Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ең aз тәуекел санатына жатқызудың және кедендiк ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн қолданудың ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 29 мамырдағы N 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 5 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2349. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрілігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының 2005 жылғы 29 маусымдағы N 240 (V053757) бұйрығымен (бұйрық оның бірінші ресми жарияланған күнінен он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 23 мамырда Жамбыл облысындағы жер сілкiнiсiнен зардап шеккен елдi мекендердегi қалыпты тiршiлiктi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Эпицентрi Жамбыл облысындағы жер сiлкiнiсiнен туындаған төтенше жағдай өңiрлiк ауқымдағы төтенше жағдай болып жариялансын.

      2. Жамбыл облысының әкiмiне 2003 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен Ведомствоаралық жұмыс тобы ұсынған Iс-шаралар жоспарына сәйкес Жамбыл облысында болған жер сiлкiнiсi салдарларын жою жөнiндегi бiрiншi кезектегi шараларды жүзеге асыру үшiн 500 (бес жүз) миллион теңге бөлiнсiн.
      Жамбыл облысының әкiмi белгіленген тәртiппен жер сiлкiнiсi салдарларын жою бойынша қызметтердi ықтимал көрсетушiнi (көрсетушiлердi) таңдауды бiр көзден сатып алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлiнген бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      Жамбыл облысының әкiмi 2003 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегі агенттігiне орындалған жұмыстардың көлемi мен құны туралы есептi ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясы" жабық акционерлiк қоғамының инвестициялық бағдарламаларына түзету енгізiлетін қаражаты есебiнен Жамбыл облысының Луговая станциясында 1100 оқушыға арналған мектеп салу туралы ұсынысы қабылдансын.

      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Жамбыл облысының зардап шеккен ауданынан 500 баланың "Балдәурен" республикалық балалар сауықтыру лагерiнде және "Оқжетпес" республикалық жастар лагерi" ЖАҚ-тағы жазғы демалысын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгі жер сiлкiнiсiнен зардап шеккен ауданнан балаларды темiр жол көлiгiмен "Бурабай" курортының станциясына дейiн және керi өтеусіз негiзде жеткiзудi ұйымдастырсын.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi Жамбыл облысының әкiмiмен бiрлесiп, жер сiлкiнісінен зардап шеккен елдi мекендерде тұрғын үй мен басқа да объектiлер салуға нақты көмек көрсету мәселесiн пысықтасын.

      6. Ұлттық компанияларға қатысты уәкілетті органдар болып табылатын Қазақстан Республикасының министрлiктерi олармен бiрге жер сiлкінісi салдарларын жоюға көмек көрсету мәселелерiн пысықтасын.

      7. Жамбыл облысының әкiмi:
      1) жаңа оқу жылы басталғанға дейiн бiлiм беру саласына бөлiнген бюджет қаражатының, ал басқа да әлеуметтiк сала объектілерiне - ағымдағы жылғы жылу маусымының басталуына дейiн жеделдете игерiлуiн қамтамасыз етсiн;
      2) Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiмен бiрлесiп он күн мерзiмде жер сiлкiнiсінің келтiрген нұқсанын айқындасын және Ведомствоаралық жұмыс тобына 2003 жылға арналған қалпына келтiру жұмыстарының бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгiзсiн.

      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөнiндегі агенттiгi Ведомствоаралық жұмыс тобымен келiсiлген Жамбыл облысы әкiмiнің өтiнiмi бойынша төтенше жағдайдың зардаптарын жоюға арналған мемлекеттік материалдық резервтен 200 (екi жүз) алты қанатты киiз үй және 6, 10 және 12 орындық палаткалардың қажеттi санын белгiленген тәртiппен шығарсын.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі