Кәсіби және аудиторлық ұйымдардың есептілік тізбесін, нысандары мен ұсыну мерзімділігін, сондай-ақ аудиторлық ұйымның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпарат нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1239 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1467 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 9, 120-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2011 жылға арналған жоспарында:
      реттік нөмірлері 19 және 20-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 29-1, 29-2-жолдармен толықтырылсын:
"

29-1

Азаматтық қорғау туралы

ТЖМ

Шілде

Қазан

Желтоқсан

В.В.Петров

29-2

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ТЖМ

Шілде

Қазан

Желтоқсан

В.В.Петров

                                                                   ".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К.Мәсімов