Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 шілдеде № 17199 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 09.06.2023 № 214 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 26-3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Б. Әлтаевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 28 маусым

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 259 бұйрығымен бекітілген

Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 27.05.2020 № 194 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Респубикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 26-3) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – электрондық ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу әдістерінің және аппараттық-бағдарламалық кешен мен телекомуникациялар желілерін қолдана отырып жүзеге асырылатын ақпараттық өзара іс-қимыл әдістерінің жиынтығы;

      3) ассистент - халықты жұмыспен қамту орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультантқа және кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне консультациялар, әңгімелесулер өткізуге, сондай-ақ атаулы әлеуметтік көмек шеңберінде әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізуге жәрдемдесу жөніндегі функцияларды орындайтын қызметкері;

      4) әлеуметтік еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Еңбек нарығы" ААЖ) - халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамтудың жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсыну мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен.

      5) бос орын – жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (лауазым);

      6) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы) – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе;

      7) жұмыспен қамтудың жеке картасы - жеке деректері, жұмыспен қамтылу тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;

      8) жұмыссыз адам - жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;

      9) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер -жұмыссыз ретінде тіркелген, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;

      10) лайықты жұмыс - кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша еңбек тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының режиміне, жұмыс орнына көліктің қолайлығына сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;

      11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;

      12) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      13) мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қызметтер көрсету процесін, оның ішінде Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтерді автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе;

      14) халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі - жұмыспен қамту орталығы) - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;

      15) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

      16) халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган - өңірлік еңбек нарығындағы ахуалға негіздей отырып, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің бағыттарын айқындайтын ауданның, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi;

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1 және 1-1-қосымшаларға сәйкес "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу", "Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) келтірілген.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      4. Жұмысы және (немесе) табысы (кірісі) жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген адам (бұдан әрі – ізденуші) жұмысқа орналасуына жәрдемдесу үшін өтініш жасаған кезде жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі:

      1) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы арқылы;

      2) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;

      3) Мемлекеттік корпорация арқылы;

      4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші жұмыспен қамту орталығына және Мемлекеттік корпорацияға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сай мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес келетін құжаттарды ұсынады.

      Жеке басын куәландырғаннан және "Еңбек биржасы" ААЖ-ға деректерді енгізгеннен кейін құжаттар ізденушіге қайтарылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Он алты жасқа томаған адам сондай-ақ заңды өкілдерінің біреуінің еркін нысандағы өтінішін ұсынады.

1-параграф. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      7. Жұмыспен қамту орталығының маманы ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Ұсынылған дербес деректердің (мәліметтердің), құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда, жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде өтінішке қоса берілген құжаттарды қайтарады және ізденушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіге жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шаралары және жұмыспен қамту орталығы көрсететін қызметтер туралы толық ақпарат ұсынады.

      10. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде ол туралы дербес ақпарат алу үшін "Еңбек нарығы" ААЖ-да мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды қалыптастырады.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-дағы жұмыспен қамтудың жеке картасына "Жұмыспен қамтудың жеке картасын және оны толтыру нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 576 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14056 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес енгізеді.

      11. Жұмыспен қамту орталығының маманы "Еңбек нарығы" ААЖ-да Жұмыспен қамтудың жеке картасына енгізген дербес деректердің негізінде, жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығына қарай ізденушінің тиісті санаты автоматты түрде айқындалады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анықтығы анықталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталығы олар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адамдар ретінде тіркейді және ізденушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама береді.

      Ізденушіге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы хабарламаны беруді халықты жұмыспен қамту орталығы жеке куәлігін, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисінен ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырады.

      Адам ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабар алады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      14. Алып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Ауылдық елді мекенде жұмыспен қамту орталығы болмаған жағдайда ізденуші ауылдық округ әкімдігінің аппаратына ассистентке жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жүгінеді. Ассистент ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде алдын ала тіркеуді жүргізеді.

      16. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін ізденуші ассистентке осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ассистент ізденуші ұсынған құжаттар мен дербес деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Ассистент ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеген кезде "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамтудың жеке картасына дербес деректерді енгізеді. "Еңбек нарығы" ААЖ-ға қолжетімділік болмаған жағдайда ассистент жұмыспен қамтудың жеке картасын электрондық нысанда немесе қағаз түрінде толтырады.

      18. Ассистент осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес жұмыссыздық кезеңінің болжамды ұзақтығын негізге ала отырып, ізденушіні санаттарға бөлуді жүргізеді.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Ассистент "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мүмкіндіктері туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Ассистент ұсынылған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректерің (мәліметтердің) дәйектілігін анықтағаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген құжаттарды жібереді.

      21. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері ассистенттен құжаттарды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ізденушінің дербес деректерін "Еңбек нарығы" ААЖ-ға енгізеді, ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркегені туралы белгі қояды және ізденушіге ассистент немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы тіркеу күні туралы хабарлайды.

      22. Ізденуші жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін қайта жүгінген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері ізденушінің бұрын ұсынған дербес деректері мен мәліметтерінің дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады және (немесе) және жұмыспен қамтудың жеке картасына тиісті өзгерістерді енгізеді.

      23. Жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Мемлекеттік қызмет рұқсаттар мен хабарламалар мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген кезде мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде келіп түседі.

      24. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тарауына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тіркеу тәртібі

      25. Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      26. Ізденуші "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін жеке деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінімді толтырады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салудың қабылданғаны туралы статус ізденушінің "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      27. Ізденушінің деректері автоматты түрде тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына жіберіледі.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Жұмыспен қамту орталығынының қызметкері осы Қағидалардың 1-параграфына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды тіркейді.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жеке басты куәландыратын құжаттың мәліметтерін "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

      29. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жұмыспен қамту орталығы директорының немесе ол уәкілеттік берген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түрінде жіберіледі және сақталады.

3-параграф. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу тәртібі

      30. Мемлекеттік корпорацияға еңбек делдалдығына жүгінген кезде жұмыс іздеп жүрген адамды тіркеуді халықты жұмыспен қамту орталығының Мемлекеттік корпорацияда халықты қабылдауды жүзеге асыратын қызметкері жүргізеді және жұмыс іздеп жүрген адамды осы тараудың 1-параграфына сәйкес тіркеуді жүргізеді.

4-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы тіркеу тәртібі

      Ескерту. 2-тарау 4-параграфпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      30-1. Ізденуші электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеледі.

      30-2. Ізденуші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" өзінің тұрғылықты жеріне сәйкес жұмыспен қамту орталығын таңдайды.

      30-3. Ізденуші енгізген жеке сәйкестендіру нөмірінің негізінде "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында ізденуші туралы дербес ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу қалыптастырылады.

      30-4. Ізденуші "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетінде" дербес деректерін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті алуға өтінімді толтырады.

      30-5. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында ізденушіні жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады.

      30-6. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі. "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыс іздеп жүрген адамның жұмыспен қамтылуының жеке картасы автоматты түрде қалыптастырылады.

      30-7. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарламаны "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталындағы "жеке кабинетіне", сондай-ақ ұялы байланыс абоненттік құрылғысына хабарлама беру арқылы жібереді.

      30-8. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адам тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-бөлімінің 4-параграфына сәйкес бос жұмыс орындарын автоматты түрде таңдайды.

      30-9. Жұмыс іздеп жүрген адам "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы және жұмыспен қамту орталығы арқылы алынған бос жұмыс орындарына үн қатады.

      Жұмыс іздеп жүрген адам халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекенде тұратындар кент, ауыл, ауылдық округ әкімін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған лайықты жұмысқа келісу немесе одан бас тарту туралы хабарлайды.

3-тарау. Жұмыссыз адамдарды тіркеу тәртібі

      31. Егер жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін жұмыс іздеп жүрген адам үшін лайықты жұмыс таба алмаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда жұмыспен қамту орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жұмыспен қамту орталығының директоры немесе оны алмастыратын адам қол қойған жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу туралы шешімнің жобасын "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы электрондық түрде жібереді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      32. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган алынған ақпараттың "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде дәйектілігін тексеруді жүзеге асырады.

      Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның бірінші басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам құжаттарды алған сәттен бастап осы Қағидалардың 31-тармағына сәйкес "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыссызды тіркеу туралы шешімге электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы бір жұмыс күні ішінде қол қояды.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      33. Жұмыспен қамту орталығының маманы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы Қағидалардың 34-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама береді.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      34. Мынадай:

      1) он алты жасқа толмаған;

      2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайында ақы үшін орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін өзге де ақы төленетін жұмысы бар;

      3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;

      4) жұмысы мен жалақысының (кірісінің) болмауы туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттар, сондай-ақ басқа да дәйексіз мәліметтер ұсынған адамдар;

      5) Заңға сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыс іздеп жүрген адамды:

      1) жұмыссыз ретінде тіркеу күні немесе тіркеуден бас тарту туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жерлердің тұрғындарын кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе ассистент арқылы;

      2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі туралы хабардар етеді.

      36. Халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 36-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      37. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыздар Заңға және осы Қағидаларға сәйкес келу тәртібін, шарттарын және мерзімдерін немесе жұмыспен қамту орталығының хабарламаларын сақтайды.

      38. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асыралады.

      Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.

      39. "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.

      40. Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама өтеусіз негізде беріледі.

      41. Жұмыссыз электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жеке деректері көрсетілген мемлекеттік қызметті алуға өтінішті осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда береді.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салудың қабыданғаны туралы статус көрсетілетін қызметі алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      42. Мемлекеттік қызметі көрсету мерзімі мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш берген сәттен бастап бір күнді құрайды.

      43. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес электрондық құжат түрінде жіберіледі және сақталады.

      44. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган халықты жұмыспен қамту орталығынан тиісті ақпаратты алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жұмыссызды мынадай жағдайларда:

      1) жұмыссыз үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аударымдары, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар түскен кезде;

      2) жұмыспен қамту орталығы ұсынған лайықты жұмыстың үш нұсқасынан бас тартқанда немесе халықты жұмыспен қамту орталығын, ал ауылдық елді мекендерде тұратын адам кент, ауыл, ауылдық округ әкімін лайықты жұмыстың ұсынылған нұсқаларымен келісетіні немесе олардан бас тартатыны туралы уақтылы хабардар етпегенде;

      3) дәлелсiз себептермен:

      жұмыспен қамту орталығы хабардар еткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған жұмысқа орналасу орнына немесе оқу орнына келмегенде;

      шақыру бойынша халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу үшін үш жұмыс күнi ішінде халықты жұмыспен қамту орталығына келмегенде;

      жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуды өз бетiнше тоқтатқанда;

      4) жұмыссыз жұмыспен қамту орталығына барудың немесе оны хабардар етудің осы Қағидалардың 37-тармағында көзделген мерзiмдерiн дәлелсiз себептермен бұзғанда;

      5) жұмыссыз бас бостандығынан айыру түрiндегi жазамен сотталғанда не заңды күшіне енген сот шешiмi бойынша мәжбүрлеп емдеуге жiберiлгенде;

      6) жұмыспен қамту орталығына:

      тұрғылықты жерiн ауыстыруды;

      тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

      кәсiпкерлiк қызметпен айналысуды;

      ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншiк нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

      мүгедектiк тобын белгiлеудi немесе оның өзгеруiн;

      зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен алдағы уақытта жұмыс iстеу тәртiбiне ықпал ететiн өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы, бес жұмыс күнi iшiнде ұсынбағанда;

      7) көрінеу жалған немесе қолдан жасалған құжаттар бергенде есептен шығарады.

      45. Жұмыспен қамту орталығы жұмыссыз есептен шығарылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы, ал ауылдық жердің тұрғындарын кент, ауыл және ауылдық округтің әкімі арқылы хабардар етеді.

      Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-1. Егер "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы немесе жұмыспен қамту орталығы осы Қағидалардың 30-8-тармағында көрсетілген кезең өткеннен кейін лайықты жұмыс таңдамаса немесе жұмыс іздеп жүрген адам ұсынылған жұмыстан бас тартса, онда жұмыс іздеп жүрген адам автоматты түрде жұмыссыз ретінде тіркеледі.

      Ескерту. 3-тарау 45-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-2. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы осы Қағидалардың 34-тармағына сәйкес жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпараттың анықтығын тексеруді жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 45-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-3. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына "Еңбек нарығы" ААЖ-ға түседі.

      Ескерту. 3-тарау 45-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-4. Жұмыс іздеп жүрген адамға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелгені немесе бас тартылғаны туралы хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. 3-тарау 45-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-5. Егер жұмыссыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетте" жұмыссыз жұмысынан айырылған жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем алу үшін өтінім мен банк шотының нөмірін толтырады.

      Ескерту. 3-тарау 45-5-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      45-6. Жұмыссызды есептен шығару осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тарау 45-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Халықты ұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халықты жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      46. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының, жұмыспен қамту орталығының және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Әкімшілік рәсімдік процессуалдық кодекстің 91-бабына сәйкес беріледі.

      Ескерту. 46-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      47. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы, оны тіркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

5-тарау. Еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі

1-параграф. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын әзірлеу

      48. Жұмыс берушілерге лайықты маман таңдауға, ал жұмыс іздеп жүрген адамдарға, жұмыссыздарға және өзге де жүгінген адамдарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу үшін еңбек делдалдығы жүзеге асырылады.

      Еңбек делдалдығын жүзеге асыру мақсатында жұмыспен қамту орталығының қызметкері халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ-да осы Қағидаларға 9-қосымшаға сай нысан бойынша жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын жасайды.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      49. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары толтырылғаннан кейін жұмыссыз және жоспарды әзірлеген жұмыспен қамту орталығының қызметкері оған қол қояды. Жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының бір данасы жұмыссызға беріледі.

      50. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз жұмысқа орналастырудың жеке жоспарында белгіленген іс-шараларды орындайды және мерзімдерді сақтайды.

      51. Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз мыналарды:

      1) тұрғылықты жерін ауыстыруды;

      2) тұрақты, уақытша жұмысқа, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмысқа орналасуды;

      3) кәсіпкерлік қызметпен айналысуды;

      4) ұйымдық-құқықтық нысаны мен меншік нысанына қарамастан, ұйымға құрылтайшы (ортақ құрылтайшы) болуды;

      5) мүгедектік тобын белгілеуді немесе оның өзгеруін;

      6) зейнетақы төлемдерін тағайындауды қоса алғанда, жұмыссызбен одан арғы жұмыс тәртібіне ықпал ететін өзгерістер туралы ақпаратты уақтылы, бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығына ұсынады.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері жұмыссыздың жұмысқа орналастырудың жеке жоспарының іс-шараларын орындауына мониторинг жүргізеді.

      52. Жұмыспен қамту орталығы адамды жұмыссыз ретінде тіркегеннен кейін осы тараудың 3-параграфына сәйкес оған лайықты жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді немесе оны жұмысқа орналастырудың жеке жоспарына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жібереді.

      Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-параграф. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына ұсынған бос орындарды тіркеу тәртібі

      53. Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік сайланбалы қызметтердің, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, Қазақстан Республикасы судьяларының, әскери қызметте тұрған адамдардың, арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және оның ведомстволары, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жұмыскерлерінің бос лауазымдарын қоспағанда, жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығына жазбаша түрде немесе "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы бос жұмыс орындарының бар екені туралы ақпаратты еңбек жағдайлары мен ақы төлеу шарттарын көрсетіп, олар пайда болған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жібереді.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      54. Жұмыс беруші бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді жазбаша түрде жіберген кезде жұмыспен қамту орталығының қызметкері оны алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оларды "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркейді.

      "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркеу кезінде жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос орын туралы мынадай ақпаратты: кәсіп (лауазым), еңбек жағдайлары, жұмысқа орналастыру өңірі, ізденушінің біліктілігіне қойылатын талаптар, бос орынды жұмыспен қамту орталығында тіркеу күні, талап етілетін білім деңгейі, кәсіптік деңгей, кәсіпті нақтылау, ізденушіден талап етілетін жұмыс өтілі, жалақы деңгейі, лауазымдық міндеттер, тағылымдаманың болуы және бос орын туралы басқа да қосымша мәліметтерді енгізеді.

      Жұмыспен қамту орталығының қызметкері "Еңбек нарығы" ААЖ-да қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер еркін қол жеткізіле отырып, "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында орналастырылады.

      Ескерту. 54-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      55. Жұмыс берушілер бос орындардың бар екені туралы мәліметтерді "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жолдаған кезде осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген бос орын туралы ақпаратты "жеке кабинеті" арқылы орналастырады.

      Жұмыс беруші "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында қалыптастырған бос орындар туралы мәліметтер автоматты түрде "Еңбек нарығы" ААЖ-да орналастырылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-параграф. Бос орындарға кандидаттар таңдау және оларды жұмыс берушілерге жіберу

      56. Жұмыс берушілер жұмыспен қамту орталығына жазбаша немесе "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы жіберген бос орындарды тіркегеннен кейін жұмыспен қамту орталығы бір жұмыс күні ішінде осы тараудың 2-параграфына сәйкес бос орындарға кандидаттар таңдауды жүргізеді.

      Жұмыспен қамту орталығы бос орындарға кандидаттарды "Еңбек нарығы" ААЖ-да жұмыспен қамту орталығы тіркеген жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздар және "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталында өз бетінше тіркелген адамдар арасынан таңдауды жүргізеді.

      Жұмыспен қамту орталығы "Еңбек нарығы" ААЖ-да тіркелген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және басқа да жүгінген адамдар үшін бос орындарды таңдауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 56-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      57. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері кандидаттың кәсібін (лауазымын), кәсіптік даярлық және біліктілік деңгейін, жұмыс тәжірибесі мен дағдыларын, жалақы деңгейін, жұмыс уақытының режимін ескере отырып, сондай-ақ жұмыс беруші бос орындарды тіркеу кезінде кандидаттар үшін белгілеген басқа да талаптар мен шарттарға сәйкес бос орындарға кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

      58. Жұмыспен қамту орталығының қызметкері бос жұмыс орны пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде лайықты жұмыстың бар екені туралы жұмыс іздеп жүрген адамға және (немесе) жұмыссызға және (немесе) өзге де жүгінген адамдарға:

      1) ол жұмыспен қамту орталығына өзі келген кезде;

      2) "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы "жеке кабинет" -тен;

      3) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы хабарлайды.

      Егер жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз немесе өзге де жүгінген адам ауылдық жерде тұрса, жұмыспен қамту орталығының қызметкері лайықты жұмыстың бар екені туралы оларға АӘК бойынша ассистент арқылы хабарлайды.

      Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      59. Жұмыспен қамту орталығынан лайықты жұмыстың болуы туралы ұсыныстар алған кезде жұмыс іздеп жүрген адам бір жұмыс күні ішінде, жұмыссыз және өзге де жүгінген адам үш жұмыс күні ішінде жеке өзі немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы жұмыспен қамту орталығын ұсынылған лайықты жұмысқа келісетіні немесе одан бас тартатыны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      60. Кандидаттар мәлімделген бос орынға жұмысқа орналасуға келіскен кезде және кандидаттар үшін жұмыс шарттары сәйкес келген кезде жұмыспен қамту орталығының маманы бір жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы іріктелген кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) жұмыс берушіге жібереді. Кандидаттардың деректері (түйіндемелері) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында жұмыс берушінің "Жеке кабинетінде" көрсетіледі. Жұмыспен қамту орталығының маманы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушіге оған жіберілген кандидаттардың деректері (түйіндемесі) туралы хабарлайды.

      Қажет болған жағдайда, жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс берушіге кандидаттардың деректерін (түйіндемесін) қарауды және өзінің шешімі туралы ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы хабарлауды ескертеді.

      Жұмыспен қамту орталығының маманы жұмыс берушіні қызықтырған кандидаттармен әңгімелесу уақыты мен орнын жұмыс берушімен келіседі.

      Жұмыспен қамту орталығының маманы ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы кандидаттарды жұмыс берушімен әңгімелесу өткізу уақыты мен орны туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 60-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      61. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз жұмыспен қамту орталығы әңгімелесуді өткізу уақыты мен орны туралы хабарлаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыс берушіге жүгінуге тиіс.

      62. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастыру үшін жолдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту орталығын жазбаша немесе "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталындағы "жеке кабинеті" арқылы жұмысқа қабылдау немесе жұмысқа қабылдаудан бас тарту туралы хабарлайды.

      Жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау туралы хабарландыруының бес жұмыс күні ішінде болмауы ұсынылған кандидатты жұмысқа орналастырудан бас тарту болып саналады.

      Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      63. Жұмыс беруші кандидатты жұмысқа орналастырғанын растаған жағдайда тиісті бос орын "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталынан және "Еңбек нарығы" ААЖ-дан автоматты түрде жойылады.

      Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64. Жұмыспен қамту орталығы "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталы арқылы ізденушілер үшін резюмесін өз бетінше орналастыру және бос орындарды іздеу және жұмыс берушілер үшін өз бетінше персонал іздеу мүмкіндігі берілетін, сондай-ақ "Электрондық еңбек биржасы" ақпараттық порталын пайдалану мәселелері бойынша халыққа консультация жүзеге асырылатын өзі-өзіне қызмет көрсету аймағының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2021 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-параграф. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 5-тарау 4-параграфпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      64-1. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат жұмыс іздеп жүрген адамның немесе жұмыссыздың "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталындағы "жеке кабинетіне" түседі.

      64-2. "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы жұмыс іздеп жүрген адамға немесе жұмыссызға ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және (немесе) ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы жұмыс берушінің әңгімелесуді белгілегені туралы хабарлама жібереді.

  Қазақстан Республикасы
  Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 259 бұйрығына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.05.2022 № 172 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Мемлекеттік корпорация;
2) "электрондық үкімет" веб-порталы: www.​egov.​kz (бұдан әрі – Портал);
3) көрсетілетін қызметті беруші;
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы (www.​enbek.​kz).

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күні.
Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.
Мемлекеттік корпорацияда, көрсетілетін қызметті берушіде көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
3) Порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға:
1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) көрсетілетін қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжат (бар болса);
4) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса) ұсынады.
Жеке куәлік пен деректер "Еңбек нарығы" ААЖ енгізілгеннен кейін құжаттар көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
2. Портал немесе "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде мәліметтер нысанын толтырады.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтер осы Стандартта белгіленген талаптарға сәйкес келмесе.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.​enbek.​gov.​kz;
2) Мемлекеттік корпорация: www.​gov4c.​kz;
3) Порталда www.​egov.​kz;
4) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында көрсетілген.
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777.
"Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, одан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өтіп, қажетті құжатты таңдау қажет. Цифрлық құжаттар сервисі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді"

  "Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Өтініш

      Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуіңізді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы ақпарат:

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ______________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________;

      Осымен, төменде қол қоя отырып, мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы"

      Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерімді жинауға және өңдеуге

      мыналарға қажет болғаны үшін келісімімді растаймын:

      1) "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсету;

      2) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталында орналастыру

      (www.enbek.kz);

      3) халықты жұмыспен қамту саласындағы көрсетілетін қызметтердің аутсорсингі

      арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, сондай-ақ көрсетілетін қызметтер

      аутсорсингі шеңберінде жеке жұмыспен қамту агенттіктеріне дербес деректерді беру

      арқылы да жүзеге асыру.

      Дәйексіз мәліметтер мен жасанды құжаттарды ұсынғаным үшін жауапкершілік туралы

      ескертілдім.

      Өтініш берушінің байланыс деректері:

      Телефон: ___________________;

      Ұялы: ________________________;

      E-mail: _____________________________;

      20 __ жылғы "___" ____ ___________.

      Өтініш берушінің қолы: __________________

      ---------------------------------------------------------------------------------------------------------------

      (кесу сызығы)

      Азамат (ша) ______________________________________________ өтініші 20__ жылғы

      "___" ________ қабылданды, № ________ болып тіркелді, құжаттарды қабылдаған

      адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы:

      __________________________________________________________

      __________________________________________________________.

      ___________________ ______________

      Күні қолы

  "Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына
2-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу үшін мәліметтер нысаны

      1) Өтініш беруші туралы ақпарат:

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса): ________________________________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ______________________________________;

      Жынысы: _____________________________________________________;

      Ұлты:________________________________________________________ ;

      Азаматтығы:___________________________________________________;

      Туған күні: ______ жыл "___" __________;

      Отбасылық жағдайы: ___________________________________________;

      Тіркелген мекенжайы (ел, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің нөмірі,

      пәтердің нөмірі): ___________________________________________

      ______________________________________________________________;

      Білім деңгейі: __________________________________________________;

      Нысаналы топ: _________________________________________________;

      Жеке басты куәландыратын құжаттың түрі: _________________________;

      Құжаттың сериясы: _______________ Құжаттың нөмірі: ______________;

      Кім берді:___________Берілген күні: ______ жылғы "___" ___________;

      Жарамды: ______ жылғы "___" ____________________ дейін;

      Мобильді телефон: _____________________________________________;

      Байланыс телефоны: ____________________________________________;

      E-mail: _______________________________________________________;

      2) Тіркеу туралы деректер:

      Жұмыспен қамтылмау себебі: ______________________________________;

      Жай-күй санаты: _____________________________________________;

      Есепке тұру мақсаты: _________________________________________;

      Жұмыссыздық басталған күн: ________________________________;

      3) Лайықты жұмыс іздеу үшін қажетті деректер:

      Қалаулы кәсіп: _______________________________________________;

      Лауазым бойынша нақтылау: ____________________________________;

      Қалаулы ең төмен еңбекақы: ____________________________________;

      Қалаулы ең жоғары еңбекақы: __________________________________;

      Жұмыс режимі: ______________________________________________;

      Тұрғылықты мекенжайын ауыстыруға келісім: ___________________;

      4) Білімі туралы деректер:

      Оқу орнының толық атауы: ____________________________________;

      Мамандық атауы: ____________________________________________;

      Оқу орнының түрі: ___________________________________________;

      Білімі бойынша қосымша мәліметтер: ___________________________;

      Оқу орнына түскен жылы: ______ жылғы "___" ___________________;

      Оқу орнын бітірген жылы: ______ жылғы "___" ___________________;

      Мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға келісім: _______________;

      5) Еңбек жолы туралы деректер:

      Кәсібі, лауазымы: ____________________________________________;

      Лауазым бойынша нақтылау: ____________________________________;

      Ұйымның атауы: _____________________________________________;

      Сала: _______________________________________________________;

      Функционалдық міндеттер: ____________________________________;

      Осы кәсіп бойынша жалпы еңбек өтілі (жыл): _________________;

      Жұмыс кезеңі: ____ жылғы "__" ____ бастап __ жылғы "__" _______ дейін;

      Кәсібі бойынша жұмысқа орналасуға келісім: ____________________;

      6) Дағдылар туралы деректер:

      Хоббиі:______________________________________________________;

      Курстар, тренингтер, сертификаттар: ____________________________;

      Арнайы дағдылары: ____________________________________________;

      Жалпы дағдылары: ____________________________________________;

      Тілдерді білуі: _______________________________________________;

      7) Жүргізуші куәлігінің болуы туралы деректер: ___________________;

      8) Қосымша байланыс жасайтын адам (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      телефоны, e-mail адресі): ________________________________;

      9) Қосымша мәліметтер:

      Өтініш берушімен бірге тұратын 18 жасқа дейінгі балалар:

      ____________________________________________________________;

      Соттылығының болуы: ________________________________________;

      Өтініш берушінің мамандығының сұраныста болуы:

      ____________________________________________________________;

      Өтініш беруші ие мамандықтар саны: ___________________________;

      Негізгі мамандығы бойынша жұмыс өтілі: ________________________;

      Жалпы жұмыс өтілі: __________________________________________;

      Соңғы жұмыс орнындағы жұмыс өтілі:

      ___________________________________________________________;

      Ағымдағы жұмыссыздығының ұзақтығы: ________________________;

      Алдыңғы жұмыссыздығының кезеңі (ағымдағы жұмыссыздығына дейінгі):

      ____________________________________________________;

      Кәсіптік оқытудан өту кезеңі (кәсіптік даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін

      арттырудың қысқа мерзімді курстары): ____________________;

      Жұмыс іздеу дағдыларының болуы: ____________________________;

      Компьютерлік дағдылардың болуы: ___________________________;

      Жұмысқа орналасуға мотивация деңгейі: _________________________.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2018 жылғы 19 маусымдағы
№ 259 бұйрығына
1-1 қосымша

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Жұмыссыздарды тіркеу" мемлекеттік қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) Халықты жұмыспен қамту орталығы;
2) "Электрондық үкімет" веб-порталы: www. egov.kz (бұдан әрі – портал);
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

2 (екі) жұмыс күні.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толық автоматтандырылған) / қағаз түрінде.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін.

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.30-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14:30-ға дейін;
2) Халықты жұмыспен қамту орталығында – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін;
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Құжаттар тапсыру талап етілмейді.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Мыналар:
1) он алты жасқа толмаған;
2) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, оның ішінде жұмысты толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында ақы үшiн орындайтын немесе табыс (кіріс) әкелетін, ақы төленетiн өзге де жұмысы бар;
3) "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған;
4) жұмысы мен табысының (кірісінің) жоқ екендігі туралы көрінеу жалған мәліметтерді қамтитын құжаттарды, сондай-ақ басқа да анық емес мәліметтерді ұсынған адамдар;
5) "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға үміткер студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары жұмыссыз ретінде тіркелмейді.

10

Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) www.enbek.gov.kz;
2) www.egov.kz порталда орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген;
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы.
Бірыңғай байланыс орталығы: "1414", 8-800-080-7777.

  Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды, жұмыссыздарды
тіркеу және халықты
жұмыспен қамту орталықтары
көрсететін еңбек делдалдығын
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы

      Сізге ________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      себебін көрсету

      себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________

      Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________

      __________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды, жұмыссыздарды
тіркеу және халықты
жұмыспен қамту орталықтары
көрсететін еңбек делдалдығын
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгені туралы хабарлама

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сіз _____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      13-бабына сәйкес 20___ жылғы "___" ____________ бастап

      _____________________________________________________________________

      халықты жұмыспен қамту орталығының атауы

      жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелдіңіз.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.

      Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________

      __________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды, жұмыссыздарды
тіркеу және халықты
жұмыспен қамту орталықтары
көрсететін еңбек делдалдығын
жүзеге асыру қағидаларына
4-қосымша

Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы хабарлама

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сіз _____________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бор болса)

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      14-бабына сәйкес 20___ жылғы "___" ____________ бастап

      _____________________________________________________________________

      халықты жұмыспен қамту мәсілелері жөніндегі жергілікті органның атауы

      жұмыссыз ретінде тіркелдіңіз.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________.

      Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________

      _____________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


  Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды, жұмыссыздарды
тіркеу және халықты
жұмыспен қамту орталықтары
көрсететін еңбек делдалдығын
жүзеге асыру қағидаларына
5-қосымша
Нысан

Жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту туралы хабарлама

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 5-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес

      ____________________________________________________________________

      көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы

      Сізге ________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _____________________________________________________________________

      себебін көрсету

      себебі бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___" __________

      Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________

      _____________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
халықты жұмыспен қамту
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша

"Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Жұмыспен қамту орталығы

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну жолдары (қол жеткізу арналары)

"электрондық үкімет" веб-порталы

3

Мемлекетті қызметті көрсету мерзімі

1 (бір) күн

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электрондық

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан өндіріп алынатын төлемнің мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларда оларды өндіріп алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін ұсынылады.

7

Жұмыс кестесі

Тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес электрондық нысандағы өтініш.
Порталда мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні көрсетілген өтінімді қабылдау туралы хабарлама көрсетілетін қызметі алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Жұмыссыз ретінде тіркеуде болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беруден бас тартады

10

Мемлекеттік қызметті көрсетудің, оның ішінде электрондық түрде және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәтебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
халықты жұмыспен қамту
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан

      Жұмыспен қамту орталығы

      ________________________

Өтініш

      Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беруді сұраймын.

      Өтініш беруші туралы ақпарат:

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):____________________________;

      Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________; ____ жылғы "___" ______________ ________ (қолы)

      "Жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама беру" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      Дәйексіз мәліметтер мен жалған құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.

      Өтініш берушінің байланыс деректері: телефон ____________________________ E-mail: _______________________; 20___ жылғы "___" ____________;

      Өтініш берушінің қолы: ________________________

      -----------------------------------------------------------------------------------------------

      (қию сызығы)

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса):

      ___________________________________________-___________________,

      өтініштің тіркелген күні: 20____жылғы "___" _______

  Жұмыс іздеп жүрген
адамдарды, жұмыссыздарды
тіркеу және халықты
жұмыспен қамту орталықтары
көрсететін еңбек делдалдығын
жүзеге асыру қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.02.2022 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ________________________________________________________________

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына

      сәйкес 20___ жылғы "___" ____________ бастап ___________________________

      _____________________________________________________________________

      халықты жұмыспен қамту мәсілелері жөніндегі жергілікті органның атауы

      жұмыссыз ретінде тіркелген.

      Берілген күні: 20___ жылғы "___"__________

      Анықтаманың қолданылу мерзімі 20___ жылғы "___" __________ қоса

      алғанға дейін.

      Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы ______________________

      _____________________________________________________________________.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  Жұмыс іздеп жүрген адамдарды,
жұмыссыздарды тіркеу және
халықты жұмыспен қамту
орталықтары көрсететін еңбек
делдалдығын жүзеге асыру
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

      ________________________________________________________________________________

      қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның халықты жұмыспен

      қамту орталығының атауы

ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУДЫҢ ЖЕКЕ ЖОСПАРЫ

      1. ЖҰМЫССЫЗ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

      Жұмыссыз_______________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық

      Жұмыссыз ретінде тіркеу күні______________________________________________________

      Мақсаты________________________________________________________________________

      Білімі __________________________________________________________________________

      Мамандығы (кәсібі)_______________________________________________________________

      2. ІС-ӘРЕКЕТ ЖОСПАРЫ

Іс-шара

Аяқталу күні

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жүргізу
1) кәсіп таңдау және жұмыс орны бойынша консультация беру, кәсіптік бағдарлау тестісінен өту;
2) еңбек нарығының ахуалы, мамандығы бойынша жұмысқа орналасу немесе оқудан өту мүмкіндігі туралы хабардар ету.
Еңбек делдалдығы жөніндегі іс-шаралар
1) жұмыспен қамту орталығының дерекқорда бос жұмыс орындарының (бос орындардың) болуы туралы хабардар етуі;
2) ізденушінің Электрондық еңбек биржасы (www.enbek.kz) арқылы жұмыс іздестіруі;
3) ізденушінің жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері және жұмысқа орналастыру бойынша интернет-алаңдар арқылы жұмыс іздестіруі;
4) жұмыс берушілермен әңгімелесуге бару.
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары
1) кәсіптік оқытуға қатысу (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру);
2) әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс;
3) жастар практикасынан өту;
4) кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу;
5) қоғамдық жұмыстарға қатысу.
Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету
1) жұмыссыздарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу жағдайына берілетін әлеуметтік төлемдер;
2) атаулы әлеуметтік көмек көрсету.
Жұмыс іздестіру дағдыларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар
1) белсенді жұмыс іздестіру, жұмыс берушімен әңгімелесуден өту және т.б. негіздеріне оқыту курстарына бару


      3. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫМЕН ӨЗАРА ІС-ӘРЕКЕТ ГРАФИГІ

1.

[Күні]

[Іс-әрекет]

2.

[Күні]

[Іс-әрекет]

[Күні]

[Іс-әрекет]

      Жұмысқа орналастырудың жеке жоспары 20___жылғы "__"________ дейін қолданылады

      Халықты жұмыспен қамту орталығының маманы

________________________________
(жұмыссыз адамның тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса) _______________________________
(қолы)
Мобильді телефон:
Электрондық пошта (бар болса)
20..… жылғы "…."……………

________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, (бар болса) ________________________________
(қолы)
Байланыс телефоны:
Электрондық пошта:
 
20..… жылғы "…."……………