Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған көлік құралдары мен мүлікке қажеттілік нормативтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 20 желтоқсан N 1944. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1332 Қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. "Экономикалық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына   1-тармақтағы Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің құрамы мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "Бүркітбаев Серік             - Қазақстан Республикасының
     Мінуәрұлы                       Көлік және коммуникациялар
                                     министрі

     Жандосов Ораз                 - "KEGOC" Электр жүйелерін
     Әлиұлы                          басқару жөніндегі Қазақстан
                                     компаниясы" ашық акционерлік
                                     қоғамының президенті
                                     (келісім бойынша)."

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі