Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ 622 қаулысына     
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 1, 17-құжат).
      2. «Теңiз портының мiндеттi түрде көрсететiн қызметтерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 24 ақпандағы № 193 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 98-құжат).
      3. «Теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру ережесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 ақпандағы № 207 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 9, 104-құжат).
      4. «Қазақстан Республикасының теңiз көлiгінде экспедиторлық қызметті жүзеге асыру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 7 қазандағы № 1033 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 431-құжат).
      5. «Магистральдық теміржол желісін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 218-құжат).
      6. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 наурыздағы № 278 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 13, 149-құжат).
      7. «Порттың мiндеттi қызмет көрсетулерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 13 мамырдағы № 451 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 21, 249-құжат).
      8. «Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 қыркүйектегі № 910 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 34, 469-құжат).
      9. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 28 қазандағы № 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 38, 547-құжат).
      10. «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 16 маусымдағы № 913 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 271-құжат).
      11. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
      12. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 39, 474-құжат).
      13. «Мемлекеттік көліктік бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 624 қаулысы.
      14. «Қазақстан Республикасының теңiз көлiгi кемелерiндегi қызмет жарғысын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 20 маусымдағы № 675 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 42, 547-құжат).
      15. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 43, 573-құжат).
      16. «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарын беру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 46, 620-құжат).
      17. «Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 631-құжат).
      18. «Ішкі су жолдарында жүзу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 шілдедегі № 845 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 660-құжат).
      19. «Кемелердiң портқа кiру және порттан шығу, кемелердiң порт акваториясы мен порттағы тұрақ шегiнде жүзуi қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 22 шiлдедегi № 847 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 49, 662-құжат).
      20. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 703-құжат).
      21. «Кемелердегі, оның ішінде ішкі су жолдарындағы шағын көлемді кемелердегі көлік оқиғаларын тергеуді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 944 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 52, 721-құжат).
      22. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 қарашадағы № 1350 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 3, 54-құжат).
      23. «Қазақстан Республикасы iшкi су жолдарының жағалау белдеуiн пайдалану ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 қыркүйектегi № 910 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1434 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 5, 98-құжат).
      24. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 1647 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 12, 228-құжат).
      25. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу және оның нормаларының қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 509 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 45, 602-құжат).
      26. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1027 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 65, 924-құжат).
      27. «Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына және экипаждың басқа да мүшелеріне диплом беру және аттестаттау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгерістер енгізу» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 1586 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 3, 59-құжат).
      28. «Шағын өлшемді кемелерді және олар тоқтайтын базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 798 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 желтоқсандағы № 1616 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 72-құжат).
      29. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 507 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 34, 505-құжат).
      30. «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 маусымдағы № 612 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерістердің 1 және 2-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 38, 555-құжат).
      31. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау бойынша біліктілік комиссиялары туралы ережені және Кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және аттестаттау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 тамыздағы № 915 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 976 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 764-құжат).
      32. «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1314 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 929-құжат).
      33. «Ішкі су көлігіндегі кеме құжаттарының нысандарын, оларды беру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 шілдедегі № 781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 желтоқсандағы № 1315 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 930-құжат).
      34. «Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес теңіз көлігі мамандарын даярлау куәліктерінің тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 1391 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 73, 967-құжат).
      35. «Магистральдық темір жол желісін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 сәуірдегі № 424 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1515 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 78, 1031-құжат).
      36. «Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және жүргізу қағидасын, механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізудің кезеңділігін, сондай-ақ техникалық байқаудың диагностикалық картасының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 мамырдағы № 523 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1532 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 1043-құжат).
      37. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сауда мақсатында теңізде жүзу, ұйымдарды және сынақ зертханаларын куәландыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 14, 120-құжат).
      38. «Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 716 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 наурыздағы № 230 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 21, 153-құжат).