Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы N 1292 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 48, 594-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
атауындағы және 1-тармақтағы "рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып)," деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларын қолдану үшін қажетті рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып), қор және тауар биржаларының, аудиторлық ұйымдардың тізбелерінде, сондай-ақ олардың ұсынатын құжаттарының нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарда:
атауындағы "рейтингтік ұйымдардың (рейтингтердің тиісті мәнін көрсете отырып)," деген сөздер алынып тасталсын;
1 және 5-тармақтар алынып тасталсын;
2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының арнаулы сауда алаңы ретінде анықталған қор биржасы;";
3-тармақ мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
"Еуразиялық сауда жүйесі" тауар биржасы" акционерлік қоғамы.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов