"Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп беруді

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 26 мамырдағы N 106 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 19 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5704 болып енгізілді

      Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4148 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 157 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4403 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 44 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы" 2008 жылғы 2 қазандағы N 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5363 тіркелген), қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен бірге мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
       3-тармақта "қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына" деген сөздер "пруденциалдық реттеу мақсатында банк конгломератының қатысушысы тұрған елдің уәкілетті органы пайдаланатын қаржылық және (немесе) реттеуші есеп берудің стандартына сәйкес" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "11-1. Банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті оның құрамындағы "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдингі акцияларын сатып алған банк немесе орналастырылған акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі банк бар болған кезде 0.10-нан кем болмайды.".
      2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      4. Агенттіктің Төрайым қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                          Е. Бахмутова