Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 28 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4148

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  2,  42-баптарының  ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Банк конгломераттарына сақтауға міндетті мынадай пруденциалдық нормативтерді белгілесін:
      жарғылық капиталдың ең аз мөлшерін;
      меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін;
      бір қарыз алушы тәуекелдің ең жоғары мөлшерін.

      2. Осы қаулыда көзделген банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсатында:
      банк конгломератының қатысушылары ретінде банк конгломератының сабақтас ұйымдарын, банк конгломератының сабақтас ұйымының еншілес ұйымдары болып табылатын заңды тұлғаларын, активтері сабақтас ұйымның активтерінің бір процентінен кем құралатын бағалы қағаздар тізілімі жүйесін қалыптастыруды, сақтауды және жүргізуді жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларын, сондай-ақ акциялары (қатысу үлесі) оларды өткізу сәтіне дейін кепіл шартының талаптарына сәйкес сабақтас ұйымның меншігіне өткен заңды тұлғаларды қоспағанда, капиталда қомақты үлесі бар банк конгломератының сабақтас ұйымы және (немесе) оның еншілес ұйымдарын түсінуге болады;
      тәуекелдер деп екінші деңгейдегі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеуді, нормативтік мәнді белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес есептелген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерін түсінуге болады;
      банк конгломератының бір қарыз алушысы деп банк конгломераты қатысушысының тәуекелдері бар немесе болуы мүмкін, олар бойынша үшінші тұлғаның пайдасына борышкер үшін өзіне міндеттеме алған банк конгломераты қатысушылары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде немесе жасалған шарттарында көзделген өзге негіздемелер бойынша әрбір жеке немесе заңды тұлғаны түсінуге болады.

      3. Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу мақсатында қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына сәйкес жасалған банк конгломераты қатысушыларының шоғырландырылмаған қаржылық есебі пайдаланылады.

      4. Банк конгломератының сабақтас ұйымы тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінші күнінен кешіктірмей осы қаулының  1-қосымшасындағы  нысанға сәйкес қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес уәкілетті органға қаржылық есептілікті ұсынбайтын банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса отырып, банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепті ұсынады.
      Банк конгломератына арналған пруденциалдық нормативтердің орындалуы туралы есепке:
      осы қаулының  2-қосымшасына  сәйкес нысан бойынша салымды кредиттік тәуекелдің дәрежесі бойынша мөлшерлеген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттері бойынша мәліметтер;
      оның тұрған еліндегі қызметін реттейтін тиісті мемлекеттің уәкілетті органының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушыларының нормативтік мәндері, пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесі туралы мәліметтер қоса беріледі.
      Өткен жылдың төртінші тоқсанындағы банк конгломератының пруденциалдық нормативтерінің орындалуы туралы есепті уәкілетті органға есеп берілген жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.

      5. Банк конгломератының жарғылық капиталының мөлшері төленген акциялар шегінде (қатысу үлесі) алынған, сатып алынған меншікті акцияны (алынған капиталды) шегергендегі сабақтас ұйымның жарғылық капиталының мөлшерін білдіреді.

      6. Банк конгломератының жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері жүз миллион теңгеден кем болмауы тиіс.

      7. Банк конгломератының меншікті капиталы банк конгломераты қатысушыларының меншікті капиталының нақты мөлшерінің сомасын білдіреді.
      Банк конгломератының меншікті капиталын есептеу мақсатында банк конгломераты қатысушысының жарғылық капиталының инвестициялары банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерінен алып тасталады.
      Банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеттілігіне (меншікті капиталдың жеткіліктілігіне) уәкілетті органның талаптарына сәйкес банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерінен алып тасталынған инвестиция сомасы осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген инвестицияларға енгізілмейді.

      8. Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері банк конгломераты қатысушысының төлем қабілеттілігіне (меншікті капиталдың жеткіліктілігіне) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған шаманы білдіреді. Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшерін есептеу тәртібі оның қызметін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Егер, банк конгломераты қатысушысына қатысты меншікті капиталдың нақты мөлшерін есептеудің ерекше тәртібі белгіленбеген жағдайда, онда меншікті капиталдың нақты мөлшері қаржылық есеп берудің негізінде қатысушысының активтері мен міндеттемелері арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      9. Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері тұрған еліндегі оның қызметін реттейтін тиісінше мемлекеттің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
      Қазақстан Республикасының резиденті емес банк конгломераты қатысушысына қатысты оның тұрған еліндегі меншікті капиталдың нақты мөлшерін есептеудің ерекше тәртібі белгіленбеген жағдайда, онда меншікті капиталдың нақты мөлшері 8-тармақтың екінші абзацына сәйкес айқындалады.

      10. Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті мынадай тәсілмен есептеледі:
      К = МК/А, мұнда:
      К - меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті;
      МК - банк конгломератының меншікті капиталы;
      А - тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген банк конгломераты қатысушыларының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы.
      Банк конгломераты қатысушысының активтері, шартты және ықтимал міндеттемелері екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесін, нормативтік мәнді белгілейтін уәкілетті органның талаптарына сәйкес салымдар (банк үшін - тәуекел дәрежесі бойынша) кредиттік тәуекелінің дәрежесі бойынша мөлшерленеді.
      Тәуекел дәрежесі бойынша активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді мөлшерлеу мақсатында активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелер олар бойынша құрастырылған арнаулы резервтер (провизиялар) сомасына азайтылады.

      11. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценті 0,12 кем болмауы тиіс, банк конгломератының құрамына кіретін банкте банк холдингі болған кезде 0,10 кем болмауы тиіс.

      12. Банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадай формула бойынша айқындалады:
      ЖМ = Т/МК мұнда:
      ЖМ - банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекелдің ең жоғары мөлшері;
      Т - банк конгломератының бір қарыз алушысына тәуекел мөлшері;
      МК - банк конгломератының меншікті капиталы;

      13. Бір қарыз алушыға тәуекел мөлшері екінші деңгейлі банктер үшін пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемесін, нормативтік мәнін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің белгіленген талаптарымен ұқсас есептеледі.

      14. Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері мынадан:
      1) лауазымды тұлға немесе банк конгломераты қатысушысының басшы қызметкері, сондай-ақ олардың жақын туысқандары;
      2) банк конгломераты қатысушысының ірі қатысушысы, сондай-ақ ірі қатысушының - жеке тұлғаның жақын туысқаны, немесе ірі қатысушының бірінші басшысы - заңды тұлғаның жақын туысқандары;
      3) осы тармақтың 1)-2) тармақшаларында көрсетілген тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын тұлғалар не дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие көрсетілген тұлғалар;
      4) банк конгломератының қатысушысы тікелей немесе жанама (заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуы арқылы) бақылайтын заңды тұлға не банк конгломератының қатысушысы дауыс беруші акциялардың (қатысу үлесінің) жиырма бес және одан астам процентіне ие тұлға, осы тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жақын туысқандары болып табылатын тұлғалар бойынша банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен;
      басқа тұлғалар бойынша банк конгломераты меншікті капиталының жиырма бес процентінен аспауы тиіс.

      15. Әрқайсысының мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен асатын бір қарыз алушыға банк конгломераты қатысушысы тәуекелдерінің сомасы банк конгломераты меншікті капиталының мөлшерінен сегіз еседен астам аспауы тиіс.

      16. Қарыз алушыға банк конгломераты қатысушылары талаптарының жалпы көлемі олардың пайда болған күнінде осы қаулымен белгіленген шектеулер шегінде табылған, бірақ банк конгломераты меншікті капиталының деңгейі соңғы үш айдың ішінде бес проценттен аспайтын төмендеуіне байланысты не қарыз алушыға қойылатын талаптар көрінген, соңғы үш айдың ішінде он проценттен аспайтын, шетел валютасына теңгенің орташа алынған биржалық бағамының өсуінен қарыз алушыға банк конгломераты талаптарының өсуіне байланысты соңында көрсетілген шектеулерден асып кеткен жағдайда, бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің нормативі орындалған болып саналады.
      Банк конгломератының сабақтас ұйымы жоғарыда көрсетілген шектен шыққан күннен бастап жеті күндік мерзімде банк конгломератының сабақтас ұйымының шектен шығуды мойындауы мен шектен шыққан күннен бастап алпыс күнтізбелік күннің ішінде оны жою жөніндегі міндеттемелері бар міндеттеме хатты уәкілетті органға береді. Егер осы шектен шығу көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшері нормативінің шектен шығуы көрсетілген шектен шыққан күннен бастап осы нормативті бұзу болып қарастырылады.

      17. Банк конгломератының сабақтас ұйымына осы қаулымен белгіленген пруденциалдық нормативтерді бұзған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес шектеулі ықпал ету шаралары, мәжбүрлі шаралары, сондай-ақ санкциялар қолданылуы мүмкін.

      18. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      19. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк топтарына арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мағыналарын және есептеу әдістемелерін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептерді беру нысандары мен мерзімін белгілеу жөнінде" 2004 жылғы 27 қарашадағы N 325  қаулысының  күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3334 тіркелген, "Заң газеті" N 204-205 (938-939) газетінде, 2005 жылғы 4 қарашада жарияланған).

      20. Стратегия және талдау департаменті (Еденбаев Е.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жiберсiн.

      21. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      22. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                            Басқармасының
                                       2006 жылғы 25 ақпандағы
                                     N 44 қаулысының 1-қосымшасы

                  БАНК КОНГЛОМЕРАТЫНЫҢ ПРУДЕНЦИАЛДЫҚ
               НОРМАТИВТЕРДІ ОРЫНДАҒАНЫ ТУРАЛЫ ЕСЕП
     ____________________________________________________________
              (банк конгломераты сабақтас ұйымының атауы)

Банк конгломераты жарғылық капиталының есебі

Банк конгломератының жарғылық (төленген) капиталы _____________ тең
                                                 (мың теңгемен)

Алынған капитал ________________ тең
                 (мың теңгемен)

Банк конгломератының жарғылық капиталы ________________________ тең
                                             (мың теңгемен)

              Банк конгломераты меншікті капиталының
                жеткіліктілік коэффициентінің есебі

                                                           1-кесте

N

 

Банк конгломераты қатысушыларының атауы

Жиынтығы 

1.

Меншікті капиталдың нақты мөлшері

 

 

2.

Банк конгломераты қатысушыларының жарғылық капиталдағы инвестициялар

 

 

3.

Банк конгломераты қатысушыларының жарғылық капиталдағы инвестицияларды шегере отырып меншікті капиталдың нақты мөлшері

 

 

4.

Банк конгломератының меншікті капиталы

 

5.

Банк конгломератының қатысушылары тәуекел дәрежесі бойынша өлшенген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомасы 

 

6.

Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффициенті

 

      1-кестені толтыру жөніндегі ереже:
      "Банк конгломераты қатысушыларының атауы" атты бағаны олардың
қысқаша атауы көрсетілетін банк конгломераты қатысушыларына тиісті
санына қосалқы бағандарға бөлінеді.

       Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерінің есебі

                                                          2-кесте

Коэффициенттің атауы

Тәуекел мөлшері

Тәуекелдің банк конгломераты меншікті капиталының мөлшеріне қатынасы

Борышкер және банк конгломераты тәуекелінің түрі туралы мәліметтер

 

1

2

3

Банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты емес тұлғаға банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері

 

 

 

Банк конгломератымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаға банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері

 

 

 

Мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он процентінен асатын банк конгломераты тәуекелінің сомасы

 

 

 

Төраға ___________________________________________________________
                            (аты-жөні және қолы) 

                                                            [мөрі]

Бас бухгалтер ____________________________________________________
                            (аты-жөні және қолы)

күні _______

                                     Қазақстан Республикасы Қаржы
                                     нарығын және қаржы ұйымдарын
                                    реттеу мен қадағалау агенттігі
                                            Басқармасының
                                       2006 жылғы 25 ақпандағы
                                     N 44 қаулысының 2-қосымшасы

             Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі
              бойынша өлшенген активтердің кестесі
              ______________________________________________
                 (банк конгломераты қатысушыларының атауы)

N

Екінші деңгейдегі банктерге арналған   пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін, есептеуін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенетін активтер бабының атауы

Тәуекелдің дәрежесі процентпен

Баланс бойынша активтердің сомасы (мың теңгемен)

Салымдардың кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген активтердің сомасы

 

I топ:

 

 

 

1

 

0

 

 

2

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

II топ

 

 

 

1

 

20

 

 

2

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

III топ

 

 

 

1

 

50

 

 

2

 

 

 

 

...

 

75

 

 

...

 

 

 

 

 

IV топ

 

 

 

1

 

100

 

 

2

 

 

 

 

...

 

 

 

 

 

V топ

 

 

 

1

 

100

 

 

2

 

 

 

 

...

 

 

 

 

...

 

150

 

 

...

 

 

 

 

 

Жиынтығы: 

х

 

 

      Кредит тәуекелінің дәрежесі бойынша өлшенген шартты және
ықтимал сомасы ______________
               (мың теңгемен)

      Шартты және ықтималы міндеттемелер екінші деңгейдегі
банктерге арналған пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәнін,
есептеуін белгілейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық
актісінің талаптарына сәйкес салымдардың кредит тәуекелінің
дәрежесі бойынша өлшенеді.