"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің жылжымайтын мүлік жөніндегі орталықтарымен" РМК салық салу мақсатында жеке тұлғалардың жылжымайтын мүліктерінің (пәтерлер, меншікті тұрғын үйлер, саяжай үйлері және көлік-жайларының) құ

Бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет Министрі Тіркеу қызметі комитеті 1999 жылғы 15 қыркүйектегі N 198/1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1999 жылғы 7 қазанда тіркелді. Тіркеу N 927. Күші жойылды - ҚР Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті төрағасының 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 293 бұйрығымен.

      Қалыптасқан күрделi жағдайды ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының Бiрiншi май қалалық үлгiдегi поселкесiнiң және Курчатов қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қысқы жағдайда жұмыс iстеуге дайындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген тәртiппен:
      Шығыс Қазақстан облысының әкіміне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен 50 миллион теңге, оның ішінде Первомайск қала үлгісіндегі кентінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жылумен жабдықтаудың дербес көздеріне көшіру үшін 20 миллион теңге және Курчатов қаласының қазандықтары үшін мазут сатып алуға 30 миллион теңге бөлінсін;
      бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1491 қаулысымен. P991491_

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі