"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 44-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары бекiтiлсiн.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2016 жылғы 6 қазандағы | |
№ 568 қаулысымен | |
бекітілген |
Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу,
мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 44-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және мынадай нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою тәртібін айқындайды:
1) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
2) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
3) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
4) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының (бұдан әрі – жергілікті органдар) нормативтік құқықтық қаулылары.
2-тарау. Мемлекеттік органдарда нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу және келісу тәртібі
1-параграф. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай деректемелері болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) актiнiң нысанын көрсету: министрдiң бұйрығы, орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы, ведомство басшысының бұйрығы, орталық мемлекеттiк органның қаулысы, мәслихаттың шешiмi, әкiмдiк қаулысы, әкiмнің шешiмi, тексеру комиссиясының қаулысы және осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;
3) нормативтiк құқықтық актiнiң реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жері мен күні;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;
7) Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттiк тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
3. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылатын нормативтiк құқықтық акт мынадай талаптарға сәйкес келуі тиiс:
1) Заңның 35-бабында көрсетілген адамдардың нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау рәсiмiн сақтауы;
2) осы нормативтік құқықтық актіні қабылдауға Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген құзыретінің болуы;
3) егер келiсу қажет болса, нормативтiк құқықтық актiнің келiсілуі;
4) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелерiнiң болуы;
5) негiзгi нормативтiк құқықтық актiде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмiн қамтитын норманың болуы;
6) Заңның 23-бабында көрсетілген нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қойылатын талаптардың сақталуы;
7) Заңның 24-бабында көрсетілген нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнің мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптардың сақталуы;
8) егер нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiнде оларға сiлтеме жасалған болса, қосымшалардың болуы;
9) нормативтiк құқықтық актiнiң барлық парақтарының әрбір бетіне осы актiнi қабылдаған (келiскен) органның заң қызметiнің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Заң қызметi болмаған жағдайда, әрбір парағына осы Қағидалардың 37-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген адамдар қол кояды.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкестігін нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған орталық мемлекеттік органдар, олардың ведомстволары (бұдан әрі – орталық органдар) және жергiлiктi органдар қамтамасыз етедi.
5. Қосымшаларды қоса алғанда, нормативтiк құқықтық актінің негiзгi де, туынды да түрлерiнiң әрбiр бетi тыныс белгiлерiнсiз парақтың үстiңгi жағының ортасынан нөмiрленген болуы тиiс.
Нормативтік құқықтық актінің негізгі түрінің бірінші парағы нөмірленбейді.
Нормативтік құқықтық актінің негізгі және туынды түрі толассыз нөмірленуі тиіс.
6. Тармақтар, тараулар, параграфтар, бөлімдер, бөлімшелер логикалық тізбекпен маңыздылығы бойынша, сондай-ақ мәселені шешу кезеңдерінің хронологиясы ескеріле отырып орналастырылады.
7. Нормативтік құқықтық актінің тармақтары тармақшалардан, бөліктерден және абзацтардан тұруы мүмкін.
8. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбы қабылданып отырған нормативтік құқықтық актіні реттейтін нысананы көрсетуі тиіс.
9. Нормативтік құқықтық актінің тақырыбында және мәтінінде сөздерді буынға бөліп тасымалдауға жол берілмейді.
Нормативтік құқықтық актінің негізгі түріндегі тақырып парақтың сол жақ үстіңгі бөлігінде оң жағынан нормативтік құқықтық актінің мемлекеттік тіркелуі туралы мөртаңбаға ені кемінде 7,5 сантиметр (бұдан әрі – см) және ұзындығы кемінде 4 см орын қалдырыла отырып орналастырылуы тиіс.
10. Нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында актінің нысанына, қабылданған күніне, тіркеу нөміріне және тақырыбына сілтеме қамтылуы тиіс.
Нормативтік құқықтық актіге немесе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында бірінші кезекте "өзгерістер" немесе "өзгеріс" деген сөз көрсетіледі.
11. Нормативтік құқықтық актіні қабылдаудың мақсатын және оның алдында тұрған негiзгi мiндеттерді түсiндiру қажет болған жағдайларда, құқық нормаларын жазудың алдынан кiрiспе бөлiк (кiрiспе) беріледі.
Нормативтік құқықтық актінің кіріспе бөлігінде (кіріспесінде) оны іске асыру үшін осы акт қабылданып отырған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер келтірілуі мүмкін.
12. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары мынадай параметрлер ("doc" немесе "docx" кеңейтілімі бар мәтіндік редакторын қолдану арқылы) ескеріле отырып ресімделеді:
1) сол жақ шет сызығы – 2,5 см, оң жақ шет сызығы – 1,5 см, колонтитулдар – 2,5 см;
2) қаріп – № 14 көлеміндегі "Times New Roman" (қосымшаларда кішірек, бірақ № 10 көлемінен кем болмайтын қаріп қолданылуы мүмкін);
3) жоларалық интервал – біржолдық;
4) абзацтық азат жол (бірінші жолдың азат жолы) – 1,25 см.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері нақты тұжырымдалған және бірыңғай қаріппен, бүлінулерсіз және түзетулерсіз, орфографиялық және грамматикалық қателерсіз басылуы тиіс.
13. Нормативтiк құқықтық актінің мәтiнiнде ерекшеленген әрiптермен жазылатын параграфтардың, тараулардың, кiшi бөлiмдердiң, бөлiмдердiң тақырыбын, атауларын, "БIРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ", "БIРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ (ШЕШIМ)", "ҚАУЛЫ және БҰЙРЫҚ (ШЕШIМ)", "БҰЙЫРАМЫН (МЫЗ)", ("ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ", "ҚАУЛЫ ЕТЕДI (МIЗ)") деген сөздердi, қол қоятын адамның лауазымын, аты-жөнi мен тегiн қоспағанда, жекелеген сөздер мен сөз тiркестерiн бөлiп көрсетуге және олардың астын сызуға жол берiлмейдi.
"БҰЙЫРАМЫН (МЫЗ)", "ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ", "ҚАУЛЫ ЕТЕДI (МIЗ)" деген сөздер бас әрiптермен жазылады және оларды буынға бөліп тасымалдауға жол берiлмейдi.
14. Абзацтарға, бөлімдерге, жолдарға және сөйлемдерге сiлтеме жасаған кезде олардың нөмiрленуi реттiк сан есімдермен (жазумен) белгіленеді.
15. Нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасаған кезде мынадай кезектілікпен осы нормативтік құқықтық актінің нысаны, қабылданған күні, тіркеу нөмірі және тақырыбы көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасаған кезде оның нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
Заңнамалық актілерге сілтеме жасаған кезде Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң не заң күші бар жарлықтарын қоспағанда, олардың тіркелген нөмірлерін көрсету талап етілмейді.
16. Нормативтiк құқықтық актінің мәтiнiнде күнiн белгiлеу кезінде айдың атауы – жазумен, ал жылы толық көрсетiледi, мысалы: "2016 жылғы 6 қаңтар".
17. Нормативтік құқықтық актінің мәтiнінде тиiстi нұсқауларды құқық нормасының мағынасы үшін нұқсан келтiрмей жазу мүмкiн болмаса, нормативтiк құқықтық актінiң құрылымдық элементі ескертпемен толықтырылуы мүмкін.
18. Нормативтiк құқықтық акт парақтарының сырт жағында қандай да бiр жазуларға немесе қол қоюға жол берiлмейдi.
19. Бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылданатын нормативтік құқықтық актілер ресми бланкілерді пайдаланбастан ресімделеді.
20. Шешiмдерi бірлескен қаулылар түрiнде ресiмделетін нормативтiк құқықтық актінi екi немесе одан да көп мемлекеттiк орган қабылдаған жағдайда, актінің нысаны: "БIРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ" деп көрсетiледi.
Шешiмдерi бірлескен бұйрықтар (шешiмдер) түрiнде ресiмделетін нормативтiк құқықтық актілердi екi немесе одан да көп мемлекеттiк орган қабылдаған жағдайларда, актінің нысаны: "БIРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ (ШЕШIМ)" деп көрсетiледi.
Егер бiреуiнiң шешiмi қаулы түрінде, ал екiншiсiнiң шешiмi бұйрық (шешiм) түрінде ресiмделетiн нормативтiк құқықтық актінi екi немесе одан да көп мемлекеттiк орган қабылдаса, актінің нысаны: "БIРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және БҰЙРЫҚ (ШЕШІМ)" деп көрсетiледi.
21. Екi және одан да көп мемлекеттiк орган қабылдаған бiрлескен актінi ресiмдеу кезінде осы органдардың ресми атаулары қазақ тілінде әліпби тәртiбімен орналастырылады.
Осы органдардың орыс тіліндегі ресми атаулары олардың қазақ тіліндегі жазылу тәртібіне сәйкес келуге тиіс.
Егер мемлекеттік органдар атауларының бірінші сөздері бірдей әріптен басталған жағдайда, мемлекеттік орган атауының келесі әрпі ескеріледі.
Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бiрiншi парақтың жоғарғы бөлiгiнiң ортасында орналастырылуы тиiс.
Нормативтік құқықтық актінің қабылданған орны мен күнi, сондай-ақ тiркеу нөмiрi мемлекеттiк органның әрбiр ресми атауының астында орналастырылуы тиiс.
22. Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшыларының не олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқаратын адамдардың қолтаңбалары осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетiлген талаптар ескерiле отырып, негiзгi нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң соңында орналастырылады және елтаңбалық мөрмен куәландырылады.
23. Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзудi, сондай-ақ олардың күшi жойылды деп тануды көздейтiн нормативтiк құқықтық актілерді дайындаған кезде осындай нормативтік құқықтық актілердің қабылданған күнiнен, тіркелген нөмiрiнен, тақырыбынан кейiн жақшаның ішінде сол нормативтiк құқықтық актінің мәтiнiнде мынадай ретпен: нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде тiркелген нөмiрi, алғашқы ресми жарияланған күнi мен ресми жарияланым дереккөзінің атауы көрсетiледi.
24. Жаңа құрылымдық элементтер, сондай-ақ қосымшалар нормативтік құқықтық актінің мәтініне нақ сондай соңғы құрылымдық элементтен кейінгі келесі реттік нөмірлермен немесе нақ сондай құрылымдық элементтер арасына нормативтік құқықтық актінің соңынан келетін сол құрылымдық элементтерінің нөмірлерін қайталайтын қосымша нөмірлермен енгізіледі, мысалы: 2-1, 2-2-тармақтар; 8-1), 8-2) тармақшалар; 5-1-бөлім; 3-1, 3-2, 3-3-қосымшалар.
Егер нормативтік құқықтық акт қосымшамен толықтырылса, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық актіні қосымшамен немесе туынды түрдегі нормативтік құқықтық актімен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгізіледі.
25. Бір ғана нормативтік құқықтық актіге енгізілетін барлық өзгерістер және (немесе) толықтырулар бір тармақпен немесе тармақшамен көзделеді. Өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілер олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ қабылданған (шығарылған) күні бойынша хронологиялық ретпен орналастырылады.
Бір ғана күннің шегінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер олардың тіркеу нөмірлеріне немесе ресми жарияланым дереккөздеріндегі құжаттар нөмірлеріне сәйкес көрсетіледі.
26. Нормативтiк құқықтық актінi қолданыстағының (қолданыстағылардың) орнына қабылдаған кезде соңғысы (соңғылары) осы актімен (толығымен немесе бір бөлігінде) күші жойылды деп танылуы тиіс.
Негізгі нормативтік құқықтық актінің өзі де, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген нормативтік құқықтық актілер де (немесе олардың құрылымдық элементтері) күші жойылды деп тануға жатады.
Күші жойылды деп тануға жататын қандай да бір нормативтік құқықтық актінің немесе оның құрылымдық элементінің редакциясы бірнеше мәрте өзгертілген және (немесе) толықтырылған жағдайда тізбеге негізгі нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген барлық нормативтік құқықтық актілер дербес тармақтар түрінде енгізіледі
27. Үш және одан да көп нормативтік құқықтық актінің немесе олардың құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылған кезде жекелеген қосымшамен ресімделетін тізбе жасалады.
28. Нормативтік құқықтық актінің қабылдануына байланысты күші жойылды деп танылуға жататын нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың құрылымдық элементтерінің тізбесі нормативтік құқықтық актінің өзінде немесе оны қолданысқа енгізу тәртібі туралы актіде қамтылуы тиіс.
29. Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша үлкен бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге өзінің заңдық күшін сақтайтын құрылымдық элементтер туралы ескертпе жасалып, бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша кіші бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін не онда қамтылатын құрылымдық элементтер ғана енгізіледі.
Мұндай жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі Заңның 26-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
30. Қолданылу мерзімі өткен нормативтік құқықтық актілер және нормативтік құқықтық актілердің құрылымдық элементтері күші жойылды деп танылуға жатпайды.
Нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп танылуға жататын құқық нормалары қамтылған жағдайда, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
31. Нормативтiк құқықтық актінің құрылымына қосымшалар енгізілуі мүмкін.
Егер нормативтiк құқықтық актіде қосымшаларға сiлтемелер болса, онда нормативтiк құқықтық актіге бiр қосымша болатын жағдайларды қоспағанда, акт мәтiнiнде қосымшалардың аталуы тәртiбiмен берiлетін қосымшалардың нөмiрлерi көрсетiледi.
Бұл ретте қосымшаға жасалған сілтеме қосымшаның өз атауына сәйкес келуге тиіс.
32. Қажет болғанда нормативтік құқықтық актіге графиктер, кестелер, схемалар, карталар, тізбелер және басқа да қосымша құжаттар жекелеген қосымшалармен ресімделеді.
33. Туынды нормативтiк құқықтық актінің не негізгі нормативтік құқықтық актінің қосымшасының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес қосымшаны бекіткен нормативтік құқықтық актіге, актінің қабылданған күні және оның тіркеу нөміріне сілтеме қамтылуы тиіс.
Егер негізгі нормативтік құқықтық актіге екі және одан көп қосымша болған жағдайда, әрбір қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында оның реттік нөмірі, сондай-ақ қосымшаны бекіткен нормативтік құқықтық акт, актіні қабылдау күні және оның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
2-параграф. Нормативтiк құқықтық актілерді келiсу
34. Нормативтiк құқықтық актінің жобасын мүдделi мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу олардың құзыретiне орай жүзеге асырылады, бұл ретте нормативтiк құқықтық актінің жобасын келiсудегi осындай мүдделiлiк қаралатын мәселелердiң нысанасын негізге ала отырып белгiленедi.
35. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу тәртібі Заңның 21-бабының 7-тармағына сәйкес Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларымен айқындалады.
36. Жоба мемлекеттік органдардың интранет-порталы арқылы келісілгеннен кейін қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актінің түпнұсқасында түпкілікті келісу келісуші мемлекеттік органның бірінші басшысының не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адамның бұрыштамасымен ресімделеді, оған мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін уақытша атқару туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі және мөрмен куәландырылады.
Бұрыштама мемлекеттiк орган басшысының не ол болмаған жағдайда, бірінші басшысының мiндетiн атқарушы адамның лауазымының атауын, қол қоюшының жеке қолтаңбасын, қолтаңбасының толық жазылуын, күнi мен елтаңбалық мөрді қамтиды.
Келiсу белгісі нормативтiк құқықтық актінің негiзгi түрiнiң соңғы парағының астыңғы сол жақ бұрышына орналасады және "КЕЛIСIЛДI" деген сөзден тұрады.
Нормативтiк құқықтық акт екi немесе одан да көп мемлекеттiк органда келiсілген кезде, келiсу белгілері ұйымдардың ресми атауларының қазақ тіліндегі әліпби тәртiбімен орналастырылады.
Бұл органдардың орыс тіліндегі ресми атаулары олардың қазақ тіліндегі жазылу тәртібіне сәйкес келуге тиіс.
Егер мемлекеттік органдар атауларының бірінші сөздері бірдей әріптен басталған жағдайда, мемлекеттік орган атауының келесі әрпі ескеріледі.
37. Келісуге жіберген мемлекеттік органның және келісуші мемлекеттік органның заң қызметтерінің басшылары, заң қызметінің басшысы болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам келісілген нормативтік құқықтық акті төлнұсқасының әрбір парағына қол қояды.
Келісуші мемлекеттік органда заң қызметі болмаған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні келісуге жауапты болып айқындалған тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы, ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам әрбір парағына қол қояды.
Жергiлiктi органда заң қызметі болмаған жағдайда, осы органда заңгер функциясын атқаратын адам, не мемлекеттік органның бірінші басшысы, не ол болмаған жағдайда, оның міндетін атқарушы адам әрбір парағына қол қояды.
38. Бiрлесiп қабылданған не басқа мемлекеттiк органдармен келiсiлген нормативтiк құқықтық актінi ұсынған кезде, әзiрлеушi мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актінің негiзгi де, туынды да түрiнiң бiрiншi парағында әрбiр қолтаңбаның тұсына мемлекеттiк органның аббревиатурасын жақшада қарындашпен жазу жолымен әрбір бетке қойылған қолдардың тиесiлігін көрсетедi.
2-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу
және олардың күшін жою тәртібі
1-параграф. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеуге ұсыну тәртiбi
39. Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынылады.
Алқалы органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне ұсыну мерзімі осы актіні қабылдаған алқалы органның отырысы өткен күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен аспайтын мерзімді құрайды.
Нормативтiк құқықтық акт мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсiлген жағдайда, көрсетілген акт мемлекеттiк тiркеуге мүдделi мемлекеттiк органдардың соңғысы келiскен күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде ұсынылады.
40. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актілер осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетілген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік тіркеуге ұсынады.
Заңның 44-бабының 2-тармағында көрсетілген актілерді қоспағанда, мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтiк құқықтық актілерге енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жатады.
41. Нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеу үшін мынадай құжаттар:
1) ілеспе хат;
2) нормативтік құқықтық актінің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқасы екі көшірмесімен баспа және электрондық түрде ұсынылады.
Нормативтік құқықтық актіні бірнеше мемлекеттік орган қабылдаған жағдайда, онда осы актіні ұсынған мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органдардың санына қарай нормативтік құқықтық актілердің қазақ және орыс тілдеріндегі төлнұсқаларын қосымша ұсынады;
3) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгiлеген нысан бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде анықтама-негiздеме;
4) нормативтiк құқықтық акт жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысының көшiрмелерi;
5) нормативтік құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын жағдайда қоғамдық кеңес ұсынымдарының көшiрмесi;
6) нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін жағдайда енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі;
7) нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін атқарушы адам қол қойған жағдайда тиісті міндеттемелерді жүктеу туралы құжаттың көшірмесі;
8) жүргiзiлуi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерінде көзделген тиiстi сараптамалық қорытындылардың көшiрмесi ұсынылады.
42. Қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге осы актiнi шығарған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда органның заң қызметі басшысының мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiні ұсынған жағдайда, қоса берiлетiн анықтама-негiздемеге оны мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органның заң қызметiнiң басшысы, ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Мемлекеттiк органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы нормативтiк құқықтық актiнi әзiрлеген тиiстi құрылымдық бөлiмшенің басшысы, ол болмаған жағдайда тиісті құрылымдық бөлімше басшысының мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
Жергiлiктi органда заң қызметi болмаған жағдайда, анықтама-негiздемеге осы актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органда заңгер функциясын орындайтын адам не жергiлiктi органның бiрiншi басшысы, ол болмаған жағдайда жергілікті органның бірінші басшысының мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
43. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы сараптамалық қорытындыны, сондай-ақ Қоғамдық кеңес ұсыныстарды мемлекеттік орган белгілеген уақытта бермеген жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертулерсіз келісілген болып есептеледі.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптамалық қорытынды ұсыну үшін әзірлеуші орган белгілейтін мерзім жоба жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кем болмауы керек.
44. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған орган Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және (немесе) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің ұсынымдарымен келiспеген жағдайда нормативтiк құқықтық актiге келiспеу себептерiнің негiздемелері бар хатты (жауапты) қоса береді.
45. Орталық органдардың нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуді - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілерін тіркеуді аумақтық әділет органдары құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде жүзеге асырады.
Бірлескен нормативтік құқықтық актілерді бірлесіп қабылдаған орталық органдар, олардың ведомстволары немесе жергілікті органдар оларды күшін жойды деп таниды не тоқтата тұрады.
Осы тәртіп өзге де мемлекеттік органдармен келісу бойынша қабылданған актілерге де қолданылады.
Ескерту. 45-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 24.08.2017 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.46. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 24.08.2017 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
47. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу рәсімі:
1) актіде құқық нормасының болуы тұрғысынан заң сараптамасын жүргізуді және оны мемлекеттік тіркеудің қажеттігі туралы шешім қабылдауды, нормативтік құқықтық актінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін айқындауды;
2) орталық органның нормативтiк құқықтық актiсін мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындысын – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң немесе оның орынбасарының, жергiлiктi органдікін – аумақтық әділет органы басшысының бекiтуін;
3) нормативтiк құқықтық актiні оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрiн бере отырып, нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне енгiзуді қамтиды.
Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн жүргiзудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары жүзеге асырады;
4) негiзгi нормативтiк құқықтық актiнiң және оның екі көшірмесінің бiрiншi парағының жоғарғы оң жақ бұрышында нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртаңба қоюды қамтиды.
Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының және мөртаңбаның нысандарын, сондай-ақ нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтедi;
5) тіркелген нормативтік құқықтық актіні:
нормативтік құқықтық актіні табыс еткен органға төлнұсқасын;
нормативтік құқықтық актінің бір көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мемлекеттік кәсіпорынға (бұдан әрі – мемлекеттік кәсіпорын) жіберуді қамтиды;
нормативтік құқықтық актінің екінші көшірмесі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында сақталуға қалдырылады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр жiберiлетiн данасына нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытынды қоса берiледi (егер нормативтiк құқықтық акт азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты болса, қорытындыда оны ресми жариялау қажеттiгi көрсетiледi).
2-параграф. Нормативтiк құқықтық актiлердi қайтару, пысықтау үшін қайтарып алу және мемлекеттiк тiркеуден бас тарту тәртiбi
48. Нормативтік құқықтық акт мынадай жағдайларда:
1) негізгі нормативтік құқықтық актіде осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген деректемелердің бiрi болмаса;
2) осы Қағидалардың 41-тармағында көрсетілген құжаттар болмаса, әзірлеуші мемлекеттік органға екі жұмыс күні ішінде қаралмай қайтарылады.
Мұндай жағдайда орталық немесе жергiлiктi орган анықтаған бұзушылықтарды жояды және осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетiлген мерзiм сақталған жағдайда оны қайта қабылдамастан, мемлекеттiк тiркеуге қайтадан ұсынады.
49. Мемлекеттiк тiркеуге ұсынылған нормативтiк құқықтық акт пысықтау мақсатында әзiрлеушi мемлекеттiк органның өз бастамасымен мемлекеттiк тiркеуден қайтарып алынуы мүмкiн.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден қайтару қайтарып алу туралы тиісті хат келіп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
Қайтарып алу туралы хатты алған күннен бастап күнтiзбелiк он бес күн iшiнде орталық немесе жергiлiктi органның басшысы не ол болмаған жағдайда оның мiндетiн атқарушы адам нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы акт қабылдайды және оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына жiбередi.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы орталық немесе жергiлiктi орган нормативтiк құқықтық актіні пысықтайтын және осы Қағидалардың 39-тармағында көрсетiлген мерзiм сақталған жағдайда, оны қайта қабылдамастан мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынатын жағдайларға қолданылмайды.
50. Егер нормативтiк құқықтық актiлер:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірсе;
2) заңды тұлғалардың заңды мүдделерiн бұзса;
3) жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
4) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған орган құзыретiнiң шегiнен тыс болса;
5) мүдделi органдармен келiсiлмесе;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және Заңның 19-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындыларынсыз қабылданса;
7) Заңның 20-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты болса және Қоғамдық кеңестің ұсынымдарынсыз қабылданса;
8) осы Қағидалар бұзыла отырып қабылданса, мұндай актiлердi мемлекеттiк тiркеуден бас тартылады.
Осы Қағидалардың 45 және 46-тармақтарында белгіленген мерзімде нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы хатта бас тарту негізі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден бас тартылған жағдайда нормативтік құқықтық актінің бір данасы (көшірмесі) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде немесе оның аумақтық органдарында қалады.
Мүдделi мемлекеттiк орган нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасай алады.
51. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуден бас тарту туралы хатты алған күннен бастап он бес күнтiзбелiк күн iшiнде орталық немесе жергiлiктi органның басшысы не ол болмаған жағдайда, оның мiндетiн атқарушы адам тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы тиiстi акт шығарады және оның көшiрмесiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына жiбередi.
Осы тәртiп алқалы түрде шешiм қабылдайтын орталық органдарға және кезектi (кезектен тыс) отырыста немесе сессияда бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою туралы актiнi ұсынатын мәслихатқа қолданылмайды.
Егер нормативтiк құқықтық акт бiрлесіп қабылданса және оны тiркеуден бас тартылған болса, онда мемлекеттiк органдардың басшылары не олар болмаған жағдайда, олардың мiндеттерiн атқарушы адамдар нормативтiк құқықтық актiнiң күшін жою туралы бiрлескен акт шығарады.
52. Тiркеуден бас тартылған нормативтiк құқықтық акт мемлекеттiк тiркеуге қайта ұсынылған жағдайда, ол тиiстi орталық немесе жергiлiктi органның қайта қабылдауына жатады және осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен және мерзiмде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне немесе оның аумақтық органдарына ұсынылады.
Бұл ретте Заңның 19-бабы 1-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің қайталама сараптамалық қорытындыларының көшiрмелерi қоса берiледi.
Заңның 20-бабы 2-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актіге қоғамдық кеңестің қайталама ұсынымдарының көшірмелері қоса беріледі.
3-параграф. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеудің күшін жою тәртiбi
53. Әділет органдарында тіркелген нормативтік құқықтық актіде Заңның 44-бабы 3-тармағының 1) – 4) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды анықтаған кезде әділет органдары қолданыстағы заңнамада көзделген өкілеттіктеріне сәйкес тиісті нормативтік құқықтық актіні қабылдаған мемлекеттік органды бұзушылықтарды жою қажеттілігі туралы жазбаша хабардар етеді.
Әділет органдары хабарламада белгілейтін мерзім оның мемлекеттік органға келіп түскен кезінен бастап он жұмыс күнінен кем болмауға тиіс.
Мемлекеттік орган хабарламада көрсетілген мерзім ішінде әділет органдарына тиісті құжаттарды қоса бере отырып, қабылданған шаралар туралы жазбаша хабарлайды.
Хабарламада көрсетілген мерзімде мемлекеттік орган нормативтiк құқықтық актiні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдамаған жағдайда, әділет органдары он жұмыс күні ішінде тиісті қорытынды шығарады және сотқа осындай нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеудің күшін жою туралы өтініш жасайды.
54. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеудің күшін жою туралы қорытындының нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі бекiтедi.
55. Нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеудің күшін жою туралы сот шешімі күшіне енгеннен кейін әділет органдары сот шешімін алған кезден бастап үш жұмыс күні iшiнде:
1) нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеудің күшін жою туралы жазбаны нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiне енгiзеді;
2) нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеудің күшін жою туралы мәліметтерді ресми жариялау үшін мемлекеттік кәсіпорынға жібереді.
56. Мемлекеттiк тiркелуінің күші жойылған нормативтiк құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қайтадан ұсынылады.
57. Мемлекеттiк тiркелуінің күші жойылған нормативтiк құқықтық акт қолдануға жатпайды.
Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін | |
жою қағидаларына | |
қосымша |
№ 1 үлгі
"20 __ жылғы __ №__ нормативтік құқықтық актіге 1, 2,... - қосымша" |
№ 2 үлгі
"20__ жылғы __________ № ____ негізгі нормативтiк құқықтық актімен бекiтiлген" |
№ 3 үлгі
"Туынды нормативтiк құқықтық актіге 1, 2,... - қосымша" |
№ 4 үлгі
"20__ жылғы __________ № ____ негізгі нормативтiк құқықтық актіге 1, 2,... – қосымша Нысан" немесе "Туынды нормативтiк құқықтық актіге 1, 2,... – қосымша Нысан" |
Туынды нормативтiк құқықтық актінің не негізгі нормативтік құқықтық актінің қосымшасының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында қосымшаны бекіткен нормативтік құқықтық акт, актіні қабылдау күні және оның тіркеу нөмірі көрсетілуге тиіс.
Егер негізгі нормативтік құқықтық актіге екі және одан көп қосымша болған жағдайда, әрбір қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышында оның реттік нөмірі, сондай-ақ қосымшаны бекіткен нормативтік құқықтық акт, актіні қабылдау күні және оның тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Егер негізгі нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде "1, 2, ... - қосымшаға сәйкес" не "1, 2, ... - қосымша" деген қосымша көрсетілсе, онда қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы № 1 үлгі бойынша ресімделеді.
Егер негізгі нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде "(Қоса берiлiп отырған) ереже,... нұсқаулық... бекiтiлсiн" деп көрсетілсе, онда туынды нормативтік құқықтық актінің бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы № 2 үлгі бойынша ресімделеді.
Егер негізгі актімен бекiтiлетiн туынды актінің құрылымдық элементінде қосымша көрсетілсе, онда осы қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы № 3 үлгі бойынша ресімделеді.
Егер негізгі немесе туынды нормативтiк құқықтық актінiң құрылымдық элементінде "1, 2,... - қосымшаға сәйкес нысан бойынша" деп қосымша көрсетілсе, онда қосымшаның бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышы № 4 үлгі бойынша ресімделеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 268 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Нормативтiк құқықтық актілерді ресiмдеу және келiсу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 30,326-құжат).
2. "Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 30,330-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 217 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 9, 105-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 938 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 38, 436-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 қазандағы № 999 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 41, 470-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 қыркүйектегі № 1370 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 38, 376-құжат).
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1719 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 46, 439-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 1347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 60-құжат).
9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 1067 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 767-құжат).
10. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 333 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 2, 3-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 24, 389-құжат).
11. "Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының, ведомстволар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 қазандағы № 1124 қаулысының 4-тармағының 1), 2) тармақшалары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 62, 839-құжат).
12. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 63, 860-құжат).
13. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 1401 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және "Заң шығару қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 2 ақпандағы № 15-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8, 9-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 83-84, 722-құжат).
14. "Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 157 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 15, 87-құжат).
15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 24-25, 149-құжат).
16. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1088 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 545-құжат).
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1119 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.