Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2010.12.07 № 1118 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
толық мәтіні және республикалық
баспасөзде мазмұны жариялануға
тиіс
Тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті және қол жетімді техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін құру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға (1-кезең) арналған іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жарты жылда бір рет, есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүктелсін.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2008 жылғы 1 шілдедегі
N 626 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік
білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана, 2008 жыл
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
5.1 . Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту
5.2 . Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау мен бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру
5.3 . Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен оның индикаторлары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында техникалық
атауы және кәсіптік білім беруді дамытудың
2008 - 2012 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
Әзірлеу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің
негіздеме 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310
Жарлығымен бекітілген Мемлекет
басшысының 2005 - 2007 жылдардағы
Қазақстан халқына жыл сайынғы
жолдауларын іске асыру жөніндегі
негізгі бағыттардың (іс-шаралардың)
жалпыұлттық жоспары; Қазақстан
Республикасы Президентінің 2008
жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығымен
бекітілген Мемлекет басшысының 2008
жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру -
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты"
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық жоспары; Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы
14 наурыздағы N 246 қаулысымен
бекітілген Мемлекет басшысының 2008
жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан
халқының әл-ауқатын арттыру -
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты"
атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
асыру жөніндегі іс-шаралардың
жалпыұлттық жоспарын орындау
жөніндегі іс-шаралар жоспары;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2007 жылғы 29 тамыздағы
N 753 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуының
2008 - 2010 жылдарға арналған орта
мерзімді жоспарының 2008 - 2010
жылдарға арналған қолданыстағы және
әзірленетін мемлекеттік және салалық
(секторалдық) бағдарламалар тізбесі
Әзірлеуші Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым министрлігі
Бағдарламаның мақсаты Экономика салалары мен жұмыс
берушілерді бәсекеге қабілетті
дағдылары мен білім алуды жалғастыру
үшін жеткілікті әлеуеті бар
техникалық және қызмет көрсету
еңбегінің білікті мамандарымен
қамтамасыз ету үшін техникалық және
кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту
Бағдарламаның Техникалық және кәсіптік білім
міндеттері берудің қолжетімділігі мен
тартымдылығын қамтамасыз ету;
техникалық қызмет көрсету еңбегінің
кадрларын даярлау мен бәсекеге
қабілеттілік сапасын көтеру;
техникалық және кәсіптік білім беру
жүйесін басқару мен қаржыландыру
тиімділігін қамтамасыз ету
Бағдарламаны іске Институционалды жаңғыртудың 1-кезеңі:
асыру мерзімдері 2008 - 2010 жылдар;
Тұрақты дамудың 2-кезеңі:
2010-2012 жылдар
Қажетті ресурстар Бағдарламаны іске асыруға
мен қаржыландыру көздері республикалық және жергілікті
бюджетте көзделген қаражат, түрлі
мүдделі тараптардың үлестік қатысуы
бар тікелей инвестициялар, қорлар
мен халықаралық ұйымдардың қаражаты
пайдаланылатын болады.
Бағдарламаны іске асыруға байланысты
қаржылық шығындар: 58178,9 млн.
теңгені, соның ішінде: 2008 жылы -
5707,8 млн. теңгені, 2009 жылы -
23486,7 млн. теңгені, 2010 жылы -
28984,4 млн. теңгені құрайды;
республикалық бюджет есебінен:
барлығы - 40749,8 млн. теңге, 2008
жылы - 3396,6 млн. теңге, 2009 жылы
- 16701,4 млн. теңге, 2010 жылы -
20651,8 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер есебінен:
барлығы - 17429,1 млн. теңге; соның
ішінде: 2008 жылы - 2311,2
млн.теңге, 2009 жылы - 6785,3 млн.
теңге, 2010 жылы - 8332,6 млн.теңге.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен 1-кезеңде қаржыландырылатын
іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі
жыл сайын тиісті қаржы жылына
арналған республикалық және
жергілікті бюджетті бекіту кезінде
нақтыланады.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты
есебінен 2-кезеңде қаржыландырылатын
іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі
2011 және 2012 жылдарға арналған
республикалық және жергілікті
бюджетті бекіту кезінде
қарастырылады.
Күтілетін нәтижелер Бағдарламаны іске асыру есебінен
мынадай нәтижелерге қол жеткізілетін
болады:
бірінші кезеңде:
кадрлар даярлауға мемлекеттік білім
беру тапсырысының көлемі 30 %-ке
ұлғаяды;
жаңа кәсіптік лицейлер, колледждер,
өңіраралық кәсіптік орталықтар,
жатақханалар құрылысы есебінен
оқу орындарының желісі кеңейеді;
жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп
еңбек нарығының білікті мамандарға
қажеттілігі, мемлекеттік білім беру
тапсырысын қалыптастыру үшін
мамандықтар мен кәсіптердің тізбесі
айқындалатын болады;
жұмыс берушілер мен еңбек нарығының
талаптары ескеріле отырып 230
мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттардың, 224 техникалық және
кәсіби білім берудің кіріктірілген
білім беру бағдарламаларының
мазмұны жетілдірілетін болады;
білім беру бағдарламалары
оқушылардың базалық және арнаулы
хабардарлықты игеруіне бағытталатын
және жастар үшін неғұрлым тартымды
әрі жұмыс берушілерге қажет етілетін
болады;
арнаулы пәндер бойынша оқу
әдебиетінің 800 атауы және
оқу-әдістемелік көмекші құралдардың
800 атауы әзірленетін болады;
халықаралық стандарттарға сәйкес
шетелдік жұмыс күшін алмастыруға
қабілетті кадрлар даярлаудың
жүйесі енгізілетін болады;
жұмыс берушілермен бірлесіп
оқушылардың нақты жұмыс орнында
өндірістік оқып-үйренуін және кәсіби
практикасын ұйымдастыру жүйесі
енгізілетін болады;
70 мамандық пен кәсіп бойынша
кадрлар даярлау мен сертификаттау
сапасын тәуелсіз бағалау жүргізілетін
болады;
біліктіліктің көтеріңкі деңгейін
алған техникалық және кәсіптік білім
беретін оқу орындары түлектерінің
үлесі 20 %-ке дейін ұлғаяды;
жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп
оқу бітірушілердің жұмысқа
орналасуына жәрдемдесу жүйесі
енгізілетін болады және жұмысқа
орналасқан оқу бітірушілердің үлесі
80,0 %-ке дейін ұлғаятын болады;
жоғары оқу орындарында білім алуды
жалғастырушы оқушылардың үлесі
30 %-ке ұлғаятын болады;
техникалық және кәсіптік білім
берудің білім беру бағдарламаларын
акредиттеу енгізілетін болады;
мемлекеттік білім беру гранттары
бойынша 3000 маманды даярлау
есебінен оқу орындарын жоғары
білікті оқытушылармен қамтамасыз ету
деңгейі көтеріледі;
3000 педагог қызметкер біліктілігін
арттырады;
189 оқу орнының оқу-өндірістік
шеберханалары мен зертханалары
қазіргі заманғы оқу-өндірістік және
технологиялық жабдықтармен, жаңа
ақпараттық технологиялармен қайта
жарақтандырылатын болады;
5943,04 млн. теңге сомаға оқу
орындарына күрделі жөндеу жүзеге
асырылатын болады;
техникалық және кәсіптік білім
беретін оқу орындарының 20 %-інде
сапа менеджменті жүйесінің ИСО-мен
үйлестірілген 9001-2000 стандарты
әзірленіп, енгізілетін болады;
жұмыс берушілер бірлестіктерімен
және ірі кәсіпорындармен кадрлар
даярлау, оларды қайта даярлау және
біліктілігін арттыру мәселелері
жөнінде 30 меморандум мен келісім
жасалатын болады;
техникалық және кәсіптік білім беру
мен кадрлар даярлауды дамыту жөнінде
ұлттық кеңес, салалық және өңірлік,
қамқоршылық кеңестер құрылатын
болады;
мемлекеттік білім беру тапсырысы
негізінде мемлекеттік білім беру
ұйымдарын қаржыландыру жүзеге
асырылатын болады;
техникалық және қызмет көрсету
еңбегінің кадрларын даярлау, қайта
даярлау және біліктілігін көтеруде
жекеше секторды тарту үшін
нормативтік құқықтық база жасалатын
болады;
бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек
адамы мен техникалық және кәсіптік
білім беру жүйесінің бет-бейнесін,
беделін, тартымдылығын көтеру
жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы
күшейтілетін болады.
екінші кезеңде:
жаңа оқу орындар, өңіраралық кәсіби
орталықтар және жатақханалар
құрылысы аяқталады;
кәсіптік лицейлерде (мектептерде)
оқушыларды әлеуметтік қорғау және
шәкіртақылық қамтамасыз ету жүйесі
қайта қаралатын, соның ішінде
шәкіртақы мөлшерін көтеру жөнінде
шаралар қабылданатын;
көпдеңгейлі ұлттық біліктілік жүйесі
құрылатын;
жұмыс берушілердің республикалық
бірлестіктерімен бірлесіп кәсіптік
стандарттар әзірленетін;
оқу орындарының оқу-өндірістік
шеберханалары мен зертханаларын
қазіргі заманғы оқу-өндірістік және
технологиялық жабдықтармен,
ақпараттық технологиялармен жаңарту
жалғасатын;
сертификаттау саласындағы
халықаралық ұйымдарды тарта отырып
мамандардың кәсіби дағдылары мен
біліктілігін сертификаттау жүйесі
енгізілетін;
техникалық және кәсіптік
білім беретін оқу орындарының
түлектері арасында жұмыспен қамту
деңгейі көтерілетін;
оқу орны жұмысының нәтижелілігі
ескеріле отырып бір оқушыға
жұмсалатын шығыстар бағасының
нормативі айқындалатын болады.
2. Кіріспе
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 310 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005 - 2007 жылдардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың (іс-шаралардың) жалпыұлттық жоспарына; Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 14 ақпандағы N 535 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 14 наурыздағы N 246 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы "Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарына; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы N 753 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарының 2008 - 2010 жылдарға арналған қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар тізбесіне сәйкес әзірленді.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту - жаһандану мен ақпараттық технологиялардың барынша өткір ықпал етуші білімдер экономикасына көшуі мен ішкі және сыртқы еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жағдайларында Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму міндеттері ауқымының өсуі мен күрделенуіне байланысты техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауда сапалы ұмтылыстың қажеттігінен туындады. Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігі жоғары ұлттық жүйесін жасау ел экономикасының тұрақты өсуін, қазақстандық қоғамдастықтың әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі, жастардың тұрақты түрде жұмыспен қамтылып отырылуын қолдаудың тетігі болып табылады.
Бағдарлама адами ресурстарды дамыту, жастарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін кеңейту, білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, мемлекеттің, бизнестің, қызмет көрсетулер саласының серпінді жобаларын іске асыру үшін кеңінен хабардарлығы әрі іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлар корпусын қалыптастыру бойынша мемлекет жүргізетін жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ететін орта буынды қалыптастыру үшін негіз болып табылады.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту ұсыныспен емес, сұраныспен айқындалатын болады. Бағдарламада кадрларды даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілік сапасын қамтамасыз ететін техникалық және кәсіптік білім берудің жаңа моделін қалыптастыру болжанады.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғыртудың стратегиялық басымдығы республиканың білім беру жүйесін дамытудың 2020 жылға дейінгі ұзақ мерзімді бағдарламасында одан әрі дамытылатын болады. Тұтастай алғанда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ЮНЕСКО-ның назарын аударып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Декларациясымен мыңжылдықты дамыту мақсатына жатқызылды және барлық дамыған елдерде басым секторлардың бірі болып табылады.
3. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымында едәуір өзгерістер, сондай-ақ білікті қызметкерлерге сұраныстың табиғи артуын туындатты. Мемлекет экономиканың базалық салаларын (тау-кен өндіру өнеркәсібі, мұнай-газ өнеркәсібі, құрылыс), өңдеуші өнеркәсіпті (машина жасау, мұнай-химия өнеркәсібі, құрылыс материалдары өндірісі), сондай-ақ сервистік секторда (туризм, әлеуметтік қамсыздандыру, қызмет көрсету) барабар кадрлық қамтамасыз етуде өсіп отырған қажеттілікті бастан өткеруде. Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарына болжамдық қажеттіліктің өзгеру серпіні бойынша деректер (1-кесте) оның тұрақты өсіп отыратынын куәландырады.
1-Кесте
Кадрлар даярлаудағы болжамдық қажеттілік, |
2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | 2012 жыл |
---|---|---|---|---|---|
Барлығы |
99,2 |
96,1 |
97,8 |
100,4 |
105,4 |
өнеркәсіп |
31,6 |
30,7 |
31,1 |
32,3 |
34,3 |
Ауыл шаруашылығы |
12,1 |
12,0 |
11,6 |
12,3 |
12,6 |
Құрылыс |
23,8 |
24,0 |
24,6 |
25,2 |
26,5 |
Қызмет көрсетулер саласы |
9,0 |
9,1 |
9,1 |
8,3 |
8,6 |
Басқа салалар |
22,7 |
20,3 |
21,5 |
22,3 |
23,5 |
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жөнінде қабылданатын шараларға қарамастан, білікті кадрларға жылдам өсіп отырған сұраныс отандық еңбек ресурстарының есебінен қанағаттандырылмайды, мұның өзі Қазақстанға жұмысқа тартылған шетелдік мамандар санының өсуіне әкеледі, олардың елеулі бөлігін техникалық және қызмет көрсетуші персонал құрайды. Еңбек нарығының білікті мамандарға қажеттілікті техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері есебінен тек 30-40 %-ке ғана қанағаттандырылады. Мәселен, 2007 жылы 92800 адам-жұмыс күшіне қажеттілік кезінде лицейлерден (кәсіптік мектептерден) 40470 жас маман бітіріп шықты, соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқығандар - 37496 адам, олардың ішінде техникалық мамандықтар бойынша - 24483 адам.
Еңбек нарығында, мәселен, құрылыс - 9900 адам, ауыл шаруашылығы - 9600 адам, машина және жабдықтар технологиясы - 7600 адам, қызмет көрсету саласы - 6800 адам сияқты салаларда білікті мамандардың жоғары жетіспеушілігі байқалуда.
Білікті кадрларға аса зәрулік Қарағанды облысында - 5410 орын, Шығыс Қазақстан облысында - 4921 орын, Қостанай облысында - 3711 орын, Астана қаласында - 3175 орын байқалады.
Сонымен қатар іс жүзінде барлық өңірлерде де жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр; неғұрлым жоғары көрсеткіштер Алматы - 26 % және Астана - 16,4 % қалаларында, Маңғыстау облысында - 13,8 %, Қостанай облысында - 13,6 %, Жамбыл облысында - 12,7 % байқалады.
Республиканың жұмыспен қамтылмаған жастарының елеулі бөлігін қазірдің өзінде-ақ мектеп бітірген және оқу орындарында оқымайтын (2-кесте), еңбек нарығында қажет етілетін болуы үшін жеткілікті көлемде практикалық жұмыс тәжірибесі жоқ 16-19 жастағы жас адамдар құрайды.
2-Кесте
Жылы |
11 сынып |
ЖОО-ға |
Колледж- |
Кәсіптік |
Жұмысқа |
Жұмысқа |
2003 |
219646 |
98430 |
36924 |
8696 |
33025 |
37920 |
2004 |
224942 |
104128 |
43332 |
8398 |
34601 |
29806 |
2005 |
216108 |
115136 |
40240 |
7983 |
30177 |
19389 |
2006 |
184652 |
97332 |
38796 |
7243 |
25236 |
13715 |
2007 |
173679 |
90231 |
38838 |
6259 |
23138 |
11402 |
20-29 жастағы орта білімі бар жастардың жұмыспен қамтылуы - 30 %-ті, бастауыш кәсіптік білімі барлар - 24 %-ті, орта кәсіптік білімі барлар - 20 %-ті, жоғары білімі барлар - 55 %-ті құрайды.
Дүниежүзілік Банк өткізген "Дағдыларға, жұмыс күшіне Қазақстандағы сұраныс" атты зерттеуге сәйкес 2008 жылы жұмыс берушілердің 63 %-і жұмысшылардың білімі мен дағдыларының жеткіліксіз деңгейі бизнестің даму жолына кедергі болып отырғанын мәлімдеді. Мамандардың дағдылары мен хабардарлығына қойылатын талаптар әрдайым өсуде: қазақстандық компаниялардың 40 %-і тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасына нормалардың күшеюіне, технологиялардың күрделенуіне, бәсекенің өсуіне байланысты соңғы екі жылда қызметкерлердің дағдыларына қойылатын талаптардың қатайтылғаны туралы хабарлады. Тұтастай алғанда республика бойынша сұраныс пен ұсыныстың теңгерімсіздігінен жыл сайын орта есеппен 21 мыңға дейінгі жұмыс орны бос қалады.
Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру проблемалары тұтынушылардың нашар хабардар болуымен әрі жеткілікті түрде айқын құрылымдалмаған еңбек нарығымен тереңдей түсуде.
Техникалық және кәсіптік білім беруді жетілдіруге қосымша талаптар жоспарланып отырған 12-жылдық жалпы орта білім беруге 11-12 сыныптарда бейінді оқытуды енгізе отырып көшуді жүктейді.
Техникалық және кәсіптік білім беру инфрақұрылымын талдау кәсіптік лицейлер (мектептер) желісінің елеулі қысқарғанын (қазіргі күнде кәсіптік мектептердің саны 1991 жылғы кәсіптік мектептер санының 71 %-ін ғана құрайды), бәрінен бұрын техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша кадрлар даярлайтын кәсіптік мектептер (лицейлер) мен колледждер санының да (1991 жылдан бастап 2000 жылды қоса алғанда мұндай оқу орындар санының азаюы тиісінше 59 %-ті және 28 %-ті құрады) елеулі қысқарғанын көрсетті.
2000 жылдың басына қарай кәсіптік лицейлерде (мектептерде) оқушылар контигенті 2,5 есеге, колледждерде 2 есеге азайды, ауылдық кәсіптік мектептерде оқушылар контигенті күрт азайып кетті. Республиканың бірқатар аудандарында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары мен жатақханалары жекешелендірілді немесе жабылып қалды, мұның өзі әсіресе ауыл жастары үшін техникалық және кәсіптік білім алуға қолжетімділікті елеулі түрде төмендетті.
Республикада 2007 жылғы 1 қаңтарға 830 оқу орны, соның ішінде 320 кәсіптік мектеп (оның 289-ы - мемлекеттік, 31 - жекеше), 510 колледж (оның 201-і - мемлекеттік, 309-ы жекеше) және 1,0 мыңнан астам түрлі (600 мың адам оқитын, оқу мерзімі 1-ден 6 айға дейінгі) оқу курстары, орталықтары жұмыс істеді.
Іс жүзінде барлық техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жұмыс істегенде моралдық және табиғи тұрғыдан тозған жабдықтарды пайдаланады. Бұл ретте тозған жабдықпен қамтамасыз етушілік орташа 54 %-ті құрайды.
Қазіргі уақытта кәсіптік мектептердің (лицейлердің) 122 ғимараты (45 %-і) - күрделі, 115 ғимараты (42,1 %-і) ағымдағы жөндеуді қажет етеді, кәсіптік циклдің - 153, жалпы білім беретін циклдің 146 кабинетін, 108 оқу зертханасын, 78 оқу шеберханасын қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандыру қажет.
Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарындағы білім алушылар контингенті 2007 жылғы 1 қаңтарға 55700 адамды құрады. Оның ішінде колледждерде - 450525 адам, кәсіптік лицейлерде (мектептерде) - 108175 адам оқыды. Кәсіптік лицейлерде (мектептерде) білім алушылардың 93 %-і және колледждерде білім алушылардың 16 %-і мемлекеттік бюджет есебінен оқыды. 257161 адам (білім алушылардың жалпы санының 46 %-і) мемлекеттік тілде оқыды. Негізгі орта білім беру базасында 325997 адам (білім алушылардың жалпы контингентінің 58 %-і) оқыды.
Білім берудің деңгейлері бойынша да (халықтың 10 мың адамына шаққанда білім алушылардың саны: кәсіптік мектептерде - 66 адам, колледждерде - 162 адам, жоғары оқу орындарында - 439), кәсіптер бойынша да (әрбір төртінші адам ғана техникалық және технологиялық мамандықтар бойынша оқиды, бұл экономиканың ағымдағы және перспективадағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткіліксіз екендігі анық) кадрларды кәсіптік даярлауда тепе-теңсіздік орын алып отыр.
Білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің мазмұнын талдау олардың еңбек нарығындағы өзгерістерді көрсететін жұмыс берушілердің талаптарына да, базалық және кәсіптік хабардар болуды қалыптастыруға бағытталған талап етілетін дағдылар алуға ынта білдіруші оқушылардың талаптарына да жауап бермейтінін көрсетті.
Колледждер мен кәсіптік лицейлердегі оқу процесінің сапасын арттыруға оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің төменгі деңгейі, қазіргі заманғы оқу әдебиетінің, әсіресе арнаулы пәндер бойынша мемлекеттік тілдегі әдебиеттің тапшылығы, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етумен мақсатты айналысатын мекемелердің жоқтығы едәуір кедергі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 41,0 мың педагогика қызметкерлері, соның ішінде колледждерге - 22,9 мың адам, кәсіптік лицейлерде (мектептерде) 11,8 мың адам жұмыс істейді. Кадрлық құрамда қарт кісілердің көбеюінің, еңбекақы деңгейінің төмендігі мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің педагогика қызметкерлеріне арналған әлеуметтік қоржынның жеткіліксіздігі салдарынан неғұрлым білікті әрі болашағы бар оқытушылардың кәсіпорындарға кетіп қалуының тұрақты үрдісі сақталып қалуда. Арнаулы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқытып-үйрету шеберлерінің өндірісте тағылымдамадан өту және біліктілігін көтеру жүйесі жоқ.
Оқу орындарында білім беру қызмет көрсетулерінің жұмыс берушілерімен - клиенттерімен тұрақты байланыстар жетіспейді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттілігіне емес, оқытушылар мен оқу-материалдық базаның ағымдағы мүмкіндіктеріне бағдарланған. Тұрақты негізде ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесуге тиіс республикалық, жергілікті деңгейлердегі жанама құрылымдардың жоқтығы әлеуметтік серіктестікті дамыту жолындағы кедергі болып табылады.
Шешімдер қабылдауда, ресурстарды тарту мен пайдалануда республикалық және жергілікті басқару деңгейлері арасында жауапкершілікті айқын бөлісу жоқ. Қолданыстағы басқару практикасы кадрлар даярлауда сұраныс пен қажеттілікті нақты әрі дәл бағалауға мүмкіндік бермейді.
Техникалық және кәсіптік білімнің дамуын баяулататын басты факторлардың бірі қаржыландыру көлемінің аздығы мен техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын жоспарлау тетігінің жетілдірілмегендігі болып табылады.
Техникалық және кәсіптік білім беруде бір білім алушыға халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнен (ІЖӨ) жұмсалатын шығыстар (орта есеппен 20 %-тен аз) жоғары оқу орнындағы бір білім алушыға халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-нен жұмсалатын шығыстармен салыстырғанда (50 %-тен жоғары) едәуір төмен.
Кәсіптік лицейлер (мектептер) жергілікті атқарушы органдардың қарамағында бола тұра, бір маманды оқытуға жұмсалатын шығыстардың орташа бағасы ескерілмей әрі жалпы білім беретін мектептерге қарағанда едәуір нашар қаржыландырылады. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын колледждерге бір оқушыны ұстауға жылына (2007 жылы - орта есеппен 113 488 теңге) республикалық бюджеттегі колледждермен салыстырғанда (2007 жылы - орта есеппен 252,6 мың теңге) екі есе аз қаражат бөлінеді.
Техникалық және кәсіптік білім беруге бөлінетін қаражат (ІЖӨ-нің 0,2 %-і) басқа елдерде бөлінетіннен әлдеқайда төмен. Салыстыру үшін, Чех Республикасында 2003 - 2004 жылдардың өзінде-ақ техникалық және кәсіптік білім беруге ІЖӨ-нің 0,97 %-ті, Польшада - ІЖӨ-нің 0,56 %-ті, Словакияда - ІЖӨ-нің 0,58 %-ті жұмсалды.
Кәсіптік лицейлерде (мектептерде) оқушыларды әлеуметтік қолдау төмен деңгейде қалып отыр. Кәсіптік лицейлердің (мектептердің) білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттердің есебінен бөлінетін қаражат орта есеппен күніне 101 теңгені немесе айына 3030 теңгені құрайды.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жағымды әлемдік үрдістерін зерделеу:
неғұрлым дамыған елдерде біліктілік талаптары бойынша айқын құрылымдалған еңбек нарығы, жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау жүйесін дамытуға тұрақты түрде қаражат салуға ынталандырудың бар екендігін (Германия, Норвегия, Финляндия);
біліктіліктің еңбек нарығына сәйкестігіне білім беру бағдарламаларының икемділігі, модульділігі, бір уақытта бірнеше біліктілік беру (Британияның техникалық орта мектептерінде негізгі бағдарлама бойынша оқудың бір жылын бітіріп, үш түрлі біліктілік ала отырып, әртүрлі үш емтихан кеңесінен диплом алуға болады) есебінен қол жеткізілетінін;
білім беру сатылары мен деңгейлерінің сабақтастығын (АҚШ-та, Ұлыбританияда колледждердің білім беру бағдарламалары университеттегі алғашқы екі жылдағы оқытумен теңеседі және диплом университеттің үшінші курсына оқуға түсуге мүмкіндік береді, Францияда кәсіптік лицейлер бағдарламалары университеттер бағдарламаларының сатысы болып табылады);
оқыту сапасын бағалау мен аккредиттеудің тәуелсіз институционалдық тетіктерінің қалыптасатынын (мысалы, Венгрияда Кәсіптік біліктердің ұлттық тіркелімі, Бағалау мен сертификаттаудың ұлттық орталығы, Словенияда - Кәсіптік білім беру жөніндегі ұлттық орталық, Эстонияда - Ересектерге кәсіптік білім беру жөніндегі ұлттық кеңес);
кәсіптік білім беру мен оқытудың тегін екендігін (Германия, Франция, Финляндия), өйткені техникалық және кәсіптік білім беруге жұмсалатын шығындар басқа білім беру деңгейлерімен салыстырғанда әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан үлкен нәтиже беретін болғандықтан, техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау басым қаржыландырылатынын (мысалы, Австрияда бір оқушыға жұмсалатын шығыстар 9 584 АҚШ долларын, Израильде - 7 762 АҚШ долларын, Нидерландта - 7 622 АҚШ долларын құрайды);
инфрақұрылымның дамығандығын (Францияда 7 мыңға жуық техникалық лицей, 2600 лицей), өндірісшілік, фирмаішілік оқытумен айналысатын орталықтардың саналуандығын (АҚШ пен Жапонияда жекелеген кәсіптік мектептер, колледждер кадрларды тек теориялық даярлауды жүзеге асырады, ал өндірістік оқыту мен біліктілігін арттыру кәсіпорындарда жүргізіледі);
техникалық және қызмет көрсету еңбегінің мамандарын даярлаудың жоғары білімді мамандарды даярлаудан асып түсетінін (АҚШ-тың, Жапонияның, Еуропалық Одақ елдерінің жұмыспен қамтылған халқының құрылымында лицейлер мен колледждерді бітірген мамандар 60 %-ті құрайды);
кәсіптік білім туралы арнайы заңдар қабылдауға болатынын (кәсіптік білім туралы заңдар Германия, Франция, Польша, Финляндия, Нидерланды, Венгрия, Словения, Украина, Белоруссия, Молдова сияқты елдерде қабылданған) көрсетті.
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
Бағдарламаның мақсаты - экономика салаларын бәсекеге қабілеттілік дағдылары мен білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету үшін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту.
Қойылған мақсатты іске асырудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) техникалық және кәсіптік білім берудің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету;
2) техникалық қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау мен бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру;
3) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқару мен қаржыландыру тиімділігін қамтамасыз ету.
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жетекші принциптері: білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі, икемділігі, модульділігі; кәсіптік білімнің үздіксіздігі, сабақтастығы, оқыту технологияларының белсенділігі, басқарудың салааралық сипаты, нәтижеге бағдарланушылық болуға тиіс.
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асырудың тетіктері
Бағдарламаның мақсатына қол жеткізу мен негізгі міндеттерді орындау үшін техникалық және кәсіптік білім берудің мазмұнын, материалдық-техникалық базасын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту, кадрлар даярлау сапасын қамтамасыз ету, басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру.
5.1. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту
Техникалық және қызмет көрсету еңбегі білім беру бағдарламаларының қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін мынадай іс-шаралар өткізілетін болады:
1. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында бейінді оқытумен бірге, 12-жылдық білім беруге көшуді ескере отырып, жалпы орта білім берудің кіріктірілген білім беру бағдарламаларын әзірлеп, іске асыру.
2. Жұмыс берушілердің, халықаралық сарапшылардың қатысуымен оқушылардың базалық, арнаулы хабардарлықтарды және бірнеше біліктерді игеруін көздейтін техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын; мамандықтар бойынша, оның ішінде бакалавриат бағдарламаларына баламалы интеграцияланған (модульді) білім беру бағдарламаларын; арнаулы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, оқу әдебиеті, оқу құралдары және оқу-әдістемелік кешендер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеп, енгізу.
3. Түлектердің жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруына жағдайлар жасау үшін қысқартылған оқу мерзімімен білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
4. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне оқытудың ақпараттық, дистанциялық, интерактивтік технологияларын енгізу, соның ішінде Қазақстандық білім беруші веб-порталының мүмкіндіктерін пайдалану.
5. Техникалық және кәсіптік білім беру саласында жетекші халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, адами ресурстарды, соның ішінде ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша, дамыту.
6. Кәсіптік білім беру бағдарламаларының мазмұнын жаңарту мәселелері жөнінде ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізу.
7. Кәсіптік лицейлерде (мектептерде) оқушыларды әлеуметтік қорғау мен шәкіртақылық қамтамасыз етудің қазіргі жүйесін, шәкіртақы мөлшерін қайта қарау.
8. Оқушыларды:
білім беру ұйымдарында оқушыларды кәсіптік мансаптық басшылық жасауына және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөнінде құрылымдар құрып, дамыту;
жұмыспен қамту органдарында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарымен бірлесіп өңірлер мен мамандықтар тұрғысынан оқу бітірушілердің деректер базасын жасау;
жұмыспен қамту органдары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының арасында еңбек нарығындағы бос орындар және жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету тетіктерін (жұмысқа жолдама, әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру, жастар практикасы және басқалар) пайдалану туралы ақпарат алмасу;
жұмыс берушілермен бірлесіп оқушылардың кейіннен жұмысқа орналасып кетуін ескере отырып нақты жұмыс орнында өндірістік практикасын ұйымдастыру;
жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамту мониторингін жүргізу арқылы жұмысқа орналастыру мен мансаптық басшылық жасауға жәрдемдесу жүйесін енгізу.
9. Бұқаралық ақпарат құралдарында еңбек адамы мәртебесі мен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бет-бейнесін, беделін, тартымдылығын көтеру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту.
10. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын:
кәсіптік лицейлер (мектептер) мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен жаңарту және қайта жарақтандыру;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына күрделі жөндеу жүргізу;
облыстық (қалалық) білім департаменттері оқу-әдістемелік кабинеттерінің жұмыс істеуі;
Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында жаңа оқу орындары мен өңіраралық кәсіптік орталықтарының құрылыстарын салу;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жатақханаларын салу есебінен дамыту.
5.2. Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру
Кадрлар даярлау мен олардың бәсекеге қабілеттілік сапасы мынадай іс-шаралармен қамтамасыз етілетін болады:
1. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін техникалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу есебінен жоғары оқу орындарында мамандар даярлау.
2. Жаңа білім беру бағдарламаларын, оқытудың ақпараттық, интерактивтік, дистанциялық технологияларын енгізу үшін педагогика қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру, жаңа технологияларды зерделеу үшін арнаулы пәндер оқытушыларының, өндірістік оқытып-үйрету шеберлерінің өндірістік кәсіпорындар базасында тағлымдамадан өтуі.
3. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласындағы жетекші шетелдік оқытушылар мен ғалымдарды шақырту.
4. Жоғары технологиялармен, соның ішінде ақпараттық технологиялармен байланысты, күрделі (аралас) кәсіптер мен практикалық дағдыларды меңгерген мамандар даярлау.
5. Дарынды білім алушыларды қолдау мақсатында "Кәсіп үздігі" атағын бере отырып конкурстар ұйымдастыру және өткізу.
6. Мемлекеттік грант пен "Үздік педагог" атағын алуға оқытушылар арасында, үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны арасында "Үздік оқу орны" конкурстарын өткізу.
7. Салалық министрліктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен еңбек және жұмыспен қамтудың уәкілетті органдарымен бірлесіп:
білім берудің түрлі деңгейлерінің қазіргі біліктерін ұлттық және халықаралық еңбек нарығында танылған біліктердің көпдеңгейлі жүйесіне біріктіру;
нақты мамандық шеңберінде қызметкер орындайтын кәсіптік қызметтің қазіргі біліктілік талаптарына сәйкестік дәрежесін белгілеуге мүмкіндік беретін көрсеткіштер ретінде кәсіптік стандарттар әзірлеуде жұмыс берушілер бірлестіктеріне жәрдемдесу;
сертификаттау саласындағы халықаралық ұйымдарды тарта отырып мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктілігін тәуелсіз бағалау мен сертификаттау жүйесін енгізу арқылы ұлттық біліктілік жүйесін қалыптастыру.
8. Үздік оқу орындарының базасында:
еңбек нарығының талаптары мен халықаралық стандарттарға сәйкес, тартылатын шетелдік жұмыс күшін алмастыруға қабілетті кадрлар даярлауды ұйымдастыру;
кіріктірілген білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары техникалық мектептер құру.
9. Оқу орындары жұмысының жағымды тәжірибесін тарату, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі инновацияларды ынталандыру жүйесін енгізу.
5.3. Техникалық және кәсіптік білім беруді басқару мен қаржыландыру жүйесін жетілдіру
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін басқару тиімділігін арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
1. Адами ресурстарды дамыту және республикалық деңгейде әлеуметтік серіктестік жөніндегі жұмысты үйлестіру саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға жәрдемдесу үшін құрамына мемлекеттік органдардың, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өкілдері кіретін техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі ұлттық кеңес құру.
2. Экономика салаларында кадрлар даярлау мәселелері бойынша әлеуметтік серіктестікті дамытуды қамтамасыз ету үшін салалық министрліктердің, жұмыс берушілер мен қызметкерлер бірлестіктерінің өкілдерін тарта отырып, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі салалық кеңестердің жұмыс істеуі (кадрларға салалық қажеттілікті айқындау, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерінің өндірістік практикасын ұйымдастыруға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу, ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеуге қатысу).
3. Өңірлік еңбек нарықтарын техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін әкімдіктердің, ірі кәсіпорындар мен жұмыс берушілер бірлестіктерінің өкілдерін қамти отырып, өңірлік кеңестер құру (кадрларға салалық қажеттілікті айқындау, техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлауға мемлекеттік тапсырысты қалыптастыруға қатысу, өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары түлектерінің өндірістік практикасын ұйымдастыруға және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу).
