"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексін) іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 23 тамыз N 67-ө.
Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тiлдерi университетi студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшін запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 
      1. "Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті" жабық акционерлік қоғамында оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын. 
      3. <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N  449  (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.     

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі