесе азайту мақсатында олар жұмсаған шығыстарды өтеу, егер осы шығыстар қажет болған немесе сақтандыру ұйымының нұсқауларын орындау үшін жұмсалған жағдайда өтеу.
      7. Жеке немесе заңды тұлға шарт жасасу үшін сақтандыру ұйымына заңда және (немесе) сақтандыру ұйымының ішкі құжаттарында көзделген құжаттармен қоса өтініш ұсынады.
      8. Сақтандыру агентімен шарт жасасқаннан кейін сақтандыру ұйымы:
      1) сақтандыру агенті туралы ақпаратты сақтандыру агенттерінің тізіліміне осы Талаптардың 2-қосымшасында көзделген нысанға сәйкес жүргізілуін сақтандыру ұйымының жауапты қызметкері жүзеге асыратын электронды нысанда кіргізеді;
      2) сақтандыру агентін оқытуды ұйымдастырады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      8-1. Сақтандыру агенттерінің тізілімі сақтандыру ұйымының бірінші басшысы (ол жоқ болған кезеңде – оның орнындағы адам) қол қойған, мөрмен куәландырылған, қағаз тасымалдағышта есептi тоқсаннан кейiнгi айдың бесiнші күннен Астана уақыты бойынша 18.00-сағаттан кешiктiрмей тоқсан сайын уәкілетті органға ұсыну тиіс.
      Ескерту: Талаптар 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9. Сақтандыру агенті қызметінің талаптары мен өкілеттігі осы Талаптарды ескере отырып, тапсырма шартта белгіленеді.
      Ескерту: 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      9-1. Сақтандыру агентінің Заңның 18-2-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері бар.
      Ескерту: Талаптар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      10. Сақтандыру агенті өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін сақтандыру ұйымы оған мынадай ақпарат пен құжаттарды ұсынады:
      1) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) бланкілері не нысандары, олардың шеңберінде сақтандыру агенті шартта белгіленген өкілеттіктеріне сәйкес сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;
      2) сақтандыру ережелерінің көшірмелері;
      3) сақтандырудың міндетті және (немесе) ерікті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиялардың көшірмесі;
      4) сақтандыру түрлері (сыныптары) бойынша сақтандыру тарифтері туралы ақпарат;
      5) сақтанушының танысуына қажетті өзге де құжаттар мен ақпарат.
      11. Сақтандыру ұйымы осы Талаптардың 3-қосымшасына сәйкес сақтандыру полистерінің бланкілерін есепке алу журналын жүргізеді.
      12. Заңды тұлғалар - сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымдарында), сақтандыру брокерлерінде және сақтандыру агенттерінде, жеке тұлғалар - актуарийлердегі және сақтандыру агенттеріндегі құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2001 жылғы 14 маусымдағы № 224 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1592 тіркелген) қаулысымен бекітілген Сақтандыру рыногының кәсіби қатысушыларымен және кәсіби қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенттерімен құжаттарды жасау, құжаттаманы басқару және құжаттарды сақтау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес анықталады. Қараңыз.V106932
      13. Сақтандыру ұйымы қызметінің талаптары өзгерген жағдайда не сақтандыру агентінің қызметіне, ерікті сақтандыру түрлері жөніндегі қызметті жүзеге асыру талаптары мен тәртібіне әсер ететін Қазақстан Республикасының заңнамалары өзгерген кезде сақтандыру ұйымы бұл туралы сақтандыру агентіне қажетті құжаттарды қоса бере отырып, электронды тәсілмен не телефон және (немесе) өзге байланыс түрлері арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      Сақтандыру агентінің электронды хабарламаны алғаны расталмаған жағдайда не онымен байланыс (телефон және өзге) болмаған кезде сақтандыру ұйымы оған осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпаратты осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тапсырыс хатымен жібереді. Адресаттың (сақтандыру агентінің) болмауы туралы белгімен тапсырыс хаты қайтып келген кезде сақтандыру ұйымы оның орналасқан жерін белгілеу шараларын жүзеге асырады.
      14. Сақтандыру агентінің қызметі туралы есепті ол сақтандыру ұйымына осы Талаптардың 4-қосымшасында көзделген нысанға сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, мынадай кезеңділікпен ұсынады:
      күн сайын - астанада және республикалық маңызы бар қалаларда делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін;
      апта сайын - басқа да елді мекендерде делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін.
      15. Сақтандыру агенті алған сақтандыру сыйлықақыларын толық көлемде сақтандырушының кассасына не оның банктік шотына мынадай кезеңділікпен тапсыруы тиіс:
      күн сайын - астанада және республикалық маңызы бар қалаларда делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін;
      апта сайын - басқа да елді мекендерде делдалдық қызметті жүзеге асыратын сақтандыру агенті үшін.
      16. Сақтандыру агентіне комиссиялық сыйақы төлеуді сақтандыру ұйымы:
      сақтандыру ұйымының сақтанушыдан алынған сақтандыру сыйлықақыларын немесе жарнасын төлегеннен кейін ғана жүзеге асырады;
      сақтандыру ұйымы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін белгіленген кезеңділікпен қолма-қол емес нысанда жүзеге асырады.
      Міндетті сақтандыру түрлері бойынша комиссиялық сыйақының мөлшері Заңда белгіленеді, ал ерікті сақтандыру түрлері бойынша комиссиялық сыйақының мөлшері шартта белгіленеді.
      17. Сақтандыру агентінің өкілеттіктеріне мыналар жатады:
      1) сақтандыру шартын жасасу үшін әлеуетті сақтанушыларды іздестіру;
      2) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы туралы ақпаратты ұсыну;
      3) сақтанушыларға сақтандыру ұйымы жүзеге асыратын, олардың қызығушылығын туғызатын сақтандыру түрлері бойынша кеңес беру, сақтанушыларға сақтандыру шартын әртүрлі талаптармен жасасу мүмкіндігін түсіндіру және сақтандыру бойынша өзге де консультациялық қызметтер көрсету;
      4) сақтандыру шартын (сақтандыру полисін) жасасуға қажетті құжаттарды әзірлеу немесе ресімдеу;
      5) сақтандыру ұйымының атынан және оның тапсыруымен сақтандыру шартына қол қою;
      6) сақтанушыларға кезекті сақтандыру жарнасын төлеу қажеттілігі туралы хабарламаларды жіберу;
      7) жасалған сақтандыру шарттары бойынша кезекті сақтандыру жарналарының төленуіне бақылау жасау.
      18. Сақтандырушы өзіне берілген өкілеттіктері шегінде сақтандыру агенті қызметінің мынадай талаптарын айқындайды:
      1) сақтандырушының бір жақты тәртіпте әзірлеген (қосылу шарты) типтік талаптарына (сақтандыру ережелеріне) сақтанушының қосылуы және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисін беруі арқылы сақтандыру шартын жасасу;
      2) сақтандыру шартын жасасуға арналған барлық ақпаратты (сақтандыру тарифтерін, франшиза мөлшерін, қабылданатын сақтандыру тәуекелдерін, сақтанушы үшін көрсетілетін қосымша қызметтердің спектрін) бере отырып, жекелеген сақтандыру шартын жасасу;
      3) сақтандыру түрлерін (сыныптарын) анықтау, оның шеңберінде сақтандыру агенті сақтандыру шарттарын жасау құқығына ие болады;
      4) жекелеген сақтандыру шарты және жиынтық сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауға лимиттер белгілеу.
      19. Тапсырма Шартында сақтандырушы айқындайтын шектеулер, оның ішінде сақтандыру агентінің сақтандыру сыйлықақыларын қолма-қол нысанда қабылдауы, сақтандыру түрлерін (сыныптарын) анықтау бойынша шектеулер болуы мүмкін.
      Ескерту: 19-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа 2011.02.07 енгізіледі 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      20. Тапсырма Шартында мынадай мәліметтер болу тиіс:
      1) тапсырма шартының нөмірі;
      2) сақтандыру ұйымының атауы, оның атынан сақтандыру агенті делдалдық қызметін жүзеге асырады;
      3) фамилиясы, аты тегі, бар болса - әкесінің аты, туған күні, нөмірі, жеке куәлігін берген күні мен органы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі, тұратын жері, сақтандыру агентінің заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін);
      салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі, тұрғылықты орны, заңды мекен-жайы, сақтандыру агентінің банктік деректемелері (заңды тұлғалар үшін), телефондардың байланыс нөмірлері;
      4) тапсырма шартының мәні (тапсырма шарты бойынша сақтандыру шартын жасасу бойынша делдалдық қызмет көрсетулерін Заңға сәйкес сақтандыру ұйымының тапсырмасы бойынша);
      5) сақтандыру объектісін көрсету;
      6) Заң талаптарын ескере отырып сақтандыру агентінің өкілеттігі;
      7) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
      8) тараптардың жауапкершілігі;
      9) Заң талаптарын ескере отырып комиссиялық сыйақыларының мөлшері;
      10) қосымша талаптары;
      11) тапсырма шартының қолданылу аумағы;
      12) тапсырма шартының қолданылу мерзімі;
      13) тапсырма шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
      14) тапсырма шартын бұзу және тоқтату тәртібі;
      15) тараптардың деректемелері;
      16) тапсырма шартын жасасу күні, орны.
      Ескерту: Талаптар 20-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      21. Осы Талаптардың 5 және 6-қосымшаларында көзделген сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы. Сақтандыру ұйымы өз қарауынша сақтандыру агенттерінің оқу бағдарламасын делдалдық қызметі мәселелеріне қатысты қосымша пәндерімен толықтырады.
      Ескерту: Талаптар 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      22. Уәкілетті орган белгілеген сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы бойынша оқыту үшін сақтандыру шартын жасау бойынша және сақтандыру ұйымының (бұдан әрі - өтініш беруші) тапсырмасы бойынша делдалдық қызметті жүзеге асыратын өтініш беруші сақтандыру ұйымға еркін нысанда өтініш береді.
      Ескерту: Талаптар 22-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      23. Өтініш берушілердің оқуы аяқталғаннан кейін сақтандыру ұйымы сақтандыру агенттерін оқытуға барынша аз бағдарламасын білуге емтихан өткізеді. Емтихан сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы негізінде сақтандыру ұйымы дайындаған мәселелері бойынша тестілеу нысанда өткізіледі.
      Ескерту: Талаптар 23-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      24. Емтихан өткізу үшін мәселелер тізбесін сақтандыру ұйымының бірінші басшысы, ол болмаған кезінде оның орынбасары бекітеді.
      Ескерту: Талаптар 24-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      25. Өтініш беруші емтихан аяқталғаннан кейін тесттің нәтижелерімен танысады.
      Емтихан нәтижесі оқудың барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруды растайтын куәлікте көрсетілу тиіс.
      Ескерту: Талаптар 25-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      26. Емтихан нәтижесімен келіспеген жағдайда өтініш беруші тестілеу рәсімін аяқтағаннан кейін сақтандыру ұйымына шағымдану мүмкін.
      Шағымды сақтандыру ұйымының Аппеляциялық комиссиясы қарайды.
      Ескерту: Талаптар 26-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      27. Емтиханнан өткеннен кейін сақтандыру ұйымы өтініш берушіге осы Талаптардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша емтиханның жиынтық нәтижелерін көрсете отырып сақтандыру агенттерін барынша аз бағдарламасы бойынша емтихан тапсыруын растайтын куәлік береді.
      Ескерту: Талаптар 27-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру 
қызметін жүзеге асыруына       
қойылатын талаптарға,          
оның ішінде сақтандыру нарығының
қатысушыларымен өзара қарым-   
қатынастары жөніндегі талаптарға
және сақтандыру агентінің      
делдалдық қызметті жүзеге      
асыруына өкілеттіктеріне       
1-қосымша              

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарты туралы сақтандыру ұйымының аналитикалық есебінде және программалық қамтамасыз етуінде көрсетілуі тиіс ақпараттардың барынша аз тізбесі

1. Сақтандыру шартын сәйкестендіргіш1
2. Сақтандыру шартын өзгерту сәйкестендіргіші
3. Сақтанушы2
4. Сақтандырылушы2
5. Сақтанушының экономикалық қызметінің түрі
6. Бухгалтерлік есептегі тиісті операциялардың күні
7. Бухгалтерлік есептегі операциялардың түрі
8. Бухгалтерлік есептегі операциялардың сомасы
9. Сақтандыру сыныбы
10. Сақтандыру объектілерінің саны
11. Облыс, астана, республикалық маңызы бар қала
12. Сақтандыру шартының нөмірі
13. Сақтандыру шартын жасасу күні
14. Сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
15. Сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
16. Сақтандыру сомаларының мөлшері
17. Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері
18. Сақтандыру делдалы2
19. Комиссиялық сыйақының мөлшері
20. Қайта сақтандыру шартын сәйкестендіргіш
21. Қайта сақтандырушының атауы
22. Қайта сақтандыру шартының нөмірі
23. Қайта сақтандырушы резиденттігінің мәртебесі
24. Қайта сақтандырушының рейтингтік бағасы
25. Рейтинг агенттігі
26. Қайта сақтандыру шартын қолданудың басталу күні
27. Қайта сақтандыру шартын қолданудың аяқталу күні
28. Қайта сақтандыруға берілген жауапкершілік көлемі
29. Сақтандыру шарты бойынша жауапкершілікті өздігінен ұстап қалу мөлшері
30. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері
31. Сақтандыру сыйлықақыларын өздігінен ұстап қалу мөлшері
32. Қайта сақтандырушыдан алынатын комиссия мөлшері
33. Цедентке (қайта сақтанушыға) берілетін комиссия мөлшері
34. Шығынды жариялаушы2
35. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаларды сәйкестендіргіш
36. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиғаның күні
37. Жарияланған шығынды сәйкестендіргіш
38. Сақтандыру жағдайының белгісі бар оқиға туралы сақтандырушыға хабарлау күні
39. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін сақтандырушының растау күні, яғни сақтандырушының шығынды жарияланған шығын ретінде тануы
40. Сақтандыру төлемдерін алушы2
41. Сақтандыру шартының талаптарына сәйкес барлық шегерімдерді ескере отырып, жарияланған шығынның мөлшері
42. Шығындарды реттеуге жұмсаған сақтандырушы шығыстарының сомасы
43. Қайта сақтандыру шартының талаптарына сәйкес қайта сақтандырушыға қатысты жарияланған шығынның мөлшері
44. Қайта сақтандырушыға (-ларға) қатысты шығындарды шегергендегі жарияланған шығынның таза сомасы
45. Сақтандыру төлемдерін немесе сақтандыру төлемдерінен бас тартуды сәйкестендіргіш
46. Сақтандыру төлемдерінің немесе сақтандыру төлемдерінен бас тарту күні
47. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері
48. Кері талап бойынша төленген ақыны сәйкестендіргіш
49. Кері талапты төлеу күні
50. Кері талап бойынша төленген ақының мөлшері
Ескерту:
1 теңдесі жоқ белгі
2 жеке тұлға үшін:
тегі, аты, бар болса – әкесінің аты, туған күні, жынысы;
салық төлеушінің тіркеу нөмірі және (немесе) жеке сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес) белгісі;
заңды тұлға үшін:
атауы;
салық төлеушінің тіркеу нөмері немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
экономика секторының коды;
резиденттік (Қазақстан Республикасының резиденті/резиденті емес) белгісі.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру 
қызметін жүзеге асыруына       
қойылатын талаптарға,          
оның ішінде сақтандыру нарығының
қатысушыларымен өзара қарым-   
қатынастары жөніндегі талаптарға
және сақтандыру агентінің      
делдалдық қызметті жүзеге      
асыруына өкілеттіктеріне       
2-қосымша              

Сақтандыру агенттерінің тізілімі
_______________________________________________________
(сақтандыру ұйымының атауы)

Сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

Сақтандыру агентінің нақты адресі (нақты тұрғылықты орны)

Сақтандыру агентінің заңды адресі (тұрақты тұратын орны - тіркелімі) немесе заңды тұлғаның тұрғылықты орны

Сақтандыру агентінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нөмірі мен күні (заңды тұлға үшін) немесе жеке куәлігінің нөмірі мен берілген күні (жеке тұлға үшін)

Сақтандыру агентінің байланыс телефонының нөмірі

Сақтандыру агентінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі (СТТН), бизнес-сәйкестендіру нөмірі (заңды тұлға үшін) немесе жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса, жеке тұлға үшін)

Шарттың нөмірі мен күні

Сақтандыру агентінде заңда белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығы жоқ екендігін растайтын құжаттың күні мен нөмірі (жеке тұлға үшін)

Сақтандыру агенті туралы мәліметтерді тізілімге енгізу үшін жауапты тұлға

Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау күні

Сақтандыру агентін тізілімнен алып тастау себептері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Бас























2

Филиал











Сақтандыру ұйымының сақтандыру 
қызметін жүзеге асыруына       
қойылатын талаптарға,          
оның ішінде сақтандыру нарығының
қатысушыларымен өзара қарым-   
қатынастары жөніндегі талаптарға
және сақтандыру агентінің      
делдалдық қызметті жүзеге      
асыруына өкілеттіктеріне       
3-қосымша              

Сақтандыру полистерінің бланкілерін (СПБ) есепке алу журналы

СПБ нөмірі

Филиал атауы/сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

СПБ-ны филиалға/сақтандыру агентіне беру күні

СПБ-ны пайдалану

Сақтанушыға берілгені

Бүлінгені

Пайдаланылмағаны

1

2

3

4

5

6







Жиынтығы






Сақтандыру ұйымының сақтандыру 
қызметін жүзеге асыруына       
қойылатын талаптарға,          
оның ішінде сақтандыру нарығының
қатысушыларымен өзара қарым-   
қатынастары жөніндегі талаптарға
және сақтандыру агентінің      
делдалдық қызметті жүзеге      
асыруына өкілеттіктеріне       
4-қосымша              

_____________________ (күні, айы, жылы) жағдай бойынша
сақтандыру агентінің қызметі туралы есеп

Сақтандыру түрі

Есеп беру күні басталғандағы сақтандыру полистері бланкілерінің (СПБ) қалдығы

СПБ-ны алу күні

Алынған СПБ нөмірі

Олардың ішінде:

Сақтандыру түрі шегінде сақтандыру шарттары бойынша алынған сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық сомасы

Пайдаланылған СПБ саны

Бүлінген СПБ саны

Бүлінген СПБ нөмірлері

Есеп беру күні соңындағы қалдық

1

2

3

4

5

6

7

8

9










Жиынтығы









      Қосымша:
      1) парақтардағы бүлінген бланктер;
      2) парақтардағы жасасқан сақтандыру шарттарының (сақтандыру полистерінің) екінші даналары.
      Сақтандыру агентінің атауы (тегі, аты, бар болса - әкесінің аты): ___________________________________
      Мөр (қолы) _______________________________________________
      Шарттың нөмірі ___________________________________________

Сақтандыру ұйымының сақтандыру   
қызметiн жүзеге асыруына қойылатын
талаптарды, оның iшiнде сақтандыру
нарығының қатысушыларымен өзара  
қарым-қатынастары жөнiндегi      
талаптардың және сақтандыру      
агентiнiң делдалдық қызметтi     
жүзеге асыруына өкiлеттiктердің  
5-қосымшасы            

      Ескерту. Талаптар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

Сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы
(«жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін)

      Сақтандыру теориясы
      сақтандыру мәні
      сақтандыру принциптері мен нысандары
      негізгі ұғымдар мен терминдер
      сақтандыруды жіктеу. Сақтандырудың міндетті түрлері міндетті және ерікті сақтандыру

      Сақтандыру қызметінің негіздері
      сақтандыру шарты (түрлері және нысандары, қорытынды талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату)
      сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары
      сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі
      делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу
      делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзушылықтары үшін жауапкершілігі

      Мүліктік сақтандыру
      мүліктік сақтандырудың мәні
      автомобиль көлігін сақтандыру
      су көлігін сақтандыру
      әуе көлігін сақтандыру
      жүктерді сақтандыру
      заемдарды сақтандыру
      мүліктік сақтандырудың басқа түрлері

      Жеке сақтандыру
      жеке сақтандырудың мәні
      медициналық сақтандыру
      жазатайым жағдайлардан сақтандыру
      жеке сақтандырудың басқа түрлері

      Жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру түрлері жауапкершілікті сақтандыру мәні
      көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн
      сақтандыру
      өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру
      жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
      аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгін сақтандыру
      туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн сақтандыру
      қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
      экологиялық сақтандыру
      қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру
      жауапкершілікті сақтандырудың басқа түрлері және міндетті сақтандыру түрлері.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру   
қызметiн жүзеге асыруына қойылатын
талаптарды, оның iшiнде сақтандыру
нарығының қатысушыларымен өзара  
қарым-қатынастары жөнiндегi      
талаптардың және сақтандыру      
агентiнiң делдалдық қызметтi     
жүзеге асыруына өкiлеттiктердің  
6-қосымшасы          

      Ескерту. Талаптар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

Сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы
(«өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру ұйымы үшін)

      Сақтандыру теориясы
      сақтандыру мәні
      сақтандыру принциптері мен нысандары
      сақтандыруды жіктеу
      негізгі ұғымдар мен терминдер
      міндетті және ерікті сақтандыру

      Сақтандыру қызметінің негіздері
      сақтандыру шарты (түрлері және нысандары, қорытынды талаптары мен тәртібі, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қолданылуын тоқтату)
      сақтандыру ұйымының кірістері мен шығыстары
      сақтандыру резервтері, қалыптастыру тәртібі
      делдалдық қызметті мемлекеттік реттеу
      делдалдық қызметті жүзеге асырған кезде сақтандыру заңнамасының талаптарын бұзушылықтары үшін жауапкершілігі

      Жеке сақтандыру
      жеке сақтандырудың мәні
      медициналық сақтандыру
      жазатайым жағдайлардан сақтандыру
      өмірді сақтандыру
      жинақтаушы сақтандыру
      жеке сақтандырудың басқа түрлері

      Жауапкершілікті сақтандыру. Міндетті сақтандыру
      жауапкершілікті сақтандырудың мәні
      қызметкер еңбек (қызмет) мiндеттерiн атқарған кезде жазатайым жағдайлардан сақтандыру
      жауапкершілікті сақтандырудың басқа түрлері және міндетті сақтандыру түрлері.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру   
қызметiн жүзеге асыруына қойылатын
талаптарды, оның iшiнде сақтандыру
нарығының қатысушыларымен өзара  
қарым-қатынастары жөнiндегi      
талаптардың және сақтандыру      
агентiнiң делдалдық қызметтi     
жүзеге асыруына өкiлеттiктердің  
7-қосымшасы           

Нысан

      Ескерту. Талаптар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.09.03 N 142 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз)

Сақтандыру агенттерін оқытудың барынша аз бағдарламасы
бойынша емтиханнан өту туралы
№ ______ куәлігі

____________________________________________________________________
                      сақтандыру ұйымының атауы
______________________________________________________________берілді
              (фамилиясы, аты, бар болса әкесінің аты)
Емтиханның жиынтық нәтижесі _________________________________________
Сақтандыру ұйымының басшысы__________________________________________

қолы ____________
берілген күні ________________ М.О.