Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын іске асыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 15 тамыздағы N 1165 Жарлығы. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.03.30. N 80 жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының "Қазақстан" спорт сарайы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Шаруашылық басқармасының теңгеріміндегі "Астана-Бәйтерек" монументі республикалық меншіктен Астана қаласының коммуналдық меншігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген объектілерді қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті ұйымдастырушылық іс-шараларды жүзеге асырсын.

      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі