Уақытша жер пайдалану туралы үлгiлiк шарттардың нысандарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 желтоқсан N 1495.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.08.22. N 851 қаулысымен.

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 24 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .

      1. Ұсынылып отырған мынадай нысандар бекiтiлсiн:
      "Жер учаскесiн жалдау туралы үлгiлiк шарт";
      "Уақытша тегiн жер пайдалану туралы үлгiлiк шарт".

      2. Жергiлiктi атқарушы органдарға, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жер учаскесiн жалдау туралы шартты немесе уақытша тегiн жер пайдалану туралы шартты жасау кезiнде бекiтiлген үлгiлiк шарт нысандарын басшылыққа алу ұсынылсын.

      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердiң нысандарын және жердi иелену хұқы мен пайдалану хұқын беретiн мемлекеттiк актiлердi тiркеу, беру (алмастыру) және сақтау тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 желтоқсандағы N 1086 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 50, 722-құжат);
      "Жердi уақытша пайдалануға және жалға алуға құқық беретiн шарт нысаны мен жердi уақытша пайдалануға және жалға алуға құқық беретiн шарттарды тiркеу, беру (ауыстыру) және сақтау Тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 сәуiрдегi N 288 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 12, 148-құжат).

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
1996 жылғы 6 желтоқсандағы     
N 1495 қаулысымен         
Бекiтiлген          

                                                        Нысан

                Жер учаскесiн жалға беру туралы
                        ҮЛГIЛIК ШАРТ

______________________________ қаласы (поселкесi, селосы) 199__жылғы
" "________________ N ____

Бiрiншi тараптан, бұдан әрi Жалға берушi деп аталатын _____________
___________________________________________________________________
                       (аты-жөнi немесе
___________________________________________________________________
                   заңды тұлғаның атауы)
және ______________________________________________________________
                      (аты-жөнi немесе
___________________________________________________________________
                   заңды тұлғаның атауы)
екiншi тараптан, бұдан әрi Жалға алушы деп аталатын бiз, төменде қол
қоюшылар төмендегi туралы осы Шартты жасастық:

                     1. Шарттың мәнi

     1. Жалға берушi жалға алушыға өзiне тиесiлi __________________
                                                  (жеке меншiк,
___________________________________________________________________
            жер пайдалану немесе мемлекеттiк меншiктегi)
құқығындағы жер учаскесiн (жер учаскесiнiң бөлiгi) ________________
                                                    (құжаттың
___________________________________________________________________
                  атауы, күнi және оны тiркеу N )
Осы шартқа тiркелген жер учаскесiнiң жоспары шегiнде бередi (1-қосымша).
     2. Жер учаскесiнiң орналасқан жерi және оның деректерi:
мекен-жайы_________________________________________________________
кадастрлық нөмiрi (код)____________________________________________
алаңы__________________га, оның iшiнде: ауыл шаруашылығы
танаптары______га (егiстiк жерлер_______га, көпжылдық ағаш
егiстiктерi________________га, шабындықтар ______________га, жайылым
____________га), құрылысқа берiлгенi __________га, ________________
___________________________________________________________________
          (жер учаскесiне орналасқан құрылыстардың,
___________________________________________________________________
                     ғимараттардың тiзбесi)
нысаналы мақсатты _________________________________________________
пайдаланудағы шектеу және жүктеме артылуы _________________________
бөлiнуi немесе бөлiнбеуi __________________________________________

                     2. Жер үшiн төлем

     1. Жыл сайынғы жалгерлiк төлем _____________теңгенi құрайды
және Жалға алушы теңдей үлестермен ағымдағы жылдың " "_____________
                                                         күнi
_______________бойынша _______________ N _______шотқа аудару жолымен
айы                   (банктiң атауы)                      
төлеуге жатады немесе оны сома заттық нысанда _____________________
___________________________________________түрiнде өтiледi.
     (өнiмнiң саны мен тiзбесi)

      2. Тараптардың келiсiмi бойынша жалгерлiк төлемнiң мөлшерi жыл сайын инфляцияның деңгейi жөнiндегi мемлекеттiк статистика мәлiметтерi негiзiнде анықталады. Мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушы жер учаскесiн жалға берген кезде жалгерлiк төлемнiң мөлшерi белгiленген тәртiпке сәйкес айқындалады.

           3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жалға алушының:
      1) жер учаскесiн оның арналуынан келiп туындайтын мақсатта пайдалана отырып жерде дербес шаруашылық жүргiзуге;
      2) ауыл шаруашылығы және өзге дақылдар мен көшеттердiң егiсi мен екпелерiне, жер учаскесiн пайдалану нәтижесiнде алынған ауыл шаруашылығы мен өзге де өнiмге және оны сатудан алынған табысқа меншiк;
      3) Жалға берушiнiң келiсiмiмен өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiндегi құмды, топырақты, қиыршық тасты және басқа да кең тараған пайдалы қазбаларды, торфты, орман алқабын, жерүстi және жерасты суларын пайдалануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы игiлiктерiн тұтынуға;
      4) жер учаскесi мемлекет мұқтажына алынғанда (сатып алынғанда) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте шығындарының өтелуiне;
      5) Жалға берушiнiң келiсiмiмен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына қайшы келмейтiн құрылыстар мен ғимараттарды, белгiленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтай отырып _____________________________________
                                   (рұқсат етiлген құрылыстардың, ________________________________________________________салуға;
      құрылымдардың және ғимараттардың тiзбесi)
      6) Жалға берушiнiң келiсiмiмен белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтiк жұмыстар жүргiзуге, тоғандар мен басқа су қоймаларын салуға;
      7) жалға арналған жер учаскесiн немесе оның бөлiгiн екiншi рет уақытша тегiн жер пайдалану туралы шарт негiзiнде осы жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертпей, егер Шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы жалға немесе басқа адамға беруге құқығы бар.
      2. Осы бөлiмнiң 1-тармағындағы 2, 3, 5, 6-тармақшаларында көзделген шарттар тараптардың келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
      3. Жалға алушы:
      1) жердi оның негiзгi нысаналы мақсатына сәйкес және шартта белгiленген тәртiпте пайдалануға;
      2) өндiрiстiң табиғат қорғау технологиясын қолдануға, өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге;
      3) топырақтың құнарлығын арттыруға және жер заңдарында көзделген жердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      4) жалгерлiк төлемдi уақтылы төлеуге;
      5) орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, тарих, сәулет ескерткiштерiн және жер учаскесiнде орналасқан мемлекет қорғауындағы басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;
      6) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асырғанда қолданылып жүрген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа алуға;
      7) жердiң жай-күйi мен оларды пайдалану туралы жер заңдарымен белгiленген мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы табыс етiп отыруға;
      8) топырақтың құнарлы қабатын, мұндай сыдырып алу құнарлы қабаттың бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа адамдарға сату немесе беру мақсатында оны сыдырып алуға жол бермеуге;
      9) өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде жердiң сапасы және экологиялық ахуалы нашарлаған жағдайда шығындарды толық көлемде өтеуге мiндеттi.
      4. Жалға берушi:
      1) жер пайдалануға және қорғауға бақылауды жүзеге асыруға;
      2) Жалға берушiге қызметiнiң нәтижесiнде жердiң сапасы мен экологиялық ахуалына келтiрiлген шығындарды толық көлемде өтеуге;
      3) Шарт мерзiмi өтуi бойынша жер учаскесiнiң жай-күйiн бағалауға және оны акт бойынша қабылдауға құқылы.
      5. Жалға берушi:
      1) Жалға алушыға жер учаскесiн шарттың талаптарына сәйкес күйiнде беруге (2-қосымша);
      2) Жалға алушының ауыл шаруашылығы алаптарын игеру мен жақсартуға жiберген шығындарын, егер бұндай игеру мен жақсарту шартта айтылса, толық немесе iшiнара шартқа сәйкес төлеуге;
      3) өзiнiң бастамашылығымен шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда Жалға алушының шығындарын толық көлемде төлеуге мiндеттi.

              4. Тараптардың жауапкершiлiгi

     1. Айтылған мерзiмде жалгерлiк төлем төленбеген жағдайда Жалға алушы өткен есептi мерзiмiнiң жалгерлiк төлем сомасының ________процентi көлемiнде әрбiр жiберiлген күн үшiн айыппұл төлейдi.
     2. Шарттың талабын бұзғаны үшiн тараптар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

                  5. Дауларды қарау тәртiбi

     1. Шарт бойынша туындайтын немесе оның қолданылуымен байланысты
кез келген келiспеушiлiктер мен талаптар мүмкiндiгiнше тараптар
арасындағы келiссөздермен шешiледi.
     2. Келiссөз жолымен шешiлуi мүмкiн емес шарттан туындайтын
барлық келiспеушiлiктер сот тәртiбiнде шешiледi.

                6. Шарттың қолданылуы

     Шарт__________ жылға жасалды және оны тiркеушi органда (егер
жер пайдалану мерзiмi бiр жылдан асатын болса) тiркелген сәттен бастап өз күшiне енедi.

     Шарт 199___жылғы " "____________________дейiн қолданылады.
     Осы шарттың 3-бөлiмiндегi 3 және 5-тармақтарда белгiленген талаптар сақталмаған жағдайларда, шарттың талаптарын өзгертуге, оны бұзуға жол берiледi.
     Шарт екi дана етiп жасалды, оның бiр данасы жалға алушыға, екiншi данасы жалға берушiге берiледi.

     Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi:

          Жалға берушi:                     Жалға алушы:
____________________________          ___________________________
     (аты-жөнi,                             (аты-жөнi,
____________________________          ___________________________
      заңды тұлғаның                         заңды тұлғаның
____________________________          ___________________________
      толық атауы)                           толық атауы)
Орналасқан жерi ____________          Орналасқан жерi ___________
____________________________          ___________________________
____________________________          ___________________________
Есеп айырысу шоты____________         Есеп айырысу шоты _________
____________________________          ___________________________
____________________________          ___________________________
     (қолы)                                    (қолы)
     М.О.                                      М.О.

                               М.О.     

                     Тiркелуi туралы белгi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 
1996 жылғы 6 желтоқсандағы    
N 1495 қаулысымен       
  Бекiтiлген    
                                                    Нысан

Уақытша тегiн жер пайдалану туралы
ҮЛГIЛIК ШАРТ

______________________________ қаласы (поселкесi, селосы) 199__жылғы
" "________________ N ____
     Бiз, төменде қол қоюшылар ____________________________________
___________________________________________________________________
          (заңды тұлғаның атауы немесе аты-жөнi)
     бұдан әрi жер учаскесiнiң Меншiк иесi (мемлекеттiк емес жер
пайдаланушы)  бiр жағынан және ________________________________
                                    (заңды тұлғаның атауы
_______________________бұдан әрi Уақытша жер пайдаланушы, екiншi
   немесе аты-жөнi)
жағынан мына төмендегiлер жөнiнде шарт жасастық:

     . Ескерту. Жер учаскесiнiң меншiк иесi - жеке меншiк иесi немесе мемлекет құқығын жердiң меншiк иесiндей пайдаланатын уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган.

                      1. Шарттың мәнi

     1. Жер учаскесiнiң меншiк иесi (мемлекеттiк емес жер пайдаланушы) Уақытша жер пайдаланушыға өзiне тиесiлi_______________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     (жеке меншiк, жер пайдалану немесе мемлекеттiк меншiгiндегi)
құқығындағы жер учаскесiн (жер учаскесiнiң бөлiгiн)________________
___________________________________________________________________
     (құжаттың атауы, оның тiркелген күнi және N)
___________________________________________________________________
осы шартқа қоса берiлiп отырған жер учаскесiнiң жоспары шекарасы
негiзiнде бередi (табыстайды) (1-қосымша).
     2. Жер учаскесiнiң орналасқан орны және оның деректерi:
мекен-жайы_________________________________________________________
кадастрлық нөмiрi (код) ___________________________________________
алаңы_________га, оның iшiнде: ауыл шаруашылық танаптар
_____________га, (айдалған жер _________га, көпжылдық екпе ағаштар
_____________га, шабындық жер __________га, жайылымдар _________га),
құрылысқа берiлгенi ________________га, ___________________________
___________________________________________________________________
   (жер учаскесiне орналасқан құрылыстардың, ғимараттардың тiзбесi)
нысаналы мақсатты__________________________________________________
пайдаланудағы шектеу және жүктеме артылуы _________________________
___________________________________________________________________
бөлiнуi немесе бөлiнбеуi __________________________________________
___________________________________________________________________

                      2. Жер үшiн төлем

      Жердi уақытша пайдаланушы жергiлiктi атқарушы орган уақытша ақысыз пайдалануға берген жер үшiн, екiншi рет жер пайдаланған жағдайлардан басқада, Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген тәртiппен және шарттарда жер салығын төлейдi.

            3. Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

      1. Жердi уақытша пайдаланушының:
      1) жердi оның арналуынан туындайтын мақсатта пайдалана отырып дербес шаруашылық жүргiзуге;
      2) жер учаскесiн ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен көшеттердiң егiсi мен екпелерiне пайдаланудың нәтижесiнде алынған ауыл шаруашылығы және өзге де өнiмдерге, оны сатудан алынған табысқа меншiктiкке;
      3) Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттiк емес жер пайдаланушының) келiсiмiмен өз шаруашылығының мұқтажы үшiн жер учаскесiндегi құмды, сазды, қиыршық тасты және басқа да кең тараған пайдалы қазбаларды, торфты, орман алабын, жер үстi және жер асты суларын қолдануға, сондай-ақ жердiң өзге де пайдалы ерекшелiктерiн пайдалануға;
      4) жер учаскесi мемлекет мұқтажына алынған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шығындарды өтетуге;
      5) Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттiк емес жер пайдаланушының) келiсiмiмен белгiленген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) сақтай отырып жер учаскесiнiң мақсатты арналуына қайшы келмейтiн құрылыстар мен ғимараттарды _____________________________________________________ __________________________________________________________________ (рұқсат етiлген құрылыстардың, үйлердiң және ғимараттардың тiзбесi) меншiк құқығымен салуға;
      6) Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттiк емес жер пайдаланушының) келiсiмiмен, белгiленген құрылыс, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және басқа да арнаулы талаптарға сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиоративтiк жұмыстарды жүргiзуге, тоғандар мен басқа су қоймаларын салуға;
      7) Шарттың мерзiмi бiткеннен кейiн жердi игеруге және ауыл шаруашылық алқаптарын жақсартуға жұмсалған шығындар үшiн, егер мұндай игеру немесе жақсарту осы Шартта айтылса, өтемақы алуға;
      8) жер учаскесiн немесе оның бөлiгiн Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттiк емес жер пайдаланушының) келiсiмiмен, егер Шартта өзгеше көзделмесе, осы жер учаскесiнiң мақсатты арналуын өзгертпей екiншi рет ақысыз уақытша жер пайдалану туралы шарттың негiзiнде басқа адамға беруге құқы бар.
      2. Осы тараудың 1-тармағының 2, 3, 5, 6-тармақшарларында көзделген шарттар тараптардың келiсiмi бойынша өзгертiлуi мүмкiн.
      3. Жердi уақытша пайдаланушы:
      1) жердi оның негiзгi мақсатты арналуына сәйкес және Шартта белгiленген тәртiппен пайдалануға;
      2) өндiрiстiң табиғат қорғау технологиясын қолдануға, өзiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижесiнде айналадағы табиғи ортаға зиян келтiруге және экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге;
      3) топырақтың құнарлылығын арттыруға және жер заңдарында көзделген жердi қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға;
      4) осы Шарттың 2-тарауында көзделген жағдайда жер салығын уақтылы төлеуге;
      5) орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, тарих, сәулет ескерткiштерiн және жер учаскесiнде орналасқан мемлекеттiң қорғалуындағы басқа да объектiлердi қорғауды қамтамасыз етуге;
      6) жер учаскесiнде құрылыс салуды жүзеге асырған кезде қолданылып жүрген сәулет-жоспарлау, құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормаларды, ережелердi, нормативтердi) басшылыққа алуға;
      7) жердiң жай-күйi мен оларды пайдалану туралы жер заңдарымен белгiленген мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы ұсынуға;
      8) Мұндай сыдыру құнарлы қабаттың бiржола жоғалуына болдырмау үшiн қажет болған жағдайлардан басқа да сату немесе басқа адамға беру мақсатымен топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға жол бермеуге мiндеттi.
      4. Жер учаскесi иесiнiң (мемлекеттiк емес жер пайдаланушының):
      1) жердiң пайдаланылуы мен қорғалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      2) Шарттың мерзiмi бiткен соң жердiң жай-күйiн бағалауға және оны актi бойынша қабылдауға құқы бар.
      5. Жер учаскесiнiң иесi (мемлекеттiк емес жер пайдаланушы):
      Уақытша жер пайдаланушыға жер учаскесiн Шарттың жағдайына сәйкес күйде беруге мiндеттi (2-қосымша).

                    4. Тараптардың жауапкершiлiгi

     Тараптар Шарттың жағдайларын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапкершiлiкте болады.

                    5. Дауларды қараудың тәртiбi

      1. Шарт бойынша немесе оның қолданылуына байланысты туындауы мүмкiн кез-келген келiспеушiлiк немесе талаптар мүмкiншiлiгi бойынша тараптардың арасындағы келiссөз жолымен шешiледi.
      2. Шарттан туындайтын, келiссөз жолымен шешiле алмайтын барлық келiспеушiлiктер сот тәртiбiмен шешiледi.

                      6. Шарттың қолданылуы

     Шарт_________________жылға жасалған және ол (жердi пайдалану мерзiмi бiр жылдан артық болғанда) тiркеу органында тiркелген сәттен бастап күшiне енедi.

     Шарт 199___жылдың " " _________________дейiн қолданылады.
                             күнi,   айы   

     Шарттың жағдайларын өзгертуге, оны бұзуға осы Шарттың 3-тарауының 3 және 5-тармақтарында айқындалған талаптар орындалмаған жағдайларда жол берiледi.
     Шарттың бiр данасы Жердi уақытша пайдаланушыға, келесi данасы - Жер учаскесiнiң иесiне (мемлекеттiк емес жер пайдаланушыға) берiлетiн екi данада жасалады.

         Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелерi:

         Жер учаскесiнiң иесi         Жердi уақытша пайдаланушы
         (жердi пайдаланушы)
________________________________    _______________________________
     (заңды тұлғаның аты-жөнi,           (заңды тұлғаның аты-жөнi,
________________________________    _______________________________
         толық атауы)                      толық атауы)
Орналасқан жерi ________________    Орналасқан жерi________________
________________________________    _______________________________
________________________________    _______________________________
Есеп айырысу шоты ______________    Есеп айырысу шоты _____________
________________________________    _______________________________
________________________________    _______________________________
          (қолы)                                (қолы)

          М.О.                                 М.О.

                               М.О.

                                           Тiркелуi туралы белгi
                                            1-қосымша 

                   Жер учаскесiнiң ЖОСПАРЫ

Учаскесiнiң орналасқан жерi ________________________________
                            ________________________________

Шектесу сипаты                    СЫЗЫҚТАРДЫ ШЫҒАРУ ӨЛШЕМI
                                 ______________________________
А-дан Б дейiн                   |Бұрылыстардағы |Сызықтардағы |
Б-дан В дейiн                   | нүктелердiң N |  өлшемi     |
В-дан Г дейiн                   |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                 |_______________|_____________|
                                    Масштаб 1:
М.О.

___________________________жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органның төрағасы
_______________________________ А.Ә.А.Т.
          (қолы)

      Ескерту. 1-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен.

                                     2-қосымша 

                  Жер учаскесiнiң түсiндiрмесi
___________________________________________________________________
     Барлық жер,    |           Оның iшiнде
        га          |______________________________________________
                    |ауыл        |    олардың
                    |шаруашылығы |_________________________________
                    |алқаптары   |егiстiктер|көп жылдық |тыңайтылған
                    |            |          |ағаштар    |жерлер
___________________________________________________________________
           1        |      2     |     3    |    4      |     5
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
     олардың     |ормандар|су     |құрылыс |бұзылған|басқа  |Ескерту
_________________|        |жерлерi|алып    |жерлер  |жер    |
шабындық.|жайылым.        |       |жатқан  |        |алаптары
тар      |дар    |        |       |жерлер  |        |       |
____________________________________________________________________
   6     |   7   |    8   |   9   |   10   |   11   |   12  |  13
____________________________________________________________________   Оның iшiнде
   суармалы жерлер
   Жер учаскесiнiң қысқаша сипаттамасы (еркiн нысанда берiледi)

          М.О.
________________ _____________жер ресурстарын басқару жөнiндегi   
     (қолы)                      аумақтық органның төрағасы

      Ескерту. 2-қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.07.26. N 1009 қаулысымен .