"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі N 237-ө бұйрығына өзгеріс енгізу тура

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 18 мамырдағы № 134 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 4 шілдеде № 15302 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2023 № 181 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5757 болып тіркелген, 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 138 (1561) "Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің бір данасын "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін, мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрінің

      Орынбасары – Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ____________ А. Мырзахметов

      2017 жылғы 29 мамыр

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 30 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2017 жылғы 18 мамырдағы
№ 134 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 28 шілдедегі
№ 237-ө бұйрығымен
бекітілген

Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес әзiрлендi және мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртiбiн айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жан басына шаққандағы орташа табыс – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      2) жиынтық табыс – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде ескерілетін табыс түрлерінің сомасы;

      3) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – атаулы әлеуметтік көмек) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада белгіленген кедейлік шегінен төмен жеке адамдарға (отбасыларға) мемлекет ақшалай нысанда беретін төлем;

      4) орталық атқарушы орган – басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      5) отбасы – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы;

      6) уәкілетті орган – республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органы;

      7) учаскелік комиссия – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 29-п бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5562 болып тіркелген) Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережеге сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнайы комиссия;

      8) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – Орталық) – ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында құратын мемлекеттік мекеме.

2-тарау. Адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу тәртібі

      3. Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын (бұдан әрі – отбасының жиынтық табысы) атаулы әлеуметтiк көмек тағайындауға жәрдемдесуді жүзеге асыратын Орталық есептейді.

      4. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есептi кезеңде алынған табыстың барлық түрлерi ескеріледі, олар:

      1) еңбекақы, әлеуметтiк төлемдер түрiнде алынатын табыс;

      2) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде көрсетілген балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс;

      3) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсiрудi қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;

      4) кәсiпкерлiк қызметтен түсетiн табыс;

      5) жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын жалға беруден және сатудан түсетiн табыс;

      6) бағалы қағаздардан түсетiн табыс;

      7) жылжымайтын мүлiктi, көлiк құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлiкке алу түрiнде алынған табыс;

      8) кредитті (шағын кредитті) пайдаланудан түсетiн табыс;

      9) өтеусіз алынған ақша түріндегі табыс;

      10) ақша салымдары және депозиттер бойынша сыйақылар (мүдде) түріндегі табыс;

      11) ақшалай аударымдар түріндегі табыс;

      12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлiк бағалы қағаздар бойынша алынған ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегi табыс.

      5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 5)-12) тармақшаларында көрсетілген табыстар алынған уақытта ескеріледі және өтініш берушінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен расталады.

      6. Жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден түскен табыс мүліктік жалдаудың (жалға берудің) келісімшартының көшірмесін ұсынумен расталады.

      Мүліктік жалдаудың (жалға берудің) келісімшарты болмаған жағдайда жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын жалға беруден алынған табыс өтініште адам (отбасы) көрсеткен мөлшерде, бірақ айына ең төменгі жалақы мөлшерінен төмен болмайтын мөлшерде ескеріледі.

      7. Адам (отбасы) көрсеткен, жылжымайтын мүлiктi немесе көлiк құралдарын сатудан алынған табыс сатып алу-сату шартының көшірмесімен расталады.

      Сатып алу-сату шартының көшірмесі болмаған жағдайда, табыс адам (отбасы) өтініште көрсеткен нарық бағасы бойынша ақша эквивалентінде есепке алынады.

      Жылжымайтын мүлiктi және көлiк құралдарын сатып алған жағдайда, отбасының жиынтық табысында сатып алынған жылжымайтын мүлiктiң және (немесе) көлiк құралдарының құны мен сатудан түскен сома арасындағы айырма есепке алынады.

      8. Мыналар отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды:

      1) атаулы әлеуметтік көмек;

      2) тұрғын үй көмегі;

      3) жерлеуге арналған біржолғы жәрдемақы;

      4) отбасына төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығы мен мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында көрсетілген көмек;

      5) бала тууға байланысты берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар;

      6) күнкөрісі төмен отбасылар қатарындағы білім алушыларға білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетілетін қаржылай және материалдық көмек;

      7) азық-түлік өнімдері бағасының қымбаттауына байланысты "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес мемлекеттік бюджеттен және өзге де көздерден көрсетілген ақшалай немесе зат түріндегі көмек;

      8) облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейін есептеу кезеңінде белгіленген кедейлік шегінен төмен жалпы сомасы ақшалай және зат түрінде (құнын бағалауда) көрсетілген қайырымдылық көмек.

      Есептi кезеңде көрсетiлген қайырымдылық көмек ең төмен күнкөрiс деңгейiнің кедейлік шегінен асып түскен жағдайда, көрсетiлген көмек сомасы мен облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада есептi кезеңде қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейi арасындағы айырма жиынтық табыста есепке алынады;

      9) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;

      10) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;

      11) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру құны;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген заттай көмек түрлері:

      дәрілік препараттар;

      санаторлық-курорттық емдеу;

      протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);

      мүгедектерге бөлінген жүрiп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен басқа да оңалту құралдары;

      тегін тамақтандыру және білім беру ұйымдарында Қазақтан Республикасының білім туралы заңнамасына сәйкес көрсетілетін көмек;

      13) ата-ананың қарауынсыз қалған жетім баланы және (немесе) балаларды асырап алумен байланысты біржолғы ақшалай төлемдер.

      9. Орталық өтініш берушінің келісімі бойынша өтініш берушінің табыстарын орталық атқарушы органның автоматтандырылған ақпараттық жүйелеріндегі деректермен салыстырып тексереді.

      10. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезiнде құрамында бірге тұратын, ортақ шаруашылықты жүргізетін және тұрғылықты жері бойынша бір елді мекен төңірегінде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасының құрамы атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген сәтке дейін ескеріледі.

      Есептеу кезеңінде құрамында өзгерiстер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, отбасының келген мүшесiнiң табысы келген күнiнен бастап есепке алынады. Есептеу кезеңінде отбасының мүшесi кеткен кезде отбасының жиынтық табысы кеткен күнiнен бастап отбасының кеткен мүшесiне келетiн жан басына шаққандағы орташа табыс шегерiле отырып есептеледi.

      11. Отбасының жиынтық табысын нақтылау үшін учаскелік комиссиялар тексеру нәтижелері бойынша атаулы әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі немесе оның болмауы туралы қорытындыда отбасының құрамын көрсетеді.

      Учаскелік комиссия қорытындыны дайындау кезінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін өтініш беруші ұсынған деректерді растайды.

      Өтініш берушіні көрсеткен мәліметтер әртүрлі болған учаскелік комиссияның мәліметтерімен толықтырылады.

      12. Отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы есептеу кезеңіндегi отбасының жиынтық табысын көрсетiлген кезеңдегi айлардың санына және отбасы мүшелерiнiң санына бөлу жолымен есептеледi.

      13. Шетелдiк валютада алынған табыс "Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысында және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 99 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 болып тіркелген) белгіленген тәртіппен валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледi.

      14. Зат түрінде алынған табыстар отбасының жиынтық табысында өтініш беруші алынған табыс туралы мәліметтерде көрсеткен ақшалай баламасымен есептеледі.

      15. Жиынтық табысты есептеу адам (отбасы) дәйексіз мәлiметтерді ұсынған жағдайда жүргiзiлмейдi.

      Адам (отбасы) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған дәйексіз мәлiметтерді ұсынған кезде өтiнiш берушiге және оның отбасына атаулы әлеуметтік көмекті төлеу оны тағайындаған барлық кезеңге тоқтатылады.

1-параграф. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс

      16. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай түрде алынған табысы ескеріледі:

      1) жұмыс берушіден еңбекақы ретінде алынған, атап айтқанда:

      жалақының барлық түрлері, оның iшiнде кесiмдi, мерзiмдi, сондай-ақ ақшалай және заттай нысандағы сыйлықақылар, қосымша ақылар, үстемеақылар (қызметкерлерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушілердің актілеріне сәйкес төленетiн ақшалай соманы қоса алғанда, қаржыландыру көзiне қарамастан);

      қызметкер жалақысының сақталуына кепілдік берілетін кезең үшін жұмыс беруші есептейтін және қызметкерлерге төленетін орташа жалақы;

      ұйым (заңды тұлға) таратылған немесе жұмыс берушiнiң (жеке тұлғаның) қызметi тоқтатылған, қызметкерлер саны немесе штаты қысқартылған жағдайларда еңбек шартының бұзылуы кезiнде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген мөлшерде төленетiн өтемақылар;

      сақтандыру агенттерi мен брокерлерге төленетiн комиссиялық сыйақы;

      бала туғанда және жерлеуге берiлетiн жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезiнде ескерiлмейтiн және ұйым қаражатының есебiнен төленетiн төлем түрлерi;

      мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң ақшалай үлесiн қоспағанда, әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде келiсiмшарт бойынша қызмет өткерiп жүргендердiң және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларға теңестiрiлген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерiлген ақшалай үлесi;

      жұмыс берушi төлеген кредит сомалары. Көрсетілген төлемдер кредитті өтудің белгіленген мерзіміне бөлінеді;

      2) әлеуметтiк төлемдер, атап айтқанда:

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белгiленген тәртiппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлерi, оларға өтемақы төлемдерi;

      мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар;

      арнаулы мемлекеттiк жәрдемақылар;

      жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда iстеген адамдарға берiлетiн мемлекеттiк арнаулы жәрдемақылар;

      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдер;

      бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар;

      үйде оқитын мүгедек балаларды оқыту шығындарын өтеу;

      қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап бағуға берілетін жәрдемақы;

      патронат тәрбиелеушілерге берілген баланы (балаларды) бағып-қағуға берілетін төлем;

      мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақы;

      қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетiн стипендия;

      жұмыс берушінің қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi жәрдемақылар;

      жергiлiктi бюджеттер қаражаты есебiнен көрсетiлетiн, қалаiшiлiк қоғамдық көлiкте жүруге берiлетiн материалдық (әлеуметтiк) көмек;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілетін заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;

      Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары, мекемелер мен ұйымдар белгiлеген барлық төлем түрлерiне үстемеақылар мен қосымша ақылар.

      17. Жиынтық табыстың құрамына қызметкерлер еңбек және қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде олардың өмiрi мен денсаулығына келтiрілген зиянды өтеу туралы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші төлейтiн бiржолғы төлемдер мен ай сайынғы сомалар қосылады.

      18. Есептi кезеңнен асып түсетiн кезеңнiң табысы бiр мезгілде алынған кезде (оның iшiнде жалақы, төлемдер, алименттер бойынша берешектер), алынған табыс, сол табыс алынған айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      Жұмысты азаматтық-құқықтық шарт бойынша (мердiгерлiк және басқа) орындайтын адамдардың табысы шарт қолданылатын бүкiл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшiн шартта көзделген айлардың санына бөлiнедi және есептi кезеңге келетiн айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.

      19. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша, оның iшiнде ғылым, әдебиет, өнер және өзге де қызмет түрлері туындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебiне аванспен төленетiн сыйақылар аванс берудiң бүкiл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс бергеннен кейiнгi қолданылу кезеңiне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.

      20. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстары мен рационализаторлық ұсыныстары үшiн сыйақылар отбасының жиынтық табысына сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерiнде қосылады және есептi кезеңге келетiн айлардың санына көбейтiледi.

      21. Еңбекақы түрінде алынған табыс жұмыс берушінің еркін нысандағы анықтамаларымен расталады.

      Республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiлетiн әлеуметтiк төлемдер түрiнде табыс алу зейнетақы немесе жәрдемақы алушы куәлiгiнiң көшiрмесiмен не "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттiк корпорациясының бөлiмшелерi беретiн анықтамамен расталады.

      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табыстары еркін түрдегі өтінішпен расталады.

2-параграф. Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс

      22. Адамның (отбасының) кәсiпкерлiктен түсетін жиынтық табысын есептеу кезiнде:

      1) өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан;

      2) тауарлық-материалдық құндылықтарды, мүлiктi сату кезiндегi құн өсiмiнен;

      3) шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде және шартты жер үлесi мен мүлiк жарнасынан алынған табыс ескеріледі.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен бекітілген Салық есептілігін жасау Ережелеріне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5068 болып тіркелген) шаруа қожалығы мүшелерiнiң жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетiлген ауыл шаруашылығы өнiмiн сатудан нақты алынған табыс ескерiле отырып жүргiзiледi. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлiнедi және оның тиiстi бөлiгi айқындалатын кезеңдегi жалпы жиынтық табысқа қосылады;

      4) өзiн-өзi жұмыспен қамтудан түскен ең төмен жалақы мөлшерінен төмен емес деңгейдегі табысы есепке алынады.

      23. Азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс iстейтiн адамдар жалақысын шарттың көшiрмесiмен, жалға алушының анықтамасымен немесе өтiнiш негiзiнде растайды.

      Азаматтық-құқықтық шарт бойынша шарт жасамай жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысы олардың өтiнiштерi негiзiнде расталады. Бұл ретте орындалған жұмыс (қызмет) үшін сыйақы төлемінің заттай бөлiгi жиынтық табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай эквивалентте қосылады.

      24. Арнайы салық режимінде кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың табыстары бір реттік талонның, патенттің, жеңілдетілген декларацияның негізінде расталады.

      Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдардың шаруа (фермер) қожалығы қызметiнiң нәтижесiнде алған ресми расталмаған табыстары, әрбiр жұмыс iстеушiге шаққанда ең төмен жалақыдан төмен болмайтын мөлшерде ескеріледі.

3-параграф. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алимент түрiндегi табыс

      25. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында ескеріледі.

      Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушiнiң жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттiң қосымша сомасы отбасының жиынтық табысында олардың алынған уақыты бойынша ескеріледі.

      Отбасы мүшесі алатын алименттер отбасының жиынтық табысында ескеріледі, ал отбасы мүшесінің басқа отбасында тұрып жатқан балаларға төлейтін алименттері табысынан алынып тасталынады.

      26. Асырауындағыларды асырауға мiндеттi адамның тұрғылықты жерi туралы мәлiметтердiң болмауы себебiнен адамдардың алимент өндiрiп алуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда отбасының жиынтық табысы көрсетiлген адамның iздеуде жүргенi туралы тиiстi органдардан алынған құжаттар қоса берiлген жазбаша еркін нысандағы өтiнiш негiзiнде есептеледi.

      Төлеушi:

      1) жұмыс iстемейтiн және Орталықта жұмыссыз ретiнде тiркелген (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) бекітілген "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша анықтамасын ұсынған кезде);

      2) бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болған (балаларға алимент аударылмайтыны туралы, бас бостандығынан айыру орындарында не уақытша ұстау изоляторында болу кезеңi көрсетiлген сот орындаушысының немесе түзеу мекемесiнiң анықтамасын ұсынған кезде);

      3) туберкулез, психоневрологиялық, онкологиялық, санаторий-курорттық диспансерлерде (стационарларда) есепте тұрған кезде "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атақарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті медициналық ұйымдардан анықтама ұсынған кезде;

      4) Қазақстан Республикасы тиiстi келiсiм жасаспаған мемлекетке тұрақты тұруға кеткен;

      5) тиісті құқық қорғау органының анықтамасымен немесе учаскелік комиссиясының қорытындысымен расталған, балаларын және басқа да асырауындағыларды асырап-бағудан жалтарған кезде спиртті ішімдіктерді, есірткі заттарын құмарлықпен салынып пайдалануына байланысты жиынтық табыс алиментті ескермей есептеледі.

      27. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай, жұбайлардың бiреуiнен алимент өндiрiп алынса, осы жұбайы отбасымен бiрге тұрған кезде оның табысы отбасының жиынтық табысында толық есепке алынады.

      28. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент аударылған алимент туралы жұмыс берушінің анықтамаларымен не алынған алимент туралы пошта аударымдарының түбiртегiмен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндiрiп алу туралы шешiмi қоса берiлген жазбаша өтiнiш негiзiнде расталады. Алименттер бойынша 3 айдан асатын кезең үшiн берешек пайда болған кезде сот орындаушысының алимент бойынша берешектi айқындау туралы қаулысы ұсынылады.

4-параграф. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс

      29. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс отбасының жиынтық табысының құрамына қосылады.

      30. Отбасының жиынтық табысында ескерілетін жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнiмдерiн өсiруден, мал мен құс ұстаудан және өсiруден алынған табыс осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша әкімшілік-аумақтық аудандардың тізбесіне, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы, осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес Азық-түліктік пайдалануға арналған үй малы мен құстарының жасы, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің үлгілік жеке нормативтік карточкасы негізінде есептеледі.

