Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалын дамыту мен ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 26 сәуiрдегi N 557. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002.01.11. N 62 қаулысымен. ~P020062

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Аппаратының құрылымын жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты құрылымында таратылатын Мәдениет және қоғамдық бiрлестiктермен байланыс бөлiмi мен Әлеуметтiк сала бөлiмiнiң негiзiнде Iшкi саясат бөлiмi құрылсын.
      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Аппараты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 13 наурыздағы N 247 қаулысының қосымшасына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      - Қосымша "Iшкi саясат бөлiмi" сөзiмен толықтырылсын, "Мәдениет

және қоғамдық бiрлестiктермен байланыс бөлiмi" және "Әлеуметтiк 
сала бөлiмi" сөздерi алынып тасталсын;
     - "Бұдан басқа" бөлiмiне Қазақстан Республикасы Министрлер 
Кабинетiнiң жанындағы Дiн iстерi жөнiндегi кеңес қосылсын.
     3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiнiң Басшысы
штат кестесiне тиiстi өзгертулер енгiзсiн.


            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi