Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 781 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 29.10.2018 № 781 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітсін;

      2) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынсын.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының



Президенті


Н.Назарбаев




  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2016 жылғы 1 наурыздағы
  № 205 Жарлығымен
  БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016 – 2019 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2016 жыл
1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)


Әзірлеу үшін негіздеме


"Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы;

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына Жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму" атты Қазақстан халқына Жолдауы;

"100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет" Ұлт жоспары


Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – ҚР БҒМ)


Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері


Бағдарламаның мақсаты


Экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту


Бағдарламаның мақсаттары


мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету;

сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру;

техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау;

экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау;

ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.


Міндеттер


мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру;

демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту;

мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

педагогтер кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру;

орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету;

орта білім берудің мазмұнын жаңарту;

мектеп оқушыларының бойында "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру;

орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі – ТжКБ) жүйесінің беделін арттыру;

ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету;

елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту;

"Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайту;

ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету;

әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту;

ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау;

жоғары оқу орындарында білім алатын (бұдан әрі – ЖОО) жастарды "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру;

жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру;

ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту;

ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту;

ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту;

ғылым менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.


Іске асыру мерзімдері


2016 – 2019 жылдар


Нысаналы индикаторлар




































Қаржыландыру көздері және көлемі


жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі

2017 жылы – 87,5 %, 2019 жылы – 100 %;

"Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – НЗМ) тәжірибесі бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнына өткен мектептердің үлесі 2016 жылы – 100 %, 2019 жылы – 100 %;

үлгерімі "жақсы" және "үздік" оқушылардың үлесі (оқытудың сапасы) 2017 жылы – 62 %, 2019 жылы – 70 %;

мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары бітірушілерінің үлесі 2017 жылы – 92 %, 2019 жылы – 95 %;

мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі 2017 жылы – 85 %, 2019 жылы – 90 %;

QS-WUR рейтингінде белгіленген Қазақстан ЖОО-ларының саны:



топ-200

топ-300

топ-500

топ-701+


2017 ж.

0

2

2

7


2019 ж.

2

2

3

9


ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге жұмсалатын шығындар үлесі 2017 жылы – 21,2 %, 2019 жылы – 22,3 %;

қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі 2017 жылы – 17,5 %, 2019 жылы – 20 %.

Бағдарламаны іске асыру үшін 2016 – 2019 жылдары бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.

Бағдарламаны іске асыруға бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар 1 423,4 млрд. теңгені (РБ – 1153,0 млрд. теңге, ЖБ – 252,4 млрд. теңге) құрайды.


2. Кіріспе

      Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу, IT-технологиялардың қарқынды дамуы және адам ресурстарының ұтқырлығы.

      Осы жағдайда білім және ғылым өзгерістердің алдыңғы қатарында тұруы тиіс. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.

      Қазақстандық білім беру мен ғылым жүйесін жаңғыртудың қазіргі заманғы кезеңі әрбір адамның сапалы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептегі білімге қолжетімділігін, колледж бен университетте жаңа кәсіби дағдыларды алу, зерттеу және шығармашылық құзыреттерін дамыту мүмкіндіктерін көздейді.

      2011 жылы қабылданған "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы алдыңғы қатарлы ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

      Қазақстандық ғылымды экономика мен бизнестің мүддесі үшін дамыту "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.

      2015 жылы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мектептегі білімнің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу, дуальді оқыту, колледждерде алғашқы жұмысшы кәсібін тегін алу, колледждер мен жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан тәуелсіз аккредиттеуге өтуі заңнамамен регламенттеледі.

      Жастардың ерекше мәртебесі және оларды мемлекеттік қолдау жаңа "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген.

      Сол арқылы жаңа білім беру стратегиялары мен ғылыми жетістіктерді іске асыру үшін негіз жасалды.

      Бағдарлама әлемдік жетекші трендтерді ескере отырып, "100 нақты қадам" Ұлт жоспары негізінде әзірленді.

      Бағдарлама педагогикалық және ғылыми қауымдастықта кеңінен талқыланды. Жұмыс берушілердің, бизнес-қауымдастықтардың және халықаралық сарапшылардың ұсыныстары ескерілді.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

      Дүниежүзілік экономикалық форумның (бұдан әрі – ДЭФ) 2015 – 2016 жылғы Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан әлемнің 140 елінің арасында 42-орынды иеленді. Білім және ғылым саласындағы 12 индикатордан білім беру жүйесінің және ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы, мектептердегі интернетке қолжетімділік, зерттеу және білім беру қызметтеріне қолжетімділік бойынша 8 индикатордың мәні жоғарылады.

      ЮНЕСКО елдің мыңжылдықтың даму мақсаттарына қол жеткізудегі прогресін атап өтеді. Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша көшбасшы елдердің ондығына кіреді.

      Білім – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (бұдан әрі – БҰҰДБ) адами даму рейтингінің негізгі үш субъективті факторының бірі. Қазақстан 2015 жылы даму деңгейі жоғары елдердің тобына кіріп, әлемнің 188 елінің арасында 56-орынды иеленді.

      ЮНЕСКО 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудағы Қазақстанның елеулі прогресін "2000 – 2015 жылдар. Баршаға арналған білім: жетістіктер мен сын-тегеуріндер" баяндамасында атап өтті.

      15 жастағы қазақстандық білім алушылардың математика және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бойынша PISA-2012 нәтижелері біршама жақсарды.

      Қазақстандық оқушылар халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда өздерімен қатар шетелдік құрдастарына мықты бәсекелес бола алды. 2015 жылы елдің ұлттық қоржынында 252 алтын, 336 күміс және 579 қола медаль болды.

      Еліміздегі колледж студенттері алғаш рет Бразилиядағы WorldSkills Competition халықаралық чемпионатына қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан әлемнің 55 елінің арасынан 50-орынды иеленді.

      2015 жылы еліміздегі жоғары мектептің білім беру қызметінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі танылды. Тоғыз университет QS-2015 рейтингінде атап өтілді.

      Қазақстан 2013 жылы Жаһандық жастарды дамыту индексінде 170 елдің ішінде 27-орынды иеленді. Халықаралық сарапшылар жастардың жұмысқа орналасуы мен елдің саяси өміріне қатысуының оң үрдісін атап өтуде.

      Қазақстан 2016 жылы Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес және Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияларды ратификациялады. Конвенциялардың барлық ережелері елдің заңнамасында, оның ішінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген. Толық теңдік негізінде әрбір білім алушының қабілеті мен ынтасына қарай барлығына сапалы білім алудың қолжетімділігі қазақстандық білім берудің барлық деңгейлерінде іске асырылады.

      Бұл білім мен ғылымның барлық бастамаларын мемлекеттік деңгейде, жеке сектордың және елдегі азаматтық қоғамдастығының мақсатты қолдауының арқасында мүмкін болды.

      Сонымен қатар, күрделі және серпінді дамып жатқан әлемнің жаңа сын-тегеуріндерінің аясында жоғары сапалы білім беру мен ғылымды қамтамасыз етуді тежейтін факторлар бар.

      2011 – 2015 жылдар кезеңіндегі басым бағыттар заңнамалық базаны дайындау, білім мен ғылымның инфрақұрылымдық дамыту және ресурстық әлеуетін өсіру болды.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

      Баланың дамуындағы осы кезеңнің маңыздылығы білім беру қызметіне одан әрі табысты дайындықтың негізі ретінде жылдан-жылға артып келеді.

      Әлемдегі 40 елдің білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру деңгейі міндетті болып табылады.

      2014 жылы БҰҰДБ Адами даму индексінің "Білім беру" субъективті факторын "Жалпы мектепке дейінгі біліммен қамту" коэффициентімен толықтырды. Бұл мектепке дейінгі білім берудің саяси маңыздылығын айғақтайды.

      ЮНЕСКО елдерге мемлекеттік-жекешелік әріптестікті (бұдан әрі – МЖӘ) дамытуды ұсынады, бұл ретте мемлекеттік қаржыландыру халық аз қоныстанған және шалғайдағы елді мекендерге жұмсалуы қажет.

      Қазақстанда соңғы бес жыл ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дамуы білім беру жүйесін жаңғыртудың басым бағыттарының біріне айналды.

      2010 – 2014 жылдарға арналған "Балапан" бағдарламасын табысты іске асыру мектепке дейінгі ұйымдардың өсуіне ықпал етті. 2013 жылмен салыстырғанда 2015 жылы мектепке дейінгі ұйымдар желісі 965 бірлікке көбейді. 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 8 834 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді (2013 жылы – 7869, 2014 жылы – 8467).

      Бұл секторда МЖӘ белсенді дами бастады. Тек 2013 – 2015 жылдары мемлекеттік білім беру тапсырысы 655 жекеменшік балабақшаға орналастырылды (2013 жылы – 898, 2014 жылы – 1261, 2015 жылы – 1553).

      3 жастан бастап 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 73,4 %-дан (2013 жылы) 81,6 %-ға (2015 жылы) өсті (2014 жылы – 78,6 %).

      Мектепке дейінгі ұйымдар желісінің дамуы педагог кадрлар санының өсуіне ықпал етті. 2013 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру мамандарының саны 13,9 мың адамға көбейіп, 80,8 мың адамды құрады.

      Мектепке дейінгі білім берудің мазмұндық аспектілерін дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖС) жаңартылды. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы әзірленді. Баланы шығармашылық және танымдық дамытуға бағытталған бағдарламаларды сынақтан өткізу еліміздегі 77 балабақша мен 30 пилоттық мектептің базасында басталды. Осылайша, еліміздегі мектепке дейінгі білім беруді дамытуда алға қарай елеулі қадам жасалды. Сонымен қатар, ерекше назар аударуды және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін салалар мен міндеттер бар.

      Проблемалар:

      1) Қазақстандағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың қазіргі желісі және оның инфрақұрылымдық жаңару қарқыны бала туудың өсуіне ілесе алмай келеді. 2015 жылы балабақшаларға кезек 545,4 мың баланы құрады, оның ішінде 3-6 жастағы балалар – 185,6 мың;

      2) Қазақстандағы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ) елдерінің орташа көрсеткіштерінен төмен (республикада – 16 %, ЭЫДҰ – 32 %);

      3) мемлекет мектепке дейінгі дамудың барлық кезеңдерінің ішінде 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға аз көңіл бөліп отыр. Дәл осы тұста балалардың танымдық және зияткерлік дамуының, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды меңгеруінің негізі қаланады. Балаларды ерте жастан дамыту проблемаларын кешенді шешу білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларын үйлестіруді және келісілген іс-әрекетін, сондай-ақ ата-аналар қауымдастығын кеңінен қатыстыруды қажет етеді;

      4) білім беру қажеттілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларды білім беру ортасына қосу өзекті мәселе болып отыр. Оларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған ұйымдардың үлесі бар болғаны 9,1%-ды құрайды. Дефектолог, логопед және психолог білікті мамандарының тапшылығы байқалуда;

      5) балаларды қамтудың сандық көрсеткіші жоғары болғанымен, мектепке дейінгі ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасы әлі күнге дейін жеткіліксіз деңгейде болып отыр. Бұл тәрбиеші кәсібінің әлеуметтік мәртебесінің айтарлықтай беделсіздігінің салдары;

      6) тәрбиешінің ай сайынғы жалақысы (ол орташа алғанда 62,4 мың теңгені құрайды) еліміздегі орташа еңбекақыдан әлдеқайда төмен. ЭЫДҰ елдерімен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардағы топтардың толымдылығы салыстыруға келмейді. Қазақстанда орта есеппен бір педагогке 30-35 баладан, ЭЫДҰ елдерінде – 14 баладан келеді;

      7) мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың жетістігіне мониторинг жүргізудің бірыңғай тәсілі әзірленбеген.

      Аталған проблемалардың өзектілігі әлемдік трендтерді ескере отырып, сәби жастағы барлық балалар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуде үдемелі іс-қимылдың қажеттілігін негіздейді.

Жалпы орта білім

      Қазақстанда мектептегі білім беру жаңа кезеңнің алдында тұр. ДЭФ 21 ғасырдағы табысты адамның білімі мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Бұл – командадағы жұмыс дағдылары, көшбасшылық қасиет, бастамашылық, IT-біліктілік, қаржылық және азаматтық сауаттылық және басқалар. Қазақстан ДЭФ-тің "21 ғасыр дағдыларындағы ауытқуларды зерттеу" рейтингінде мектеп оқушыларының танымдық және эмоциялық зиятының деңгейі төмен елдер тобында тұр. Құзыреттілік және жеке мінездемелер деңгейі базалық дағдылардан едәуір төмен.

      Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі саласы жаңа тәсілдер аясында кеңеюде. Ол – пәнаралық және жобалық қызмет, оқыту мен басқаруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі - АКТ) пайдалану, білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды интеграциялау және ата-аналарды консультациялық сүйемелдеу.

      ЭЫДҰ және оның әріптестерінің 36-сының 27-сінде педагогикалық мамандыққа іріктеудің селективті өлшемшарттары қолданылады. Педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына қабылдау талапкерлердің қабілеттерін және ынталарын бағалау үшін міндетті түрде әңгімелесуді, тест өткізуді қарастырады.

      ЭЫДҰ-ның 32 елінде педагогикалық практика міндетті болып табылады. Практиканың ұзақтығы 70–120 күнді құрайды. ЖОО оқытушылары студенттердің педагогикалық практикасына қатысады. Мектеп менеджменті жас мұғалімдерге қолдау көрсетуге жауапты. ЭЫДҰ-ның 17 елінде негізгі және жоғары мектепте жұмыс істеу үшін магистр дәрежесі талап етіледі.

      Мұғалім мансабының бастапқы кезеңі кәсіпке жіберу үшін талаптарды арттыруды көздейді. ЭЫДҰ-ның 18 елінде лауазымға міндетті енгізу жүргізіледі, 14 елінде мұғалімдердің тағылымдамасы қолданылады. Әлемдік практикада мұғалімнің қоғам дамуына қосатын үлесі негізгі болып саналады. Оқытушылық мансап ретінде қарастырылады. Педагог кадрлардың жұмыстан кетуі 5 %-дан кем.

      Мұғалім кәсібінің мәртебесі мен беделінің жаһандық индексі өсуде. Аустрияда үздік мұғалімдер үшін "Білім берудегі Оскар" бағдарламасы кең таралуда. Германияның Бранденбург жерінде жас мұғалімдердің жұмысқа қабылдануы және тәжірибелі педагогтердің зейнетке шығуы салтанатты түрде аталып өтеді. Швецияда мектеп, университет және кәсіпкерлік ортаның өзара тығыз байланысын қалыптастыруға көңіл бөлінеді.

      Білім беру жүйесінің көшбасшылары мұғалімнің кәсіби даму тәсілдерін жаңғыртады. Педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесі Қазақстанмен салыстыруға келмейді. Олар көлемі, кезеңділігі, қамтылуы, орталықтану деңгейі бойынша ерекшеленеді.

      ЭЫДҰ-ның 20 елінде міндетті біліктілікті арттыру курстары жеке мектеп басымдықтары аясында өткізіледі. Біліктілікті арттыру қызмет бойынша көтерілу және еңбекақыны арттыру үшін қажет. ЭЫДҰ-ның 14 елінде біліктілікті арттыруға жұмсалатын шығындарды мемлекет толық, 8 елінде ішінара өтейді.

      Финляндия мен Сингапур педагогтері жыл сайын біліктіліктерін арттырады. Оңтүстік Кореяда мұғалімдерге қашықтықтан оқытудың және мектепішілік семинарлар мен курстардың әртүрлі нысандары ұсынылады.

      Жапонияда мұғалімдерді қайта даярлау саласы мемлекеттің бақылауына алынған. Финляндияда педагог кадрлардың кәсіби дамуына жұмыс берушілер жауапты болады, Швецияда – нарықтық қатынастар негізінде, мемлекеттің қатысуынсыз жүзеге асырылады.

      Мұғалімнің кәсіби даму форматы әлдеқайда кең. Ол курстарға, семинарлар мен конференцияларға барумен ғана шектелмейді. Тиімді кәсіби даму оқыту мен практиканы қамтиды. Кейінгі қолдау қарастырылған. Қашықтықтан оқыту курстары ЭЫДҰ-ның 21 елінде ұсынылады. Мектеп базасында жұмыстан қол үзбей біліктілікті арттыру қолданылады. Мұғалімдердің ЖОО мен жекеше компаниялар базасында курстық қайта даярлаудан өту мүмкіндіктері бар.

      Мұғалімдер мен мектеп басшыларының стандарттарында кәсіби құзыреттілік сапасының өлшемшарттары бар. Оқыту және мектепті басқару практикасының индикаторлары педагогикалық білім беру бағдарламаларында, жұмыстың жеке нәтижелерін бағалауда қарастырылған.

      Экономикалық дамудың жоғары деңгейіне мектептерді "үздік" және "нашар" деп бөлмейтін елдер қол жеткізуде. Алдыңғы қатарлы әлемдік білім беру жүйелерінің назары мектеп оқушыларының білім жетістіктерін теңестіруге бағытталған. Сингапурда мектеп оқушылары қабілеттерін ерте жастан диагностикалаудың қорытындысы бойынша олар аптасына 4 – 8 рет математикалық сауаттылық бойынша қосымша сабақтарға қатысады.

      Жапонияда ауыл мектептерінің одағы құрылған, сол арқылы мұғалімдер тәжірибе алмасуға және әртүрлі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік алады. Сабақ үлгерімі нашар балаларға үй тапсырмасын орындауда қолдау көрсету бойынша студенттердің волонтерлік қызметі кең тараған.

      Шанхайда ауыл мектептеріне қалалық мектептер қолдау көрсетеді. Гонконгта мигранттардың балалары үшін оқуда қолдау көрсетудің арнайы бағдарламалары әзірленеді. Оқу жылы басталғанға дейін арнайы айлық бағдарлама ұйымдастырылады.

      ЭЫДҰ-ның 15 елінде үлгерімі нашар оқушыларға қолдау көрсету бағдарламалары бар.

      Жаңа талаптарға сай білім беру ортасын құру түйінді мәселе болып табылады. Мектеп инфрақұрылымының мүмкіндіктері барынша пайдаланылады. Ашық ішкі кеңістікті трансформациялау, мобильді қалқа немесе жылжымалы жабдықтар көмегімен оқу алаңдарын аймақтарға бөлу процестері қолданылады. Бұл ұзақ уақыт мектеп ғимаратында болатын балалар үшін түрлі психологиялық әралуандылыққа және көңіл-күйінің өзгеруіне жағдай жасайды.

      2011 – 2015 жылдары Қазақстанда мектепте білім берудегі басымдық инфрақұрылымдық дамуға және жаңартылған білім беруге көшу болды.

      Бес жыл ішінде 521 мектепті пайдалануға беру авариялық мектептер санын 1 %-ға, үш ауысымды мектептерді 1,2 %-ға қысқартуға мүмкіндік берді. 2015 жылы Ұлттық қор есебінен тағы 34 мектептің құрылысы басталды.

      НЗМ тәжірибесін толық көлемде тарату жүзеге асырылуда. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшу үшін база дайындалды. Бастауыш білім берудің МЖС-і қабылданды. Жаңа интеграцияланған білім беру бағдарламасы балалардың білімі мен білігін нақты практикада қолдана білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. 30 пилоттық мектепте жаңартылған оқу бағдарламаларын сынақтан өткізу басталды.

      Еліміздегі педагог кадрларды кәсіби дамытудың жаңа тетіктері енгізілді. Негізгі аспект мұғалімнің зерттеу қызметі болуда.

      НЗМ-нің Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген біліктілікті арттырудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасы бойынша 2012 – 2015 жылдары курстық даярлықтан 52,5 мың педагог өтті. Бес жыл ішінде жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін 2000-нан астам онлайн-сабақ, мұғалімдер үшін 188 онлайн-семинар және 400 шеберлік сыныптары өтті.

      Азаматтық қызметшілерге, оның ішінде білім беру қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жаңа моделі 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосылды. Педагогтерге қосымша ақы және еңбекте жоғары жетістіктері үшін үстемеақы қарастырылған. Бұл мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жақсартуға, кәсіптің тартымдылығын арттыруға және тым жоғары педагогтік жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

      Үш тілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015 – 2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленді.

      Қосымша білім беру және балалардың сабақтан тыс уақыттағы әрекетін ұйымдастыру үшін жағдайлар жасалуда. Мектептен тыс ұйымдарда және мектеп үйірмелерінде балаларды қамту үлесі 60,8 %-ды құрайды.

      Өз елінің тағдыры мен қабылдаған шешімдеріне жауапкершілікті сезінетін жас ұрпақты қалыптастырудың жаңа тәсілдемелері Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасында негізделген.

      Мектептегі білімді табысты аяқтағанын растайтын мектеп түлектері үлесінің өскендігі байқалуда.

      Сонымен бірге 21 ғасырдың жаңа жаһандық талаптарын ескере отырып, барлық балалар үшін сапалы білім беру мәселесі өзекті бола түсуде.

      Жалпы орта білім беру инфрақұрылымы жедел қарқынмен дамуды талап етеді. Елдің географиялық басымдығына байланысты ауылдағы мектептердің саны 3 есе көп.

      Білім беру қызметін барлығы 7 160 мектеп (2013 жылы – 7307, 2014 жылы – 7222) жүргізеді. Ауылдық жерлерде орналасқан мектептердің саны қалалық мектептерден 3,3 есе көп. Бұл ретте қалалық мектептердің оқушылары ауылдық оқушылармен салыстырғанда көп (қала – 1 412 503, ауыл – 1 311 624). Тұтастай алғанда, күндізгі жалпы білім беретін мектептердің контингенті 2,7 млн. адамды құрайды.

      Шағын жинақты мектептер (бұдан әрі – ШЖМ) жалпы орта білім беру ұйымдарының жалпы санының 44 %-ын құрайды.

      ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен. Жаңа модификациядағы оқу кабинеттері жоқ мектептер: 33,7 % мектепте физика, 39 % мектепте химия, 39,3 % мектепте биология, 29,3 % мектепте математика және 49 % мектепте лингафон кабинеттері жоқ. 2015 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) қорытындысы бойынша ШЖМ бітірушілерінің көрсеткіштері республикалық көрсеткіштен 4,45 балға (74,97 балл) төмен.

      Проблемалар:

      1) мектеп инфрақұрылымын дамыту бар қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмайды. Пайдалану мерзімі өткен (1950 – 1970 жылдары салынған), тозығы жеткен мектеп ғимараттары авариялық мектептер қатарына өтеді. Бүгінгі таңда мұндай мектептер саны 69 бірлікті құрайды. Авариялық мектептерде 17,3 мың бала, 86 үш ауысымды мектепте 11,2 мың бала оқиды;

      2) елді мекендерде мектептердің болмауынан 3825 оқушының тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ. Ол тасымалдауды қажет ететін балалардың 12,2 %-ын (31420 адам) құрайды;

      3) білім беру қажеттілігі ерекше мектеп оқушыларын жалпы білім беретін мектептердің білім беру процесіне қосудың маңыздылығы сақталып отыр. Мектептердің 30,7 %-ында ғана тиісті жағдайлар жасалған. Мұндай мүмкіндікке білім беру қажеттілігі ерекше балалардың 27 %-ы ғана ие болды. Арнайы білімі бар педагогтер мен әдістемелік сүйемелдеуге қажеттілік бар;

      4) оқу әдебиеттерін сараптау рәсімінің тиімділігі жеткіліксіз деңгейде. Баспалардан келіп түскен оқулықтардың 88 %-ы қайта өңдеуге жіберіледі. Ғылыми-педагогикалық сараптамадан бірінші реттен оқулықтардың тек 7 %-ы ғана өтеді;

      5) оқытудың инновациялық технологиялары толық көлемде қолданылмайды. Оқушылардың ақпараттық технологияларға қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі. Әлемдік білім беру интернет-ресурстарына мектептердің қол жеткізу көрсеткіштері төмен болып қалуда. Электрондық оқыту жүйесіне тек 1075 мектеп тартылған;

      6) әлеуметтік және эмоциялық дағдыларды қалыптастыру, когнитивтік емес қабілеттерді дамыту қажеттілігі әлі де ерекше маңызды болып табылады. Мектепте білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу STEM-оқыту аясында жүзеге асырылуы тиіс. Пәнаралық және жобалық тәсіл мектеп оқушыларын тану мен дамудың белсенді процесіне ынталандыруға мүмкіндік береді;

      7) ағылшын тілін білетін пән мұғалімдеріне қажеттілік жоғары болып қалуда. Жоғары және бірінші біліктілік санаты бар мектеп педагогтерінің сапалық құрамы 49,8 %-ды ғана құрайды. Мұғалімдердің 0,6 %-ның ғана магистр дәрежесі бар;

      8) біліктілікті арттыру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер қойылуда. Мұғалімнің кәсіби даму бағдарламаларын сапалы жаңарту қажет. Бұл Қазақстан педагогтерінің біліктілігін арттыру жүйесінің кадрлық құрамының жоғары құзыреттерін талап етеді;

      9) ауыл мұғалімдерінің курстармен қамтылуы төмен деңгейде қалып отыр. Ұсынылған курстық дайындықтың форматы жаңа тәсілдемелер әзірлеуді және енгізуді талап етеді;

      10) мектептегі білім сапасы көрсеткіштерінің тежеуші факторы әлі де мұғалім кәсібі мәртебесінің төмендігі болып отыр. Мұғалімінің қоғамдағы беделін көтерудің, жоғары материалдық және рухани ынталандырудың, педагогтік қызметке қабілетті және шығармашыл жастарды тартудың жаңа тәсілдемелері жасалмаған;

      11) мұғалімнің мансаптық және кәсіби өсуінің тетіктері әзірленбеген. Педагогтің кәсіптік стандарты немесе оның кәсіби құзыреттілігін дамытудың тұжырымдамалық моделі енгізілмеген;

      12) мектеп жасындағы балаларға бейресми білім беруді дамытудың жеделдетілген қарқыны талап етіледі. Мектептен тыс ұйымдар, оның ішінде робот құрастыру және техника үйірмелері, IT-алаңдар, жас туристер мен жас натуралистер бірлестіктерінің желілері жеткіліксіз. Қосымша білім беру педагогтерінің тапшылығына байланысты білім беру ұйымдары мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің тәрбиелік әлеуетінің тиімділігі төмен болып қалуда;

      13) бастауыш мектеп түлектерін оқытудың табыстылығын мониторингтеу тетігі әзірленбеген. Негізгі мектепті түлектерін оқу жетістіктерін сырттай бағалау үлгерімі төмен оқушыларды уақтылы анықтауға және қолдауға мүмкіндік бермейді;

      14) бес балдық бағалау жүйесі білім алушылар білімінің нақты деңгейін көрсетпейді. Ол кездесетін қиындықтарды ескере отырып, мектеп оқушыларын оқытудың жеке траекториясын әзірлеуге, оқу бағдарламаларын меңгерудегі проблемаларды жоюға ынталандыруға мүмкіндік бермейді;

      15) қазақстандық мектеп оқушылары PISA-2012 қорытындылары бойынша ЭЫДҰ елдеріндегі құрдастарынан әлі де болса математикадан 1,5 жаратылыстанудан 2 және оқудан 2,5 жылға артта қалып отыр;

      16) жыл сайынғы ҰБТ қорытындылары бойынша үздік және артта қалған мектептердің арасындағы айырмашылық 60 %-ды құрайды. Оқуда төмен нәтижесі бар мектептерді қолдау тетіктері әзірленбеген және енгізілмеген;

      17) бітіру емтихандары мектеп оқушыларының тілдік құзыреттіліктерін өлшемейді. ҰБТ 21 ғасырдағы мектеп оқушыларының тұрақсыз, белгісіз, күрделі және қарама-қайшы әлемде қажетті біліктері мен дағдыларының қалыптасу деңгейін бағалауды көздемейді. ҰБТ құралдары мазмұны жағынан қайта форматтауды қажет етеді;

      18) мектептерде жан басына қаржыландыру тетіктерін енгізу кең таралмады. 4 377 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептің қамқоршылық кеңестері көбінесе ата-аналар комитеттерінің қызметін атқарады. Олардың қаржылық дербестік өкілеттіліктері жоқ.

      Осылайша, мектептегі білім берудің жаңа кезеңінде инфрақұрылымдық шешімдерді, ресурстық және әдіснамалық жаңартуды жылдамдату, "үздік" және "нашар" мектептер арасындағы алшақтықты азайту тетіктерін әзірлеу, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясының қағидаттарын ескере отырып тәрбиелеу жағын күшейту қажет.

Техникалық және кәсіптік білім

      Әлемдік практикада техникалық және кәсіптік білімнің әлеуметтік бағыты айқын. Жетекші елдерде ТжКБ жүйесі жастар мен ересектерді табысты әлеуметтік бейімдеудің факторы болып табылады.

      Германияда әлеуметтік әріптестік Еуропадағы жастар жұмыссыздығы төмендеуінің үздік көрсеткіштерін қамтамасыз етті. Қазақстанмен салыстырғанда оқушыларды дуальді оқытумен қамту 3,5 есе жоғары. Кадрларды даярлау процесіне кәсіпорындарды тарту көрсеткіштері 27,5 есе артып отыр.

      ЭЫДҰ елдерінде ТжКБ білім беру мен жұмыс берушілердің, мүдделі тараптардың ұжымдық жауапкершілігі негізінде дамиды.

      Еуропалық Одақта 2020 жылға дейін ТжКБ-нің басты мақсаттарының бірі дуальді оқытуды ілгерілету болып мәлімделді. Жұмысшы кәсібін алумен қатар жастарға кәсіпкерлік дағдыларды дарыту қамтамасыз етіледі.

      2011 – 2015 жылдары елдегі ТжКБ-ні қайта құрылымдау бойынша едәуір жұмыс жүргізілді. 2012 жылы Қазақстан ТМД елдерінің алғашқысы болып ТжКБ жүйесінің білім беру қызметін қайта форматтады. Бұл кадрларды даярлауға техникалық бағыт беруге мүмкіндік берді. Осылайша ТжКБ біліктіліктерінің сабақтастығы қамтамасыз етілді. Колледж студенттері бір оқу орны шеңберінде бірнеше қолданбалы біліктіліктерді алу мүмкіндігіне ие болды.

      2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 807 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 462-сі мемлекеттік. Оның 20 %-ы ауылдық жерде орналасқан. Барлығы 500 мың студент оқиды. ТжКБ-да 43 112 инженер-педагог қызметкер жұмыс істейді. Кадрлар даярлау 183 мамандық және 465 біліктілік бойынша жүзеге асырылады.

      Индустриялық-инновациялық дамудың басым жобаларын іске асыру үшін 10 базалық колледж айқындалған.

      2015 жылы дуальді оқытудың қағидаттары заңды түрде бекітілген. Еліміздің кәсіпорындарымен әріптестікте білім беру қызметін 348 колледж жүзеге асыруда. Колледждер мен жұмыс берушілердің ынтымақтастығы туралы 27 200 шарт жасалған. Кадрларды нысаналы даярлау шеңберінде 5 мың адам оқиды.

      "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" оқу миграциясы арқылы еңбек ресурстарының өңірлік теңсіздігін реттеу тетігі іске қосылды. Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі 34 колледжде 2200 студент оқиды.

      Білім беру қажеттіліктері ерекше жастардың техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Қабылдау квотасы белгіленген (2012 жылдан бастап мүгедектер үшін квота мөлшері 1 %-ды құрайды.

      ТжКБ білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңартуда жаңа тәсілдер әзірленуде. Қазақстан Турин процесінің қатысушысы болды. Бұл ТжКБ жүйесін дамытудың нақты қадамдарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Бірінші жұмысшы мамандығын тегін алу заңнамалық деңгейде бекітілді. Бұл қадамдық іс-қимылдарды жеделдетіп әзірлеуді талап етеді.

      ТжКБ-ның оқу орындарын халықаралық аккредиттеу заңды түрде бекітілді.

      Қабылданып жатқан қадамдарға қарамастан, Қазақстанда ТжКБ-мен қамту дамыған елдердің көрсеткіштерінен айтарлықтай төмен. Халықтың

      22 %-ы ғана ТжКБ-ны беделді деп санайды. Ал Еуроодақ елдерінде жұмысшы кәсібін алу халықтың 71 %-ы үшін жағымды имиджге ие. Бұл – қамту, жұмысқа орналастыру, еңбекақы мөлшері және халықтың ой-пікірінің көрсеткіштері.

      Қазақстандағы ТжКБ-ға жұмсалатын шығыстар әлемнің дамыған елдерінің көрсеткіштерінен 2,5-3 есеге төмен.

      Проблемалар:

      1) кәсіптік бағдарлау жұмысының тиімді жүйесі жоқ. 2015 жылы ТжКБ-дағы типтік жастағы (14-24 жас) жастардың үлесі 16,1 %-ды ғана құрайды;

      2) ЭЫДҰ сауалнама қорытындылары бойынша Қазақстандағы компаниялардың 70 %-ы кадрлар даярлау деңгейінің төмендігі бизнесті дамытуға айтарлықтай кедергі келтіреді деп санайды. Еліміздің жұмысшы кадрлары компьютерлік жобалау дағдыларын, күрделі дәнекерлеу конструкцияларымен жұмыс істеуді, техникалық ағылшын тілін игермеген. Жыл сайын 30 мың шетелдік жұмыскер, оның 24,9 мыңы (83 %) – өнеркәсіп үшін тартылады;

      3) мамандарды даярлау сапасын растайтын колледждердің көрсеткіштері төмен болып отыр. Олардың 16 %-ы ғана ұлттық аккредиттеуден өткен;

      4) салалық қауымдастықтар базасында ТжКБ студенттерінің біліктілігін тәуелсіз сертификаттау тетіктері әзірленбеген. Түлектердің кәсіби даярлық деңгейінің сертификаттарын бизнес-қоғамдастық мойындамайды. Бұл ретте жұмыс берушілердің бірде-бір кәсіби қауымдастығы осы уақытқа дейін түлектерді өздері тәуелсіз сертификаттауды бастамаған;

      5) инженер-педагог кадрлар мен өндірістік оқыту шеберлерінің тапшылығы байқалады. Жалақы деңгейінің төмендігі оқыту үшін өндірістен тәжірибелі жұмыскерлерді тартуға мүмкіндік бермейді;

      6) ТжКБ жүйесіндегі өндірістік оқыту шеберлері инженер-педагог қызметкерлердің жалпы санынан 13,1 %-ды ғана құрайды. Дамыған елдерде оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері тәжірибелі мамандар болып табылады немесе 3 жылда 1 рет өндірісте тағылымдамадан өтіп тұрады;

      7) колледждердің ескірген материалдық-техникалық базасы кадрларды даярлау сапасы мен ТжКБ жүйесінің тартымдылығын қамтамасыз етпейді. Басқа қалалардан келген білім алушыларға жағдай жасау мәселелері толығымен шешілмеген. Ауылдан келген студенттердің 70 %-ы ғана жатақханаларда орын алу мүмкіндігіне ие.

      Жұмысшы еңбек нарығының дамуы ТжКБ жүйесінің алдына жаңа талаптар қойды. ТжКБ жүйесі әлеуметтік тиімділік үшін, ең алдымен, жалпы адам және қоғам үшін тиімділік аясында басты рөлді ойнауға бағытталған.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Инновациялық экономиканың тиімді көрсеткіші болып жоғары оқу орындары ғылымын дамыту тренді көрсетілген. Университеттер мен бизнес-құрылымдарды интеграциялау күшеюде.

      IMD рейтингінде жоғары білім экономиканың қажеттіліктеріне сай келетін жетекші елдер тобына Швеция, Сингапур, Дания, Канада, Финляндия кіреді. Қазақстан әлемнің 60 елінің ішінде 44-орынды иеленіп отыр.

      Зерттеу ЖОО-ның даму жобалары іске асырылуда. Қытайдың зерттеу университеттеріне салған инвестициясы жоғары білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырды.

      Ұлыбританияда зерттеу университеттеріне көңіл бөлу елдің орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етті. 2010 жылы Ұлыбританияның Russel Group тобына біріктірілген 20 ЖОО 22,3 млрд. көлемінде табыс әкеліп, 243 мың жұмыс орнын қамтамасыз етті. Russel Group университеттерінің ҒЗЖ нәтижелерінің 2/3-інен астамы елдің экономикасына, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салаларына енгізілуде.

      Қазақстанда жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудің басымдығы білім, ғылым және өндірістің үштұғырлылығы болып табылады. Елдің жоғары мектебін институционалдық қайта құру процесі басталды. Бірінші зерттеу университеті – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті құрылды. Мұнда іргелі және қолданбалы ғылыми-білім зерттеулерін орындайтын еліміздің жетекші ғалымдарының пулы қалыптасты.

      Коммерцияландырудың 16 кеңсесі, 3 технопарк және 4 бизнес-инкубатор жұмыс жасауда. "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – Назарбаев Университеті) ғаламдық білім мен ғылыми жаңалықтардың флагманына айналды. ЖОО-ның инженерлік мектептерінде инновациялық білім беру мен ғылыми жобалар табысты іске аса бастады. 2015 жылы Университет шептен өтті. Алғашқы болып 594 жоғары білікті жас маман (446 бакалавр және 148 магистр) бітірді.

      Қазақстанның жоғары мектебін 125 жоғары оқу орны құрайды

      (2013 – 2014 оқу жылы – 132, 2014 – 2015 оқу жылы – 127), оның 9-ы ұлттық, 31-і мемлекеттік, 13-і азаматтық емес, 1-уі дербес білім беру ұйымы, 1-уі халықаралық, 16-сы акционерленген, 54-і жекеменшік.

      2015 – 2016 оқу жылында ЖОО-да білім алушылар контингенті 455 101 адамды құрайды (2013 жылы – 606,1 мың адам, 2014 жылы 506,4 мың адам), оның ішінде бакалавриатта – 425 700 адам, магистратурада – 27 400 адам, докторантурада – 2001 адам.

      Оқытушы-профессор құрамы (бұдан әрі – ОПҚ) саны

      40 844 адамды құрайды (2013 жылы – 41 635, 2014 жылы – 40 320).

      Мамандарды даярлау әлеуметтік тапсырыс ескеріле отырып жүзеге асырылады. 11 жоғары оқу орны Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) жобаларын табысты іске асыру үшін жоғары білікті кадрлар даярлауда база ретінде айқындалды. Кәсіби құзыреттер Дублин дескрипторларына және жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес әзірленген білім беру бағдарламалары шеңберінде қалыптастырылады.

      Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің үш деңгейлі моделінің білім беру бағдарламаларының сабақтастығы қамтамасыз етілді. ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтаудағы академиялық еркіндігі бакалавриатта 55 %-ға, магистратурада 70 %-ға, докторантурада 90 %-ға дейін ұлғайтылды. ЖОО-ның білім беру қызметі нарығында олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал ететін білім беру бағдарламаларының кең спектрін ұсына алады.

      Магистратура гранты санының бакалавриат грантына арақатынасы жоғары оқу орындары контингентінің әлемдік құрылымына (1:5) сәйкес келеді.

      Еуропалық жүйемен салыстырмалы Ұлттық біліктілік жүйесінің негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлайтын 70 кәсіптік стандарт әзірленді.

      Қазақстандық ЖОО-ның әлемнің жетекші университеттерімен білім беру байланысы кеңейтілуде. Халықаралық ғылыми-зерттеу жобалары шетелдік әріптес ЖОО-мен бірлесе отырып іске асырылуда. Елдердің қарым-қатынасы жоғары білім беру біліктілігінің тартымдылығы мен салыстырмалылығын қамтамасыз етеді.

      Жоғары оқу орындарын аккредиттеудің ұлттық моделі енгізілді. 2015 жылы қазақстандық аккредиттеу агенттіктерінде институционалдық аккредиттеуден 72 жоғары оқу орны, ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден 55 жоғары оқу орны өтті. Мемлекеттік аттестаттаудан қоғамдық-кәсіптік аккредиттеуге біртіндеп көшу басталды.

      Студенттер мен ОПҚ академиялық ұтқырлығы дамуда. 2011 – 2015 жылдары әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында қазақстандық жоғары оқу орындарының 4 913 студенті оқудан өтті.

      ЖОО-ның 100 қызметкері Ұлыбритания, Жапония, АҚШ және Сингапур елдерінде тағылымдамадан өте отырып, Назарбаев Университетінің базасында менеджмент саласында курстық даярлаудан өтті. Ғылыми-педагог кадрлары "Болашақ" бағдарламасы бойынша әлемнің 30 елінде кәсіптік құзыреттер деңгейін арттыруда.

      2011 жылмен салыстырғанда ЖОО-дағы ОПҚ мен ғылыми қызметкерлердің жоғары импакт-факторы бар жарияланымдарының саны 2 еседен астам өсті.

      Сонымен қатар, ЖОО-дағы ОПҚ дәрежелілігі әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр және 50,4 %-ды құрайды. Олардың жалпы санының 2 %-ының ғана PhD докторы дәрежесі бар.

      Жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімсіз пайдаланылуда. Ведомствоаралық кедергілер, қаржыландырудың жеткіліксіздігі, жеке сектордың экономикалық ынтасының болмауы білім, ғылым және өндірістің табысты интеграциясына кедергі келтіруде.

      Инновациялық құрылымдарды қолдаудың институционалдық нысандары қажетті деңгейде дамымаған. Ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдердің деңгейінен он еседен астам төмен. Жоғары оқу орындары қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу әзірлемелерінің 0,1 %-ын ғана коммерцияландыруда.

      Мемлекеттің дамуын барлық кезеңде жастар айқындайды. Мемлекеттік статистика деректері бойынша 2015 жылдың басында республика жастарының (14-29 жас) саны 4 511,5 мың адамды немесе халықтың жалпы санынан 25 %-ды құрады.

      Жастардың табысты әлеуметтенуі мен азаматтық белсенділігі мәселелері Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырыстарында қаралады. Өңірлік бағдарламалар арқылы жастардың әлеуметтік проблемалары және жұмыспен қамтылу мәселелері шешіледі. Жастардың бастамалары 213 өңірлік ресурстық орталықта қолдау табады.

      1000-нан аса үкіметтік емес жастар ұйымы жұмыс істеуде. 115 жоғары оқу орнында жастардың өзін-өзі басқару органдары құрылған.

      Футбол және баскетбол бойынша Ұлттық студенттер лигасы құрылды. Бүкіләлемдік Универсиадада 2015 жылы қазақстандық студенттердің құрама командасы 5 алтын және 6 күміс медальді жеңіп алды.

      Республикалық жастар форумы, "Жастар – Отанға!" жастар лагері", Парламенттік пікірсайыстар бойынша республикалық турнирлер және т.б. әлеуметтік жобалар табысты іске асырылуда.

      Проблемалар:

      1) әлеуметтік сауалнамаларға қатысқан қазақстандық жұмыс берушілердің 66,3 %-ы ҒЗТКЖ саласында жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық тәжірибесінің жоқтығын атап көрсетті. Жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау әлі де болса практикалық дағдыларды дамытуға бағытталмаған. Білім беру бағдарламалары жұмыс берушілердің күткен үміттерін қанағаттандырмайды;

      2) жоғары оқу орындарын техникалық мамандықтар бойынша бітірген бітірушілер деңгейінің төмендігі байқалуда. Жоғары оқу орнын бітірген бітірушілердің бірінші жылы жұмысқа орналасу, оның ішінде ауылдық жерлерде жұмысқа орналасу көрсеткіші төмен (71%). Жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) жас мамандарды "Дипломмен ауылға" жобасы шеңберінде тарту жұмыстарын нашар жүргізуде. Ауыл жастарының әртүрлі жобаларға қатысуы төмен деңгейде қалып отыр;

      3) педагог кәсібі беделінің болмауы үлгерімі төмен талапкерлерді қабылдауға әкеледі. Педагогикалық мамандықтарға қабылдауға қойылатын арнайы талаптар жоқ. Педагогикалық мамандықтарды бітірушілер оқу практикасында оқытудың жаңа технологияларын пайдалануға бағдарланбаған. Студенттерді үш тілде оқыту бағдарламаларымен қамту төмен деңгейде болып отыр. Студенттердің де, сондай-ақ оқытушылардың да тілдік құзыретін жоғарылатуға қажеттілік бар. Ағылшын тілінде оқытуды ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету жеткіліксіз дәрежеде әзірленген;

      4) IMD рейтингінде Қазақстан әлемнің 56 елінің ішінде "студенттерді импорттау" көрсеткіші бойынша 44-орынды алады. Шетелдік студенттердің үлесі 2,5 %-ды ғана құрайды, ЭЫДҰ елдерінде олардың үлесі 9-10 %-ға дейін жетеді;

      5) корпоративтік басқарудың қолданыстағы институттарында негізгі шешімдерді қабылдауға әсер ететін нақты өкілеттіктер жоқ. ЖОО-лар студенттері және ата-аналар қоғамдастығы алдында есеп беруі тетіктерін реттемеген;

      6) жоғары оқу орындарының инфрақұрылымы және бос уақытты ұйымдастыруы басқа қаладан келген және шетелдік студенттердің қажеттіліктеріне сәйкес келмейді және ойдағыдай емес;

      7) кедергісіз оқыту ортасы Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында құрылған. Онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар 570 студент білім алады. Заңнама деңгейінде оларды жұмысқа орналастыру тетіктері жасалмаған;

      8) ауыл жастарының әлеуметтік жобаларға қатысуы төмен деңгейде қалып отыр. Қала жастары мен ауыл жастарының арасында бос уақытты өткізу жағдайларында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Волонтерлік қозғалыс толық таралмаған. Жастардың 9 %-ы ғана спортпен айналысады (қалада – 6,7 %, ауылда – 11,8 %).

      Қол жеткізілген нәтижелерді және әлі де бар проблемаларды ескере отырып, Қазақстанның жоғары мектебінің сапалы көрсеткіштерінің өсуі барынша маңызды болып табылады.

Ғылым

      2011 жылы қабылданған "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңы озық ғылыми жетістіктер үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) Қазақстан ғылымының жаңалығына айналды. Негізгі ережелерде экономика және бизнес мүддесі үшін қазақстандық ғылымның дамуына жағдай жасау заңды түрде регламенттеледі.

      Ғылымды басқарудың түбегейлі жаңа моделі құрылды. Ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың мынадай тетіктері айқындалған: базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы. Тәуелсіз сараптаманы Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы жүргізеді.

      Бес ұлттық ғылыми кеңес (бұдан әрі – ҰҒК) алқалы шешім қабылдау органы болып табылады.

      2015 жылы қазақстандық ғылым мен Дүниежүзілік банктің "Технологияларды коммерцияландыру" жобасы сәтті аяқталды. 65 ғылыми жоба іске асырылды. 6 лицензиялық келісім жасалды.

      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды 392 ғылыми ұйым, оның ішінде 245 ғылыми зерттеу институттары (бұдан әрі – ҒЗИ) орындайды. Онда 25 мыңнан астам ғылыми қызметкер жұмыс істейді.

      Еліміздің ғалымдары әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізе алады. Ең ірі Thomson Reuters, Springer, Elsevier шетелдік компанияларымен және баспаларымен лицензияларға және келісімдерге қол қойылған.

      Халықаралық рейтингтік басылымдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділігінің едәуір өскендігі байқалады. 2015 жылы әлемнің жетекші рейтингтік журналдарындағы жарияланымдардың саны 1995, оның ішінде Scopus (Elsevier) – 976, Web of Core Collection (Thomson Reuters) – 327 және бір уақытта екі базада – 692 жарияланым.

      Ғылымның кадрлық әлеуеті нығайып келеді. Ғылымда қазақстандық жастардың саны өскені байқалады. 35 жасқа дейінгі ғалымдардың үлесі

      1,5 есеге артты. Ғалымдар үшін ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлық, ҚР БҒМ-нің 6 атаулы сыйлығы, мемлекеттік ғылыми стипендиялар (50 жас және 25 көрнекті ғалым үшін) елеулі ынталандыру болды.

      Проблемалар:

      1) ғылым мен білім беру арасында алшақтық сақталып отыр. Ғылыми нәтижелер білім беру саласына шоғырланбайды;

      2) ғылыми-зерттеу инфрақұрылымының материалдық-техникалық жарақталуы төмен күйінде қалуда;

      3) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландырудың басымдықтары көбінесе индустрияның қатысуынсыз қалыптастырылады;

      4) ғылыми кәсіпкерлік нашар дамыған. Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бизнес үшін сұранысқа ие болмай отыр және кәсіпорындар өндірістік процестерде қолданбайды;

      5) іргелі білімдерден оларды практикалық іске асыруға көшу нашар қамтамасыз етілген. Бұл қоғам мен экономика көзқарасы тұрғысынан ғылыми еңбек нәтижелерінің құндылығын барынша төмендетеді;

      6) халықаралық ғылыми жобаларды әкімшілендіруді және бақылауды жүзеге асыратын бірыңғай оператор жоқ;

      7) тәуелсіз сараптамаға тартылатын ғылыми қызметкерлердің ұлттық кәсіби қоғамдастықтары дамымаған;

      8) Қазақстан дамыған елдерден ҒЗТКЖ нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша айтарлықтай артта қалып отыр. 5 жыл ішінде тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелер шығындары 3 есе артты, алайда ЭЫДҰ елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен;

      9) Қазақстанда зияткерлік меншік құқықтарын сату Ресей мен Сингапурға қарағанда әлдеқайда төмен. Зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалатын ішкі шығындар ЭЫДҰ елдеріне қарағанда 14 есе төмен;

      10) экономиканың инновациялық дамуы ғылымның сапалық көрсеткіштерінің өсуін көздейді. Бұл ЖОО-ның ғылыми-зерттеу қызметінің жедел дамуы, ғылымның экономикаға нақты үлесі, бизнеспен кооперация және халықаралық ғылыми қоғамдастықпен интеграция;

      11) ғылыми зерттеулерді іске асыру мониторингінің жүйесі жоқ;

      12) Қазақстанның білім және ғылым саласында икемсіз мемлекеттік бақылау жүйесі жұмыс істейді;

      13) мемлекеттік бақылау рәсімдері бюрократтандырылған (15 НҚА-ның 551 параметріне міндетті түрде сәйкес болу);

      14) бақылау іс-шараларының жүйелендірілген ақпараттық деректер базасы жоқ. Бұл білім беру ұйымдары қызметінің мониторингі мен талдауын шектейді;

      15) білім беру ұйымдарын іштей және сырттай бағалаудың арасында айтарлықтай алшақтық бар. Өзін-өзі бағалау бойынша 100 %-ы өздерінің қызметтерін қанағаттанарлық деп санайды. Бұл ретте балабақшаның 58 %-ы, мектептің 59 %-ы, колледждің 11 %-ы, ЖОО-ның 46 %-ы мемлекеттік аттестаттаудан өтеді;

      16) ҒЗЖ нәтижелерінің сапасын, тиімділігі мен мониторингін бағалаудың бірыңғай әдістемесі жоқ.

      Білім беру саласындағы жаңа міндеттер бақылау және бағалау жүйесін жетілдіруді, оның ішінде Ofsted үздік тәжірибесін зерделеуді және енгізуді талап етеді.

      Осылайша, білім мен ғылым саласында іске асырылған қадамдық іс-қимылдарды талдау мыналарды айқындайды:

      1. Күшті жақтары:

      1) білім мен ғылымның, мемлекеттік жастар саясатының заңнамалық базасының жаңартылуы;

      2) инфрақұрылымдық шешімдердің жеделдетілген қарқыны;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуы;

      4) НЗМ мен Назарбаев Университеті тәжірибесінің таратылуы;

      5) білім сапасының халықаралық рейтингтердегі орнының жақсаруы;

      6) педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қайта құрылымдалуы;

      7) ТжКБ жүйесінде дуальді оқыту элементтерінің енгізілуі;

      8) ЖОО-лардың академиялық еркіндігінің кеңейтілуі;

      9) инновациялық жобаларда ЖОО ғылымының көбеюі;

      10) ОПҚ мен ғалымдардың жариялау белсенділігінің өсуі;

      11) Назарбаев Университетінің және Инновациялық технологиялар паркінің базасында зияткерлік кластерлердің дамытылуы.

      2. Әлсіз жақтары:

      1) педагог пен ғалым мәртебесінің төмендігі;

      2) жоғары арнайы мектепке дейінгі білімі бар педагогтердің тапшылығы;

      3) ағылшын тілінде жаратылыстану-математикалық циклі (бұдан әрі -ЖМЦ) пәндерін оқытатын мұғалімдер үлесінің төмендігі;

      4) үш ауысымды және авариялық мектептердің болуы;

      5) оқушылардың қосымша білім берумен жеткіліксіз қамтылуы;

      6) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейінің төмендігі;

      7) мектептерді ақпараттандыру деңгейінің төмендігі;

      8) ҰБТ-ның жетілдірілмеуі;

      9) мектептердің нәтижелерін теңестіру тетіктерінің жоқтығы;

      10) мектептердегі кәсіби бағдарланған жұмыстың жеткіліксіздігі;

      11) ТжКБ беделінің төмендігі;

      12) жұмыс берушілердің кәсіптік даярлық деңгейді бағалауының заңнамалық нормаларының жоқтығы;

      13) өндірісте жұмыс тәжірибесі бар инженер-педагог кадрлардың тапшылығы;

      14) ТжКБ жүйесінің сапасын растау тетіктерінің жоқтығы;

      15) инклюзивті білімнің жеткіліксіз дамуы;

      16) педагог кадрларды даярлау сапасының жеткіліксіздігі;

      17) коммерцияландыруға мамандандырылған кадрлардың тапшылығы;

      18) ЖОО инновациялық құрылымдарының өңірлік сәйкессіздігі;

      19) төмен патенттік белсенділік пен ЖОО-дағы ОПҚ-ның жоғары жариялау белсенділігінің арасындағы теңгерімсіздік;

      20) шетелдік азаматтар үшін жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің тартымсыздығы;

      21) білім мен ғылымдағы менеджмент деңгейінің жоғары еместігі;

      22) білім беру бағдарламаларының мазмұнын әзірлеуге жұмыс берушілердің қатысу деңгейінің төмендігі;

      23) білім мен ғылым ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

      24) білім мен ғылым саласындағы бақылаудың бюрократталған және икемсіз жүйесі.

      3. Мүмкіндіктер:

      мемлекет үшін:

      1) қазақстандық білім мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

      2) адами капиталдың сапасын арттыру;

      3) балалардың өмір сүру сапасының әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету;

      4) халықаралық ұйымдар мен жұмыс берушілер тарапынан білім мен ғылымды инвестициялық қолдау;

      5) білім мен ғылым саласындағы басқарудың жаңа тиімді әдістері;

      6) білім беру және ғылым саласының қолжетімділігі, тартымдылығы, сапасы және ашықтығы;

      7) халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерді жақсарту;

      8) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

      9) әзірленген инновациялық жобаларды өндіріске енгізу.

      4. Қауіп-қатер:

      1) қаржыландыру деңгейінің төмендігі;

      2) педагог еңбегін ынталандырудың төмендігі;

      3) ғалымдар үшін шетелде жұмыс істеу жағдайларының барынша тартымды болуы;

      4) педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі;

      5) білім беру объектілерін пайдалануға енгізу мерзімдерінің бұзылуы;

      6) Бағдарламаны іске асыру барысында бірлесіп орындаушылардың үйлесімсіздігі.

      Бағдарлама шеңберінде жоспарланған шаралар жүйенің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны ЭЫДҰ елдерінің үздік тәжірибесіне жақындату перспективасымен білім және ғылым жүйесін одан әрі жаңғырту үшін аталған проблемаларды шешуге ықпал ететін болады.

4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және нәтижелерінің көрсеткіштері

      Басты мақсаты: білім беру мен ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономиканың орнықты өсуі үшін адами капиталды дамыту.

      4.1. Бағдарламалық мақсат: мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету

      Нысаналы индикатор:

Р/с №


Индикатор


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту


1


Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


-


87,5


100


ЖАО



      Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру

Р/с


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша жоғары және техникалық-кәсіптік білімі бар мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


34,8


40


50


ЖАО, ҚР БҒМ



      2. Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту

Р/с №


Көрсеткіш


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1.


2014 жылғы жалпы қажеттіліктен мектепке дейінгі ұйымдардағы орынға қажеттілікті қысқарту (194,6 мың орын)


орын


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


145,2


55,9


0


ЖАО, ҚР БҒМ


2.


Мектепке дейінгі ұйымдардың типтері мен түрлерінің жалпы санынан толық күн болатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


73,1


79,5


85,0


ЖАО, ҚР БҒМ


3.


Шағын орталықтардың жалпы санынан жарты күн болатын шағын орталықтардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


51,8


40


29,9


ЖАО, ҚР БҒМ


4.


Ұсынылған орындардың жалпы санынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


19,5


28,2


35


ЖАО


5.


Ерекше білім беру қажеттіліктері ерекше балаларды тәрбиелеу және оқыту үшін жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


9,1


15


30


ЖАО, ҚР БҒМ



      3. Балаларды мектепте сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын жаңарту

Р/с


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Мектепке дейінгі жастағы балалардың дағдысы мен машығының даму индикаторларына сәйкес машығы мен дағдысының деңгейі жоғары және орта 5-6 жастағы балалардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


-


60


80


ЖАО, ҚР БҒМ



      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Аттестаттауға жататын мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы санынан аттестаттаудан өткен мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі


%


ҚР БҒМ БҒСБК-нің ресми деректері


83


85


87


ҚР БҒМ


2


Мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі


%


"Өрлеу" АҚ-ның есептік ақпараты


50


75


100


ҚР БҒМ, ЖАО



      4.2. Бағдарламалық мақсат: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.

      Нысаналы индикатор:

Р/с №


Индикатор


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


Орта білім


1


НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1–сынып; 2017 жылы - 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы - 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы – 4, 9, 11, 12-сыныптар)


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


-


100


100


ЖАО


2


Үлгерімі "жақсы" және "үздік" (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі





ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


58


62


70


ЖАО



      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1. Педагог кәсібінің беделін арттыру және олардың сапалық құрамын арттыру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Педагогтердің жалпы санынан жас педагогтердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


2,7


3,0


3,5


ЖАО


2


Педагогтердің жалпы санынан бірінші және жоғары санаты бар педагогтердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


49,8


52


54


ЖАО



      2. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Мектептердің жалпы санынан авариялық мектептердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


1


0


-


ЖАО, ҚР БҒМ


2


Үш ауысымда сабақ өткізетін мектептердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


1,2


0


-


ЖАО, ҚР БҒМ


3


Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


30


55


70


ЖАО, ҚР БҒМ



      3. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Жаңартылған білім беру мазмұнымен қамтылған балалардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


-


36,4


100


ЖАО


2


Қазақстандық оқушылардың халықаралық және ұлттық зерттеулердегі нәтижелері


балл


ЭЫДҰ-ның ресми деректері


-


PIRLS-2016: 4-сынып: оқу – 400 PISA-2015: математика – 440, жаратылыстану – 430, оқу – 400;


PISA-2018: математика – 450, жаратылыстану – 440 оқу – 410; ICILS-2018: 8-сынып оқушыларыныңкомпьютерлік және ақпараттық сауаттылығы - 350


ҚР БҒМ






балл


ҚР БҒМ БҒСБК-нің ресми деректері


ОЖСБ 9-сынып – 37,4 балл


ОЖСБ 4-сынып – кемінде 20 балл, 9-сынып – кемінде 55 балл


ОЖСБ 4-сынып – кемінде 25 балл, 9-сынып – кемінде 60 балл


ҚР БҒМ


3


Білім беру процесінде АКТ-ны қолданатын мектептердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


15


50


90


ЖАО



      4. Мектеп оқушыларының бойында "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Қосымша білім берумен қамтылған оқушылардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


61


68


70


ЖАО


2


Жалпы білім беретін мектептердегі спорттық секциялармен, оның ішінде республикалық балалар-жасөспірімдер спорттық жарыстарымен (оқушылар Спартакиадасы және т. б.) қамтылған білім алушылардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


27,3


28


29


ЖАО, ҚР БҒМ


3


Балалар мен жасөспірімдер қозғалыстарымен, оның ішінде "Жас ұлан", "Жас қыран" қозғалыстарымен қамтылған оқушылардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


40


48


55


ЖАО, ҚР БҒМ, ҚР МСМ



      5. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Қамқоршылық кеңестер құрған мектептердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


61,1


62


65


ЖАО


2


Орта білім беру ұйымдарының басшыларына арналған менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының жаңартылған білім беру бағдарламаларының үлесі


%


"Өрлеу" АҚ-ның есептік ақпараты


60


80


100


ҚР БҒМ, ЖАО



      4.3. Бағдарламалық мақсат: техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау

      Нысаналы индикатор:

Р/с №


Индикатор


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


Техникалық және кәсіптік білім


1


Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


89,6


92


95


ҚР БҒМ



      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1. ТжКБ жүйесінің беделін арттыру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Типтік жастағы (14-24) жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту


%


Жалпы мемлекеттік білім беру статистикасы (2-НК нысаны)


16,1


17


18


ЖАО, ҚР БҒМ



      2. ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Мемлекеттік колледждердің заманауи оқыту жабдығымен жарақтандырылған оқу-өндірістік шеберханаларының, зертханаларының және арнайы пәндер кабинеттерінің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


40,7


41,6


50


ЖАО


2


Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


15


25


40


ЖАО


3


Аккредиттеу рәсімінен өткен мемлекеттік колледждердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


2


7


60


ЖАО



      3. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіші


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


-


-


58


ҚР БҒМ, "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ (келісім бойынша), ҚР ДСӘДМ


2


Технологиялық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


60,1


70,0


80,1


ЖАО, ҚР БҒМ, ҰКП (келісім бойынша)



      4. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіші


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, жастар ісі жөніндегі комитеттер қызметіне қатысу және т.б.) тартылған ТжКБ ұйымдарында оқитын студенттердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


30


40


60


ЖАО


2


Спорттық секциялармен қамтылған ТжКБ студенттерінің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


40


60


70


ЖАО



      5. ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


"Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ тәжірибесін енгізген мемлекеттік колледждердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


-


9,2


12,7


ЖАО, "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ (келісім бойынша)



      4.4. Бағдарламалық мақсат: экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету; білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау.

      Нысаналы индикаторлар:

Р/с


Индикатор


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім


1


Мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


83


85


90


ҚР БҒМ, ҚР ДСӘДМ, ҚР АШМ, ҚР МСМ, ЖОО, ЖАО


2


QS-WUR рейтингінде атап өтілген Қазақстан ЖОО-ларының саны

топ-200

топ-300

топ-500

топ-701+


бірл.


QS-WUR ресми ақпараты








0

1

1

7








0

2

2

7








2

2

3

9


ҚР БҒМ, ҚР ДСӘДМ, ҚР АШМ, БПАҰО, ЖОО



      Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенеді:

      1. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1.


Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың арақатынасы:

магистратура және докторантура;

бакалавриат


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері













28

72













29

71













30

70


ҚР БҒМ


2.


Жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің, оның ішінде коммерциялық негізде оқитын студенттердің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


2,5


3


5


ҚР БҒМ, ҚР ДСӘДМ, ҚР АШМ, ҚР МСМ, ЖОО


3.


Білім беру қажеттіліктері ерекше студенттерді оқыту үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ЖОО-лардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


12


25


100


ҚР БҒМ, ЖОО



      2. Әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Салалық шеңберлер мен кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


17


25


45


ЖОО, ҚР БҒМ, ҚР АШМ, ҚР ДСӘДМ, ҚР МСМ


2


Жаңа білім беру бағдарламаларының, оның ішінде шетелдік сарапшылармен бірлесіп ИИДМБ шеңберінде әзірленген білім беру бағдарламаларының саны


бірл.


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


24


48


72


ҚР БҒМ, ҚР ИДМ, ЖОО


3


Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде халықаралық аккредиттеуден өткен мемлекеттік ЖОО білім беру бағдарламаларының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


30


40


50


ҚР БҒМ, ЖОО



      3. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


ИИДМБ жоғары оқу орындарының жалпы табысындағы инновациялық және ғылыми қызметтің табыс үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


8


10


15


ЖОО, ҚР БҒМ, ҚР АШМ


2


Коммерцияландыру офистерін, технопарктер, бизнес-инкубаторлар құрған азаматтық жоғары оқу орындарының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


13


15


30


ЖОО, ҚР БҒМ



      4. ЖОО-ларда білім алатын жастарды "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Қоғамдық пайдалы қызметке тартылған ЖОО студенттерінің үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


17


25


45


ЖОО


2


Ұлттық студенттер лигасына қатысатын ЖОО-лар үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


22,5


45


72


ЖОО



      5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


ЖОО-лардың жалпы санындағы корпоративтік басқару органдары (байқау кеңестері, қамқоршылық кеңестер және директорлар кеңесі) жұмыс істейтін ЖОО-лардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


72


80


95


ҚР БҒМ, ЖОО


2


Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін азаматтық ЖОО-лардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің әкімшілік деректері


22


36


50


ЖОО, ҚР БҒМ



      4.5. Бағдарламалық мақсат: ел экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.

      Мақсатты индикаторлар:

Р/с №


Индикатор


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


Ғылым


1


ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлемінде тәжірибелік- конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


19,1


21,2


22,3


ҚР БҒМ


2


Қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобалардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


16,7


17,5


20


ҚР БҒМ



      Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:

      1. Ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


ҒЗТКЖ-ға жұмсалатын шығындардың жалпы көлеміндегі бизнес шығыстарының үлесі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


21,8


23


25


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, ҚР БҒМ


2


2014 жылы ұлттық патенттердің жалпы санындағы ұлттық патенттердің өсімі (1574 бірлік)


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


0


5


10


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, ҚР БҒМ



      2. Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Зерттеушілердің 2014 жылғы жалпы (18 930 адам) санынан зерттеушілер санының өсуі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


3,4


10,2


18


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, ҚР БҒМ


2


Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы (2784 бірлік) санынан халықаралық журналдардағы жариялымдар санының өсуі (Thomson Reuters деректері бойынша)


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


0


12


20


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, ҚР БҒМ


3


Жарияланымдардың 2014 жылғы жалпы санынан Web of Science Core Collection (Thomson Reuters) базасындағы жарияланымдардан дәйексөз келтіру деңгейі (1245 бірлік)


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


25


35


50


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, БҒМ



      3. Ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Жоғары білім беру ұйымдарындағы және ҒЗИ-лардағы енгізу бөлімшелерінің саны


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


43


76


109


ҚР БҒМ, ЖОО, ҒЗИ


2


Мемлекеттік жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-лардың ғылыми жабдықтарының жаңару коэффициенті


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


10


12


15


ҚР БҒМ, ЖОО, ҒЗИ



      4. Ғылым менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

Р/с №


Нәтижелер көрсеткіштері


Өлш. бірл.


Ақпарат көзі


2015 (нақты)


2017


2019


Жауапты орындаушылар


1


Қолданбалы зерттеулердің (жобалар) жалпы санындағы жоғары және орташа тиімді жобалардың үлесі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


59,9


69,9


75


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, ҚР БҒМ, ҚР АШМ, ҚР ДСӘДМ


2


Ғылыми ұйымдардың және ғалымдардың ғылыми-техникалық қызметін рейтингтік бағалауға сәйкес ғылыми ұйымдар қызметі тиімділігінің өсуі


%


ҚР БҒМ-нің есептік ақпараты


5


7


10


Ғылыми ұйымдар, ЖОО, БҒМ


5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар

      Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

      Орта білім

      Техникалық және кәсіптік білім

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Ғылым

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

      Мақсаты: Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикатор: Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі

      Міндеттер:

      1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін көтеру

      2020 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдардағы мамандандырылған жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесін 50 %-ға дейін арттыру жоспарлануда.

      Бұл көрсеткішке жету үшін "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" мамандығы бойынша ЖОО-лар мен колледждерде педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаятын болады (2015 жылы колледждерге 1 805 грант, ЖОО-ларға 295 грант бөлінді, 2019 жылы колледждерге 2 200 грантқа, ЖОО-ларға 350 грантқа дейін бөлінеді).

      Сондай-ақ 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі үшін педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға көшу жоспарлануда.

      Жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы 7000-ға жуық педагог бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері жыл сайын бюджеттен тыс қаражат есебінен біліктіліктерін арттырады.

      2. Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту

      Мектепке дейінгі ұйымдар демографиялық жағдайды ескере отырып, халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған сандық, сондай-ақ сапалық жағынан да дамиды.

      2020 жылға қарай 186,3 мың жаңа орын (2016 жылы – 47,4 мың;

      2017 жылы – 41,9 мың; 2018 жылы – 44,6 мың; 2019 жылы – 52,4 мың) ашылады, бұл балаларды, оның ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.

      Бұл орындар жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктері есебінен жұмыс күні қысқа шағын орталықтарды біртіндеп толық жұмыс күніне ауыстыру арқылы жұмыс күні толық мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту есебінен қамтамасыз етіледі.

      МЖӘ-нің артықшылығы туралы белсенді және мақсатқа бағытталған жұмыс пен мемлекеттік тапсырысты орналастыру жекеше мектепке дейінгі ұйымдар желісінің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді.

      Тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында орналасатын, оның ішінде МЖӘ есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды салу және пайдалану бойынша жаңа үлгілік жобалар дамиды.

      Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 135 бірліктен 263 бірлікке өседі.

      3. Балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту

      2016 жылдан бастап 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды ерте жастан дамытуды ескере отырып әзірленген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған МЖС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы енгізілетін болады.

      2017 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылатын көптілді білім беру бағдарламасының элементтері кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

      2017 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың білігі мен дағдысының дамуын қадағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленеді және енгізіледі.

      Диагностика оқу жылының басында, ортасында және соңында (бастапқы, аралық және қорытынды бақылау) жүргізіледі, нәтижелері "Бақылау парағына" толтырылатын болады. Алынған деректер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылады.

      Оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі – ОӘК), оның ішінде білім беру қажеттіліктері ерекше балалар үшін кемістіктердің 8 түрі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және енгізу жұмыстары жалғастырылады.

      2019 – 2020 оқу жылынан бастап 6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы 12 жылдық мектептің 1-сыныбына ауыстырылады.

      2017 жылдан бастап бюджеттен тыс қаражат есебінен "Отбасы.kz" порталы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды күту мен дамыту бойынша ата-аналарды қашықтан оқыту тетігі сынақтан өткізіледі және енгізіледі (жыл сайын әр өңірде мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-6 жастағы балалардың ата-анасы кемінде 2 мың).

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

      Мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне бақылауды күшейтуге және мектепке дейінгі білім беру саласы субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметті бастау және тоқтату туралы хабарлама тәртібі одан әрі жетілдіріледі.

      Жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдардың 20 %-ы ұсынылатын білім беру қызметтерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтеді.

      Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес білім жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру жұмысы жалғастырылады.

      Жыл сайын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының

      20 %-ы оқудан өтетін менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша басқарудың инновациялық нысандары енгізілетін болады.

      Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Орта білім

      Мақсаты: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы – 1-сынып; 2017 жылы – 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы - 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы - 4, 9, 11, 12-сыныптар);

      2) үлгерімі "жақсы" және "өте жақсы" оқушылардың үлесі (оқыту сапасы).

      Міндеттер:

      1. Педагог кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру

      Педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады.

      Бірінші және жоғары санаттарды алу үшін жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.

      Біліктілікті арттыру курстары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде 2019 жылдан бастап қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып жүргізілетін болады.

      Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін айқындау үшін 2016 жылы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеу жүргізілетін болады.

      2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға дайындық және оған көшу мәселесі пысықталатын болады.

      Жыл сайын менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарынан орта білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы өтетін болады.

      Қазақстандық мұғалімдер TALIS зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздегі мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

      Педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді және педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың тетіктері қайта қаралатын болады.

      Жаңартылған білім беруге көшуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңғыртылады.

      2017–2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математикалық бағыттағы 4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық жоғары оқу орнында жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлеу арқылы ағылшынша оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

      Мектептер үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде "білім беру магистрі" дәрежесі бар мамандар кеңінен тартылатын болады.

      Мектеп педагогтерін кәсіби жағынан дамыту біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарының бағдарламаларын жаңғырту шеңберінде жалғастырылатын болады.

      2. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету.

      Авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ғана емес, сонымен қатар МЖӘ тетігі арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл 2020 жылға қарай авариялық және үш ауысымды мектептерді толық жоюға мүмкіндік береді.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады.

      Мектептегі білім беруді ақпараттандыру ақпараттық технологияларды оқытуға одан әрі енгізу шеңберінде МЖӘ тетігі арқылы жүзеге асырылатын болады.

      Тұрғылықты жеріне (қала немесе ауыл) қарамастан, білім алушылардың деңгейлері, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқытушылар арасындағы деңгейлер теңестірілетін болады. Білім беру процесін жаңғырту жылдамдығы айтарлықтай артады.

      ЭЫДҰ стандарттарын енгізумен білім беру жүйесін халықаралық интеграциялау жұмыстары жалғастырылатын болады.

      2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың жекелеген санаттарындағы оқушылар дәруменденді тегін ыстық тамақпен толық қамтылатын болады.

      Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау қамтамасыз етіледі.

      Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісі

      2019 жылы 137 бірліктен 220 бірлікке және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар 57 бірліктен 85 бірлікке дейін кеңейтіледі.

      Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмыс істейтін болады.

      3. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

      2016 жылы негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖС бекітілетін болады.

      Жаңартылған білім беру мазмұнының стандарты жиынтығы функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдылардың кең спектрін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибеге бағытталатын болады.

      Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады.

      Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады.

      Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке график бойынша жүзеге асырылатын болады.

      12 жылдық білім беру оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін күтілетін нәтижелерге негізделетін болады. Күтілетін нәтижелерді тұжырымдау оқушылардың оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға, жеке қабілетін ескере отырып әрбір оқушыны дамытудың жеке траекториясын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың оқудағы білігі пен дағдыларын дамыту үшін ынтасын арттырады, білім беру процесінің сапасын жақсартады.

      Жалпы білім беретін мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып, жаңа Негізгі және жоғары мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша білім берудің оқу бағдарламалары әзірленетін болады.

      "Қазақстандық бірегейлік" элективті курсы әзірленеді және жалпы білім беретін мектептер мен ЖОО-ның оқу процесіне енгізіледі.

      Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу схемасына сәйкес білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады.

      Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік сәйкессіздіктерді азайтуға бағытталатын болады.

      2017 жылдан бастап Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша "Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту" жобасы іске асырыла бастайды. Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, базалық оқулыққа, оқулықтар сапасын көп деңгейлі сараптауға қойылатын талаптарды әзірлеуді, оқулықтар сапасын бағалау саласындағы сарапшылар біліктілігін арттыруды, орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін мониторингтеуді және бағалауды енгізуді көздейді.

      2017–2018 оқу жылында 5-сыныптан бастап үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады.

      Қазақстан мектептерінде үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті мектептің, 20 НЗМ-нің және 30 қазақ-түрік лицейінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылады.

      Оқыту технологиясының жаңа сапаға жетуін, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаның дамуын қамтамасыз ететін Үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен ОӘК әзірленетін болады.

      Мектептің жоғары сыныптары үшін төрт пән бойынша (информатика, физика, химия және биология) шетелдік оқулықтар мен ағылшын тіліндегі ОӘК бейімделетін болады.

      ЖМЦ-ның төрт пәнін ағылшын тілінде оқытатын педагог кадрларға және үштілділікті енгізуге деген қажеттілік:

      1) білім беру ұйымдарында оқытуға тарту тетігі арқылы "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің;

      2) жоғары оқу орындарында және колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау;

      3) физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;

      4) студенттермен алмасу және волонтерлерді тарту бағдарламасы есебінен шешілетін болады.

      Үш тілде білім беруді оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету CEFR негізінде (2016 – 2017 жылдар) тілді деңгейлеп оқыту (қазақ, орыс, ағылшын) бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

      Педагогикалық жоғары оқу орындарында НЗМ-нің педагогтердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту бойынша кадрлар даярлау сапасына және студенттердің IELTS-ты 6.5 балдан кем емес тапсыруға талаптарды күшейту тәжірибесін енгізу тетігі қарастырылатын болады.

      5-11-сынып оқушылары үшін жазғы тіл мектебін ұйымдастыру мәселесі пысықталатын болады.

      2018 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктеріне қарай, пилоттық режимде ағылшын тілінде оқытатын сыныптар ашылатын болады.

      ШЖМ проблемаларын шешу үшін балаларды мектепке және мектептен үйге дейін тасымалдауды ұйымдастыру жұмысы жалғасатын болады.

      Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру жұмыстары жалғастырылады. 2020 жылға қарай олардың саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады. Сонымен қатар кеңжолақты интернетке қосу арқылы қашықтан оқытуды қамтамасыз ету және Интернетке қол жеткізілмеген, шалғайда орналасқан мектептер үшін электрондық контентті әзірлеу мәселелері пысықталатын болады.

      Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі, желілік өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай жасалатын болады.

      Мектептер базалық стандартқа сәйкес МЖӘ-ні тарту арқылы техникалық инфрақұрылыммен жарақтандырылатын болады.

      Оқушы Интернетке шығуға болатын кез келген жерден цифрлы білім беру ресурстарының кең спектріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Әрбір оқушы оқу қарқынын өзі белгілеп, оқыту процесін дербестендіруді қамтамасыз ету есебінен сабақтың уақыты мен мұғалімге тәуелді болмайды. Негізгі мектептен бастап кемінде екі пән онлайн ресурстарды қолдана отырып жүргізілетін болады.

      Дүниежүзілік банктің орта білім беруді жаңғырту бойынша жобасы шеңберінде оқушылардың білім беру жетістіктерін тестілеу стандарттары әзірленеді, ұлттық емтихандар мен мониторингтік зерттеулер жетілдірілетін болады.

      Білім беру қажеттіліктері еркеше балаларды оқыту үшін оқулықтар мен ОӘК, сондай-ақ көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, бейімделетін болады.

      ЖАО арнайы білім беру ұйымдары мен сыныптарды көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік қаріпті (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен жүзеге асыратын болады.

      Орта білімді жаңғырту жобасы шеңберінде бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2020 жылға қарай:

      1) білім алушылардың ұлттық емтихандары мен оқу жетістіктерін мониторингтік зерттеулердің рәсімдері жетілдіріледі;

      2) оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жетілдіріледі;

      3) тест стандарттары әзірленеді;

      4) білім алушылардың дағдылары мен білігін, құзыреттілігінің кең спектрін тексеру үшін тест тапсырмаларының базасы құрылады.

      Қазақстан TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуды жалғастырады.

      ҰБТ-ның қолданыстағы форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімін мектепте қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орнында түсу емтихандарына бөлу, одан әрі оқуға деген қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгергендігін, сондай-ақ базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) айқындауға бағытталған тестерді пайдалануды кеңейту көзделеді.

      4. Мектеп оқушыларының бойында "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

      Адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

      НЗМ-нің патриоттық тәрбиеге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған "Шаңырақ" әлеуметтік жобасының тәжірибесі таратылатын болады.

      Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б.

      Орта білім беру адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз Отаны үшін жауапкершілік алуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болады. Құндылықты білім беру жағдайында мектеп патриоттыққа баулу және өз елінің адал азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал ету арқылы Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосады.

      Жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының барлығына тұлғаның рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиетін қалыптастыруға ықпал ететін компоненттер енгізілетін болады.

      Оқулықтар мен мектеп дәптерлерінің форзацтарында мәтіндер жариялауды қоса алғанда, қазақстандық құндылықтарды танымал етуге және насихаттауға бағытталған мектеп құралдарының талаптары әзірленеді және бекітіледі.

      Қосымша білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттырудың білім беру бағдарламасы жетілдірілетін болады.

      Қосымша білім беру ұйымдарының желісі жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктерін енгізу есебінен дамитын болады.

      2020 жылға дейін МЖӘ шеңберінде қосымша білім беру жүйесі объектілерін ашу жұмыстары жандандырылады.

      Бұдан басқа:

      1) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін тұрғын үй құрылысы кезінде 1-қабаттан орынжайларды жоспарлау;

      2) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін мектептерден бос орынжайлар беру есебінен желілерді дамыту жоспарлануда.

      Жергілікті бюджет есебінен мектептегі спорт секцияларының желісі әрбір орта білім беру ұйымында мектептің спорт лигасын құру арқылы кеңейтілетін болады.

      Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысу үшін спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарына бару мақсатында жеңілдіктер (тегін абонементтер) (ЖАО, демеушілер, меценаттар есебінен) беру көзделетін болады.

      Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі үйірмелер мен секциялар санының өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін үйірмелер жұмысына ата-аналар тартылатын болады.

      Мектептер арасында тұрақты түрде спорттық жарыстар өткізу іске асырылатын болады.

      ЖАО-ның мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының спорт залдарын заманауи жабдықтармен жарақтандыру жұмысы жандандырылатын болады.

      "Жас қыран" (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және "Жас ұлан" (9-16 жас, 5-9 сыныптар) болып екі буынға бөлінетін "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының (бұдан әрі – ББЖҰ) теледидар, әлеуметтік жарнама, кино, концерт, бұқаралық акциялар, экскурсиялар, саяхаттар арқылы патриоттық, волонтерлік, азаматтық-құқықтық іс-шаралар өткізу жұмысы жандандырылатын болады.

      2016–2020 жылдары "Жас ұлан" ББЖҰ-ның тәлімгерлері мен үйлестірушілерінің қауымдастығы құрылады және жұмыс істейді.

      Жыл сайын "Жас Ұлан" ББЖҰ-ның фандрайзинг (жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаражат іздеу және жинау) режимінде қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша іс-шаралары өткізілетін болады.

      Жыл сайын:

      1) біліктілігін және кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында "Жас Ұлан" ББЖҰ-ның тәлімгерлері үшін слеттер, семинарлар, тренингтер;

      2) "Көшбасшылар мектебі" балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар-тренингтер мен мастер-кластар;

      3) "Ұланымыз ұлы елдің" республикалық көшбасшылар форумын ұйымдастыруға қатысу үшін жоғары курс студенттері арасынан волонтерлер тартылатын болады.

      Мектеп оқушылары ізгілік, еріктілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және т.б. әлеуметтік акцияларға, оның ішінде медиаресурстарды пайдалана отырып тартылатын болады.

      Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      5. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

      Нәтижеге бағытталған қаржыландыру орта білім берудегі мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігіне айналады.

      2020 жылға дейін әрбір толық жинақты мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу шеңберінде сынақтан өткен пилоттық мектептердің моделі бойынша қамқоршылық кеңестер құрылады.

      2019 жылы сынақтан өткізудің оң қорытындысы бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу процесі аяқталатын болады.

      Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша (жылына 4 рет) онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) жалғастырылады.

      Жыл сайын жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы оқытудан өтетін басқарудың инновациялық нысанын есепке ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

      Мектептерді аттестаттау ұсынылатын қызмет сапасының деңгейі бойынша орта білім беру ұйымдарын саралау жүйесін енгізу негізінде өткізілетін болады. Мектептер үлгілі, жақсы, жақсартуды талап ететін және төмен деген төрт деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады.

      Орта білім беру ұйымдарын оқыту сапасы мен нәтижелілікті арттыруға ынталандыру мақсатында табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі пысықталатын болады.

      Мектептегі білім беруді басқаруға мектептердегі қамқоршылық кеңестерді дамыту арқылы қалың жұртшылық тартылатын болады.

      Мектептің өзін-өзі бағалау рәсімі жетілдірілетін болады. 2020 жылға қарай өзін-өзі бағалау мен мемлекеттік бақылау нәтижелері мектептердің 40 %-ында сәйкес келетін болады.

      ЖАО-ның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына (қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алу, патронат және асырап алу) орналастыру жұмыстары жандандырылатын болады.

      Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, арнайы ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың үлесі балаларды отбасыларға беру бойынша кешенді шаралар есебінен азайтылатын болады.

Техникалық және кәсіптік білім

      Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім алу үшін жағдайлар жасау арқылы жастарды әлеуметтік-экономикалық интеграциялау

      Нысаналы индикатор: мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған, оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан және еңбекпен қамтылған ТжКБ оқу орындары түлектерінің үлесі.

      Міндеттері:

      1. ТжКБ жүйесінің беделін арттыру

      Кадрларды даярлау ұлттық біліктілік шеңбері мен кәсіптік стандарттар негізінде жүзеге асырылатын болады.

      ТжКБ жүйесі басқарылатын оқу миграциясының тиімді құралына айналады. Ол үшін "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" әлеуметтік жобасы шеңберінде түлектерді жаңа тұрғылықты жерде бекіту арқылы білікті мамандарды даярлау жалғасады.

      Жастарды өмірге деген сындарлы көзқарас қалыптастыруға және оларды міндетті жұмыс дағдылары мен біліктерді алуға бағыттайтын кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйелендірілетін болады. Колледждер базасында мектеп оқушылары үшін кәсіптік сынақтар қарастырылатын болады, мектептерде кәсіптік бағдарлау кабинеттері құрылатын болады, оқушылардың кәсіптік өзін-өзі айқындау процесіне жұмыс берушілер мен ата-аналар белсенді қатысатын болады.

      Мектеп оқушыларын жұмысшы біліктіліктерін алуға тарту үшін барлық мүдделі құрылымдардың: білім беру, жұмыспен қамту органдарының, жұмыс берушілердің, ата-аналар қоғамдастығының қызметін үйлестіруді көздейтін кәсіптік бағдарлау жұмысы жүйесін қалыптастыру туралы мәселе пысықталатын болады.

      Кең ауқымды ақпараттық жұмыс жүргізу, еңбек адамының бейнесін жасау және оны насихаттау арқылы жұмысшы біліктілігінің беделіне жаңа серпін беріледі.

      Жыл сайын білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері және арнайы пән оқытушыларының арасында "Үздік мамандық иесі" республикалық конкурсы, WorldSkills Kazakhstan өңірлік және ұлттық чемпионаты өткізілетін болады.

      WorldSkills Kazakhstan чемпионаттарын өткізу халықаралық қозғалысқа интеграциялануға мүмкіндік береді, өйткені WorldSkills Kazakhstan чемпионатының жеңімпаздары World Skills халықаралық кәсіби шеберлік конкурстарына қатысатын болады.

      ТжКБ беделі бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланады, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс орналастырылатын болады.

      Қабылданған шаралар нәтижесінде 2020 жылға қарай типтік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамту 18 %-ға дейін артатын болады.

      2. ТжКБ қолжетімділігін және кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету.

      Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бюджет есебінен, сондай-ақ МЖӘ-нің қатысуымен ТжКБ ұйымдарының құрылысын салу арқылы колледждерде оқушы орындарының саны арттырылатын болады.

      Білім беретін оқу орындарының ақылы негізде ұсынатын қызметтерінің тізбесін кеңейту мақсатында ТжКБ оқу орындарының ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеретін болады. Білім беру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергеннен кейін бірыңғай ашық бухгалтерияны енгізе отырып, қаржылық дербестік беру мәселелері пысықталатын болады.

      Жұмыс істеп тұрған ТжКБ оқу орындарының базасында жетекші шет елдермен бірге кадрлар даярлау бойынша орталықтар құрылатын болады.

      Аталған орталықтар "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ-тың халықаралық талаптар бойынша білім беру бағдарламаларын енгізу, инженер-педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, озық технологияларды ескере отырып материалдық-техникалық базаны жаңарту тәжірибесін тарататын және сынақтан өткізетін болады.

      Кадрлар даярлауды жүйелендіру мақсатында ТжКБ оқу орындарын бағдарлау жұмысы жалғасатын болады.

      2017 жылдан бастап барлық тілек білдірушілерге жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алуға мүмкіндік беріледі. Бұл жастар үшін мектептің жоғары сатысында бірінші жұмысшы біліктілігін тегін алуға әлеуметтік лифті құруға, қосалқы құзыреттер алуға, үздіксіз кәсіптік даярлыққа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

      Жұмысшы біліктілігі жоқ барлық ниет білдіруші 9, 11-сынып оқушылары колледждер базасында тегін бірінші жұмысшы біліктілігімен қамтамасыз етілетін болады. Жұмысшы мамандықтары бойынша білім алушылардың саны 40 %-ға дейін ұлғаятын болады. Өңірлерді мамандандыру картасына сәйкес кадрлар даярлауды бағдарлау жұмысы жандандырылады.

      Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберінде, сондай-ақ жұмыс берушілер есебінен оқу орталықтары мен колледждер базасында жұмысқа орналаспаған жастар арасынан барлық тілек білдірушілер курстық дайындықпен қамтылады.

      Жоғары сынып оқушыларына қосалқы құзыреттілік берудің жаңа тәсілдемелері әзірленеді. Ол үшін ЖАО-мен бірлесе отырып, жұмыс істеп тұрған оқу-өндірістік комбинаттардың (бұдан әрі - ОӨК) білім беру бағдарламалары жаңғыртылатын болады. ОӨК-нің сертификаттарына сұранысты қамтамасыз ету үшін ҰКП-мен ОӨК базасында оқып шыққан мектеп түлектерінің дағдыларын растайтын сертификаттау орталықтарын құру мәселесі пысықталатын болады.

      Жалпы, жобаны іске асыру жастардың бірінші жұмысшы біліктілігіне қаржылай, бағдарламалық, аумақтық тең қолжетімділігі мәселелерін шешеді және еңбек қызметі саласына жастардың әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз етеді.

      Ерекше білім беру қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасау мақсатында мамандықтар бойынша оқу жоспары әзірленетін болады. Білім беру қажеттіліктері ерекше білім алушылар үшін мамандықтар тізбесі әзірленетін болады. Колледждерде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында инклюзивтік білім беру бағдарламалары сынақтан өткізілетін болады.

      2020 жылға қарай ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасаған ТжКБ ұйымдарының үлесі 40 %-ды құрайды.

      Бюджет есебінен, жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестер, Дүниежүзілік банк қарызы есебінен, сондай-ақ лизинг тетігі есебінен мемлекеттік ТжКБ оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханаларын, зертханалары мен арнайы пәндер кабинеттерін жарақтандыру және қайта жабдықтау жұмысы жалғастырылатын болады.

      ТжКБ жүйесінде халықаралық талаптарға сәйкес "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ арқылы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттырудың 4 деңгейлік бағдарламасын көздейтін инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламаларының деңгейлік моделін енгізу мәселелері пысықталатын болады.

      Білімді және озық технологияларды өзектілендіру үшін, оның ішінде әлеуметтік әріптестер есебінен арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері үшін кәсіпорындарда тағылымдама ұйымдастырылатын болады.

      Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру жүйесін жан басына қаржыландыруды енгізу бойынша мәселелер пысықталатын болады.

      Кадрлар даярлау сапасын арттыру және білім беру бағдарламаларын халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келтіру үшін 2020 жылдан бастап ТжКБ оқу орындарын халықаралық аккредиттеу енгізілетін болады.

      Колледждерді ынталандыру мақсатында кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды және мемлекеттік үлгідегі құжатты беру құқығын ТжКБ-ның аккредиттелген оқу орындары жүзеге асыратын болады.

      Экономика салаларында салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін сертификаттаудың тәуелсіз жүйесін толыққанды енгізу есебінен білікті кадрлар даярлау сапасы қамтамасыз етілетін болады.

      3. Елдің индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын ескере отырып, ТжКБ мазмұнын жаңарту.

      Халықаралық талаптарға және еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес Ұлттық біліктілік жүйесі қайта қаралатын болады. Ол үшін еңбек саласындағы уәкілетті орган біліктілік деңгейлерінің сабақтастығын ескере отырып, Ұлттық кәсіптер сыныптауышын әзірлейтін болады. Халықаралық білім беру сыныптауышы стандартының (бұдан әрі – ХБСС) талаптарына сәйкес ТжКБ кәсіптері мен мамандықтарының сыныптауышы қайта қаралады, жұмыс берушілер мен халықаралық стандарттардың талаптарын ескере отырып, жаңа мамандықтар енгізіледі.

      Ұлттық біліктілік шеңберінің барлық деңгейін қамтитын экономика салаларының басым мамандықтары бойынша, оның ішінде ИИДМБ үшін ТжКБ-ның басым мамандықтары бойынша кәсіптік стандарттарды жетілдіру жұмысы жалғастырылатын болады. Кәсіптік стандарттарды әзірлеуді жұмыс берушілер бірлестіктері жүзеге асырады және ҰКП палатасы бекітеді.

      ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім берудің МЖС-нің икемділігі оқу орындарына оқу жұмыс жоспарларының мазмұнын жұмыс берушілердің талаптарымен өзгертуге, модульдік, кредиттік, дуальді оқытуды енгізуге мүмкіндік береді.

      Кәсіптік стандарттардың негізінде ТжКБ-ның білім беру бағдарламалары қайта қаралады және жаңартылатын болады. Аталған білім беру бағдарламаларын енгізу маманды даярлаудың өзіндік бағытын жасауға және оның еңбек нарығындағы кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. ТжКБ жүйесін кредиттік-модульдік оқыту технологиясына кезең-кезеңімен көшіру жүзеге асырылатын болады, бұл ТжКБ, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру деңгейлерін интеграциялауға мүмкіндік береді.

      Орта білім беру мазмұнын жаңарту ТжКБ, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау кезінде ескерілетін болады. Орта білім беру мазмұнын жаңартудың жаңа стандарты негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламалары қайта қаралатын болады.

      ТжКБ жүйесінде халықаралық және кәсіптік білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және таратуды "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ жүзеге асыратын болады.

      Білім алушыларға ТжКБ оқу орындарында "Кәсіпкерлік қызмет негіздері" курсын енгізу есебінен кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мүмкіндігі ұсынылады.

      2020 жылға қарай кәсіптік стандарттар негізінде әзірленген білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етілген ТжКБ мамандықтарының үлесі 58 %-ға жетеді.

      Сондай-ақ кадрларды даярлау сапасын қамтамасыз ету колледж кітапханаларын заманауи оқу әдебиеттерімен және ОӘК-мен толықтыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Бұл мақсатта шетелдік оқу әдебиеттері аударылады және бейімделеді.

      Колледждерде экономиканың жоғары технологиялық салалары үшін білікті кадрлар даярлау қолданбалы бакалавриат бағыттары бойынша жүзеге асырылатын болады. Қолданбалы бакалавриат білім беру бағдарламасының практикалық бағдарланған бөлігін ұлғайта отырып нақты біліктілікке бағытталатын болады.

      Кадрлар даярлау бойынша әріптестікті дамыту үшін ТжКБ оқу орындарында дуальді оқытуды енгізу жұмыстары жалғастырылатын болады. Дуальді оқытуға қатысушылардың (оқу орнының, кәсіпорынның, білім алушының, тәлімгердің, ЖАО және т.б.) негізгі функциялары дуальді оқытуды ұйымдастыру қағидаларымен реттелетін болады. ТжКБ-ны дамыту жөніндегі Ұлттық, өңірлік және салалық кеңестердің өзара іс-қимылы бойынша жұмысы күшейтетін болады, ҰКП-мен дуальді оқытуға кәсіпорындарды тарту бөлігінде байланыс нығаятын болады. Практикадан өту үшін орындар ұсыну және түлектердің жұмысқа орналасуына көмек көрсету оқу орындары мен кәсіпорындар арасында жасалған меморандумдар, келісімдер негізінде жүзеге асырылатын болады.

      Нәтижесінде 2020 жылға қарай дуальді оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 80 %-ға жетеді.

      4. "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін нығайту.

      Мемлекеттік жастар саясатын нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру жалғасады.

      Жастар саясаты тұжырымдамасын іске асыру жастарды қазақстандық патриоттыққа тәрбиелеуде аса маңызды рөл атқарады.

      ТжКБ ұйымдарындағы тәрбие процесіне "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтары енгізіледі.

      ТжКБ ұйымдарында студенттерді қоғамдық қызметке, патриотизмді дамытуға, әлеуметтік жауапкершілікке, салауатты өмір салтын насихаттауға, өзін-өзі басқаруды дамытуға интеграциялайтын жастар ісі жөніндегі комитеттерді құру жұмыстары жалғасатын болады.

      Колледж студенттері волонтерлік қызметке белсенді түрде тартылатын болады. Жыл сайын патриоттық тәрбиені дамыту, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады.

      ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне "Қазақстандық бірегейлік" курсы факультативтік сабақтар арқылы енгізілетін болады.

      ТжКБ оқу орындарында балалар үйлеріне, онкологиялық ауруханалар мен мүгедектер үйлеріне, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне көмек көрсету үшін, ірі халықаралық іс-шараларды дайындау үшін волонтерлер мектептері жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ, "Үздік волонтер" конкурсы өткізіледі. ТжКБ оқу орындарының студенттері "Жасыл ел" еңбек жасақтарының қызметіне белсенді араласатын болады.

      2020 жылға қарай қоғамдық пайдалы (волонтерлік және т.б.) қызметке тартылатын студенттердің үлесі 60 %-ды құрайды.

      Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша бірінші кезектегі міндеттер қатарында мемлекеттік қолдау күшейтіледі, дене шынықтыру үйірмелерінің желісі, оның ішінде спорттық секциялар нығайтылады және дамиды, бұл жастар арасындағы құқық бұзушылықтар санын азайтуға мүмкіндік береді.

      2020 жылға қарай спорттық секциялармен қамтылған студенттердің үлесі 70 %-ды құрайтын болады.

      Білім алушыларға дұрыс және сапалы тамақтануды насихаттау, олардың тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуы арқылы қалыптастыру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

      5. ТжКБ менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

      "Кәсіпқор" холдингі" КЕАҚ тәжірибесін ТжКБ-ның барлық жүйесіне тарату жалғастырылады.

      Қамқоршылық және өңірлік кеңестердің қызметі күшейтіледі.

      ТжКБ ұйымдарының басшылары біліктілікті арттыру курстарынан, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтеді.

      Тәжірибелі және жас инженер-педагог жұмыскерлердің қатысуымен конкурстар, сондай-ақ республикалық "Үздік педагог" конкурсы өткізілетін болады.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім

      Мақсаттары: экономика салаларын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлармен қамтамасыз ету, білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған, ЖОО-ны бітіргеннен кейін бірінші жылы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің үлесі;

      2) QS-WUR рейтингінде атап өтілген Қазақстан ЖОО-ларының саны:


топ-200

топ-300

топ-500

топ-701+


2017 жылы

0

2

2

7


2019 жылы

2

2

3

9



      Міндеттері:

      1. Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлауды қамтамасыз ету.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады. 2017 жылдан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін мемлекеттік және салалық бағдарламалар қажеттілігі, оның ішінде индустрияландыру карталары, өндіруші күштерді орналастыру, өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламалары, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіру үшін ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды пайдалану бойынша өңірлерді мамандандыру схемасы және т.б. негізінде жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері айқындайтын болады. Бұл жоғары оқу орындары түлектерінің қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, тиісінше экономиканың барлық салалары білікті кадрлармен қамтамасыз етілетін болады.

      11 базалық ЖОО-да жоғары білікті кадрларды даярлау және инновациялық қызметті дамыту ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындардың қажеттіліктерін ескере отырып, бейіндік магистратураға мемлекеттік тапсырысты орналастыруды, инновациялық оқыту технологияларын енгізу және шетелдік әріптес ЖОО-мен практикаға бағытталған жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ зертханаларды МЖӘ және лизинг тетіктерінің көмегімен қолдау табатын заманауи жабдықтармен жарақтандыру құралдары ретінде заманауи білім беру ортасын құруды көздейді.

      11 базалық ЖОО-ның жанынан ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықпен жинақталған 48 жаңа зертхана жұмыс істейтін болады.

      Шетелдік әріптестермен және жұмыс берушілермен бірлесіп, салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес ИИДМБ басым салалары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленетін болады.

      11 базалық ЖОО-ның ОПҚ елді индустриялық-инновациялық дамытудың басым бағыттары бойынша, оның ішінде ИИДМБ кәсіпорындарында біліктілікті арттырудан және тағылымдамадан өтетін болады. Бұдан әрі ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО тәжірибесі еліміздің басқа жоғары оқу орындарына таратылатын болады.

      2016 жылдан бастап жоғары оқу орындарында:

      1) шетелдік жетекші әріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп білім беру бағдарламалары әзірленетін болады;

      2) жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өндірістер құру үшін экономиканың басым салаларында конкурстық негізде ғылыми зерттеулер жүргізіледі;

      3) әріптес университеттермен және шетелдік ғылыми орталықтармен кооперация жүзеге асырылады.

      Түлектердің ИИДМБ шеңберінде жұмыс істеу дайындығы деңгейіне жұмыс берушілердің қанағаттануын анықтау мақсатында 2017 жылдан бастап әлеуметтік зерттеулер (сұраулар, сауалнама, сұхбат және т.б.) жүргізіледі.

      Кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы көлемінде, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін магистратура мен докторантураның үлесі артады. Орта білімнің жаңартылатын білім беру бағдарламаларын қамтамасыз ету мақсатында магистратурада мұғалімдерді даярлау бойынша педагогикалық мамандықтарға арналған мемлекеттік тапсырыс ұлғаятын болады.

      Педагогикалық білім беруді жаңғырту шеңберінде педагогикалық мамандықтарға түсу, атап айтқанда, ЖОО-ға педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде жаңа өлшемшарттар енгізудің тетігі әзірленетін болады, талапкерлердің педагогикалық қызметке бейімділігін анықтауға арналған арнайы емтихан енгізіледі. Болашақ мұғалімдердің кәсіби дағдыларын дамыту мақсатында 2019 жылы педагогикалық интернатура енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      ЖОО-ға қабылдау қағидаларын жетілдіру шеңберінде 2017 жылы ҰБТ-мен, пәндік олимпиадаларға қатысумен қатар жоғары оқу орындарына қабылдау рәсімдерінің баламалы тізбесіне SAT, ACT тестілерін енгізу мәселесі пысықталатын болады.

      Меншік нысанына қарамастан жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін нарықтық реттей отырып, бакалавриатта, магистратурада мен докторантурада кадрлар қабылдау және даярлау тетігі жетілдірілетін болады. 2017 жылдан бастап жұмыс берушілерді тарту арқылы игерілетін академиялық кредиттер көлемін ескере отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысын қаржыландыру бойынша ұсыныстар әзірлеумен жоғары білімді кредиттік жан басына қаржыландыруға көшу мәселесі пысықталатын болады.

      Магистратура мен докторантураға қабылдау IELTS, TOEFL, DELF, DALF, TestDaF, DSD II сертификаттары негізінде (2018 жылдан бастап), үміткерге жоғары оқу орнын таңдау құқығын ұсыну арқылы (2019 жылдан бастап) магистратураға кемінде 1 жыл, докторантураға кемінде 3 жыл практикалық жұмыс өтілі болған жағдайда жүзеге асырылатын болады, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасының ғылыми компоненті деңгейіне қойылатын талаптар күшейтіледі (2017 жылдан бастап). 2017 жылдан бастап докторантурада кадрлар даярлау мемлекет пен жұмыс берушілер әріптестігінде жүзеге асырылатын болады.

      Жұмыс күші тапшы өңірлердің өндірістері мен кәсіпорындарын кадрлармен толықтыру мақсатында "Мәңгілік ел жастары – индустрияға" әлеуметтік жобасын іске асыру жалғастырылады. Жыл сайын жұмыс күші мол өңір жастары қатарынан кадрлар даярлауға, кейіннен оларды оқыған жері бойынша жұмысқа орналастыру арқылы, жұмыс күші тапшы өңірлердің ЖОО-лары үшін мемлекеттік тапсырыс қарастырылатын болады.

      Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру үшін Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Мәдениет және спорт, Ауыл шаруашылығы министрліктерімен және ЖАО-мен бірлесіп, Жол картасы әзірленетін болады. Бұл мүдделі мемлекеттік және ЖАО-ның еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, ЖОО түлектерін жұмыс орындарымен, оның ішінде ауылдық жерлерде қамтамасыз ету іс-әрекеттерін үйлестіруді білдіреді.

      Назарбаев Университеті түлектерінің Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеу мәселесі пысықталатын болады.

      Бұл міндеттің маңызды элементтері ұлттық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілік моделін әзірлеу (2016 жылдан бастап), шетел азаматтары үшін ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау қағидаларын жетілдіру (2017 жылдан бастап), академиялық ұтқырлықты, оның ішінде шетел студенттерінің келуі есебінен одан әрі дамыту, сондай-ақ ағылшын тілінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу (2016 – 2019 жылдары), шет елдермен және әріптес жоғары оқу орындармен бірлесіп жоғары білім берудің тұрақты форумдарын өткізу болады.

      Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, көтергіш, лифт, сондай-ақ ақпараттық және кітапхана ресурстарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасау жұмыстары жалғастырылатын болады. Сонымен бірге бұл білім беру қажеттіліктері ерекше студенттермен жұмыс жасау үшін қашықтықтан оқу технологиясын одан әрі кеңейтуді, онлайн курстарын жаппай ашуды, арнайы білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуді, сондай-ақ ЖОО ОПҚ-ны қайта даярлауды көздейді.

      2020 жылға қарай аталған санаттағы студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті жасаған ЖОО-ның үлесі 100 %-ды құрайды.

      2017 – 2018 жылдары бюджеттен тыс қаражат көздерінен инвестициялар тарту, оның ішінде МЖӘ тетіктерін қолдану арқылы Білім мен ғылымның бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылады.

      2. Әлемдік үрдістер аясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мазмұнын жаңғырту.

      Уәкілетті мемлекеттік органдар мен тиісті қызмет саласының жұмыс берушілер бірлестіктері салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және қайта қарау жұмысын жалғастыратын болады. Олардың негізінде жұмыс берушілер бірлестіктері кәсіптік стандарттарды әзірлейді және оны ҰКП бекітеді. Осыған сәйкес ЖОО кәсіптік стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. 2019 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының 45 %-ы кәсіптік стандарттардың біліктілік құзыреттеріне негізделетін болады.

      Түлектердің жұмыс берушілер ойынан шығатын құзыреттіліктері ЖОО түлектері қажеттілігінің шарты болып табылады. Сондықтан бакалавриаттың білім беру бағдарламаларына өндірістің инновациялық технологияларын көрсететін және еңбек нарығында сұраныс бар біліктілік беретін жаңа пәндер енгізілетін болады. Білім беру бағдарламалары басқару дағдыларын игеретін практикаға бағдарланған сипатқа ие болады.

      Инновациялық экономика үшін кадрлар даярлау мақсатында бакалавриаттың білім беру бағдарламаларының мазмұнына кәсіпкерлік білім беру имплементацияланады, бұл ЖОО студенттеріне кәсіпкерлік құзыреттер беретін пәндердің (модульдердің) енгізілуін көздейді. Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік ойлау дағдыларын дамыту бойынша ОПҚ біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылатын болады.

      Педагогикалық білім беруді жаңарту жобасына сәйкес педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді, соған сәйкес педагогикалық білім беру мазмұны жаңартылады және халықаралық аккредиттеуден өту кезінде педагогикалық кадрлар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасы нығайтылатын болады. Бұл педагогикалық мамандықтар бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде бакалавриат пен магистратураның 47 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеуді көздейді.

      2017 жылдан бастап жұмыс берушілермен бірлесіп, жоғары білімді мамандарды тәуелсіз сертификаттау тетігі әзірленетін болады. 2019 жылға дейін педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттау және педагогикалық мамандық студенттерінің TOEFL, IELTS, DELF, DALF, TestDaF, DSD II тапсыру талаптарын жүргізу мәселелері пысықталады.

      Халықаралық стандарттарға сәйкес Назарбаев Университетінде мамандар даярлау жалғастырылады.

      Оқытушыларды даярлау мен олардың біліктілігін арттырудың сапалы жүйесі құрылады. Әлемдік деңгейге қол жеткізу үшін педагогикалық мамандықтарда оқытуды менеджмент және педагогтер даярлау саласындағы үздік халықаралық стандарттар негізінде отандық және шетелдік мамандар жүргізеді.

      Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы ЮНЕСКО 2013 білім беру сыныптауышының Халықаралық стандартына сәйкес келтірілетін болады:

      1) 6-деңгей (БСХС 6) – бакалавриат және оның баламасы;

      2) 7-деңгей (БСХС 7) – магистратура және оның баламасы;

      3) 8-деңгей (БСХС 8) – докторантура және оның баламасы.

      Жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде халықаралық практиканың тәжірибесі бойынша ел ғалымдарының ғылыми мансабын дамытуға бағытталған постдокторлық бағдарламалар енгізілетін болады.

      ЖОО-ның білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық еуропалық желілердің толық құқылы мүшесі болып табылатын және білім беру саласындағы уәкілетті органның тізіліміне енгізілген ұлттық немесе шетелдік агенттіктерде білім беру бағдарламаларын халықаралық аккредиттеу қызметі жалғастырылады.

      Еуропалық жоғары білім беру кеңістігінің толық құқылы мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің Болон процесінің міндетті, ұсынымдық және факультативтік параметрлерін, жоғары білім беруді дамытудың басым бағыттарын, оның ішінде ЕСТS типінде кредиттік оқыту жүйесін, академиялық және кредиттік ұтқырлықты одан әрі имплементациялауды, сондай-ақ студенттердің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға тартылуын іске асыруы қамтамасыз етілетін болады.

      Академиялық ұтқырлықтың дамуы, оның ішінде қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу үшін шетелдік студенттердің келуі есебінен жалғастырылады. 2020 жылға қарай жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік студенттердің үлесі, оның ішінде ақылы негізде білім алатындар 5 %-ға жетеді.

      Отандық бағдарламалардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру шетелдік жетекші әріптес жоғары оқу орындарымен бірге Қазақстан жоғары оқу орындарында екі дипломды білім беруді кеңейту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      2017 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік аттестаттаудан аккредиттеуге толық көшуі жүзеге асырылады. Бұл сапаны іштен қамтамасыз етуден, сондай-ақ сапаны сырттан қамтамасыз етуден тұратын білім сапасын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасауды көздейді. Сапаны іштен қамтамасыз етуді бағалаудың тетіктері пысықталады және оның тиімді жұмыс істеуі үшін жоғары оқу орындарының жауапкершілігі арттырылады.

      Академиялық дербестікті кеңейту шеңберінде таңдау компоненті бакалавриатта 75 %-ға дейін, магистратурада – 85 %-ға дейін, докторантурада – 95 %-ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын, оның ішінде жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша жасаудағы, ықпалдастырылған модульдері немесе пәндер бағдарламаларын әзірлеудегі дербестігін көздейді.

      ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлау шеңберінде базалық жоғары оқу орындары шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен және жұмыс берушілермен бірлесіп білім беру бағдарламаларын, оның ішінде ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын салалық біліктілік шеңберлеріне және кәсіптік стандарттарға сәйкес әзірлейтін болады.

      Экономиканың нақты секторындағы өндіріске жақындатылған аталған білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында базалық жоғары оқу орындарында ИИДМБ басым бағыттары бойынша қазіргі заманғы жабдықтармен жабдықталған 48 жаңа зертхана құрылады. Сондай-ақ жыл сайын ИИДМБ басым бағыттары бойынша базалық жоғары оқу орындарының ОПҚ біліктілікті арттырудан өтетін болады.

      ИИДМБ шеңберінде жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістер жасау үшін базалық жоғары оқу орындары ғылыми зерттеулер жүргізеді, оның ішінде шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен және ғылыми орталықтармен бірлесіп жүргізеді.

      Қазақстандық мектеп оқушылары алғаш рет ICILS халықаралық зерттеулеріне қатысады.

      3. Ғылыми зерттеулер нәтижелерін және технологияларды коммерцияландыру үшін жағдайлар жасау.

      Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау тиісті инфрақұрылымның болуын көздейді, сондықтан жоғары оқу орындарында коммерцияландыру офистері, технопарктер, бизнес-инкубаторлар мен басқа да инновациялық құрылымдар құрылатын болады.

      Осы құрылымдар қызметінің нәтижелілігі мониторинг жүргізу және олардың жұмыс істеу тиімділігін бағалау арқылы анықталатын болады.

      Гранттық қаржыландыру, МЖӘ шеңберінде ЖОО ғылыми жобаларын коммерцияландыру тетігі әзірленетін болады.

      Жауапкершілікті арттыру мақсатында ректордың (ағыл. Key Performance Indicators. KPI) бағалау көрсеткішінде жоғары оқу орнындағы инновациялық құрылымдардың болуы ескеріледі.

      ИИДМБ базалық жоғары оқу орындары ЖОО, ғылыми ұйым және бизнес арасында үшжақты келісім жасау арқылы қаржыландырылатын ғылыми жобаларды іске асыруға қатысатын болады. Оқыту бағдарламасының сапасы арттырылатын және өндіріспен неғұрлым өзара тығыз іс-қимыл қамтамасыз етілетін болады.

      ИИДМБ базалық жоғары оқу орындарында жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және оқытуға өндірістен тәжірибелі мамандар тартылатын болады.

      Іргелі және қолданбалы зерттеулердің кешенділігі мен практикалық нәтижелілігін арттыру үшін жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті тиімді пайдаланылатын болады.

      Бұдан әрі ИИДМБ жоғары оқу орындарының оң тәжірибесі еліміздің басқа жоғары оқу орындарына таратылатын болады.

      4. ЖОО жастарын "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және саламатты өмір салты мәдениетін нығайтуға қатыстыру.

      ЖОО-да тәрбие жұмысын жүргізу қазақстандық бірегейлік пен бірлік құндылықтары, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтары, саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, білім алушыларды әртүрлі әлеуметтік акцияларға тарту негізінде жүзеге асырылатын болады.

      Студенттік бастамаларды, патриоттық тәрбие беру іс-шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының "Қазақстан 2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасы және Тұжырымдаманың

      2016 – 2020 жылдарға арналған екінші кезеңнің іс-шаралар жоспары шеңберінде жалғастырылады.

      ЖОО студенттерінің оң тұрғыдан дамуы студенттерді қоғамдық өмірге тартудан, оқытудан өнімді жұмыспен шұғылдануға көшуге қажетті өмірлік маңызды дағдыларды дамытудан, толеранттылыққа тәрбиелеуден, конфессияаралық және этностық алуантүрлілік жағдайында әлеметпен келісімде өмір сүре білуден тұратын кешенді шараларды көздейді.

      Халықаралық тәжірибе негізінде еліміздің жоғары оқу орындарында студенттік өзін-өзі басқару енгізілетін болады, студенттер академиялық және зерттеу қызметіне белсенді тартылатын болады, олардың жоғары оқу орнын алқалы басқару органдарындағы рөлі арта түседі.

      Белсенді азаматтық ұстанымды дамыту үшін ЖОО студенттері ірі халықаралық іс-шараларға дайындыққа белсенді түрде тартылады. ЖОО студенттері арасында дебаттық қозғалыс дамытылады. Шығармашыл жастарға қолдау көрсету үшін жыл сайын "Студенттік көктем" жастар шығармашылығы фестивалі өткізілетін болады.

      Салауатты өмір салты мәдениетін нығайту студенттерді спорттық іс-шараларға жаппай тарту есебінен қамтамасыз етілетін болады.

      ЖОО-лардың спорт клубтары институционалды мәртебеге, оның ішінде МЖӘ есебінен ие болады.

      Ұлттық студенттер лигасының шеңберінде спорт федерацияларымен өзара ынтымақтастықта бұқаралық, ойын және жастар арасында танымал спорт түрлері дамитын болады.

      Білім беру ұйымдарында спорт залдарын кезең-кезеңімен жаңғырту, спорттық мүкәммалдармен жарақтандыру, оның ішінде МЖӘ шеңберінде жарақтандыру, бұқаралық спорт түрлері бойынша студенттер лигасын дамыту іс-шараларын іске асыру бойынша 2016 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленеді. Студент жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда ЖОО спорт клубтарының рөлі артып келеді.

      Студенттердің бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

      5. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

      Институционалды деңгейді қоса алғанда, білім берудегі менеджмент одан әрі жетілдіріледі. Бұл корпоративтік басқару қағидаттарына ие ЖОО-лар санын ұлғайту шараларын өткізуді (байқау немесе қамқоршылық кеңестері, директорлар кеңестері), жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тартуды, меншік нысанына қарамастан барлық азаматтық жоғары оқу орындарының басшылық құрамының жоғары білімдегі заманауи менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтуін, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен өтуін көздейді.

      Ректорлардың жұртшылық алдындағы жыл сайынғы есептілігі арқылы іске асырылатын ашықтық пен қоғамға есеп беру қағидаты енгізіледі. Ректорлардың қызметін бағалау тиімділіктің негізгі көрсеткіштері KPI арқылы жүзеге асырылады.

      Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда, жоғары оқу орындарының білім сапасы үшін жауапкершілігін арттыру шаралары көзделетін болады. Дербестік жағдайында ЖОО шығындардың тиімділігін, қызметі нәтижелілігін бағалау әдістемесі әзірленеді.

      Азаматтық жоғары оқу орындарында академиялық және басқару дербестігі мәселелері бойынша Назарбаев Университетінің тәжірибесін кезең-кезеңімен енгізу жалғастырылады. Назарбаев Университетінің тәжірибесін енгізетін жоғары оқу орындары 2016 жылдан бастап тиісті Жол картасын әзірлейді. ЖОО әкімшілігі мен оқытушылары тиісті біліктілікті арттыру курстары арқылы, оның ішінде бюджеттен тыс қаражаттар есебінен академиялық және басқару дербестігі жағдайында жұмыс істеуге үйренетін болады. 2017 жылы ИИДМБ үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық жоғары оқу орындарына нақты даму бағдарламалары (корпоративтік, академиялық және қаржы саясаты) негізінде дербестік ұсынылады.

      Одан әрі оң тәжірибе басқа жоғары оқу орындарына таратылады.

      ЖОО-лардың академиялық, басқарушылық және қаржылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту арқылы корпоративтік басқару қағидаттары енгізіледі, сондай-ақ жоғары оқу орындарының эндаумент-қорын қалыптастыру тетігі әзірленетін болады.

      ЖОО-ларға, бірінші кезекте, халықаралық аккредиттеуден өткен ЖОО-ларға кезең-кезеңмен академиялық еркіндік беру мәселесі пысықталатын болады.

      ЖОО корпоративтік басқару органдарын құруды көздейтін коммерциялық емес ұйымдарға айналдырылатын болады. Мемлекеттік және ұлттық жоғары оқу орындарының базасында мемлекеттің 100 % қатысуымен коммерциялық емес акционерлік қоғамдар құру мәселесі пысықталатын болады. Жекеше ЖОО-ларды басқа ұйымдық-құқықтық нысанға ауыстыру бойынша ұсыныс әзірленетін болады. Жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу байқау кеңестерінің, эндаумент-қорлардың құрылуын, жыл сайынғы жария есептілікті және қаржы қызметінің аудитін көздейді. ЖОО-ның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергеннен кейін бірыңғай ашық бухгалтерияны енгізумен қаржылық дербестікті ұсыну мәселесі пысықталатын болады.

      Барлық мүдделі тараптар 2016 жылдан бастап жаңа ұйымдық-құқықтық нысанға көшу мәселесі бойынша ақпараттық науқан өткізетін болады.

      2017 жылдан бастап жыл сайын тілдік даярлық деңгейін арттыру үшін жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне гранттар бөлінетін болады. 2017 – 2020 жылдары ағылшын тілінде оқу үшін бейіндік магистратураға (500 орын) және бакалавриатқа (900 грант) мемлекеттік тапсырыс бойынша қабылдау жүзеге асырылады. Сондай-ақ 500 мұғалім мен ОПҚ "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын болады. Тілдік курстарда ОПҚ біліктілігін арттыру, ағылшын тілін қашықтықтан оқыту, жоғары оқу орындары үшін ағылшын тіліндегі шетелдік оқулықтар мен ОӘК-ні бейімдеу бойынша қосымша шаралар қолданылатын болады.

      2017 – 2018 жылдан бастап ИИДМБ кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО-ларда ЖОО-лар үшін ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлей отырып, 6 мамандық бойынша ағылшын тілінде оқытуға көшу іске асырылатын болады. 2021 жылға қарай бакалаврлардың ағылшын тілін білуі С2 деңгейіне жеткізіледі. Одан әрі магистратурада бейіндеуші пәндерді ағылшын тілінде оқу басым болады.

Ғылым

      Мақсаттары: елдің экономикасының қарқынды әртараптануы және тұрақты дамуы үшін ғылымның нақты үлесін қамтамасыз ету.

      Нысаналы индикаторлар:

      1) ҒЗТКЖ-ны қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығындардың үлесі;

      2) қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарының жалпы санындағы коммерцияландырылған жобаларының үлесі.

      Міндеттері:

      1. Ғылымның ел экономикасын дамытуға қосатын үлесін ұлғайту.

      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялық мақсатта пайдалануды ынталандыру және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және енгізу жұмыстарын қаржыландыру үлесін арттыру мақсатында өндіріске инновацияларды енгізу бойынша жұмыстарды қаржыландыру тетіктерін қамтитын Заң қабылданды. Заңда ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін (бұдан әрі – ҒҒТҚН) коммерцияландыру процесін мемлекеттік қолдау және ҒҒТҚН-ны коммерцияландыруды ынталандыру шаралары көрініс тапқан.

      Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жеке капитал салуды ынталандыру маңызды міндет болып табылады. Қаржыландырудың жалпы көлеміндегі тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге арналған шығыстар артатын болады.

      Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге, ИИДМБ мұқтаждығына және бизнес тарапынан қоса қаржыландыру арқылы ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруға бағытталған ғылыми бағдарламаларды гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері енгізіледі.

      2019 жылға қарай ҚР БҒМ әкімшілендіретін ғылыми жобалардың 90 %-ы қоса қаржыландыру жағдайында ғана іске асырылатын болады.

      Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасы іске асырылады.

      Стартап-компаниялардың дамуына жәрдемдесу мақсатында ғылыми топтар үшін гранттарды бөлу, өндірістік сектор және әлеуметтік инновациялардың консорциумдарын құру, венчурлік қорларды қалыптастыру, брокерлік қызметті дамыту, шет елдерде технологиялық жеделдету офистерін құру және технологияларды трансферттеу офистерінің әлеуетін арттыру жолымен технологияларды коммерцияландыру циклін топтастыру көзделетін болады.

      Бизнестің, оның ішінде Ғылым қорының қатысуымен стартаптарды дамытуды коммерцияландыруға және қолдауға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде конкурстар өткізілетін болады.

      Ғылыми жобалар мен ғылыми-техникалық бағдарламалардың нәтижелілігін арттыру мақсатында ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру барысында патенттерді міндетті түрде алу бойынша талаптар бекітілетін болады.

      ИИДМБ басым бағыттары мен кәсіпорындарының қажеттіліктерін есепке ала отырып, кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 11 базалық жоғары оқу орнының жанынан коммерцияландыру офистері құрылатын болады.

      Қазақстандық ғылымды зерттеулер мен әзірлемелердің әлемдік деңгейіне шығару мақсатында ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы шет мемлекеттермен халықаралық ғылыми-техникалық әріптестік байланыстар дамитын болады.

      Қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларына, оның ішінде Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен, Көкжиек-2020 және т.б. қатысуын жандандыру қажет.

      2. Ғалымның ғылыми әлеуетін және мәртебесін нығайту.

      Ғылыми кадрлардың біліктілік әлеуетін жақсарту мақсатында:

      1) зерттеу университеттері қызметінің нормативтік құқықтық негіздері "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізіледі;

      2) салалық ғылыми ұйымдар үшін PhD докторларын мақсатты даярлауды жетілдіру бойынша білім және ғылым саласындағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіледі;

      3) еліміздің жетекші ЖОО-да докторанттар мен магистранттарды даярлау сапасын арттыру үшін ҒЗИ мен ғылыми орталықтардың ғылыми әлеуетін және материалдық-техникалық базасын пайдалану бойынша тетіктер енгізіледі;

      4) ғылыми-зерттеу жобаларына өндірістегі инженерлер, жас мамандар, магистранттар мен докторанттар тұрақты негізде тартылады.

      Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерцияландыруды қамтамасыз ету мақсатында бизнес-құрылымдарда енгізу бөлімшелері құрылатын болады.

      Түрлі тетіктерді қолдану, оның ішінде халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету арқылы жоғары импакт-факторлы халықаралық журналдарда қазақстандық ғалымдардың жариялау белсенділіктерін ынталандыру жұмыстары жалғастырылады.

      Қазақстан ғылыми журналдарын халықаралық ғылыми-техникалық ақпараттар базасына енгізу жұмысын жандандыру қажет.

      Ғалым жұмысының өнімділігі жарияланымдарының және осы жариялымдарға жасалатын сілтемелер санына негізделетін Хирш-индексі

      (h-индексі) арқылы бағаланады.

      Қазақстанда зерттеу жүргізуге және ғылыми қызметке шетелден қазақстандық ғалымдарды тарту жұмыстары жалғасатын болады.

      3. Ғылымның инфрақұрылымын жаңғырту.

      Ғылыми қамтымды экономиканы қалыптастырудың негіздері ретінде бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ оларды одан әрі коммерцияландыру үшін екі инновациялық кластер енгізіледі: Назарбаев Университетінің "Астана Бизнес Кампусы" және Инновациялық технологиялар паркі.

      Сондай-ақ инновацияны дамыту, озық технологияларды трансферттеу және нақты ғылыми-өндірістік жобаларды іске асыру үшін "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластерінде Қазақстанның және шет елдердің жетекші ғылыми орталықтары мен ЖОО-лары тартылады.

      Шетелдік және қазақстандық компанияларды, ғылыми қамтымды шағын және орта бизнесті, венчурлік қорларды, ғалымдарды, бизнесмендерді, қаржыгерлерді және студенттерді инновацияларды шоғырландыру және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында Назарбаев Университетінің "Астана Бизнес Кампусында" ғылыми орталықтар мен зертханалар орналастырылады.

      Дүниежүзілік банктің "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасын іске асыру барысында технологияларды коммерцияландыру офистері, инновациялық обсерватория құрылады.

      ҒЗИ мен ЖОО-лардың ғылыми-инновациялық құрылымдарын жаңғырту, ғылыми зертханаларды GLP стандарттары бойынша халықаралық аккредиттеу жүргізіледі.

      4. Ғылымның менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

      Активтерді басқаруды жетілдіру мақсатында ҚР БҒМ-ге ведомстволық бағынысты ғылыми ұйымдарды басқарудың, оның ішінде корпоративті басқару қағидаттарын енгізу арқылы басқарудың тиімді жүйесі құрылады.

      Ғылыми ұйымдар басшыларының жария есеп беру практикасы қалпына келтіріледі.

      ҒЗИ, жобалау және конструкторлық бюролар, инженерлік бейіндегі зертханалар арасында сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша ұзақ мерзімді бірлескен жұмыс жасауға бағытталған инновациялық консорциумдар дамитын болады.

      Ғылым мен білімді интеграциялау шеңберінде, оның ішінде МЖӘ тетіктері арқылы ғылыми ұйымдарды оңтайландыру және қайта құрылымдау жүргізіледі.

      Жүргізіліп жатқан ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалардың нәтижелілігін іске асыру және бағалау барысына мониторинг жүргізу жүйесі жетілдіріледі.

      Ғылыми ұйымдар мен ғалымдардың ғылыми-зерттеу қызметін рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі, ғылыми ұйымдар басшылары қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесі әзірленеді.

      Әлеуметтік-гуманитарлық салада зерттеулер жүргізудің жаңа тетіктерін енгізу шеңберінде "Мәңгілік Ел" гуманитарлық платформасы" іске асырылады.

      Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың жаңа тәсілдері шеңберінде ғылыми-техникалық бағдарламалардың тақырыптары мен тапсырмалары ЖАО-ның ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырылатын болады.

6. Қажетті ресурстар

      2016 – 2019 жылдары білім беруге арналған бюджеттік шығыстарды кезең-кезеңімен арттыру, 2020 жылға қарай олардың жалпы ішкі өнімдегі үлесінің дамыған елдерінің орташа деңгейіне дейін өсуін қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      1. Болжамды қаржылық шығындар (күрделі және ағымдағы)

      Бағдарламаны табысты іске асыру үшін қолдау тапқан қаражат шеңберінде АКТ мен электрондық оқытуды дамытуға, 3 ауысымды және авариялық мектептердің орнына мектептер салуға, бейінді мектептер салуға, жетекші ЖОО-ларға шетелдік ғалымдар мен консультанттарды тартуға, магистратура мен докторантураға қабылдау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысына, инновациялық жобаларды әзірлеуге және т.б. қаржылық ресурстар шоғырландырылатын болады.

      млрд. теңге

Жылдар бойынша


Барлығы


Республикалық бюджет


Жергілікті бюджет


Басқа қаржыландыру көздері


2016 ж.


390,2


322,3


67,9



2017 ж.


326,1


261,8


60,9


3,4


2018 ж.


357,3


284,6


61,8


10,9


2019 ж.


349,8


284,3


61,8


3,7


Барлығы:


1423,4


1153,0


252,4


18,0



      Бағдарламаны 2016 – 2019 жылдарға арналған қаржыландыру көлемдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады. ЖАО іске асыратын іс-шаралар жергілікті бюджетте көзделген жоспарлы кезеңге арналған қаражат шегінде орындалатын болады.


  Қазақстан Республикасы
  Президентінің
  2016 жылғы 1 наурыздағы
  № 205 Жарлығына
  ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған
кейбір жарлықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 371 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 976-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 77-78, 1130-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 893 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 51, 511-құжат).