2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1245 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 266 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.18 № 266 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңының 6-бабының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған 2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ мүдделі ұйымдар:
      1) Бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етсін;
      2) жыл сайын, 10 қаңтарға және 10 шілдеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге жарты жылдықтың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. "2006-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 шілдедегі N 706 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкіметінің           
2007 жылғы 21 желтоқсандағы  
N 1245 қаулысымен       
бекітілген           

2007 - 2011 жылдарға арналған
"Қазақстан балалары" бағдарламасы Астана, 2007 жыл

Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты
      2. Кіріспе
      3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
      4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
      5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі
      6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
      8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға
          арналған іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның    2007 - 2011 жылдарға арналған "Қазақстан
атауы            балалары" бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама)

Әзірлеу үшін     "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
негіздеме        дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта
                 мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан
                 Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N
                 822 қаулысы ;
                 Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары жөніндегі
                 комитетінің 33-сессиясының ұсынымдары;
                 Бала құқықтары туралы конвенцияның ережелерін,
                 балалардың жағдайы жөніндегі БҰҰ Бас
                 Ассамблеясының 27-арнайы сессиясында (Нью-Йорк,
                 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған "Балалардың
                 өмір сүруі үшін жарамды әлем" атты Декларацияны
                 және Іс-қимыл жоспарын іске асыру;
                 "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары
                 туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының
                 1, 2-тармағы

Әзірлеуші        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мақсаты          Балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және
                 құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету жолымен
                 жақсарту

Міндеттері       Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
                 саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын
                 жетілдіру;
                 мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік
                 емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-әрекетті
                 қамтамасыз ету;
                 барлық санаттағы балалардың сапалы білім,
                 медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін
                 жағдай жасау;
                 өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың
                 құқықтарын қорғау үшін шаралардың кешенді жүйесін
                 қалыптастыру;
                 кәмелетке толмағандар арасында балалар
                 қадағалаусыздығының, панасыз қалуының және құқық
                 бұзушылықтарының алдын алу жүйесін жетілдіру;
                 әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
                 балалардың демалу, бос уақытын өткізу, мәдени
                 және шығармашылық өмірге қатысу құқықтарын іске
                 асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау

Қажетті         Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті бюджет
ресурстар және   шығыстарының көлемі 10295,445 млн. теңгені
оларды          құрайды, оның ішінде:
қаржыландыру    республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 425,219
көздері         млн. теңге:
                 2007 жылы - 306,955 млн. теңге;
                 2008 жылы - 586,615 млн. теңге;
                 2009 жылы - 510,857 млн. теңге;
                 2010 жылы - 510,857 млн. теңге;
                 2011 жылы - 509,935 млн. теңге;
                 жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен
                 7870,226 млн.теңге:
                 2007 жылы - 1,200 млн. теңге;
                 2008 жылы - 525,259 млн. теңге;
                 2009 жылы - 3663,353 млн. теңге;
                 2010 жылы - 2409,684 млн. теңге;
                 2011 жылы - 1270,730 млн. теңге.
                 Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы
                 жылына арналған республикалық және жергілікті
                 бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
                 Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарды, қоғамдық
                 қорларды және Қазақстан Республикасының заңнамалық
                 актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздерді
                 демеушілік қолдау ретінде халықаралық ұйымдардың,
                 коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың
                 техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді

Бағдарламаны     Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан
іске асырудан    Республикасында 2011 жылға дейін халықаралық
күтілетін       нормалар мен стандарттарға жауап беретін балалар
нәтижелер        қауымының барлық санаттарының өмірі мен дамуының
                 сапасын жақсарту үшін жағдай жасайтын балалардың
                 құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс
                 істейтін қазақстандық жүйесі қалыптастырылады
                 Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар) :
                 Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік
                 құқықтық актілеріне балалар құқықтары мен
                 мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тиісті
                 өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді және
                 енгізіледі;
                 Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Кәмелетке
                 толмағандардың ісі мен олардың құқықтарын қорғау
                 жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады;
                 балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік
                 органдар ашылады;
                 балалар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері
                 бойынша зерттеулер жүргізіледі;
                 балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері
                 бойынша мониторинг әзірленеді және бақылау
                 жүргізіледі;
                 балалардың және олардың ата-аналарының, сондай-ақ
                 балалармен жұмыс істейтін мамандардың құқықтық
                 білімдерін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиет
                 әзірленеді;
                 пилоттық жобалар шеңберінде бала еңбегінің ең нашар
                 нысандарының алдын алу және сақтандыру жөніндегі
                 балаларға арналған әлеуметтік орталықтар құрылады;
                 үш облыста мүмкіндігі шектеулі және мүгедек
                 520 баланы қамтитын 3 арнайы түзеу білім беру
                 ұйымдары ашылады;
                 бір облыста жыл сайын ата-аналарының
                 қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмаған 250
                 баланы қамтитын 1 оңалту орталығын ашу есебінен
                 қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны
                 16,7 %-ға төмендейді;
                 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған
                 90 баланы қамтитын отбасылық тұрмысқа
                 жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы
                 үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;
                 балалар үйлерінің 324 бітірушісіне әлеуметтік
                 бейімдеу үшін жағдай жасау мақсатында төрт облыста
                 4 жасөспірімдер үйі ашылады;
                 бес облыста 340 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі
                 5 балалар үйі ашылады;
                 мүдделері бойынша бос уақыттарын өткізу
                 үшін балалар қоғамдық ұйымдарының желісі 30 %-ға
                 кеңейтіледі.
               Екінші кезеңде (2010 - 2011 жылдар) :
                 балалар құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы
                 заңнаманың сақталуына бақылау күшейтіледі;
                 БҰҰ бала құқықтарын қорғау Конвенциясының
                 ережелерін орындау бойынша өңірлік бағдарламалар
                 енгізіледі;
                 балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша
                 әлеуметтік зерттеулердің мәліметтер банкісі
                 құрылады;
                 әртүрлі ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен
                 органдар қызметіне мемлекеттік аттестаттауды
                 жүргізу кезінде балалардың құқықтары мен заңды
                 мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық нормаларды
                 сақтау көрсеткіш ретінде енгізіледі;
                 мүдделі ведомстволармен және үкіметтік емес
                 ұйымдармен ынтымақтастық жолымен балалардың
                 құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыстарды
                 ұйымдастыру жетілдіріледі;
                 бала еңбегінің ең нашар нысандарын жою үшін жағдай
                 жасалады;
                 жыл сайын әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж
                 кәмелетке толмаған 350 баланы қамтитын 2 оңалту
                 орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз
                 қалған балалардың саны 16,8 %-ға төмендейді;
                 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз
                 қалған балаларға арналған мекемелерді
                 кезең-кезеңімен қысқарту қамтамасыз етіледі;
                 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 200
                 баланы қамтитын отбасылық тұрмысқа жақындатылған
                 жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі
                 3 балалар ауылы ашылады;
                 балалар үйлерінің 380 бітірушісін әлеуметтік
                 бейімдеу мақсатында екі облыста 8 жасөспірімдер
                 үйі ашылады;
                 алты облыста 225 баланы қамтитын отбасы
                 үлгісіндегі 10 балалар үйі ашылады;
                 екі облыста мүмкіндігі шектеулі балалар
                 мен мүгедек 250 баланы қамтитын 2 арнайы
                 түзеу-білім беру ұйымдары ашылады;
                 мүдделері бойынша балалар қоғамдық ұйымдарын одан
                 әрі дамыту жүзеге асырылады.

Бағдарламаны    2007-2011 жылдар:
іске асыру      1 кезең - 2007 - 2009 жылдар;
мерзімдері       2 кезең - 2010 - 2011 жылдар

       Ескерту. 1-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.02. N 103 Қаулысымен.

2. Кіріспе

      Мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды және балаларды қоғамдағы толыққанды тіршілік әрекетіне даярлау басымдығы қағидаттарын негізге алады.
      Қазақстан Республикасы 1994 жылы Бала құқықтары туралы конвенцияны (бұдан әрі - Конвенция) ратификациялады. Осы Конвенция ережелерін, балалардың жағдайы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында (Нью-Йорк, 2002 жылғы 8-10 мамыр) қабылданған "Балалардың өмір сүруі үшін жарамды әлем" атты БҰҰ-ның мыңжылдық Декларациясын және Іс-қимыл жоспарын іске асыру мақсатында республикада айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.
      Аталған бағдарлама Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын қорғау мәселелерін реттейтін халықаралық нормалардан туындайтын міндеттемелерін орындауына байланысты әзірленді.
      Бағдарлама шеңберінде балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мүдделі мемлекеттік құрылымдардың, жергілікті атқарушы органдардың және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың өзара іс-қимылының тиімді жүйесін құру көзделеді.
      Бағдарлама шеңберінде балалардың барлық санаттарының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған іс-шаралардың атаулылығы, Конвенция ережелерінің, "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345-ІІ Заңының және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған басқа да нормативтік құқықтық құжаттардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
      Бағдарламада балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары және балалар қауымының барлық санаттары үшін әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз етудің кешенді шаралар жүйесі айқындалды.
      Бағдарламаны қабылдау қажеттігі оны іске асыру балалардың барлық санаттарына білім беру жүйесіне тең қол жетімділікті, сапалы медициналық қызмет көрсету мен сауықтыруды, немқұрайлы қарым-қатынастың, қатыгездік пен еңбекті пайдаланудың барлық нысандарынан қорғауды, балалардың демалуын, бос уақытын өткізуді, мәдени және шығармашылық өмірге құқықтарын қамтамасыз ететін әлеуметтік басымдықтарды сақтауға және дамытуға мүмкіндік беретіндігімен сипатталады.

3. Проблеманың қазіргі жай-күйін талдау

      Қазақстан Республикасы Конвенцияның 4-бабына сәйкес Конвенцияда белгіленген нормаларды жүзеге асыру үшін заңнамалық, әкімшілік және басқа да шараларды қабылдады.
      Балалардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету саласындағы халықаралық нормаларды имплементациялау Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі дамыту мен жетілдіруде өз көрінісін табуда. Конвенцияның жалпы қағидаттары мен нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Қылмыстық-іс жүргізу және  Қылмыстық-атқару кодекстеріне енгізілді. Негізгі қолданылу аясы балалардың құқықтары мен мүдделері болатын заңдардың тұтас кешені: " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", " Білім туралы ", " Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы ", " Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы ", " Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы ", " Неке және отбасы туралы ", " Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы " Қазақстан Республикасының заңдары, сондай-ақ басқа да нормативтік құқықтық актілер қабылданды.
      Халықаралық және ұлттық нормаларды неғұрлым егжей-тегжейлі және толық үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне түзетулер, толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Балалардың құқықтарын іске асыруға Қазақстан ратификациялаған балалардың қарулы тартыстарға қатысуына, балалар саудасына, балалар жезөкшелігі мен балалар порнографиясына, сондай-ақ балалар еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу және оларды жою жөніндегі шұғыл шараларға қатысты конвенцияларға факультативтік хаттамалар ықпал етеді.
      Балалардың құқықтарын сақтауға қатысты мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасы заңнамасының Конвенцияның қағидаттары мен ережелеріне толық сәйкес болуы мақсатында оны одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді.
      Конвенцияның ұлттық заңнамада имплементацияланбаған бірқатар нормалары бар. Мысалы, босқын балаларды ерекше қорғау мәселесі шешілмеген.
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Бала құқықтары жөніндегі комитетінің 33-ші арнайы сессиясының отырысында Қазақстан Республикасына берілген ұсынымдарға сәйкес 2006 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті құрылды, оның негізгі міндеті балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
      Конвенцияның нормаларын мейлінше толық орындау үшін басты назар ресурстарды жұмылдыруға бөлінеді. Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі балалар мүддесіне орай оқыту, тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, мәдениет, дене тәрбиесі мен спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты басым қаржыландыруға ықпал етеді.
      Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы бірқатар жетістіктерге қарамастан қазіргі кезде түрлі санаттағы балалардың барлығы өздерінде бар құқықтарды толық пайдалануға мүмкіндігі жоқ.
      Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары кәмелетке толмаған балаларға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі өздерінің қызметтерін "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 106-бабына сәйкес жергілікті білім беру және денсаулық сақтау уәкілетті органдары арқылы жүзеге асырады. 2007 жылдың басында республикадағы 18 жасқа дейінгі халықтың саны 4 922 715 баланы құрады, ал қорғаншы және қамқоршы органдары мамандарының саны небәрі - 180: бір маманға 27 349 баланың құқығын қорғау бойынша міндеттеме жүктеледі. Әлемдік практика көрсетіп отырғандай, балаларды қорғау жөніндегі мамандардың саны 5000 балаға бір маман есебінен айқындалады.
      Жергілікті жерлердегі өкілдері қорғаншы және қамқоршы органдар болатын уәкілетті органның тарапынан білім беру ұйымдарының қызметін ведомствоаралық үйлестіру мен бақылаудың тиімді жүйесін құру балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін және олардың дамуы үшін жағдай жасайтын тиімді тетік болады.
      Мәліметтерді жинаудың бірыңғай жүйесі мен тұрақты мониторингінің болмауы Конвенция нормаларының орындалу нәтижелерін және өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін үнемі қадағалауға және бағалауға мүмкіндік бермейді.
      Тұрақты мониторинг пен бақылау тетігін енгізу Конвенция нормаларын орындауды іске асыруға және балалар құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға мемлекеттік органдардың тиімді қатысуын анықтауға мүмкіндік береді.
      Балалардың білім алуға қол жетімділігі мәселесі толық шешімін таппай отыр. 2007 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 230,8 мың баланы немесе 27,6 % қамтитын 1391 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеді. Мектепке дейінгі ұйымдардың желісі 2003 пен 2006 жылдар аралығын салыстырғанда небәрі 108 бірлікке, атап айтқанда: 2004 жылы - 25 бірлікке, 2005 жылы - 77 бірлікке, 2006 жылы 6 бірлікке ұлғайды. Мектеп жасына дейінгі тәрбие беру ұйымдарындағы балалар контингенті 2003 жылмен салыстырғанда 70,1 мың балаға артты, мектеп жасына дейінгі тәрбие беру ұйымдарында 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 2006 жылғы 1 қазанға небәрі 27,6 %-ды құрады. Осыған байланысты мектепке дейінгі білім берудің аз шығынды нысандарын дамытуды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие беру жүйесіндегі реформаларды одан әрі жетілдіру қажет.
      Республикада мүмкіндігі шектеулі 150 мыңнан астам бала анықталды. Аталған санаттағы балалардың білім алуға тиімді қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін республикада 101 арнайы түзеу-білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 17030 бала оқиды, бұл олардың жалпы санының 23,3%-ын ғана құрайды.

    Арнайы түзеу-білім беру ұйымдарының желісі мен
             контингентінің даму серпіні

Жыл Ұйымдардың саны Балалардың саны (мың)

2001

103

18,9

2002

102

19,1

2003

102

19,1

2004

102

18,6

2005

102

17,8

2006

101

17,0

      Республикада арнайы білім беру жүйесінің біртіндеп кеңейтілуіне қарамастан, мұқтаж балалардың бәрі бірдей оған қол жеткізе алмайды. Қазіргі уақытта республиканың жалпы білім беретін мектептерінде 65 мыңдай бала мамандардың білікті көмегінсіз оқиды. Жалпы білім беретін мектептердің 766 арнайы сыныптарында ғана ақыл-ой кемістіктері бар және психикалық дамуы тежелген 6883 баланы оқыту үшін жағдай жасалған.
      Есту, көру, тірек-қимыл аппаратында, сөйлеу қабілетінде кемшілігі бар балалар үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдардың, арнайы техникалық оқыту құралдарының аса тапшылығы  орын алып отыр.
      Мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту, тәрбиелеу және оларды мәдени өмірге белсенді және тең қатыстыруға көркем шығармашылық, спорт саласында талантты мүгедек балаларды анықтауға қатысты проблемаларды шешу үшін арнайы білім беру бағдарламаларын қолдау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қажет.
      Интернаттық ұйымдарда тұратын балалар қазіргі заманғы басылымдар, оқулықтар, мерзімді баспасөз, Интернет сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі шектеулі, лайықты деңгейде компьютерлік білім, сондай-ақ шет тілдері бойынша білім алмайды.
      Бүгінгі таңда жасөспірімдік кезеңдегі балалардың денсаулық жағдайы өзекті проблемалардың бірі болып табылады, оның әлеуметтік маңыздылығы кәсіби қызметке және отбасын құруға дайындалу қажеттілігінен туындайды.
      Баланың денсаулығын сақтауға құқығы мынадай: Қазақстан Республикасының бала денсаулығын сақтау саласындағы заңнамасын жетілдірумен, балалардың салауатты өмір салтын насихаттаумен және оған ынталандырумен, баланың, оның ата-анасының денсаулық жағдайын бақылауды қамтамасыз ету және балалар дертінің алдын алу сияқты шаралармен қамтамасыз етіледі.
      Соңғы бес жылдың ішінде республикада жалпы ішкі өнімге шаққандағы денсаулық сақтау жүйесіне қарастырылған шығыстардың үлесі 2001 жылғы 1,92 %-дан 2006 жылы 2,19 %-ға дейін ұлғайды. Осыған қарамастан республикада жыл сайын 18 жасқа дейінгі балаларда 5 миллионға жуық аурулар тіркеледі. Жасөспірімдерді (12-18 жас) жыл сайынғы алдын ала медициналық тексерулердің қорытындылары бойынша диагностикадан өтетін балалардың 53%-дан астамы ас қорыту, көру органдарының, сүйек-бұлшық ет жүйесінің, тыныс алу, жүйке және эндокриндік жүйелері ауруларынан зардап шегеді.

   Қазақстан Республикасындағы 2005-2006 жылдарда
  жекелеген аурулар сыныптары мен топтары бойынша
   балалардың (14 жасқа дейінгі) жалпы науқастануы
     (100 000 балаға шаққанда өмірінде бірінші
           рет тіркелген аурулардың саны)

Аурулардың негізгі топтары 2005
жыл
2006
жыл

жаңа пайда болған ісіктер

80,9

82,1

қан, қан түзу органдарының
аурулары және иммунды жүйеге
қатысты жекелеген ауытқулар

3645,3

6003,6

эндокринді аурулар, тамақтану
мен зат алмасудың бұзылуы

1518,4

1776,1

психиканың және мінез-құлықтың
бұзылуы

239,3

222,2

жүйке жүйесі аурулары

2669,3

2752,7

тыныс алу органдарының
аурулары

55451,4

54507,7

ас қорыту органдарының аурулары

6289,3

6775,1

тері және тері асты
жасушаларының аурулары

5373,1

5279,7

сүйек-бұлшық ет жүйесінің және
дәнекер ұлпасының аурулары

1242,7

1321,8

жарақаттар және улану

3719,3

3320,5

      Ұсынылған кестеден көрсетілгендей, балалар арасында аурушаңдық артуда және жасына қарай көбеюде. 14 жасқа дейінгі оқушылар арасындағы аурушаңдық 19,3%-ды құрайды. Жылдан жылға мектеп бітірушілер арасында денсаулығы жақсы балалардың саны азаюда.
      Аурушаңдықтың басты себептерінің бірі мектептерде санитарлық нормалар мен ережелер талаптарының бұзылуы, тамақтанудың болмауы немесе нашарлығы болып табылады.
      Балалар мүгедектігінің жоғары деңгейі сақталуда. Балалар арасындағы алғашқы мүгедектік 2007 жылдың 9 айында 5,2 мың баланы (2006 жылы - 5,7 мың бала) құрады. Балалар мүгедектігінің құрылымында туа біткен кемістіктердің дамуы (32,9%), жүйке жүйесінің аурулары (23,9%) басым.
      Мүгедек балаларды тәрбиелеуге, атап айтқанда, ауру баланы өсіру үшін қажетті арнайы жағдай жасаумен айналысатын ананы жұмыс берушінің жұмысқа қабылдамауымен, байланысты проблема өзекті болып отыр.
      Жазатайым-оқиғалардан, жарақаттар мен уланудан болатын өлім-жітім жоғары болып отыр. Жыл сайын 14 жасқа дейінгі балалар арасында 200 мыңға жуық жазатайым оқиғалар мен жарақаттар тіркеледі, олардың 1,2%-ы мүгедектікке алып келеді.
      Балаларды емдеу-сауықтыру ұйымдарының медицина кадрларымен толық қамтылмауы және материалдық-техникалық базасының нашарлығы орын алып отыр. Осыған байланысты оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өмірі мен денсаулығын қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу қажет.
      Балалардың әлеуметтік бағыттағы медициналық қызметтерді алу басымдылығы мына жағдаймен анықталуға тиіс: медициналық қамтамасыз ету қолда бар қаражат мөлшерімен емес, денсаулық сақтаудың қазіргі стандарттарын ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.
      Жасөспірімдердің денсаулығы мен өміріне қауіпті жағымсыз мінез-құлық түрлерінің алдын алу шараларының болмауы ерекше алаңдаушылық туғызады.
      Кәмелетке толмағандардың арасында алкогольді ішімдік ішу, шылым шегу, нашақорлық проблемасы шиелінісіп отыр: 2007 жылдың басындағы жағдай бойынша республикада 54 мыңнан астам есірткіні пайдаланушылар ресми тіркелді, олардың 4 мыңнан астамы - 14-17 жастағылар.
      2006 жылдың 1 желтоқсанына АҚТҚ жұқтырған 7279 адам тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі - 126 бала, 15-тен 19 жасқа дейінгі - 549 бала, сондай-ақ АҚТҚ жұқтырған аналардан туған 287 бала тіркелді.
      Жасөспірімдердің өміріне және денсаулығына қауіпті мінез-құлық түрлерінің алдын алу жөніндегі жұмыстың жүйелі сипатқа ие емес екендігін ескере отырып, атаулы іс-шараларды іске асыру үшін азаматтық секторды кеңінен тарту қажет.
      Балаларға қатысты мемлекеттік саясат елімізде экономикалық және саяси реформалау жағдайында іске асырылуда. Қазақстанда болып жатқан оң өзгерістерге сәйкес балалардың қоғамдағы жағдайын жақсарту жөнінде бара-бар шаралар қабылданып отыр.
      Осыған қарамастан әлеуметтік отбасы институты рөлінің құлдырау проблемасы сақталып отыр, теріс өмір салтын ұстанатын ата-аналардың саны өсуде.
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған ата-аналардың саны 2005 жылдың 9 айында - 181 адамды, 2006 жылы - 223 адамды, 2007 жылы - 185 адамды құрады.
      Балалардан бас тартуға әкеп соғатын некесіз бала туу саны 2005 жылдың басында кәмелетке толмаған қыздар арасында (100000 мың босанғандарға шаққанда) - 23,5 %-ды, 20 жасқа дейінгі аналар арасында 49,2%-ды құрады.
      Ата-анасы ажырасқан туылғаннан 17 жасқа дейінгі балалардың коэффициенті 2006 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 5,2-ден 7,0-ге өсті. Мұндай жағдайдың себептері баланың жеке басының адамгершілік-рухани қалыптасуында отбасы рөлінің, сондай-ақ балаларды тәрбиелеуде ата-аналар жауапкершілігінің төмендеуі, материалдық және тұрғын үй-жай қиындықтары, әсіресе жас отбасыларында, мектеп, отбасы және қоғамның өзара іс-қимылының өткіліксіздігі, отбасы құндылығы мен отбасы тәрбиесін насихаттаудың осалдығы болып табылады.
      Шет мемлекеттердің тәжірибесі балалар мен отбасыларға басқарылатын көмектің біртұтас кешенді жүйесін құру, балалардың барлық санаттарын қолдауға бағытталған қызметтер тізбесін жаңарту және кеңейту қажеттігін көрсетеді.
      Ресей, Чехия, Латвия, Румыния, Болгария, Албания, Дания, Швеция сияқты бірқатар елдерде балалармен және отбасылармен жұмыс істеудің жаңа нысандары - "әлеуметтік патронаж", отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары құрылған. Осы қызметтердің жұмысы балалар мен олардың отбасыларын қоғам өмірінің барлық салаларында әлеуметтік, психологиялық, медициналық және құқықтық сүйемелдеуге бағытталған. Қазақстан отбасын әлеуметтік сүйемелдеу мен балаларды зорлық-зомбылықтың барлық нысандарынан қорғау мәселелеріндегі халықаралық тәжірибені пайдалануы мүмкін.
      Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, балалар еңбегін қанаудың әртүрлі нысандары, балалар қараусыздығы мен қадағалаусыздығы әлеуметтік проблема күйінде қалып отыр. 2007 жылдың 1 қаңтарына девиантты мінез-құлықты 19 мыңнан астам бала кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекцияларда есепте тұр.
      Жыл сайын республикада 10 мыңдай қараусыз және қадағалаусыз бала анықталып отыр.
      Республиканың ішкі істер органдарының деректері бойынша алкогольді және басқа да зиянды заттарды қолдану, балаға немқұрайлы қарау, балалардың өсуі мен дамуы үшін дұрыс жағдай жасаудан жалтару нәтижесінде 2001 жылдан бері 5 мыңдай ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылса, тек қана 2007 жылдың 9 айында ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналар саны 815 адамды құрады.
      Мемлекеттік органдар балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету фактілерін анықтау және жою бойынша жұмыстарға баса назар аудара бастады, алайда қолда бар ресурстар осы проблеманы жою үшін толыққанды күйде пайдаланылмай отыр. Қазақстан Республикасының Әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы 2005 жылы жүргізген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша балалардың 70%-ы құрдастарының тарапынан, 38 %-ы мұғалімдер тарапынан, 18 %-ы ата-аналар тарапынан жәбірлеушілікті бастан кешіп отыр. 2003 жылдан бастап 2006 жылдың желтоқсан айына дейінгі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер кодексінің 137-бабы бойынша "Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны және балаларға қатыгездік танытқаны үшін" 370 ата-ана қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
      2006 жылғы маусымда өткен Еуропа және Орталық Азия елдерінің үшінші үкіметаралық конференциясының (Паленсия қаласы, Испания) деректеріне сәйкес Бельгияда, Чех Республикасында, Венгрияда және Францияда дөрекі қарым-қатынас салдарынан болатын балалар өлімінің деңгейі дамыған елдердегі тиісті орташа көрсеткіштен 4-6 есе жоғары.
      Осы өңір елдерінен алынған жұмыс тәжірибесі балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау жөнінде бірқатар шаралар енгізуді көздейді. Бұл ұлттық заңдарды халықаралық нормаларға сәйкес келтіру, заң нормаларын практикалық қолдану жөніндегі әкімшілік шараларды енгізу, халықтың мақсатты топтары үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау жөніндегі есептілік тетіктерін жасау, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты жою мәселелерінде қоғамдық құрылымдарға ақпарат беру және олармен ынтымақтастық орнату.
      Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімделмеу және соның салдары ретінде балалар мен жасөспірімдердің арасында ұлғайып отырған қадағалаусыздығы, панасыздығы, қылмыстылығы сонымен қатар оларды бала еңбегінің ең нашар түріне тарту кәмелетке толмағандар үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпті. Бейімделмеген балалар санының көп болуы елдің болашағы үшін қауіп төндіреді.
      Осыған байланысты заңмен ымыраға келмеген немесе өз құқықтарын қорғауға мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тағдырында көптеген мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестіру ерекше маңыздылыққа ие болады. Барлық құрылымдардың өзара іс-қимыл жасауы осындай балалармен әлеуметтік-құқықтық бағыттағы жұмысты қамтамасыз ететін тетік болып табылады.
      Бір жағынан, құқық қорғау органдары мен соттың қызметін, екінші жағынан емдеу-оңалту және әлеуметтік-психологиялық мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтерді біріктіретін әлеуметтік және құқықтық тетіктер кешенін енгізу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары жөніндегі комитетінің құқыққа қарсы әрекет жасаған кәмелетке толмағандарды оңалту және әлеуметтік қайта кіріктіруге жәрдемдесу үшін тиісті шаралар қабылдау қажеттігі туралы ұсынымдарын іске асыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстанның жаһандану, қоғамның ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеруі жағдайындағы болашағы балаларды тәрбиелеу, оқыту, олардың дене бітімі мен рухани дамуы, оларды өмірге дайындау деңгейімен айқындалады.
