Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму стратегиясын iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827 Жарлығы.
Күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.08.15. N 1165 жарлығымен.

      "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы N 394 P010394_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2002 жылға арналған көлем:

     мемлекеттік азық-түліктік астық резерві 500 000 (бес жүз мың) тонна 
мөлшерінде;
     мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға 
дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) 
тоннаға дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік сатылатын астық ресурстарына сатып алу 450 000 (төрт жүз 
елу мың) тонна мөлшерінде белгіленсін.
     2. 2002 жылға арналған пайдалану көлемі:
     мемлекеттік жемдік астық ресурстары 15 000 (он бес мың) тоннаға 
дейінгі мөлшерде;
     мемлекеттік тұқымдық астық ресурстары 120 000 (бір жүз жиырма мың) 
тоннаға дейінгі мөлшерде белгіленсін.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.