4. Білім алушыларға өндірістік практикадан өтуде, түлектерге жұмысқа орналасуда, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуда жәрдемдесу үшін әлеуметтік серіктестіктердің, жұмыс берушілер қауымдастықтарының, қоғамдық ұйымдарының өкілдерін қамти отырып, оқу орындарында қамқорлық кеңестерін құру.
5. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының ИСО 9001-2000 менеджмент сапасы жүйесінің стандарттарымен үйлестірілген басқару стандарттарын әзірлеп, енгізуі.
6. Халықаралық практикаға сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оларды аккредитациялау стандарттарын енгізу.
7. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің менеджменттерін даярлау мен басқарушы қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды, соның ішінде шетелдерде, ұйымдастыру.
8. Техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауда:
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға бизнес-құрылымдардың қатысуының, кадрлар даярлауда мемлекет пен бизнестің шоғырландырылған жауапкершілігінің нормативті құқықтық шарттарын жетілдіру;
техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, білім алушыларды өндірістік практикалардан өткізу, түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде шарттар жасасу;
кадрлар даярлау, білім алушылардың шәкіртақысын жұмыс берушілердің қаражат есебінен тағайындау;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына педагогтық қызметке кәсіпорындардың жоғары білікті кадрларын тарту;
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуды қолдау қорын құру арқылы әлеуметтік серіктестікті дамыту.
9. Еңбек нарығы талаптарын ескере отырып:
еңбек нарығы мен халықтың оқыту бағдарламаларына сұранысын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары желісіне бағалау жүргізу;
тиімділікті және жергілікті еңбек нарықтарының талаптарына сай болушылықты арттыру үшін оқу орындарының бірлестігі арқылы техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары желісін қайта құрылымдау.
10. Техникалық және кәсіптік білім беруді:
бір білім алушыға жұмсалатын баға нормативін және оқу орны жұмысының нәтижелілігін айқындай отырып, оқу орындарын қаржыландыру;
білім алушы контигентінің жылжу мониторингі және нәтижелерге қол жеткізу үшін ақпаратты жүйе әзірлеп, енгізу;
техникалық және арнаулы пәндер оқытушыларының, өндірістік оқытып-үйрету шеберлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін жетілдіру арқылы қаржыландыру.
6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері
Бағдарламаны іске асыруға бюджет қаражаттар, түрлі мүдделі тараптардың үлестік қатысуымен тікелей инвестициялар, қорлар мен халықаралық ұйымдардың қаражаты.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға байланысты қаржылық шығындар: 58178,9 млн. теңгені, оның ішінде: 2008 жылы - 5707,8 млн. теңгені, 2009 жылы - 23486,7 млн. теңгені, 2010 жылы - 28984,4 млн. теңгені құрайды; бюджет есебінен: барлығы - 40749,8 млн. теңге, 2008 жылы - 3396,6 млн. теңге, 2009 жылы - 16701,4 млн. теңге, 2010 жылы - 20651,8 млн. теңге;
жергілікті бюджеттер есебінен: барлығы - 17429,1 млн. теңге, оның ішінде: 2008 жылы - 2311,2 млн. теңге, 2009 жылы - 6785,3 млн. теңге, 2010 жылы - 8332,6 млн. теңге.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 1-кезеңде қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі жыл сайын тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджетті бекіту кезінде нақтыланады.
Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен 2-кезеңде қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі 2011 және 2012 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджетті бекіту кезінде қарастырылады.
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер мен оның индикаторлары
Бағдарламаны іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Бірінші кезең (2008 - 2010 жылдар) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің оқыту бағдарламаларын жаңартуға және институционалды дамытуға бағытталады.
Екінші кезең (2011 - 2012 жылдар) техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформалары мен тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жетілдіру кезеңі болады.
Бағдарламаны іске асыру мынадай нәтижелерді қамтамасыз етеді:
бірінші кезеңде:
техникалық және кәсіптік білім беретін 45 жаңа оқу орнын, соның ішінде: 2008 жылы - 2 бірлік, 2009 жылы - 31 бірлік, 2010 жылы - 12 бірлік құрылысын салу есебінен техникалық және кәсіптік білім алуға қол жетімшілікке жағдайлар жасалатын;
Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында 4 өңіраралық кәсіптік орталықтар салынатын;
оқу орындарының 41 жатақханасының, соның ішінде 2009 жылы - 20 бірлігінің, 2010 жылы - 21 бірлігінің құрылысы аяқталатын;
мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына қабылданатын оқушылар саны 2008 жылы - 80,0 мың адамға дейін, 2009 жылы - 100,1 мың адамға дейін, 2010 жылы - 125,3 мың адамға дейін ұлғаятын;
жұмыспен қамту органдарымен бірлесіп, еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігі, мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру кезінде мамандықтар мен кәсіптердің тізбесі айқындалатын;
жұмыс берушілердің қатысуымен жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары: 2008 жылы - 72 стандарты, 2009 жылы - 72 стандарты, 2010 жылы - 86 стандарты әзірленетін;
кіріктірілген (модульдік) білім беру бағдарламалары: 2008 жылы - 94, 2009 жылы - 65, 2010 жылы - 65 әзірленетін;
білім беру бағдарламалары білім алушылардың бойында базалық және арнаулы хабардарлықты қалыптастыруға бағытталып, ол жастар үшін неғұрлым тартымды және жұмыс берушілерге қажет етілетін;
жұмыс берушілердің 2009 жылы - 50 %-ке, 2010 жылы - 100 %-ке талаптарын ескере отырып, арнаулы пәндер бойынша типтік оқу бағдарламалардың мазмұны жаңартылатын;
оқу әдебиетінің 800 атауы және арнаулы пәндер бойынша 800 оқу-әдістемелік көмекші құралдар, соның ішінде: 2009 жылы - оқу әдебиетінің 400 атауы мен 400 оқу-әдістемелік құралы, 2010 жылы - оқу әдебиетінің 400 атауы мен 400 оқу-әдістемелік құралы әзірленетін;
мемлекеттік тапсырыс негізінде даярланған мамандар саны, барлығы: 2008 жылы - 72119 адамға, 2009 жылы - 82610 адамға, 2010 жылы - 90565 адамға, 2011 жылы - 99550 адамға ұлғаятын;
жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастыратын білім алушылардың үлесі 2008 жылы - 20 %-ке дейін, 2009 жылы - 25 %-ке дейін, 2010 жылы - 30 %-ке дейін ұлғаятын;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жоғары деңгейлі біліктілік алған түлектері үлесі: 2008 жылы - 15,0 %-ке дейін, 2009 жылы - 15,5 %-ке дейін, 2010 жылы - 20 %-ке дейін ұлғаятын;
"Кәсіп үздігі" атағын: 2008 жылы - 14 адамға, 2009 жылы - 28 адамға, 2010 жылы - 28 адамға беруге конкурс өткізілетін; халықаралық кәсіптік шеберлік конкурстарына 2009 жылы - 4 адам, 2010 жылы - 4 адам қатысатын;
техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау сапасын тәуелсіз бағалаумен, сертификаттауға жататын мамандықтар мен кәсіптер саны: 2008 жылы - 22-ге дейін, 2009 жылы - 54-ке дейін, 2010 жылы - 70-ке дейін, 2011 жылы - 100 дейін ұлғаятын;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жұмысқа орналастырылған түлектерінің үлесі 2008 жылы - 75,5 %-ке дейін, 2009 жылы - 78,0 %-ке дейін, 2010 жылы - 80 %-ке дейін ұлғаятын;
техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде оқушылардың жалпы санының техникалық және технологиялық, соның ішінде ақпараттық технологиялар саласы бойынша оқушылардың үлесі: үлесі 2008 жылы - 15,0 %-ке, 2009 жылы - 30 %-ке, 2010 жылы - 30,0 %-ке ұлғаятын;
мемлекеттік білім беру тапсырысының есебінен жоғары оқу орындарында техникалық бағыттар бойынша білім алушы оқытушылардың үлесі: 2009 жылы - 10 %-ке, 2010 жылы - 20 %-ке, 2011 жылы - 30 %-ке ұлғаятын;
оқу орындарында жұмыс істеу үшін 120 шетелдік оқытушы, соның ішінде: 2009 жылы - 60 адам, 2010 жылы - 60 адам шақырылатын;
арнаулы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқытып-үйрету шеберлерінің біліктілігі: жоғарғы 2008 жылы - 1000 адамға, 2009 жылы - 1000 адамға, 2010 жылы - 1000 адамға көтерілетін;
өндірістік кәсіпорындар мен ұйымда базасында жұмыс берушілер қаражаты есебінен тағылымдамадан өткен өндірістік оқытып-үйрету шеберлерінің үлесі ұлғаятын;
техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламалары: 2009 жылы - 20 бағдарламаға, 2010 жылы - 25 бағдарламаға, 2011 жылы - 30 бағдарламаға аккредитацияланатын;
қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтар мен жарақтандырылған кәсіптік лицейлер (мектептер) мен колледждердің оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханаларының саны, соның ішінде 2009 жылы - 94 бірлікке дейін, 2010 жылы - 95 бірлікке дейін ұлғаятын;
оқу орындарына 5 943,04 млн. теңгеге, соның ішінде 2008 жылы - 1 873,32 млн. теңгеге, 2009 жылы - 1 483,27 млн. теңгеге, 2008 жылы - 1 636,70 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізілетін;
ИСО 9001-2000 сапа менеджменті жүйесі стандарттарымен үйлестірілген басқару стандарттарын қолданысқа енгізген оқу орындарының саны: 2008 жылы - 5 %-ке, 2009 жылы - 5 %-ке, 2010 жылы - 10 %-ке ұлғаятын;
техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту мен кадрлар даярлау жөніндегі ұлттық, салалық және өңірлік кеңестер құрылатын;
кадрлар даярлау саласында ынтымақтастық жөнінде жұмыс берушілер бірлестіктерімен және ірі кәсіпорындармен: 2008 жылы - 16, 2009 жылы - 20, 2010 жылы - 25, 2011 жылы - 30 меморандум мен келісім жасалатын;
жұмыс берушілер қаражаты есебінен оқушылар мен шәкіртақы алушылардың үлесі ұлғаятын;
конкурстық негізде: соның ішінде 2008 жылы - 16, 2009 жылы - 16, 2010 жылы - 16 үздік техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орны айқындалатын;
техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлауда, қайта даярлауда және біліктілігін көтеруде жекеше секторды тарту үшін нормативтік құқықтық база жасалатын;
мемлекеттік білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде қаржыландыру жүзеге асырылатын болады;
екінші кезеңде:
жаңа оқу орындар, өңіраралық кәсіби орталықтар және жатақханалар құрылысы аяқталады;
кәсіптік лицейлерде (мектептерде) оқушыларды әлеуметтік қорғау мен шәкіртақылық қамтамасыз ету жүйесі қайта қаралатын, соның ішінде шәкіртақы мөлшерін көтеру жөнінде шаралар қабылданатын;
көпдеңгейлі ұлттық біліктілік жүйесі құрылатын;
жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен бірлесіп кәсіптік стандарттар әзірленетін;
оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зерханаларын қазіргі заманғы оқу-өндірістік және технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялармен жаңартылу жалғасатын;
сертификаттау саласындағы халықаралық ұйымдарды тарта отырып, мамандардың кәсіби дағдылары мен біліктілігін сертификаттау жүйесі енгізілетін;
техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының түлектері арасында жұмыспен қамту деңгейі көтерілетін;
оқу орны жұмысының нәтижелілігі ескеріле отырып, бір білім алушыға жұмсалатын шығыстар бағасының нормативі айқындалатын болады.
Тұтастай алғанда, көрсетілген шаралар Қазақстанда жастардың еңбек ету қабілеттілігін арттыру мен адами ресурстарды дамыту үшін кеңінен хабардарлы әрі озық іргелі білімі бар бәсекеге қабілетті кадрлар даярлайтын техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді жүйесін құруға ықпал ететін болады.