      Нормативтiк карточкаларда келтiрiлген (осы Қағидаларға 2-7-қосымшалар) орташа түсiмдi (өнiмдiлiктi), өндiрiстiк шығыстардың орташа деңгейiн, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеу үшiн пайдаланылатын бағаларды облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары өңiрлердiң ерекшелiктерiн ескере отырып түзетеді.

      Жеке қосалқы шаруашылықта өсiрiлген гүл өнiмдерiн сатудан, сондай-ақ терiсi бағалы аңдар, ара, құс (тауық, қаз, үйректен басқа) өсiруден алынған табыс отбасының жиынтық табысына еркін нысандағы жазбаша өтiнiштiң негiзiнде қосылады.

      31. Бiр сотка жерден (бip бастан) өндiрiлген өнiмнiң құны өсiрiлетiн дақылдың орташа түсiмiн (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнiмдiлiгiн) 1 кг өнiмнiң орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады. Табысты, шығынды айқындау үшін бір сотка жер (бір бас) өндірілген өнімнің құнынан (ocы Қағидаларға 2-7-қосымшалар) шығысының орташа деңгейi шегерiледi. Алынған мөлшер он екі айға бөлінеді және есепті кезеңдегі айлар санына көбейтіледі.

      32. Табысты есептеу үшін облыстарда (республикалық маңызы бар қалада, астанада) өсімдік және мал шаруашылығы өніміне қалыптасқан, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына сәйкес тиісті жылға қалыптастырылатын Статистикалық жұмыстар жоспарында көздеген мерзімдерде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, өткен күнтізбелік жылғы орташа жылдық бағалар пайдаланылады.

      Өнім бермейтін жастағы (төл, балапан) үй малынан, құсынан (осы Қағидаларға 8-қосымша) алынған табыс, есепті кезеңде ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою) жағдайда ғана, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде, мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған, оны сыйға тартқан немесе өткізген (сату, сою) тиісті айда нарықта қалыптасқан бағалар бойынша есепке алынады.

      Малды (құсты) есепті кезеңде өткізу кезінде отбасының жиынтық табысына тиісті өткізген айда нарықта қалыптасқан, тиісті жылға арналған Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімде мемлекеттік статистика органдарынан белгіленген тәртіппен алынған бағалар бойынша біржолғы табыс қосылады.

      33. Отбасының жиынтық табысы жұмыс малы (жылқы, түйе) мен бiр жыл iшiнде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерiлмей есептеледi. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетiлген мал бiр жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретiнде есепке алынады.

      34. Осы Қағидалардың 33-тармағында көрсетiлгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екi айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есептi кезеңдегi айлардың санына көбейтiледi.

      35. Жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табысты есептеудің жеке нормативтiк карточкасын осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес Орталық өтiнiш берушiнiң деректерi негiзiнде толтырады.

      36. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеу кезінде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, нормативтік карточкада көрсетілген (осы Қағидаларға 2-7-қосымшалар) тиісті орташа көрсеткіштерден төмен, осы өңірдегі өнімділік және түсімділік көрсеткіштері бойынша және жиынтық табыс рұқсат етілген шекті көлемнен аспаған жағдайда, үй малын, құсты және жер телімінде (үй жанындағы телiм, саяжай және жер үлесі) өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлерін кіріс бермейтіндер деп белгілейді.

      Шекті рұқсат етілген мөлшері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органымен алдын-ала келісілгеннен кейін өткен тоқсанда қалыптасқан ең төмен күнкөріс деңгейінің еселігінде белгіленеді.

  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық аудандардың
ТIЗБЕСI

Облысы, республикалық маңызы бар қала, астана

Ауданы, қаласы

1

2

1. Дала аймағы

Солтүстiк Қазақстан

1. Айыртау
2. Ақжар
3. Мағжан Жұмабаев
4. Есiл
5. Жамбыл
6. Қызылжар
7. Мамлют
8. Шал ақын
9. Аққайың
10. Тайынша
11. Тимирязев
12. Уәлиханов
13. Ғабит Мүсiрепов
Петропавл қаласы

Ақмола

1. Еңбекшілдер
2. Зерендi
3. Щучье
4. Сандықтау
5. Бұланды
6. Ақкөл
7. Ерейментау
8. Жақсы
Көкшетау қаласы
Степногор қаласы

Қостанай

1. Қарабалық
2. Федоров
3. Меңдiқара
4. Ұзынкөл
5. Денисов
6. Әулиекөл
7. Қарасу
8. Алтынсарин
9. Сарыкөл
10. Қостанай
11. Таранов
Қостанай қаласы
Рудный қаласы

Павлодар

1. Ертiс
2. Железин
3. Қашыр

2. Қуаң дала аймағы

Батыс Қазақстан

1. Ақжайық
2. Тасқала
3. Зеленов
4. Теректi
5. Бөрілі
6. Шыңғырлау
Орал қаласы

Ақтөбе

1. Қобда
2. Мәртөк
3. Әйтеке би
4. Қарғалы
5. Алға
Ақтөбе қаласы

Қостанай

1. Қамысты
2. Наурызым
3. Жiтiқара
Лисаковск қаласы

Ақмола

1. Есiл
2. Атбасар
3. Қорғалжын
4. Шортанды
5. Целиноград
6. Астрахан
7. Аршалы
8. Егiндiкөл
9. Жарқайың

Астана қаласы

Астана қаласы

Қарағанды

1. Нұра
2. Қарқаралы
3. Осакаров
4. Абай
5. Бұқар жырау
Қарағанды қаласы
Сарань қаласы
Шахтинск қаласы
Темiртау қаласы

Павлодар

1. Ақтоғай
2. Баянауыл
3. Лебяжье
4. Май
5. Павлодар
6. Успен
7. Шарбақты
Павлодар қаласы
Ақсу қаласы
Екiбастұз қаласы

Шығыс Қазақстан

1. Бесқарағай
2. Бородулиха
3. Зырян
4. Көкпектi

3. Шөлейттi аймақ

Алматы

1. Қапшағай

Батыс Қазақстан

1. Бөкөйордасы
2. Жаңақала
3. Жәнiбек
4. Қазталов
5. Қаратөбе
6. Сырым

Қостанай

1. Амангелдi
2. Жангелдi
Арқалық қаласы

Ақтөбе

1. Ойыл
2. Темiр
3. Ырғыз
4. Хромтау
5. Мұғалжар

Қарағанды

1. Жаңаарқа
2. Шет
3. Ақтоғай
4. Ұлытау
Жезқазған қаласы
Балқаш қаласы
Қаражал қаласы
Приозерск қаласы
Сәтбаев қаласы

Шығыс Қазақстан

1. Абай
2. Аягөз
3. Жарма
Семей қаласы
Курчатов қаласы

4. Шөлдi аймақ

Атырау

1. Жылыой
2. Индер
3. Исатай
4. Құрманғазы
5. Қызылқоға
6. Мақат
7. Махамбет
Атырау қаласы

Қызылорда

1. Арал
2. Жалағаш
3. Жаңақорған
4. Қазалы
5. Қармақшы
6. Сырдария
7. Шиелi
Қызылорда қаласы

Ақтөбе

1. Байғанин
2. Шалқар

Маңғыстау

1. Бейнеу
2. Қарақия
3. Маңғыстау
4. Түпқараған
5. Мұнайлы
Ақтау қаласы
Жаңаөзен қаласы

Оңтүстік Қазақстан

1. Созақ
2. Отырар

Жамбыл

1. Сарысу
2. Талас
3. Тұрар Рысқұлов

Алматы

1. Балқаш

5. Тау eтeгi-шөлдi-далалық аймақ

Алматы

1. Ақсу
2. Алакөл
3. Еңбекшіқазақ
4. Жамбыл
5. Кербұлақ
6. Көксу
7. Қаратал
8. Қарасай
9. Панфилов
10. Райымбек
11. Сарқанд
12. Талғар
13. Ескелдi
14. Ұйғыр
15. Iле
Талдықорған қаласы
Текелi қаласы

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Жамбыл

1. Байзақ
2. Жамбыл
3. Жуалы
4. Қордай
5. Мерке
6. Мойынқұм
7. Шу
Тараз қаласы

Оңтүстiк Қазақстан

1. Арыс
2. Бәйдiбек
3. Қазығұрт
4. Мақтаарал
5. Ордабасы
6. Сайрам
7. Сарыағаш
8. Төле би
9. Түлкiбас
10. Шардара
Кентау қаласы
Түркiстан қаласы
Шымкент қаласы

Шығыс Қазақстан

1. Үржар
2. Зайсан

6. Оңтүстік Сiбiр таулы және тау eтeгі аймағы

Шығыс Қазақстан

1. Глубокое
2. Катонқарағай
3. Шемонаиха
4. Тарбағатай
5. Күршім
6. Ұлан
Өскемен қаласы
Риддер қаласы

  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
2-қосымша

Дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табысты есептеудiң нормалар карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

143




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

20

114




Бiр жылдық шөптер

15

83




Картоп

80

1256




Көкөнiстер

65

1069




Бақшалар

105

483




Шекілдеуiк бақтары
(алма, алмұрт)

35

634




Сүйектi жемiс бақтары
(өрiк, қара өрiк)

25

509




Жидек дақылдары

33

946




Жүзім

25

636




Күнбағыс

12

220




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал
(сүт)

2200

26549




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

15308




Шошқалар
(шошқа еті)

110

9425




Қойлар, ешкілер
ет/жүн

22/2,5

5800




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс
(жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
3-қосымша

Қуаң дала аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

268




Арпа

25

188




Қарамық

5

150




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

15

91




Бiр жылдық шөптер

10

83




Картоп

70

1164




Көкөнiстер

80

1245




Бақшалар

115

518




Шекілдеуiк бақтары
(алма, алмұрт)

30

583




Сүйектi жемiс бақтары
(өрiк, қара өрiк)

22

514




Жидек дақылдары

23

819




Жүзім

22

595




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал
(сүт)

1900

21034




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

16435




Шошқалар
(шошқа еті)

110

9107




Қойлар, ешкілер
ет/жүн

22/2,5

3042




Жылқы (жылқы еті)

124

7446




Түйе (түйе еті)

126

2979




Жұмыртқалайтын құс
(жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
4-қосымша

Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

10

226




Арпа

15

174




Қарамық

8

153




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

128




Көп жылдық шөптер

10

91




Бiр жылдық шөптер

10

84




Картоп

70

1102




Көкөнiстер

90

1249




Бақшалар

85

458




Шекілдеуiк бақтары
(алма, алмұрт)

22

525




Сүйектi жемiс бақтары
(өрiк, қара өрiк)

20

498




Жидек дақылдары

10

589




Жүзім

20

564




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал
(сүт)

1100

19944




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

165

16016




Шошқалар
(шошқа еті)

110

8462




Қойлар, ешкілер
ет/жүн

22/2,25

1200/105




Жылқы (жылқы еті)

138

6044




Түйе (түйе еті)

140

2925




Жұмыртқалайтын құс
(жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
5-қосымша

Шөлді аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

278




Арпа

25

215




Жүгерi (жасыл салмағы)

40

295




Көп жылдық шөптер

45

172




Бiр жылдық шөптер

25

101




Картоп

100

1886




Көкөнiстер

125

1366




Бақшалар

120

556




Шекілдеуiк бақтары
(алма, алмұрт)

19

483




Сүйектi жемiс бақтары
(өрiк, қара өрiк)

20

492




Жидек дақылдары

10

589




Жүзім

19

572




Күнбағыс

8

208




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал
(сүт)

880

17255




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

138

15924




Шошқалар
(шошқа еті)

110

8973




Қойлар, ешкілер
ет/жүн

18/1,0

1696




Жылқы (жылқы еті)

138

5979




Түйе (түйе еті)

154

2925




Жұмыртқалайтын құс
(жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
6-қосымша

Тау етегі-шөлді-далалық аймақтағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташабағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

20

293




Арпа

25

234




Қарамық

10

258




Жүгерi (дәні)

40

295




Жүгерi (жасыл салмағы)

160

235




Күріш

40

886




Қант қызылшасы

200

525




Темекі

18

1537




Қоза

30

853




Көп жылдық шөптер

45

181




Бiр жылдық шөптер

25

101




Картоп

120

2324




Көкөнiстер

145

1442




Бақшалар

105

488




Шекілдеуiк бақтары
(алма, алмұрт)

40

798




Сүйектi жемiс бақтары
(өрiк, қара өрiк)

35

664




Жидек дақылдары

30

980




Жүзім

40

786




Күнбағыс

16

277




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал
(сүт)

2500

20168




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

179

14047




Шошқалар
(шошқа еті)

110

8138




Қойлар, ешкілер
ет/жүн

20/3,5

2318




Жылқы (жылқы еті)

151

5795




Түйе (түйе еті)

126

2959




Жұмыртқалайтын құс
(жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
7-қосымша

Оңтүстік Сібір таулы және тау етегі аймағындағы жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табысты есептеудің нормалар карточкасы

      Өсімдік шаруашылығының өнiмi

Өнiм

Жердiң 1 соткасының орташа түсiмi, кг

Жердiң 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң орташа бағасы, теңге

1 соткадан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ.х 4-бағ.)

1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бaғ - 3-бағ.)

1

2

3

4

5

6

Бидай

15

272




Арпа

20

218




Қарамық

10

258




Жүгерi (жасыл салмағы)

100

131




Көп жылдық шөптер

20

91




Бiр жылдық шөптер

12

66




Картоп

90

1746




Көкөнiстер

90

1173




Бақшалар

105

483




Шекілдеуiк бақтары
(алма, алмұрт)

16

432




Сүйектi жемiс бақтары
(өрiк, қара өрiк)

15

484




Жидек дақылдары

15

994




Жүзім

34

662




Күнбағыс

12

218




      Мал шаруашылығының өнімi

Өнiм

1 бастан алынатын орташа өнiмдiлiк, кг (л)

1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейi, теңге

1 кг өнiмнiң, (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа бағасы, теңге

1 бастан өндiрiлген өнiмнiң құны, теңге (2-бағ. х 4-бағ.)

1 бастан түскен табыс (+), шығыс (-), теңге (5-бағ.- 3 бағ.)

1

2

3

4

5

6

Сүтті iрi қара мал
(сүт)

1900

19424




Eтті iрi қара мал (сиыр еті)

165

14231




Шошқалар
(шошқа еті)

110

8973




Қойлар, ешкілер
ет/жүн

20/2,0

2152




Жылқы (жылқы еті)

151

5563




Түйе (түйе еті)

126

2959




Жұмыртқалайтын құс
(жұмыртқа)

200 жұмыртқа

728




Етті құс (құс еті)

2,5

489




  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
8-қосымша

Азық-түліктік пайдаланылатын үй малдары мен құстарының жасы

Малдардың түрi

Өлшем бірлігі

Өнiм беру жағдайына жеткен мал төлiнiң және құстардың жасы

Iрi қара мал

ай

25

Қойлар мен ешкiлер

ай

12

Шошқалар

ай

10

Жылқылар

ай

16

Түйелер

ай

18

Жұмыртқалайтын құс

күн

195

Етті құс

күн

125

  Мемлекеттік атаулы әлеуметтiк
көмек алуға үмiткер адамның
(отбасының) жиынтық табысын
есептеу қағидаларына
9-қосымша

Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетiн табыс есебiнiң үлгі жеке нормалар карточкасы

      Өтiнiш берушiнiң Тегі, аты, әкесінің аты. ____________________________________________

      Облыс, аудан____________________________________________________________________

      Үйiнiң мекенжайы _______________________________________________________________

Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлерi

жер, сотка, мал басы, саны

жылына түсетiн табыс нормативi, теңге

жылына түсетiн табыстың барлығы, теңге

бiр тоқсанда түсетiн табыстың барлығы, теңге

Бидай





Арпа





Дәнi алынатын жүгерi





Күрiш





Қарамық





Картоп





Көкөністер





Бақшалар





Күнбағыс





Қант қызылшасы





Темекi





Шекiлдеуiк бақтары





Сүйектi жемiс бақтары





Жемiстер





Жүзiм





Көп жылдық шөп





Бiр жылдық шөп





Жасыл жемге берiлетiн жүгерi





Сүттi iрi қара мал





Еттi iрi қара мал





Шошқалар





Қойлар мен ешкілер





Жылқылар





Түйелер





Жұмыртқалайтын құс





Еттi құс





Жиыны: бiр жылғы табыс

х

х



Жиыны: бiр тоқсандағы табыс

х

х

х

х

      20__ж. "__"_________ ________________________________________

                        (2-ші бағаны үшін өтiнiш берушiнiң қолы)

      ______________________________________________________________

                  (есептеуді жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)