"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 - 2023 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы № 887 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 818 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 10.12.2018 № 818 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 184-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 тамыздағы
№ 887 қаулысымен
бекітілген

"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясы

      "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӘКК) 2014 – 2023 жылдарға арналған даму стратегиясы (бұдан әрі – Стратегия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 қаулысымен бекітілген Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары мен даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысымен мақұлданған Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына (бұдан әрі – Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасы) сәйкес әзірленген.

      ӘКК-нің қызметі Қарағанды облысының аумағында жүзеге асырылады. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын құру кезінде қызметі өңірді дамытудың әлеуметтік, экономикалық және мәдени мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған өңірлік экономикалық орнықты бизнес құрылымдарды құру идеясы айқындалды.

      Сонымен қатар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды құру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірқатар ұйымдық және қаржылық проблемаларына негізделген:

      1) өңірлердегі жеке кәсіпкерлерде, сонымен бірге жергілікті мемлекеттік басқару органдарында басқару әлеуетінің жеткіліксіздігі;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік даму институттарының инвестицияларына кеңінен қол жетімділігінің болмауы;

      3) жеке кәсіпкерлік субъектілерде өз қызметтерін жүзеге асыратын өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бастамаларының болмауы;

      4) жергілікті мемлекеттік басқару органдары мен өңірлік бизнес бастамалары арасындағы үйлестірудің қажеттілігі.

      ӘКК жұмыс істеуінің бизнес-схемасы табыстарды өңірдің әлеуметтік, экономикалық және мәдени жобаларына, сондай-ақ өңірде жұмыс істейтін рентабельді емес өндірістерді қалпына келтіру есебінен қайта инвестициялауға есептелген.

      Стратегияны әзірлеу негізгі басымдықтар, оларды іске асыру көздері мен тетіктері туралы нақты пайымы бар ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы бағдарларын айқындау қажеттілігіне негізделеді. Стратегия:

      1) ӘКК-нің әлеуетін іске асыру үшін басым қызмет бағыттары мен салаларын айқындауға;

      2) ӘКК-нің даму саясатын және жұмыс істеу үлгісін қалыптастыруға;

      3) ӘКК-нің өңірлік даму институты ретінде одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеуге бағытталған.

      Осы Стратегия таяудағы 10 жылға арналған миссияны, пайымды, стратегиялық бағыттарды, мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, оларды іске асыру тетіктері мен қызмет нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауының;

      2) "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі № 310 Жарлығының;

      3) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығының;

      4) "Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығының;

      5) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының;

      6) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығының;

      7) "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығының;

      8) "Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасын мақұлдау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1382 қаулысының;

      9) "Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысының;

      10) "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысының;

      11) "Өнімділік 2020" бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысының;

      12) "Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысының негізгі бағыттарын ескере отырып әзірленген.

1. Ағымдағы жағдайды талдау

      Сыртқы ортаны талдау

      Қарағанды облысының Статистика департаментінің деректеріне сәйкес өңірдің алаңы 428 мың шаршы км немесе Қазақстан Республикасы аумағы жалпы алаңының 15,7 %-ын құрайды. Қарағанды облысы халқының саны 2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1369,2 мың адамды немесе республика тұрғындарының жалпы санының 8,2 %-ын құрады. Қала халқы 1 076,8 (78,6 %), ауыл халқы – 292,4 мың адам (21,4 %). 2013 жылы облыс халқының саны 7 076 адамға немесе 0,5 % өсті.

      Жалпы өңірлік өнім

      2013 жылы өндірілген жалпы өңірлік өнім 2 538,3 млрд. теңгені құрады және де алдыңғы жылмен салыстырғанда 3,2 %-ға өсті. Жалпы өңірлік өнімдегі айтарлықтай үлесті өнеркәсіп алады – 55,1 %, көтерме және бөлшек сауда – 11,7 %, көлік және байланыс – 6,7 %, құрылыс – 3,5 %, ауыл шаруашылығы – 5,8 %, басқасы – 17,2 %-ды құрайды. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2013 жылы 1 478,5 млрд. теңгені немесе 2012 жылға 102,4 %-ды құрайды. Облыстан шығарылатын тауарлар экспорты 1 313,8 млрд. теңгені, импорт – 164,6 млрд. теңгені құрайды немесе алдыңғы жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 70 %. Сауда теңгерімінің актив сальдосы 1 149,2 млрд. теңгені құрады.

      Тұтыну бағаларының индексі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 107,4 %-ды, оның ішінде азық түлік тауарларына – 104,7%-ды, азық түлік емес тауарларға – 103,6 %-ды, ақылы көрсетілетін қызметтерге – 114,1 %-ды құрады.

      Өнеркәсіптік өндіріс облыс экономикасының негізін құрайды. 2007 жылдан бастап 2013 жылға дейін облыста өнеркәсіптік өндірістің көлемі 845,6 млрд. теңгеден 1 398,1 млрд. теңгеге дейін немесе 1,6 еседен астамға артты.

      Өңдеуші өнеркәсіп және тау-кен өндіру өнеркәсібі

      Өңдеуші өнеркәсіп және тау-кен өндіру өнеркәсібі негізгі салалар болып табылады, олардың үлесіне өңірдің өнеркәсіптік өндірісінің 83,2 %-дан астамы тиесілі. Мұнда түсті және қара металлургияның, машина жасаудың, тамақ, жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінің, құрылыс индустриясының және энергетиканың ірі кәсіпорындары шоғырланған. Пайдалы қазбалардың кен орындарын игеруде Қарағанды облысы республиканың минералдық-шикізат кешенінде маңызды орынды алады және темір марганец, баритті полиметалл, мыс кенін және көмір шығаратын бірегей өңір болып табылады.

      Облыстың өнеркәсіптік әлеуетінің жалпы көлеміндегі өңдеуші өнеркәсіптің үлесі 2013 жылы 68,6 %-ды құрады. Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің индексі 2012 жылғы деңгейге жыл қорытындысы бойынша 94,8 %-ды құрады.

      Осы кезеңде өңірдің экономикасына 403,4 млрд. теңге инвестиция салынған, ондағы меншікті қаражат үлесі – 58,2 %, бюджеттік қаражат үлесі – 11,2 %, қарыз қаражат үлесі – 26,9 %, шетел инвестициясының үлесі – 3,6 %.

      Өңірдің кәсіпорындары мен ұйымдары әлемнің 100-ден астам елдерімен сыртқы экономикалық байланыс орнатқан, облыс аумағында шетел капиталының қатысуымен 400 біріккен кәсіпорын жұмыс істейді.

      Өңдеуші өнеркәсіптің негізін мынадай кіші салалар құрайды: металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру саласындағы үлес салмағы 50,4 %, тамақ өнімдерін өндіру – 6,2 %, машина жасау – 4,1 %, басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру – 2,7 %, резеңке және пластамасса бұйымдарын өндіру – 1,1 %, химия өнеркәсібі – 1,5 % және басқалары – 34,0 %.

      Кейінгі жеті жылда өңдеуші өнеркәсіп саласының өндіріс көлемі 742,9 млрд. теңгеден 959,8 млрд. теңгеге дейін немесе 29,2 %-ға өсті.

      Одан басқа, 2013 жылы азық-түлік өндірісінде, құрылыс индустриясында, металл балқытуда, дайын металл бұйымдарын өндіруде, фармацевтикалық өнімдерді өндіруде, басқа металл емес минералды өнімдерді өндіруде өсім байқалды.

      2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы азық-түлік өндірісінің өсу қарқыны 100,2 %, фармацевтикалық өнімдерді өндіруде – 124,6 %-ды, құрылыс индустриясында – 121,1 %-ды, металл балқытуда – 120,1 %-ды, дайын металл бұйымдарын өндіруде – 121,1 %-ды, басқа металл емес минералды өнімдерді өндіруде – 121,1 %-ды құрады.

      2013 жылы басқа металл емес өнімдерді өндіру 38,2 млрд. теңгеге жетті, 2012 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 121,1 %-ды құрады.

      2012 жылмен салыстырғанда бетоннан жасалған жиналмалы құрылыс конструкцияларын шығару 1,3 есе, силикат пен қож кірпіштерінен жасалған жиналмалы құрылыс конструкцияларын шығару 3,1 есе ұлғайды.

      Осы сала бойынша еңбек өнімділігі жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда 12,2 млн. теңге деңгейінде немесе 2012 жылғы еңбек өнімділігі деңгейіне қарай 5,3 %-ға өсумен қалыптасты.

      2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы құрылыс индустриясын, тұтастай алғанда, болат құбырды 406,4 миллиметрден аса диаметрмен шығару 19,2 %-ға, ұсақталған және қиыршық тас – 6,5 %-ға, бояу мен лактар – 1,8 %-ға ұлғайды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген 2010 – 2014 жылдарға арналған республикалық индустрияландыру картасын (бұдан әрі – Индустрияландыру картасы) жаңарту кезінде 2013 жылы облыстан 5 жоба Индустрияландыру картасына енгізілді.

      2010 – 2014 жылдарға арналған өңірлік Индустрияландыру картасына 76 жоба енгізілді.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 80 жобадан жалпы сомасы 79,5 млрд. теңге болатын 51 жоба іске асырылды, 3,5 мың жаңа жұмыс орны ашылды.

      Тау-кен өндіру саласы

      Өңірдің өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі тау-кен өндіру саласының үлесі 14,6 %-ды құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда мыс 120,2 %-ға, сондай-ақ, мыс кенін өндіру есебінен – 105,7 %, көмір – 105,2 %, темір кені – 125,2 %, түсті металл – 128,7 %, басқа да тау-кен өндірісі саласында 107,8 % тұрақты өсім байқалады.

      2007 жылдан бастап 2013 жыл аралығында тау-кен өндірісіне 202,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция салынған, өндіріс көлемі 55,4 млрд. теңгеден 144,5 млрд. теңгеге дейін немесе 2,6 есе өсті.

      Көмір өнеркәсібі мемлекеттік базалық саланың бірі болып жалғасуда. 2013 жылы көмірдің өндірілу көлемі 37,2 мың тонна құрады, бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткішіне қарағанда 5,2 %-ға жоғары.

      Қарағанды облысында тау-кен кәсіпорындарында шамамен 40 мың адам еңбек етеді.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Өңірдің ауыл шаруашылығының барлық қызметі негізгі бағыттардың бірі – агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін өсіруге бағытталған.

      Облыс аумағында мал шаруашылығы өнімін өндіру басым, оның үлесі 54,2 %, өсімдік шаруашылығы – 45,8 %. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі кейінгі үш жылда 1,2 есеге өсті.

      2013 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 147,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 111,4 %. Өндірістің артуы қолайлы ауа-райының климаттық жағдайларына байланысты болды.

      Облыс халқы өңірлік өндіріс есебінен өнімнің мынадай түрлерімен толық қамтамасыз етілді: бидай, картоп, қызылша, ет, жұмыртқа және сүт. 2013 жылы облыста мемлекет және "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚазАгро" АҚ) қолдау көрсететін 5 577 ауыл шаруашылығы құралымы және халықтың 125 000 жеке қосалқы шаруашылығы жұмыс істеді, олар республиканың ауыл шаруашылығы өнімі көлемінің 5 %-дан астамын өндірді.

      2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы меншіктің барлық түрлеріндегі шаруашылықтарда мал мен құс басы орташа алғанда 1,6 %-ға артқан. Ет өндірісінің экспорттық әлеуетін әрі қарай жоғарылату мақсатында фермер шаруашылықтары 5,2 мың төлдейтін ірі қара бас және 301 тұқымдық бұқа сатып алған, шетелдік селекциялы асыл таза тұқымды 232 ірі қара мал әкелінді.

      2013 жылы мал шаруашылығы өнімін өндіру 2012 жылғы деңгейге қарағанда 3,2 %-ға өсті, өсім ет өндірісін 0,7 %-ға (68,3 мың тонна), сүт өндірісін 4,7 %-ға (369,7 мың тонна), жұмыртқа өндірісін 18,4 %-ға (554,6 мың дана) арттыру есебінен азаюда.

      Дәнді дақылдарды егу 2013 жылы 670,3 мың гектарды құрады, 758,9 мың тонна дәнді-дақылдар дайындалған, 286,4 мың тонна картоп, 90,8 мың тонна көкөніс жиналған.

      Жерді тиімді және оңтайлы пайдалану, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы саласын саралау мақсатында облыстың егістік құрылымында жыл сайын көкөніс, картоп, майлы, жемдік және басқа да дақылдар үлесі артуда, ал дәнді-дақылдар алаңдары кемуде.

      2013 жылы егіс алқабының құрылымын әртараптандыруды ескеріп, майлы дақылдар – 32,2 мың гектар, көкөністер – 2,9 мың гектар, картоп – 12,9 мың гектар, жемдік дақылдар – 278,5 гектар егілді. 2012 жылмен салыстырғанда майлы және жемдік дақылдар егіс алқабы 11,9 есеге, бақша дақылдары 8,2 %-ға, арпа 22,0 %-ға, бұйра зығыр – 88,8 %-ға өсті.

      2013 жылы жалпы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етудегі меншікті өндіріс есебінен қамтылу пайызы облыс бойынша орташа алғанда ет бағыты 136 %, көкөніс – 105 %, сүт өнімі – 95 % болды. Азық-түлік тауарларының ішкі нарығын отандық өнімдермен қамтамасыз ету деңгейі жалпы азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуден орташа алғанда 112 %-ды құрады.

      Энергетикалық сала

      Барлығы 2013 жылы өңірдің тоғыз электр қуатын өндіруші станциясы 2012 жылға қарағанда 6,2 %-ға көп, сағатына 14 млрд. кВт электр энергиясын өндірді. Облыста электр қуатын тұтыну 2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы 6,2 %-ға төмендеді және сағатына 15,5 млрд. кВт құрады.

      Энергиялық және жылу энергиясы тапшылығын жою үшін 2012 жылғы сәуірде Қарағанды қаласында сағатына 720 МВт электр энергиясы және сағатына 1415 Гкал жылу энергиясын өндіретін 4-жылу энергия орталығын салу бойынша облыс әкімдігі мен "Қазақстан коммуналдық жүйелері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Облыс экономикасына 300 млрд. теңге инвестиция салынатын болады, құрылысы 2013 жылы басталды.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде Жезқазған өңірінде энергия тапшылығын жою мақсатында Жезқазған 2-жылу энергия орталығын салу жоспарлануда, онда "Жезқазған-Сексеуіл" және "Жезқазған-Бейнеу" екі теміржол құрылысы басталды.

      Жұмыс істеп тұрған жылу электр орталықтарында қолданыстағы жабдықтарды қарқынды жаңарту, жаңа технологиялар мен оларды басқару процестерін енгізу, персоналды қайта оқыту жоспарлануда.

      Таяудағы жылдары меншік иелерінің қаражаты есебінен Қарағанды 3-жылу энергия орталығында, 2-Қарағанды гидроэнергия станциясында, Жезқазған жылу энергия орталығында, "Қазақмыс" корпорациясы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Балқаш 3-жылу энергия орталығында, "АрселорМитталТеміртау" акционерлік қоғамының 2-жылу энергия орталығында және жылу энергия орталығында өндірістік жоғары вольтты жүйе жобаларын іске асыру жоспарлануда, бұл станция қуатын 228 МВт-ға арттыруға мүмкіндік береді.

      2012 жылғы қарашада ІІІ Халықаралық инвестициялық форум шеңберінде облыс әкімдігі энергетика саласындағы жобаларды іске асыруда "Kazakh Power Sdn Bhd" (Малайзия), "Sat&Company" акционерлік қоғамы, "Қазақстан коммуналдық жүйелері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Қазақстан Өрлеу" қоғамдық қоры меморандумға қол қойды.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі – ТКШ жаңғырту бағдарламасы) шеңберінде 2012 жылдан бастап Саран қаласында 2014 жылы құрылысты аяқтау мерзімімен қазандық құрылысы басталды, жобада 75 жұмыс орны көзделген. 2013 жылдың қорытындысы бойынша Жезқазған қаласы жылу желілерінің 11,8 километрінің құрылысы аяқталды, 74-орамының жылумен жабдықтау желілерінің 1,584 километрі реконструкцияланды.

      2013 жылы Жәйрем және Шахан кенттерінде қазандық құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу басталды, Теміртау қаласында екі жоғарылатқыш жылу сорғы станциясы салынды.

      Инвестициялық бағдарлама шеңберінде "Қарағанды Жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тұтынушыларда электр энергиясын есепке алудың 111 582 аспабын ауыстырды, "Ботаническая", "Юго-Восток", "Мелькомбинат" жоғары вольтты кіші станцияларының 207,4 километр электр желілерін реконструкциялау жұмыстары орындалды.

      Құрылыс саласы

      Құрылыс саласы шеңберінде 2013 жылы мердігерлік жұмыстардың көлемі 213,6 млн. теңгеге немесе 2012 жылы 157,7 %-ға орындалды. 25 бағдарлама, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі № 301 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК 2020), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген 2011 – 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасы және басқа да бағдарламалар бойынша 30 жоба іске асырылды.

      Барлығы Қарағанды облысы бойынша 299,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді, бұл 2013 жылдың жоспарында 104,6 % және 2012 жылдың фактісіне қарағанда 111,1 % құрайды, олардың ішінде жеке құрылыс салушылар 146,7 мың шаршы метр немесе 49 %, заңды тұлғалар 152,4 мың шаршы метр немесе 51 % іске қосты.

      2013 жылы білім беру, спорт, денсаулық сақтау, энергетика, коммуналдық шаруашылық және қоршаған ортаны қорғау саласында 13 объектінің құрылысы басталды. 2014 жылы облыстың барлық қалаларының және аудан орталықтарының бас жоспарларын әзірлеу толығымен аяқталатын болады, 13 әлеуметтік объекті салу және реконструкциялау жоспарланған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 862 қаулысымен бекітілген "Өңірлерді дамыту" бағдарламасы (бұдан әрі – Өңірлерді дамыту бағдарламасы) бойынша инженерлік инфрақұрылымның дамуына 2,2 млрд. теңге сомасында нысаналы трансферт бөлінді.

      Туризм

      Табиғи және мәдени-тарихи ресурстардың болуы, Қарағанды облысының қолайлы географиялық орналасуы жағажай, спорт, экологиялық, мәдени-танымдық, сондай-ақ іскерлік туризмді дамыту үшін әлеуетті мүмкіндіктер болып табылады.

      Облыс аумағында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (Осакаров ауданы, оңтүстік бөлігі – 28 154 га), 9 табиғи қорық, мәдени-тарихи және "Ұлытау" табиғи қорық-мұражайы, Балқаш көлі орналасқан.

      Орналастыру объектілерінің саны біржолғы сыйымдылығы 9 107 төсек-орын болатын 150 бірлікті құрайды. Нөмір саны – 3 498 бірлік.

      Туристердің көбісі облыстың Қарағанды, Теміртау қалаларына, сондай-ақ Ақтоғай, Бұқар жырау және Қарқаралы аудандарына келеді.

      Инновациялар

      Қарағанды облысы кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2013 жылы 3,6 %-ды құрады. Инновациялық өнім көлемі қолданыстағы бағалармен 30,5 млрд. теңге соманы құрады. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық өнімдері арасында жаңадан енгізілген немесе айтарлықтай технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнімдер ең үлкен үлесті – 76,0 %-ды құрады.

      Қарағанды облысы қоғамдық өндірістің ғылыми білімін жаңғыртуға және тиімділігін жоғарылатуға қабілетті ғылыми әлеуетке ие. Қарағанды облысының ғылыми-техникалық әлеуетінің ұйымдастырушылық құрылымы зерттеулер мен әзірлемелерді орындайтын дербес ұйымдардан, сондай-ақ жоғары оқу орындарының, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдарының тиісті бөлімшелерінен тұрады.

      Облыстың жоғарғы оқу орындарында ғылыми әзірлемелер авторларына инжинирингтік қызмет көрсету, ұсыныстар мен идеялар әзірлеуге арналған инновациялық орталықтар бар.

      Жоғары ғылыми әлеует – өңірде республика ғалымдарының 12 %-ы жұмыс істейді – зерттеуден бастап жаңа техника мен технологияның сынақ үлгілеріне дейін ғылыми жұмыстың барлық кезеңдерін дамытуға мүмкіндік береді.

      Облыста Индустриялық парктің құрылысы жүргізіліп жатыр, оның аумағында шикізат пен дайын өнімді жеткізу үшін ыңғайлы коммуникацияның болуын ескере отырып "Сарыарқа" арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – "Сарыарқа" АЭА) құрылған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі – ҮИИДМБ) шеңберінде жобаларды іске асыру ұлттық компанияларға және жүйе құраушы кәсіпорындарға өнім жеткізуде қазақстандық қамтудың үлесін арттыруға мүмкіндік берді. 2013 жылы қазақстандық қамтудың үлесі 66,2 %-ды құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 22,8 %-ға өсті.

      Одан басқа, 92 ірі кәсіпорын бойынша мониторинг 2013 жылдың қорытындысы бойынша олардағы қазақстандық қамту үлесінің 82,9 % деңгейінде құралғанын көрсетті.

      Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы "Қазақстан-2050" стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" атты Қазақстан халқына Жолдауын (бұдан әрі – "Қазақстан-2050" стратегиясы) іске асыру мақсатында жаңа инновациялық компаниялар мен біріккен компаниялар құру үшін озық технологияларды тарту жоспарланып отыр.

      Осыған байланысты өңірлік технопарк базасында өңірдің инновациялық кластерін дамыту бойынша ғылыми-техникалық кеңес құрамы дайындалды және тұтас облыс бойынша инновациялық жобалар тізбесі қалыптастырылуда. Технопарктің және ғылыми-техникалық кеңестің базасында қаржылық шығынсыз "Сарыарқа" АЭА аумағында конструкторлық бюро мен инноваторларды қолдау жөнінде қор құру жоспарлануда.

      Шағын және орта кәсіпкерлік

      Облыс бойынша 2013 жылы 14 шағын кәсіпорын субъектісіне 44,4 млн. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді.

      2014 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 61,2 мың бірліктен астамды құрады, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылған адамдар саны – 216,9 мың адам. Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді жұмыс істеп тұрған субъектілерінің өсуі 2012 жылдың тиісті кезеңінде 109,1 %-ды, шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар – 105,7 %-ды құрады. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өндірген өнім, атқарылған жұмыс, көрсетілген қызметінің жалпы көлемі 2013 жылы 548,7 млрд. теңгені құрады.

      БЖК 2020 шеңберінде 2013 жылы өңірдегі жеке кәсіпкерлікті қолдауға 2 429,9 млн. теңге сома бөлінді, оның ішінде мынадай бағыттар бойынша:

      1) кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау – 2 320,6 млн. теңге;

      2) шағын және орта бизнеске кредиттерді ішінара кепілдендіру – 39,3 млн. теңге;

      3) грантты қаржыландыру – 10 млн. теңге (4 жоба);

      4) бизнесті жүргізуді сервистік қолдау – 60,0 млн. теңге.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының (бұдан әрі – Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы) екінші бағыты бойынша 2013 жылы 419,9 млн. теңге жоспарланды, оның ішінде:

      1) кредиттері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 190,1 млн. теңге, осы құрал шеңберінде 21 жоба қаржыландырылды;

      2) грантты қаржыландыруға – 102,5 млн. теңге, 37 жоба қаржыландырылды;

      3) кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға – 2,0 млн. теңге, 112 адам оқытылды.

      4) өз бетінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және табысы аз адамдарға шағын кредит беру – 125,3 млн. теңге.

      Бөлшек сауданың жалпы көлемі 2013 жылы 510,1 млрд. теңгені құрады және алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 7,5 %-ға артты.

      Бөлшек тауар айналымы көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада Алматы және Астана қалаларынан кейін үшінші орынды алды. Облыстың тауар айналымының республикалық көлемдегі үлесі 2013 жылы 10,1 %-ды құрады.

      Тауар айналымының негізгі көлемін базарларда сауда жасайтын және жеке сауда қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар қамтамасыз етті. Олар 317,5 млн. теңгеге тауар өткізген, бұл облыстағы бөлшек сауданың жалпы көлемінен 62,2 %-ды құрайды.

      2013 жылы көтерме тауар айналымының жалпы көлемі 709,9 млн. теңгені құрады және алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,3 %-ға артты.

      Жаһандық сыртқы орта факторларының ықпалы

      ӘКК Қарағанды облысында жалғыз ұлттық компания болып табылады.

      ӘКК-нің қызметі Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қойған стратегиялық мақсаттары мен елді дамытудың міндеттеріне сәйкес келеді.

      Соңғы жылдары өзекті мәселе болған кәсіпорын қызметіне әртүрлі сыртқы орта факторларының ықпалын азайту міндеті өзінің шешімі үшін олардың жұмысына әсер ететін негізгі факторларды анықтау мен жүйелендіруді талап етеді. Тек осы негізде сыртқы орта факторының ықпалы нәтижесінде пайда болатын кері салдарын еңсеру үшін шаралар әзірлеуге болады.

      Сыртқы факторлар қатарына: құқықтық, саяси, шаруашылық, демографиялық, технологиялық және экологиялық факторларды жатқызуға болады.

      Саяси және құқықтық факторлар

      ӘКК-нің қызметі кәсіпкерлік қызметті дамыту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, инвестициялар тарту, үкіметтік бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

      ӘКК-ні және де тұтас Қарағанды өңірін дамытуға әсер ететін оң саяси және құқықтық фактор тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар жасауға заңнамалық деңгейде құқық беру болып табылады. Одан басқа, әртүрлі мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыруда әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың рөлі мемлекеттік деңгейде бекітілген. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірді дамытуға екпін жасайтын мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторларын дамытудың жаңа құралы ретінде қарастырылады.

      Экономикалық фактор

      ӘКК-нің бұдан әрі дамуына әсер ететін маңызды экономикалық фактор өңірдің экономикасын тұрақты дамыту болып табылады. Республиканың экономикасын шикізат бағытынан дайын өнім өндіру үшін толық технологиялық циклмен өңдеу және қайта өңдеу салаларын дамытуға қайта бағыттау өңірдің экономикасына шетел инвесторлары тарапынан инвестициялық салымның кему тәуекеліне әкеп соғады. Осыған байланысты алда өндірілетін өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және экспорттық бағыттағы өндірісті дамыту міндеті тұр.

      Шаруашылық фактор

      Облыста металлургия және құрылыс индустриясы үшін кендік емес шикізаттың ірі қорлары бар. Минералдық-шикізат ресурстарының барланған және пайдаланылатын ірі кен орындарының бар болуы, түріне қарай шикізаттың әртүрлілігі, отын, сумен жабдықтау және электр энергиясы көздерінің болуы арқасында облыста қара және түсті металлургия сияқты өнеркәсіп салалары, көмір өнеркәсібі, энергетика, химия өнеркәсібі, тамақ өнеркәсібі, құрылыс индустриясы сияқты салалар дамуда.

      Облыста машина құрылысы және металл өңдеу салаларының кәсіпорындарын дамыту үшін әлеует жеткілікті. Бұдан басқа, өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін шикізат базасы мен өндірістік қуаттарға ие.

      ӘКК шикізатқа, материалдарға, жабдықтаушы және басқаларға сыртқы және ішкі бағаның тұрақты өзгеру бөлігінде еншілес және тәуелді ұйымдардың шаруашылық тәуекелін ескеруі қажет, бұл олардың қызметіне айтарлықтай әсер етеді және активтерді тиімді басқару процесін қиындатады.

      Технологиялық фактор

      Қарағанды облысы ғылыми білімді жандандыруға және қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға қабілетті ғылыми әлеуетке ие.

      Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2013 жылы 7,6 %-ды құрады.

      2012 жылмен салыстырғанда 2013 жылы инновациялық өнімнің көлемі 73,9 %-ға артты және 53,7 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде: сатылған өнімнің көлемі 34,1 млрд. теңге (өндірістік инновациялық өнімнің жалпы көлемінен 63,5 %; экспортқа қойылған инновациялық өнімнің көлемі – 8,7 млрд. теңге құрады (жалпы көлемнен 16,2 %).

      Қарағанды облысында 2013 жылы 1 387 адам ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстармен айналысты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16,7 %-ға артық. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған қызметкерлердің жалпы санынан 552 адамда ғылыми дәреже бар, оның ішінде 156 адам – ғылым докторы, 288 адам – кандидат, 108 адам – магистр.

      Демографиялық фактор

      Соңғы 10 жыл ішінде өңірдегі демографиялық жағдайға туылу деңгейінің ұлғаю және өлім-жітімінің азаюы есебінен халықтың табиғи өсуі әсер етті.

      2013 жылы халықтың табиғи өсуі есебінен облыс халқының саны 10 579 адамға көбейді, бұл 2012 жылғы көрсеткіштен 12,9 %-ға артады.

      Облыста халық өлім-жітімінің азаюы байқалады. 2013 жылы қайтыс болғандардың саны 2012 жылмен салыстырғанда 5,4 %-ға азайды және 14 405 адамды құрады, оның ішінде нәресте жасында қайтыс болғандардың саны 18,3 %-ға азайды.

      2013 жылы тұтастай алғанда облыс бойынша 24 984 нәресте тіркелді, бұл 2012 жылға қарағанда 1,6 %-ға артық.

      2013 жылы демографиялық жағдайға көші-қон процестері маңызды әсер етті. 2012 жылмен салыстырғанда келгендердің жалпы саны 5,6 %-ға, кеткендердің жалпы саны 2,4 %-ға өсті. Бұл ретте, көшi-қон шығыны 2012 жылмен салыстырғанда 16,5 %-ға азайды және 3 483 адамды құрады.

      Сыртқы көші-қон ағымында кеткендердің саны келгендердің санынан 1 823 адамға асты, көші-қон шығыны 2012 жылмен салыстырғанда 8,3 %-ға қысқарды. Халықтың халықаралық қозғалысында көші-қонның негізгі көлемі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен бақыланады. Олардың үлесіне көшіп келудің 90,9 %-ы және көшіп кетудің 91,8 %-ы тиесілі.

      Республиканың басқа өңірлерімен алмасу кезінде көші-қонның теріс сальдосы 2012 жылмен салыстырғанда 23,9 %-ға азайды және 1 660 адам санында қалыптасты.

      Облыс ішінде 2013 жыл бойы 17 648 адам тұрғылықты жерін өзгерткен, бұл өткен жылға қарағанда 8,2 %-ға артық.

      Ішкі ортаны талдау

      Ұйымдық қалыптасу

      ӘКК Астана, Қарағанды, Көкшетау қалаларында орналасқан жерімен аумақтық белгі бойынша үш акционерлік қоғамға бөлу арқылы "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын (Астана) қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылды.

      2010 жылғы 9 желтоқсанда Қарағанды облысының әкімдігі "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы акцияларының пакетін облыстық коммуналдық меншікке қабылдады.

      Қарағанды облысының әкімдігі 2011 жылғы 6 сәуірде "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" акционерлік қоғамы "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы болып атауын өзгертті.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қарағанды облысының әкімдігі атынан "Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі ӘКК-нің жалғыз акционері болып табылады.

      2014 жылғы 1 қаңтарға ӘКК-нің жарғылық капиталы 31 319,1 млн. теңгені құрады. Жарияланған акциялардың жалпы саны 40 000 000 000 дана, оның 26 671 939 974 данасы орналастырылды.

      ӘКК өңірлік дамыту институты болып табылады, оның қызметі мемлекет пен бизнестің әріптестігі қағидатында Қарағанды өңірін экономикалық және әлеуметтік дамытуға бағытталған.

      Инвестициялық қызмет

      ӘКК-нің инвестициялық қызметі "Қазақстан – 2050" стратегиясы мен ҮИИРМБ шеңберінде жүзеге асырылады және 2015 – 2020 жылдары елді индустриялық-инновациялық жаңғыртудың екінші кезеңінде жалғасын табатын болады.

      ӘКК жер қойнауын пайдалану, индустриялық даму және агроөнеркәсіптік кешен салаларында өңірдің өсу нүктелері бойынша жобаларды іске асырады.

      ӘКК жобаның бастапқы сатысында (start-up) немесе даму сатысында инвестициялық жобаға кіреді.

      Бизнес-жобаларды оларға қатысу тұрғысынан қарастыру кезінде ӘКК әлеуметтік бағыттағы, яғни экологиялық құрауыштан, жұмыспен қамтудан, халық денсаулығын жақсартудан тұратын жобаларға, сондай-ақ өнімінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі, инновациялар және технологиялар трансфертін енгізу маңызы аса жоғары жобаларға ерекше көңіл бөледі.

      Жобадан шығу Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес мынадай критерийлер бойынша жүзеге асырылады:

      1) жобалық компанияда ӘКК акцияларын/үлесін сатудан түскен табыс жобалық компанияға ӘКК инвестициясын және аталған инвестициялар бойынша сыйлықақы мөлшерлемесін жабады;

      2) жобалық компанияда ӘКК-нің қатысуынсыз инвестициялық жобаны іске асыру мүмкіндігі бар.

      Бұдан басқа, ӘКК инвестициялардың құнсыздану қаупі болған кезінде инвестициялық жобадан шыға алады.

      ӘКК-нің өз акцияларының пакетіне/активке қатысу үлесін сату туралы шешімі нарықтық бағалау негізінде іске асырылады, сондай-ақ активтер алған кезде қарсы нарықтық бағалау жүргізіледі.

      ӘКК-нің тиімсіз бизнес-жобаларды іске асырудан болатын шығындарға ұшырауының алдын алу және инвестициялық қоржын сапасын жақсарту мақсатында ӘКК-де тәуекелдерді басқару жүйесі жұмыс істейді.

      Өңірдің инвестициялық бизнес-ахуалын жақсарту үшін ӘКК-нің инвестициялық қызметін жетілдіру жұмыстары жүргізіледі.

      ӘКК жаңа қаржы өнімдерін ұсыну жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр:

      1) лизинг қызметін жүзеге асыру;

      2) шағын және орта бизнесті жетілдіру (өндірісті жетілдіруді қаржыландыру, технологиялар мен инновациялар трансферті);

      3) қоса қаржыландыру және даму институттарының нысаналы қаржысын экономиканың басым салаларына тарту үшін мемлекеттік және жекешелік әріптестік қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу ("ҚазАгро" АҚ, "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы және т.б.);

      4) кепілдік беру бойынша салалық бағыттарды кеңейту;

      5) шағын және орта бизнестің өндіретін өнімдерін ынталандыру және экспортқа бағдарлау.

      ҮИИДМБ шеңберінде ӘКК-де Индустрияландыру картасына енгізілген мынадай жобалар сәтті іске асырылды:

      1) Қарағанды қаласында жалпы алаңы 3 гектар жылыжай кешенін салу.

      Тамшылатып суарудың инновациялық технологиясын пайдаланумен жылыжай кешенінің салу бойынша жобаның ("Грин Технолоджи" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) өндірістік қуаты жылына 1 725 тонна қияр өсіру. Өңір үшін бұл жобаның инновациялығы шағын көлемді технология әдісімен қиярды жыл бойы өсіру технологиясын қолдануда, атап айтқанда тамшылатып суару және көмірқышқыл газымен қоректендіру жүйесін пайдаланумен минералды субстраттарда көкөніс өсірудің топырақсыз әдісі;

      2) Балқаш қаласында катод мысын өндіру зауытын салу.

      Қоңырат кен орнындағы техногенді минералды қалдықтар (бұдан әрі – ТМҚ) базасында "Қуаты жылына 10 000 тонна катод мысын өндіру бойынша гидрометаллургиялық кешен салу" жобасы іске асырылған ең ірі инвестициялық жоба болып табылады. Мемлекет басшысының қатысуымен жалпыұлттық телекөпір барысында 2011 жылғы 9 желтоқсанда зауыт іске қосылды. Жоба мыс кендерін және ТМҚ қайта өңдеуге және сұйық экстракциялау мен электролиз әдісімен жоғары сапалы катод мысын өндіруге бағытталған. Гидрометаллургиялық зауытта республикада алғаш рет енгізіліп отырған сұйық экстракциялау мен электролиз технологиясын (solvent extraction and electrowinning) сынақтан өткізу жүзеге асырылуда;

      3) Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында Жалын кен орнында көмір өндіру.

      Жалын кен орнында көмір өндіру жобасы 2010 жылы іске қосылды. Инвестициялық жобаны іске асыру үшін "Сарыарқа ENERGY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылған болатын. Жобаның мақсаты – көмір өндіру, оны синтетикалық мұнайға қайта өңдеу, кәсіпорынның және өңір тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндіру. Барлығы 25 жыл ішінде 11,4 млн. тонна көмір өндіру жоспарланып отыр.

      Қазіргі уақытта Индустрияландыру картасы бойынша мынадай жобалар іске асырылып жатыр:

      1) "Сарыарқа" АЭА үшін Индустриялық парк инфрақұрылымын салу.

      Қарағанды қаласында Индустриялық парктің инфрақұрылымын салу "Сарыарқа" АЭА кәсіпорындарын қажетті өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында экономиканың шикізаттық емес секторындағы ӘКК-нің негізгі жобасы болып табылады. "Сарыарқа" АЭА өңірдің экономикалық өсуінің әлеуетті нүктесі болады. Жобаны аяқтау 2014 жылға жоспарланып отыр – бүгінгі күнде 21 107,5 млн. теңге игерілген. Әкімшілік орталық, теміржол инфрақұрылымы, автожолдар, электрмен жабдықтау кешені, қосалқы объектілер мен элементтер салынды. Бұның бәрі инвесторларды тарту үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік берді және қазіргі уақытта АЭА аумағында әлеуетті қатысушылар ретінде 53 резидент тіркелген, оның ішінде 11 резидент шетелдің қатысуымен;

      2) Қарағанды қаласында сою пункттерін, шұжық және ет консервілерін өндіретін цехтар салу.

      Сою пунктін және шұжық өнімдерін өндіру цехтарын салу бойынша жобаның ("Арай KZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жоба құны 250 млн. теңге, өндірістік қуаты жылына 468 тонна ет өндіру, жылына 6 600 бас мал сою) негізгі мақсаты меншікті сою орны мен ветеринариялық қызметі бар, сондай-ақ қала аумағында шұжық өнімдерін, ет консервілерін өндіретін қағидатты жаңа кешен құру болып табылады;

      3) Қарағанды қаласында бидай дәнін терең өңдеу өндірісін ұйымдастыру.

      Бұл жобаның бастамашысы "НОМАД" фирмасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "НОМАД" ЖШС) болып табылады – компания 2001 жылдан бастап дәнді қайта өңдеу саласында жұмыс істейді. Бидайды терең қайта өңдеу өнімдерінің жаңа өндірісін құру Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерге сай келеді және қосымша құны жоғары және қазақстандық қамтылған өнімдер тізбесін кеңейтеді, Қазақстанда шикізатты қайта өңдеудің заманауи технологияларын дамытады, еліміздің экспорттық әлеуетін жоғарылатады.

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобалар бойынша ӘКК-нің біріккен кәсіпорындардың жарғылық капиталына қатысуы тек жер қойнауын пайдалануға құқық берумен көрініс табады, ӘКК-нің үлесі мынадай жағдайларды ескерумен тәуелсіз нарықтық бағалау жүргізгеннен кейін айқындалады:

      1) кең таралған пайдалы қазбалар жобалары бойынша бірлескен кәсіпорындардың (бұдан әрі – БК) жарғылық капиталында ӘКК-нің ең төменгі қатысу үлесі 10 % құрайды;

      2) қатты пайдалы қазбаларды барлау/өндіру бойынша жобаларда құрылатын БК-нің жарғылық капиталына ӘКК-нің жеке әріптесі кемінде 51 % мөлшерде төлемді қамтамасыз етеді (ақшалай қаражаттармен немесе мүлікпен).

      Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайларда ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуымен болатын келісімшарттарда БК-нің (оператордың) жарғылық капиталындағы ӘКК-нің қатысу үлесі кемінде 50 % болады.

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК-де жер қойнауын пайдалану саласында іске асырылатын 26 жоба бар, оның ішінде: қатты пайдалы қазбалар бойынша – 19 келісімшарт, кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 7 келісімшарт, оның:

      1) 20 кен орны бойынша жер қойнауын пайдалану құқығы БК-ге берілді (қатты пайдалы қазбалар бойынша – 15 және кең таралған пайдалы қазбалар бойынша – 5);

      2) 6 келісімшарт ӘКК балансында тұр, оның бесеуі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылған БК-нің пайдасына беру сатысында, (Долинская көмір кен орны, Бай, Алтыбай, Маман кен орындары, "Жезқазған" № 1, № 2 байыту фабрикаларының ескі қалдықтары). Ақшоқы-3 талшықты кен орны бойынша әріптестерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

      55 жобаны іске асыру жоспарланып отыр (оның 52 жоба бойынша ӘКК пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге келісімшарт жасауға құқық берілді).

      Орта бизнесті ірі бизнес айналасында кластерлеуге жәрдемдесу шеңберінде Тараз металлургия зауытын кейін минералды-шикізат базасымен қамтамасыз ете отырып, Түйебай-Сүртісу алаңында және Арап кен орнында темірмарганец кенін барлау және өңдеу, сондай-ақ "SiliciumKazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі зауытын шикізат базасымен қамтамасыз ету мақсатында Ақтас кен орнында кварц желісін өндіру жобасы іске асырылуда.

      Кейін қара мыс және асыл металл шығару жөніндегі зауыт сала отырып, Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатының қождарынан мыс өндіру және барлау бойынша жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұдан басқа, катод мысын өндіру жөніндегі гидрометаллургиялық кешен сала отырып, Қоңырат кенішінің ТМТ-дан мыс өндіру және барлау жобасы сәтті іске асырылды.

      Туризм саласын дамыту шеңберінде Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша туризмді дамытудың жүйелі жоспарлары әзірленген елдегі туризмнің өсу нүктелері айқындалды.

      ӘКК өңірдің туристік саласын әрі қарай дамыту мақсатында облыс аумағында туризм саласында, оның ішінде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік және отандық инвесторларды тарту мүмкіндігін қарастыруда.

      Отандық экономиканың маңызды бағыттарының бірі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу болып табылады. Бұл бағытта ӘКК Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандарында, ал кейін Қарағанды облысының басқа аудандарында сервистік-дайындау орталықтарын құру жобаларын іске асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

      Бұл жобалардың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

      1) егістік алаңдарды ұлғайту;

      2) дақылды егістік алаңдарын кеңейту жолымен егістік алаңдарды әртараптандыру;

      3) ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін арттыру;

      4) түсімділікті көтеру және ауыл шаруашылығын қайта өңдеуде жаңа технологияларды енгізу;

      5) ауылда жұмыс орындарын ашу;

      6) жеке инвестицияларды ауыл шаруашылығына тарту;

      7) өңірде ауыл шаруашылығы өніміне бағаны төмендету.

      Сондай-ақ өңірде асыл тұқымды мал және жылыжай шаруашылықтарын дамыту жөніндегі жобалар іске асырылуда, олардың мақсаттары:

      1) асыл тұқымды мал басын арттыру;

      2) сүт және ет бағытында өндірілетін өнімдерді ұлғайту;

      3) ауылда жұмыс орындарын ашу;

      4) ауыл шаруашылығы өніміне бағаны төмендету;

      5) өңірде азық-түлік қауіпсіздігін құру.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 92-ө өкімімен бекітілген Нарықтық тетіктерді қолдана отырып, азық-түлік нарығын реттеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыру іс-шаралары шеңберінде "Арқа" басқарушы инвестициялық компаниясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Арқа" БИК" АҚ) еншілес ұйымы маусымаралық кезеңде ауыл шаруашылығы өніміне бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін өңірлік Тұрақтандыру қорын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. Ол үшін 2011 жылы облыстық бюджеттен ӘКК-ге көкөніс сақтау қоймасын сатып алуға 200 млн. теңге бөлінген. Қазіргі уақытта 5 мың тонна және құны 151,5 млн. теңге көкөніс сақтайтын 2 қойма сатып алынған.

      "Қазақстан – 2050" стратегиясында ауыл шаруашылығын жаңғырту міндеті қойылған. Осыған байланысты, ӘКК агроөнеркәсіптік кешен саласында, оның ішінде еншілес ұйымдар арқылы инвестициялық жобаларды одан әрі іске асыруды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын қайта өңдеуге қосымша құнды ұлғайтуды жоспарлап отыр.

      Бұдан басқа, жобаларды іске асыру кезінде "ҚазАгро" АҚ құралдарын тарту жоспарланып отыр.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде ӘКК құрылымында Инвесторларға қызмет көрсету орталығы құрылды.

      Оның негізгі мақсаты – өңір үшін шетелдік және отандық инвесторларды іздеу, экономиканың шикізат емес экспортқа бағытталған және жоғары технологиялық секторына отандық және шетел инвестицияларын тарту үшін жағдай жасау және қызмет көрсету.

      Инвесторларды тарту мақсатында әлеуетті инвесторлар үшін озық және жұмыс істеп тұрған жобалар бойынша өңірлік база құрылған. Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істейтін және әлеуетті инвесторларға, оның ішінде "Сарыарқа" АЭА-ға қатысушыларға ақпараттық және консультациялық қолдауды жүзеге асырады. Шетелдік университеттерді, экспорттық ұйымдарды, шетелдерінің шағын және орта бизнес өкілдерін кеңінен тарту жоспарланып отыр.

      Инвестицияларды кедергісіз тарту үшін даму институттарымен бірлесіп Қарағанды өңірінің Активтер қорын (Кепілдеме қорын) құру, тұрақты негізде бұдан әрі қызмет көрсету үшін инвесторларға "Кіру билетін" ұсыну жоспарланып отыр. Даму институттары активтер қорын қаржыландыруды ӘКК-нің қатысуынсыз жүргізуді жоспарлап отыр.

      Инвестициялық саясат және әріптестік қатынастарды дамыту шеңберінде ӘКК екінші деңгейдегі банктермен, ірі компаниялармен, экономиканың әртүрлі салаларындағы шетелдік және жергілікті даму институттарымен бірқатар меморандумдар мен келісімдерге қол қойды, бұл перспективада инвесторларға, сондай-ақ жоба бастамашыларына жобаларды іске асыруы үшін сапалы алаң құруға мүмкіндік береді.

      ӘКК біріккен жобаларды іске асыру кезінде инвесторларды тарту үшін мынадай іс-шараларды ұйымдастыратын болады:

      1) әлеуетті инвесторлар үшін өңірде "бірінші терезе" функциясын жүзеге асыру;

      2) инвесторлардың проблемалық мәселелерін шешу, олардың мүдделерін қорғау;

      3) өңірлік деңгейінде инвесторлар үшін мемлекеттік қолдау құралдарын іске асыруға қолдау көрсету;

      4) халықаралық инвестициялық іс-шараларда өңірдің инвесторларын ұсыну;

      5) бағдарламаларды насихаттауды жүргізу, оның шеңберінде жобалардың инвесторлары мен бастамашыларына көмек көрсетуге бағытталған ӘКК-нің алаңына, өндірістік инфрақұрылымы мен құралдарына қатысты ӘКК және индустриялық парк туралы бейнематериалдар дайындалатын болады;

      6) кейіннен жұмысты ұйымдастыру және жаһандық инновациялық жүйеге интеграциялану бойынша мүмкіндіктерді кеңейту үшін Инвесторларға қызмет көрсету орталығын ӘКК құрамынан облыс әкімдігінің деңгейіне шығару жоспарланып отыр.

      Нақты өндірісті мемлекеттік қолдаудың перспективалық құралдарының бірі индустриялық аймақтарды құру болып табылады. ӘКК жаңадан басталған бизнесті қолдау үшін инфрақұрылым объектілерінің санын көбейтуге және өңірдің экономикасын әртараптандыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында оларды дамытуға, сондай-ақ олардың аумағында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға ықпал ететін болады.

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларда өңдеу мен қайта өңдеудің заманауи технологияларын жеткізу, сондай-ақ терең бөліністің қосылған құнын арттыру мақсатында өңірдің аумағында жаңа өндірістер құруға айырбастау шарттарында инвесторлардың ұсыныстарын басым қарау жоспарлануда. Бұдан басқа, аталған секторда іске асырылатын жобалардың көп болуына байланысты ӘКК жобалық құжаттарды әзірлеу және өзінің және әріптестермен бірлесіп іске асырылып жатқан жобалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын орындау бойынша бірлескен кәсіпорын құру мәселесін қаралуда.

      Инвестициялық қызмет шеңберінде 2014 жылы экономиканың басым салаларында 15 инвестициялық жоба қаралуда:

      1) өңдеуші өнеркәсіп – 4 жоба;

      2) агроөнеркәсіптік кешен – 5 жоба;

      3) энергетика – 1 жоба;

      4) басқа салалар (құрылыс, қызметтер саласы) – 5 жоба.

      Инвестициялық қызметтің жаңа бағыттарын дамыту шеңберінде ӘКК Ислам даму банкі тобымен бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдеріне одан әрі кредит беру үшін Қор құруды, дуальды білім беруді дамытуды, маркетингтік зерттеулер жүргізуді, өңірде жаңа технологияларды енгізу жобаларын қолдауды және іске асыруды жоспарлап отыр.

      Қаржыландырудың әртүрлі көздерінен инвестициялар тарту бойынша қолайлы орта құру үшін қаржы құралдарын қосу жоспарлануда:

      1) ірі жобаларды екінші деңгейдегі банктермен, "Қазақстан даму банкі" АҚ-мен (бұдан әрі – ҚДБ), "ҚазАгро" АҚ-мен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – "Даму" КДҚ" АҚ) және шетел даму институттарымен (Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі), сондай-ақ бизнесті қолдайтын басқа да қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру;

      2) нақты инвестициялық жобалар бойынша ӘКК-нің және шетелдік қаржы құрылымдарының кепіл беруімен қарыз қаражаттарын тарту;

      3) қаржылық лизинг құралын дамыту және басқа қолжетімді қаржы құралдарымен құрылымдау;

      4) борыштық бағалы қағаздар шығару.

      Осылайша, ӘКК өңірде жобаларды іске асыру үшін қаржы, техникалық және басқару құралдарын бір жерде шоғырландырады.

      ӘКК-нің инвестициялық саясаты мыналарға бағытталған міндеттерді шешуге негізделуі тиіс:

      1) экономиканың нақты секторында жобаларды іске асыруға жеке капиталды белсенді тарту;

      2) өндірілген өнімді тұтыну нарығына (коммуналдық базарлар, сауда үйлері) тиімді ілгерілету жүйесін құру, сыртқы нарықтарға экспорттау;

      3) әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бірлесіп инвестициялау.

      Қарағанды облысын дамыту мүддесінде меншікті, шетелдік және отандық жеке капиталдың қатысуымен бірлескен жобаларды құру және іске асыру бойынша ӘКК негізгі бастамашы болады.

      Бұл ретте, шағын және орта бизнеске көмек көрсету және оларды қолдау ӘКК жобаларына тарту, жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және тұтастай алғанда өңірде экономиканы дамыту арқылы көрсетілетін болады.

      Кейін ӘКК жаңа, қолданыстағы стандарттар мен технологияларды, жаңа стандарттарды бейімдеудің және енгізудің әлемдік тәжірибесін қоса алғанда, жаңа стандарттарды, инновациялық технологияларды және ноу-хауларды қарағандылық кәсіпорындарға енгізу жолымен шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарын жаңғырту жұмыстарын жалғастыратын болады.

      Бұл экономиканың бәсекеге қабілетті секторын жеделдетіп дамыту үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, халықтың өмір сүру сапасын арттыру үшін Қарағанды облысында кәсіпкерлікпен айналысатын экономикалық белсенді халықтың өсуін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

      Ірі корпорациялар деңгейінде тиімді қызмет атқару үшін стратегиялық әріптестердің бірі шетелдік инвестицияларға және қаржы өнімдеріне қолжетімділік ретінде жоғары кредиттік рейтингісі бар халықаралық даму институты болуы тиіс, бұл инвестициялық сала үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты шетелдік инвесторлармен тақырыптық инвестициялық қорлар іздестіру, құру жоспарлануда.

      Жобаларды қаржыландыру

      ӘКК жобаларын қаржыландыру кейін капиталға инвестицияларды қайтарумен бастапқы капиталдандыру қағидаттарына негізделеді (табысты қайта инвестициялау).

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес ӘКК қорландырудың барлық көздерін пайдалану есебінен инвестициялық бағдарламаны іске асыруды қамтамасыз етеді.

      ӘКК-нің меншікті қаражаты дивиденттік түсімдер, бөлінбеген кіріс, негізгі/негізгі емес қызметтен түскен табыс есебінен қалыптастырылады.

      Әкімдіктерден тиімсіз рентабельді емес активтерді алған кезде аталған активтерді сауықтыру жөніндегі жоспарға сәйкес алғашқы қаржыландыру көзделуі тиіс.

      Инвестицияларды Қарағанды өңіріне тарту үшін ӘКК серпінді дамып келе жатқан инвестициялық компания ретінде, әлеуетті шетел инвесторларымен, даму институттарымен және басқа қаржы ұйымдарымен белсенді өзара іс-қимыл жасайды.

      Даму институттарымен өзара іс-қимыл жасау инвестициялық жобаларды бірлесіп дайындауға және іске асыруға, инновациялық қызметті қаржыландыруға, салалық және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысуына негізделетін болады.

      Осыған қол жеткізу үшін талдамалық зерттеулер жүргізу және институттардың мүмкіндіктерін тартумен инвестициялық және инновациялық жобалар дайындау, озық технологиялар трансфертін ұйымдастыру, институттардың қаржылық әлеуетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыруға тарту жоспарланып отыр.

      Кәсіпкерлік ортамен өзара іс-қимыл жасау мыналарға негізделетін болады:

      1) әлеуетті инвесторларды инновациялық жобаларды одан әрі әзірлеуге және іске асыруға тарту;

      2) жер қойнауын пайдалануға, жер учаскелеріне, жарғылық капиталға мүліктік кешендерді және басқа материалдық құндылықтарды енгізуге құқық беру арқылы жаңадан құрылған кәсіпорындарға ӘКК-нің үлестік қатысуы;

      3) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға жаңғырту арқылы жеке капитал қаражатын тарту жолымен үлестік қатысу;

      4) мемлекеттік бағдарламаларды орындау негізінде әлеуметтік бағдарламаларды және жобаларды бірлесіп іске асыру.

      1-кесте. 2014 – 2023 жылдарда кезеңге ӘКК жобаларын қаржыландыру

      бойынша болжамдық деректер

Кезең (жыл)

Инвестициялық жобалардың саны

Жобалар бойынша инвестициялардың болжамды сомасы, млн. теңге

Жобаларды қаржыландырудың ықтимал көздері

меншікті қаражат, млн. теңге

инвесторлардың тартылған қаражаты, млн. тенге

қарыз қаражаты, млн. теңге

басқа көздер (бюджет қаражаты)

2014

15

6 201,0

600,0

3 490,0

1 087,6

1 023,4

2015

7

6500,0

750,0

2 500,0

3 250,0

-

2016

8

7 000,0

800,0

3 000,0

3 200,0

-

2017

8

7 500,0

850,0

3 150,0

3 500,0

-

2018

7

8 000,0

1 000,0

3 250,0

3 750,0

-

2019

7

8 500,0

1 200,0

3 450,0

3 850,0

-

2020

9

9 000,0

1 300,0

3 550,0

4150,0

-

2021

9

9 500,0

1 500,0

3 700,0

4 300,0

-

2022

9

10000,0

1 600,0

3 900,0

4 500,0

-

2023

8

10 500,0

1 800,0

3 950,0

4750,0

-


      Инновациялық қызмет

      Сындарлы идеялар бәсекелестігі, жоғары технологиялар, жалпы ішкі өнімнің ғылыми сыйымдылығы ғасырының дамуымен инновациялар енгізу мәселесі мемлекеттік даму бағдарламаларының маңызды стратегиялық бағыттарының бірі болды.

      Елдің инновациялық саясаты – бұл келешектегі ұлттық бірлік, бәсекеге қабілеттілік, азаматтардың әл-ауқаты және экономикалық тыныс-тіршілігіне қабілеттілік іргетасы.

      Дүниежүзілік банк талдауына сәйкес Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан, инновациялық экономиканы қалыптастыру бағытында айтарлықтай прогресс байқалмайды.

      Мұның себептері мыналар болып табылады:

      1) қоғамның инновация құраушыларын жеткілікті түрде түсінбеуі;

      2) білім берудің отандық жүйесінің дайын болмауы;

      3) әкімшілік кедергілер;

      4) инновациялық саясаттың оқшаулығы;

      5) ғаламдық бәсекенің өсуі;

      6) инновацияға сұраныстың төмендігі;

      7) жеке сектордың инновацияларға мардымсыз қатысуы.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 4 маусымдағы № 579 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасына (бұдан әрі – 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасы) сәйкес елде экономиканың шикізат түрінен инновациялық түріне көшуді қамтамасыз ету үшін жаңа жоғары технологияларды және қызметтерді дамыту жоспарланып отыр, ол үшін маңызды міндеттер айқындалған.

      Сондықтан, ғылым саласындағы зияткерлік және кадрлық әлеуетті сақтау және көтеру, қоғамның барлық сегменттерінде инновациялық процестерді қалыптастыру, жалпыұлттық ауқымдағы перспективалы жобаларды тиімді іске асыруға ұмтылу қажет.

      Қарағанды облысының аумағында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер орындайтын 28 ұйым орналасқан. Олардан ең ірісі – Органикалық синтез және көмір химиясы институты, Халықаралық "Фитохимия" ғылыми-өндірістік холдингі, Химиялық-металлургиялық институт, Қарағанды өсімдік шаруашылығының ғылыми-зерттеу және селекция институты және тағы басқалары.

      ӘКК отандық жобалар бойынша сапалы зерттеулер жүргізу, инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде мақсатты технологиялық бағдарламалар әзірлеу және инновациялық әзірлемелерді енгізу үшін ғылыми-зерттеу институттарымен жұмыс жасауды жоспарлап отыр.

      Қазақстандық ғылымға инновациялық идеяларды туғызу және тарату үшін жағдай жасауда қолдау көрсету мақсатында ӘКК өңірлік және басқа республикалық жоғарғы оқу орындарымен өзара белсенді әрекет етуді жоспарлауда.

      Бүгінгі күнде ӘКК және Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (бұдан әрі – ҚарМТУ) арасында 2012 жылғы 16 наурыздағы Шығармашылық ынтымақтастық туралы меморандум қолданылуда, ол тараптардың қаражаты мен шығармашылық әлеуетін біріктіру негізінде әлемдік ғылыми жетістіктер деңгейінде мамандар дайындау сапасын жоғарылатуға және инновациялар құруға бағытталған білім беру, ғылым және өндірісті біріктіру тиімділігін жоғарылату мақсатында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша бірлесіп атқарылатын қызметті жандандыруды көздейді.

      ӘКК өзек болуы тиіс, оның айналасында және оның арқасында ірі жобалар мен индустриялық-инновациялық құрылымдар қалыптастырылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасында қазіргі уақытта инновацияларды сәтті дамытуға, инновациялық компаниялар құруға барлық қажетті құжаттар қабылданған, бұл жоғары қосымша құны бар жаңа өнімдер мен қызметтер құрудың, жаңа жұмыс орындарын ашудың кепілі болып табылады.

      Атап айтқанда, "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Заңға сәйкес дамудың негізгі қатысушылары, институттары және индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтері айқындалған, олардың бірі технопарк болып табылады.

      Қазақстан бойынша барлығы 8 өңірлік технопарк құрылған, олардың қызметінің мақсаты инновациялық белсенділікті қолдау, барынша жеңілдік жағдайларын туғызу және консалтингтік, инжирингтік, инфрақұрылымдық және қаржылық қызмет көрсету болып табылады. Барлық технопарктердің жалғыз операторы "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ТДҰА" АҚ) болып табылады.

      Қарағанды өңірінде ӘКК-нің 15,7 % қатысу үлесімен "Сарыарқа" технопаркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – "Сарыарқа" технопаркі" ЖШС) өңірлік технопаркі жұмыс істейді.

      Кәсіпорындар қажетті инфрақұрылымды, технологиялық бизнес-инкубациялауды, сондай-ақ микроқұрылымдық талдау және инжинирингтік қызметтер зертханасының қызметін ұсыну арқылы тау-кен металлургиясы, машина жасау, химия салаларында, экологияда және энергияны үнемдеуде технологияларды дамыту қызметтерін ұсынады. Технологиялық бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша кәсіпорын 2013 жылы инновациялық жобалар бойынша 39 өтінім қарастырған, 15 жобалық ұсыныс "ТДҰА" АҚ-ның сараптамалық кеңесіне қарауға жолданды.

      "Сарыарқа" технопаркі" ЖШС және ҚарМТУ мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы коммерциялық офистер пысықтаған 24 аса жоба тәжірибелік-өнеркәсіптік күлгілерді құруға және тұжырымдаманың негіздемесіне қаржыландыруға гранттар алды.

      ӘКК-нің 98,83 % қатысу үлесі бар еншілес ұйым "Қазчерметавтоматика" акционерлік қоғамының институты (бұдан әрі – "Қазчерметавтоматика" АҚ) республиканың тау-кен металлургиялық кешенінің кәсіпорындары үшін автоматтандыру құралдары мен жүйелерін құру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың толық циклін орындайды.

      Қазіргі уақытта "Қазчерметавтоматика" АҚ Мәскеу қаласының әртүрлі ғылыми-зерттеу орталықтарымен жұмыс істейді: И.П. Бардин атындағы орталық қара металлургия ғылыми-зерттеу институты, Бүкілресейлік қара металлургияны автоматтандырудың ғылыми-зерттеу институты, Мәскеу болат және қорытпа академиясы, "Тяжпромэкспорт" бүкілресейлік бірлестігі.

      Қазіргі уақытта институт Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінде 16 ғылыми әзірлемеге инновациялық патент тіркеген, оларды Қарағанды өңірінің, республиканың және таяу шетел кәсіпорындары пайдалануда. Институт базасында құрылыс саласындағы аспаптар, электрондық өнеркәсіптік аппаратура өнімдеріне сынақ жүргізу үшін аккредиттелген Өңірлік қазақстандық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Кәсіпорынның бұдан арғы қызметінің басым бағыты технологиялық процестерді бақылау және басқару үшін автоматтандырудың ғылымды қажет ететін, импорт алмастырушы және экспортқа бағдарланған құралдар мен жүйелер құру бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізетін болады.

      Жергілікті кәсіпорындар, кәсіпкерлер, ғалымдар мен өнертапқыштардың ерекшелігін ескере отырып, өңірде инновациялық белсенділікті жоғарылату мақсатында ӘКК Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қарашадағы № 1308 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында инновацияларды дамыту және технологиялық жаңғыртуға жәрдемдесу жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасын және 2020 жылға дейінгі инновациялық даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде инновацияның Research & Development орталықтары (бұдан әрі – R&D орталықтары) мен кеңселерін құруды жоспарлап отыр.

      2015 жылы ӘКК бірінші R&D орталықты "Қазчерметавтоматика" АҚ базасында құруды жоспарлап отыр, ол білікті персоналға және жеткілікті түрде ғылыми-зерттеу әлеуетіне ие болады. Кейін осындай орталықты "Сарыарқа" технопаркі" ЖШС-нің қатысуымен құру болжанады.

      2013 жылы ӘКК "Номад" ЖШС-мен бірлесе отырып, Қарағанды қаласында бидай дәнін терең қайта өңдеу өндірісін ұйымдастыру бойынша инновациялық жобаны іске асыруда. "Қарағанды Инвест – 2012" ІІІ халықаралық инвестициялық форум шеңберінде "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – "ҚАҚ" АҚ) 5,3 млрд. теңге сомасына жобаны қаржыландыратынын мәлімделген болатын, осыған байланысты "ҚАҚ" АҚ, "ТДҰА" АҚ, ӘКК және "НОМАД" ЖШС арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

      "ISSMAT INVESTMENT AND FINANCE" инвестициялық компаниясымен бірге бірегей инновациялық технологияларды қолданумен композитті материалдар шығару зауытын салу жоспарлануда.

      Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарда ӘКК даусыз тәртіпте жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық қызметі бойынша жиынтық жылдық табысынан кемінде 1 % мөлшерде келісімшарт шеңберінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жыл сайын қаржыландыру міндеті көздеген.

      ӘКК баламалы энергетика мен энергия тиімді технологияларды дамытуға қатысуды көздеп отыр. Қарағанды өңіріндегі өндірістердің энергия тиімділігі және энергия сыйымдылығын төмендету бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ӘКК көмір өндіру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, электр энергиясын үнемдеуге, сондай-ақ метанның қоршаған ортаға шығарындысы көлемін азайту арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға ("жасыл экономика") мүмкіндік беретін көмір кенінен метанды кейін қайта өңдеумен барлау жөніндегі инновациялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

      Бұдан басқа, "OPUSPlatform" француз компаниясымен бірлескен "Күн сәулесінен қуат өндіретін батарея және панель өндірісі" жаңартылған электр энергиясы көздерінің орталығын құру жөніндегі жоба жоспарланып отыр. Орталықты құру мақсаты:

      1) ұлттың материалдық әл-ауқаты мен қоршаған ортаны қорғаудың маңызды шарттары ретінде энергетикалық тиімділікті және жаңартылған электр энергиясы көздерін жоғарылату үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз ету;

      2) жаңартылған энергия көздерінің үлесін өңірде электр энергиясын жалпы шығарудың 1 %-ына дейін жеткізу;

      3) жалпы өңірлік өнім энергия сыйымдылығын 2015 жылы 5 %-ға және 2020 жылы 10 %-ға төмендету болып табылады.

      "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалау тетігін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 1047 қаулысына сәйкес осы жобаны жүзеге асыру жергілікті атқарушы органдардың қызметін бағалауды жоғарылатуға мүмкіндік береді.

      Энергиятиімді және энергия үнемдеу технологияларын пайдаланатын бизнес-жобалар санын дамыту баламалы "жасыл" энергетикалық технологияларды дамытуға әсер етуге мүмкіндік береді.

      Активтерді басқару

      2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ӘКК-нің ұйымдастырушылық құрылымына 3 еншілес, 12 тәуелді және 37 біріккен кәсіпорын кірді.

      Еншілес және тәуелді кәсіпорындардың қызметін ағымдағы талдау олардың басым бөлігі теріс қаржылық нәтижемен жұмыс істегенін көрсетті; қалған кәсіпорындар бойынша жобалар жүзеге асыру сатысында, кейбір кәсіпорындар жұмыс істемеген.

      2013 жылы ӘКК шығынды еншілес және тәуелді ұйымдарды қаржылық сауықтыру және қайта құрылымдау бойынша бағдарлама мен іс-шаралар жоспарын әзірледі.

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес ӘКК-ге жергілікті атқарушы органдардан кейін оңалту (сауықтыру), қайта құрылымдау және олардың негізінде жаңа бәсекеге қабілеттілерін дамыту үшін мемлекеттік активтерді берген жағдайда сауықтыру мен қаржыландыру жоспарлары (бағдарламалары) бар проблемалы активтер ғана қабылдануға жатады.

      "Қазақстан – 2050" стратегиясы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен мемлекеттік активтерді басқару және активтерді басқару практикасын дамыту жүйелерін жаңғырту міндеттері қойылуда.

      Осыған байланысты ӘКК мынадай іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр:

      1) активтерді басқару мәселелері бойынша ӘКК-нің қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын жаңарту және жаңаларын әзірлеу;

      2) бірқатар еншілес және тәуелді ұйымдарды оңалту, оларды сауықтыру бойынша өндірістік бағдарламаларды әзірлеу, менеджментті жаңарту;

      3) еншілес және тәуелді ұйымдарда сапа менеджментінің халықаралық стандарттарын енгізу бойынша жұмыс;

      4) қолда бар пайдаланылмайтын шаруашылық активтерді айналымға тарту;

      5) активтерді қайта құрылымдау бойынша шаралар әзірлеу және қабылдау;

      6) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің, қайта өңдеудің және өткізудің аяқталған циклымен агроөнеркәсіптік кластерді қалыптастыру;

      7) жер қойнауын пайдалану саласында өтінімдерді және коммерциялық ұсыныстарды қарау және келісу бөлігінде әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша құзыретті органдарға ұсыныстар енгізу;

      8) жер қойнауын пайдалану саласында рентабельді жобаларды іске асыру кезінде стратегиялық әріптестермен бірлесіп, минералдық шикізат ресурстарын өнеркәсіптік игерудің қазіргі заманғы және тиімді технологияларын қолдану;

      9) кен орындарын өңдеудің оңтайлы жүйелерін қалыптастыру және минералды-шикізаттық өнімдерді өндірудің ресурс үнемдейтін және экологиялық технологияларды енгізу үшін өңірдің ғылыми-зерттеу институттары мен жобалау-зерттеу ұйымдарын тарту;

      10) активтерді басқару жүйесін жетілдіру, яғни ӘКК компаниялары тобына кіретін кәсіпорындарда бірыңғай жоспарлау жүйесін енгізу;

      11) еншілес ұйымдардың шаруашылық қызметіне тұрақты қолданыстағы ай сайынғы мониторингті қамтитын басқарушылық есепке алудың тиімді жүйесін енгізу.

      Корпоративтік басқару жүйесі

      ӘКК корпоративтік басқаруды өзінің қызметін тиімді жоғарылату, оның мәртебесін нығайту құралы ретінде қарастырады.

      ӘКК басқару органдары мыналар болып табылады:

      1) жоғары орган – акционерлердің жалпы жиналысы (егер барлық дауыс беруші акциялар бір акционерге тиесілі болса, жалғыз акционер);

      2) басқару органы – директорлар кеңесі;

      3) атқарушы орган – басқарма;

      4) ӘКК-нің қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды жүзеге асыратын орган – ішкі аудит қызметі.

      Осы органдар арасындағы өзара қарым-қатынас "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңға және ӘКК-нің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.

      ӘКК-і басқарудың қолданыстағы үлгісі, ең алдымен, оның ұйымдық-құқықтық нысанына және ӘКК-нің негізгі қызметінің ерекшеліктеріне негізделген.

      Акционердің құзыретіне жататын мәселелерді қоспағанда, ӘКК қызметін жалпы басқаруды ӘКК-нің директорлар кеңесі жүзеге асырады.

      Басқарма ұжымдық орган болып табылады және акционерлердің жалпы жиналысына (жалғыз акционердің) және директорлар кеңесінің құзыретіне жататын функцияларды қоспағанда, ӘКК-нің ағымдағы қызметіне басшылықты жүзеге асырады және акционерлердің (жалғыз акционердің) және директорлар кеңесіне жүктелген міндеттерді атқаруға жауапты. Директорлар кеңесі басқарма мүшелерінің сандық құрылымын, өкілеттіктерінің мерзімін, басқарма төрағасын сайлауды, сондай-ақ олардың өкілеттіктерінің мерзімінен бұрын тоқтатылуын айқындайды.

      ӘКК-і басқару құрылымы иерархиялық жүйе түрінде құрылған, оның негізінде басқарманы төмен тұрған субъектілерінің жоғары тұрғандарға бағынуға негізделген басқарудың "тік" моделі жатыр. Басқарманың жоғары органы мен ӘКК-нің өзара іс-қимылы корпоративтік басқару қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      ӘКК-і басқару "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңда, "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңда, жарғыларда көзделген акционердің (акционерлердің жалпы жиналысының) және директорлар кеңесіндегі жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің өкілеттіктерін іске асыру арқылы ғана жүзеге асырылады.

      Жоғары орган қызметтің басым міндеттері мен стратегиялық бағыттарын белгілеу жолымен ӘКК-ні басқаруды қамтамасыз етеді.

      Тиімді корпоративтік басқару үшін ӘКК-де Корпоративтік басқару кодексі, сондай-ақ тұтастай алғанда, ӘКК-нің қызметін және еншілес және тәуелді ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін регламенттейтін басқа да нормативтік құжаттар әзірленген және қолданыста.

      Басқарудың тиімді үлгісін құру, қызметтік ашықтығын қамтамасыз ету үшін ӘКК үздік әлемдік практикаға сәйкес келетін қазіргі заманғы корпоративтік басқару стандарттарын зерделеуде, сондай-ақ Корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша жоспар әзірлеп жатыр.

      Тиімді менеджмент жүйесі енгізіледі және жетілдіріледі, нарықтық жағдайларда қызмет етуге байланысты барлық тәуекелдерді анықтауға бағытталған, ішкі бақылау және мониторинг тетіктері жақсартылуда.

      Корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалау екі-үш жылда бір рет өткізілетін корпоративтік басқару рейтингі нәтижесі бойынша жүзеге асырылады. 2016, 2019 және 2022 жылдары ӘКК-нің корпоративтік басқару деңгейіне бағалау жүргізу жоспарлануда. Бұл ретте күтілетін нәтиже республиканың әртүрлі өңірлерінің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларына берілетін корпоративтік басқарудың орта рейтінгісінен төмен болмауы қажет.

      2022 жылғы ӘКК-нің корпоративтік басқару деңгейіне бағалау нәтижесі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасындағы корпоративтік басқарудың орта деңгейінен жоғары болуы қажет.

      Кадрлық саясат

      ӘКК-нің кадрлық саясаты біліктілік деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, қызметкерлердің кәсіби құрамын қалыптастыруға бағдарланған.

      Персоналды уәждеудің маңызды элементтері мыналар болып табылады:

      1) ұлттық компанияларда жұмыс істеу;

      2) қызмет сатысымен өсу перспективасы;

      3) өңірлік ауқымда жоғары еңбекақы деңгейі;

      4) жеке бастамаларын іске асыру мүмкіндігі;

      5) инвестициялық жобалармен жұмыс.

      ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелер, қызметкерлер арасындағы өкілеттіктерді нақты бөлу үшін лауазымдық нұсқаулықтар әзірленген.

      "Key Performance Indicators" (бұдан әрі – КРI) – персоналдың тиімділігін басқару жүйесін енгізу бойынша белсенді жұмыс басталған. Осы жүйенің шеңберінде әрбір қызметкер қызметінің нақты көрсеткіштерінің жеке карталары, оның ішінде жеке даму жоспарлары өңделген.

      Жеке даму жоспарлары мыналарға мүмкіндік береді:

      1) ӘКК менеджерлерінің әлеуетін мониторингтеу және оның даму мүмкіндіктерін болжау;

      2) қызметкерлерді оқыту және жеке даму процестерін бақылау. Қызметкерлерінің жеке даму жоспарларын біле отырып, ӘКК кадрлық саясатты нақты және сапалы жүргізе алады;

      3) компания стратегиясының шеңберінде, оның даму басымдықтарын айқындай отырып, ӘКК-нің кадрлық әлеуетті дамыту бойынша күшін бағыттау ӘКК қызметіне ISO 9001 халықаралық сапа стандарттарын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

      Сапа менеджменті жүйесі:

      1) ӘКК ұсынатын қызметтерге қатысты талаптарды айқындауға және әріптестердің сенімдерін ақтауға;

      2) қызметкерлердің және құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-қимылында келісімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Енгізілетін сапа менеджменті жүйесі қызметкерлердің білімі мен тәжірибесінің сабақтастығына ықпал етеді, олардың өнімділігін арттырады, бұл тұтастай алғанда, бизнестің табысын және ӘКК рейтингісін арттыруға мүмкіндік береді.

      Халықаралық практика ISO сертификатының бар болуы шетел әріптестерінің сенімін тудыратынын, жаңа нарықты қамтуға мүмкіндік беретінін растайды. ISO сертификаты – бұл қоғамдық мойындау және жарнамалық құрал.

      Инвесторларды тарту тетігінің маңызды элементтерінің бірі ӘКК-нің қызметкерлері қамтамасыз ететін әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың оң имиджін қалыптастыру болып табылады.

      ӘКК-нің оң имиджі – ӘКК үшін және тұтастай алғанда, өңір үшін қомақты табыс әкелуге қабілетті әріптестердің адалдығын қалыптастырудың маңызды құралы.

      Оң имидж әріптестерді тартуға мүмкіндік береді және іске асырылған жобалардың деңгейін және көлемдерін арттыруға, қоғамның санасында ӘКК басқа даму институттарының алдында тиімді артықшылықтарын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

      ӘКК басшылығының және қызметкерлерінің, сондай-ақ еншілес ұйымдардың топ-менеджментінің біліктіліктерін арттыру жөніндегі іс-шаралар мыналарды қамтиды:

      1) ӘКК қызметкерлері және еншілес кәсіпорындардың басшылары үшін семинарлар өткізу бойынша білім беретін алаң құру,осындай алаң құру ең тиімді және инновациялық білім беретін үлгілерді және үздік практиканы таратуға мүмкіндік береді;

      2) білім беретін үлгілерді және үздік практикаларды таратудың жыл сайынғы мониторингі қызметкерлердің біліктілігін сапалы арттыруға және осы мақсаттарға ақшалай қаражаттарды тиімді жұмсауға мүмкіндік береді;

      3) еншілес ұйымдар арасында үздік басқарушы, үздік бухгалтер, үздік заңгер және т.б. атағын алуға жыл сайын конкурстар өткізу.

      Мемлекет басшысы әлемдегі жаңа талаптарға байланысты жаңа міндеттер қойды. Қалыптасқан нарықтық экономика жағдайында мемлекет бәсекеге қабілетті экономика үлгісіне және индустриялық-инновациялық даму, білім және ғылым, менеджмент, маркетинг, логистика, жаңа ақпараттық технологиялар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты реформалау және басқа саладағы мамандарға деген қажеттілік үнемі өсетін Қазақстан үшін басым салалардың орнықты өсуіне негізделген даму жолын таңдады.

      Ұлттық компанияларда кадрлық саясатты бизнесте жұмыс тәжірибесі бар адамдарды, шетелдік мамандарды және "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тартуға қайта бағдарлау әртүрлі қызмет салаларында мамандар арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді, әлемнің жетекші шетелдік университеттерінде және қазіргі бизнес қызметінде алған идеялармен және білімдермен алмасу үшін тұғырнама құрады.

      Сол арқылы жаңа мамандар кәсіби күш-жігерін, іскерлік әлеуетін және жинаған халықаралық тәжірибесін біріктіріп, ӘКК-ні және тұтастай алғанда, өңірді орнықты дамытуға өз үлесін қосады.

      ӘКК-нің директорлар кеңесі қызметтің алға қойған нақты басты көрсеткіштеріне қол жеткізу тұрғысында менеджментті бағалауды жүзеге асырады. ӘКК-нің менеджментіне сыйлықақы беру жүйесі оның қызметінің нәтижесіне байланысты болады.

      ӘКК-нің жұмысын тиімді жоғарылату мақсатында әріптестермен, еншілес және тәуелді ұйымдармен тұрақты "кері байланысты" орнату бойынша іс-шаралар жүргізілетін болады, атап айтқанда электрондық құжатайналымын жүргізу, бұл қағаздағы рәсімдеуді азайтып, ішкі және сыртқы құжаттардың қозғалысын жылдамдатуға, сондай-ақ құжаттардың орындалуына тиісті бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелерін, еншілес және тәуелді ұйымдарды және өзге де мүдделі тұлғаларды біріктіретін, бірегей ақпараттық кеңістік құру жоспарлануда.

      Отандық және шетел инвесторларды ақпараттандыруды қамтамасыз ету үшін үнемі жаңартылатын және ӘКК қызметі туралы ақпаратпен толықтырылатын интернет-ресурс бар.

      Таяу перспективада ӘКК интернет-ресурсының базасында тек ақпаратпен тиімді алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар инвесторлардың, әріптестердің, даму институттары мен бірлескен кәсіпорындардың бизнестерін ілгерілету үшін Медиа-орталық ұйымдастыру жоспарланған.

      Тауарлардағы, жұмыстардағы және көрсетілетін қызметтердегі қазақстандық қамту

      Қазақстан Республикасында қазақстандық қамтуды дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру шеңберінде ӘКК өзінің инвестициялық қызметін қажетті тауарлар мен қызметтердің отандық өндірісін құру және дамыту бойынша жобаларды іске асыруға бағыттай отырып жүзеге асырады.

      Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізген кезде ӘКК тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерге артықшылық береді.

      Атап айтқанда, 2013 жылы ӘКК 96 626,7 мың теңгеге тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер сатып алған, ондағы қазақстандық қамтудың үлесі:

      1) тауарлар бойынша – 17,8 %;

      2) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша – 100 % құрады.

      2014 жылы қазақстандық қамтудың үлесі:

      1) тауарлар бойынша– кемінде 49 %;

      2) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша – кемінде 78 % жоспарлануда.

      Келешекте 2020 жылға қарай:

      1) тауарлар бойынша – 60 %;

      2) жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша – 90 % жоспарланып отыр.

      Жер қойнауын пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру кезінде жер қойнауын пайдалану келісімшарттарында ӘКК кадрларға (оның ішінде жоғары және орта деңгейдегі басшыларға, мамандарға және білікті қызметкерлерге), сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық қамтудың ең төменгі мөлшерлерін (мақсатты индикаторлардың бағдарламасында бекітілгеннен төмен емес) көздеген.

      Өзінің келешектегі қызметінде ӘКК тұрақты бәсекеге қабілетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді Қазақстанда өндіру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ оларды ішкі нарықта ілгерілету бойынша жұмысты жалғастырады.

      Экспортқа бағдарлану

      Озық өндірістік және басқарушылық технологияларды және стандарттарды қолдану мақсатында ӘКК ұйымның өзінде, еншілес және тәуелді кәсіпорындарда қызметтің әртүрлі салаларындағы халықаралық сапа менеджменті стандарттарын (ISO 9001, ISO 14001 және басқалары) енгізу бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр. Бұл қазақстандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен экспортқа бағдарлануын арттыруға мүмкіндік береді.

      Компаниялар топтарынан үш кәсіпорын ("Казчерметавтоматика" АҚ, "Сарыарқа" технопаркі" ЖШС, "Топар асыл тұқым шаруашылығы" ЖШС) қызметін ISO 9001 стандартына сәйкес жүзеге асырады, қалған кәсіпорындар бойынша сертификаттау жұмыстары жүргізілуде.

      ӘКК-нің еншілес және тәуелді ұйымдарынан "Қазчерметавтоматика" АҚ өнімдерін экспортқа шығаруға (Ресей Федерациясына) өндіреді.

      Бұдан басқа, ӘКК-нің қатысу үлесімен жер қойнауын пайдалану саласындағы жеке кәсіпорындар кейін барлау циклін аяқтағаннан кейін және өндіруге көшкеннен кейін, экспортқа бағдарланған өнім өндіруді жоспарлауда (мысалы, "Орда Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – барит, "Silikon mining"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – талшықты кварц).

      ӘКК-нің еншілес және тәуелді ұйымдары өнімдерінің экспортын дамытуға және ілгерілетуге жәрдемдесу мақсатында "KAZNEXINVEST" экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

      Әлеуметтік жауапкершілік

      Әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін ӘКК-де әріптестердің өңірді әлеуметтік дамытуға өтеусіз аударымдарды шоғырландыратын "ӘКК әлеуметтік қоры" корпоративтік қоры (бұдан әрі – корпоративтік қор) қызмет етеді. Корпоративтік қордың қаржылық қаражаттары әлеуметтік сала объектілерінің құрылысына, аумақтарды абаттандыруға, медициналық техниканы сатып алуға, балалар спортын дамытуға, сондай-ақ Қарағанды облысының әлеуметтік жобаларын іске асыруға пайдаланылады.

      2012 – 2013 жылдары корпоративтік қор жалпы сомасы 145,4 млн. теңгеге 11 әлеуметтік жобаны қаржыландырды.

      Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын іске асыру мақсатында ӘКК-нің таза табыстарының бөлігі акционердің шешімі бойынша және дивиденттік саясат шеңберінде жергілікті бюджетке бөлу ұйғарылады.

      Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу

      Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасында айқындалған талаптарда ӘКК мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатыса алады.

      2011 жылдан бастап ӘКК мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыруға және пайдалануға, Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасын, ТКШ жаңғырту бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 254 қаулысымен бекітілген "Өнімділік – 2020" бағдарламасын және басқаларды іске асыруға белсенді қатысады.

      Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша микрокредит беру тетігінің екінші бағытын іске асыру үшін ӘКК микроқаржы ұйымдарына кредит беру бойынша уәкілетті ұйым ретінде болды. 2011 – 2012 жылдары республикалық бюджеттен микрокредит беруге жалпы сомасы 1 273,5 млн. теңге бюджеттік кредиттер бөлініп, олар толық игерілді. Түпкілікті қарыз алушылар ауылдық аудандардың тұрғындарына 691 микрокредит берді.

      ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша ӘКК тұрғын үй меншік иелерімен қаржыландыру тетігін түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді, құжаттарды жинау бойынша көмек көрсетті, өтінімдерді іріктеуді жүргізді. Республикалық бюджеттен 2011 – 2012 жылдары бөлінген жалпы сомасы 492,5 млн. теңге ақшалай қаражатқа Қарағанды, Теміртау, Саран мен Сәтпаев қалаларында 25 көппәтерлі үйлерге жөндеу жүргізілді.

      2013 жылы жүргізілген жөндеу үшін халықтан қайтарылған қаражатқа Жезқазған қаласының үш тұрғын үйіне 37,8 млн. теңге сомаға күрделі жөндеу аяқталды. 2014 жылы 63,7 млн. теңге сомаға Жезқазған қаласында тағы төрт тұрғын үйге күрделі жөндеуді аяқтау жоспарлануда.

      Бағаларды ұстап тұру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін іске асыру мақсатында ӘКК Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және оны қызметі бойынша мамандандырылған ұйым ретінде айқындалған.

      2011 жылы ӘКК "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамынан (бұдан әрі – "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ) 2 207,4 млн. теңге мөлшерінде бюджеттік қарыз алды, 1 006,5 млн. теңге сомасына тауар сатып алды, олардың жартысы қазіргі уақытта сатылған жоқ және өнім жеткізушілерде орындауда жатыр.

      2012 жылы ӘКК Тұрақтандыру қоры үшін өнімдерді сатып алу мақсаттарына бюджеттен 1 052,5 млн. теңге мөлшерінде нысаналы трансферт алды. 2013 – 2014 жылдардың маусымаралық кезеңіне Тұрақтандыру қоры 2013 жылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің (бұдан әрі – АШТӨ) орындауға берілген тауар өнімдері есебінен қалыптастырды.

      Көктемгі-далалық жұмыстарды қаржыландыру шеңберінде АШТӨ кредиттерін кепілдендіру. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ бюджеттік кредит қаражаты есебінен көктемгі егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге АШТӨ-ні, оның ішінде 2011 жылдан бастап – әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың кепілімен қаржыландыруды жүзеге асырады.

      ӘКК 2011 – 2013 жылдары "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ алдында міндеттемелерді қамтамасыз етуде қырық алты АШТӨ-ге 963,62 млн. теңге сомасында кепілдеме берді. Барлық кепілдемелер жойылды, АШТӨ-нің міндеттемелері орындалды.

      Бұдан басқа, агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кепілдеме беру және қарыздарын сақтандыру жөнінде іс-шаралар жүргізілетін болады.

      ӘКК 2014 жылдан бастап Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша өз ісін ұйымдастыруға және дамытуға түпкілікті қарыз алушыларға микрокредит беру үшін микрокредиттік ұйымдардың кредиттік қаражаттарды ұсыну және конкурстарды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды бастады. Осы мақсаттарға 2014 жылы өңірге республикалық бюджеттен 122,2 млн. теңге бөлінді. Микрокредит 3 моноқалаға – Шахтинск, Абай, Жезқазғанға берілетін болады.

      Келешекте, ӘКК-нің мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы бағдарламаларды сәтті жүзеге асыруға мүдделі мемлекеттік органдардың ұсыныстары, бірақ Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде айқындалатын болады.

      SWOT-талдау

      2-кесте ӘКК-нің SWOT-талдауы


Мықты тұстары

Осал тұстары

ІШКІ

ұлттық компанияның және өңірлік даму институтының мәртебесі;

салалық саралау және көпбейінділік;

біліктілігі жоғары еңбек ресурстарының бар болуы;

мемлекеттік қолдау;

халықаралық компаниялармен әріптестік;

жаңа кен орындарын игеру, жаңа өндірістерді ашу;

тиімді геосаяси орналасу

өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейі;

ЕТҰ ескірген техникалық жабдығы;

өзге де даму институттарымен өзара қатынастарының дамымауы;

Индустриялық паркті пайдалану тәжрибесінің жоқтығы;

минералдық шикізатты өңдеудің және байытудың тозған технологиялары;

жеке бизнестің әлеуметтік белсенділігінің осалдығы


Мүмкіндіктері

Қауіптер

СЫРТҚЫ

өңірдің экономикасына инвестицияларды ұлғайту;

өнімнің, оның ішінде экспортқа бағдарланған өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату;

инновациялық технологияларды, жоғары технологиялық өндірістерді енгізу;

халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру;

шикізат ресурстары және жер активтері қорларының бар болуы;

өсетін инвестициялық мүдде

экономикалық дағдарыс;

импорттық өнімнің өсіп келе жатқан бәсекеге қабілеттілігі;

жобаларды іске асырудың дайындық кезеңінде әкімшілік кедергілер;

жер қойнауын пайдалану жобалары бойынша қорлардың расталмауы;

жер қойнауын пайдалану құқығын ұсыну бойынша конкурстар өткізуге мораторийді жою;

құзыретті органның (Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі) келісімшарттарды ресімдеудің ұзақ рәсімдері;

жер учаскелерінің жер қойнауын пайдалану жобаларына тиесілігінің проблемалары;

ақшалай қаражаттардың жетіспеушілігі;

заңнаманың кемшіліктері;

экономиканың шикізат емес секторына инвестициялардың төмен деңгейі


      Қарағанды өңірі экономикасының басым секторлары

      ӘКК үшін экономиканың басым секторларын айқындау ҮИИДМБ-да баяндалған, облыста қалыптасқан экономикалық мамандануды, мемлекеттік индустриялық-инновациялық саясаттың негізгі бағыттарын ескере отырып жүзеге асырылды.

      ӘКК бірінші кезектегі тәртіпте облыс үшін маңызды инвестициялық жобаларды іске асыруға күшін шоғырландыратын Қарағанды өңірі экономикасының өсу нүктелері бес негізгі сала болып табылады.

      Өңдеу саласы

      Бұл сала облыстың өнеркәсіптік өндірісінде негіз қалаушы сала болып табылады. Тиісінше, ӘКК-нің күші шикізаттық емес сектордың дамуына бағытталатын болады.

      ӘКК-нің инвестициялық жобалары дайын өнімді шығарумен айналысатын кәсіпорындар санын, шығарылатын өнім өндірісінің түрлері мен көлемдерін ұлғайтуға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен экспортқа бағдарлану деңгейін арттыруға, өнімнің қосылған құнын жоғарылатуға және еңбек өнімділігін ұлғайтуға ықпал ететін болады.

      Тау-кен өндіру саласы

      Бұл сала сондай-ақ өңірдің экономикасында жетекші болып табылады және әртүрлі деңгейдегі бюджетке жалпы салықтық түсімдердің маңызды үлесін құрайды. Облыс республиканың минералды-шикізаттық кешенінде маңызды орын алады және бірегей темірмарганец, баритполиметаллы, мыс кені және көмір өндірілетін өңір болып табылады.

      ӘКК қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді ұйымдастыруға, келешекте қайта өңдеу үшін шикізаттық базаны кеңейтуге, кейін бөліністердің металлургиялық өндірістерін құруға баса назар аударады.

      Агроөнеркәсіптік кешен

      Облыстағы ӘКК-нің күші мен ресурстарын салудың басым бағыттарының бірі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады.

      Бұл бағытта ӘКК ауыл шаруашылығында жобаларды іске асыру, ауыл шаруашылығы кластерлерін құру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу бойынша жаңа және инновациялық технологияларды енгізу, нарықты отандық азық-түлік өнімдерімен толтыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

      Энергетикалық сала

      Энергия тапшылығының болуы энергияны өндірістік тұтынудың өсуін тоқтату факторларының бірі болып табылады, бұл,тиісінше, экономика салаларын дамытуды және халықтың өмір сүру деңгейін шектеуге әкеледі.

      ӘКК энергия тиімділігі мен энергия үнемдеудің жоғары деңгейі бар технологияларды іздестіруде және тартуда, электр энергиясын арзандату және энергияның балама көздерін өндіру жөніндегі жобаларға, энергетикалық кешенді құру үшін жеке компанияларды іздестіруге белсенді қатысады.

      Құрылыс және құрылыс материалдар өндірісі

      ӘКК-нің құрылыс индустриясын дамытудағы негізгі міндеті құрылыс нарығында қатысудың үлесін ұлғайту, құрылыс материалдарын өндіретін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық жаңартуға қатысу, қосылған құны жоғары жаңа өндірістерді құру болады, тұрғын үй кешенін салу бойынша біріккен жобаларды іске қосу жоспарлануда.

      Облыс экономикасының басым секторларында жүргізілетін негізгі қызметпен бірге ӘКК, мүмкіндігіне қарай, ӘКК үшін басым, бірақ Қарағанды өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы бар салалардың қатарына кіретін басқа салаларда әртүрлі инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысатын болады.

2. Миссиясы мен пайымы

      ӘКК қызметінің мақсаты Қарағанды облысының өсу нүктелерінде бизнес-бастамаларды қолдау және экономикалық белсенділікті ынталандыру болып табылады.

      ӘКК миссиясы: мемлекеттің және бизнестің әріптестігі қағидаттарында Қарағанды өңірін әлеуметтік-экономикалық дамытуға жәрдемдесу.

      Пайымы: 2023 жылға қарай ӘКК активтерді тиімді басқаратын, өңірдің өсу нүктелерінде экономикалық белсенділікті, оның ішінде инвестицияларды тарту арқылы ынталандыратын және бәсекеге қабілетті тұрақты өндірістерді қалыптастырудың катализаторы болып табылатын өңірлік даму институты болады.

3. Қызметтің стратегиялық бағыттары (бұдан әрі – ҚСБ), мақсаттары, міндеттері, негізгі көрсеткіштері

      ӘКК миссиясына сәйкес пайымға қол жеткізу үшін ӘКК мынадай ҚСБ бойынша жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр:

      1) корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру және активтердің құнын ұлғайту;

      2) бизнес-ортаның экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін жағдайлар жасау;

      3) инвестицияларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жобаларды іске асыру.

      1-ҚСБ. Корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру және активтердің құнын ұлғайту

      1-мақсат. ӘКК-нің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру.

      Міндеттер:

      1) озық өндірістік және басқарушылық технологиялар мен стандарттарды енгізу;

      2) табыстылықты арттыру;

      3) мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу.

      Іс-шаралар:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ӘКК-нің қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарын жаңарту;

      2) қажет болған жағдайда ӘКК-нің жаңа үлгілік нормативтік құжаттарын, ішкі бақылау қағидаларын, дауларды басқару жөніндегі ережені, тәуекелдерді бақылау саясатын, ӘКК директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережені, корпоративтік басқаруды бағалау тәртібі туралы ережені және басқаларды әзірлеу;

      3) өнім өндірген кезде озық және инновациялық өндірістік технологияларды, новаторлық идеяларды енгізу;

      4) әкімшілік кедергілерді жою үшін жалғыз акционермен, мемлекеттік органдармен және өңірдің бизнес-қоғамдастықтарымен өзара іс-қимылды күшейту;

      5) ӘКК кәсіпорындары арасында шаруашылық байланыстар мен тәжірибемен алмасуды дамыту;

      6) шоғырланған шығындардың пайда болуына жол бермеу мақсатында "Металлургия-металлөңдеу" индустриялық паркі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан әрі – "ММИП" ЖШС) мүліктерін "Сарыарқа" АЭА-ға берудің әртүрлі тетіктерін іздестіру;

      7) "Арқа" БИК" АҚ-дан ақша қаражатын қайтару және азық-түліктік тауарлардың Тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде ӘКК-нің дебиторлық берешегін төмендету бойынша шешім жолдарын іздеу;

      8) іске асырылатын инвестициялық жобалардың санын арттыру;

      9) әкімшілік шығыстарды оңтайландыру;

      10) ӘКК топтарының қаржылық-шаруашылық қызметінің тұрақты мониторингін жүзеге асыру;

      11) әрекет етпейтін активтерді қайта құрылымдау;

      12) еншілес және тәуелді ұйымдарға тұрақты негізде консультациялық көмек көрсету;

      13) мемлекеттік бағдарламалар аясында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қатысуымен іс-шараларды жүзеге асыру (АШТӨ кредит беру бойынша кепілдеме беру, Бизнестің жол картасы – 2020);

      14) мемлекеттік бағдарламаларды орындау негізінде әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру;

      15) моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы проблемаларды анықтау, өсу көздерін айқындау, іс-шараларды қаржыландыру, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, халықтың табысын жоғарылату мәселелерін шешу;

      16) іске асыру ӘКК үшін шығынды болып табылатын мемлекеттік бағдарламалардан (Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы, ТКШ жаңғырту бағдарламасы, Тұрақтандыру қоры) шығу бойынша жұмысты жандандыру.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) негізгі қызметтен таза табыстың мөлшері;

      2) бір қызметкерге таза табыстың мөлшері;

      3) активтердің тиімділігі.

      Межелі нәтижелер:

      Осы міндеттерді шешу ӘКК өзінің еншілес және тәуелді кәсіпорындарымен бірге 2016 жылға қарай шығынсыздық нүктесіне шығуға және кейін ұлғайту үрдісімен 35 млн. теңге сомасында шоғырланған таза пайда алуға мүмкіндік береді, бұл 2023 жылы 300 млн. теңге мөлшеріндегі шоғырланған таза пайдаға ие болуына әкеледі. Жаңа өндірістер құрылады және жұмыс істеп тұрған өндірістердің көлемдері ұлғаяды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда кәсіпорындардың орташа өнімділігін 2016 жылы 1,5 есеге, 2021 жылы 2 есеге жоғарылатуға әкеледі. Тиісінше, ӘКК-нің дамуына әр қызметкердің үлесі өседі, бұл тиісті көрсеткіште көрініс тапты: 2016 жылмен салыстырғанда бір қызметкерге есептегендегі таза кіріс 2023 жылға қарай 8,5 есе 4 761,9 мың теңгеге дейін өседі.

      ӘКК-нің жарғылық капиталының ауқымды өлшеміне қарамастан, рентабельдігі де артады: 2016 жылы 0,1 %-дан, 2023 жылы 1,0 %-ға дейін.

      Республикалық және өңірлік салалық бағдарламаларды іске асыру бизнесті мемлекеттік қолдаудың жүйелі шаралары мен құралдары арқылы қамтамасыз етіледі.

      2-мақсат. Активтерді оңалту (сауықтыру) және олардың құнын арттыру

      Міндеттер:

      1) жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту;

      2) мемлекеттік активтерді іскерлік айналымдарға тарту, проблемалық активтерді сауықтыру және олардың базасында бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту;

      3) ішкі және сыртқы нарықтарда өнімді белсенді ілгерілету үшін өнімді брендтеуге жәрдемдесу;

      4) активтердің құнын арттыру.

      Іс-шаралар:

      1) еншілес және тәуелді кәсіпорындардың қызметіндегі проблемаларды және жағымсыз тұстарды жою үшін анықтау;

      2) "Сарыарқа" АЭА-ге мүліктерді беруге байланысты "ММИП" ЖШС еншілес ұйымының қызметіндегі проблемалы мәселелерді шешу жолдарын табу;

      3) жаңа жоғары технологиялық жабдықтар, станоктар, машиналар, агрегаттар сатып алу, өндірістік персоналды қайта оқыту;

      4) еншілес және тәуелді кәсіпорындарға менеджмент сапасының халықаралық стандарттарын енгізу;

      5) басқарушылық есепке алудың бірыңғай жүйесін енгізу;

      6) әр шығынды еншілес және тәуелді кәсіпорынды оңалту және сауықтыру жөніндегі бағдарлама мен жоспарды әзірлеу;

      7) "Арқа" БИК" АҚ еншілес ұйымын шығынсыз қызметке шығару жолдары мен тетіктерін іздестіру, облыста Тұрақтандыру қоры шеңберінде пайда болған шығындарды өтеу;

      8) Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту тұжырымдамасына сәйкес қаржылық сауықтандыру бойынша әзірленген жоспар және осыған көзделген облыстық бюджет қаражаты болған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдар беретін проблемалық мемлекеттік активтерді оңалту;

      9) еншілес және тәуелді ұйымдардың өнімдерін әлеуетті тұтынушылар іздеуде көмек көрсетуді жүзеге асыру;

      10) өндірілген өнімдерді тұтынушы нарығына (коммуналдық базарларға, сауда үйлеріне) тиімді ілгерілету жүйесін құру, сыртқы нарықтарға экспорт;

      11) ішкі және сыртқы нарықтарда өнім өткізуде көмек көрсету;

      12) ӘКК еншілес және тәуелді кәсіпорындарының өнімдеріне ақпараттық және тәжірибелік маркетинг жүргізу;

      13) дебиторлық және кредиторлық қарыздарды төмендету мақсатында наразылық-талап арыз жұмысын күшейту;

      14) өндірістік шығыстарды оңтайландыру;

      15) негізгі қорларды мерзімді қайта бағалауды жүргізу;

      16) қымбат емес қаржы ресурстарын тартуға жәрдемдесу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың санын ұлғайту;

      2) өткен жылмен салыстырғанда оңалтылған кәсіпорындардың жалпы кірісінің өсуі.

      Межелі нәтижелер:

      Жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғырту жүргізілетін болады, бұл еншілес және тәуелді кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, қосылған құны жоғары отандық өнімдердің экспортқа бағдарлануын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу оңалтылған кәсіпорындардың санын ұлғайтуға ықпал етеді, бұл 2016 жылы 3 кәсіпорынды, 2019 жылы – 6, 2023 жылы – 10 кәсіпорынды құрайды.

      Оңалтылған кәсіпорындардың жалпы кірісі жыл сайын 3-тен 10 %-ға ұлғаяды.

      3-мақсат. Корпоративтік басқарудың деңгейін арттыру.

      Міндеттер:

      1) корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу;

      2) ӘКК мен еншілес ұйымдардың кадрлық саясатын қайта бағдарлау.

      Іс-шаралар:

      1) корпоративтік басқару кодексін жетілдіру;

      2) корпоративтік басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын енгізу;

      3) корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалауды жүргізу үшін тәуелсіз консалтингтік фирмаларды тарту;

      4) ӘКК-нің құрылымдық бөлімшелерін, еншілес және тәуелді ұйымдарды және басқа мүдделі тұлғаларды біріктіретін бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру;

      5) еншілес және тәуелді кәсіпорындар үшін корпоративтік басқарудың және басқарудың озық әдістерін енгізудің жүйесін жетілдіру жөніндегі тренингтер өткізу;

      6) білім беру үлгілері мен үздік тәжірибелерді таратудың жыл сайынғы мониторингі;

      7) еншілес ұйымдар арасында үздік басқарушы, үздік есепші, үздік заңгер және басқалар атағына жыл сайын конкурстар өткізу;

      8) тәжірибе алмасу, проблемалық мәселелерді шешу және үздік тәжірибелерді таныстыру үшін өңірлік корпорациялардың дөңгелек үстелдерін жыл сайын өткізу;

      9) ӘКК-нің кадрлық саясатын бизнесте жұмыс тәжірибесі бар адамдарды, ірі компанияларда жұмыс істеу тәжірибесі бар шетел мамандарын және "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тартуға бағдарлау.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) корпоративтік басқару рейтингін беру;

      2) семинарларда және біліктілігін арттыру курстарында оқыған персоналдың саны;

      3) тартылған шетелдік мамандар мен "Болашақ" бағдарламасы түлектерінің саны.

      Межелі нәтижелер:

      Корпоративтік басқарудың тиімділігін бағалау үш жылда бір рет – 2016, 2019 және 2022 жылдары тәуелсіз консалтингтік фирманы тарта отырып, корпоративтік басқару рейтінгінің қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      ӘКК-нің корпоративтік басқаруды бағалау нәтижесі 2022 жылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арасында корпоративтік басқарудың орта рейтингісінен жоғары болуға тиіс. Корпоративтік басқарудың жоғары деңгейі компания қызметінің экономикалық көрсеткіштеріне, ашықтықты жоғарылатуға, шешімдер қабылдау процесінің толықтығына әсер етеді, инвесторлардың компанияны жағымды қабылдауына септігін тигізеді.

      "КРI" жүйесінің аясында әр қызметкер қызметінің басты көрсеткіштерінің жеке карталары әзірленетін болады, бұл ӘКК менеджерлерінің әлеуетін мониторингтеуге, оларды оқыту мен жеке даму процестерін бақылауға мүмкіндік береді.

      ISO 9001 халықаралық стандарт сапасын енгізу бойынша жүргізілетін жұмыс ӘКК ұсынатын қызметтерге қатысты әріптестердің талаптарын айқындауға және олардың сенімдерін ақтауға, қызметкерлер мен құрылымдық бөлімшелердің өзара іс-әрекеттерінде келісімдікті қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

      ӘКК персоналы тұрақты түрде екі жылда бір рет болжамды мерзімділікпен қайта оқудан өтіп, өз біліктіліктерін арттырады.

      Кадрлық саясатының маңызды бағыттарының бірін растау ӘКК жұмысына 2023 жылы 8 адамға дейін шетелдік мамандар мен "Болашақ" бағдарламасының түлектерін тарту болып табылады.

      2-ҚСБ. Бизнес-ортаның экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін жағдайлар жасау.

      1-мақсат. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үшін кешенді жүйені қалыптастыру.

      Міндеттер:

      1) басым салаларда кластерлерді дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті өңірлердің жүйе құраушы және ірі компаниялары айналасында дамыту жөніндегі әріптестік бағдарламаларды үйлестіру;

      2) коммуникацияларды дамыту және қоржынды компаниялар арасында дағдылармен алмасу;

      3) ғылыми-зерттеу институттарымен және ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен, тәжірибелік-конструкторлық бюролармен ынтымақтастықты кеңейту;

      4) жаңадан басталған бизнесті қолдауда инфрақұрылымды (бизнес-инкубаторларды, технопарктарды, индустриялық аймақтарды) дамыту.

      Іс-шаралар:

      1) ӘКК-нің инвестициялық саясатын әзірлеу;

      2) шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде ірі кәсіпкерлік айналасында кластерлеу жоспарларын әзірлеуде, ӘКК іске асыратын жобалар шеңберінде облыс экономикасының басым салаларына қатысу;

      3) өңірдің ірі жүйе құрушы кәсіпорындарымен бірге әріптестік бағдарламаларын іске асыру;

      4) Инвесторларға қызмет көрсету орталығының жұмысын үйлестіру;

      5) тартымды бизнес-идеялар мен жобаларды іздеу, талдау және сүйемелдеу;

      6) отандық және шетелдік инвесторлардың коммерциялық ұсыныстары мен инвестициялық жобаларын қарау;

      7) дағдылармен және тәжірибелермен алмасу мақсатында семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

      8) жобаларды бірлесіп іске асыру үшін даму институттарымен және екінші деңгейдегі банктермен меморандумдар мен келісімдер жасау;

      9) R&D орталықтарын және/немесе инновациялар кеңселерін құру;

      10) өңірде инвестициялық объектілер туралы деректер базасын қалыптастыру;

      11) моноқалаларда кәсіпкерлік белсенділікті дамытуда ықпал ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      12) инвестицияларды тартуға, сондай-ақ халықаралық қатынастарды дамытуға бағытталған форумдарға, конференцияларға қатысу;

      13) республикалық және облыстық жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және ұйымдармен ынтымақтастық туралы меморандумдар, шарттар және келісімдер жасасу;

      14) перспективалы жобаларды іздестіруге бағытталған жыл сайынғы шараларды ұйымдастыру;

      15) ақпаратпен тиімді алмасу және әлеуетті әріптестер мен инвесторлардың бизнесін ілгерілету үшін ӘКК сайтының деректер базасында Медиа-орталық немесе электрондық алаң құру;

      16) индустриялық парк және "Сарыарқа" АЭА туралы, алаңға, өндірістік инфрақұрылымға, инвесторлар мен жобалардың бастамашыларына көмек көрсетуге бағытталған мүмкіндіктер мен құралдарға қатысты бейне материалдар дайындалатын бағдарламаны әзірлеу және оны насихаттауды жүргізу.

      Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізу үшін қаржы қаражаттары қажеттілігіне қарай ӘКК дамытудың 2014 – 2018 жылдарға арналған жоспарында жоспарланатын болады.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер санының өсуі;

      2) R&D орталықтары мен инновациялық кеңселерін құру;

      3) облыста жаңадан басталған бизнесті қолдаудың инфрақұрылым объектілері санының өсуі.

      Межелі нәтижелер:

      Жоғарыда көрсетілген міндеттерді шешу бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, ӘКК-мен ынтымақтастықта бизнес-ортаның мүдделілігін арттыруға, бизнесті жүргізу бойынша мемлекеттік қолдау құралдарын пайдаланатын кәсіпкерлердің санын ұлғайтуға дайындық жөніндегі алдын ала жүйені құруға мүмкіндік береді. Жыл сайын кейін санын екі есе ұлғайтумен кемінде 40 инвестициялық жоба мен ұсыныстар қаралатын болады.

      2015 жылы "Казчерметавтоматика" АҚ-ның еншілес ұйымының базасында бірінші R&D орталығы құру жоспарланып отыр, кейін осындай орталықты (инновациялар кеңсесін) "Сарыарқа" технопаркі" ЖШС-нің қатысуымен 2019 жылы құру жоспарланып отыр.

      Компания Жезқазған, Сәтпаев, Шахтинск, Саран қалалары мен Жаңаарқа аудандарында жаңадан басталған бизнесті (индустриялық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қолдаудың инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін болады. 2014 жылдан бастап инфрақұрылым элементтерінің саны 2016 жылы – 2 элементке, 2018 жылы – 3 элементке дейін қарқынды дамиды және 2022 жылы кемінде 4 элемент болады.

      Шағын және орта бизнесті, оның ішінде ірі бизнестің айналасында кластерлеуді дамыту шеңберінде кейін қара мыс және бағалы металдар шығаратын зауыт сала отырып, Балқаш кен-металлургиялық комбинатының шлактарынан мысты барлау және өндіру жөніндегі жоба іске асырылады.

      Бұдан басқа, жер қойнауын пайдалану саласында жобалау құжаттарын әзірлеу және өзінің әріптеспен бірлесіп іске асырылатын жобалар бойынша геологиялық барлау жұмыстарын орындау жөніндегі бірлескен кәсіпорынды құру күтіліп отыр.

      Бірлескен жобаларды іске асырған кезде, оның ішінде Қарағанды өңірінің Активтер қорын (Кепіл қоры) құру жолымен инвесторларды тарту жөніндегі іс-шаралар ұйымдастырылатын болады.

      2-мақсат. Бизнес-қоғамдастықтың өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін арттыру.

      Міндеттер:

      1) бизнес-жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастықты кеңейту;

      2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілерге қолдау көрсету;

      3) ӘКК-нің қызметі аясында қаржылық емес қолдау көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) бизнес-қоғамдастықты мемлекеттік қолдау құралдарын ұсыну жолымен мемлекеттік даму институттарымен ынтымақтастыққа тарту;

      2) мемлекеттік даму институттарымен одан арғы бірлескен қызмет туралы меморандумдар жасасу;

      3) облыс кәсіпкерлерінің өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін арттыруға бағытталған форумдарға, конференцияларға және семинарларға қатысу;

      4) ӘКК туралы таныстыру-тарату материалын өңірдің кәсіпкерлеріне беру;

      5) кәсіпкерлерді тарту үшін презентациялар, көрмелер, роуд-шоулар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру;

      6) бизнесті дамыту мәселелері бойынша кәсіпкерлерге ақысыз консультациялар жүргізу;

      7) ӘКК интернет-ресурсын тұрақты түрде жаңарту және оны өзекті ақпараттармен толықтырып отыру;

      8) ӘКК қызметі туралы хабардар болу дәрежесін анықтау мақсатында кәсіпкерлерге анонимді әлеуметтік сауалнама жүргізу.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) интернет-ресурсына кіруді арттыру;

      2) өңір кәсіпкерлерінің сауалнамасын көбейту;

      3) форумдарға, конференцияларға және семинарларға тұрақты қатысу.

      Межелі нәтижелер:

      Бизнес-қоғамдастықтың мүдделілігі деңгейін көрсететін құрылған (www.spk-saryarka.kz) интернет-ресурсқа кірудің көрсеткіштері 2014 жылы 15 000-нан бастап 2018 жылы 16 100-ға дейін, ал 2022 жылы 18 000-ға дейін өсетін болады.

      ӘКК қызметінің шеңберінде консультациялық және сервистік қызмет алған,сауалнамадан өткен кәсіпкерлердің саны 2014 жылы 150-ден бастап 2023 жылы 330-ға дейін екі еседен де көп мөлшерге артатын болады.

      Ынтымақтастықтың әртүрлі салалары бойынша форумдарға, конференцияларға және семинарларға жыл сайын қатысу кемінде 5 есе болады.

      3-ҚСБ. Инвестицияларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жобаларды іске асыру.

      1-мақсат. Әртүрлі көздерден инвестицияларды тарту

      Міндеттер:

      1) перспективалы жобаларды іске асыру үшін өңірлерге отандық және шетелдік инвесторларды тарту;

      2) мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында инвесторларға үлестік және басқа да қатысу арқылы жобаларды іске асыруда көмек көрсету.

      Іс-шаралар:

      1) әлеуетті инвесторлар, олардың мүмкіндіктері, талаптары және инвестициялау шарттары туралы ақпараттар жинау және талдау;

      2) инвесторлар туралы деректер базасын қалыптастыру;

      3) ӘКК-нің инвестициялық тартымдылығын жариялау бойынша PR-акциялар жүргізу;

      4) әртүрлі деңгейдегі инвестициялық форумдарды жүргізуге белсенді қатысу;

      5) халықаралық қаржы институттары – Ислам даму банкімен, Еуропалық қайта құру және даму банкімен, Қазақстанның Даму банкімен және басқалармен ынтымақтастық;

      6) Инвесторларға қызмет көрсету орталығының сервистік қызметтерін инвесторларға көрсету;

      7) инвесторларды іздестіруде, іскерлік байланыстарды орнатуда, сондай-ақ қажетті ақпарат алуда көмек көрсету;

      8) үлестік қаржыландыру, активтермен қатысу арқылы, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде инвесторларға көмек көрсету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) жыл сайынғы инвестициялық қоржынның өсімі (%);

      2) өңдеу өнеркәсібінде шетелдік инвестиция көлемінің өсуі (жыл сайын 1-2 %);

      3) өңірге тартылған, оның ішінде "Global-2000" тізімінен тартылған шетелдік инвесторлардың санын 2023 жылға қарай 3 бірлікке ұлғайту;

      Межелі нәтижелер:

      Осы мақсатты іске асыру 2023 жылға дейін жыл сайын инвестициялық қоржынның көлемін кемінде 3-7 %-ға өсіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Өңдеу өнеркәсібіне шетелдік инвестициялардың көлемі жыл сайын 1-2 %-ға өсетін болады және 2023 жылы 15 %-ға жетеді.

      Өңірге жыл сайын кемінде 2 бірлік шетелдік инвесторларды,оның ішінде 2023 жылға қарай "Global-2000" тізімінен 3 бірлік тарту жоспарланып отыр.

      Инвестициялық қызметтің жаңа бағыттарын дамыту шеңберінде ӘКК Ислам даму банкінің тобымен бірлесіп шағын және орта бизнестің өкілдеріне одан әрі кредит беру үшін Қор құруды, дуальды білім беруді дамытуды, маркетингтік зерттеулер жүргізуді, өңірде жаңа технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды қолдауды және іске асыруды жоспарлап отыр.

      Әртүрлі қаржыландыру көздерінен инвестицияларды тарту бойынша жағымды ортаны құру үшін Қазақстанның даму банкімен, екінші деңгейдегі банктермен, "ҚазАгро" АҚ-мен, "Даму" КДҚ" АҚ-мен және шетелдік даму институттарымен (Еуропалық даму банкі, Ислам даму банкі) ірі жобаларды бірлесе қаржыландыру, нақты инвестициялық жобалар бойынша ӘКК-нің және шетелдік қаржы құрылымдарының кепілдігі арқылы қарыз қаражаттарын тарту, қаржы лизингінің құралын дамыту және басқа қолжетімді қаржы құралдарымен құрылымдау сияқты қаржы құралдарын үйлестіру бойынша жұмыс жүргізіледі.

      2-мақсат. Перспективалы инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру.

      Міндеттер:

      1) өңір экономикасының басым секторларында (өсу нүктелерінде) бәсекеге қабілетті жаңа өндірістер құру;

      2) қажетті тауарлар мен көрсетілген қызметтерді отандық өндіру/дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру;

      3) баламалы энергетика және энергия тиімді технологияларды дамытуға қатысу, энергия тиімділігі және энергияны қажет ететін өндірістерді азайту бағдарламаларын іске асыру.

      Іс-шаралар:

      1) өңірдің өсу нүктелерінде перспективалы және жоғары тиімді жобаларды іске асыру;

      2) пайдалы қазбаларды өңдеу және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды қарау кезінде қазіргі заманғы технологияларды ұсынатын инвесторларды тарту;

      3) тауарлар мен қызметтерді отандық өндіруді дамыту жөніндегі жобаларды басым тәртіппен қарау;

      4) инновациялық технологиялар мен өнертабыстық ұсыныстар қамтылған жобаларды, кейін оларды бәсекеге қабілетті ортаға берумен іске асыру;

      5) индустриялық аймақтарда өмірге бейімді жобаларды іске асыру;

      6) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің, қайта өңдеудің және өткізудің аяқталған циклымен агроөнеркәсіптік кластерлерді қалыптастыру;

      7) облыста сервистік-дайындау орталықтарының желісін қалыптастыруды аяқтау;

      8) жер қойнауын пайдалануға құқық, жер учаскелерін беру арқылы жаңадан құрылып жатқан кәсіпорындарда ӘКК-нің үлестік қатысуы, жарғылық капиталға мүліктік кешендерді және басқа материалдық құндылықтарды енгізу;

      9) жеке капитал қаражатын жаңғыртуға тарту арқылы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға үлестік қатысу;

      10) баламалы энергетика және энергия тиімді технологиялар ("жасыл экономика") жобаларын енгізу;

      11) электр энергиясының жаңартылатын көздері орталығын құру бойынша жобасын"OPUSPlatform" француз компаниясымен бірлесіп іске асыру және оны іске асыру жөніндегі шаралар кешенін қамтамасыз ету.

      Қызметтің түйінді көрсеткіштері:

      1) ӘКК-нің қатысуымен іске асыру жоспарланып отырған инновациялық жобалардың санын ұлғайту;

      2) жыл сайын іске қосылатын инвестициялық жобалардың, оның ішінде шетелдік инвесторлар қаражатының қатысуымен (кемінде бесеу) жобалардың санын өсіру;

      3) энергия тиімді және энергия үнемдейтін технологияларды қолданатын іске асырылып жатқан жобалардың санын өсіру.

      Межелі нәтижелер:

      Осы мақсатты орындаудың нәтижесі инновациялық жобаларды іске асыру болады, 2023 жылға қарай олардың саны сегізді құрауға тиіс.

      Іске қосылатын инвестициялық жобалардың саны, оның ішінде шетелдік инвесторлар қаражатының қатысуымен жобалар жыл сайын бесеуге өсетін болады.

      Энергетикалық салада инвестициялық жобаларды іске асыру өңірдегі экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуға, әртүрлі энергия көздері өңдейтін энергияның құнын арзандатуға мүмкіндік береді. Мысалы, электр энергиясының жаңартылатын көздері орталығын құру жөніндегі жоба "OPUSPlatform" француз компаниясымен бірлесіп іске асырылатын болады, бұл энергетикалық тиімділікті арттыру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

      Келешекте энергия тиімді және энергияны үнемдейтін технологияларды қолданатын іске асырылып жатқан жобалардың саны 2023 жылға қарай 5 бірлікті құрайтын болады.

      ӘКК 2023 жылға қарай инвестициялық қоржынының қомақты көлемі, еншілес және тәуелді кәсіпорындарының таралған желісі бар,жоғары білікті персоналды шоғырландырған орнықты өңірлік компания болады. Әлеуетті инвесторлармен тиімді өзара іс-қимылға және нарықтық капиталдандыруды арттыру және еншілес және тәуелді кәсіпорындарда жаңа қосылған құнды құру үшін қолда бар активтерді пайдалануға қол жеткізіледі.

      Озық өндірістік және басқару технологиялары мен стандарттарын енгізу арқылы ӘКК бағалы тәжірибеге, проблемалық мәселелерді шешудің жолдарына және үздік тәжірибелердің презентацияларына ие болады.

      Стратегияда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру ӘКК-нің тиімді корпоративтік басқару есебінен қамтамасыз етілетін болады. Стратегияны іске асырудың қорытындылары бойынша ӘКК қызметін бағалау жоспарланып отыр.

  "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік
корпорациясы" ұлттық компаниясы"
акционерлік қоғамының
2014 – 2023 жылдарға арналған
даму стратегиясына қосымша

"Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы"
ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының қызметінің
2014 – 2023 жылдарға арналған түйінді көрсеткіштері
(бұдан әрі – ҚТК)

      1-ҚСБ. Корпоративтік басқарудың тиімділігін арттыру және активтердің құнын ұлғайту

      1-мақсат. ӘКК-нің қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін арттыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Негізгі қызметтен таза табыстың мөлшері, мың теңге

0

10 000

35 000

60 000

90 000

110 000

140 000

190 000

240 000

300 000

2-ҚТК. Бір қызметкерге таза табыстың мөлшері, мың теңге

0

158,7

555,6

952,4

1428,6

1746,0

2222,2

3015,8

3809,5

4761,9

3-ҚТК. Активтердің тиімділігі, %

0

0

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,7

0,8

1,0


      2-мақсат. Активтерді оңалту (сауықтыру) және олардың құнын арттыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Оңалтылған (сауықтырылған) кәсіпорындардың санын ұлғайту

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

2-ҚТК. Өткен жылмен салыстырғанда оңалтылған кәсіпорындардың жалпы кірісінің өсуі, %

-

3

3

5

5

7

7

8

10

10


      3-мақсат. Корпоративтік басқарудың деңгейін арттыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Корпоративтік басқару рейтингін беру



+



+



+


2-ҚТК. Семинарларда және біліктілігін арттыру курстарында оқыған персоналдың саны

20

15

17

16

18

16

15

14

14

15

3-ҚТК. Тартылған шетел мамандары мен "Болашақ" бағдарламасының түлектерінің саны

0

1

1

1

0

1

1

1

1

1


      2-ҚСБ. Бизнес-ортаның экономикалық белсенділігін ынталандыру үшін жағдайлар жасау

      1-мақсат. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу үшін кешенді жүйені қалыптастыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Қарауға келіп түскен бизнес-өтінімдер санының өсуі

45

48

50

53

55

58

68

78

88

98

2-ҚТК. R&D орталықтары мен инновациялық кеңселерін құру

0

1

0

0

0

1

0

0

0

0

1-ҚТК. Облыста жаңадан басталған бизнесті қолдаудың инфрақұрылым объектілері санының өсуі

1

1

2

2

3

3

3

3

4

4


      2-мақсат. Бизнес-қоғамдастықтың өзара ынтымақтастыққа мүдделілігін арттыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Интернет-ресурсына кіруді арттыру

15 000

15 900

16 000

16 000

16 100

16 300

18 000

18 000

18 000

18 000

2-ҚТК. Өңір кәсіпкерлерінің сауалнамасын өсіру

150

170

190

210

230

250

270

290

310

330

3-ҚТК. Форумдарға, конференцияларға және семинарларға тұрақты қатысу

3

4

5

6

5

6

6

5

5

6


      3-ҚСБ. Инвестицияларды тарту және өңірдің өсу нүктелерінде жобаларды іске асыру

      1-мақсат. Әртүрлі көздерден инвестицияларды тарту

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. Жыл сайынғы инвестициялық қоржынның өсімі, %

3

3

3

5

5

5

5

7

7

7

2-ҚТК. Өңдеу өнеркәсібінде шетелдік инвестиция көлемнің өсуі, %

0

1

1

1

2

2

2

2

2

2

3-ҚТК. Өңірге тартылған, оның ішінде "Global-2000" тізімінен тартылған шетелдік инвесторлардың санын ұлғайту

0

2

2

2

2

2

2


2

1


2

1


2

1


      2-мақсат. Перспективалы инвестициялық және инновациялық жобаларды іске асыру

ҚТК атауы

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

2021

2022

2023

1-ҚТК. ӘКК-нің қатысуымен іске асыруға жоспарланып отырған инновациялық жобалардың санын ұлғайту

1

0

1

0

1

1

0

2

1

1

2-ҚТК. Жыл сайын іске қосылатын инвестициялық жобалардың, оның ішінде шетелдік инвесторлар қаражатының қатысуымен (кемінде бесеу) жобалардың санын өсіру

5

5

5

5

5

5

5

5

5

5

3-ҚТК. Энергия тиімді және энергия үнемдейтін технологияларды қолданатын іске асырылып жатқан жобалардың санын өсіру

1

1

2

2

3

3

3

4

5

5