"Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 296 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 10.08.2015 № 636 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 12 наурыздағы № 291 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу және орындау ережесінде:
      1345681013-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға, Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымдарға, дербес білім беру ұйымдарына және олардың ұйымдарына жекелеген мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске асыруға және мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мiндеттердi орындауға, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тапсырыс мемлекеттiк тапсырма болып табылады.
      3. Мемлекеттiк тапсырманы әзiрлеу мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға немесе басқа да мiндеттердi орындауға арналған ұсыныстар мен негiздемелер дайындауды қамтиды.
      4. Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiсi республикалық бюджеттi әзiрлеу кезiнде стратегиялық жоспардың жобасымен және бюджеттiк өтiнiммен бiрге бюджеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтер көрсетуге немесе бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыруға арналған ұсыныс бередi.
      5. Ұсыныс осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi
және мыналарды:
      1) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауын;
      2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасын;
      3) мемлекеттiк тапсырманың орындалуына жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымның немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауын;
      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын және оны орындауға жоспарланып отырған бюджет қаражатының сомасын;
      5) мемлекеттiк тапсырманы орындау мерзiмiн;
      6) атап айтқанда мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi немесе бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру қажеттiгiнiң негiздемесiн қамтуы тиiс.
      6. Мемлекеттiк тапсырма нысанында орындау жоспарланып отырған мемлекеттiк қызметтер мен бюджеттiк инвестициялық жобалардың тiзбесi мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларымен, республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң бюджеттiк өтiнiмдерiмен бiрге Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгiзiледi.
      8. Бюджеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган республикалық бюджет туралы заңның негiзiнде және Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi және мемлекеттiк тапсырмаларды орындауға жауапты заңды тұлғалар көрсетiлген мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесiн (бұдан әрi – Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi) қалыптастырады.
      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi:
      1) мемлекеттiк тапсырма нысанында жүзеге асырылатын мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттiк инвестициялық жобаның атауын;
      2) мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның қысқаша сипаттамасын;
      3) мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мен заңды тұлғаның атауын;
      4) шеңберiнде мемлекеттiк тапсырма орындалатын Бiрыңғай бюджеттiк сыныптаманың кодын көрсете отырып, республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауын;
      5) мемлекеттiк тапсырманы орындауға қажеттi бюджет қаражатының сомасын қамтуы тиiс.
      Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы қысқа әрi нақты болуы және мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның мәнiн көрсетуге тиiс.
      Мемлекеттiк тапсырмалар тiзбесi республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысына қосымша нысанда бекiтiледi.
      10. Мемлекеттік тапсырманы орындау бекітілген республикалық бюджеттік бағдарламаларды республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен мемлекеттік тапсырманы орындаушы арасында азаматтық-құқықтық мәміле (бұдан әрі - шарт) жасау арқылы іске асыру шеңберінде нәтижелер көрсеткіштері көрсетіле отырып, жүзеге асырылады.
      13. Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлға немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйым немесе дербес білім беру ұйымы немесе оның ұйымы шеңберінде мемлекеттiк тапсырма орындалатын республикалық бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне шартта белгiленген мерзiмде оның орындалу барысы туралы есеп бередi.";
      көрсетілген Ережеге қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 296 қаулысына   
қосымша       

Мемлекеттік тапсырманы әзірлеу
және орындау ережесіне   
қосымша          

Мемлекеттiк тапсырма нысанындағы мемлекеттiк қызметтердi
көрсетуге немесе бюджеттiк инвестициялық жобаларды iске
асыруға арналған ұсыныс
__________________________________________________________
(республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң атауы)

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның атауы

Мемлекеттiк қызметтiң немесе бюджеттік инвестициялық жобаның сипаттамасы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жауапты жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғаның немесе Ұлттық әл-ауқат қоры тобына енетін ұйымның немесе дербес бiлiм беру ұйымының немесе оның ұйымының атауы

Шеңберiнде мемлекеттiк тапсырманы орындау ұсынылатын республикалық бюджеттiк бағдарламаның атауы

Мемлекеттiк тапсырманы орындауға жоспарланатын бюджет қаражатының сомасы

Мемлекеттiк тапсырманың орындалу мерзiмi

Мемлекеттiк тапсырма нысанында мемлекеттiк қызметтi көрсету немесе бюджеттік инвестициялық жобаны iске асыру үшiн негiздеме

1

2

3

4

5

6

7

8