"Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 2 қарашадағы № 423 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 01.03.2016 № 205 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
       1. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      "1. Бағдарламаның Паспорты" деген бөлімде:
      Нысаналы индикаторларда:
      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлердің үлесі - 54%;";
      он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі - 80%;";
      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі - 13%;";
      Қаржыландыру көздері мен көлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қаржыландыру көздері мен көлемі
      Бағдарламаның бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 509,7 млрд. теңгені құрайды.
      Жергілікті бюджеттен қаржыландыру жыл сайын тиісті жергілікті бюджеттерден білім беру жүйесін дамытуға бөлінетін қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.";
      "4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері" деген бөлімде:
      "Нысаналы индикаторлары" деген кіші бөлімнің кестесінде:
      үшінші жолда:
      "2015" деген бағанда "47" деген цифрлар "49" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "2020" деген бағанда "52" деген цифрлар "54" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жетінші жолда:
      "2015" деген бағанда "73,5" деген цифрлар "74" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      он үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

"қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі

40%

75%

80%";

      он алтыншы жолда:
      "2015" деген бағанда "10" деген цифрлар "35" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жиырма бірінші жолда:
      "2015" деген бағанда "2" деген цифр "10" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "2020" деген бағанда "5" деген цифр "13" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жиырма төртінші жолда:
      "2015" деген бағанда "27" деген цифрлар "31" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады" деген кіші бөлімнің кестесінде:
      екінші жол мынадай редакцияда жазылсын

"педагогтердің жалпы санына шаққанда біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілікті арттырудан еткен педагогтердің үлесі

0%

30%

60%

БҒМ, ЖАО";

      он екінші жолда:
      "2015" деген бағанда "50" деген цифрлар "60" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      жиырма тоғызыншы жолда:
      "Көрсеткіш" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "ТжКБ мамандықтары бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен (кәсіптік стандарттар негізінде) әзірленген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларының үлесі";
      отызыншы жолда:
      "Көрсеткіш" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "жұмыс берушілердің және халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленген біріктірілген білім беру-оқыту бағдарламаларының үлесі";
      қырық үшінші жолда:
      "Көрсеткіш" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "мамандықтар бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі типтік оқу жоспарларындағы жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігін кеңейту, таңдау компонентін ұлғайту";
      қырық төртінші жолда:
      "Орындаушылар" деген бағандағы "БҒМ" деген аббревиатура "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы, БҒМ" деген сөздермен ауыстырылсын;
      елу екінші жол мынадай редакцияда жазылсын:

"депутаттардың жалпы санына шаққанда барлық деңгейлердегі өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі

*

3,9%

4,1%

БҒМ, ЖАО";

      елу үшінші жолда:
      "2015" деген бағанда "25" деген цифрлар "28" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "2020" деген бағанда "29" деген цифрлар "35" деген цифрлармен ауыстырылсын;
      "5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар" деген бөлімде:
      "Білім беру жүйесін қаржыландыру" деген кіші бөлімде:
      "Жан басына қаржыландыру" деген тарауда:
      тоғызыншы бөлік алынып тасталсын;
      "Педагог мәртебесі" деген кіші бөлімде:
      "Нысаналы индикатор" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нысаналы индикатор:
      Педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар жоғары білікті педагог қызметкерлердің үлесі (2015 жылы - 49%, 2020 жылы - 54%).";
      "Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету" деген тарауда:
      төртінші, бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Біліктілікті арттыру курстары "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының базасында педагогикалық шеберлік орталығында өтетін болады, онда курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат беріледі.
      Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, біліктілікті арттыру жүйесінің бағдарламалары мен материалдық-техникалық базасын жаңарту, ұйымдастыру моделін реформалау көзделеді.";
      алтыншы бөлік алып тасталсын;
      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту" деген кіші бөлімде:
      "Нысаналы индикатор" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нысаналы индикатор:
      3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту (2015 жылы - 74%, 2020 жылы - 100%).";
      "Орта білім" деген кіші бөлімде:
      "Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу" деген тарауда:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Құзыреттілік тәсіліне және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стандартын әзірлеу және енгізу жоспарлануда.";
      үшінші, төртінші, бесінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      "Типтік оқу жоспарлары және бағдарламалары:
      функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға;
      білім алудағы тұлғаның өзін-өзі дамытуын, дербестігін қамтамасыз ететін нәтижеге және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыруға;
      ақпараттар мен технологияларды басқара білуге және проблемаларды шешуге;
      іскерлік пен креативтілікті қалыптастыруға бағытталған.
      2011 жылы бастауыш білімнің жоспарлары және бағдарламалары жаңартылады, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру үшін негізгі орта және жалпы орта білім берудің құзыреттілік тәсілі негізінде оқу бағдарламалары әзірленеді.
      2015 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибе элементтері (мұғалімдердің біліктілігін арттыру, оқыту әдістемелері және технологиялары) білім беру жүйесіне енгізілетін болады.";
      жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика және технологиялық бағыттар бойынша "Бейіндік мектеп" бейіндік оқыту бағдарламасы әзірленеді және сынақтан өткізіледі.";
      отызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "2011 жылдан бастап бейіндік мектептерге, оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар әзірленеді.";
      "Техникалық және кәсіптік білім" деген кіші бөлімде:
      "Нысаналы индикаторлар" деген тараудың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қатысушылардың жалпы санына шаққанда кәсіби даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілікті беруден алғашқы реттен өткен ТжКБ бітірушілерінің үлесі (2015 ж. - 75%, 2020 ж. - 80%).";
      "Техникалық және кәсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныстарын ескере отырып жаңарту" деген тараудың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Кәсіптік стандарттардың талаптарына сәйкес:
      ТжКБ мамандықтары бойынша типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары жаңартылады;
      арнайы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеті әзірленеді;
      бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар әзірленеді, модульдік бағдарламалардың дерекқоры құрылады.";
      "Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын дамыту" деген тараудың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жастардың кәсіптік білім алуына қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін колледждер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының саны ұлғаяды. Атырау қаласында мұнайгаз саласы үшін, Екібастұз қаласында отын-энергетика саласы үшін, Шымкент қаласында өңдеу және Өскемен қаласында машина жасау салалары үшін 4 өңіраралық кәсіптік орталық жұмыс істейтін болады.";
      "ТжКБ-да оқыту беделін арттыру" деген тарау мынадай мазмұндағы он екінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Әлемдік деңгейдегі колледждер құрылатын болады, олардың қызметін басқаруды "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады. Олардың тәжірибесі ТжКБ бүкіл жүйесіне тарайтын болады.";
      "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім" деген кіші бөлімде:
      "Нысаналы индикаторлар" деген тараудың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Отандық ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізудің негізінде білім мен ғылымды біріктіру жолымен инновациялық қызметті жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы - 10%, 2020 жылы - 13%).";
      "Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымының Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету" деген тарауда:
      бірінші бөліктің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында білім алушылар оқудың барлық кезеңінде кемінде бір академиялық кезеңде шетелде, оның ішінде Президенттің "Болашақ" бағдарламасының гранты есебінен оқытылады;";
      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
      "Салалық қауымдастықтар базасында пилоттық режимдегі бірқатар тәуелсіз біліктілікті растау орталықтары құрылады.";
      алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      "Елдің ЖОО-ларына кезең-кезеңімен дербестік беру үшін жағдай жасалады. 2013 жылғы қыркүйектен бастап ұлттық зерттеу университеттеріне, 2014 жылғы қыркүйектен бастап - ұлттық жоғары оқу орындарына, 2015 жылғы қыркүйектен - қалған жоғары оқу орындарына дербестік беріледі.";
      "Білімнің, ғылымның және өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми және ғылыми - педагог кадрларды даярлау" деген тарау:
      мынадай мазмұндағы алтыншы бөлікпен толықтырылсын:
      "Студенттік және дипломдық жұмыстарды дайындау үшін 5 ұлттық және 15 инженерлік зертхананың зертханалық жабдықтарына кең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.";
      "Өмір бойы оқу" деген кіші бөлімде:
      "Халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлік жүйесі әзірленетін болады." деген бесінші бөлік алып тасталсын;
      оныншы бөлікте "кәсіптік лицей," деген сөздер алып тасталсын;
      "Тәрбие жұмысы және жастар саясаты" деген кіші бөлімде:
      "Нысаналы индикатор" деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:
      "Нысаналы индикатор:
      Жастардың жалпы санына шаққанда жастар саясаты мен патриоттық тәрбие саласындағы іс-шараларды іске асыруға белсенді түрде қатысатын жастардың үлесі (2015 жылы - 31%, 2020 жылы - 55%).";
      "Жастардың әлеуетін ашу тетіктерін іске асыру" деген тараудың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "2020 жылға қарай:
      депутаттардың жалпы санына шаққанда барлық деңгейлердегі өкілді органдарға сайланушы жастардың үлесі 4,1%-ға жетеді;
      жастар ұйымдарының қызметіне жастардың 35%-ы қатысатын болады;
      мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға тартылған жастар ұйымдарының үлесі 24%-ды құрайды.";
      "6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері" деген бөлімде:
      "Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлер қамтамасыз етіледі:" деген тараудың екінші бөлігінің 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Нормативтік - жан басына шағу принципі негізінде жаңа қаржы-экономикалық тетікті енгізу, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын қаржыландыру.":
      "7. Қажетті ресурстар" деген бөлімде:
      "Болжамды қаржы шығындары (күрделі және ағымдағы)" деген тараудың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Бағдарламаның цифрлармен бірінші кезеңін республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 509,7* млрд. теңгені құрайды. оның ішінде:
      2011 жылы - 72,3 млрд. теңге;
      2012 жылы - 98,3 млрд. теңге;
      2013 жылы - 52,8 млрд. теңге;
      2014 жылы - 145,9 млрд. теңге;
      2015 жылы - 140,4 млрд. теңге.".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев