Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының даму стратегиясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 622 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясында:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 149 бұйрығымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму стратегияларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған ӘКК-нің даму тұжырымдамасына (бұдан әрі – Тұжырымдама) сәйкес әзірленді.»;
бесінші бөлік мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығының;»;
11) тармақшадағы «№ 1145 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.» деген сөздер «№ 1145 қаулысының;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:
«12) «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысының;
13) «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысының;
14) «2015 - 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысының;
15) «Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысының;
16) «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, «Бизнестің жол картасы 2020» іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.»;
«1. Ағымдағы жағдайды талдау» деген бөлімде:
«Ұйымдық қалыптасуы» деген кіші бөлімде:
алтыншы бөлік мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ИИДМБ);»;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы;
2-2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 1418 қаулысымен бекітілген 2015 – 2019 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасы;»;
«Стратегиялық дамудағы шектеулер мен мүмкіндіктер» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы және оныншы бөліктермен толықтырылсын:
«Бірінші бесжылдықта 31 млрд. теңгеден асатын 32 жоба іске асырылды, оның ішінде 21 – жаңа өндіріс, бір жарым мыңдай жұмыс орны ашылды.
Осының нәтижесінде 2014 жылдың өзінде-ақ өнеркәсіптің 3,5 %-ға (150-ден 160 млрд. теңгеге дейін), өңдеуші өнеркәсіптің 3,4 %-ға 115-тен 120 млрд. теңгеге дейін, инвестицияның 8,7 %-ға (101-ден 115 млрд. теңгеге дейін), бұл ретте шетелдік инвестицияның 5,9 %-ға (79,6-дан 512 млрд. теңгеге дейін) өсуіне қол жеткізілді.
Бірінші бесжылдықта инвестициялар 2,2 есе (51-ден 115 млрд. теңгеге дейін), инновациялық белсенділіктің деңгейі 4 есе (2,6 %-дан 11 %-ға дейін), еңбек өнімділігі 1,7 есе (12 мыңнан 22 мың АҚШ долларына дейін) өсті.
2010 – 2014 жылдары және 2015 жылдың 5 айында облыстың іске қосылған жобалары 66,4 млрд. теңге сомаға өнім өндірді.
«Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 874 Жарлығын және «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 1159 қаулысын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 164 қаулысымен облыстың 2015 – 2019 жылдарға арналған индустрияландыру картасына өзгерістер енгізілді. Облыстың көрсетілген Индустрияландыру картасына инвестицияның жалпы көлемі 13430,9 млн. теңге болатын 39 жоба енгізілді. Құрылыс кезеңінде – 1027, пайдалану кезеңінде – 1041 жұмыс орны жоспарланған.»;
«3. ӘКК қызметінің стратегиялық бағыттары» деген бөлімде:
«Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ)» деген кіші бөлімде:
«Коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру» деген 1-ҚСБ-да:
екінші бөлік мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) АӨК субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.»;
мынадай мазмұндағы 5-мақсатпен толықтырылсын:
«5-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру.
Осы қызмет ӘКК-де бар жобаларды іске асырудың әртүрлі тетіктерін пайдалану арқылы, сондай-ақ дамудың басқа институттарының мүмкіндіктері мен құралдарын пайдалану арқылы да жүзеге асырылады.
Міндеттері:
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу жоспарланып отыр:
1. Қаражатты инвестициялау кезінде тәуекелдерді анықтау және олардың деңгейін төмендету.
2. АӨК субъектілерімен өзара іс-қимыл аясын кеңейту.
Іс-шаралар:
1) жеке капиталды, банктерді, ірі компанияларды тарту;
2) ӘКК-ге мақсатты қаржылық көмек алу үшін жүгінген АӨК субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу;
3) бар қаржы құралдарына талдау жүргізу, қаржыландырудың өзге көздері мен тетіктерін іздестіру.
Қызметтің түйінді көрсеткіші:
ӘКК-нің жарғылық капиталға қатысуымен немесе оның қаржылық қолдауымен іске асыру арқылы өңірдің ауыл шаруашылығына тартылған жеке инвестициялардың көлемі.
Күтілетін нәтижелер:
№ 5 мақсатқа қол жеткізу нәтижесінде өңірдің ауыл шаруашылы өнімін өндірушілер (ӘКК-де бос қаржы құралдары болса) ӘКК-ден қосымша қаржылық қолдау алады.
«4. Стратегияны іске асыру тетігі» деген бөлімде:
«Стратегияны іске асыру кезеңдері» деген кіші бөлім мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
«ӘКК-нің тиімді жұмыс істеуі мақсатында қызметтің стратегиялық бағыттары шеңберінде 1-қосымшада ықтимал қатерлерді, тәуекелдің және оның зардаптарының сипаттамасын, осы тәуекелдің алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және ол туындаған жағдайда компанияның іс-қимылын білдіретін тәуекелді басқару жүйесі көзделеді.»;
көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы 5-мақсатпен толықтырылсын:
«
5-мақсат. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру |
|||||||||||
1 |
ӘКК-нің жарғылық капиталға қатысуымен немесе оның қаржылық қолдауымен іске асыру арқылы өңірдің ауыл шаруашылығына тартылған жеке инвестициялардың көлемі, млн. теңге |
00 |
00 |
100 |
150 |
200 |
250 |
300 |
350 |
400 |
450 |
»;
көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 28 наурыздағы
№ 160 қаулысына
қосымша
«Солтүстік» әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорациясы»
ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға
арналған даму
стратегиясына
1-қосымша
«Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын іске асыруға арналған стратегиялық бағыттардың шеңберіндегі стратегиялық тәуекелдер
Р/с |
Стратегиялық бағыттарға қол жеткізу үшін тәуекелдер немесе қатерлер |
Тәуекелдің туындауының ықтимал себептері (факторлары) |
Тәуекелді іске асырудан болуы мүмкін зардаптардың сипаттамасы |
Алдын алу шаралары |
1 |
№ 1 қызметтің стратегиялық бағытына қол жеткізбеу тәуекелі: коммерциялық қызметтің нәтижелілігін арттыру |
|||
1) |
Сыртқы тәуекелдер |
|||
Әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс: |
еліміздегі экономикалық ахуалдың күрт өзгеруі, табыстың төмендеуінен контрагенттердің өз міндеттемелерінің шарттарын сақтамауы; контрагенттердің дефолты салдарынан ӘКК-нің қаржылық шығын тәуекелі; әлемдік экономиканың өзгеруі; |
Қаржылық тәуекелдің іске асуынан табыс және капиталды жоғалту түрінде қолайсыз қаржылық салдардың туындауының жоғары ықтималдығы күтіледі. |
Әлемдік қаржылық дағдарыс басталған жағдайда, мынадай баламалы іс-шаралар іске асырылады: |
|
2) |
Ішкі тәуекелдер |
|||
Қаржылық тәуекел, оның ішінде: |
Дебиторлық берешектің өсуі, ағымдағы шығыстардың өсуі, шығынның бар болуы, жарғылық капиталдың азаюы, штатты қысқарту арқылы шығыстарды оңтайландыру. |
Баламалы іс-шараларды іске асыру: |
||
2 |
№ 2 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі: |
|||
1) |
Сыртқы тәуекелдер |
|||
сыртқы нарықтағы бәсекелестік: |
Шетелдік және отандық инновациялық технологиялар мен жабдықтарды пайдалану арқылы шығарылған өнім тауар өткізу нарығында тез өтетін өнімнің мәртебесін ала алмайды. Инновациялық техникалық сипаттамаларымен танысу үшін уақыт кезеңі талап етіледі. |
Уақтылы және толық көлемде өткізудің болмауы, шығынның болуы, жарнама және өткізу шығыстарының артуы |
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралар: |
|
2) |
Ішкі тәуекелдер |
|||
инновациялық тәуекел, коммерциялық тәуекел (елдің ішінде) |
Инновациялық тәуекел инновациялық идеяларды тұжырымдаудан бастап нарықта іске асырылғанға дейін инновациялық саладағы белгісіздікке байланысты. |
Бұл жағдайда инновациялық қызмет объектілерін жасау, игеру және тарату процесінде қолайсыз салдардың туындау ықтималдығы пайда болады. |
Тәуекелді басқару жөніндегі баламалы іс-шаралар: |
|
3 |
№ 3 стратегиялық бағытқа қол жеткізбеу тәуекелі: |
|||
1) |
Сыртқы тәуекелдер |
|||
ӘКК-де талап етілетін мамандықтар бойынша «Болашақ» бағдарламасының және шетелдік жоғары оқу орындары түлектерінің болмауы тәуекелі |
Аталмыш білімі бар мамандар кейін өз білімінің құнын төлеу мақсатында еңбекақысының деңгейі әлдеқайда жоғары болатын ұлттық компанияларды таңдайды. |
Аталған мамандардың білімін инновациялық жобаларда қолданбау. |
Іс-шаралар: |
|
2) |
Ішкі тәуекелдер |
|||
ӘКК үшін корпоративтік рейтингін айқындау кезінде төмен баға алу тәуекелі ӘКК-ден білікті кадрлардың кету тәуекелі |
Әртүрлі агенттіктерде корпоративтік рейтингті айқындауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар әртүрлі. |
Анағұрлым жоғары бағамен қайта рейтинг алу жөніндегі шығыстарды арттыру. |
Тәуекелді басқару жөніндегі іс-шаралар: |