Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2011 жылғы 28 ақпандағы № 21 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 11 сәуірде № 6880 тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 27-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Порт капитаны кеме қатынасы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, порттағы қызметті ұйымдастыру мен реттеу мақсатында кемелерді қадағалауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2005 жылғы 8 шілдедегі № 234-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3758 нөмірмен тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 8 қыркүйекте № 164 (898) жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (А. Искакбеков) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне бір апталық мерзімде жіберсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                    Ә. Құсайынов