Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарындағы 2016 жылға бір тәрбиеленушіге мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыруды және ата-ананың ақы төлеу көлемін бекіту туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 3 мамырдағы № 107-862 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 24 мамырда № 1022 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 09 қаңтардағы № 107-1 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1.Қарғалы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 49 "Қарғалы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4778 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 22 (4892) және 2016 жылдың 07 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) және 2016 жылғы 18 ақпандағы № 63 "Қарғалы аудандық ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4779 болып тіркелген, аудандық Қарғалы газетінде 2016 жылғы 14 сәуірде № 22 (4892) және 2016 жылдың 06 сәуірінде "Әділет" АҚЖ-де ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Байсеуповке жүктелсін.
      Қарғалы ауданының әкімі Р.Сыдықов