Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы;
2) Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) Жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындылары бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жылдың қорытындылары бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваға жүктелсін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К.Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы 2012 жылғы 10 шілдедегі Мемлекет басшысының "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақаласында берілген тапсырмасын орындау үшін әзірленді.
1. Кіріспе
Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.
Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде Қазақстанда серпінді экономикалық өсуге негізделген әлеуметтік дамудың тиімді жеке моделі қалыптасты.
Білім беру, денсаулық сақтау, еңбек қатынастары мен әлеуметтік қорғау жүйелері ұдайы жетілдіріліп, жұмыспен қамту ынталандырылуда, мәдениет, ақпарат және спорт салалары табысты дамып келеді. Тұрақты экономикалық өсу қамтамасыз етіледі және қазақстандықтардың әл-ауқаты артуда.
Қазақстан Біріккен ұлттар ұйымының кедейлік деңгейін екі есе азайту, жалпыға ортақ бастауыш біліммен қамтамасыз ету, бастауыш және орта білім саласындағы гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі 2015 жылға дейінгі Мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізді.
2015 жылы Адами дамудың индексі рейтингінде (188 ел мен аумақтан) Қазақстан адами даму деңгейі жоғары елдер тобына сәйкес келетін 56-орынға ие болды.
Сонымен бірге, қазіргі әлемде барлық мемлекеттер бірқатар жаһандық трендтермен бетпе-бет келіп отыр, оларды өзінің әлеуметтік бағытын айқындаған кезде ескеру қажет.
Демографиялық сын-қатерлер кешенінде халықтың қартаю үрдісі байқалуда. БҰҰ деректері бойынша 60 жастағы және одан үлкен адамдар саны 2050 жылға қарай 2 еседен артық болады және бүкіл әлем халқының
22 %-ын құрайды. Бұл халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы құрылымындағы сапалы өзгерiстерге ғана емес, жұмыс iстейтiн адам жүктемесінiң ұлғаюына, сонымен қатар экономикалық өсудiң бәсеңдеуiне де алып келуі мүмкiн.
Табыс деңгейі төмен елдерде халықтың өсуi үрдiсі және табысы жоғары елдерде халық саны өсуiнің бәсеңдеуі байқалады, бұл жалпы әлеуметтiк жағынан осал халық санының ұлғаюына алып келеді. Бұл аз дамыған елдерден неғұрлым дамыған елдерге қоныс аудару ағындарына ықпал ететiн факторлардың бiрi болуы мүмкін.
Халық кедейшілігін азайту әлемдегі маңызды басымдықтардың бірі болып қалуда. БҰҰ деректері бойынша 2012 жылы әлемде күніне 1,25-ден аз АҚШ долларына күн көретін 1,4 млрд. адам (20 %) тіркелген.
Халық табысының теңсіздігі өзекті болып қалуда. Бай және кедей елдерде жан басына шаққандағы табыс деңгейі арасындағы алшақтық ұлғайып отыр. БҰҰ деректері бойынша соңғы 15 жыл ішінде әлемнің 100-ден астам елінде жан басына шаққандағы табыс төмендеп кетті. Әлем халқының 20 %-ы ең кедей адамдар санатына жатады және әлемдік кірістің 1 %-ына өмір сүруге ұмтылады.
Ауыз судың жетіспеуі және халықтың тіршілігі үшін қалыпты санитариялық жағдайды қамтамасыз ету де маңызды әлемдiк проблемалардың бiрi болып табылады. 1,1 миллиард адамның таза суды пайдалануға мүмкiндiгі жоқ. 2025 жылға қарай 1,8 миллиард адам судың абсолюттiк тапшылығы сезілетін елдер мен өңірлерде өмiр сүретiн болады, ал әлем халқының 2/3 шектеулі сумен қамту жағдайында өмiр сүруі ықтимал.
Азық-түлiктiң қажеттi қорын өндiру және оларды қайта бөлу проблемалары аштыққа ұшыраған адамдар санын ұлғайтады. Әлемде 1 миллиардқа жуық адам үнемі ашқұрсақ өмір сүруде. БҰҰ-ның есептеулеріне сәйкес 2030 жылға қарай бүкіл халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету үшін азық-түлiк өнімдерінің әлемдiк өндiрiсі екi есе өсуi тиіс.
Индустриялық-инновациялық даму аясында заманның технологиялық қауіптерге үлкен мән берiледi. Әлеуметтiк-экономикалық дамуда инновациялардың рөлiн күшейту дәстүрлi өнеркәсiп салаларындағы жұмыстан көрсетілетін қызметтер саласы мен ғылымды көп қажет ететiн салалардағы жұмысқа ауысуға, және осының салдары ретінде, орташа біліктілікті талап ететiн жұмыс орындары санының қысқаруына ықпал етеді.
Соңғы әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген дамыған елдерді мемлекеттің әлеуметтік саясатты іске асырудағы рөлін қайта ойластыруға бағыттады. Бүгінде Еуропа мен Азияның бірқатар елдері өздерінің "әлеуметтік даму модельдерін" жетілдіру жолдарын іздестіруде.
Тұтыну моделіне негізделген экономикалық жүйе қаржы дағдарысынан кейін шайқалды. Әлеуметтік берекелі қоғам құрған мемлекеттерде қазіргі уақытта әлеуметтік дағдарыс өсуде: әлеуметтік төлемдер азаюда, зейнеткерлік жас ұлғайтылып, жұмыссыздық өсіп келеді.
Елдiң үдемелі индустриялық-инновациялық дамуы жағдайында және жаhандық даму үрдiстерiн ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтiк моделі де жаңғыртуды талап етедi.
"Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақалада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлеуметтік жаңғыртудың жаңа кезеңін белгілейтін елдің әлеуметтік дамуының 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айқындады.
Тұжырымдама 2050 жылға қарай Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша стратегиялық мақсатқа жетуге себептес болады.
Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік дамыту пайымы.
Ағымдағы жағдайды талдау. Болашақтағы жетістіктер мен негізгі қауіптер.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік бағдарланған мемлекет құруды бастады.
Елдің әлеуметтік моделін қалыптастыруда үш негізгі кезеңді атап көрсетуге болады.
Бірінші кезең (1991 – 1998 жылдар) кеңестік кезеңнен мұра болып қалған және жаңа экономикалық жағдайда тұрақты бюджет базасымен нығайтылмаған декларативтік әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер санының көптігімен сипатталады.
Командалық-әкімшілік жүйе күйзеліске ұшырағаннан кейін ел инфляция деңгейі 3000 % ауқымды экономикалық дағдарыс, өндірістің терең құлдырауы мен жұмыссыздықтың тез өсуі жағдайына тап болды.
Жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) 1992 жылы 168 АҚШ долларын құрады, 1993 жылы ел халқының үштен бірі кедейшілік шегінде өмір сүрді. 1991 жылдан бастап 1997 жылдар аралығындағы кезеңде жұмыссыз халық саны іс жүзінде екі есе ұлғайды.
Кеңес уақытынан мұра болып қалған заңнама экономикалық негізі жоқ кепілдіктерді қамтыды. Мысалы, тегін көрсетілетін медициналық қызметтерге, барлық деңгейде білім беруге кепілдіктер беріліп, балалардың бос уақытын өткізу ұйымдары мемлекет есебінен жүргізілді, бірқатар заттай жеңілдіктер көзделді. Экономикалық құлдырау және бюджетке түсімдер болмаған жағдайларда бюджет мұндай үлкен жүктемені көтере алмады: еңбекақыны, зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуде кідірістер орын алды.
Аса тығыз мерзім ішінде экономикалық реформалар: бағаларды ырықтандыру, ұлттық валютаны енгізу, жекешелендіру, салық және банк жүйелерін реформалау, институционалдық реформалар жүргізілді. Міндетті тегін орта білім Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген. Жоғары білім конкурстық негізде ұсыныла бастады. Білім беру жүйесінде қызметін мемлекет реттейтін жеке сектор құрыла бастады. Білім беру мазмұнын жаңарту процесі басталды.
Денсаулық сақтау жүйесінде саланың инфрақұрылымын оңтайландыру жөніндегі реформалар басталды. Бұл өзгерістердің салдары фармацевтикалық сектор мен стоматологиялық ұйымдарды жекешелендіру болды.
Жинақтау қағидатына негізделген жаңа зейнетақы жүйесі енгізілді. Әрбір азамат өмір бойы өзінің зейнетақы жинақтарын өз бетінше жинайды, бұл жинақтар оның болашақ зейнетақысының мөлшерін айқындайды. Мемлекет барлық адамдарға базалық зейнетақы төлеміне қосымша кепілдік береді.
Ақпараттық кеңістікте жеке сектор құру азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Екінші кезең (1999 – 2008 жылдар) барысында әлеуметтік-экономикалық кепілдіктерді ұтымды ету, мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасындағы жауапкершілікті бөлу жүзеге асырылды.
Білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыруды орталықсыздандыру жүзеге асырылды. Білім беру ұйымдарының ауқымды құрылысы басталды.
Денсаулық сақтаудың екі деңгейлі бюджеттік жүйесі құрылды. Медициналық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі негізінде жүзеге асырыла бастады. Алғаш рет азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін және жеңілдікпен дәрілік қамтамасыз ету бағдарламасы енгізілді.
Қазақстан Республикасының халқын әлеуметтік қорғаудың 2001 жылғы тұжырымдамасы қабылданды, онда нарықтық экономиканың даму қағидаттарына сәйкес келетін модель құру көзделген.
2002 жылдан бері табысы кедейшілік шегінен төмен адамдарға атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
Екінші кезең шеңберінде жауапкершілік мемлекет, жұмыс беруші және қызметкер арасында бөлініп, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көпдеңгейлі жүйесі құрылды. Бұл жүйе бірнеше құрауыштардан тұрады, оның әрқайсысына қатысушы тараптардың біреуі жауап береді:
1) мемлекет – базалық әлеуметтік төлемдер: базалық және ынтымақты зейнетақылар, мемлекеттік жәрдемақылар, біржолғы мемлекеттік төлемдер;
2) жұмыс беруші – міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2018 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізіледі), еңбекке қабілеттілігін жоғалтуға байланысты табысынан айырылудың әлеуметтік қаупі орын алған кезде, жүктілікке және бала тууға, бала күтімі бойынша демалыстарға байланысты әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік сақтандыру жүйесіне аударылатын әлеуметтік аударымдар.
3) қызметкер – зейнетақы төлемдерін алу үшін жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары.
Әйелдерді қолдау және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету айтарлықтай кеңейтілді. Балалы отбасыларға бала туумен және оны асырумен байланысты жәрдемақылар беріледі және осы жәрдемақылардың сомасын біртіндеп ұлғайту қамтамасыз етіледі.
Үшінші, қазіргі заманғы кезеңде (2009 жылдан бастап) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы мен қолжетімділігі артып, тұрақты бюджет негізі есебінен лайықты әлеуметтік-экономикалық жағдай жасалуда, негізделген әлеуметтік көмек қағидаттары енгізіліп, жұмыспен қамтудың белсенді түрлері дамып келеді.
Әлеуметтік блок әлеуметтік көмек көрсетудің негізділігі қағидатын енгізу арқылы өз әлеуетін арттыра бастады.
2013 жылы Қазақстанның ЖІӨ 1991 жылмен салыстырғанда 2 есеге ұлғайды. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 1991 жылмен салыстырғанда 72 еседен аса ұлғайып, 12 мың 933 АҚШ долларынан асты.
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық саны 1998 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 12,5 есеге азайды.
Орташа айлық жалақы 1998 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 11,21 есеге өсті.
Халық денсаулығының жағдайы жақсарды. 1995 жылы елеулі төмендеуден кейін қазақстандықтардың өмір сүруінің болжамды ұзақтығы 2014 жылы 8,1-ге дейін ұлғайып, 71,62 жасты құрады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде ана өлімі 5,5 есеге азайып, 2015 жылы бұл көрсеткіш 100 мың тірі туылғанға шаққанда 12,3 көрсеткішін құрады.
Соңғы алты жылдың ішінде (2009 – 2015 жылдар) нәресте шетінеушілігі 1000 тірі туылғанға шаққанда 9,39 деңгейіне дейін 3 есеге төмендетілді.
Ынтымақты зейнетақы жүйесіне қатысушыларды зейнетақымен қамсыздандыру ету деңгейі тұрақты түрде артуда. Осылайша, соңғы 16 жылда (1999 – 2015 жылдар) зейнетақының ең аз мөлшері 8 есеге (3 000-нан 23 692 теңгеге дейін) зейнетақының орташа мөлшері 9,4 есеге (4 179-дан 39 379 теңгеге дейін), зейнетақының ең жоғары мөлшері 8,4 есеге (7 256-дан 60 947 теңгеге дейін) өсті.
Жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде айтарлықтай табыстарға қол жеткізілді. 2013 жылы Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 5,2 %-ды құрады, бұл 1999 жылмен (13,5 %) салыстырғанда елеулі ілгерілеуді көрсетеді. Нақты қазіргі уақытта жұмыспен қамту саласындағы саясат жұмыссыздық деңгейін 5 % деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік береді.
1. Білім беру
Ескерту. 1-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Негізгі жетістіктер
Балаларды (3-6 жас аралығындағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту екі есеге – 2009 жылғы 36,2 %-дан 2015 жылы 81,6 %-ға өсті. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіне мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігі енгізілді.
Инфрақұрылымды жақсарту мақсатында республикада үш ауысымды және авариялық жағдайдағы мектептердің орнына және оқушылар орнының тапшылығын азайту үшін мектептер құрылысы жүріп жатыр, ол авариялық мектептер санын 2013 жылдан 2015 жылға дейін – 2,6 %-дан 1 %-ға дейін, үш ауысымды мектептер санын 1,2 %-ға дейін, оқушылар орнының тапшылығын 39 мың орынға дейін азайтуға мүмкіндік берді.
"Болашақтың мектептері" үлгісі ретінде Назарбаев Зияткерлік мектептері табысты жұмыс істеп, дамып келе жатыр.
Қосымша білім беруді одан әрі арттыруға және білім беру сапасын арттырудағы негізгі бағдар ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі іс-қимылдардың орындылығын, біртұтастығын және жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталған Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 – 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары іске асырылуда.
Үштілді білім беру белсенді түрде енгізілуде. 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап барлық бірінші сыныптарда ағылшын тілін оқыту енгізілді.
Халқы аз елді мекендердегі оқушыларға көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін шағын жинақты мектептерді оқу-әдістемелік қолдаумен қамтамасыз ететін ресурстық орталықтар құрылуда.
Педагог мамандығының имиджі мен мәртебесін арттыру мақсатында мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа кембридждік моделі енгізілді.
Орта білім берудің жаңартылған мазмұны бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың 25 бағдарламасы әзірленіп бекітілді, олар бойынша 2015 жылы еліміздің 2700-ден астам педагогі оқытылды.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім алушыларға практикадан өту үшін жұмыс орындары ұсынылады, жұмыс берушілер тарапынан шәкіртақылар бөлінеді, оқытушылар өндірісте тағылымдамадан өткізіледі.
Жұмыс берушілер барлық түйінді учаскелерге – Ұлттық және өңірлік кеңестерге, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын басқаруға, кәсіптік стандарттарды әзірлеуге тікелей қатысады.
Жұмыс берушілер бірлестіктерінің базасында біліктілікті растайтын 3 орталық құрылды. Қазірдің өзінде 2108-ден астам кәсіпорын тартылған оқытудың қос жүйесі белсенді дамып келеді.
Жұмыс берушілерді мамандар даярлауға тартудың жүйелік операторы ретінде және әлемдік тәжірибені енгізу үшін "Кәсіпқор" холдингі құрылды, ол арқылы басқарудың бизнес қатысатын корпоративтік түрі, жаңа стандарттар, халықаралық бағдарламаларды аккредиттеу сынақтан өткізіледі және таратылады.
Жоғары білімнің қолжетімділігі кеңейтілуде. Жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – ЖОО) қоғам алдындағы білім беру сапасы үшін жауапкершілігін, оның ішінде әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар қарастырылатын болады. Кадрлар даярлау үш деңгейлі модель бойынша жүргізіледі: бакалавр – магистр – PhD докторы. Білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы жүзеге асырылуда. Алғашқы зерттеу университеттері: мемлекеттің 100%-дық қатысуымен "Қ.И. Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық зерттеу-техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (2014 жылы) және Назарбаев Университеті (2015 жылы) құрылды. 11 базалық ЖОО елдің индустриялық-инновациялық дамуы үшін кадрлар даярлауды жүргізеді.
Мемлекеттік жастар саясаты саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы № 191 және 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 983 қаулыларымен бекітілген "Қазақстан 2020: болашаққа жол" мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (екінші кезеңі – 2016 – 2020 жылдар) іске асырылуда.
Жастардың ойдағыдай әлеуметтенуіне және олардың мүмкіндіктерін ашып көрсетуге бағытталған мемлекеттік жастар саясатының тиімді моделін қалыптастыру Тұжырымдаманың мақсаты болып табылады.
Тұжырымдаманы іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: бірінші кезең – 2014 жылдан бастап 2016 жылға дейін; екінші кезең – 2016 жылдан бастап 2020 жылды қоса алғанға дейін.
Өзекті мәселелер
Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту одан әрі кеңейтуді талап етеді. Бұдан басқа, халықаралық ұйымдар 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесіне тарту арқылы балаларды ерте дамыту қажеттілігін алға тартып отыр.
Қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығының, яғни мектептен алатын білімдерін, машықтары мен дағдыларын адам өмірінің түрлі салаларындағы өмірде кездесетін міндеттердің кең диапазонын шешу үшін, сондай-ақ оларды тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда пайдалану деңгейінің төмендігі байқалады.
Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беруде оқыту мазмұнының нарықтың қажеттіліктеріне сәйкестігі қамтамасыз етілмеген, жұмыс берушілер мен тұрақты түрде білім беретін ұйымдар арасындағы байланысты дұрыс жолға қою қажет.
ЖОО студенттерін үштілді оқыту бағдарламаларымен қамту төмен деңгейде қалып отыр. ЖОО-ның ғылыми әлеуеті тиімсіз қолданылуда. Әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін практикалық түрде іске асыруға дейін қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдарды қолдаудың институционалдық нысандары дамымаған. ЖОО-ның қоғам алдында есеп беру тетігін реттемеген. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету үшін жағдайлар толық көлемде жасалмаған.
2. Денсаулық сақтау
Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Негізгі жетістіктер
Республикалық бюджеттен барабар қаржыландыру жыл сайын өсе отырып қамтамасыз етілген, 2015 жылы қаржыландыру көлемі 2009 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі әрбір азаматқа денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдау құқығын берді.
3 300 астам амбулаториялық ұйым еліміздің барлық тұрғындарын медициналық-санитариялық алғашқы көмекпен қамтиды.
2007 – 2012 жылдар аралығындағы кезеңде елде 100-ге жуық мемлекеттік және жеке меншік ауруханалар, әртүрлі деңгейдегі 489 амбулаториялық-емханалық көмек көрсету объектілері салынды.
Денсаулық сақтаудың алты инновациялық объектісі кіретін медициналық кластер құрылды. Астана қаласында әлемдік деңгейдегі жаңа онкологиялық орталық салынып жатыр.
Елдің шалғайдағы аудандарын медициналық көрсетілетін қызметпен қамтамасыз ететін көлік медицинасы жедел қарқынмен дамып келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған "Саламатты Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде 16 тікұшақ (14 ЕС-145 тікұшағы мен 2 Ка-32 тікұшағы) сатып алынды.
Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 4 млн. астам бала және 2 млн. астам ересек зерттеп-қаралды, бұл ауруларды ерте сатыларда анықтауға және тоқтатуға мүмкіндік береді.
Амбулаториялық-емханалық деңгейде тегін дәрілік қамтамасыз ету енгізілген. 3 млн. астам азаматтың неғұрлым кең таралған 48 ауруды емдеу үшін дәрілердің 400-ден астам түрін, сондай-ақ сирек кездесетін және ауыр түрдегі (гемофилия, склероз, муковисцидоз, қатерлі ісік және т.б.) ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды тегін алуға мүмкіндігі бар.
Елдің барлық тұрғындары вакциналық алдын алумен қамтылған.
2012 жылы Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Қазақстанды полиомиелит пен безгек аурулары жоқ ел деп таныды.
Қазақстандықтардың денсаулығы едәуір жақсарды. Қазақстан Республикасында кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектi дамытудың 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде соңғы алты жыл ішінде (2009 – 2015 жылдары) қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын азаматтардың өлім-жітімі 52,6 %-ға азайды. Туберкулезбен сырқаттанушылық соңғы 10 жыл ішінде 2,2 есеге, ал өлім-жітім 5 есеге азайды.
Жоғары технологиялық медициналық көмек дамытылуда. 2015 жылдың өзінде 11 мыңнан астам кардиохирургиялық операция, 300-ге жуық органдарды алмастыру операциясы жасалды. Жүрек алмастыру операциясы енгізілді, жамбас буынын эндопротездеу операциясы қол жетімді болды. Онкологиялық аурулар кезінде органдарды сақтайтын бірегей операциялар жасалады.
Медициналық ұйымдардың дербестігін, бәсекелестігін дамытуға және медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын ұдайы арттыруға бағдарланған басқару мен қаржыландырудың жаңа түрлері енгізілді.
Өзекті мәселелер
2014 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда болжамды өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші 71,62 жасты құрады, бұл кіріс деңгейі ұқсас елдерге қарағанда 4 жылға төмен.
Бұл еңбекке қабілетті жаста жүрек-қан тамыр аурулары, жол-көлік оқиғалары мен онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің жоғары деңгейімен байланысты. Туберкулезбен және көптеген дәріге көнбейтін туберкулезбен сырқаттанушылық жоғары деңгейде қалып отыр.
Ана мен баланың денсаулығын сақтау саласындағы айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, республикада ана мен бала өлімінің көрсеткіштері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Еуропалық өңіріне қарағанда әлі де жоғары.
Жоғарыда көрсетілген проблемалардың басым бөлігін медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) деңгейінде шешуге болады. Халықаралық тәжірибе МСАК-ты қаржыландыру көлемі денсаулық сақтау шығыстарының кемінде 40 %-ын құраған жағдайда МСАК тиімділігі мен ең көп қамтылуына қол жеткізілетінін көрсетіп отыр. Алайда 2015 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан МСАК-қа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі қаражатының 30 %-ын ғана жұмсаған.
Денсаулық сақтауды қаржыландыру көздері әртараптандырылмаған, негізгі қаржылық жүктеме мемлекетке тиесілі, іскерлік қоғамдастықтың үлесі жеткіліксіз, ал азаматтардың қаржылық қатысуы оларды өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға ынталандырмайды.
3. Әлеуметтік қорғау және еңбек нарығы
Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42; 31.05.2016 № 321 қаулыларымен.Негізгі жетістіктер
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде әлеуметтік-еңбек саласында халықтың өмір сүру деңгейін едәуір жоғарылатуға мүмкіндік берген айтарлықтай табыстар қамтамасыз етілді.
1993 жылы әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке арналған шығыстар ЖІӨ-ден 0,9 %-ды құрады. 2013 жылы шығыстар көлемі ЖІӨ-ден 3,7 %-ға дейін ұлғайды.
Кепілдендірілген арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер тізбесі белгіленді және халықтың негізгі осал топтары үшін арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер стандарттары әзірленді.
Қазақстан БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қол қойды. Конвенция мүгедектер құқықтарын қорғаудың жаңа жоғары стандарттарын белгіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадамды іске асыру шеңберінде (83-қадам. Еңбек қатынастарын ырықтандыру) Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексі әзірленіп, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында еңбек қатынастары саласына мемлекеттің араласу шектері нақты айқындалған және тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз етуді ескере отырып, еңбек қатынастары субъектілерінің рөлі мен жауапкершілігі айқындалған.
Ең төмен еңбек стандарттары, базалық кепілдіктер мен жұмыскерлерге өтемақылар белгіленген.
Еңбек кодексі еңбек қатынастарын икемді реттеу тетіктерін кеңейтуге, кәсіпорындардың дамуына кедергі жасайтын шектеулер қатарын алып тастауға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, кәсіпкерлікті, еңбек нарығын дамытуға және инвестицияларды тартуға оң әсерін тигізеді.
Халықаралық еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау стандарттары енгізіліп, өндірістік жарақаттану азайып келеді.
Жұмыссыздарға мемлекеттік көмек негізділік қағидаттарында беріледі. Жұмыссыз адам жұмысқа орналасу үшін күш-жігерін салады, ал мемлекет оған осы мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Өзекті мәселелер
Елеулі жақсаруларға қарамастан, кәсіпорындардың жұмыс істеуі мен өсуі үшін негізгі кедергі жұмыс күшінің біліктілігі болып табылады.
Бейресми жұмыспен қамту кең таралған құбылыс болып қалып отыр. Бейресми сектор Қазақстанда кең ауқымды, 15-тен 64 жасқа дейінгі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың шамамен төрттен бірі бейресми түрде жұмыс істейді.
2013 жылы елдегі өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық саны 2,59 млн. адамды немесе жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті барлық халықтың үштен бірін құрайды. Олардың ішінен, статистикалық деректерге сәйкес 9 %-ның 11 жылдық білімі жоқ, ал орта мектептің 11 сыныбын бітіргендердің 52 %-ы өз білімдерін жалғастырмаған. Жалдамалы қызметкерлер қатарында бұл сандар тиісінше 2 %-ды және 25 %-ды құрайды.
Ауыл шаруашылығында өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың арасында білім деңгейі неғұрлым төмен адамдар басым. Саудада өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың 22 %-ы жұмыс істейді және олардың білім деңгейі жалдамалы қызметкерлер арасындағы орташа көрсеткіштерден қалыс қалады, бірақ бұл ретте осы салада жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі (58 %) арнайы орта немесе жоғары білім алған.
Жалпы алғанда білім деңгейінің төмен болуы себепті өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың еңбек өнімділігі төмен.
Жұмыс күшінің теңгерімделген сұранысы мен ұсынысын қамтамасыз ету үшін еңбек ресурстарына деген қажеттілікті болжамдау тәсілдерін жақсарту қажет.
Жас адамдардың (тіркелген жұмыссыз халықтың үштен бірі) және әйелдердің (ұзақ мерзімді жұмыссыздық ерлерге қарағанда екі есе жоғары) арасындағы жұмыссыздық үлесі жоғары.
Кедей халықты белсенділендіру бағдарламалары тиімділігінің жеткіліксіздігі әлеуметтік апатияға және масылдыққа алып келеді.
Өз кезегінде әлеуметтік көмектің үлкен тиімділігін қамтамасыз ету бағдарламалар мен әлеуметтік көмек көздерін шоғырландыруды талап етеді, бұл әлеуметтік көмек көрсетудің үйлестірілуін жақсартуға мүмкіндік береді.
Өндірістік жарақаттанушылықтың жоғары болуы еңбек қатынастары саласындағы аса маңызды мәселе болып табылады.
4. Ақпараттық кеңістік, мәдениет және спорт
Ескерту. 4-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Негізгі жетістіктер
Сапалы қайта құрулар нәтижесінде тәуелсіздік жылдары ішінде азаматтардың ақпаратқа еркін қол жеткізу құқығы айтарлықтай кеңейе түсті. Егер 1990 жылға дейін Қазақстанда небәрі 10 республикалық мемлекеттік баспасөз басылымы шығарылып, 21 теле- және радиоарна эфирге шықса, 2013 жылы елде 2164, оның ішінде 80 %-ы мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары жұмыс істейді.
Мемлекеттік баспа басылымдарының таралымы ұлғайтылып, дизайны жаңартылды, 2011 жылдың басында ұлттық цифрлық спутниктік желіні іске қосу жүзеге асырылды.
Астана қаласында мемлекеттік хабар тарату компанияларының басты технологиялық алаңына айналған "Қазмедиа орталығы" аппараттық-студиялық қазіргі заманғы кешені пайдалануға берілді.
2011 жылы ұялы байланыс операторлары Астана, Алматы қалаларында және елдің барлық облыс орталықтарында үшінші буын желісін (3G стандарты) пайдалануға енгізді. 2012 жылдан бері төртінші буын желілерін (4G стандарты) салу жобасын іске асыру басталды.
2007 жылдан бастап 2011 жылдар аралығы кезеңінде ұялы байланыс абоненттерінің саны 2 есе, Интернет абоненттері 3 есе ұлғайды. Ел халқының 55,3 %-ы Интернет желісін пайдаланушылар болып табылады, тұрғындардың 18,5 %-ы Интернетті білім алу мақсатында пайдаланады.
"Электрондық үкімет" инфрақұрылымы арқылы азаматтарға, бизнеске және мемлекеттік органдарға ақпарат ұсыну және қызмет көрсету міндеттері ойдағыдай шешілуде. Мемлекеттік органдар барлығы 236 интерактивті және транзакциялы қызметтер көрсетеді. "Электрондық үкімет" порталын күн сайын 25 000 астам азамат қолданады.
2007 жылдан бастап 2011 жылдар аралығы кезеңінде электрондық коммерция 257-ден 1519 респондентке дейін өсті.
Соңғы он жылда мәдениет ұйымдары санының артқаны байқалады: театрлар саны 21 %-ға, музейлер саны 26 %-ға, клубтық типтегі мекемелер саны 22 %-ға артты.
2013 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде музейлерге келушілер саны 19 %-ға, театрға келушілер саны 3 %-ға, концерттік ұйымдар өткізетін іс-шаралар көрермендерінің саны 48 %-ға артты.
"Қазақтың дәстүрлі мың күйі", "Қазақтың дәстүрлі мың әні" және "Батырлар жыры" атты бірегей жобалар шеңберінде халық шығармашылығының үздік үлгілері жүйеленді.
"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғам отандық киностудиясында көркем, деректі және анимациялық фильмдер шығарудың толық заманауи технологиялық тізбегі қамтамасыз етілген.
Ұлттың негізгі зияткерлік ресурсына айналған Қазақстан ұлттық электрондық кітапханасы серпінді дамып келеді, оның қоры 23 мыңнан астам құжаттардың электрондық көшірмесін қамтиды.
Әлеуметтанушылық зерттеулердің деректеріне сәйкес 2015 жылы халықтың мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасына қанағаттануы 69,1 %-ды құрады.
2014 жылғы 4 қарашада алғаш рет Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Тұжырымдамада саланың мәртебесін арттыруға бағытталған, оны сапалы жаңғырту мен орнықты дамытудың жүйелі шаралары көзделген.
Тұжырымдама ұлттық саналуандылықты сақтау негізінде қазақстандық мәдени кеңістікті дамытуға, азаматтардың рухани-адамгершілік бағдарларын қалыптастыруға, отандық мәдениетті әлемдік мәдени кеңістікпен ықпалдастыруға, Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын елімізде және шет елдерде кеңінен ілгерілетуге, бәсекеге қабілетті мәдени ортаны және қазіргі заманғы мәдени кластерлерді қарқынды дамыту үшін жағдайлар жасауға және т.б. бағытталған міндеттер қатарын іске асыруға мүмкіндік береді.
Дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың саны 2012 жылғы 21,6 %-дан 2015 жылы 26,3 %-ға дейін ұлғайды.
Жыл сайын спорт ғимараттарының саны артып келеді, осылайша 2015 жылдың қорытындысы бойынша республикада 35 783 ғимарат жұмыс істейді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 4,7 %-ға артқанын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 168 Жарлығымен Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Аталған тұжырымдама дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімді моделін қалыптастыруға бағытталған, ол бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын қарқынды дамытудың біріктіруші бастамасы және басты қозғалтқыш күші ретіндегі ұлттың спорттық әлеуетін жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Өзекті мәселелер
Қазіргі уақытта ақпараттық саланы, сондай-ақ мәдениет және спорт салаларын қаржыландыру халықаралық озық стандарттарға сәйкес келмейді.
Мәселен, Қазақстанда мәдениетті дамытуға жұмсалатын бюджет шығыстары ЖІӨ 0,1 %-ды құрайды, батыс елдерде бұл көрсеткіш 0,6 %-дан 0,8 %-ға дейін.
Қызметкерлердің бейінді бағыттар бойынша компьютерлік сауаттылығының төмен деңгейі енгізіліп жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалануға, тиісінше оларға көрсетілетін қызметтер мен орындалатын функциялардың сапасын арттыруға мүмкіндік бермейді.
Интернет желісімен қамтуды одан әрі кеңейту қажет.
Қазақстан электрондық коммерцияны дамытуда әлемнің индустриялық елдерінен әлдеқайда артта қалуда.
Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қаржыландырудың жеткіліксіз тарифтері проблемалардың бірі болып табылады.
Өңірлердегі мәдениет мекемелері желісін дамытудағы сәйкессіздіктерге негізделген мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерге қол жеткізу мәселесі өзекті болып қалуда.
Сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау және мамандықтың беделін арттыру мәселелері назар аударуды талап етеді.
Спорт саласында бұқаралық спорт түрлерін емес, кәсіби спорт түрлерін жетілдіруге басты көңіл бөлінуде.
Ауылдық және қалалық аумақтардағы спорттық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы деңгейінде айырмашылықтар бар. Спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз, олардың, әсіресе, ауылдық жерлерде спорттық керек-жарақпен төмен қамтылуы атап өтіледі. 2015 – 2016 оқу жылы бойынша типтік ғимараттарда 5380 мектеп орналасқан. Республиканың 5823 мектеп спорт залының 5151-і (немесе 71 %-ы) типтік ғимараттарда орналасқан. Оның ішінде 4294 (немесе 60 %) ауыл мектебінде спорт залдар бар, оның ішінде 3673-і (немесе 51 %-ы) типтік ғимараттарда орналасқан. 2015 жылы елде 111,5 мың бала мен жасөспірімді қамти отырып 575 аула клубы, 96 балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру клубы (БЖДШК) жұмыс істеді.
Халықтың әлеуметтік осал жіктерінің бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға интеграциясына жеткілікті назар аударылмайды.
5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Ескерту. 5-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Негізгі жетістіктер
Соңғы онжылдықта жалпыұлттық сипаттағы неғұрлым маңызды міндеттердің бірі тұрғын үй құрылысы болып табылады. 2014 жылға арналған тұрғын үй қоры 336,9 млн. шаршы метрді құрады, бұл 2004 жылға қарағанда 84,2 млн. артық.
Қазақстанда халықтың тұрғын үймен қамтылуы 2015 жылғы жағдай бойынша бір адамға есептегенде 21,0 шаршы метрді құрайды. Жыл сайын енгізілетін тұрғын үйдің жалпы алаңының көлемі 2003 жылдан бастап 2015 жыл аралығында 4 еседен артыққа өсіп, 2015 жылы 8,9 млн. астам шаршы метрді құрады.
2015 жыл ішінде республикада 1 945 км инженерлік-коммуникациялық желілер құрылды. Оның ішінде енгізілген электр желілерінің ұзындығы 760 км, газ – 399 км, жылу – 200 км, су құбыры және кәріз – 440 км, байланыс желілерінің ұзындығы 145,8 км құрады.
Орташа класс пен халықтың әлеуметтік қорғалатын жіктеріне арналған тұрғын үй салуға ынталандыруға бағытталған шаралар қабылданды: жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаж адамдар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттік қаражат есебінен қолжетімді тұрғын үй салу.
"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамның қатысуымен азаматтар, банк, мемлекет және құрылыс компанияларының тең құқықты серіктестігі қағидатына негізделген тұрғын үй құрылысы және оны сату схемасы енгізілді. Банк халықтың қалың тобына арналған түрлі бағдарламаларды іске асырады.
Жалдамалы тұрғын үй нарығын реттеу нормалары заңнамалық түрде қабылданып, оны дамыту үшін жағдайлар жасалды. Республикада жалдамалы үйлерді жалдау шарттары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үйді жалдау тетігі айқындалды.
Өзекті мәселелер
Экономикалық белсенді халықтың негізгі бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі төмен деңгейде қалып отыр.
Жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған азаматтар үшін жалдамалы тұрғын үй салуды қаржыландыру көлемін одан әрі ұлғайту қажет.
Қазіргі тұрғын үй қорында көппәтерлі үйлерге жататын тұрғын үйдің 26 %-ы жекелеген жөндеу түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3 %-ы одан әрі пайдалануға жарамсыз апаттық тұрғын үй санатына жатады.
Қазақстанда құрылыс индустриясының тиімді нарығын дамыту қажет, ол халықтың қалың тобына арналған тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырудың маңызды факторы болып табылады.
2. Тұжырымдаманың мақсаттары, міндеттері, іске асыру кезеңдері
және оны іске асырудан күтілетін нәтижелер.
Ескерту. 2-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Адами капиталдың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ барлық қазақстандықтар үшін өмір сапасының жоғары стандартына қол жеткізуге жағдай жасау Тұжырымдаманың мақсаты болып табылады.
Қазақстанда әрбір адам өзін-өзі дамытуға ұмтылуға негізделген өсу мен даму үшін айқын әлеуметтік перспективаларды көре алады. Әрбір ата-ана өз баласының лайықты және жақсы өмір сүретініне, өз әлеуетін іске асырып, ата-ана бола алатынына сенімді болады. Егделік кәрілік ретінде емес, "екінші" есею және жаңа мүмкіндіктер уақыты ретінде қабылданатын болады.
Отансүйгіштік, рухани даму, көп тілділік, дені сау болу әдеті, өз тағдыры үшін жауапкершілік, жаңа білім алып, тәжірибе жинауға, өзін-өзі дамытуға және еңбек, инновациялық ойлау, меншікке құрметпен қарау және қорғау, адамдарға және табиғатқа деген сүйіспеншілік арқылы жаңа құндылықтарды қалыптастыруға ұмтылу қазақстандықтардың ұлттық мінез-құлқының ажырамас құрауыштары болады.
Әділ қоғам қалыптастыру мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет.
1) өнімді жұмыспен қамтуға, қауіпсіз жұмыс орындарына негізделген әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін құру;
2) азаматтарға жоғары сапалы медициналық қызмет көрсететін инновациялық және қаржылық орнықты денсаулық сақтау жүйесін құру;
3) азаматтарға еңбек нарығында талап етілетін біліктіліктерді, өмір бойы білім алу мүмкіндігін ұсынатын бәсекеге қабілетті және қолжетімді білім беру жүйесін қалыптастыру;
4) инклюзивтік экономикалық өсуге негізделген әлеуметтік қорғаудың атаулы және кешенді жүйесін дамыту;
5) қазақстандықтардың дене және рухани дамуына мүмкіндік беретін ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту.
Іске асыру кезеңдері
Бірінші кезеңде (2014 – 2016 жылдары) әлеуметтік жаңғырту үшін құқықтық негіздер қалау және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспарында көзделген әлеуметтік саланы реформалаудың бірінші кезекті шараларын іске асыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.
Екінші кезеңде (2016 – 2030 жылдары) ұзақ мерзімді міндеттер мен әлеуметтік жаңғырту іс-шараларын іске асыру жоспарланып отыр.
Әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асыру мынадай негізгі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
2030 жылға қарай Қазақстан табыс деңгейі жоғары елдер қатарына кіреді.
Қазақстан ел ішінде және одан тысқары жерлерде тұрақты, жайлы және әл-ауқатты мемлекет ретінде қабылданып, ал қазақстандық азаматтық әлемде бағаланатын болады.
Өмір сүрудің болжамды ұзақтығы 2030 жылға қарай туған кезде 78 жастан жоғары көрсеткішті құрайды.
2030 жылға қарай ана өлім-жітімі мен нәресте шетінеушілік көрсеткіші 1,5 есеге төмендейді.
2030 жылға қарай ең төменгі мемлекеттік әлеуметтік стандартқа оның барлық құрауыштары бойынша толық қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі барлық халықтың 5 %-нан аспайтын болады.
2020 жылға қарай 16-дан 29 жасқа дейінгі жастағы жастардың үлесі жұмыссыз халықтың құрамында екі есеге азаяды.
Халықтың денсаулығы айтарлықтай жақсарады. 2020 жылға қарай Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық кемінде 30 %-ға (2012 жылы – 100 000 тұрғынға есептегенде 58,5), ал 2030 жылға қарай туберкулезбен сырқаттанушылықтың жаңа түрлері ең төменгі деңгейге дейін азайтылатын болады. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіби ауруларға шалдығу жағдайларының саны айтарлықтай азаяды және әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындайтын болады.
Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру жалғастырылады.
Дене шынықтырумен үнемі шұғылданатын адамдардың үлесі 2030 жылға қарай кемінде 40 %-ды құрайды.
Білім беру жүйесі тиімділіктің жаңа деңгейіне көтеріледі. 3-тен 6 жасқа дейін балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 2020 жылға қарай 100 %-ды құрайды. 1-ден 3 жасқа дейінгі балалардың қамтылуын кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
2030 жылға қарай ерекше білім қажеттіліктері бар балалардың жалпы санынан инклюзивтік білім беруге енгізілген балалардың үлесі 70 %-ға дейін жетеді.
Қазақстан 2030 жылға қарай оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама бойынша (PISA) ең үздік көрсеткіштерге ие 30 елдің қатарына кіреді.
Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Осы бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде 2017 – 2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математика бағытындағы 4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрларды және 6 мамандық бойынша Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – ИИДМБҚ) кәсіпорындары үшін кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық ЖОО-да білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді ағылшын тілінде әзірлей отырып, ағылшын тілінде оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.
2017 – 2018 оқу жылында үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады.
Қазақстан мектептерінде үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті мектептің, 20 Назарбаев Зияткерлік мектебінің, 30 қазақ-түрік лицейінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылатын болады
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттер үшін тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті (пандустар, көтергіш, лифт, сондай-ақ ақпараттық және кітапхана ресурстарымен және т.б. қамтамасыз ету) жасау жұмыстары жалғастырылатын болады. Қашықтықтан оқыту технологиясы кеңейтіледі, жаппай онлайн курстар ашылады, арнайы білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдар әзірленеді, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс жасау үшін ЖОО-ның профессорлық-оқытушылар құрамын қайта даярлау жүзеге асырылады. 2020 жылға қарай аталған санаттағы студенттерге тең жағдай мен кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен ЖОО-ның үлесі 100 %-ды құрайды.
Қазақстандықтар өздерін әлемдік ақпараттық және мәдени кеңістікте батыл сезінетін болады. 2025 жылға қарай ел халқын Интернет желісімен қамту 100 %-ға жететін болады, халықтың 90 %-ы компьютерлік сауаттылықты меңгереді.
2030 жылға қарай электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үлесі 90 %-ды құрайды.
Мәдениет саласында көрсетілетін қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттану деңгейі 2030 жылға қарай 75 %-ды құрайды.
Мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдана отырып, 2016 жылдан бастап елімізде жыл сайын жалпы алаңы кемінде 7 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.
Қазақстандықтардың адами капиталын дамытудың жоғары деңгейі ұлттық бірегейлік пен ұлттық идеяның негізіне айналады. Дені сау, білімді және салауатты адамдардың ұлты "қазақстандықтар" деген ұғымды айқындайтын болады. Орташа тап саны аса ауқымды әлеуметтік топқа айналып, елдің экономикалық өсуінің негізі болады.
2. Қазақстан Республикасын 2030 жылға дейін әлеуметтік
дамытудың негізгі қағидаттары және тәсілдері
Ескерту. 2-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.
Шетелдік әлеуметтік модельдер
Халықаралық сарапшылар негізгі үш әлеуметтік модельді атап көрсетеді: скандинавиялық, континенттік және англосаксондық.
1-кесте. Әлеуметтік даму модельдерін салыстыру
Модельдер | Критерийлер | Скандинавиялық модель | Континенттік модель | Англосаксондық модель |
Мемлекеттің әлеуметтік саясаттағы рөлі | Бюджеттік қаржыландыруды ұсыну | Бюджеттік қаржыландыруды ұсыну және нарықтық реттеу | Нарықтық реттеу | |
Әлеуметтік игіліктер ұсыну қағидаты | Теңдік – барлығы үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. | Жеке жауапкершілік – әлеуметтік қорғау мен еңбек қызметінің табыстылығы деңгейі арасындағы жоғары тәуелділік | Атаулылық - мемлекеттің ең төменгі қолдауы, кәсіби дағдыларды үнемі арттыруға ынталандыру | |
Қаржылық негіз | Салық салудың жоғары деңгейі | Салық салудың жоғары деңгейі, міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандырудың болуы | Жеке меншік сақтандыру мен жеке меншік жинақтардың болуы |
Скандинавиялық моделі бар елдерде (Швеция, Норвегия, Дания, Австрия, Бельгия, Нидерланды) жеке жарналардың деңгейіне тәуелді емес жалпыға ортақ игіліктер мен тең бөлінетін игіліктер жүйесі жұмыс істейді.
Мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктері әмбебап. Өз азаматтарының әлеуметтік салауаттылығы үшін негізгі жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, ол әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің негізгі өндірушісі болып табылады және әлеуметтік мұқтаждықтар шығыстарының қомақты бөлігін мемлекет өзіне алады.
Осы модельді қолданатын елдерде адамға туғанынан бастап және өмір бойы әлеуметтік кепілдіктер беріледі. "Жұмыспен толық қамту" саясаты жүргізіледі.
Мектепке дейінгі, орта және жоғары білім беру тегін болып табылады. Сондай-ақ біліктіліктен қайта өткізу бағдарламалары мен басқа да бірқатар білім беру бағдарламалары тегін. Осылайша, ересек халықты оқыту нысандарының алуан түрлілігі өмір бойы үздіксіз білім алуға мүмкіндік береді.
Медициналық көрсетілетін қызметтердің басым бөлігі және дәрілік қамтамасыз ету мемлекеттің толық қаржыландыруы есебінен беріледі.
Мүгедектігі және кәрілігі бойынша еңбекке қабілеттілігін, жұмысын, асыраушысын жоғалтқан жағдайда, жетім балалар мен мүмкіндігі шектеулі балалар үшін халықты толық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі жұмыс істейді.
Осы модельдің артықшылығы – оның адами капиталдың сапалы дамуына барынша жағдай жасайтындығында.
Мәселен, салыстырмалы талдау бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингтерінде көрсетілген елдердің жоғарғы деңгейін көрсетеді.
Сонымен бірге, осы модельді пайдаланатын елдер бірқатар маңызды ерекшеліктерге ие.
Біріншіден, осы модель қолданылатын елдерге орташа есеппен 5-7 млн. адамды құрайтын, ал неғұрлым ірі елдерде 10 млн. адамға жететін халқының саны салыстырмалы түрде аз болу тән.
Екіншіден, осы елдерге сатып алу қабілетінің паритеті бойынша халықтың жан басына шаққандағы кірістердің жоғарғы деңгейі тән, ол орташа есеппен 40 мың АҚШ долларын құрайды.
Үшіншіден, мемлекет шығыстарының жоғары үлесі көп жағдайда халыққа салынатын жоғары салықтық жүктеме есебінен және корпоративті сектор арқылы қамтамасыз етіледі. Айталық, жеке табыс салығының пайыздық мөлшерлемесі 59 %-ға дейін салық салудың пропорционалды жүйесі енгізілген.
Бұл елдердегі мемлекеттік бюджеттің кірістері – ЖІӨ-ден 50-52 %-ды, мемлекеттік әлеуметтік шығыстар – ЖІӨ-ден 40-44 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – ЖІӨ-ден 25-27 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 7-8 %-ды, денсаулық сақтауға – ЖІӨ-ден 8-9 %-ды құрайды.
Континенттік модельде (Италия, Франция, Германия, Швейцария, Финляндия) әлеуметтік төлемдер ең алдымен бұрын жасалған төлемдер мен мәртебеге байланысты.
Жалпыға ортақ игіліктер мемлекеті бірінші кезекте өтемақыны төлеуші ретінде, соңғы кезекте жұмыс беруші ретінде сипатталады.
Жоғарғы әлеуметтік шығыстармен қатар әлеуметтік саясатта теңестіру құралдарын жеткіліксіз қолдану байқалады.
Бұл модель үшін міндетті және ерікті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі тән.
Осы модельдің мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі аралас болып табылады. Орта білім беру тегін.
Медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі, бірқатар елдерде мемлекет тегін медициналық қызметтердің белгілі бір көлемін көрсетуге және дәрілік қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Орташа есеппен мемлекеттік бюджеттің шығыстары ЖІӨ-ден
42-45 %-ды, мемлекеттік әлеуметтік шығыстар – ЖІӨ-ден 38-39 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – орташа есеппен ЖІӨ-ден 25 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 5-6 %-ды, денсаулық сақтауға – орташа ЖІӨ-ден 8 %-ды құрайды.
Англосаксондық модель (Австралия, Канада, Жаңа Зеландия, АҚШ, Ұлыбритания) жеке өзін-өзі қамтамасыз етудің күштілігімен және әл-ауқаттың нарықтық саралануымен сипатталады.
Әлеуметтік кепілдіктерді ұсынуға мемлекет аз қатысады, бірақ бақылау, үйлестіру, теңестіру функцияларын атқарады, мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қолдауды құру мен дамытуды ынталандырады. Әлеуметтік игіліктерді ұсынуда бизнес негізгі рөл атқарады. Жеке жинақтар мен өзін-өзі сақтандыру әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржылық негізі болып табылады. Жауапкершіліктің елеулі бөлігі азаматтардың өздеріне жүктеледі. Бұл модельдің әлеуметтік саясатында теңестіру құралдары жоқ.
Осындай модельді елдерде мемлекеттік бюджеттің кірістері орташа есеппен ЖІӨ-ден 35-37 %-ды, мемлекеттік әлеуметтік шығыстар – ЖІӨ-ден 32-35 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – орта есеппен ЖІӨ-ден 20 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 5,5 %-ды, денсаулық сақтауға – Австралияда 6 %-дан бастап, АҚШ-та ЖІӨ-ден 9,5 %-ды құрайды.
Шетелдік әлеуметтік модельдердің қаржылық көрсеткіштерін салыстырған кезде, Қазақстанның мемлекеттік бюджетінің кірісі (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді есепке алмағанда) қаралып отырған елдерге қарағанда екі есе төмен, ЖІӨ-ден шамамен 20 %-ды құрайды (Ұлттық қорға түсетін түсімдерді ескерсек – ЖІӨ-ден 28 %). Бұл, ең алдымен, бизнес пен азаматтарға салынатын салықтық жүктеменің төмен болуына байланысты: жеке табыс салығы 10 %-ды, корпоративтік табыс салығы 20 %-ды құрайды.
2012 жылдың қорытындылары бойынша бюджеттен жұмсалатын әлеуметтік шығыстар ЖІӨ-ден 10,5 %-ды, оның ішінде әлеуметтік қорғауға – ЖІӨ-ден 4,1 %-ды, білім беруге – ЖІӨ-ден 4 %-ды, денсаулық сақтауға – ЖІӨ-ден 2,4 %-ды құрады. Осылайша, жалпы республиканың мемлекеттік бюджетінің әлеуметтік салаға жұмсайтын шығыстары жоғарыда аталған елдерге қарағанда 3,5-4,5 есе аз. Бұл ретте, үш модельдің ішіндегі әлеуметтік шығыстардың ең төмен деңгейімен сипатталатын англосаксондық модельді қолданатын елдердегі әлеуметтік қорғауға арналған шығыстар Қазақстанның шығыстарынан бес есе жоғары. Республикада скандинавиялық модельді қолданатын елдерге қарағанда, білім беруге арналған шығыстар екі есе, денсаулық сақтауға – 3,5 есе төмен.
Қазақстандағы әлеуметтік даму моделі
Шетелдік модельдерді талдау қазақстандық әлеуметтік модель континенттік модельге тән негізгі қағидаттар бойынша, бірақ белгілі бір ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, дамып келе жатқанын көрсетті.
Мәселен, ағымдағы әлеуметтік модельде мемлекет, жұмыс берушілер және азаматтар арасындағы жауапкершілікті бөлуге негізделген әлеуметтік серіктестіктің ұлттық схемасы тиімді жұмыс істейді. Әлеуметтік қорғау саласында жұмыс берушілер қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етеді. Зейнетақымен қамсыздандыру саласында жауапкершілік, ең алдымен, жинақтаушы зейнетақы шоттарының тетігі арқылы азаматтарға жүктеледі. Мектепке дейінгі және орта білімді мемлекет қамтамасыз етеді, ал жұмыс берушілер кәсіптік стандарттарды әзірлеуге, қызметкерлерді сертификаттауға және өндірістік тағылымдаманы қамтамасыз етуге қатысу арқылы кәсіптік-техникалық және жоғары білім жүйесінде маңызды рөл атқарады.
Қазақстандық әлеуметтік модельдің одан әрі дамуы мүмкіндіктердің жалпыға ортақ теңдігі және мемлекет, жұмыс беруші мен азамат арасында жауапкершілікті нақты бөлу арқылы өндірістік жұмыспен қамту және инклюзивтік экономикалық өсу негізінде азаматтардың өмір сүру сапасының артуын қамтамасыз етеді.
Барынша ауқымды орташа тап қазақстандық әділ қоғамның негізіне айналады. Азаматтар үшін олардың өзін-өзі көрсетуі үшін, олардың жеке ұмтылыстары мен меритократияға негізделген тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасалатын болады. Бұл ретте қиын өмірлік жағдай туындаған кезде бір де бір азамат мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғаусыз қалмайды.
Әділ қоғам құрудағы мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтың ынтымақты жауапкершілігінің басты қағидаты міндетті және ерікті сақтандыруды кеңейту арқылы қазақстандық әлеуметтік модель жаңа дамуға бет алады.
Қазақстандық әлеуметтік даму моделі мынадай қағидаттар негізінде дамитын болады:
1) елдің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер;
2) ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу;
3) әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы болуы немесе оның сараланған тәсілі;
4) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі;
5) тиімді әлеуметтік саясаттың негізі ретіндегі экономикалық өсу.
Еліміздің барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер
Әлеуметтік игіліктерге (сапалы медицинаға, таза суға, білім алуға, оның ішінде өмір бойы қажетті өмірлік және кәсіптік дағдыларды алу үшін) қолжетімділікті кеңейту арқылы қоғам барлық азаматтарға олардың жеке әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасауы тиіс.
Әлеуметтік мәртебесіне, жынысына, этникалық тиесілілігіне, туған жеріне қарамастан, өмірлік циклдің барлық кезеңдерінде әлеуметтік игіліктер алуға азаматтардың тең мүмкіндіктері болуы тиіс.
Ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу
Азаматтарға өмірінің әрбір кезеңінде әлеуметтік қызметтер көрсетудің – адамның өзін-өзі дамытуы үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттардың ең төменгі қажетті деңгейіне кепілдік берілетін болады.
Әлеуметтік көмек көрсетудің атаулы болуы немесе оның сараланған тәсілі
Еліміздің азаматтарына тең мүмкіндіктермен қатар ең төменгі әлеуметтік стандарттарды ұсынуда халықтың белгілі бір топтарына әлеуметтік көмек көрсетуде сараланған тәсіл қолданылуы тиіс.
Ол көмектің нысаны мен мөлшерін айқындау кезінде адамның экономикалық іс-әрекет қабілеттілігі деңгейін есепке алуды болжайды. Еңбекке қабілетті азаматтар үшін еңбек етуге тең мүмкіндіктерге, ал мүгедектер үшін өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктеріне кепілдік беру қажет. Тұтастай алғанда, мемлекет өмірде қиын жағдайға тап болған азаматтарға ғана көмек беруі тиіс. Бұл ретте, қолдау көрсету ең алдымен азаматтарды толыққанды әлеуметтік және экономикалық өмірге белсенді жұмылдыруға бағдарлануы тиіс.
Сараланған тәсіл әлеуметтік масылдықты болдырмауы тиіс.
Мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ынтымақты жауапкершілігі.
Бұл қағидат әрбір тарапқа – мемлекетке, жұмыс берушілерге және азаматтарға – белгiлi бір мiндеттемелер мен жақсы өмір сүру сапасына қол жеткізу және әлеуметтiк-экономикалық мүмкіндіктердің барлық көлемін қамтамасыз ету жауапкершiлiгі жүктелетін әлеуметтік серіктестіктің дамуын білдіреді.
Егер мемлекет өмiрде қиын жағдайға тап болған адамға қолдау көрсететін болса, бiрақ адам өз жағдайын жақсартуға күш салмаса, онда мемлекеттiк көмек көрсету тоқтатылуы мүмкін.
Әлеуметтiк әріптестердің ынтымақты жауапкершiлiгі тараптардың әрқайсысының міндеттемелерінен қалыптасады:
1) ең төменгі әлеуметтік стандарттар;
2) бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі;
3) белгiлi бір өмiр сүру салтына бейімділік пен ең төменгі әлеуметтiк стандарттарды қаржыландыруға белсендi қатысуды қамтитын жеке жауапкершілік (азаматтар).
Тиімді әлеуметтік саясаттың негізі ретіндегі экономикалық өсу
Әлеуметтiк модельдің пәрмендiлiгі елдiң экономикалық әлеуетіне тiкелей тәуелді болады. Бұл өзара байланыс екi өлшемде байқалады:
1) экономикалық өсу азаматтарды жұмыспен қамту арқылы олардың әл-ауқатын арттыру үшін негіз қалайды. Нарық жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз етеді, яғни азаматтардың табысын қалыптастырады. Әлеуметтік-экономикалық кепілдіктердің деңгейі (тізбесі, көлемі) экономиканың өсуі мен бюджеттің мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Мықты экономика тұрақты салық базасын және сол арқылы мемлекеттің әлеуметтік моделінің орнықтылығын қамтамасыз етеді;
2) азаматтардың әл-ауқатына негізделген адами капиталды дамыту экономикалық өсудің факторы болып табылады. Біліктілікті жоғары дені сау жұмыс күші инновацияларды генерациялайды, өнімділігі жоғары еңбекті және табыстың өсуін қамтамасыз етеді.
3. Адами капиталды дамытудың негізгі әлеуметтік-экономикалық шарттары
Ескерту. 3-кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Әрбір азаматтың өзін-өзі барынша көрсетуіне мүмкіндік беретін әділ қоғам қалыптастыру мақсатында Қазақстанның әлеуметтік даму моделі өмірлік циклдің әрбір кезеңінде әлеуметік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталатын болады:
1) балалық шағында бастапқы жағдайлардың теңдігін қамтамасыз ету;
2) еңбекке қабілетті азаматтарға тең мүмкіндіктер ортасын қалыптастыру;
3) егде жастағы азаматтарға лайықты өмірді қамтамасыз ету.
Осы тәсіл әлеуметтік бағдарламалармен жаппай қамтуды және әлеуметтік дамудың дәйектілігін қамтамасыз етеді. Әрбір адам өзінің өмір жолында "жас" шектеулерімен және мүмкіндіктермен бетпе-бет келеді. Адамның әрбір өмірлік кезеңді табысты аяқтауы одан арғы тұрақты даму үшін негіз қалайды. Мұндай "жинақтау" әсері барлық қоғамдық институттардың қатысуымен дәйекті және теңгерімделген әлеуметтік саясатты іске асырған кезде қолжетімді.
Балалық шақ
Балалық шақ кезеңінде балалардың ерте дамуы үшін жағдай жасалады, бұл олардың толыққанды тәни, ақыл-ойының және рухани дамуының кепіліне айналады. Ерте даму шеңберінде берілген қарқын мектеп жасы кезеңінде сақталып, ұлғайтылатын болады.
Жүкті және бала емізетін әйелдердің денсаулығын сақтау және нығайту. Тегiн медициналық көмек, тиiмдi тамақтану және әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы ата-аналардың табыстарын қорғау дүниеге дені сау баланы әкелудiң кепiлі болады.
Балалардың денсаулығы және ерте когнитивтік дамуы. Вакцинацияны, патронаждық көмекті қоса алғанда, тегiн медициналық көмек, жүйелі профилактикалық тексерулер, балаларға арналған сапалы тамақ баланың денсаулығына келуі мүмкін зиянның алдын алуға, сәби өлiмі мен мүгедектiкті азайтуға мүмкiндiк бередi.
Ата-аналардың табыстарын қорғау. Өмiрдiң алғашқы айлары мен жылдарында баланың ерте когнитивтi дамуы мемлекеттiк жәрдемақылар мен әлеуметтiк сақтандыру жүйелері арқылы анасының табысын қорғаумен қамтамасыз етiледі.
Мектепке дейін тәрбие мен оқыту. Түрлi нысандардағы мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізу және онымен балаларды толық қамту өмiр бойы білім алу үшін негіз қалап, базалық когнитивтік және әлеуметтік дағдылар мен білім алу ынтасын қалыптастырады. Мектепке дейiнгi ұйымдарда олардың нысаны мен қаржыландыру көзiне қарамастан, оқу бағдарламалары сапасының салыстырмалы деңгейi қамтамасыз етілетін болады.
Балалардың мүгедектігінің профилактикасы және оңалту. Ерте дамуға объективті кемшіліктері бар балаларды оңалту арқылы мемлекеттiк қолдау мұндай балаларға жоғалтқан мүмкiндiктерiн қалпына келтіруге және жаңа перспективалар ашуға немесе оларды өзгерген жағдайларға бейiмдеуге мүмкiндiк бередi.
Жалпыға ортақ тегін орта білім. Мектеп функционалдық сауаттылықтың биiк деңгейі арқылы келешектегі өмiрде кәсiптік табысқа жету үшiн трамплин болады. Балаларға мектеп беретін әлеуметтiк тәжiрибе саналы таңдау жасауға және қоғамның қажетті мүшелері болуға мүмкіндік береді.
Тең мүмкіндіктер мен спорттық және мәдени іс-шараларға инклюзивтік қолжетімділік. Дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тең қол жеткізу арқылы балалардың тәни дамуы дені сау халық қалыптастырудың шартына айналады.
Еңбекке қабiлеттi жас
Бала кезінде негізі қаланған әлеуеттің негізінде адамның кәсіптік дағдыларын қалыптастыру, белсендi пайдалану және жетілдіру өмiрлiк циклдің осы кезеңінде адами капиталды дамыту басымдығы болып табылады.
Кәсіптік білімге қолжетімділік. Адамның әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi оның кәсiптік бiлiм алу мүмкіндігіне ықпал етпейді, кәсіптік білімге қол жеткізуді мемлекет түрлi құралдар жүйесі арқылы қамтамасыз ететін болады. Кәсiптік бiлiмге қолжетімділікті теңестіру жүйесі атаулы және негізделген сипатқа ие болады.
Біліктіліктер ұтқырлығы. Адамның кәсiптік тұрғыда өсуі мен жұмыспен тиiмдi қамтылуы кәсіптік дағдыны алу түріне қарамастан, олардың деңгейiмен және сапасымен ғана айқындалатын болады. Ерте еңбек жолы процесінде жинақтаған кәсiптік тәжiрибе кәсiптік дағдылар мен мәртебеге айырбасталатын болады. Бұл формалды және өмiр бойы қосымша білім алу, оның ішінде жұмыс орнынан және оның Ұлттық бiлiктiлiктер жүйесi шеңберiнде танылуы арқылы мүмкін болады.
Жұмыс орындарының қауiпсiздiгі. Жұмыспен қамтудың кез келген түрлері шеңберiнде барлық жұмыс орындары тиісті еңбек жағдайын жасайтын және өнiмдi қызметке ынталандыратын ұлттық қауiпсiз жұмыс ортасын қалыптастыратын болады.
Медициналық көмекке қолжетімділік. Адам денсаулығының деңгейі, оның әлеуметтiк-экономикалық мәртебесі әртүрлi қаржы көздері есебiнен берiлетiн, барлығын қамтитын және сапалы медициналық көмек алу үшiн кедергi болмайды.
Кәсiпкерлiк бастаманың еркіндігі. Кез келген азамат инновациялық идеялар аккумуляциясының, бизнес-орта мен жаңа жұмыс орындарын қалыптастырудың құралы болып табылатын кәсiпкерлiктi дамытудың ұлттық инфрақұрылымына тең қол жеткiзе алады.
Қолжетімді өнiмдi жұмыспен қамту. Жұмыс істеу ниеті адамды жұмыспен қамту түрлерінің алуан түрлілігі, біліктіліктердің теңгерімді сатысын құру, жұмыспен қамтуды жандандыру бағдарламалары, жұмыссыз қалудан әлеуметтік сақтандыру, кәсіпкерлікті ынталандыру арқылы жағдайлық немесе құрылымдылық жұмыссыздық, тиімсіз жұмыспен қамтылу және төмен еңбек өнімділігінің тәуекелдерінен қорғайды.
Ақпаратқа және мәдени құндылықтарға қол жеткiзу. Ақпарат пен мәдени даму қажеттiлiгін қанағаттандыру технологиялық даму деңгейiн ескере отырып, оның пiкiрлерi мен қалауы негiзiнде адамның еркiн таңдау мәселесі ретінде қаралатын болады.
Дене шынықтыруға қол жеткiзу. Әрбір адам өз қажеттiлiктеріне сәйкес дене шынықтыру және спорт инфрақұрылымының артықшылықтарын пайдалану мүмкiндігіне ие болады. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ спорт және дене шынықтыру саласын статистикалық есепке алу жүйесі жетілдірілетін болады.
Зейнеткерлік жас
Егде жастағы азаматтарға өзін-өзі дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.
Бұл ретте әрбір егде адам, бір жағынан өзінің өмірлік жетістіктеріне сенімді болады, ал екінші жағынан кедейшілікке алып келетін табыстардың мұндай төмендеуінен қорғалатын болады.
Табыстарды қорғау. Зейнетақы жүйесi зейнеткерлікке шығу кезінде еңбек жолы процесінде жинаған әлеуметтiк-экономикалық мәртебесін сақтау кепiлі болады. Өз өмiрлiк жетiстiктеріне қарамастан, әрбір адамның зейнетақы жинақтарының есебінен лайықты өмiр сүруге мүмкiндiгi болады.
Қолжетімді медициналық көмек. Егде жастағы барлық азаматтарға жас шектеулері мен созылмалы аурулар ауыртпалығын теңестіруге мүмкiндiк беретiн ұзақ мерзiмдi күтімдi қоса алғанда, медициналық көмекке қол жеткізуге, сондай-ақ олардың өмiр сүру сапасын арттыруға кепiлдiк берілетін болады.
Белсенді ұзақ өмір сүру. Кез келген жастағы адамдар қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысу мүмкіндігіне ие болады. Егде жастағы адамдардың өзін-өзі көрсетуі олар жинақтаған бағасыз өмірлік және кәсіби тәжірибені сақтауға және пайдалануға, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
Тосқауылсыз тiршiлiк ортасы. Егде адамдар, оларға кiшi жастағы адамдармен қатар көлiк, мәдени және өзге де инфрақұрылымды қоса алғанда, барлық әлеуметтiк мүмкiндiктерді пайдалануға мүмкіндік беретiн қауiпсiз және ыңғайлы ортада өмір сүретін болады.
Әлеуметтік серіктестердің жауапкершілігін бөлу
Әлеуметтік саясат салаларында әлеуметтік серіктестердің жауапкершіліктерін бөлудің мынадай схемасын ескере отырып, олар ынтымақты түрде негізгі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Білім беру
Мемлекет жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін орта, кәсіптік және техникалық білімді ұсынады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қаржыландыруға қатысады, техникалық және кәсіптік, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім деңгейінде мемлекеттік білім беру тапсырысын қамтамасыз етеді, сондай-ақ мемлекеттік білім берудің жинақтаушы жүйесін және мемлекеттік емес білім беруді кредиттеуді дамытады.
Жұмыс берушілер білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға қатысу, өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, корпоративтік басқару органдарына (директорлар кеңесі, байқау немесе қамқоршылық кеңестер) қатысу, білім алушыларға гранттарды және стипендияларды бөлу арқылы кадрларды дайындауға қатысады.
Азаматтар өздерінің кәсіби біліктіліктерін дамытуға, оның ішінде жеке жинақтары мен өз балаларын оқытуға жағдай жасау есебінен жауапты болады.
Денсаулық сақтау
Мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді көлемін ұсынуды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етеді.
Жұмыс берушілер қызметкерлерге әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыратын болады, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы денсаулық сақтау инфрақұрылымын құруға және дамытуға қатысады.
Азаматтар салауатты өмір салтын ұстанады, әлеуметтік және ерікті медициналық сақтандыруға, сондай-ақ ауруларды басқару бағдарламаларына қатысады.
Әлеуметтік-еңбек қатынастары
Мемлекет индустриялық-инновациялық жобалар шеңберінде жұмыс орындарын құруды және кәсіпкерлік үшін қолайлы ортаны дамытуды ынталандырады.
Жұмыс берушілер қауіпсіз жұмыс орындарын құрып, қызметкерлерді табыс шығынының тәуекелдерінен әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асырады, қызметкерлерді зейнетақылық қамсыздандыруға қатысады.
Азаматтар масылдықты қош көрмейді, өнімді еңбек етеді, жұмыс орнында қауіпсіздік техникасын сақтайды, зейнетақылық жинақтауды жүргізеді.
Әлеуметтік қорғау
Мемлекет әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмек жүйесін, оның ішінде шартты көмекті қаржыландырады, қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыруға және әлеуметтік осал азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасауға қатысады.
Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын құруға, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы әлеуметтік қызметтер көрсету инфрақұрылымын дамытуға қатысады, қайырымдылық бағдарламалары арқылы өз әлеуметтік жауапкершілігін іске асырады.
Азаматтар өз балалары, ата-аналарына және көмекке мұқтаж туыстарына қамқорлық көрсетеді, әлеуметтік осал азаматтарды қолдау бойынша қоғамдық қызметке белсене қатысады.
Мәдениет, ақпарат және спорт
Мемлекет казақстандық халықтың мәдениетін қалпына келтіруге, сақтауға, дамытуға және таратуға ықпал етеді, мәдени құндылықтарға еркін қол жеткізу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді, ақпараттық және цифрлық инфрақұрылымды дамытуға жағдай жасайды. Бұқаралық спорт инфрақұрылымына азаматтардың қолжетімділігі үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.
Жұмыс берушілер қызметкерлердің дене шынықтырумен және спортпен айналысуларына қажетті жағдайлар жасай отырып, олардың денсаулығын қолдауды қамтамасыз етеді, меценаттық арқылы мәдениеттің дамуын қолдайды.
Азаматтар мәдени жетілуге, дене шынықтырумен және спортпен айналысуға ұмтылады, өздерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттырады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
Мемлекет халықтың қалың бұқара топтарының, оның ішінде балалы жас отбасылардың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру үшін қолдау шараларын көрсетеді, тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға қатысады.
Жұмыс берушілер мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы тұрғын үй құрылысын дамытуға қатысады.
Азаматтар соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтарының тетігін пайдалана отырып, тұрғын үй құрылысын қаржыландырады, тұрғын үй қорын ұстау мен пайдалануға жауапты болады, тұрғын үй қорын басқару жүйелеріне қатысады.
4. Ең төменгі әлеуметтік стандарттар
Негізгі әлеуметтік-экономикалық жағдайлар адамның өзін-өзі көрсетуі үшін бастапқы тең мүмкіндіктерге негіз болатын ең төменгі әлеуметтік стандарттарды белгілеу есебінен қамтамасыз етілетін болады.
Ең төменгі әлеуметтік стандарттар – азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік көрсетілетін қызметтер мен ақша төлемдерінің ең төменгі көлемі.
Әлеуметтік қызметтер – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген белгілі бір құқықтар мен кепілдіктерді іске асыру нысаны.
Мемлекеттік мекемелер, сол сияқты жеке меншік, оның ішінде қоғамдық ұйымдар әлеуметтік көрсетілетін қызметтер провайдерлері болуы мүмкін.
Ең төменгі әлеуметтiк стандарттар нормалар мен нормативтер негізінде реттеледі, оларды уәкілетті органдар тұрақты экономикалық өсуге сүйене отырып әзірлейді.
Білім беру және денсаулық сақтау жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу мәселесі қаралатын болады. Бұл осы салаларға бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігін арттыруға және сапалы білім мен денсаулық сақтау қызметтерінің халыққа қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
Денсаулық сақтау жүйесін денсаулық сақтаудың бастапқы буынының жан басына шаққанда қаржыландырылуын енгізу мәселесін қарау жоспарланып отыр, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жан басына шаққандағы нормативін қалыптастырудағы бірыңғай тәсіл пысықталатын болады, бұл денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.
Тұтастай алғанда, әлеуметтік салада қызмет көрсетудің бірыңғай стандарттарын қамтамасыз ету үшін арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландырудың енгізілуін қарау және қызметтердің сапасын арттыру жоспарланып отыр.
3. Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясы
Ескерту. 3-бөлімге өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42; 31.05.2016 № 321; 29.03.2021 № 169 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
Әлеуметтік саланың негізгі даму бағыттары. Қазақстандық өмір сапасының негізгі компоненттері
Әлеуметтiк жаңғырту стратегиясы әлеуметтiк модель қағидаттарын практикалық іске асыруды білдіреді, білім беруді, денсаулық сақтауды, еңбек және жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау, ақпарат, мәдениет және спорт салаларын дамытудың негiзгi контурларын айқындайды.
Көрсетілген салаларды дамытудың ұзақ мерзiмдi бағыттары Қазақстан Республикасында білім және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық", "Ақпаратты Қазақстан – 2020" мемлекеттік бағдарламаларында, Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасында айқындалған.
Әлеуметтiк жаңғырту стратегиясында белгіленген негiз қалайтын басымдықтарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар қолданыстағы бағдарламалық құжаттардың мақсаттарымен келiсiлетiн болады.
Елді әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асырудың тұрақты мониторингі жүргізілетін болады. Іске асырудың екінші кезеңінің барысында нәтижелерге жету прогресін бағалау жүргізіліп, алынған деректер негізінде одан арғы іс-қимылдарды түзету жүзеге асырылатын болады. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілгеннен кейін елдің әлеуметтік саласын дамыту бойынша одан арғы қадамдар стратегиясы әзірленетін болады.
Білім беруді дамыту қоғамды өркендету платформасы ретінде
Халықтың барлық санаттары жасына, әлеуметтік мәртебесіне және экономикалық жағдайына қарамастан, жоғары сапалы білім беру қызметтеріне қолжетімділікке ие болуы тиіс.
1-басымдық. Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету
Ескерту. 1-басымдықа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Мемлекеттік балабақшалар, жекеменшік және мемлекеттік шағын орталықтар салу, МЖӘ тетігін дамыту арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту инфрақұрылымын кеңейту жалғастырылады.
Тұтастай алғанда, 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және білім берумен қамту 100 % қамтамасыз етіліп, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұны жаңартылатын болады.
Балалардың бастапқы мүмкіндіктерін арттыру үшін олардың ерте дамуының қажеттілігін ескере отырып, 2020 жылдан бастап 1 жастан 3 жас аралығындағы балаларды дамытудың түрлі нысандары енгізілетін болады. Осыған байланысты мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда оқытудың заманауи бағдарламаларын және әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Кепілдендірілген міндетті орта білім беру мемлекет саясатының білім беру саласындағы негізгі басымдықтарының бірі болып қала бермек.
Бес жыл ішінде 586 мектепті пайдалануға беру авариялық жағдайдағы мектептерді 1,0 %-ға, үш ауысымды мектептерді – 1,2 %-ға дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Орта білім берудегі үш ауысымдылықты толығымен жою үшін 2018 жылға қарай 120, оның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры қаражаты есебінен – 76 (келесі кезеңге арналған республикалық бюджетті қалыптастыру және/немесе нақтылау шеңберінде көрсеткіш түзетілетін болады), жергілікті бюджеттер есебінен – 44 мектеп салынатын болады.
Шағын жинақталған мектептерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыру үшін 2020 жылға қарай ресурстық орталықтардың (тірек мектептер) саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға сапалы және қолжетімді білім алу ортасын құру мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2015 – 2020 жылдарға арналған шаралар кешені әзірленіп, бекітілетін болады. 2020 жылға қарай балалардың инклюзивті білім алуына жағдай жасаған мектептердің үлесі 70 %-ды, ал 2030 жылға қарай 100 %-ды құрайды. 2030 жылға қарай жалпы білім беретін мектептерде оқи алатын мүмкіндігі шектеулі балалардың 70 %-ы инклюзивті білім берумен қамтылатын болады.
Жыл сайын техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік білім беру тапсырысы ұлғаятын болады. 2017 жылдан бастап барлық ниет білдіргендер үшін жұмысшы біліктіліктері бойынша тегін техникалық және кәсіптік білім алу мүмкіндігі беріледі. Бұл жастар үшін тегін алғашқы жүмысшы біліктілігін алу арқылы үздіксіз кәсіптік даярлауға қолжетімділікті қамтамасыз ететін әлеуметтік лифт құруға мүмкіндік береді.
Әрбір азаматқа конкурстық негіздегі гранттар мен Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің тетігі арқылы жоғары білім алу мүмкіндігі ұсынылады.
Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, орта білім беру ұйымдары мен кәсіби-техникалық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру енгізілетін болады.
2-басымдық. Білім беру сапасын арттыру
Ескерту. 2-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Бiлiм беру секторы әлеуетінің өсуi тұрақты түрде білім беру мазмұнын жаңарту, оқу-әдiстемелiк әдебиетті дамыту, прогрессивті және тиімді әдістемелерді енгізу арқылы жүзеге асырылады. Педагогикалық технологиялар балалар денсаулығын сақтау мен нығайтуға ықпал ететін оқу ортасын қалыптастыратын болады. Бұл шаралардың барлығы балалардың ерте жастан бастап барлық бағыттар бойынша үйлесімді дамуына ықпал ететін болады және білім беру жүйесiнде мультипликациялық әсерді қамтамасыз етедi.
Білім беру жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғастырылады және 2016 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуда балалардың мектепке дайындығын бағалайтын әдістеме әзірленетін болады. 2030 жылға қарай Қазақстан Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың PISA Халықаралық зерттеулер бойынша көрсеткіштері жоғары 30 елдің қатарына кіретін болады.
2016 – 2017 оқу жылынан бастап орта мектептiң 12 жылдық білім беруге кезең-кезеңімен ауысуы басталады. Білім беру ұйымдарында Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлiк мектептерінің және "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамының тәжiрибелері кезең-кезеңімен енгiзілетін болады.
Азаматтардың толыққанды және жан-жақты дамуын қолдау мақсатында балалардың өзін-өзі көрсетуге, оның ішінде МЖӘ негізінде жағдай жасайтын қосымша білім беру объектілерінің қажетті желісі қалыптастырылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептерінде үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтін болады, бұл 2019 жылға қарай мектеп жасындағы балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Оқытушылардың жеке қасиеттерін даярлау және дамыту деңгейін жақсарту, мұғалімдерді практикалық оқыту бағдарламаларын өзгерту; үміткердің кәсіби, сол сияқты моралдық-тұлғалық қасиетін ескеруге тиіс педагогтарды жұмысқа алу жүйесін жақсарту қажет. Сондай-ақ, уәждеуші, бонустық пакеттер арқылы мұғалім мамандығының мәртебесін арттыру қажет.
Техникалық және кәсіптік, жоғары білім берудегі оқыту бағдарламалары экономиканың нақты секторының қажеттіліктеріне бағдарланатын болады. 2019 жылға қарай жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының 45 %-ы кәсіптік стандарттардың біліктілік құзыреттеріне негізделетін болады. Дуальды оқыту қағидаттары енгізілетін болады. Колледждер ғылымды қажетсінетін экономиканың талаптарына сәйкес заманауи жабдықтармен жарақтандырылады. Техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлау бойынша бірлескен орталықтар құру жөнінде Германия, Канада, Аустралия және Сингапур тәжірибелері зерделенетін болады.
Мемлекет, жұмыс берушілер мен техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы салалық кеңестер кәсіптік стандарттар мен біліктіліктерді тану рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, ұлттық біліктіліктер мен оқыту жүйесін өмір бойы реттеуге жауапты болады.
Мемлекет жоғары кәсіби деңгейдегі оқытушылары мен жеткілікті материалдық базасы бар жоғарғы оқу орындарының оңтайлы және тиімді желісін қалыптастыруға ықпал ететін болады.
2030 жылға қарай мамандар жұмыс берушілердің салалық қауымдастықтары негізінде құрылған біліктілікті сертификаттаудың тәуелсіз орталықтарында тәуелсіз сертификаттаудан ерікті негізде өтетін болады. 2019 жылға қарай мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алған және техникалық және кәсіптік оқу орнын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі 95 %-ды, ал ЖОО бітіргеннен кейін – 90 %-ды құрайды.
2030 жылға қарай отандық ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу негізінде білім мен ғылымды интеграциялау арқылы инновациялық қызметті жүзеге асыратын ЖОО-ның үлесі 10 %-дан асады. Зерттеу университеттері, "Astana Business Campus" Назарбаев Университетінің ғылыми паркі мен Алматыдағы "Алатау" технопаркі базасында тиімді ғылыми-инновациялық жүйені құру арқылы смарт-технологиялар, жасанды интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциясы, болашақ энергиясы, жобалау және инжиниринг саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталған Жол картасын әзірлеу мәселесі пысықталады.
2017 жылға қарай әртүрлі білім деңгейінің бірегей педагогикалық тәжірибесін жинақтауға және таратуға ықпал ететін Бірыңғай ұлттық ғылыми-оқыту желісі ашылады, бұл білім беру жүйесінің жаңа сапалы деңгейге шығуына түрткі болмақ.
Мектепке дейінгі, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдары мұғалімдерінің, педагогтар құрамының, біліктілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагог қызметкерлері қызметінің тиімділігін арттыру уәждемесінің жаңа жүйесін құру мақсатында 2014 жылы оларға еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірленеді.
3-басымдық. Басқару мен бақылауға қоғамдық қатысу
Ескерту. 3-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Әрбір азаматтың заманауи қажеттіліктеріне жауап беретін сапалы білім секторын құруда азаматтық қоғамның білім беру ұйымдарын басқаруға және олардың қызметінің сапасын бақылауға қатысуы үлкен рөл атқарады. Жауапкершіліктерін арттыра отырып, азаматтарды шешім қабылдау процесіне белсенді тарту әлеуметтік серіктестікті кеңейтуге, білім беру мекемелеріндегі шынайылық пен ашықтықты арттыруға ықпал ететін болады.
2020 жылға қарай білім беру ұйымдарының 60 %-ында қамқоршылық кеңестер құрылады.
2030 жылға қарай барлық орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарын пайдалана отырып, корпоративтік басқару мен дербестік қағидаттары енгізіледі.
Мектептердің дербестігі мен есеп беруі білім беру мен оқытуға қолайлы жағдай жасау үшін көтермелеу белгілеудің шешуші факторларына айналады. Азаматтардың әрқайсысының өзін-өзі көрсету мен тұрақты зияткерлік дамуға ұмтылуымен қатар, олардың жауапкершілік үлесін ұлғайту қазақстандықтардың одан әрі өсіп-өркендеуі үшін нық негіз қалауға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтауды дамыту салауатты адами капиталды жинақтау негізі ретінде
Әрбір азаматтың өмірлік циклінің барлық сатыларында оның денсаулығын сақтау, нығайту және қалпына келтіру өнімді жұмыспен қамту, адами капиталды жинақтау және орнықты экономикалық өсу негізі болып табылады.
1-басымдық. Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту
Ескерту. 1-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.2030 жылға қарай әрбір азамат өзінің тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекет кепілдік беретін медициналық көмекті, сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмекті, қажетті дәрілік заттарды және Қазақстанда енгізілген жаңа медициналық технологияларға қолжетімділікті ала алады.
МСАК халыққа медициналық көмекті ұйымдастырудағы орталық звеноға айналады және жалпы дәрігерлік практика негізінде ұйымдастырылатын болады. МСАК деңгейінде жұмыс істейтін дәрігерлердің үлесі ұлғаяды.
Қоғамдық денсаулық қызметі қалыптастырылады, оның қызметінің негізгі бағыты мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен (бұдан әрі – ҮЕҰ) ведомствоаралық өзара іс-қимыл негізінде қоғамдық денсаулықты басқару болады.
Медициналық көмекті ұйымдастырудың интеграцияланған моделі кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Бұл ретте стационар деңгейінде медициналық көмек көрсетілетін медициналық технологияның күрделілігіне байланысты өңірлендіру қағидаты бойынша көрсетіледі.
МСАК-ті – халықты медициналық көрсетілетін қызметтермен жалпы қамтуды қамтамасыз ететін базалық көмек түрін қаржыландыру ұлғаяды. 2020 жылға қарай МСАК-ті қаржыландыру көлемі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің барлық қаражатынан 40 %-ға жетеді.
2030 жылға қарай трассалық медициналық-құтқару пункттерінен, санитариялық авиациядан, апаттар медицинасы орталықтарынан, жедел медициналық көмек станцияларынан, жылжымалы медициналық кешендер мен емдеу-диагностикалық пойыздардан, телемедицинадан тұратын тиімді интеграцияланған жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету қызметі жұмыс істейтін болады.
2020 жылға қарай әрбір азамат оңалту және қалыпқа келтіре емдеу қызметтерін ала алады.
Денсаулық сақтау инфрақұрылымы Денсаулық сақтау желісін 2025 жылға дейін дамытудың перспективалық жоспарының негізінде халықтың қолжетімді, толық, сапалы медициналық қызметтерге сұраныстарына сәйкес қалыптастырылатын болады. Бұл ретте мемлекеттік денсаулық сақтау инфрақұрылымын көлденеңінен және тігінен интеграциялау және медицина ұйымдарын қосу, мемлекеттік объектілерді сенімгерлік басқаруға беру арқылы оңтайландыру көзделуде.
2020 жылға дейін SMART-медицина технологияларын жетілдіру, оның ішінде телемедицинаны дамытудың жаңа форматын іске асыру жұмысы жалғасатын болады.
2-басымдық. Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын үздiксiз жақсарту
Ескерту. 2-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.2030 жылға қарай ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн болады. Аурулардың алдын алу, ерте анықтау және басқару азаматтарға көрсетілетін медициналық көмектің негізіне айналады.
Адам өмірінің барлық кезеңдерін қамтитын Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру жалғастырылады: бала жаста – психофизикалық дамуды бағалау; еңбек етуге қабілетті жаста – негізгі созылмалы инфекциялық емес ауруларды ерте диагностикалау; егде жаста – созылмалы аурулардың асқынуларын ерте анықтау және психикалық жай-күйді бағалау.
2030 жылға қарай салауатты өмір салтын қалыптастыру және ауруларды басқару бағдарламалары арқылы халық өз денсаулығын және бар ауруларын басқару дағдыларын игеретін болады.
Іске асырылып жатқан ана мен бала денсаулығын қорғау бағдарламалары бала тууды мемлекеттік қолдауға, қауіпсіз жүктілікті қамтамасыз етуге, балаларға интеграцияланған медициналық көмекті ұсынуға бағытталады. Бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай ана мен бала өлімінің көрсеткіші (2014 жылғы деңгейге қарағанда) бір жарым есеге төмендейді. Денсаулық сақтау ұйымдарының бала күтімі мен оны дұрыс тамақтандыру жөнінде консультациялар берулерін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетін болады.
Дәлелді медицина медициналық көмек сапасының негізіне айналады. 2016 жылдан бастап клиникалық хаттамаларды әзірлеу медициналық технологияларды бағалау жүйесінің негізінде медициналық қызметкерлердің кәсіби бірлестіктерін тарту арқылы жүзеге асырылатын болады. 2018 жылға қарай жаңа технологиялар мен дәрілік заттарды медициналық практикаға енгізу процестері жетілдіріледі.
2020 жылға дейін мемлекеттің, кәсіптік қоғамдастық пен пациенттердің әріптестігі арқылы медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын басқару жүйесі қалыптасады. 2018 жылға қарай қоғамдық бақылаудың негізгі құралы ретінде байқау кеңестері шаруашылық жүргізу құқығындағы барлық ірі медициналық ұйымдарда құрылады.
2020 жылға қарай аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган кезең-кезеңімен өзін-өзі реттейтін ұйым нысанына берiлетін болады.
Өкілеттіліктерді бәсекелес ортаға беру медицина қызметкерлерінің ұлттық кәсіптік бірлестіктерін дамыту қолдауға, оның ішінде аккредиттеу жолымен қолдауға ие болады.
Денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз дамыту жүйесі, оның ішінде олардың біліктілігін арттырудың модульдік-жинақтау қағидатын дамыту есебінен жетілдіріледі. Медициналық қызметкерлердің біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау жүйесін жетілдіру жалғастырылады.
2030 жылға қарай медициналық білім беру мен ғылыми зерттеулердің халықаралық стандарттарын енгізу нәтижесінде еліміздің барлық медициналық университеттері "құзырет орталықтарына" айналады, ал зерттеулерді ғылыми консорциумдар мен инновациялық кластерлер жүргізетін болады.
2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық сақтаудың техникалық инфрақұрылымы қалыптасады. Бұл кезеңге қарай азаматтардың 50 %-ы электрондық денсаулық паспорттарына ие болады. 2020 жылға қарай дәрігерлерді, ғылымның жетістіктері мен әрбір азаматтың денсаулық жағдайы туралы ақпаратты біріктіретін электрондық денсаулық сақтау қазақстандықтарға жоғары сапалы жекелеген медициналық көрсетілетін қызметтерді қамтамасыз етеді.
Медициналық көмек көрсету стандарттарын жетілдіру, оның толықтығын және сабақтастығын қамтамасыз ету жұмыстары жалғасады.
Қазақстанда 2030 жылға қарай туберкулезбен сырқаттанушылық 20 %-ға төмендейді (2014 жылғы деңгейге қарағанда), туберкулезбен сырқаттанушылықтың жаңа жағдайлары барынша азайтылады.
Лайықты GXP фармацевтикалық практикаларды енгізу жолымен дәрілік заттардың сапасын қамтамасыз ету жүйесін енгізу шаралары қабылданады және 2018 жылы GXP стандарттарына міндетті түрде өту қамтамасыз етіледі.
Азаматтар медициналық ұйымда денсаулыққа зиян келтіру залалынан қорғалатын болады. Осы мақсаттарда 2016 жылдан бастап медициналық қызметкерлердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруды енгізу мәселесі қаралатын болады.
3-басымдық. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығы
Ескерту. 3-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында оны қаржыландыру көздерін жетілдіру мен әртараптандыру бойынша шаралар қабылданады.
Қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету әрбір қатысушының елдiң экономикалық өсуі мен дамуына қосатын үлесін ескере отырып, барлық әлеуметтiк әріптестермен (мемлекет, жұмыс берушi, қызметкер) ынтымақты түрде жүзеге асырылатын болады. Бұл үшін Қазақстанда 2017 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілетін болады.
Бұл ретте халық кірісінің өсуіне қарай азаматтардың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуын ұтымды ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдендірілген тегін медициналық көмектің көлемі шеңберінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, олардың медициналық көрсетілетін қызметтерді бірлесіп төлеу тетігін енгізу мәселесі қаралатын болады.
Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру үшін МЖӘ белсенді дамитын болады. Жекеменшік медицина инфрақұрылымын дамыту үшін 2020 жылға дейін республикада МЖӘ тетіктері, мемлекеттік меншік объектілерін сенімгерлік басқаруға және жекешелендіруге беру бойынша 40-тан астам жоба іске асырылады.
Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту
Әлеуметтік қорғау жүйесі табыстарды қорғауға және халықтың осал санаттары үшін әлеуметтік қызметтер көрсетуге бағдарланатын болады. Мемлекет тарапынан қолдау көрсету әлеуметтік қорғау жүйесінің базалық компоненті болады, бірақ бұл ретте жеке сектордың қатысуы да дамитын болады.
Әлеуметтік қорғау моделі үш шешуші тәсілге сүйенетін болады.
Біріншіден, неғұрлым осал әлеуметтік топтардың табыстарын қорғау оларға лайықты өмір деңгейін сақтауға және өзінің өмірлік жағдайын жақсарту бойынша мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Екіншіден, жеке адамның әлеуметтік белсендігін ынталандыру мемлекет пен азаматтың арасындағы өзара міндеттемелерді көздейтін әлеуметтік келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Бұл табыстарды қорғауды қоса алғандағы әлеуметтік көмек, адамның өмірін нашарлататын, оның ішінде қажетті кәсіби дағдылардың болмауы, салауатсыз өмір салты жағдайларын жеңуге оның дайын екендігіне қатаң негізделетін болады.
Үшіншіден, біріктірілген және кешенді әлеуметтік қызметтерді көрсету құзыретіне әлеуметтік қызметтерді "бір терезе" қағидаты бойынша көрсету кіретін мемлекеттік органдар арасындағы тығыз ынтымақтастық пен үйлестіруді қамтамасыз етеді.
1-басымдық. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту
Ескерту. 1-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жаңғырту зейнеткерлік жастағы азаматтарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыруға, жалпы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын және оның институционалдық базасын одан әрі дамытуға бағытталған.
Зейнетақымен қамсыздандыру саясаты зейнетақы төлемдерінің барабарлығын, зейнетақы жүйесінің қаржылық орнықтылығын және зейнетақымен қамсыздандыруға жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші мен қызметкер арасында бөлудің теңгерімдігін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы ескеріле отырып іске асырылатын болады.
Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарын басқарудың ашықтығы, инвестициялық портфель мен зейнетақы төлемдерін тиімді басқару, азаматтардың табыстарын зейнетақы төлемдерімен сәйкесінше ауыстыру қамтамасыз етіледі. Бұл азаматтардың зейнетақы жүйесіне сенімділігін арттыруға ықпал етеді.
Халықтың зейнетақы жүйесімен қамтылуын ұлғайту және зейнетақы активтерін экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының жобаларына тиімді инвестициялау тетіктері әзірленетін болады.
2-басымдық. Шартты әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті азайту
Ескерту. 2-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.2020 жылға қарай кедейліктің жаңа өлшемі қалыптастырылады, бұл мұқтаж азаматтарды әлеуметтік қорғау жүйесімен қамтуды кеңейтуге алып келеді.
2018 жылға қарай мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескере отырып, құрылымын қайта қарау есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейі болады.
Кедейлікті айқындаудың жаңа тәсілдерін ескере отырып, табысы төмен азаматтар үшін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар жұмыспен қамту, әлеуметтік бейiмдеу бағдарламаларына белсене қатысқан жағдайда, отбасыларға ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі табысты қамтамасыз етеді.
Осылайша, кедейлікті төмендету тетіктері тек жеке бастамаға және индивидтің кедейліктің шырғалаң шеңберінен "құтылуға" және еселі еңбекке кірісуге дайын екендігіне ғана негізделетін болады.
2018 жылдан бастап шартты ақшалай көмекті ұсынудың негізгі нысаны ретінде әлеуметтік келісімшарт тетігі енгізіледі.
Әрбір әлеуметтік келісімшарт мемлекет тарапынан әлеуметтік қолдау шараларының барлық кешенін, оның ішінде еңбек нарығына қайта оралу жолдарын, сондай-ақ азаматтың жол картасын орындау міндеттемелерін көздейтін өмірдің қиын жағдайынан шығудың жол картасын қамтиды.
Міндеттемелерді бұзу негізделген ақшалай көмектің ұсынылуын тоқтатуға әкеп соқтырады. Әлеуметтік келісімшартты сүйемелдеуді әлеуметтік қызметкерлер жүзеге асыратын болады.
Мемлекеттік негізделген әлеуметтік қолдаудың базалық компоненті халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары болады.
Олар оқытуды және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуді, азаматтардың ұтқырлығын арттыруды және оларды әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті орташа немесе жоғары елді мекендерге көшіруді, кейіннен жұмысқа орналастыру перспективасымен кәсіпорындарда тағылымдамалар ұйымдастыруды қамтитын болады. Бұл шаралар жұмыспен қамтуды формалдандыру есебінен формалды емес жұмыспен қамтылған халық санын азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына түгендеу жүргізіліп, азаматтардың жекелеген санаттары үшін қажеті жоқ әлеуметтік жеңілдіктер қатары оңтайландырылатын болады.
2025 жылға қарай әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің интеграцияланған моделі құрылатын болады.
Жаңа модель шеңберінде мұқтаж азаматтар мен олардың отбасыларына жеке және кешенді қамқорлық қағидаты іске асырылатын болады. Ол үшін білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйелерінің және басқа да салалардың әлеуметтік қызметкерлерінің жұмысын үйлестіру тетігі әзірленетін болады, бұл мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қызметтерді "бір терезе" арқылы көрсетуге мүмкіндік береді.
2020 жылға қарай әлеуметтік қызметтер көрсетудің интеграцияланған моделі бірнеше пилоттық өңірде сынақтан өткізілетін болады.
Интеграцияланған модельді енгізу кешенді әлеуметтік қызметтер көрсетудің, көмек түрлерінің атаулылығын күшейтуге, осындай қолдау шараларына мұқтаж отбасыларды қамтуды ұлғайтуға және осының салдары ретінде кедейлік деңгейін және әлеуметтік қолайсыздықты азайтуға, отбасы институтын күшейтуге мүмкіндік береді.
2030 жылға қарай табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі барлық халықтың 5 %-ынан аспайтын болады. Халықты әлеуметтік сақтандыру жүйесімен қамту ұлғайтылады.
3-басымдық. Ана мен баланы кешенді қолдау
Ана мен баланы қолдау жүйесі азаматтардың өзін-өзі көрсетуін және еңбек ресурстары теңгерімінің орнықтылығын қамтамасыз ету үшін шешуші маңызға ие.
Ана мен баланы қолдау тетіктері ата-аналар табыстарын қорғауға және бала туу үшін қолайлы жағдай жасауға шоғырланады.
Ана мен бала қолайлы және дос-тату ортада болуы тиіс. Мемлекет жүкті әйелдерге, аналар мен балаларға арналған медициналық көмектің сапасын арттырады.
Қалалық және ауылдық инфрақұрылым жүкті әйелдер, аналар мен балалар үшін барлық көрсетілетін қызметтерді пайдалануды кедергісіз қамтамасыз ету жағына жетілдіріледі.
Жүктiлiкпен, бала туумен және бала күтімімен байланысты табысты жоғалту тәуекелдерiн әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн жетiлдiру жалғастырылады.
Аналарды жұмыспен қамту мемлекеттің ерекше қамқорлығына айналады. 2015 жылға қарай аналар үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің арнайы тетіктері, оның ішінде жұмыспен қамтудың икемді түрлері, бала күтімі демалысынан шығуға дайындалып жүрген әйелдер үшін кәсіби дағдыларды өзектендіру курстары әзірленеді. Жұмыспен қамтудың икемді түрлері үйде жұмыс істеу, толық емес жұмыс күнін және т.с.с. қамтитын болады.
Елімізде балалардың құқықтарын қамтамасыз ету және мүдделерін қорғау саласында балалардың өмір сүру сапасының кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша қажетті құқықтық база құрылады.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, оның ішінде даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету бойынша тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимыл қамтамасыз етіледі.
Зорлық және қатыгездік, адам сату, еңбек қорлығы және тағы да басқаларының құрбаны болған балаларды қорғауда пәрменді тетік құрылды.
"Бала құқықтары туралы" БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес балалардың әлеуметтік қолайсыздығы, үйдегі зорлықты болдырмау және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін шешуге мемлекет ерекше назар аударатын болады.
4-басымдық. Барлық осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау арқылы инклюзивтік қоғам
Ескерту. 4-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Инклюзивтік өсу тұжырымдамасы қоғамның экономикалық өркендеуiнің артықшылықтары оның барлық топтарына және мүшелеріне олардың мәртебесі және объективтік мүмкіндіктеріне қарамастан қолжетімді болатынын болжайды.
Өз кезегiнде мүгедектердi, егде адамдарды және әлеуметтiк осал топтардың өзге де өкiлдерiн қоғамның белсендi өмiрiне қосу оларға жаңа идеялар көздеріне, еңбек ресурстарына, ерекше әлеуметтiк тәжiрибеге жол ашады.
Мүгедектер мен егде жастағы адамдар әлеуметтік және көлік инфрақұрылым қызметтері мен объектілеріне қол жеткізе алады.
Мемлекеттiк органдар, білім беру және денсаулық сақтау мекемелері, мәдени және спорттық объектiлер, көпшiлiк пайданалатын көлiк мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға қызмет көрсету үшін техникалық, материалдық және кадрлық ресустарға ие болуы тиіс.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері ескеріле отырып, ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, сондай-ақ экологиялық қасірет аймақтарында тұратын адамдарды әлеуметтік қолдау жөніндегі тәсілдер кезең-кезеңімен қайта қаралатын болады.
2030 жылға қарай Қазақстан мүмкіндіктері шектеулі және егде адамдарға тосқауылсыз аймаққа айналады.
Мүгедектердiң жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын құруға және мүгедектерге арналған өзін-өзі көрсету үшін мүмкіндіктер беретін арнаулы оқыту бағдарламаларын жасауға жәрдемдесуге негізделетін болады.
2016 жылға қарай мемлекет мүгедектің жұмыс орны стандартын және білім беру ұйымдарында мүгедектерді оқыту жағдайының стандартын зірлеуді қамтамасыз етеді.
2016 жылы жұмыс берушілердің мүмкіндіктері шектеулі адамдарға жұмыс орындарын құруды кеңейтуге бағытталған ынталандыру шараларының кешені әзірленетін болады.
2020 жылға қарай жұмыс істеуге ниетті және оған медициналық көрсетілімдер бойынша сол немесе басқа еңбек қызметі рұқсат етілетін әрбір мүгедек жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болатындай жағдай жасалатын болады.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдендірілген көлемі шеңберінде егде адамдар үшін оларды жас шектеулеріне және ресоциализацияға бейімдеу бойынша қызметтер көрсетілетін болады.
Тұтастай алғанда, мемлекет экономикалық мүмкіндіктерді ескере отырып, барлық осал әлеуметтік топтар үшін инклюзивтік өсуге негіз болатын кепілдендірілген арнаулы әлеуметтік қызметтердің көлемі мен сапасын кеңейтеді.
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясат арқылы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясат өнімді жұмыспен қамтуға, жоғары еңбек өнімділігі мен инклюзивті экономикалық өсуге негізделген Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құруға бағытталатын болады.
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясаттың атаулы сипаты экономикалық белсенді халықтың түрлі санаттары үшін арнайы шаралар әзірлеу есебінен қамтамасыз етілетін болады. Жоғары еңбек өнімділігі мыналардың:
1) жалдамалы қызметкерлерді өмiр бойы оқыту және оларды ұзақ мерзiмдi жұмыспен қамту шеңберінде олардың бiлiктiлiктерiн дамыту;
2) өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлерді жұмыспен қамтудың бейресми секторынан формалды секторға ауыстыру;
3) өзін-өзі өнімсіз жұмыспен қамтыған қызметкерлер мен формалды сектордағы жұмыссыздарды кәсіпкерлікке тартуға ерекше көңіл бөле отырып, жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесу есебінен қамтамасыз етіледі.
1-басымдық. Жұмыспен қамту саясатын іске асырудағы жаңа тәсілдер
Ескерту. 1-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Мемлекет мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың, МЖӘ арттыру, инвестициялық және іскерлік ахуалды жетілдіру шеңберінде жобаларды іске асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын құруды ынталандыратын саясатты жалғастырады.
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы саясат іске асырылуы азаматтардың еңбек қызметімен және әлеуметтік қолдаудың жаңа тетіктерін енгізумен тікелей байланысты еңбек қатынастарын жетілдіру, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (бұдан әрі – ЭЫДҰ) еңбек нарығының көрсеткіштерін өлшеу жөніндегі стандарттарына өту, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің жаңа қосымша шараларын әзірлеу, жоғары білікті шетелдік жұмыс күшін тарту тәртібін оңайлату, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу, шартты атаулы әлеуметтік көмекке өту бөлігінде Мемлекет басшысы айтқан бес институционалдық реформаны іске асыру тетіктерін одан әрі тереңдету шараларын көздейді.
Осыған байланысты ЭЫДҰ мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына кіретін елдердің халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленген және Халықаралық еңбек ұйымының "Жұмыспен қамту саласындағы саясат туралы" 1964 жылғы 122-конвенциясына негізделген "Халықты жұмыспен қамту туралы" жаңа Заң 2016 жылы күшіне енді.
Кәсіпкерлік бастама жұмыспен қамтуды дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құрудың қуатты жолына айналады.
Мемлекеттік қолдау азаматтарға жаңа бизнес-жобаларды іске асыруға және қазіргі жобаларды нығайтуға мүмкіндік береді.
Қаржы қаражатына барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету, менеджерлерді оқыту бағдарламаларын іске асыру, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау мен жаңа істі ұйымдастыру кәсіпкерлік бастаманы қолдау тетіктеріне айналады.
Инновациялар кәсіпкерлік бастаманың локомотивіне айналады: жаңа технологияларды енгiзу жұмыс орындарының санын ұлғайтуға ғана емес, қызметкерлердiң кәсiби дағдыларына қойылатын талаптар деңгейін арттырумен қатар еңбек өнiмдiлiгінiң деңгейiн жоғарылатуға да мүмкіндік береді.
Инновацияларды қолдау мынадай қағидаттарға негiзделетiн болады:
1) инновациялық қызметпен байланысты дағдыларды дамыту формалды және формалды емес білім беру шеңберіндегі тиiстi оқыту бағдарламаларын қамтиды;
2) адамдар мен идеяларды бiрiктiру инновациялық өсудің жаңалық ашушылар мен басқа да шығармашылық адамдарын нақты елдi мекенде шоғырландыратын нүктелердi қалыптастыруды, сондай-ақ университеттер мен жеке сектордың тығыз байланысын қамтамасыз етудi болжайды;
3) тәуекелдердi басқару қаржылық ресурстардың қолжетiмдiлiгін қамтамасыз ету, сақтандыру, технологиялық парктер, еркін экономикалық аймақтар, инновацияларды коммерцияландыруды салықтық ынталандыруды қоса алғанда, инновациялық инфрақұрылымды дамыту арқылы инновациялық кәсiпорын мен жаңалық ашушылар тәуекелдерiн азайтуға негiзделетін болады.
Жұмыспен қамту мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдердің маңызды бөлігі жұмыссыздарға ұсынылатын әлеуметтік қолдаудың барлық түрлерінің кешенділігі мен өзара байланысын қамтамасыз ету болып табылады. Жұмыспен қамтуды әрбір мемлекеттік қолдау шарасы үшін азаматтардың басым санаттары, қолдау шараларының атаулылығы, нақтылығы айқындалған.
Қоныс аударушыларды және қандастарды өңірлік қабылдау квотасы шеңберінде еңбек күші көп өңірлерден Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге ерікті түрде қоныс аударатын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге субсидия және қажетті тұрғын үй беру көзделуде.
Халықтың ең әлжуаз тобы – мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары іске асырылатын болады. Мемлекет мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушілердің шығыстарын субсидиялауды көздеп отыр, бұл ретте осындай жұмыс орнын құрған сәттен бастап кемінде күнтізбелік 12 ай мүгедектің жұмыспен қамтылуын сақтау субсидия алу үшін негізгі шарт болып табылады.
Жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін халыққа қызмет көрсету кезінде еңбек нарығы институттарының қызметін қайта бағдарлауға бағытталған нормалар көзделген, онда халықты жұмыспен қамту орталықтарының құзыреттерін кеңейте отырып, олардың "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істеуіне үлкен рөл беріледі.
Жұмыс берушілер мен кәсіптік одақтардың мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыруға қатысуы барынша кеңінен регламенттелетін болады.
Аталған шаралар еңбек нарығын тиімді реттеуді арттыруға, халықты жұмыспен қамту шараларын кеңейтуге, халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсартуға және әлеуметтік қолдау шараларының атаулылығын күшейтуге ықпал ететін болады.
Өнімді жұмыспен қамтуды қалыптастыру және инновациялық өсу үшiн жоғары бiлiктi кадрлар даярлау мақсатында Ұлттық, салалық біліктілік шеңберлері және кәсiби стандарттарды әзiрлеу арқылы білім беру жүйесі мен еңбек нарығының өзара байланысы қамтамасыз етiледi.
Кәсіптік стандарттарды әзірлеу экономикалық қызметтің барлық салаларын қамти отырып, еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен кәсіптер бойынша 2020 жылға дейін кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
Тұтастай алғанда, кәсіптік стандарттар нақты сектордың қажеттіліктерін ескере отырып, тұрақты негізде өзектендіріледі.
Салалық қауымдастықтар базасында мамандардың біліктілігін тәуелсіз сертификаттау жүйесін экономика салаларына толық енгізу есебінен білікті кадрлар даярлау сапасы қамтамасыз етілетін болады.
Тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілер бірлестіктері салалық біліктілік шеңберлерін әзірлеу және қайта қарау жұмысын жалғастырады. Олардың негізінде жұмыс берушілер бірлестіктері кәсіптік стандарттарды әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бекітеді. Осыған сәйкес ЖОО кәсіптік стандарттардың негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейтін болады. 2019 жылға қарай жоғары және ЖОО кейінгі оқу орындарының білім беру бағдарламаларының 45 %-ы кәсіптік стандарттардың біліктілік құзыреттеріне негізделетін болады.
Оқудың өндіріспен байланысын күшейту дуальды оқыту қағидаттарын кеңінен қолдануды қамтамасыз етеді. Дуальды оқытудың негізгі қағидаттарын енгізген колледждердің үлесі 2017 жылға қарай 70 %-ды құрайды, ал 2020 жылға қарай 80 %-ға дейін ұлғаяды.
Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы салалар, өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде біліктілікке қойылатын талаптарға сәйкес еңбек нарығының кадрларға қажеттілігін болжау жұмысы жалғасатын болады.
Жұмыспен қамту саласы мәселелерінде халықты хабардар ету кеңейтіледі. 2017 жылға қарай барлық орта білім беру мекемелерінде оқушылар үшін кәсіптік бағдарлау кызметі көзделетін болады. Әлеуетті қызметкерлер мектеп жасындағы кезеңде өзекті еңбек нарығындағы қажетті кәсіптер туралы толық ақпаратқа ие болады, белгілі бір кәсіпті меңгерудің қандай әлеуетті әлеуметтік "дивидендтер" беретінін бағалауға қабілетті болады.
2015 жылға қарай өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуын кеңейту арқылы жұмыспен қамтуды формализациялау бойынша ынталандыру шараларының пакеті әзірленеді.
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің өсуі жалақының өсуіне сәйкес келетін болады. Осындай негізделген өзара байланыстың болуы ұлттық экономиканы технологиялық қайта жарақтандыру мен инновацияларды енгізу негізінде қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамыту арқылы қол жеткізілетін болады.
2-басымдық. Өмір бойы білім алу
Өмір бойы білім алу инновациялық өсу, жұмыс күшін жұмылдыру және өнімді жұмыспен қамту үшін орта қалыптастырады. Тұрақты даму және жаңа дағдыларға ие болу еңбек өнімділігін арттыруға және ұлттың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2017 жылға қарай өмір бойы білім алуды қаржыландыруға мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкерлердің үшжақты қатысуымен модель қалыптастырылады.
Өмір бойы білім алу төлемінің базалық жауапкершілігі қызметкерге жүктеледі.
Бұл ретте мемлекет пен жұмыс берушілер жұмыспен қамтылған халықтың жекелеген топтарын, мысалы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды (мемлекет), қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында (жұмыс берушілер) оқытуды қаржыландыруға қатысады.
Бұл ретте ауыл халқының еңбек дағдыларын дамытуға салынатын инвестицияларға ерекше көңіл бөлінетін болады.
Ауылдық елді мекендерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі 47,5 %-ды құрайды, ал қалалық жерде өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың үлесі әлдеқайда төмен – 18,4 %.
2017 жылға қарай кәсіптік стандарттар мен біліктілікті растау рәсімдерін әзірлеуді қоса алғанда, ұлттық біліктілік және өмір бойы білім алу жүйесін реттеу жауапкершілігі кәсіптік білім беру саласында мемлекетті, жұмыс берушілер мен қызметкерлерді біріктіретін үш жақты комиссияларға, салалық кеңестерге беріледі.
3-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту негізі ретіндегі қауіпсіз жұмыс орындары мен үйлесімді еңбек қатынастары
Ескерту. 3-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Жұмыс орнындағы қауіпсіз және тиісті жағдайлар, үйлесімді еңбек қатынастары өнімді еңбектің қажетті шарты болып табылады. Сапалы жұмыс орны – бұл, ең алдымен, еңбек жағдайларын қатаң бақылау, профилактикалық іс-шаралар өткізу, жұмыс беруші мен қызметкерлердің жұмыс ортасын жетілдіру үшін жүйелі жұмыс істеуі.
Қауіпсіз жұмыс орны мемлекеттің, қызметкерлердің және жұмыс берушілердің ұжымдық жауапкершілігі болып табылады. Таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі тетіктер олардың бірлескен іс-қимылдарын қамтиды.
2030 жылға қарай өндірістік жарақаттанушылық және кәсіби аурулар жағдайларының саны айтарлықтай азайып, әлемнің дамыған елдерінің деңгейіне жақындайды.
Халықаралық еңбек ұйымының еңбекті қорғауды басқару жүйесінің талаптарына сәйкес келетін қауіпсіздік стандарттары өндірістегі еңбекті қорғауды басқару негізі болады. Мемлекет пен жұмыс берушілер бірлестіктері еліміз кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігі бойынша стандарттарды енгізуді қамтамасыз етеді.
Барлық мемлекеттік еңбек инспекторлары мен барлық өндірістік кәсіпорындардағы еңбекті қорғау жөніндегі мамандар арасында еңбекті қорғауды басқару жүйесіне оқыту тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орын алған жазатайым оқиғаларға ден қоюдан олардың алдын алуға, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған алдын алу шаралары кешенін іске асыруға ауысу жүзеге асырылатын болады.
Өндірістік объектілерде еңбек жағдайларын арнайы бағалауды жүргізетін ұйымдарға қойылатын талаптарды күшейту және 2020 жылға қарай кәсіптік тәуекелдерді басқару тетіктерін күнделікті өндірістік практикаға толық енгізу осы жұмыстың негізіне айналады.
2016 жылы еңбек инспекциясы жұмысының әдіснамасы 2001 жылғы 7 мамырдағы № 194-II Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған "Өнеркәсіптегі және саудадағы еңбек инспекциясы туралы" Халықаралық Еңбек Ұйымының № 81 Конвенциясымен сәйкестендіріледі. Еңбек инспекторы бақылау субъектісіне жұмыс берушіні ескертпей бару мүмкіндігіне ие болады, бұл қызметкерлердің еңбек құқықтарын ең жақсы түрде қорғауға мүмкіндік береді.
Мемлекет қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуде жұмыс берушілердің белсенділігін ынталандыратын жағдай жасайды.
2016 жылға қарай еңбек саласындағы мемлекеттік бақылау оңтайландырылатын болады. Жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатумен қатар, еңбек жағдайларының сәйкестігін ерікті декларациялау нәтижесінде мемлекеттік еңбек инспекторларының осындай өнеркәсіптерді тексерулерінің саны азаяды..
Мемлекет үш жақты серіктестік жүйесі шеңберінде еңбек өнімділігін, қызметкерлер біліктілігі деңгейін арттыру, жаңа технологиялар мен техниканы енгізу, өндірістік қызметті жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындау жөніндегі бірлескен іс-қимылдар үшін жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдерін біріктіретін өндірістік кеңестер құруға жәрдемдесетін болады.
2017 жылға қарай өндірістік кеңестер қауіпті және зиянды еңбек жағдайларындағы барлық кәсіпорындарда, ал 2020 жылға қарай барлық орта және ірі кәсіпорындарда құрылатын болады.
Мемлекет еңбек жағдайларын жақсарту ісінде стратегиялық әріптес ретінде кәсіподақтардың қызметін қолдайды және ынталандырады. Осылайша, мысалы, кәсіподақтар кәсіби стандарттарды әзірлеу және қызметкерлердің біліктілігін тану процестеріне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту
Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту қазақстандықтардың өзін-өзі ойдағыдай көрсетуіне ықпал ете отырып, олардың рухани және дене саулығының қажетті көзі болады.
1-басымдық. Тиімді әлеуметтік даму үшін ақпараттық қоғам қалыптастыру
Ескерту. 1-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Әлемдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың серпінді дамуын ескере отырып, Қазақстанда прогрессивті ақпараттық қоғамды жедел қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайлар жасалады.
2017 жылы Интернет желісіне қол жеткізетін отбасылардың үлесі 60 %-ды құрайды, ал 2020 жылы 100 %-ға жетеді.
2030 жылға қарай мемлекет ақпаратқа еркін қол жеткізу және цифрлық теңсіздікті жою үшін жағдай жасайды. Интернет пен цифрлық телерадио хабарларын тарату әрбір қалада, аудан орталығында, село мен ауылда, әрбір үй мен ғимаратта болады.
2016 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылды, мұнда "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылданады және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелері беріледі, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету қамтамасыз етіледі.
"Электрондық үкімет" жүйесі 2025 жылға қарай бар күшімен жұмыс атқарады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру әрбір азаматқа оларды тез әрі сапалы алуға мүмкіндік туғызады.
Электрондық форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі 2017 жылға қарай 50 %-ды, ал 2030 жылға қарай 90 %-ды құрайды.
Азаматтардың жаңа ақпараттық технологияларды негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсетілетін қызметтер мен кепілдіктерге провайдер ретінде пайдалану арқылы өзін-өзі толық көрсету мүмкіндігіне ие болады, қашықтықтан білім алу мен жұмыспен қамту дами түседі.
Электрондық коммерцияның дамуы үйден шықпастан, жұмыс істеуге және тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мүмкіндік береді. Электронды төленетін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы айналымында қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі 2030 жылға қарай шамамен 60 %-ды құрайды.
Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және түрлі тәуекелдерді азайту үшін инновациялық технологиялар қазақстандықтардың күнделікті өміріне енгізілетін болады. 2015 жылдан бастап төтенше жағдайлар туралы жедел қызметтерді хабарландыру бойынша бірыңғай кезекші диспетчерлік қызмет енгізілетін болады.
2017 жылы төтенше жағдайларға арналған жедел қызметтердің ден қою уақыты 10,7 %-ға, 2020 жылы 31 %-ға қысқарады. Төтенше жағдайлар туралы халықты жаппай хабардар етудің қазіргі заманғы жүйесімен жарақтандырылған елді мекендердің үлесі 2017 жылы 95 %-ды құрайды.
Ұсынылатын электрондық көрсетілетін қызметтерді барынша қолдануды қамтамасыз ету үшін 2025 жылға қарай халықтың 90 %-ы, оның ішінде азаматтардың өздерінің белсенді қатысуымен компьютерлік сауаттылықты меңгереді. Жастар халықтың жаңалықтарды тез қабылдайтын санаты ретінде, үлкендер мен кішілерге, жақындары мен туысқандарына ақпараттандыру саласындағы дағдыларын дамытуға көмектеседі.
Барлық ұсынылатын ақпарат қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді болады. Қазақстандық контент белсенді дамып, уақыт талабына сәйкес толықтырылатын болады.
Ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, жеке өмірге қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасылық құпияға, қолданылуы шектелген ақпараттың қауіпсіздігіне, корпоративтік және жеке ақпараттық жүйелер қорғалуының жоғарғы деңгейіне кепілдік берілетін болады.
Аталған шаралар "Ақпаратты Қазақстан – 2020" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын болады.
2-басымдық. Мәдениет құндылықтарына қолжетімділікті кеңейту
Ескерту. 2-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Мәдени игіліктерге барынша қол жеткізу қазақстандықтардың өмір сүру сапасының арту көрсеткіштерінің біріне айналады.
Мәдениет саласын жаңғырту әрбір тұлға мен жалпы қоғамның мәдени және рухани әлеуетін ел азаматтары үшін мәдени игіліктерге барынша қол жеткізуді қамтамасыз ету, қызметтердің алуан түрлілігі мен сапасын арттыру үшін жағдай жасау, мәдениет саласын дамытудың ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық тетіктерін жетілдіру жолымен дамытуға бағытталатын болады.
2030 жылға қарай халықтың барлық санаттарына қолайлы және қолжетімді кітапханалық кеңістікте ақпарат алмасу қамтамасыз етіледі. Кітапхананың рөлі айтарлықтай артады, оның мәдени, білім беру және ақпараттық орталық ретіндегі мәртебесі күшейеді. 2020 жылға дейін кітапханалық қорға кешенді толық цифрландыру жүргізіледі. Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана ақпараттық қоғам кітапханасына ауысатын болады. Әрбір азамат үшін Қазақстанның барлық кітапханаларының жинақталған каталогы, олардың толық мәтінді ресурстары қолжетімді болады. 2025 жылға қарай кітапхана оқырмандарының саны 2012 жылмен салыстырғанда екі есе ұлғаяды.
Мұражайлар тарих және мәдениет құндылықтарын зерттеу, сақтау мен олардың экспозициясының дәстүрлі функциялары шегінен шығады. Олар қалыптасқан рухани қажеттіліктерді ғана қанағаттандырып қоймай, сонымен қатар оларды белсенді қалыптастыру, ұлттық мұраға, көркем мәдениет жетістіктеріне, отандық және әлемдік тарихтың өтпес құндылықтарына адамдардың қызығушылығын ынталандырады.
Қазақстан Республикасының мәдени саясаты тұжырымдамасының негізгі мақсаты елдің біртұтас мәдени кеңістігін дамыту, қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ділі мен жоғары руханилықты қалыптастыру, экономиканың сәтті дамуына және елдің халықаралық жағымды имиджін қалыптастыруға әсер ететін қазіргі заманғы мәдени кластерлер құру болып табылады.
Бұл үшін Қазақстан Республикасы мәдени саясат тұжырымдамасында музей инфрақұрылымын жаңғырту, олардың қорларын кеңейту бойынша қажетті шаралар көзделетін болады. Музейлер заманауи және технологиялы болады, жетекші қазақстандық музейлердің жылжымалы қорлары құрылады. 2025 жылға қарай виртуалды музейлер жүйесі құрылады.
Театр өнері саласы жанрлық алуан түрлілікпен ерекшеленеді және тұратын жері мен табыс деңгейіне тәуелсіз халықтың түрлі топтарының театрлық қажеттіліктерінің құрылымына жауап береді.
2015 жылға қарай жекелеген санаттағы азаматтарға мәдениет саласында жеңілдік негізде қызметтер көрсету жүйесі пысықталады.
Ең үздік шығармашылық жетістіктерді көрсетуге, мәдениетаралық диалогты нығайтуға және елдің барлық өңірлерінде шығармашылық белсенділікті арттыруға бағытталған гастрольдік қызмет кеңінен таралатын болады. 2015 жылдан бастап тұрақты негізде өңірлік және республикалық деңгейлерде бірыңғай театрлық кеңістікті нығайтатын театр фестивальдары өткізіледі.
2025 жылға қарай 2013 жылмен салыстырғанда театрларға барушы адамдардың саны екі есе артады.
Мәдени саясат тұжырымдамасында меценаттықты кеңінен тарату мәселелері пысықталатын болады.
2030 жылға қарай мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен халықтың қанағаттанушылық деңгейі 70 %-ға жетеді. 2014 жылы кино, театр, музыка өнері және әдебиет салаларындағы мәдени өнімдердің жаңа сапасын құруды одан әрі ынталандыру бойынша кешенді шаралар қабылданады.
3-басымдық. Елдің барлық азаматтарының спортпен айналысуы үшін жағдай жасау
Ескерту. 3-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Дене шынықтырумен, спорттың белсенді түрлерімен шұғылдану – салауатты өмір салтының қағидаты мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтың әріптестік ынтымақтастығы негізінде дамитын болады.
Мемлекет азаматтардың түрлі санаттарына олардың табысы мен жасына қарамастан спортпен айналысу үшін жағдай жасау бойынша шаралар қабылдайтын болады. Спорт объектілеріне бару құны, олардың тұрғын жерінен алшақтығы қазақстандықтар үшін денсаулықты нығайтуға кедергі болмайды. 2015 жылға қарай жекелеген санаттағы азаматтарға дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін және жеңілдік негізде ұсынудың нақты тетігі қалыптасады.
Спорттық инфрақұрылымды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін қолдана отырып белсенді кеңейту жұмыстары жүргізіледі.
Жұмыс берушілер қызметкерлердің денсаулығын қолдауды қамтамасыз ету процесіне белсенді қатысатын болады.
2016 жылдан бастап қызметкерлердің жұмыс орындарында денсаулықтарын нығайту бойынша бағдарламалар енгізілетін болады. Бағдарламалар қызметкерлердің денсаулығын нығайту бойынша, инфекциялық аурулардың алдын алу туралы және салауатты өмір салтын жүргізу бойынша практикалық шараларды қамтиды.
Белсенді дене шынықтыру мен спортың пайдасын танымал ету тұрақты бұқаралық жарыстардың өткізілуіне көмек көрсетеді, оларға қатысу қазақстандықтардың белсенді демалысының нысаны болады. Жыл сайын үш мыңнан кем емес жаппай дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын өткізу қамтамасыз етіледі. Жаппай спорттық іс-шараларға қатысатын азаматтардың саны 2015 жылы 4 млн. адамға дейін өседі.
2016 жылы еліміздің оқу орындарында дене шынықтырумен және спортпен айналысу бойынша сабақтан тыс сағаттарды көбейту бойынша кешенді іс-шаралар әзірленеді, ол 2017 жылға қарай балаларға, жасөспірімдер мен жастарға арналған әртүрлі спорт түрлері бойынша спорт секциялары мен клубтар желісін, оның ішінде ауылдық жерде 20 %-ға кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда, 2030 жылға қарай күн сайын дене шынықтырумен айналысатын азаматтар үлесі кемінде 40 %-ды құрайды.
Тұрғын үй жағдайлары стандарты: қолжетімділік пен жайлылық
Тұрғын үй қолжетімділігі және азаматтардың тұру жайлылығы олардың өмірінің қауіпсіздігі және әлеуметтік-экономикалық саулығының аспектілері болып табылады.
1-басымдық. Тұрғын үймен қамтылу және оның халыққа қолжетімділігі
Ескерту. 1-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Тұрғын үймен қамтылу және оның халыққа қолжетімділігі оның өмір деңгейіне және халықтың өсу қарқынына тікелей әсер етеді. Тиімді тұрғын үй нарығы әлеуметтік мәселелерді, сол сияқты тұтастай алғанда экономиканы дамытуға қажет.
Халық үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру тетіктерін әзірлеу мемлекеттік тұрғын үй саясатының басымдығы болып табылады.
Мемлекет дәлелді себептерге байланысты тұрғын үй мәселесін өз бетімен шеше алмайтын азаматтардың санаттарына қолдау көрсетеді.
Халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үйді оны кейіннен сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз салу тетіктері іске асырылған.
Дамыған жалға берілетін тұрғын үй нарығы азаматтарға ұйымдастырылған тұрғын үйді ұзақ мерзімді жалға алу мүмкіндігін береді. Бағасы бойынша қолжетімді жалға алу қазақстандықтарға ұзақ уақытқа өз тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
2015 – 2019 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі бойынша шамамен 1,7 млн. шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй салу жоспарланып отыр.
Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі азаматтардың тұрғын үй сатып алу мәселесін нақты шешуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет 2020 жылға қарай кредиттік тұрғын үй салу бағыты бойынша 2,9 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй енгізуді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі азаматтардың тұрғын үй сатып алу мәселесін нақты шешуге мүмкіндік беретінін ескере отырып, кредиттік тұрғын үй салуды ынталандыру көзделуде. 2016 – 2019 жылдары "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі бойынша 1,6 млн. шаршы метрден астам кредиттік тұрғын үй енгізілетін болады.
Тұрғын үй құрылысында жаңа құрылыс стандарттарын қолдану бойынша пәрменді бақылау жүйесі енгізілетін болады. Тұтастай алғанда, мемлекеттік қолдау тетіктерін қолдануды ескере отырып, 2016 жылдан бастап жыл сайын жалпы алаңы 7 млн. шаршы метрден кем емес жаңа тұрғын үй енгізіледі.
Салынып жатқан тұрғын үйді уақтылы пайдалануға беру, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру үшін жұмыстың басым бағыты аула ішіндегі аумақтар мен орам ішіндегі жолдарды абаттандыруды қоса алғанда, тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатқан аудандардың инженерлік-коммуникациялық және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту, көліктің қолжетімділігі мәселелерін шешу болып қалады.
Тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартудың, МЖӘ ынталандырудың тиімді экономикалық тетіктері құрылады.
Екінші деңгейдегі банктердің үлестік салымдарды кепілдендіруін, жобалық қаржыландыруын, сонымен қатар құрылыс салушының өз қаражатының есебінен тұрғын ғимаратының "қаңқасын" салуын қамтитын үлескерлердің қаражатын қорғау және кепілдендіру тетіктері енгізіледі.
Мемлекет құрылысқа арналған жер учаскелерінің тиімді нарықтарын, мердігерлік жұмыстар нарығын қалыптастыру, құрылыс индустриясы мен құрылыс материалдарының меншікті базасын дамыту үшін жағдай жасайды.
Барлық заманауи талаптарға жауап беретін, жер мен ғимараттарды қоғамдық мүдделерді сақтау мақсатында пайдалануды қамтамасыз ететін қалалық жоспарлаудың тиімді жүйесі құрылатын болады. Қалалық жоспарлаудың негізгі мақсаты инновациялық және неғұрлым жоғары өнімді компаниялар мен жұмыс күшін тарта алатын бәсекеге қабілетті қалалар құру болады. Мұның негізі:
1) әкімшіліктің, бизнес пен тұрғындардың иелігінде заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар болатын "ақылды" қаланы;
2) ресурстарды, атап айтқанда шығарындылар мен ластануды шектеумен қатар, энергия мен суды тиімді және үнемшіл пайдалану іске асырылатын "жасыл" қаланы;
3) қылмыстықтың деңгейі ғана төмен емес, сондай-ақ тұрғындардың ықтимал төтенше жағдайларға дайындығы жоғары "қауіпсіз" қаланы;
4) спорттық және мәдени инфрақұрылымы, сондай-ақ қажетті рекреациялық аймақтары бар "жайлы" қаланы құру болады.
2-басымдық. Халықтың жайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту
Ескерту. 2-басымдыққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Азаматтардың тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй қорына түгендеу, бұзылуға немесе күрделі жөндеуге жататын авариялық тұрғын үйді анықтау тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Ең төменгі және ең жоғары жұмыс түрлері кезінде үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің қайтарымды қаражаты есебінен күрделі жөндеу бойынша жұмыстарды жүргізуді көздейтін тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу тетігі қолданысқа енгізілді.
Сондай-ақ кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне жекелеген күрделі жөндеу түрлерін жалпы жиналыста тағайындалатын үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қатарындағы жауапты адамдармен келісім бойынша жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін міндетті түрде орната отырып, үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері қайтарған қаражат есебінен жүргізуге рұқсат етіледі.
Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен, оның ішінде сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және қолданыстағыларды реконструкциялау есебінен қамтамасыз ету жалғастырылады. Қала халқының сумен жабдықтауға және кәріз қызметтеріне қолжетімділігі 2015 жылға қарай 87 және 82 %-ға дейін, ал елдің қала және ауыл халқының қолжетімділігі 2025 жылға қарай тиісінше 100 және 80 % құрайды.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту үлестік пайдалану шығындарын азайтуға, ресурстарды үнемдейтін технологияларды енгізуге, тарифтік реттеудің тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Коммуналдық қызметтер сапасына қанағаттанған халықтың үлесі 2030 жылға қарай 90 %-ды құрайды. Коммуналдық қызметтерді ұтымды пайдалану және оны тұтынуды үнемдеу 2020 жылға қарай оларды төлеуді үштен бірге азайтуға мүмкіндік береді, бұл ретте 2025 жылға қарай тұтынушылардың 100 %-ы сумен жабдықтауды есептеу құралдарымен жарақтандырылатын болады.
Жаңа технологияларды қолданумен ескі және тиімсіз қазандықтарды жаңғырту немесе ауыстыру жүзеге асырылады. 2020 жылға қарай тұрғын үй-коммуналдық сектордағы апаттар саны 70 %-ға төмендетіледі.
2015 жылға қарай 24,7 мың км желілер жаңғыртылды, жаңғыртылған желілердің ұзындығы 2020 жылға қарай қосымша 22,4 мың км құрайды. 2030 жылға қарай коммуналдық қызметтер көрсету жүйесінің инфрақұрылымын жаңғырту процесі толық аяқталады және одан әрі көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасы сақталып тұрады.
Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру
Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік жаңғырту стратегиясының басымдықтарын орындау және нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті институционалдық тәсілдерді, құралдар мен тетіктерді нығайту жалғастырылатын болады.
Мыналар:
1) мемлекеттік органдардағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту;
2) азаматтық қызметті дамыту;
3) мемлекеттік құрылымдардың үкіметтік емес сектормен ынтымақтастығын нығайту жөніндегі шаралар кешенін іске асыру Қазақстанда жүргізіліп жатқан әлеуметтік қайта құрулардың тиімділігін арттыруға бағытталатын болады.
Мемлекеттік органдардағы әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару жүйесін дамыту
Мемлекет басшысының 2012 жылғы 10 шілдедегі "Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам" атты мақаласында берілген тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің (Дүниежүзілік Банк) техникалық қолдауымен мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық практиканың озық стандарттарының қолданылуын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлауға және басқаруға бағалау жүргізді.
Жүргізілген бағалаудың нәтижесінде проблемалар айқындалып, әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін одан әрі арттыру бойынша шешімдер әзірленді.
Әлеуметтік жаңғыртудың мақсаттарына табысты қол жеткізу үшін тиімді кадрлық саясат қалыптастыру мемлекеттік басқару саласындағы міндеттердің біріне айналады. Мемлекеттік органдар білікті қызметшілерді жұмысқа тартып, оларды ұстайды, оларға оқыту және дағдыларын жетілдіру тұрғысынан қолдау көрсетеді. Осы мақсаттарда озық тәжірибе алмасу бойынша тренингтер мен іс-шараларды қамтитын кешенді оқыту жоспарлары әзірленеді.
2020 жылға қарай әлеуметтік салаларда республикалық және өңірлік деңгейде мамандарға қажеттілікті зерделеу мен жоспарлауға бағытталған әдістер әзірленіп, енгізіледі.
Қаржы ресурстарын басқару сапасын арттыру әлеуметтік жаңғырту басымдықтарының біріне айналады.
Бюджетті жоспарлау мемлекеттік органдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген әлеуметтік-экономикалық саясатының орташа мерзімді басымдықтарына сәйкес нақты нәтижелерге жетуіне негізделетін болады. Күш-жігер мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының сапасын арттыруға бағытталатын болады.
Бюджет жүйесінің барлық деңгейлерінде бюджет шығыстарының нәтижелілігіне мониторинг енгізілетін болады. 2015 жылға қарай тиімді ішкі аудит жүйесі құрылады.
Мемлекеттік басқару тиімділігінің негізгі аспектісі ретінде әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру әлеуметтік жаңғырту мақсаттарына жету шеңберіндегі маңызды бағыт болады.
Әкімшілік процестер мен қызметтер көрсету рәсімдерінің тиімділігін ішкі бағалауды, сол сияқты алынатын қызметтер көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне тұтынушылардың қанағаттануын анықтауды қоса алғанда, республикалық және жергілікті деңгейлерде әлеуметтік қызметтер көрсету сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг жүйесі әлеуметтік салалардағы нәтижелер бойынша басқару жүйесін қалыптастыру негізіне, мемлекеттік қызметшілер қызметін бағалау базасына және уәждемесіне айналуы тиіс.
Іске асырылып жатқан іс-шараларды қолдау үшін бірыңғай әдістемелік қамсыздандыру жүйесі құрылатын болады. 2016 жылға қарай білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, мәдениет салаларында сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулер бойынша арнайы нұсқаулар әзірленетін болады, олар түпкілікті тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағдарланған қызметкерлерді ынталандыру қағидаттарын қамтитын болады.
Сапалы деректер алу және пайдалану, сол сияқты оларды тарату, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланумен жариялау бөлігінде әлеуметтік жаңғырту мәселелері мен проблемаларын ақпараттық сүйемелдеу артады. Мемлекеттік органдарда ақпарат жинау және оның сапасы жөніндегі жүйелерді, ең алдымен, ведомстволық статистика жүргізуді, сондай-ақ ведомствоаралық ақпарат алмасуды жетілдіру бөлігінде дамыту қамтамасыз етіледі. Деректерді сақтау, жүйелендіру және тарату үшін ақпараттық технологиялар жүйесін дамыту жалғастырылатын болады.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, еңбек және әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құрылысы салаларындағы іске асырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға үнемі бағалау жүргізу әлеуметтік жаңғыртудың және әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырудың маңызды аспектісі болып табылады, ол мынадай бағыттар:
1) қойылған мақсаттарға жету үшін әзірленген стратегиялық бағыттар мен шараларды олардың қажеттілігін, жүзеге асуын, қабылдануы мен дәйектілігін айқындау үшін бағалау;
2) халықтың тиісті топтарын әлеуметтік көрсетілетін қызметтер пакетімен қамту;
3) мақсаттарға іс жүзінде қол жеткізу деңгейімен стратегияның іске асырылу нәтижелерін салыстыру бойынша жүзеге асырылатын болады.
Басқару тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан қарамағында әлеуметтік жаңғырту шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, стратегияны қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және әлеуметтік саланы реформалау процестерін тереңдету басымдықтары, сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту мәселелері болатын әлеуметтік процестерді басқару жөніндегі ведомствоаралық қеңес құру ұсынылады.
Азаматтық қызметті дамыту
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Мұғалімдер, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер жататын азаматтық қызметтің жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, мемлекет оны дамытуға қатысты жүйелі және бірыңғай саясатты жүзеге асыратын болады. Азаматтық қызметті реттеудің кешенді нормативтік құқықтық негізін құру осы жұмыс бағыттарының біріне айналады.
2016 жылға қарай Қазақстанда меритократия қағидаттарын ескере отырып, азаматтық қызметті дамыту стратегиясы әзірленетін болады, ол мемлекеттік органдар мен азаматтық қызметшілер қызметінің ашықтығын және регламенттелуін қамтамасыз етіп, азаматтық қызмет саласында кадрлық саясат жүргізудің тиімді тетіктерін әзірлеуге мүмкіндік береді. Қоғамда әлеуметтік сала қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделін арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Осы тәсілдерді әзірлеуді ескере отырып, азаматтық қызметті дамыту процесін үйлестіретін бірыңғай мемлекеттік орган айқындалатын болады.
Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру, азаматтық қызметтің беделін одан әрі арттыру және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт және т.б. қызметкерлеріне әділ сыйақы төлеу және нәтижесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа моделі енгізілді.
Үкіметтік емес сектормен әріптестік
Ескерту. Кіші бөлім жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Әлеуметтік жаңғыртудың оң нәтижелеріне қол жеткізу үшін мемлекеттік органдардың ҮЕҰ-мен ынтымақтастығының тетіктерін жетілдіру шешуші мәнге ие болады.
2015 жылғы 2 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Заңда ҮЕҰ үшін гранттар мен сыйлықақылар түрінде ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа нысандарын енгізу көзделген.
ҮЕҰ үшін гранттар мен сыйлықақылар арқылы ҮЕҰ-ны қаржыландырудың жаңа нысандары ҮЕҰ-ға өз әлеуметтік жобаларын іске асыруға және қаражаттың бір бөлігін институционалдық дамуға жұмсауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік орган бюджетінен ҮЕҰ-мен бірлескен әлеуметтік жобаларды, әлеуметтік бағдарламаларды аталған бағыт шеңберінде іске асыру мақсатында ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру үшін қаражат бөлінетін болады.
2030 жылға қарай әлеуметтік салада мемлекет және үкіметтік емес сектор тепе-тең әріптестік қағидатында өзара іс-қимыл жасайтын қарым-қатынас моделі қалыптастырылып, толыққанды қызмет ететін болады.
Әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны реформалау
Жаңартылған нормативтік құқықтық база әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару жүйесі тиімділігінің негізі және әлеуметтік саладағы жаңа бастамаларды табысты іске асыру кепілі болады.
Нормативтік құқықтық базаны реформалаудың өзектілігі
Ескерту. Кіші бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлеуметтік қатынастарды реттейтін ауқымды нормативтік құқықтық база құрылып, жұмыс істеуде.
Барлық аса маңызды салалар – білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, азаматтық қоғам институттарының қызметі – арнайы заңнамалық актілермен реттеледі.
Еңбек заңнамасы кодификацияланған, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі құқықтық шеңберде жұмыс істейді.
"Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы", "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы" кодекстері, Еңбек кодексі қабылданды және қолданылуда.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау салаларында нормативтік құқықтық база едәуір жетілдірілген.
Осылайша, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласында "Мемлекеттік әлеуметтік қызметтер туралы" жаңа Заң қабылданды, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңға өзгерістер енгізілді, ішкі көші-қон мәселелерін регламентейтін және шетелдік жұмыс күшін тарту бойынша жаңа тәсілдерді айқындайтын "Халықтың көші-қоны туралы" Заң қабылданды.
2005 жылдан бастап еңбек ету қабілетін жоғалту, асыраушысынан, жұмысынан, жүктілігіне және босануына байланысты табысынан айрылу, нәресте баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айрылу сияқты әлеуметтік тәуекелдер басталған жағдайда әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны болып табылатын әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.
2008 жылы Мүгедектер құқығы туралы конвенцияға және оған Факультативтік хаттамаға қол қойылды.
Білім беру саласында соңғы бес жыл ішінде автономиялық жоғары оқу орындарын, зияткерлік мектептердің жаңа форматын, ғылыми қызметті іске асырудың жаңа нысандарын құруға бағытталған түйінді заңдар қабылданды.
Денсаулық сақтау саласындағы заңнама нормалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" бірыңғай актісіне кодификацияланған, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі үшін заңнамалық түрде құқықтық негіз бекітілген.
Сонымен бірге, егер жекелеген салалар едәуір өзгерістерге ұшыраса, тұрғын үй қатынастары, мәдениет салаларындағы заңнама едәуір жаңартуды талап етеді.
Мемлекет норма шығару процесін жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін шаралар қабылдады, оның ішінде: заң жобалау қызметін перспективалық жоспарлау; нормативтік құқықтық актілерге ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқа) сараптама енгізу.
Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүйесі ұйымдастырылып қолданылуда, оның мақсаты заңнамалық актіні және оны қолдану тәжірибесін талдау болып табылады.
Баяндалғандармен қатар, әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны түгендеу қолданыстағы заңнаманың мынадай проблемалық жақтарын және осал ұстанымдарын анықтады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік саладағы заңнамасына жасалған талдау коллизиялардың болуын, ескерген нормалардың, декларативтік нормативтік құқықтық актілердің, яғни тиісті заңға тәуелді нормативтік құқықтық база немесе іске асырудың басқа да тетіктері жоқ, жекелеген нормативтік құқықтық әктілердің Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттеріне сәйкес келмейтінін, көптеген сілтеме нормалары бар заң және заңға тәуелді актілердің болуын көрсетті.
Бірқатар салаларда заңнаманы жаңарту қарқынды жүрмеуде, бұл оның тез өзгеріп отыратын әлеуметтік үрдістерге сәйкес келмеуіне алып келуде.
Құқық қолдану тәжірибесінде де кемшіліктер бар. Заңнаманың нормаларын іске асыру және мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік органдар мен жұртшылық тарапынан бақылауды күшейту қажет.
Жекелеген нормаларды іске асыру олардың декларативтік сипатта болуына, кейбір процестердің жеткіліксіз регламенттелмеуіне, тиісінше заңға тәуелді нормативтік құқықтық базаның болмауына байланысты қиындық туғызады. Заңнама нормаларын немқұрайлы орындау, ескірген және қайталайтын нормалардың болуы атап өтіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге тәуелсіз (қоғамдық) мониторинг жеке кәсіпкерлік субъектілердің мүдделерін қозғаған кезде ғана өткізіледі.
Анықталған кемшіліктер әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны жүйелеу қажеттігін, сондай-ақ оның тиімділігін арттыру үшін едәуір қорлардың бар екенін растайды.
Әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны реформалау тәсілдері
Нормативтік құқықтық базаның тиімділігі – мемлекеттік әлеуметтік саясаттың қойылған мақсаттары мен міндеттеріне жетуге ықпал ететін сапалық сипаттамалардың бірі.
Нормативтік құқықтық базаның тиімділігін арттыру:
1) құқық шығаруды жетілдіру;
2) құқық қолдануды жетілдіру;
3) халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру арқылы жүргізу орынды деп саналады.
Осыған байланысты, әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны реформалау мақсаттары:
1) азаматтардың конституциялық құқықтарын іске асыруға, адами капиталды дамытуға және жинақтауға ықпал ететін құқықтық жағдайларды нығайту;
2) әлеуметтік салалардағы өзгерістерге жауап беретін серпінді және тиімді нормативтік құқықтық базаны қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) коллизияларды, қайталаушы, ескірген, сілтеме нормаларды және құқықтық реттеудегі олқылықтарды жою;
2) мақсаттарды, міндеттерді ескере отырып, сондай-ақ әлеуметтік салалардағы даму мен жетістіктерге байланысты нормативтік құқықтық базаны уақтылы жаңарту мен өзектендіруді қамтамасыз ету;
3) әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаның келісімді болуын қамтамасыз ету.
Бұдан басқа, осы Тұжырымдамада көзделген жаңа бастамаларды заңнамалық сүйемелдеу қажет.
Әлеуметтік заңнаманы жаңартуды қолданыстағы нормаларды жетілдіру және жаңа нормативтік құқықтық базаны қабылдау арқылы жүзеге асыру қажет.
Әлеуметтік заңнама жүйелі түрде қайта қаралатын, жаңартылатын және жетілдірілетін болады. Осы мақсаттарда оған кезең-кезеңімен түгендеу жүргізілетін болады.
Түгендеу және жүйелеу кезінде қалыптасқан салалар мен институттардың ерекшелігі, сондай-ақ әлеуметтік заңнаманың белгілі бір саласындағы нормативтік материалдың көлемі ескеріледі.
Әлеуметтік жаңғыртудың бірінші кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, сарапшылар қоғамдастықтар және үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаның тиімділігіне кешенді талдау өткізілетін болады.
Әлеуметтік саладағы өткізіліп жатқан реформаларды ескере отырып, қайта қарауды талап ететін нормалар мен нормативтер анықталатын болады.
Өткізілген жұмыс қорытындысы бойынша әлеуметтік саланы реттейтін заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленетін болады.
Нормативтік құқықтық базаның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуде міндетті болып табылатын халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылатын болады.
Экономикалық өсу Қазақстанның тиімді әлеуметтік саясатының негізі ретінде
Сарапшылар Қазақстанның жылдық орташа экономикалық өсу қарқыны 2030 жылға дейінгі бүкіл кезеңде 5,5 %-ға жуық болады деп болжап отыр. Бұл ретте 2030 жылға дейінгі экономикалық өсудің перспективалары әлемдік энергия тасымалдаушылардың әлемдік нарығындағы едәуір жағымды конъюнктурасымен және Қытай мен Азия өңірінің басқа да серпінді дамушы елдері тарапынан металға өсіп отырған жаһандық сұраныспен айқындалатын болады.
Экономикалық өсу азаматтардың әл-ауқатын арттыру үшін олардың жұмыспен қамтылуы мен өмір сүру деңгейінің өсуі арқылы негіз қалайды. Әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі және сапасы экономикалық өсудің қарқынына және бюджеттің мүмкіндіктеріне тікелей байланысты, өйткені мықты экономика тұрақты салықтық базаны және мемлекеттің әлеуметтік моделінің орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік қорғауды жақсартуға, денсаулық сақтау және білім беру жүйесін жаңғыртуға, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға бағытталған елдің әлеуметтік дамуы мемлекет тарапынан едәуір шығындарды талап етеді.
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу қарқыны баяулап отырған кезде Еуроаймақ елдерінде әлеуметтік міндеттемелерді "ойланбастан" ұлғайту бюджеттің тапшылығына, мемлекеттік борышқа және мемлекеттік қаржының тұрақсыздығына алып келді. Нәтижесінде Еуроаймақтың бірқатар елдері дефолтты болдырмау үшін әлеуметтік шығыстарды барынша қысқарту және салықты көбейту бойынша шаралар қабылдауда.
Осылайша, әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерді орындауы үйлестірілген әлеуметтік және экономикалық саясатты жүргізген кезде ғана мүмкін болады.
Осыған байланысты, мемлекет міндеттемелерінің дәйексіз көбеюі нәтижесінде ұзақ мерзімді кезеңде мемлекеттік қаржының теңгерімсіздігін болдырмау мақсатында Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту стратегиясын іске асыру оларды бюджеттің мүмкіндіктерін, тұрақты экономикалық өсуді, азаматтардың және жеке сектордың ынтымақты жауапкершілігін негізге ала отырып, кезең-кезеңімен орындауды көздейтін болады.
Әлеуметтік жаңғырту әлеуметтік салада ең төменгі әлеуметтік стандарттарды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды кезең-кезеңімен енгізуді болжайды. Бұл бюджеттік шығыстарды әлеуметтік дамудың басым бағыттарында шоғырландыруға, бөлінетін бюджет қаражатының тиімділігі мен халық үшін әлеуметтік саланың сапалы көрсетілетін қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететін болады.
4. Тұжырымдаманы іске асыру болжанатын нормативтік құқықтық
актілерінің тізбесі
Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42; 31.05.2016 № 321 қаулыларымен.
Тұжырымдаманың іске асырылуын мынадай нормативтік құқықтық актілер арқылы қамтамасыз ету болжанады.
Қолданыстағы заңнамалық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;
3. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі;
4. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
5. "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
6. Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
7. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
8. "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
9. "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
10. "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.
12. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
13. "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
14. "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
15. "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
16. "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
17. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
18. "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
19. "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
20. "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
21. "Кәсiптiк одақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
21-1. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
21-2. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
21-3. "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
21-4. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
Қолданылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттар
22. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығы;
23. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын бекіту және "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 176 Жарлығы;
24. "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы;
25. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.
26. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.
27. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.
28. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.05.2016 № 321 қаулысымен.
29. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және т.б.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген |
Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқтау нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. Білім беруді қоғамның өркендеуі үшін тұғырнама ретінде дамыту | ||||
1-басымдық. Білім беру жүйесін инфрақұрылымдық жаңарту және оны қаржыландыруды жетілдіру арқылы білім беру қызметтерінің жалпыға ортақ қолжетімділігін қамтамасыз ету | ||||
1. | Мемлекеттік балабақшалар салу, жеке меншік шағын орталықтар ашу, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде мектепке дейінгі білім беру инфрақұрылымын кеңейту | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ЭБЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
2. | Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытуда: балаларды ерте дамытудың тұжырымдамалық негіздерін әзірлеу; БМЖС-ке сәйкес мектепке дейінгі жастағы балаларды критерийлік бағалау индикаторларын әзірлеу және енгізу; БМЖС-ке сәйкес "Зерек Бала" негізгі бағдарламалары мен баламалы бағдарламаларды жаңарту арқылы заманауи білім беру бағдарламалары мен әдістемелерін әзірлеу бойынша шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ | 2014 жығы желтоқсан |
3. | Орта білім беру ұйымдарының Апаттық картасын әзірлеу | Апаттық картасы | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
4. | Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерін қоса алғанда, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салған кезде мүгедек балаларға кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, қараша |
5. | Апатты және үш ауысымды мектептердің орнына мектептер салу | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы желтоқсан |
6. | Шағын жинақталған мектептер үшін 70 тірек мектеп – ресурстық орталық құру | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
7. | Инклюзивті білім беруді одан әрі кешенді дамыту бойынша Іс-қимыл жоспарын әзірлеу | Іс-қимыл жоспары | БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы желтоқсан |
8. | Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырысты жыл сайынғы ұлғайту | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИЖТМ, Еңбекмині, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | Жыл сайын, маусым |
9. | Орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыруды сынамалау | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қазан |
10. | Шәкіртақылар мөлшерін 25 %-ға арттыруды қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ЭБЖМ, ІІМ, ТЖМ, Қорғанысмині, ДСМ | 2015 жылғы желтоқсан |
2-басымдық. Білім беру сапасын арттыру | ||||
11. | Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде қосымша білім беру объектілерін құру мүмкіндігі бойынша ұсыныстарды әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, НУ (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы маусым |
12. | Балаларды қосымша білім берумен қамтамасыз етуді кеңейту | 2014-2016 жылдарға БҒМ және облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері арасындағы білім беру және жастар саясаты салаларында нысаналы көрсеткіштер және соңғы нәтижелерге қол жеткізу туралы меморандум | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы маусым |
13. | Озық әлемдік тәжірибені ескере отырып, кәсіби және моральдік-жеке қасиеттерді ескеретін мектепке дейінгі білім берудің қызметкерлерін жалдау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
14. | Озық халықаралық тәжірибе негізінде білім жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, НЗМ (келісім бойынша) | 2015 жылғы мамыр |
15. | 1 сыныптан бастап барлық пәндер бойынша жаңартылған МЖБС және оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз ету (орта білімнің толық жаңартылған мазмұнын кезең-кезеңімен енгізу) | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қазан |
16. | Оқу-әдістемелік әдебиетті дамытуды және прогрессивтік және тиімді әдістемелерді енгізуді қамтамасыз ету арқылы 2015 жылдан бастап орта білім беру ұйымдарының он екі жылдық білім беруге кезең-кезеңмен ауысуын қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қазан |
17. | Орта білім беретін барлық ұйымдарда электрондық оқыту жүйесін енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғықараша |
18. | Білім ортасында қолданылатын барлық педагогикалық технологиялар мен ұйымдастыру тәсілдеріне толыққанды тұлға қалыптастыруды қамтамасыз ету тұрғысынан кешенді тексеру жүргізу | Тексеру нәтижесі туралы ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, НЗМ (келісім бойынша) | 2014 жылғы желтоқсан |
19. | Кәсіби стандарттар негізінде жаңа үлгілік оқу жоспарларын және білім беру бағдарламаларын әзірлеу | Бұйрық | БҒМ | 2015 жылғы шілде |
20. | Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында дуальдық оқыту қағидаттарын енгізуді қамтамасыз ету | Келісімдер, шарттар | БҒМ, Еңбекмині, ДСМ, ҰКП (келісім бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2015 жылғы мамыр |
21. | Колледжерге өндірістен мамандарды тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша), Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2015 жылғы маусым |
22. | Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2014 жылғы мамыр |
23. | Сапасыз білім беретін ЖОО-лар санын қысқарту бойынша шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ | Жыл сайын, қазан |
24. | Педагог кадрларын даярлау жүйесін жетілдіру бойынша, оның ішінде олардың практикалық оқыту бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, НЗМ (келісім бойынша), НУ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы тамыз |
25. | Білім беру ұйымдарына Назарбаев Университеті, Назарбаев Зияткерлiк мектептері және "Қәсіпқор" холдингі" КАҚ әлемдiк деңгейдегі колледждердің тәжiрибелерін кезең-кезеңмен енгiзуді қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ДСМ, НУ (келісім бойынша), НЗМ (келісім бойынша), "Кәсіпқор" КАҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, қараша |
26. | НЗМ тәжірибесін алмасу және енгізу үшін оқытушылардың 35 базалық мектепте тағылымдамадан өтуі | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, НЗМ (келісім бойынша) | Жыл сайын, қазан |
3-басымдық. Басқару мен бақылауға қоғамдық қатысу | ||||
27. | Ұлттық тестілеу қорытындылары бойынша оқушылардың ата-аналарына білім беру қызметтерін көрсету сапасына бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сауалнама құралдарын әзірлеу және енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ | 2015 жылғы желтоқсан |
28. | Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖОО-ларға бақылау кеңестерін енгізу | Үкімет қаулысы | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қаңтар |
2. Денсаулық сақтауды салауатты адами капиталды жинақтау негізі ретінде дамыту | ||||
1-басымдық. Халықты медициналық көмекпен жаппай қамту | ||||
29. | МСАК деңгейінде жұмыс істейтін жалпы тәжірибе мамандарының санынан жалпы тәжірибе дәрігерлерінің үлес салмағын ұлғайту | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы желтоқсан |
30. | Кешенді жан басына шаққандағы нормативтің негізінде МСАК моделін енгізуді қамтамасыз ету:амбулаториялық-емханалық секторының жалпы қаржыландыру көлемінде МСАК қаржыландыру көлемінің үлесін ұлғайтуды бағалау; индикаторлар негізінде қызметтің қол жеткізілген түпкілікті нәтижелері үшін МСАК мамандарына кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін төлеу тиімділігін бағалау | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | Жыл сайын, ақпан |
31. | Өңірлік деңгейде көп бейінді ауруханаларды құру жолымен ауруханалық секторды қайта құрылымдаудың екі кезеңді процесін қамтамасыз ету бойынша және мамандандырылған облыстық және аудандық ауруханаларды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | 2015 жылғы мамыр |
32. | Телемедициналық консультациялардың санын арттыру | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
33. | Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметін жетілдіру | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, ТЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы ақпан |
34. | Жол-көлік оқиғалары кезінде көмек көрсетуді жетілдіру | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, ІІМ, ТЖМ, ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы ақпан |
2-басымдық. Медициналық көрсететін қызметтердің сапасын үздiксiз жақсарту | ||||
35. | Ұлттық скринингтік бағдарламаны жетілдіру | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | 2015 жылғы мамыр |
36. | Пилоттық өңірлерде ауруларды басқару бағдарламаларын енгізуді қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, облыстардың әкімдері | 2014 жылғы желтоқсан |
37. | Электрондық денсаулық сақтаудың стандарттарын және нормативтік құқықтық базасын дамыту | ДСМ бұйрығы | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
38. | Электрондық денсаулық сақтаудың орталықтандырылған АЖ-ын әзірлеу және енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
39. | Е-денсаулық сақтаудың АТ-инфрақұрылымын қалыптастыру | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
40. | Сыртқы, ішкі аудит нәтижелері және пациенттердің пікірлері негізінде медициналық ұйымдар қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін одан әрі енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | Жыл сайын, желтоқсан |
41. | Ақпараттық жүйелерді (бағдарламалық кешендер) қолданумен амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдарда медициналық қызметтерді мониторингілеу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | Жыл сайын, желтоқсан |
42. | Фармацевтикалық өнеркәсіптің отандық объектілерін жаңғырту және салу бойынша 6 инвестициялық жобаны іске асыру | ЭБЖМ-ге есеп | ИЖТМ, ДСМ | 2014 жылғы қараша |
43. | GМР стандарттарына сәйкес өндірілген дәрілік құралдардың отандық өндірісін ұлғайтуды қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге есеп | ИЖТМ, ДСМ, ТҚҚА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның фармацевтикалық және медициналық өнімдерін өндірушілер қауымдастығы (келісім бойынша) | 2015 жылғы қараша |
44. | Медициналық қызметкерлердің білімі мен біліктілік деңгейін тәуелсіз бағалау кезеңімен сертификаттау рәсімін өткізу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | Жыл сайын, ақпан |
45. | Медициналық білім және ғылым ұйымдары оқытушыларының әлеуетін арттыру мақсатында модульдік-жинақтаушы қағидат бойынша медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттырудың оқу бағдарламаларын әзірлеу | Оқу бағдарламалары | ДСМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, ақпан |
46. | Халықаралық стандарттар негізінде диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамаларын енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | 2014 жылғы желтоқсан |
47. | Дәлелдеу медицина негізінде халықаралық стандарттарға сәйкес келетін клиникалық хаттамаларды енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | 2014 жылғы желтоқсан |
48. | Туберкулезбен ауыратындарды табысты емдеуді жүргізуге және АИТВ инфекцияның таралуын тежеуге мүмкіндік беретін зертханалық диагностиканы және емдеуді енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ | 2015 жылғы желтоқсан |
49. | Медициналық қызметкерлердің кәсіби жауапкершілігін кепілдендіру моделін сынамалау | ПӘ-ге ұсыныстар | ДСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы желтоқсан |
50. | Қолданыстағы заңнамаға сәйкес медициналық ұйымдарда бақылау кеңестерін енгізу | Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімдіктерінің қаулылары | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
3-басымдық. Ұлттық денсаулық сақтау жүйесiнiң қаржылық тұрақтылығы | ||||
51. | Міндетті медициналық сақтандыру енгізудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | ДСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині, ІІМ, ҰБ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2014 жылғы шілде |
52. | Концессиялық шарттарды жасасу жөнінде әдістемелік қолдау көрсету бойынша инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс | ЭБЖМ-ге есеп | ДСМ, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қараша |
3. Әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту | ||||
1-басымдық. Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту | ||||
53. | 2030 жылға дейін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін одан әрі жаңғырту бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеу | Тұжырымдама жобасы | Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині ҰБ (келісім бойынша) | 2014 жылғы маусым |
54. | Экономиканың неғұрлым перспективалы салаларының жобаларына зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау тетіктерін айқындау | Ұлттық Банктің қаулысы | ҰБ (келісім бойынша), ЭБЖМ, Қаржымині, Еңбекмині | 2014 жылғы маусым |
2-басымдық. Негізделген әлеуметтік қолдаудың тиімді жүйесі арқылы кедейлікті азайту | ||||
55. | Әлеуметтiк келісімшарттарға және өзара мiндеттемелер қағидаттарына негiзделген атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң жаңа жүйесiн енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы ақпан |
56. | Құрамын қайта қарау есебінен ең төменгі күнкөріс деңгейін арттыру бойынша ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, СА, ДСМ, БҒМ, ЭБЖМ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
3-басымдық. Ана мен баланы кешенді қолдау | ||||
57. | Жас балалары бар және бала күтімі бойынша демалыстан шығуға дайындалып жатқан жұмыссыз әйелдерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу тетігін құру бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы қыркүйек |
58. | Зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің және адамдар саудасының құрбаны болған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ІІМ, Еңбекмині | Жыл сайын, қазан |
59. | БАҚ-та кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқанын ұйымдастыру, балалардың және жастардың позитивті хабарлары мен бағдарламаларын жылжыту үшін ақпараттық кеңістікті ұлғайту, балалардың, жеткіншектердің, жастардың заңға бағынушылық мінез-құлқын қалыптастыру | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ІІМ | Жыл сайын, қазан |
60. | Балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездіктің алдын алу бойынша инновациялық бағдарламалар мен әдістемелерді енгізу | ЭБЖМ-ге есеп | БҒМ, ІІМ | Жыл сайын, қазан |
61. | "Ата-аналардың құқықтық сауаттылығынан балалардың қорғауына" атты әдістемелік құрал әзірлеу | Әдістемелік құрал | БҒМ | 2015 жылғы тамыз |
62. | Бала асырап алушы ата-аналар мектептерінің қызметін, отбасыларды, бала асырап алған (алмастыратын) отбасыларды қолдау қызметтерін ұйымдастыру бойынша озық әлемдік технологияларды зерделеу және қолдану | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ | Жыл сайын, қазан |
4-басымдық. Барлық осал топтар үшін қолайлы жағдай жасау жолымен инклюзивтік қоғам | ||||
63. | Мүгедектің жұмыс орнының стандартын әзірлеу | Бұйрық | Еңбекмині, ИЖТМ, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2015 жылғы қараша |
64. | Білім беру ұйымдарында мүгедекті оқыту жағдайларының стандартын әзірлеу | БҒМ және Еңбекминінің бірлескен бұйрығы | БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2015 жылғы қараша |
65. | Мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын құру, сондай-ақ арнайы оқу бағдарламаларын дайындау бойынша жұмыс берушілерді ынталандыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, БҒМ, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы мамыр |
4. Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы тиімді саясат арқылы Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай | ||||
1-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту саясатын іске асыру | ||||
66. | Кәсіпкерлік бастаманы қолдау тетіктерін жетілдіру | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | ӨДМ, БҒМ, Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, ИЖТМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2015 жылғы қараша |
67. | Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастыру әдістемесін әзірлеу | Әдістеме | Еңбекмині | 2014 жылғы сәуір |
68. | Өңірлердің жұмыспен қамту картасын қалыптастыру | Өңірлердің жұмыспен қамту картасы | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, салалық мемлекеттік органдар | Жыл сайын, қараша |
69. | Республикалық жұмыспен қамту картасын қалыптастыру | Республикалық жұмыспен қамту картасы | Еңбекмині | 2015 жылдан бастап, жыл сайын мамыр |
70. | Жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері жанынан мамандарды сертификаттау орталықтарын құру бойынша әдіснамалық көмек көрсету | Әдістемелік жинақтар | БҒМ, салалық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | Жыл сайын, желтоқсан |
71. | Орта білім беру ұйымдарында кәсіптік бағдар қызметін құру бойынша ұсыныстарды енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы қараша |
2-басымдық. Өмір бойы оқу | ||||
72. | Өмір бойы оқытуды қаржыландыруда мемлекет, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің үшжақты қатысу моделін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, ЭБЖМ, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша), Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2015 жылғы ақпан |
3-басымдық. Тиімді жұмыспен қамту негізі ретіндегі қауіпсіз жұмыс орындары мен үйлесімді еңбек қатынастары | ||||
73. | Зиянды және қауіпті өндірістерде Халықаралық еңбек ұйымының талаптарына сәйкес келетін еңбек қауіпсіздігі бойынша стандарттар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы маусым |
74. | Жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесі шеңберінде еңбек жағдайына және өндірістегі ықтималды кәсіптік тәуекелдер деңгейіне байланысты сараланған сақтандыру тарифтерін енгізу бойынша ұсыныстарды әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, ҰБ (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы желтоқсан |
75. | Жұмыс берушілерді қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ынталандыру шарттарын құру бойынша шаралар кешенін әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы қараша |
76. | Еңбекті қорғау саласында кәсіби тәуекелдерді басқару тетіктерін енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қараша |
77. | Өндірістік кеңестер құру бойынша ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | Еңбекмині, ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы желтоқсан |
5. Ақпараттық, мәдени және спорттық кеңістікті кеңейту | ||||
1-басымдық. Тиімді әлеуметтік даму үшін ақпараттық қоғам қалыптастыру | ||||
78. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді автоматтандыру бойынша шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге ақпарат | БАА, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
79. | Халықты төтенше жағдайлар туралы қазіргі заманғы жаппай хабарландыру жүйесімен елді мекендерді жарақтандыру мәселесін пысықтау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қазан |
2-басымдық. Мәдениет құндылықтарына қолжетімділікті кеңейту | ||||
80. | Қазақстан Республикасының Мәдениет саясаты тұжырымдамасын әзірлеу | Жарлық жобасы | ММ, мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек |
81. | Театр өнері саласындағы жанрлық әртүрлілікті кеңейту | Бұйрық | ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қараша |
82. | Өңірлік, республикалық және халықаралық маңызы бар музыка және театр фестивальдерін, конкурстарын өткізуді қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
83. | Мәдениет саласында еріктілер мен меценаттықты дамытудың жүйелік шараларын әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2014 жылғы желтоқсан |
84. | Мемлекеттік мәдениет ұйымдары желісінің ең төменгі нормативтерін әзірлеу және қабылдау | Үкімет қаулысының жобасы | ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қараша |
3-басымдық. Елдің барлық азаматтарының спортпен шұғылдануы үшін жағдай жасау | ||||
85. | Табысы мен жасына қарамастан азаматтардың барлық санаттары үшін әрбір елді мекенде, мекемеде және кәсіпорында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасау | ЖАО шешімі | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, СДШІА | Жыл сайын желтоқсан |
86. | Спорттық инфрақұрылымды кеңейту бойынша, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетіктерін қолдана отырып, шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге ақпарат | СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ҰКП (келісім бойынша) | 2015 жылғы желтоқсан |
87. | Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдік шарттарында қолданатын азаматтар санаттарының тізбесін айқындау | Әкімдіктердің қаулысы | Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы наурыз |
88. | Азаматтардың жекеленген санаттарына тегін және жеңілдік негізде дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін ұсыну тетігін әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | СДШІА, ЭБЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы желтоқсан |
89. | Ведомстволық спорт қоғамдарын дамыту арқылы жұмыс орындарда қызметкерлердің денсаулығын нығайту бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | СДШІА, орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қараша |
90. | Республикалық және жергілікті деңгейлерде жаппай дене шынықтыру және сауықтыру іс-шараларын жыл сайын өткізуді қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
91. | Еліміздің оқу орындарында сабақтан тыс дене шынықтыру және спортпен шұғылдануды кеңейту бойынша шаралар кешенін әзірлеу | СДШІА және БҒМ-ның бірлескен бұйрығы | СДШІА, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы шілде |
92. | Балалар, жасөспірімдер мен жастар үшін спорттың әр түрі бойынша, оның ішінде ауылдық жерлерде спорттық секциялар мен клубтар желісін кеңейту | ЖАО шешімдері | СДШІА, БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
93. | Спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттары желісінің нормативін әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | СДШІА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы желтоқсан |
6. Тұрғын үй жағдайлары стандарты: қолжетімділік пен жайлылық | ||||
1-басымдық. Тұрғын үймен қамтамасыз етілу және оның халыққа қолжетімділігі | ||||
94. | Азаматтардың түрлі санаттары үшін тұрғын үйді одан әрі сатып алу құқығымен оны жалдау тетігін және одан әрі дамыту және іске асыру мәселесін пысықтау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек |
95. | Қалалар мен елді мекендер аумақтарын қала құрылысын жоспарлау бойынша шетел тәжірибесін зерделеу | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қазан |
2-басымдық. Халықтың қолайлы тұру жағдайларын қамтамасыз ету және коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйін жақсарту | ||||
96. | Халықты сапалы ауыз сумен және суды бұру қызметтерімен, оның ішінде сумен жабдықтаудың жаңа объектілерін салу және жұмыс істеп тұрғандарын реконструкциялау есебінен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыру | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, тамыз |
97. | "Қолжетімді тұрғын үй – 2020" бағдарламасына сәйкес түрғын үй құрылысын қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, қыркүйек |
98. | Жаңа технологияларды қолданумен ескі және тиімсіз қазандықтарды жаңғырту және ауыстыру бойынша жұмысты жалғастыру | ЭБЖМ-ге есеп | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
99. | Жылу-, электр-, газ-, сумен жабдықтау және суды бұру желілері, сондай-ақ өңірлер бөлінісінде коммуналдық объектілердің жай-күйі туралы бірыңғай мемлекеттік дерекқорды құру | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы қараша |
100. | Коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйіне тұрақты мониторингті қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | Жыл сайын, желтоқсан |
7. Әлеуметтік процестерді мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру | ||||
7.1 Әлеуметтік саланың даму стратегияларын және мемлекеттік басқару жүйелерін бағалау | ||||
101. | Мемлекеттік басқару саласындағы халықаралық тәжірибенің озық стандарттарын қолдануды ескере отырып: адами ресурстарды, қаржыны, мемлекеттік сатып алуларды, ақпаратты мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін тұрақты түрде бағалау жүргізу үшін критерийлер әзірлеу бойынша ұсыныстар әзірлеу | ЭБЖМ-ге ұсыныстар | ММ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, МҚІА (келісім бойынша), ҰКП (келісім бойынша) | 2015 жылғы мамыр |
7.2 Әлеуметтік жаңғыртуды жоспарлау және басқару | ||||
102. | Мемлекеттік органдарда кәсіби менеджерлер институтын және заманауи басқару технологияларын енгізу | ПӘ-ге ақпарат | МҚІА (келісім бойынша), МБА (келісім бойынша), ЭБЖМ | Жыл сайын, наурыз |
7.3 Азаматтық қызметті жетілдіру және заңнамалық регламенттеу | ||||
103. | Әлеуметтік сектор қызметкерлерінің престижін арттыруды; денсаулық сақтау, білім беру және өзге салалардағы қосымша ақылар мен үстемеақылар жүйесін реттеуді көздейтін азаматтық қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа моделін енгізу | Заң жобасының тұжырымдамасы | Еңбекмині, ЭБЖМ, Қаржымині, БҒМ, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісім бойынша) | 2014 жылғы мамыр |
7.4 Үкіметтік емес сектормен серіктестік | ||||
104. | ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу мәселелерін реттеудің заңнамалық базасын жетілдіру | ЭБЖМ-ге есеп | ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2015 жылғы шілде |
7.5 Әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны реформалау | ||||
105. | Мынадай салаларда дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізумен декларациялық, ескірген және басқа да нормаларды анықтау мәніне әлеуметтік саладағы нормативтік құқықтық базаны іске асыру тиімділігінің талдауын жүргізу: | |||
денсаулық сақтау; | ЭБЖМ-ге ақпарат | ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек | |
білім беру; | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек | |
мәдениет және ақпарат; | ЭБЖМ-ге ақпарат | ММ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек | |
дене шынықтыру және спорт; | ЭБЖМ-ге ақпарат | СДШІА, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек | |
халықты әлеуметтік қорғау және еңбек; | ЭБЖМ-ге ақпарат | Еңбекмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек | |
тұрғын үй қатынастарының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы | ЭБЖМ-ге ақпарат | ӨДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2014 жылғы қыркүйек | |
106. | Әлеуметтік саладағы заңнаманы құқықтық мониторингілеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу | Әділетминіне ақпарат | ЭБЖМ | 2014 жылғы қараша |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
МҚІА | – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
МБА | – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы |
СДШІА | – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі |
СА | – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі |
ТҚҚА | – Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі |
ПӘ | – Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі |
БМЖС | – Білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарты |
ІІМ | – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
ДСМ | – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі |
ИЖТМ | – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі |
ММ | – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі |
БҒМ | – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ХЕҰ | – Халықаралық Еңбек Ұйымы |
ӨДМ | – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі |
Еңбекмині | – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Қаржымині | – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі |
ЭБЖМ | – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі |
Әділетмині | – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
БАА | – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі |
"Кәсіпқор" КАҚ | – "Кәсіпқор" холдингі" коммерциялық емес акционерлік қоғамы |
ҰБ | – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі |
НУ | – "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы |
НЗМ | – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы |
ҮЕҰ | – үкіметтік емес ұйымдар |
ҰКП | – Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
МСАК | – медициналық-санитариялық алғашқы көмек |
ҚР | – Қазақстан Республикасы |
ТжКБ | – техникалық және кәсіптік білім |
ЖОО | – жоғарғы оқу орны |
GMP | – дәрілік заттар, медициналық құрылғылар, диагностикалық мақсаттағы бұйымдар, азық-түлік, тағамдық қоспалар, белсендірілген құрамдас бөлшектердің өндірісіне қатысты нормалар, ережелер және нұсқаулар жүйесі |