Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең аз тәуекел санатына жатқызудың ережесін бекіту және кедендік ресімдеудің жеңілдетілген тәртібін қолдану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 240 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 3757. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 21 қыркүйектегі № 474 Бұйрығымен

      Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Кедендік құжаттар бойынша бірыңғай ақпараттық базалардың толықтығын қамтамасыз ету және егжей-тегжейлігін арттыру мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН :

      1. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының "Кедендік құжаттардың электронды көшірмелерінің құрылымын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2309 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 16 тамызда N 331 (138) жарияланған, "Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 1 желтоқсандағы N 537  бұйрығымен енгізілген өзгерістермен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2618 болып тіркелген) 2003 жылғы 22 мамырдағы N 232  бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген жүк кедендік декларацияларының және кедендік құн декларацияларының электронды көшірмелерінің құрылымында:
      *.DCL деректер базасында:
      G021, G081, G091, G141 жиектерінде:
      "ұзындығы" бағанында "8" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын;
      G06, G311 жиектерінде:
      "ұзындығы" бағанында "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      G180, G210, G3160 жиектерінде:
      "ұзындығы" бағанында "3" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      G024B, G084B, G094B, G144B жиектерінде:
      "ұзындығы" бағанында "4" деген сан "2" деген санмен ауыстырылсын және "Құрамы" бағанында "COATO" деген сөз "KATO" деген сөзбен ауыстырылсын;
      *.DBL деректер базасындағы:
      G311 жиегіндегі:
      "ұзындығы" бағанында "5" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      G3160 жиегіндегі:
      "ұзындығы" бағанында "3" деген сан "6" деген санмен ауыстырылсын;
      *.T1, *.T2 деректер базасындағы:
      G091 жиегіндегі:
      "ұзындығы" бағанында "8" деген сан "12" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ақпараттық технологиялар басқармасы (В.И.Пшеничников) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.І.Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасарына (А.Е.Мамбеталин) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаржы вице-министрі -
      Төраға