      Алайда, Қазақстанның тұтас заңдар кешенін қабылдағанына қарамастан, оларды балалар құқықтары мен мүдделері аясында қолдануда проблемалар мен шешілмеген мәселелер бар.
      Әлеуметтік жетімдіктің өсуі төмендемей отыр. 2007 жылдың 1 қаңтарына Қазақстанда 51 мыңнан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар. Олардың 31 мыңнан астамы қамқоршылар отбасы тәрбиесінде, 2 мыңдай бала патронаттық тәрбиеге берілді. 18 мыңнан астамы балалар үйлері мен интернаттарда мемлекеттің толық қамқорлығында. Осындай балалардың 3 мыңнан астамы (16,7%) - "нағыз жетімдер". Қалған 15 мыңы (83,3%) - ата-анасы тірі әлеуметтік жетімдер (тастанды балалар, ата-анасы бас тартқан, ата-аналық құқығынан айырылған, бас бостандығынан айыру орындарында, ұзақ емдеудегі, іздеудегі ата-аналардың балалары).
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әртүрлі министрліктерінің құрылымында балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ұйымдар бар.
      Мәселен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымында балаларға, оның ішінде 79674 баланы қамтитын жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 722 интернаттық ұйым бар.
      Денсаулық сақтау жүйесінде 2105 баланы қамтитын 26 балалар үйі жұмыс істейді.
      Әлеуметтік қорғау жүйесінде 1294 баланы қамтитын мүгедек балаларға арналған 19 интернат үйі жұмыс істейді.
      Құқық қорғау жүйесінде 9883 баланы қамтитын кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау мен оңалтудың 18 орталығы жұмыс істейді.
      Бұл ұйымдардың қызметі ортақ мақсатқа: тәрбиеленушілердің дене және рухани денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған. Бұл ретте жоғарыда көрсетілген ұйымдардың міндеттері әртүрлі және осы ұйымдарға тән белгілі бір ерекшелік бойынша әлеуметтік, медициналық, құқықтық және өзге де қызметтер көрсетуді болжайды. Бірыңғай тәсілдердің, іс-әрекеттің үйлесімділігінің болмауы әртүрлі себептермен осындай ұйымға тап болған баланың құқықтарын қорғауды іске асыруға мүмкіндік бермейді.
      Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен интернаттарда кәмелетке толмаған 18198 бала тұрады.
      Бүгін республикада отбасы үлгісіндегі 6 балалар ауылы, отбасы үлгісіндегі 23 үй жұмыс істейді. Осында тұратын балалардың небәрі 17,4%-ы жетім балалар болып табылады, мемлекеттік қорғауды қажет ететін балалардың басым бөлігін әлеуметтік жетімдер құрайды: олардың ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған, қамау орындарындағы адамдар немесе ауыр науқастар.
      Бұл санаттағы балалар санының өсуі жетім балаларға арналған ұйымдардың: сәбилер үйлері, балалар үйлері, мектеп-интернаттар, паналау үйлері және т.б. санының ұлғаюына әкеледі. 2001 жылмен салыстырғанда балалар үйінің саны - 40 бірлікке, ал ондағы балалардың саны 63,6 %-ға өсті.
      Талдау көрсеткендей, Батыс Еуропаның көптеген елдерінде балаларды ұзақ мерзім бойы ұқсас ұйымдарда тәрбиелеу баланы өз отбасына кейіннен қайта қоса немесе оны тәрбиесіне алған отбасына бере отырып, оларды арнайы ұйымдарда (паналау үйлерінде) қысқа мерзімге ұстауға ауысты. Еуропада жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды пайдалану ауқымының күрт қысқаруына әкелген себептер ретінде: Балалардың қоғамдағы құқықтарына көзқарастардың өзгеруін, тәрбиенің отбасылық құнымен салыстырғанда стационарлық мекемелер базасында тәрбиелеу құнының артуын, қоғам тарапынан сенімсіздікті және ұйымдар жұмысының әлеуметтік қамтамасыз етудің осы нысанының төмен нәтижелерін атайды.
      Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту осы санаттағы балаларды ойдағыдай әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті шара болып табылады.
      Тәрбиеленушілерді азаматтардың отбасыларына орналастыру немесе отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау осы процесті іске асырудың пәрменді тетігі болып табылады.
      1999 жыл мен 2007 жыл аралығында Қазақстан Республикасының азаматтарына бала асырап алуға 20001 мың бала, шетелдік туыстарына - 347, шетелдіктерге - 6014 мың астам бала берілген.
      1999 және 2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларының қорғауына және қамқорлығына 31 мыңнан астам бала берілген.
      Алайда, қазіргі уақытта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы күтіп-бағуға қамқоршылар мен қорғаншыларға жәрдемақы төлеу және тағайындау туралы норма анықталмағандықтан, балалар үйлерінен қорғаншылар отбасына беру процесі тежеліп отыр, кәмелетке толмағандардың тұрғын үйге құқықтарын қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық база жетілдіруді талап етеді. Бүгінде балалар үйлерінде және интернаттарда тәрбиеленіп жатқан балалардың 12,8%-да ғана бекітілген тұрғын-жайлары бар.
      Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің санын қысқартуға мүмкіндік беретін баламалы тәрбие нысандарының бірі ретіндегі патронат жүйесін кеңейту жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қысқарту процесі тетіктерінің бірі болуға тиіс. Қазіргі уақытта патронаттық тәрбиемен небәрі 1791 бала қамтылған. Бұл мақсатқа республикалық бюджет қаражатынан 2004 жылы 244 млн. 682 мың теңге, 2005 жылы жергілікті бюджет қаражатынан 348 млн. 352 мың теңге бөлінген.
      Балалардың демалуға, бос уақытты өткізуге және мәдени қызметке құқығы республикада мектептен тыс ұйымдардың желісі арқылы іске асырылады. Бұлар - оқушылар үйлері, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы студиясы, жас техниктер, туристер, натуралистер станциялары мен базалары, балалардың музыкалық, спорт мектептері, өнер мектептері, қызығушылығы бойынша клубтар, спорттық, сауықтыру, туристік лагерьлер және басқалар.
      Білім беру ұйымдарында: лицейлерде, гимназияларда, өнерді тереңдетіп оқытатын жалпы орта білім беретін мектептерде, бейіндік және көркемсурет сыныптарында тиісті жағдай жасау арқылы балаларды өнерге баулу процесі жанданды.
      Қазіргі кезде республикада 541 мектептен тыс ұйым, оның 208-і ауылдық жерлерде, 700-ге жуық аула клубтары, 5,5 мың спорт залы, 9 мыңнан астам спорт алаңы жұмыс істейді. Алайда, мектептен тыс ұйымдардың мектеп жасындағы балаларды қамтуы республикада небәрі 11%-ы, оның ішінде ауылдық жерде 5,6 %-ды құрайды.
      Жасөспірімдердің оқудан тыс уақытта бос болуы, жасөспірімдер клубтары, спорт секциялары желісінің жеткілікті дамымауы, жазғы демалысты, ауладағы бос уақытты және әсіресе, ересек жасөспірімдерді белсенді қоғамдық пайдалы еңбекке тартуды ұйымдастырудағы кемшіліктер балалардың теріс әлеуметтік мінез-құлқы себептерінің бірі болып табылады.
      Осыған байланысты барлық санаттағы балалардың қосымша білім алуын дамыту үшін сабақтан тыс уақытта мектептен тыс ұйымдарды тиісті кадрлық, материалдық, әдістемелік ресурстармен нығайту қажет.
      Балалардың қоғамда толыққанды өмір сүруіне және оларда қоғамдық маңызды және шығармашылық белсенділікті дамыту дайындығы басымдықтары қағидаттарын негізге ала отырып, бос уақытты өткізу орталықтары, қоғамдық балалар бірлестіктері желілерін дамытуды жалғастыру, барлық санаттағы балалардың мәдени және демалыс мекемелеріне қол жеткізуін үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен қамтамасыз ету қажет.
      Республикада бала еңбегінің алдын алу және алдын-ала сақтандыру мәселесі ерекше маңыздылыққа ие болып отыр.
      Халықаралық еңбек ұйымының деректері бойынша Қазақстан Республикасында бала еңбегін пайдаланудың салалары мен нысандарына мыналар жатады: бала еңбегі жасы ескерілместен, шарттық міндеттемелерді бұза отырып пайдаланылатын ауыл шаруашылығында, құрылыста, жеке меншік нысанындағы кәсіпорындарда ауыр жұмыстарды атқару. Республикада шаруа және фермерлік қожалықтарында бала еңбегін пайдалану мәселесі қосымша зерттеуді талап етеді.
      Осыған байланысты тиісті уәкілетті органдарға шаруа, фермерлік қожалықтарда бала еңбегін пайдалануға, балаларды жезөкшелікпен, қайыр сұраумен айналысуға, сондай-ақ пайда табу мақсатында наркотрафик кезінде пайдалану және оны сатуға зерттеу жүргізу қажет.
      Мүдделі мемлекеттік органдардың бұқаралық ақпарат құралдарымен, халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастығы балаларды жұмыстың ең сорақы түрлеріне пайдалануды жоюдың тиімді тетігі болып табылады.
      Балалықтың қазіргі кездегі жай-күйін талдау теріс құбылыстарды еңсеру, түбегейлі ұйымдық және құрылымдық қайта құруларды жүргізу, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша қоғамды оқу-ағарту, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында мамандарды қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайларға сәйкес даярлау жөнінде кешенді шаралар қабылдауды талап ететінін көрсетеді.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның негізгі мақсаты - балалардың өмір сүру сапасын әлеуметтік және құқықтық кепілдіктермен қамтамасыз ету жолымен жақсарту.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;
      мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
      балалардың барлық санаттарының сапалы білім, медициналық қызметтер және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жағдай жасау;
      өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау үшін кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру;
      кәмелетке толмағандар арасында балалар қадағалаусыздығының, панасыздығының алдын алу және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесін жетілдіру;
      әлеуметтік жетімдіктің алдын алу;
      балалардың дем алу, бос уақытын өткізу, мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау болып табылады.

5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетігі

      Бағдарлама 2007 мен 2011 жылдар аралығында іске асырылады. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады:
      бірінші кезең: 2007-2009 жылдар;
      екінші кезең: 2010-2011 жылдар.
      Бағдарламаны іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуымен байланысты және мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады.

5.1. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру

      Балалардың барлық санаттарының өмір сүру сапасын жақсарту үдерісін құқықтық қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қабылданатын болады:
      бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
      балалардың құқықтарын қорғауға қатысты заңдар жобасына сараптама жасауға қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, балалардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісім-шарттардың ережелеріне сәйкестендіру мақсатында ұлттық заңнамаға талдау жүргізу;
      балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеу және енгізу;
      екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
      балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіру;
      балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту;
      балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында өзекті мәселелер жөніндегі әдістемелік жинақтарды әзірлеу және басып шығару;
      Конвенция ережелерін орындау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және енгізу.

5.2. Мүдделі министрліктермен, ведомстволармен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету

      Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру мақсатында мыналар көзделеді:
      бірінші кезеңде (2007-2009 жылдар):
      Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру;
      балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде орталық және жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
      балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында өзекті мәселелер жөніндегі халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар өткізу;
      екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
      балалар қауымының барлық санаттарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелеріндегі ведомствоаралық үйлестіруді одан әрі жетілдіру;
      өңірлік және республикалық деңгейде тәжірибе тарату және алмасу үшін балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі зерттеулер банкін құру;
      түрлі ведомстволық ұйымдар мен органдар қызметін мемлекеттік аттестаттан өткізу кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық нормаларды сақтауды көрсеткіш ретінде енгізу.

5.3. Балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік
қызметтерді алуы үшін жағдайды қамтамасыз ету

      Осы бағыттың шеңберінде сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алуы үшін жағдай жасалады және мынадай шаралар іске асырылады:
      бірінші кезеңде (2007-2009 жылдар):
      балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік қызметтерді алу құқықтарын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі;
      барлық санаттағы балаларды және балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша олардың отбасыларын әдістемелік қамтамасыз ету жолымен құқықтық ағартуды қамтамасыз ету бойынша кешендік шаралар әзірленеді;
      мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзеу-білім беру ұйымдары ашылады;
      екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
      балалардың барлық санаттарын білім беру, медициналық, әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету жөніндегі бақылау жүзеге асырылады;
      пенитенциярлық ұйымдардағы кәмелетке толмағандардың қоғамға бейімделуіне ықпал ететін білім және медициналық қызметтер алу құқықтарын қамтамасыз ету мониторингі жүйесі енгізіледі;
      мүгедек балаларды әлеуметтік кіріктіру жөніндегі шаралары әзірленеді және енгізіледі;
      мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған түзеу-білім беру ұйымдары ашылады (қайта жаңартылады).

5.4. Өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың, панасыздықтың және құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру

      Балалар құқықтарын қорғауға арналған кешенді шаралар жүйесін қалыптастыру және өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар (әлеуметтік жағынан қауіпті ахуалдағы отбасыларында тұратын, зорлық-зомбылыққа және еңбегін пайдалануға ұшыраған, психотроптық құралдар мен психотроптық заттарды, алкогольді пайдаланатын қадағалаусыз және панасыз балалар) арасындағы балалардың қадағалаусыздығы мен панасыздығын ескерту және құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесін жетілдіру мақсатында мынадай шаралар жүзеге асырылатын болады:
      бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
      балалардың денсаулығы мен өміріне қауіпті тәуекел мінез-құлық нысандарының алдын алу, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі тиімді шараларды қабылдау мақсатында кәмелетке толмағандардың аса қауіпті қылмыс жасауларына ықпал ететін себептерін зерделеу жөніндегі зерттеулер жүргізіледі;
      өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды анықтау бойынша ұсынымдар, бала еңбегінің ең жаман нысандарының алдын алу және жою мәселелері жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленеді;
      Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Халықаралық еңбек ұйымының пилоттық жобалары шеңберінде бала еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және жою мәселелері жөніндегі балаларға арналған әлеуметтік орталықтар құрылады;
      өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері жөнінде республикалық конференциялар, акциялар өткізіледі;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталықтары ашылады;
      екінші кезеңде (2010 - 2011 жылдар):
      қадағалаусыз, панасыз балаларды, соның ішінде оқымайтын балаларды есепке алу жүйесі енгізіледі;
      кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелер қызметінің тиімділігін бағалаудың практикасы әзірленеді және енгізіледі;
      өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға арналған "адамның адамгершілік-рухани даму мектебі" ұйымдастырылады;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандарға арналған оңалту орталықтары ашылады.

5.5. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

      Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға толықтай бейімдеу үшін:
      бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тұратын балалардың жағдайы туралы зерттеулер жүргізу;
      "Қамқоршылық" бағдарламасын одан әрі қамтамасыз ететін біртұтас ақпараттық жүйені құру жолымен әлеуметтік бала асырап алушыларды анықтау және есепке алу жүйесін әзірлеу мен енгізу;
      ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақытылы анықтау жөніндегі әдістемелік оқу құралын әзірлеу;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды бірте-бірте қысқартудың негізгі нысандарын әзірлеу және осы санаттағы балаларды қонақжай, қабылдау және патронат отбасыларына орналастырудың баламалы нысандарын дамыту;
      облыстық білім департаменттері мен басқармаларында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі қосымша мамандарды енгізу;
      жетімдіктің алдын-алу, отбасы және отбасылық тәрбие құндылығын насихаттау жөнінде теледидарлық және радио бағдарламалар құру жолымен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды жетілдіру;
      отбасылық үлгідегі балалар ауылдарын, балалар үйлерін, жасөспірімдер үйлерін ашу;
      екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
      патронаттық отбасыларында тәрбиеленетін балалардың құқықтарын қорғаудың тұрақты мониторингі мен бақылауды жүзеге асыру;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын одан әрі дамыту;
      балалар ауылдарын, отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін, жасөспірімдер үйлерін ашу болжанып отыр.

5.6. Балалардың мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал ететін жағдайлар жасау

      Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мәдени, қоғамдық өмірге қатысуға, демалысқа және бос уақытын өткізуге құқықтарын іске асыруға арналған жағдаймен қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар көзделеді:
      бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
      балалардың рухани дамуына зиянын тигізетін ақпарат пен материалдардан оларды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;
      балалардың демалу құқығын іске асыру жөніндегі мониторингті әзірлеу және енгізу;
      халықаралық, республикалық балалар конференцияларын, форумдар, конкурстар, фестивальдер өткізу жолымен балалардың барлық санаттарының мәдени және шығармашылық өмірге жан-жақты қатысу құқығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар кешенін енгізу;
      екінші кезеңде (2010 - 2011 жылдар):
      мүмкіндігі шектеулі балалардың мәдени өмірге қатысуына жағдай жасау;
      балалардың қоғам мен мемлекеттің өміріне қатысуға, азаматтық демократиялық мәдениеттің негізін қалыптастыруға бағытталған балалардың әлеуметтік бастамаларын дамытуға одан әрі ықпал ету;
      балалардың әлеуметтік бастамаларын, балалардың қоғамдық қозғалысын және балалардың қоғамдық ұйымдарын мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ұлттық заңнамаларға зерттеулер жүргізу.

6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      Бағдарламаны іске асыру үшін қажетті республикалық және жергілікті бюджет шығыстарының көлемі 10295,445 млн. теңгені құрайды, оның ішінде:
      республикалық бюджет қаражаты есебінен - 2425,219 млн. теңге:
      2007 жылы - 306,955 млн. теңге;
      2008 жылы - 586,615 млн. теңге;
      2009 жылы - 510,857 млн. теңге;
      2010 жылы - 510,857 млн. теңге;
      2011 жылы - 509,935 млн. теңге;
      жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен - 7870,226 млн. теңге:
      2007 жылы - 1,200 млн. теңге;
      2008 жылы - 525,259 млн. теңге;
      2009 жылы - 3663,353 млн. теңге;
      2010 жылы - 2409,684 млн. теңге;
      2011 жылы - 1270,730 млн. теңге.
      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.
      Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздердің демеушілік қолдауы ретінде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді.
       Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.02. N 103 Қаулысымен.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде Қазақстан Республикасында 2011 жылға дейін халықаралық нормалар мен стандарттарға жауап беретін балалар қауымының барлық санаттарының өмірі мен дамуының сапасын жақсарту үшін жағдай жасайтын балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптастырылады.
      Бірінші кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілеріне балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірленеді және енгізіледі;
      Қазақстан Республикасы Үкіметі жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылады;
      балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік органдар ашылады;
      балалар құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізіледі;
      балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша мониторинг әзірленеді және бақылау жүргізіледі;
      балалардың және ата-аналардың, балалармен жұмыс істейтін мамандардың құқықтық білімдерін жетілдіру үшін әдістемелік әдебиет әзірленеді;
      пилоттық жобалар шеңберінде бала еңбегінің ең нашар нысандарының алдын алу және сақтандыру жөніндегі балаларға арналған әлеуметтік орталықтар құрылады;
      үш облыста 520 мүмкіндігі шектеулі және мүгедек балаларды қамтитын 3 арнайы түзеу білім беру ұйымдары ашылады;
      жыл сайын ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 450 кәмелетке толмаған баланы қамтитын 1 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 16,7 %-ға төмендейді;
      90 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтитын отбасылық тұрмысқа жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;
      балалар үйлерінің 324 түлегіне әлеуметтік бейімдеу үшін жағдай жасау мақсатында төрт облыста 4 жасөспірімдер үйі ашылады;
      бес облыста 340 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі 5 балалар үйі ашылады;
      қызығушылықтары бойынша бос уақыттарын өткізу үшін балалар қоғамдық ұйымдарының желісі 30 %-ға кеңейтіледі.
      Екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
      балалар құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы заңнаманың сақталуына бақылау күшейтіледі;
      БҰҰ бала құқықтарын қорғау Конвенциясының қағидаларын орындау бойынша өңірлік бағдарламалар енгізіледі;
      балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша әлеуметтану зерттеулерінің деректер банкі құрылады;
      әр түрлі ведомстволық тиесілілік ұйымдары мен органдары қызметіне мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық нормаларды сақтау көрсеткіш ретінде енгізіледі;
      мүдделі ведомстволармен және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жолымен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жетілдіріледі;
      бала еңбегінің ең нашар нысандарын жою үшін жағдайлар жасалады;
      жыл сайын әлеуметтік бейімдеу мен оңалтуға мұқтаж 350 кәмелетке толмаған баланы қамтитын 2 оңалту орталығын ашу есебінен қадағалаусыз және панасыз қалған балалардың саны 16,8 %-ға төмендейді;
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді кезең-кезеңмен қысқарту қамтамасыз етіледі;
      200 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтитын отбасылық тұрмысқа жақындатылған жағдайда тұру үшін үш облыста отбасы үлгісіндегі 3 балалар ауылы ашылады;
      балалар үйлерінің 380 түлегін әлеуметтік бейімдеу мақсатында екі облыста 8 жасөспірімдер үйі ашылады;
      алты облыста 225 баланы қамтитын отбасы үлгісіндегі 10 балалар үйі ашылады;
      екі облыста мүмкіндігі шектеулі және мүгедек 250 баланы қамтитын 2 арнайы түзеу-білім беру ұйымдары ашылады;
      мүдделері бойынша балалар қоғамдық ұйымдарын одан әрі дамыту жүзеге асырылады.

      8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі 2007-2009 жылдарға
                  арналған іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.02.02. N 103 Қаулысымен.

N Іс-шаралар Аяқталу нысаны Орындау-
ға
жауапты-
лар
Орын-
далу мер-
зімі
Болжамды
шығындар
(млн.
теңге)
Қаржы-
ланды-
ру
көзде-
рі

1

2

3

4

5

6

7

1. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру

1

Ұлттық заңдардың
Қазақстан Респу-
бликасы ратифика-
циялаған балалар
құқықтарын қорғау
саласындағы халықаралық
шарттардың ереже-
леріне сәйкесті-
гіне талдауды
жүзеге асыру және
жүргізілген тал-
дауларды ескере
отырып, заңнаманы
одан әрі жетілді-
ру бойынша ұсы-
ныстар әзірлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

БҒМ (жи-
нақтау),
ДСМ, ІІМ,
Еңбекми-
ні, БП
(келісім
бойынша), ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 жылғы III тоқсан

Талап
етілмейді


2

"Әлеуметтік қыз-
меттер туралы"
Қазақстан Респуб-
ликасы Заңының
жобасын әзірлеу
және Қазақстан
Республикасы
Үкіметінің
қарауына енгізу

Қазақстан Республи-
касы
Заңының
жобасы

Еңбекмині (жинақ-
тау),
БҒМ, ДСМ,
АҚҰО
(келісім
бойынша)

2008 жылғы I
тоқсан

Талап
етілмейді


3

Балалар құқықта-
рына қатысты заң
жобаларын, әлеу-
меттік зерттеу-
лерді сараптама
жасауға ҮЕҰ
өкілдерін тарту

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ДСМ, Ең-
бекмині,
БП (келі-
сім бой-
ынша),
ҮЕҰ (келісім
бойынша)

2008 - 2009 жылғы 20 шілде

Талап
етілмейді


4

Ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларды
отбасылық тәрбие-
леудің баламалы
нысандарын дамыту
және қолдау көр-
сету саласындағы
Қазақстан Респуб-
ликасының заңна-
масын одан әрі
жетілдіру бойынша
ұсыныстар даярлау

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

БҒМ (жи-
нақтау),
ДСМ, IIМ,
АҚҰО
(келісім
бойынша),
БП (келі-
сім бой-
ынша)

2008
жылғы
20
қараша

Талап
етілмейді


5

Мүмкіндігі шек-
теулі балаларға
арналған оңалту
және түзеу ұйым-
дарының (күндізгі
орналастыру орта-
лықтары, ресурс-
тық орталықтар
және т.б.) қызме-
тін реттейтін
нормативтік
құқықтық актілер-
ге өзгерістер мен
толықтырулар
енгізу жөнінде
ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ұсыныстар

БҒМ (жи-
нақтау),
Еңбекми-
ні, ДСМ

2008
жылғы
IV
тоқсан

Талап
етілмейді


2. Мүдделі министрліктермен, ведомстволармен және үкіметтік
емес ұйымдармен ведомствоаралық өзара байланысты қамтамасыз
ету

6

Балалар құқықтары
мен мүдделерін
қорғау мәселелері
бойынша халықара-
лық ұйымдардың
жобаларын әзір-
леуге және іске
асыруға қатысу

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ

2009
жылғы
20
шілде

Талап
етілмейді


7

"Балалар мен от-
басы мүдделері
үшін ұлттық дең-
гейдегі мемлекет-
тік бағдарлама-
ларды бюджеттік
жоспарлау және
қаржыландыру"
атты халықаралық
конференция
өткізу

БҒМ-ге ақпарат

БҰҰ-ның
ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
II
тоқсан


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен

8

Астана қаласында
қорғаншы және
қамқоршы органдар
мамандарына ар-
налған»"Халықара-
лық бала асырап
алу саласындағы
кәмелетке толма-
ғандардың құқық-
тары мен заңды
мүдделерін
қорғау" атты
республикалық
семинар-кеңес
өткізу

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ДСМ, СІМ,
ІІМ,
АҚҰҚО
(келісім
бойынша),
БП (келісім
бойынша), БҰҰ-ның ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы 20 қаңтар


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен

9

Балалардың құқық-
тарын қорғау ко-
митеті мен оның
аумақтық органда-
рының қызметін
ұйымдастыру

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ

2008 -
2009 жылғы
20
қаңтар

2007 жыл
- 230,967;
2008 жыл
- 468,700;
2009 жыл
- 468,700


3. Балалардың сапалы білім, медициналық және әлеуметтік
қызметтерді алуы үшін жағдайлар жасау

10

Балалардың құқық-
тарын және мүдде-
лерін қорғау мә-
селелері бойынша
әлеуметтік зерт-
теулер жүргізуді
қамтамасыз ету

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008
-
2009
жылғы
20
қаңтар

2007 жыл
- 5,075;
2008 жыл
- 5,075;
2009 жыл
- 5,075

Респуб-
ликалық бюджет

11

Баланың құқықтары
бойынша ғылыми-
әдістемелік жур-
налдар, кітаптар
әзірлеу және басып шығару

Басылым-
дар

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2007
-
2008
жылдар

2007 жыл
- 7,328;
2008 жыл
- 18,050

Респуб-
ликалық бюджет

12

Шығыс Қазақстан
облысында»"Бала-
лар құқықтарын
қорғау" атты әлеуметтік жұмыс
бойынша Жазғы
мектеп
ұйымдастыру

БҒМ-ге ақпарат

Шығыс
Қазақстан
облысы
әкімдігі,
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
III
тоқсан


Бюджет-
тен тыс
қаражат есебі-
нен

13

Мигрант-балалар
үшін медициналық
және әлеуметтік
қызметтердің қол
жетімділігі жағ-
дайын зерделеу,
сондай-ақ оларды
балалар еңбегіне
тарту

БҒМ-ге ақпарат

Еңбекмині (жинақ-
тау), ДСМ

2008 жылғы III тоқсан



14

Арнайы түзету білім беру ұйымдарын ашу (қайта жаңарту)

БҒМ-ге ақпарат

Облыс әкімдік-
тері

2009 жылғы IV тоқсан

Ақтөбе
облысы:
2009 жыл
- 726,247
Қостанай
облысы:
2009 жыл
- 540,000
Маңғыстау
облысы:
2009 жыл
- 1218,500

Жергі-
лікті
бюджет

4. Өмірде қиын ахуалға тап болған балалардың құқықтарын
қорғау, оларды қадағалаусыздықтан, бақылаусыздықтан
сақтандыру және кәмелетке толмағандар арасында құқық
бұзушылықтардың алдын алу үшін шаралардың кешенді жүйесін
қалыптастыру

15

Балалардың құқық-
тарын және мүдде-
лерін қорғау са-
ласында ғылыми-
әдістемелік
құралдар, ұсыным-
дар әзірлеу және
басып шығаруды
қамтамасыз ету

Басылым-
дар

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2007 - 2008 жылдар

2007 жыл
- 7,329;
2008 жыл
- 18,050

Респуб-
ликалық бюджет

16

Кәмелетке толма-
ғандардың арасын-
дағы құқық бұзу-
шылықтардың алдын
алу мәселелері
бойынша әлеумет-
тік зерттеулер
жүргізуді қамта-
масыз ету

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ІІМ, ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 - 2009 жылғы 20 шілде

2007 жыл
- 5,075;
2008 жыл
- 5,075;
2009 жыл
- 5,075

Респуб-
ликалық бюджет

17

Өмірде қиын ахуалға тап
болған балаларға
көмек көрсету
жөніндегі азамат-
тық секторлардың
өкілдері арасында
волонтерлық
қозғалысты дамыту

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

Жыл
сайын

Талап
етілмейді


18

Кәмелетке толма-
ғандар ісі және
олардың құқықта-
рын қорғау жөнін-
дегі өңірлік
комиссиялардың
жұмыс тәжірибеле-
рін зерделеу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 жылғы III тоқсан

Талап
етілмейді


19

Девианттық мінез-
құлықты кәмелетке
толмағандарға
арналған арнайы
білім беру ұйым-
дарының ерекше
тәртіптегі арнайы
білім беру ұйым-
дарының жай-күйін
зерделеу

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ІІМ, ДСМ,
АҚҰО
(келісім
бойынша),
БП
(келісім
бойынша),
Қазақстан
криминал-
истикалық
қауымдас-
тығы
(келісім
бойынша)

2009 жылғы 20 қаңтар

Талап
етілмейді


20

Пилоттық жобалар
шеңберінде бала
еңбегінің ең
нашар нысандары-
ның алдын алу және сақтандыру
жөніндегі бала-
ларға арналған
әлеуметтік
орталықтар құру

БҒМ-ге ақпарат

Алматы
және
Оңтүстік
Қазақстан
облыста-
рының
әкімдік-
тері, ХЕҰ
(келісім
бойынша),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
III
тоқсан


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен ХЕҰ

21

ШҚО-да отбасын қолдау қызметін құру

БҒМ-ге ақпарат

ШҚО
әкімдігі,
БҰҰ-ның
ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша)
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 жылғы I тоқсан


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен

22

Ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған кәмелетке
толмаған балалар-
ға арналған оңал-
ту орталықтарын
ашу

БҒМ-ге ақпарат

Облыс әкімдік-
тері

2008 жылғы жел-
тоқсан

Ақтөбе
облысы:
2008 жыл
- 57,530

Жергі-
лікті
бюджет

5. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу

23

Баланың құқықтары
туралы Қазақстан Республикасының
заңнамалық база-
сын әзірлеу және
электронды тасы-
малдаушылармен
тарату

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 -
2009
жылдар
20
шілде

2007 жыл
- 7,329;
2008 жыл
- 18,050

Респуб-
ликалық бюджет

24

Әлеуметтік жетім-
діктің алдын алу
мәселелері бойын-
ша әлеуметтік
зерттеулер жүргі-
зуді қамтамасыз
ету

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 -
2009
жылғы
20
шілде

2007 жыл
- 5,075;
2008 жыл
- 5,075;
2009 жыл
- 5,075

Респуб-
ликалық бюджет

25

Қазақстан Респуб-
ликасындағы интернаттық
мекемелердегі
балалардың
жай-күйіне
зерттеу жүргізу

БҒМ-ге
ақпарат
 

БҰҰ-ның
ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша)
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2007
жылғы
ІV тоқсан


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен

26

Жетім балалар
мен ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған балаларды
деинституционали-
зациялау страте-
гиясының негізгі
бағыттарын
әзірлеу

Қазақстан
Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ДСМ, ІІМ,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері,
БҰҰ-ның
ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша)
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008
жылғы
20
шілде


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен

27

Балалар құқықта-
рын қорғау туралы
БҰҰ Конвенциясы-
ның ережелері ту-
ралы жұртшылықтың
білімін арттыру
және әлеуметтік
жетімдіктің алдын
алу мақсатында
коммуникативтік
жоспар құру және
бекіту

Коммуни-
кативтік
жоспар

БҰҰ-ның
ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша),
БҒМ,
Мәдениет-
мині, Ең-
бекмині,
ДСМ, ІІМ,
СІМ

2007 жылғы IV тоқсан


Бюджет-
тен тыс
қаражат
есебі-
нен

28

Әлеуметтік жетім-
діктің алдын алу,
отбасы құндылығы
мен отбасылық
тәрбиені насихат-
тау жөнінде
теле-және радио
бағдарламалар
жасау

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
Мәдениет-
мині,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

Жыл
сайын
20
қаң-
тарға
дейін

2007 жыл
- 16,989;
2008 жыл
- 16,989;
2009 жыл
- 16,989

Респуб-
ликалық
бюджет

29

"Қорғаншылық"
бірыңғай ақпарат-
тық жүйесінің
техникалық специ-
фикациясын
әзірлеу

Техника-
лық
специфи-
кация

БҒМ

2007
жылғы
IV
тоқсан

2007 жыл - 2,000

Респуб-
ликалық
бюджет

30

Ата-анасының қам-
қорлығынсыз қал-
ған балалар мен
баланы өз отба-
сында тәрбиелеуге
қабылдауға ниет
білдіруші азамат-
тар туралы мәлі-
меттерді өңдеуге
арналған бағдар-
ламалық қамтама-
сыз етудің ағым-
дық қызмет көрсе-
туін қамтамасыз
ету

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Ақмола
облысы:
2009 жыл
- 0,061
Ақтөбе
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Алматы
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Атырау
облысы:
2008 жыл
- 0,060
2009 жыл
- 0,071
Шығыс
Қазақстан
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Жамбыл
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,060
Батыс
Қазақстан
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Қарағанды
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Қостанай
облысы:
2008 жыл
- 0,059
2009 жыл
- 0,074
Павлодар
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Солтүстік
Қазақстан
облысы:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Алматы қ.:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061
Астана қ.:
2008 жыл
- 0,061
2009 жыл
- 0,061

Жергі-
лікті
бюджет

31

Облыстық, қалалық
білім департа-
менттерінде,
басқармаларында,
аудандық білім
бөлімдерінде ба-
лалардың құқықта-
ры мен мүдделерін
қорғау мәселелері
бойынша қосымша
мамандарды енгізу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Ақтөбе облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
9,779;
Алматы
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
51,339;
Шығыс
Қазақстан
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
48,037;
Жамбыл
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
14,712;
Батыс
Қазақстан
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
16,674;
Қарағанды
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
42,607;
Қостанай
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
14,712;
Маңғыстау
облысы:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
11,402;
Алматы қ.:
2008 жыл - 0;
2009 жыл -
26,447;
Астана қ.:
2008 жыл - 0;
Солтүстік
Қазақстан
облысы:
2009 жыл -
10,454

Жергі-
лікті
бюджет

32

Жетім балалар
мен ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған балаларды
орналастырудың
баламалы нысанда-
рын дамыту
(патронаттық
отбасылар)

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Талап етілмейді


33

Ата-аналарға
немесе оларды
алмастыратын
тұлғаларға
балалардың
құқықтарын және
мүдделерін қорғау
мәселелері
бойынша құқықтық
көмек көрсету және кеңес беру

БҒМ-ге ақпарат

ІІМ (жи-
нақтау),
Еңбекми-
ні, ДСМ,
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
шілде

Талап етілмейді


34

"Асырап алушы
ата-аналар
мектебі" атты
патронаттық
тәрбиешілерге
арналған оқыту
бағдарламасын
енгізу

БҒМ-ге ақпарат

БҰҰ-ның
ЮНИСЕФ
Балалар
қоры
(келісім
бойынша),
облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның
әкім-
діктері

2007
жылғы
IV
тоқсан

Талап етілмейді


35

Жетім балаларға
және ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған балаларға
арналған балалар
ауылдарын ашу

Әкімдер-
дің шешімде-
рі, БҒМ-ге
ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Алматы
облысы:
2009 жыл
- 187,200
Қарағанды
облысы:
2009 жыл
- 140,400
(құрылыс-
тың баста-
луы)
Павлодар
облысы:
2008 жыл
- 300,000
Астана қ.:
2009 жыл
- 187,200

Жергі-
лікті
бюджет

36

Жетім балаларға
және ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған балаларға
арналған Отбасы-
лық үлгідегі үйлер ашу

Әкімдер-
дің
шешімде-
рі,
БҒМ-ге
ақпарат

Облыстар, Астана және Алматы қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Ақтөбе
облысы:
2009 жыл
- 25,000
Батыс
Қазақстан
облысы:
2009 жыл
- 30,000
Қызылорда
облысы:
2009 жыл
- 25,000
Павлодар
облысы:
2008 жыл
- 7,000
2009 жыл
- 7,000
Алматы қ.:
2009 жыл
- 187,200

Жергі-
лікті
бюджет

37

Жетім балаларға
және ата-анасының
қамқорлығынсыз
қалған балаларға
арналған балалар
үйлерінің, мектеп
-интернаттардың
бітірушілері үшін
Жасөспірімдер
үйлерін ашу

БҒМ-ге
ақпарат

Облыстар-
дың әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Шығыс
Қазақстан
облысы:
2007 жыл
- 1,200
2009 жыл
- 10,000
(құрылыс-
тың
басталуы)
Жамбыл
облысы:
2009 жыл
- 91,875
Қарағанды
облысы:
2009 жыл
- 11,000
Маңғыстау
облысы:
2008 жыл
- 160,000
Павлодар
облысы:
2009 жыл
- 20,000

Жергі-
лікті
бюджет

6. Балалардың мәдени және шығармашылық өмірге қатысу құқығын
іске асыруы үшін жағдайлар жасау

38

Балалардың мәдени
және шығармашылық
өмірге қатысу құ-
қығын іске асыруы
үшін әлеуметтік
зерттеулер жүргі-
зуді қамтамасыз
ету

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 -
2009
жылдар
20
шілде

2007 жыл
- 5,075;
2008 жыл
- 5,075;
2009 жыл
- 5,075

Респуб-
ликалық
бюджет

39

Балалардың құқық-
тары туралы
мультфильмдер,
ашықхаттар,
безендірілген
альбомдар, ғылыми
-насихаттаушы
бейнероликтер
әзірлеу және
басып шығаруды
қамтамасыз ету

Бейнеро-
ликтер,
альбом-
дар, ашықхат-
тар, мульт-
фильмдер

БҒМ (жи-
нақтау),
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 жыл

2008 жыл - 18,050

Респуб-
ликалық
бюджет

40

"Қосымша білім
беру жүйесіндегі
оқушыларды әлеу-
меттендіруді ғы-
лыми-әдістемелік
қамтамасыз ету"
атты бағдарлама
әзірлеу

Қазақстан Республи-
касының
Үкіметіне
ақпарат

БҒМ

2008
жылғы
20
қаңтар

2007 жыл
- 2,848

Респуб-
ликалық
бюджет

41

Республикалық
конкурстарды
("Болашақ Жұлдызы", "Балалық шақ
досы - Друг
детства", "Таң
шолпан") өткізуді
қамтамасыз ету

БҒМ-нің бұйрығы

БҒМ (жи-
нақтау),
Мәдениет-
мині,
облыстар-
дың,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері

2008 -
2009
жылдар
20
қаңтар

2007 жыл
- 11,868;
2008 жыл
- 8,426;
2009 жыл
- 4,868

Респуб-
ликалық
бюджет

42

Мүмкіндігі шек-
теулі балалар
қоғамына салауат-
ты өмір салтын,
әлеуметтік бейім-
деу, оңалту және
интеграциялауды
қамтамасыз ету
бойынша
Қазақстандағы
"Special Olympics" ҮЕҰ
бағдарламасын
іске асыруына
жәрдем көрсету

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері,
Еңбекми-
ні, Қазақс-
тандағы
"Special
Olympics"
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008 -
2009
жылдар
10
қаңтар
және
10
шілде

Талап
етілмейді


43

Балалардың құқық-
тарын қорғау жө-
ніндегі балалар-
дың ҮЕҰ қызметі-
нің және балалар-
дың қоғамдық
қозғалысының
халықаралық
тәжірибесін
зерделеу

БҒМ-ге ақпарат

Облыстар,
Астана
және
Алматы
қалалары-
ның әкім-
діктері
ҮЕҰ
(келісім
бойынша)

2008
жылдың
III
тоқ-
саны

Талап
етілмейді



Республикалық
және жергілікті
бюджеттердің
барлық
қаражаты:




2007 жыл
- 308,155;
2008 жыл
- 1111,874;
2009 жыл
- 4174,210
Жиыны:
5594,239


Соның ішінде:




2007 жыл
- 306,955
2008 жыл
- 586,615
2009 жыл
- 510,857
Жиыны:
1 404,427

Респуб-
ликалық
бюджет






2007 жыл
- 1,200
2008 жыл
- 525,259
2009 жыл
- 3663,353
Жиыны:
4189,812

Жергі-
лікті
бюджет






2007 жыл
- 169,760
Жиыны:
169,760

Бюджет-
тен тыс
қаражат

      Ескертпелер:

      *2007-2011 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен қаржыландырылатын шығыстар көлемі Қазақстан Республикасының»"Республикалық бюджет туралы" Заңына және мәслихаттардың тиісті қаржы жылына арналған шешімдеріне сәйкес анықталатын (нақтыланатын) болады, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларында көрсетіледі.
      Бұдан басқа, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған өзге де көздердің демеушілік қолдауы ретінде халықаралық ұйымдардың, коммерциялық банктер мен кәсіпкерлік құрылымдардың техникалық және гранттық көмегін тарту көзделеді.

Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      БП - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы;
      БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;
      ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
      ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі;
      СІМ - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі;
      Мәдениетмині - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат
                     министрлігі;
      Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
                  әлеуметтік қорғау министрлігі;
      ТСМ - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі;
      ХЕҰ-ИПЕК - Халықаралық еңбек ұйымы - Бала еңбегін жою
                 жөніндегі халықаралық бағдарлама;
      АҚҰО - Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық;
      ҮЕҰ - Үкіметтік емес ұйымдар;
      ЮНИСЕФ - Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры.