Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 06.10.2016 № 568 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы N 778 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 30, 330-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесінде:
15-тармақтың бірінші абзацы "келісілмесе;" деген сөзден кейін "жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғаса және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері ұсынған сараптамалық қорытындылар түрінде қосымшалары болмаса;" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |