Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қарашадағы № 1473 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысы;
      2) «Нысаналы даму трансферттерін бөлу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 мамырдағы № 595 қаулысы.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 21 қарашадағы
№ 1473 қаулысымен  
бекітілген     

Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 46-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленді және жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу тәртібін айқындайды.
      2. Нысаналы даму трансферттерi жергiлiктi бюджеттiк даму бағдарламаларын iске асыру үшiн республикалық немесе облыстық бюджеттерде бекiтiлген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджеттер төмен тұрған бюджеттерге беретiн трансферттер болып табылады.

2. Нысаналы даму трансферттерін қарау тәртібі

      3. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізу кезінде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.
      4. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2010 жылғы 22 шілдедегі № 126 бұйрығымен бекітілген қаржы-экономикалық негіздеменің мазмұнына, оны әзірлеу тәртібі мен мерзіміне, сондай-ақ заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестицияларды іріктеу тәртібінің талаптары белгіленген тәртіппен бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде жергілікті бюджеттік инвестициялар (бұдан әрі – ЖБИ) тізбесін әзірлеп қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органға жібереді.
      5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган:
      1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ЖБИ тізбелерін бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде қарайды;
      2) бюджеттік инвестициялар (объектілер) бөлінісінде экономикалық қорытынды дайындайды және ЖБИ тізбесін жасайды.
      ЖБИ тізбесін жасау кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен бірлесіп, ЖБИ-ді қаржыландыру көздерін айқындайды.
      Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасына, өңірлердің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына сәйкес келетін ЖБИ іске асырылады.
      Нысаналы даму трансферттері мыналарға:
      1) білім беру объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға; білім беру объектiлерiне қажеттілікті айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi маңызы бар білім берудің басым объектiлерiн;
      2) денсаулық сақтау объектiлерiн салуға және қайта жаңартуға; денсаулық сақтау объектiлерiне қажеттілікті айқындау және басым инвестициялық жобалардың тiзбесiн қалыптастыру әдiстемесiне сәйкес жергiлiктi маңызы бар денсаулық сақтаудың басым объектiлерiн;
      3) медициналық-әлеуметтік мекемелер: психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелер, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарын;
      4) газды бөлудің автоматтандырылған станцияларын сала отырып, магистральді газ құбырларынан жоғары қысымды газ өткізу-бұру және кент аралық келтіруші газ құбырларынан жоғары қысымды газ құбырларын;
      5) Мемлекеттік (салалық) бағдарлама бойынша жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді;
      6) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін;
      7) қалалар мен ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін;
      8) халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан инженерлік қорғау объектілерін;
      9) аудандық, облыстық маңызы бар және Астана мен Алматы қалаларының мәдениет, спорт және туризм, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, орман, балық шаруашылығы, коммуналдық, су шаруашылығы, көліктік, инженерлік-коммуникациялық, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым, жылу-энергетикалық жүйе, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін салуға, қайта жаңартуға және сатып алуға бөлінеді.
      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы нысаналы даму трансферттерінің сомаларын айқындау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 наурызынан кешіктірмей тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға:
      1) объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесі және олар бойынша шығыстар сомалары көрсетілген өтінімді;
      2) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап ететін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) техникалық-экономикалық негіздемені;
      3) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысымен (бар болған жағдайда) жобалық-сметалық құжаттаманы;
      4) ТЭН-ге немесе ЖСҚ-ға мемлекеттік органның – бағдарламалар әкімшісінің немесе сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығын (бар болған жағдайда);
      5) техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсынысты;
      6) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттiк инвестициялардың қаржылық-экономикалық негiздемесiн;
      7) бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша экономикалық қорытындылар және заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы іске асыру жоспарланған бюджеттік инвестициялар бойынша экономикалық қорытындылар, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органының экономикалық қорытындыларын, инвестициялық ұсыныстарға экономикалық қорытындыларды;
      8) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті есебінен қаржыландырылатын тиісті жергілікті атқарушы органның салалық қорытындысын ұсынады.
      7. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы орган:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде тиісті саланы дамытудың басымдығын;
      2) өңірдің орналасқан жерін және халқының тығыздығын;
      3) өңірдегі халықтың сырқаттану және өлім-жітім деңгейін (денсаулық сақтау объектілерін салу үшін);
      4) авариялық жай-күйде тұрған объектілердің проблемаларын шешуді;
      5) денсаулық сақтау объектілерінің жай-күйін (үй-жайлардың жеткілікті жиынтығының болмауы, ұйымның іс жүзіндегі қуатының жоспарланғанмен сәйкес келмеуі);
      6) қолданыстағы желіні денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары желісінің бекітілген нормативіне сәйкес келтіруді (денсаулық сақтау және білім беру объектілерін салу үшін);
      7) мемлекет кепілдік берген арнайы әлеуметтік қызметтердің жоспарланған көлемдерін;
      8) мүгедектердің санын, нозология (ауру) түрлері бойынша мүгедектік құрылымын, өңірлер бойынша мүгедектік ауырлығының деңгейін;
      9) қарттар мен мүгедектердің, оның ішінде жекелеген аурулар бойынша болжамды санын;
      10) әлеуметтік қызмет көрсету объектілерінде орынның тапшылығын қысқартуды;
      11) меншік нысанына қарамастан, тиісті сала ұйымдарының жұмыс істейтін желілерінің болуын (қуаты, іс жүзіндегі жүктеме және олардың техникалық жай-күйі);
      12) әлеуметтік қызмет көрсетудің заманауи нысандарын енгізу үшін инфрақұрылымды дамытуды (құруды);
      13) сумен тұрақты қамтамасыз ету және суды пайдаланудың тиімді деңгейі бойынша жағдай жасау үшін ауыз сумен қамтамасыз ету объектілері жағдайын;
      14) ЖБИ-ні іске асыруға жер учаскелерін бөлу туралы тиісті әкімдік шешімінің болуын;
      15) ЖБИ-ні іске асыруға жергілікті бюджетте қаражаттың болуын;
      16) өткен қаржы жылы бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша нәтижелер туралы келісімдерде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуін;
      17) экономиканың аралас салаларына (аяларына) ЖБИ-ні іске асырудан болжанатын әсерді бағалауды;
      18) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығын ескере отырып, ЖБИ-ні Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау қағидаларында белгіленген талаптарға сай келетін объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесіне енгізеді.
      Өткен қаржы жылында объективті себептер бойынша басталған (жалғасып отырған) және аяқталмаған ЖБИ басым тәртіппен іріктеледі.
      Іске асырылуына қаражат республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері түрінде бөлінетін ЖБИ-ді қаржыландыру көлемі 3 %-дан кем емес мөлшерде айқындалатын Астана қаласының жергілікті бюджетін қоспағанда, ЖБИ-ді жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі барлық салалар бойынша әрбір жаңа жергілікті инвестициялық жоба бойынша жоспарлы кезеңге кемінде 10 % мөлшерінде айқындалады.
      8. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландыруға ұсынылатын объектілер бөлінісінде ЖБИ тізбесін стратегиялық жоспардың жобасын енгізу кезінде тиісті құжаттармен бірге мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган  бекіткен Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстар беру қағидаларына және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес жібереді.
      9. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган жиырма бес жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынған ЖБИ тізбелерінің:
      1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына; елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасына; мемлекеттік және салалық бағдарламаларға; аумақтарды дамыту бағдарламаларына; мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына) сәйкестігін;
      2) стратегиялық жоспар жобасының мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізуін;
      3) өңірдің стратегиялық бағыттары мен әлеуметтік-экономикалық дамуына сәйкестігін;
      4) тиісті құжаттаманың болуын қарайды.
      10. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ЖБИ-ні қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының жобасын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қорытындысының нысаны және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің ұсыныстар беру қағидаларына сәйкес қорытынды дайындайды және тиісті орталық мемлекеттік органға немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға жібереді.

3. Нысаналы даму трансферттерін іріктеу тәртібі

      11. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган нысаналы даму трансферттері бойынша ЖБИ тізбесін қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес тиісті бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді.
      12. Тиісті орталық мемлекеттік орган немесе облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен стратегиялық жоспарлар жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары мен бюджеттік өтінімдерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жібереді.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      13. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган қорытындысының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін беруге арналған өтінімдерін олардың қаржылық қамтамасыз етілуі тұрғысынан қарайды.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Қарау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ЖБИ бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. ЖБИ тізбесін тиісті бюджет комиссиясы мақұлдаған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган ұсынылған ЖБИ тізбелерінің негізінде тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық, облыстық бюджеттердің және Астана мен Алматы қалалары бюджеттердің жобасына қосу үшін әрбір сала бойынша өңірлер бөлінісінде нысаналы даму трансферттерінің жалпы сомасын айқындайды.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджеттер туралы мәслихаттардың шешімдерін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органдардың тиісті қаулылары қабылданғаннан кейін екі апта мерзімде іске асырылуына тиісті жергілікті бюджеттерде қаражаты көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар туралы жиынтық ақпаратты ағымдағы жылға және жоспарлы кезеңге арналған жылдық сомаларды объектілер бөлінісінде көрсете отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
      17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы Заңын іске асыру туралы қаулысын немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешімінің жобасын әзірлеу кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі бойынша өңірлер бөлінісінде алдағы тиісті жоспарлы кезеңге нысаналы даму трансферттерінің сомаларын көздейді.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 N 1571 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.