Қазақстан Республикасындағы теңіз сауда порттарында кемелерді тіркеу ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің 1994 жылғы 2 ақпан N 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1998 жылғы 3 тамызда тіркелді. Тіркеу N 561. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 14 наурыздағы N 99-І бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Вице-Президентi, Қазақстан Республикасының Премьер-министрi бастаған мемлекет пен үкiмет делегацияларының шетелдерге ресми, жұмыс және iскерлiк сапарларын қаржымен қамтамасыз етудi реттеу мақсатында:
      1. Мемлекет пен үкiмет делегациялары мүшелерiнiң Қазақстан Республикасының Президентiн күзет қызметi мен жеке күзетiнiң бастықтарына тәулiктiк шығыстарды тиiстi лауазымдық үстемелерiн қоса, барлық жағдайларда толық көлемiнде, ал ерiп жүрген адамдарға, жұмыс топ мүшелерiне, күзет комиссиялары мен баспасөз қызметкерлерiне белгiленген тәртiп бойынша төленетiн болып белгiленсiн.
      2. Делегация мүшелерiнiң, ерiп жүрген адамдардың, жұмыс тобы мүшелерiнiң, күзет және баспасөз қызметкерлерiнiң тұруына, тамақтануына, олардың ел iшiнде жүрiп-тұруын көлiкпен қамтамасыз етуге байланысты, сондай-ақ ұшақ қызметiнiң шығыстарын қабылдаушы жақ өзiне алмаған жағдайда, тиiстi құжаттар тапсырылған соң төлемi нақты шығыстары бойынша жасалатын болсын.
      3. Делегациялардың сапардағы мерзiмi мен болуы шарттарға сәйкес қажет болған жағдайда өкiлдiк мақсатына 10 мың АҚШ долларына дейiнгi мөлшерде валюта қаражатын бөлу көзделсiн.
      4. Ресми, жұмыс және iскерлiк сапары кезiнде делегацияларға ерiп барған және валюта алған адам сапардан оралғаннан кейiн үш күннiң iшiнде валюта қаражатын жұмсағаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қаржылық есеп бередi.

      Премьер-министр