Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 7-1/587 бұйрығын қараңыз.
«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 9 тамыздағы
№ 814 қаулысымен
бекітілген
Ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидалар
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді әрі жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аймақ – жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотия жағдайымен сипатталатын, әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсiне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;
1-1) алдын ала міндетті медициналық тексеріп-қарау - жұмысқа тұрған немесе оқуға түскен кезде кәсібі немесе оқуы бойынша міндеттерін орындауға жарамдылығын анықтау, сондай-ақ жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу әрі инфекциялық және паразиттік ауруларды таратпау мақсатында жүргізілетін тексеріп-қарау;
2) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) – эпизоотия ошағы белгiленген аумақ;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар – мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау объектiлерiне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгiлейтiн, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердiң негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi болып табылатын нормативтiк құқықтық акт;
4) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнiмдерi мен шикiзатының, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы айқындау;
5) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы – iшкi сауда объектiлерiнде және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатқа, жемшөп пен жемшөп қоспаларына ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi;
6) ветеринариялық iс-шаралар – жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеудi немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi;
7) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – ветеринария саласында басшылықты және мемлекеттiк саясатты iске асыруды, сондай-ақ өз өкiлеттiгi шегiнде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) жануарды ветеринариялық тексерiп қарау – жануар саулығының жалпы жай-күйiн айқындау мақсатында ветеринариялық дәрiгердiң, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың оны клиникалық тексерiп қарауы;
9) жануарлар ауруларын қоздырушылар – вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндiктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндiктер;
9-1) жеке медициналық кітапша - халықтың декреттелген тобының өкіліне берілетін, жұмысқа жіберу туралы белгі қойылып, міндетті медициналық тексеріп-қараулардың нәтижелері енгізілетін жеке құжат;
10) карантин – эпизоотия ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында эпизоотия ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
10-1) мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау - халықтың денсаулығын, мекендеу ортасын және өнімдердің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қорғау мақсатында санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарының Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнамасын бұзудың алдын алу, оларды анықтау, олардың жолын кесу жөніндегі қызметі, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің сақталуын бақылау;
10-2) мерзімдік міндетті медициналық тексеріп-қарау - жұмыс істеушілердің денсаулық жағдайын динамикалық байқауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу мен инфекциялық және паразиттік ауруларды тараптау мақсатында жүргізілетін іс шаралар;
10-3) санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар - мекендеу ортасы факторларының адамға зиянды әсерін жоюға немесе азайтуға, инфекциялық және паразиттік аурулардың пайда болуы мен таралуының, жаппай уланудың алдын алуға және оларды жоюға бағытталған шаралар;
11) шаруашылық жүргізуші субъект – жануарлар өсірумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар;
12) шектеу iс-шаралары – жануарлар ауруларының таралуына жол бермеу және ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткiзу мақсатында эпизоотия ошағы мен қолайсыз пунктте шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеуге және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi тасымалдауды (орнын ауыстыруды) тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим;
12-1) эпидемия - инфекциялық аурулардың әдетте тіркелетін ауыру деңгейінен айтарлықтай жоғары деңгейде жаппай таралуы;
13) эпизоотия ошағы – инфекцияны қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейiм жануарлар тұрған шектеулi аумақ немесе қора-жай.
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1191 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және
қадағалау объектілеріне қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық)
талаптар
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптар бұл мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларға қойылатын міндетті талаптардың жиынтығы.
Ауыл шаруашылығы жануарларына, жануарлардың
жыныс және дене жасушаларына қойылатын
талаптар
4. Ауыл шаруашылығы жануарлары клиникалық тұрғыдан сау және ветеринария саласындағы әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларда көзделген негізгі физиологиялық көрсеткіштерге сәйкес болуы тиіс.
5. Жыныс және дене жасушалары жануарлардың жұқпалы аурулары таралмаған аумақтарда орналасқан субъектілердегі клиникалық сау жануарлардан алынады.
6. Жануарларға, жануарлардың жыныс және дене жасушаларына қойылатын талаптар «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді.
Жануарлардан алынатын өнімдер мен
шикізатқа қойылатын
талаптар
7. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жұмыртқа және жұмыртқа өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1161, «Балдың және ара шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2010 жылғы 5 қарашадағы № 1160, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 336, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы» 2008 жылғы 11 наурыздағы № 230 қаулыларымен және «Кеден одағындағы ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптармен белгіленеді.
Ветеринариялық препараттарға, жемшөп пен
жемшөп қоспаларына қойылатын
талаптар
8. Заңның 24-бабына сәйкес ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтарын жүргiзу үшiн қажеттi көлемде өндiру, әкелу (импорттау) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттiк тiркеуден өткiзгеннен кейiн ғана өндiруге, әкелуге (импорттауға), өткiзу мен қолдануға (пайдалануға) рұқсат етiледi.
Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiрудi, әкелудi (импорттауды), тасымалдауды (орнын ауыстыруды), өткiзудi, қолдануды (пайдалануды) қоса алғанда, олардың айналысы мiндеттi мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
9. Дәрiлiк заттардың, сондай-ақ химиялық және микробиологиялық синтезделген жемшөп қоспаларының сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, шығарушы кәсіпорын беретін ілеспе құжат бар болса, оларды әкелу, тасымалдау ветеринариялық сертификатсыз жүзеге асырылады.
Диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін
орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және
биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын
талаптар
10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1576 қаулысымен бекітілген Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамасын іріктеу қағидаларымен белгіленеді.
Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру,
жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық
сараптама үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық
мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарға қойылатын
талаптар
11. Жануарлар профилактикасы, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы үшiн пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарға қойылатын талаптар оларды пайдалану кезіндегі іс-шараларға байланысты, сондай-ақ қандай да бір бұйымдар мен атрибуттарды қолдану бойынша нұсқаулар мен нұсқаулықтарға сәйкес айқындалады.
12. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2331 қаулысымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру ережесімен белгіленеді.
Жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар
болуы мүмкiн көлiк құралдарына, ыдыстың барлық
түрлерiне, буып-түю материалдарына қойылатын
талаптар
13. Жануарлардың аса қауiптi ауруларының шығуы тiркелген шектес мемлекеттердiң шекара маңындағы аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгiленген кезеңге және тәртiппен міндеттi түрде дезинфекциялануға тиiс.
14. Тасымалданатын жүктің сипатына және олардың ветеринариялық-санитариялық бағасына байланысты көлік құралдары үш санаттың бірі бойынша өңделеді:
1) бірінші;
2) екінші;
3) үшінші.
15. Мына:
1) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтағы пункттерден шыққан дені сау жануарларды (оның ішінде құс, аң, зоопарк жануарларын, араларды, бауырымен жорғалаушыларды);
2) дені сау жануарлардан алынған өнімдер мен шикізатты тасымалдаған көлік құралдары бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Үймемен тасымалданатын сойылған малдарды, етті, ет өнімдерін, жемдік астық пен құнарлы жемді тиеуге берілетін көлік құралдары да бірінші санат бойынша өңдеуге жатады.
16. Мына:
1) тасымалдау кезінде арасында ауру немесе жұқпалы ауруы бар деген күдік туған, сондай-ақ жұқпайтын немесе жұқпалы аурулардан өлген жануарлар (құстар) табылған жануарлар мен құстарды;
2) жұқпалы аурумен ауыратын жануарлардан және құстардан алынған немесе жұқпалы аурулар бойынша қолайсыз пункттерден дайындалған өнімдер мен шикізатты;
3) өсіру және жерсіндіру мақсатында тауарлық тірі балықтарды, сондай-ақ тиеуге берілетін балықты, ұрықтандырылған уылдырықты, шаяндарды;
4) экспорттаушы елде ыстық жуудан өткен импорттық жүн тасымалдағаннан кейін көлік құралдары екінші санат бойынша өңдеуге жатады.
Асыл тұқымды, күнделікті пайдаланылатын, цирктегі, зоопарктегі және спорттық жануарларды, сондай-ақ ет пен ет өнімдерін экспорттау үшін тиеуге арналған көлік құралдары да бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жатады.
17. Мына:
1) жолда болған кезде немесе түсіру кезінде Халықаралық эпизоотиялық бюроның тізіміне енгізілген аса қауіпті ауруларға шалдыққаны белгіленген немесе күдік тудырған немесе арасында осы аурулардан өлген жануарлар болған жануарларды;
2) сібір жарасына зерттелмеген тері-былғары шикізатын;
3) қолайсыз елдерден түсетін жануарлардан алынған импорттық шикізатты;
4) камералық өңдеуден өтпеген және ыстықпен жуылмаған импорттық жүнді, қылшықты, қылды, мамықты, қауырсынды, түбітті, қабықты және басқаларын;
5) ветеринариялық-санитариялық шығу тегі белгісіз мал шаруашылығы жүктерін;
6) жануарлардың Қазақстан Республикасының аумағында кездеспейтін жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз елдерден әкелінген жануарлардан алынған шикізат пен жартылай фабрикаттарды;
7) жиналған және даладағы сүйектерді тасымалдағаннан кейін көлік құралдары үшінші санат бойынша өңдеуге жатады.
18. Бірінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары алдымен қидан, қоқыстан, жүк қалдықтарынан және басқа да ластанудан тазартылады, содан кейін жуады. Жуу ыстық сумен жүргізіледі. Жуылатын беткі қабаттардағы су ағысының температурасы 600С төмен болмауға және брандспойттан шыққан кездегі қысымы 2 атмосферадан кем болмауға тиіс. Бастапқыда еден мен құрал-жабдықтарды, содан кейін қабырғаларды, төбені және есіктің ішкі жағы мен торларды жуады. Жуылмай қалған кірді қырғыштың, щетканың және сыпырғыштың көмегімен кетіреді. Содан кейін екінші қайтара еден мен құрал-жабдықтарды аққан су лайланудан толық тазарғанша жуады. Жууды қабырғаны өңдеумен аяқталады.
19. Екінші санат бойынша ветеринариялық-санитариялық өңдеуге жататын көлік құралдары механикалық әдіспен тазартылып, жуылады және дезинфекцияланады. Механикалық тазарту алдында ішкі қабырғалар мен еден немесе қидың үстіңгі қабаты, сондай-ақ көлік ішіндегі барлық құрал-жабдықтар дезинфекциялаушы ерітіндімен ылғалдандырылады.
20. Ылғалды дезинфекциялау үшін шашыратқыш ұшы бар қондырғылар пайдаланылады. Алдымен еден, содан кейін қабырғалар мен төбе дезинфекцияланады, осыдан кейін еден екінші рет дезинфекцияланады.
Дезинфекциялаушы ерітінді мүмкіндігінше тік бұрышпен шашылады, ол көлік құралының ішіндегі барлық үстіңгі беттерге бірқалыпты жағылады. Ерітінді, әсіресе бұрыштарға, тесіктерге, есіктерге мұқият шашылады. Көлік құралдарының сыртқы қабырғалары міндетті түрде дезинфекцияланады.
Дезинфекциялаушы тосқауылда (дезинфекциялаушы блок) көліктің қозғалғыш бөлігін ветеринариялық-санитариялық өңдеу мынадай операцияларды қамтиды:
1) қозғалғыш бөлігі мен түбін механикалық әдіспен тазарту және жуу;
2) дезинфекциялаушы ваннаға дезинфекциялаушы жұмыс ерітіндісін толтыру;
3) шашырату арқылы көлікті (дөңгелектері мен түбін) дезинфекциялаушы блокта өңдеу;
4) қозғалғыш бөліктің бетін дезинфекциялаушы ерітіндінің қалдықтарынан тазарту.
21. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге арналған ыдыс пен буып-түю материалдары таза, құрғақ, бөгде иістерсіз, суға және майға төзімді, ерімейтін және сіңірмейтін, өнімнің химиялық құрамын өзгертпейтін, оған дәм мен иіс бермейтін болуы тиіс.
Ветеринария саласындағы жеке және заңды
тұлғалардың қызметіне қойылатын
талаптар
22. Жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) осы Қағидаларды сақтай отырып, жануарлар ауруларының алдын алуды және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асырады;
2) зоопарктердегi, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса алғанда, жануарларды ветеринариялық нормативтерге сәйкес асырауды, өсiруді және пайдаланылуын жүзеге асырады;
3) аумақтарды, мал шаруашылығының қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған құрылыстарды осы Қағидалар мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстауды жүзеге асырады, қоршаған ортаның ластануына жол бермейді;
4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсiруге, пайдалануға, өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткiзуге байланысты мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiн орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезiнде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезiнде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды сақтайды;
5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi және оларға ветеринариялық паспорттарды ресiмдеудi қамтамасыз етеді;
6) мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарын жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабардар етеді;
7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін өз жануарларына уақтылы вакцина егуді және олардың диагностикасын қамтамасыз етеді;
8) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олардың жүріс-тұрысы әдеттегіден өзгерген жағдайлар туралы ветеринар мамандарды хабардар етеді және ветеринар мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк тудырған жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шара қолданады;
9) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ветеринариялық тексеру үшiн кедергiсiз береді;
10) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу жөнiндегi талаптарын орындайды;
11) өткiзу үшiн сойылатын жануарларды союдың алдында ветеринариялық тексеру жүргiзбей союға және сойғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай өткiзуге жол бермейді;
12) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын ет өңдейтін кәсіпорындарда, сою пункттерінде немесе ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарында союды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады;
13) ветеринар мамандарға өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына жәрдем көрсетеді;
14) диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргізу мақсатында жаңадан келіп түскен, әкелінген, сатып алынған жануарларды күнтізбелік отыз күн бойы оқшаулап ұстайды;
15) жаңа, жетілдірілген ветеринариялық препараттарға, тамақ өнімін, жемшөп, жемшөп қоспаларын өндіруге арналған нормативтік-техникалық құжаттаманы уәкілетті органмен келіседі.
Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн,
дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе
пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми
қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың
аумақтарына, өндiрiстiк үй-жайлары мен
қызметiне қойылатын
талаптар
23. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсiретiн, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтiн, өткiзетiн немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарына, өндiрiстiк үй-жайлары мен қызметiне қойылатын талаптар «Жануарларды өсіруді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1439, «Жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектiлеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1444, «Жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қазандағы № 1327 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен белгіленеді.
24. Жануарларды пайдалану рәсiмдерiн, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзiлетiн үй-жайлар мен аумақтарды қоса алғанда, ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сай болуға тиiс.
Ғылыми зерттеулер нәтижесiнде әзiрленген немесе жетiлдiрiлген ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн анықтау мақсатында олар байқаудан өткiзiлуге тиiс.
Микроорганизмдердiң Қазақстан Республикасында бар, сондай-ақ жануарлар ауруларының диагностикасы кезiнде ғылыми зерттеулер нәтижесiнде алынған штаммдары ветеринарияда пайдаланылатын сақтаулы микроорганизмдер штаммдарының Ұлттық коллекциясында сақталуға тиiс.
Ветеринария саласындағы мамандарды даярлау және олардың біліктілігін жоғарылату жөніндегі бағдарламалар уәкілетті органмен міндетті түрде келісілуге тиіс.
Мал айдалатын жолдарға, маршруттарға, мал
жайылымдары мен суаттардың
аумақтарына қойылатын
талаптар
25. Ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттарын (мал айдау жолдарын) тиiстi аумақтардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен келiсім бойынша ауданның (қаланың) жергiлiктi атқарушы органдары айқындайды.
Ауылдық тауар өндiрушiлердiң малын маусымдық жайылымдарға, ет комбинаттары мен мал сатып алу орындарына айдап апару үшiн ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына, әдетте, айдалатын малдың жолдағы азығын қамтамасыз ететiн мөлшерде жер пайдалану шекарасының бойындағы жайылымдық алқаптардан жер учаскелерi берiледi.
26. Бiр ауданның шегiнде мал айдауға арналған ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн аудандық (қалалық) атқарушы орган бередi.
Бiрнеше ауданның аумағы арқылы мал айдау үшiн мал айдайтын жолдарға жер учаскелерiн беру туралы шешiмдi облыстық атқарушы орган қабылдайды.
27. Ұзақ мерзiмдi пайдаланылатын мал айдайтын жолдардың жер пайдаланушылары болып табылатын тұлғалар қажеттi мөлшерде құдықтар мен малды суаруға және малды дамылдатуға арналған алаңдар, экологиялық талаптардың сақталуын және жолдардың қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар мен ғимараттар салуға, айдалатын малды белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген мерзімдерде кедергiсiз өткiзуге мiндеттi.
Ветеринариялық есеп пен есептiлiк, ветеринариялық анықтама,
ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актiсi
жөнiндегi құжаттамаға қойылатын
талаптар
28. Ветеринариялық есеп пен есептiлiк жөнiндегi құжаттамаға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1259 қаулысымен бекітілген Сәйкестендіру есебін қоса алғанда, ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жүргізу, табыс ету қағидаларымен белгіленеді.
29. Ветеринариялық анықтама мен ветеринариялық-санитариялық қорытындыға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 қыркүйектегі № 1230 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларымен белгіленеді.
30. Сараптама актiсiне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 1-3/490 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерімен белгіленеді.
Мал көмінділеріне
(биотермиялық шұңқырларға)
қойылатын талаптар
31. Мал көмінділеріне (биотермиялық шұңқырларға) қойылатын талаптар ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен Ветеринариялық объектілерді технологиялық жобалау нормаларымен көзделеді.
Ішкі сауда объектілеріне қойылатын
талаптар
32. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау мiндеттi болып табылады.
33. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
34. Ішкі сауда объектілеріндегі мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық ілеспе құжаттарға сәйкестiгiн тексеруді;
2) жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық тексеріп қарауды;
3) жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарын сақтауын тексеруді;
4) жануарлардың саулығына және адамның денсаулығына ерекше қауiп төндiретiн жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алып қоюды және жоюды;
5) ветеринария саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес келмейтiн, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды), өңдеудi ұйымдастыруды қамтиды.
35. Ішкі сауда объектілерінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің ветеринариялық нормативтерге сәйкестiгiн айқындауды ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханалары жүзеге асырады.
36. Жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты ветеринариялық-санитариялық сараптама өткізбей сатуға тыйым салынады.
37. Жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
38. Ішкі сауда объектілерінің әкімшіліктері Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларға, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шарттық негізде ветеринариялық нормативтерге сәйкес келетін қызметтік үй-жайлар береді.
Процессингтік орталыққа қойылатын
талаптар
39. Процессингтік орталыққа қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 959 қаулысымен бекітілген Процессингтік орталықтың жұмыс істеу қағидаларымен белгіленеді.
3. Аурулардың профилактикасы және оларды жою
жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды өткізу
тәртібі
40. Ветеринариялық iс-шаралар:
1) жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлар ауруларының пайда болуы мен азықтан улануының алдын алу, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын ұстаудың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестiгiн қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақта өткiзiлетiн iс-шаралар;
2) шектеу iс-шараларын немесе карантиндi қоса алғанда, жануарлардың аса қауiптi және энзоотиялық ауруларын жою және олардың таралуының алдын алу мақсатында бақылау аймағын, буферлік аймақты қоса алғанда, эпизоотия ошағында және қолайсыз пунктте өткiзiлетiн iс-шаралар болып бөлiнедi.
41. Жануарлар, құстар, балықтар мен аралардың әрбір нақты ауруы бойынша іс-шаралар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өткізіледі.
Қолайлы пунктте өткізілетін
іс-шаралар
42. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) эпизоотиялық тізбекті үзуге ықпал ететін мал шаруашылығы технологиясы;
2) жануарларды бірдейлендірудің жолға қойылуы;
3) нормаланған азықтандыру және ұстау;
4) мал шаруашылығы фермаларының аумақтарын аймақтарға бөлу, қажетті мал шаруашылығы, ветеринариялық санитариялық объектілерді салу;
5) шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң аумақтық-әкімшілік шекарасын куәлік берілмеген жануарлардың келуінен қорғау;
6) жайылымдық және шабындық алқаптарды эпизоотиялық көзқарас тұрғысынан дұрыс пайдалануды ұйымдастыру;
7) осы Қағидаларды сақтай отырып және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыра отырып, жануарларды тасымалдаған кезде мал басы жиналатын орындарды (тірі мал сатуды жүзеге асыратын ішкі сауда объектілері, көрмелер, мал соятын және олардан алынатын шикізатты өңдейтін объектілер) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау;
8) мал шаруашылығындағы шаруашылық жүргiзушi субъектілердің жұмысшыларын қажетті мүкәммалмен және арнайы киіммен қамтамасыз ету;
9) халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру;
10) Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекциялау, дератизациялау және дезинсекциялау;
11) ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен және Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген арнайы профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурулардың диагностикасы, өзіндік профилактикасы.
Қолайсыз пунктте өткізілетін
іс-шаралар
43. Өңірлердегі эпизоотиялық жағдайға байланысты жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жоспарлы иммундауға жататын мал санын және мониторингтік зерттеулердің көлемін жыл сайын ветеринария саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
44. Диагноз эпизоотологиялық, клиникалық, аллергиялық, гельминтологиялық және патологиялық-анатомиялық деректерді ескере отырып, зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде белгіленеді.
45. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын белгілеу туралы шешім қабылдайды.
46. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешім қабылдайды.
47. Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына қатысушы мемлекеттерде тіркелген препараттарды қолдана отырып, дезинфекция, дератизация және дезинсекция, сондай-ақ ветеринария саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен және Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат етілген арнайы профилактика құралдарын пайдалана отырып, аурудың диагностикасы, өзіндік профилактикасы жүргізіледі.
4. Сойылатын жануарларды сояр алдындағы ветеринариялық
Тексеріп қарау және сойылғаннан кейiн ұшалары мен iшкi
ағзаларын ветеринариялық-санитариялық сараптау, оларды
санитариялық бағалау
Сойылатын жануарларды сояр алдындағы тексеріп қарау
тәртiбi
48. Сойылатын жануарлардың санатына жататындар: iрi қара мал (енеке мен қодасты қоса алғанда) шошқа, қой, ешкi, үй қояны, жылқы, есек, қашыр, түйе, үй құстарының барлық түрлерi.
49. Союға сау үй жануарлары жiберiледi.
50. Етке мынадай:
1) сібір жарасы, қарасан, ірі қара мал обасы, түйе обасы, құтырма, тырысқақ, зілді домбығу, брадзот, қой энтеретоксемиясы, ipi қара мал мен қойдың клегейлі қызбасы (шошқаның африкалық обасы, ботулизм, маңқа, эпизоотиялық лимфангоит, мелоидоз (жалған маңқа), үй қоянының миксоматозы, құстардың классикалық обасы тиген және тиді деп күдік туған;
2) аласұрып жүрген;
3) вакцина егiлген, сондай-ақ, сібір жарасына қарсы емдеу жүргізілген жануарларды екпеден (емделгеннен) кейiн күнтізбелік 14 күн бойы, аусылға қарсы инактивацияланған вакцина егiлген жануарларды 21 күн бойы, сондай-ақ емдік және профилактикалық мақсатта антибиотиктер қолданылған жануарларды;
4) маңқаға маллеинизация өткізілмеген жылқыны;
5) туғанына күнтізбелік 14 күн толмаған жануарларды, клиникалық ауру жануарларды, ауруының диагнозы белгiленбеген жануарларды; дене температурасы төмен немесе жоғары, ауруы жұқпалы емес жануарларды;
6) сояр алдында тексерiп қарамай;
7) ветеринариялық препараттармен өңделген жануарлардың етіндегi рұқсат етiлетiн ең төменгi мөлшерге (РЕтМ) және сою мерзiмiне сәйкес келмейтін жануарларды союға жол берілмейді.
51. Жануарлар мен құс саудасы жүзеге асырылатын сауда объектілерінде жануарлар тірідей сатылған кезде де олар ветеринариялық тексеріп қарауға жатады.
Сойылғаннан кейiн ірi қара малдың ұшасы мен iшкi ағзасын
тексеріп қарау
52. Сойылғаннан кейiн ірi қара малдың ұшасы мен iшкi ағзасын тексеріп қарауда зерттеудiң мынадай тәртібін белгіленеді:
1) басын зерттеу: басты ұшадан бөліп алады, тiл жақ астындағы кеңістіктен еркін шығып тұратындай етіп оны ұшынан және екi жанынан тіледi. Ерiндi, тiлдi және ауыз қуысының шырышты қабықтарын қарап, қолмен ұстап тексередi. Тiлдi ашамен ұстатып, жем-шөп қалдықтары мен сiлекейден пышақтың сыртымен тазалайды. Егер тiлде көзге көрініп тұрған патологиялық өзгерiстер болмаса, оны кеспейді. Жақтың, жұтқыншақтың (орта және шеткi) құлақ түбiнiң лимфа түйiндерiн ашып тексередi.
Жақтың бұлшық еттерiн екі жағынан да олардың сыртына қарама-қарсы бүкіл ені бойынан жалпақ етіп (сыртқысын – екі, ішкісін – екі тілікпен) тіліп, тексеріп қарайды;
2) іш құрылысын (кеңірдегімен бірге өкпесін, жүрегін, өтімен бірге бауырын, диафрагмасы мен өңешін) зерттеу: өкпесін сыртынан қарап, ұстап көреді. Қабырға ортасындағы краниальдық, орта, каудальдық және бронхылық, сол жақтағы, оң жақтағы, тархеобронхылық лимфа түйіндерін ашады. Кеңiрдек пен бронхты және өкпе паренхимасын әрбір өкпенi ұзына бойына iрi бронхтардың бағытына қарай кесу арқылы тексередi;
3) жүректi зерттеу: жүрек қабын ашады, жүректiң сыртқы сiрi қабығы және жүрек қабынның жай-күйін тексередi. Содан кейiн жүректiң оң және сол бөлiгiн қиғашы бойынан тiледi, бiр уақытта жүрек қарыншасымен қабығын ашады. Жүректiң бұлшық ет қабатын, эндокарддың, жүрек қан қалқаны мен қанының жай-күйін қарайды. Жүрек бұлшық еттерiн тесiп алмай ұзына бойына және көлденеңiнен бiрнеше тiлiктер жүргiзедi (цистицеркозға);
4) бауырды зерттеу: бауырды қарап тексередi, көк ет және висцералды жағынан ұстап қарайды. Көк ет бауырға кіріге өскен жағдайда, оны ажыратып, патологиялық өзгерістердің (абцестердің) бар-жоғы тұрғысынан паренхиманы тексередi. Порталды лимфа түйiндерiн тiлiп қарайды және висцералды жағынан өт жолына қарай тесiп алмай 2–3 рет тiледi;
5) көк бауырды зерттеу: көк бауырды сыртынан қарап тексередi, содан кейiн бойлай тiледi және оның сыртқы түрi мен пульпаның консистенциясын анықтайды;
6) бүйректi зерттеу: бүйректi капсуладан шығарады, қарап тексереді және ұстап көредi, патологиялық өзгерiстер табылған жағдайда, тiледi, сонымен бiр уақытта бүйректiң лимфа түйiндерiн ашады;
7) желiндi зерттеу: желiндi қолмен мұқият тексередi, қарама-қарсы 1-2 жерден терең тiлiк жасайды. Шатының үстіндегі лимфа түйiндерiн ашып тексередi;
8) асқазан мен ішек-қарынды зерттеу: оны сiрi қабығы жағынан қарайды. Асқазан мен шажырқайдың бiрнеше лимфа түйiндерiн кесiп көредi. Керек болған жағдайда, шырышты қабығын ашып қарайды;
9) жатырды, аталық ұрық бездерiн, қуықты және ұйқы безiн зерттеу: қарап тексередi, керек болған жағдайда ашып кеседi;
10) ұшаны зерттеу: ісінудің, қан ұюының, өсiндiлердің, сүйек сынықтарының және басқа да патологиялық өзгерістердің болуына көңiл аудара отырып, ұшаны сыртқы және iшкi жағын қарайды. Қабық пен ішперденің жай-күйін айқындайды. Қажет болған жағдайда, лимфа түйіндерiн сырттай және кесiп қарайды, сондай-ақ жекелеген (цистицеркозға – мойынның, белдеменiң, анконеустың) бұлшық еттерді кеседі;
11) ұшаның негiзгi лимфа түйiндерiн тексеру: мойынның артқы терең безi, қабырға-мойын, топшы асты, бiрiншi қабырға, топшы астының өзін (қолтық асты немесе жауырын асты), мойынның сырты, төстiң алдыңғы (жұп немесе тақ), төстiң үстi (қабырға арасындағы), қабырға аралық, үстiңгi орта қабатты, астыңғы орта қабатты, тізе қатпарларындағы (тізе тобындағы), белдiң, бүйірінің сыртқы (жамбастың кемiк басы) лимфа түйiндерi, бел, бүйірінің сыртқы (домалақ жілік), бүйірдің медиалды, бүйірдің латералды (жамбас алды), терең шап, жамбас лимфа түйiндерi.
Бұзаулардың кiндiгiн де қарайды және аяқ буындарының бастарын (алдыңғы және артқы сирақ сүйектері) тіліп ашады.
Ұсақ малдың ұшасы мен iшкi мүшелерін
сойғаннан кейiнгi
тексеру
53. Ішкi мүшелер мен ұшаны iрi қара малдікі сияқты тексередi. Казеозды лимфаденитті анықтау үшiн мойынның сыртқы және тiзе қатпарларындағы лимфа түйiндерi тексерiледi.
Шошқаның ұшасы мен iшкi мүшелерiн сойғаннан кейiнгi
тексеру ерекшелiктері
54. Шошқаның ұшасы мен iшкi мүшелерiн сойғаннан кейiнгi зерттеу әдістемесі iрi қара малдікі сияқты, бірақ мынадай ерекшелiктері бар:
1) шошқаның жақ асты лимфа түйiндерiн, көмейінiң шырышты қабығын, көмей қақпашығы мен бадамшаны (сібір жарасының ангинозды түріне) мұқият зерттейді. Цистицеркозға зерттеу жүргiзу үшiн қосымша желке бұлшық еттерiн және көк етiн, қажет болған жағдайда, жауырын-шынтақ (анконеус), бел, жамбас буындарын кесiп қарайды. Көк етiн алады және трихинеллоскопияға тексереді;
2) басында негізгі жақ асты лимфа түйіндерінен басқа қосымша лимфа түйіндері де бар. Олар жақтың арт жағындағы сiлекей лимфа түйіндерінің күре тамырға бөлiнген жерінде орналасқан;
3) ортаңғы қабатты астыңғы лимфа түйiндерден тек краниалдық түрі ғана болады. Олар саны жағынан өте құбылмалы (1 – 5), аорта доғасының алдында орналасқан. Шошқада оң жақ және сол жақ бронхиалдық лимфа түйінінен басқа, ортаңғысы (астыңғысы) да бар. Ол кеңiрдектің бронхқа бөлiнетiн бұрышында орналасқан, кейде сол жақтағы бронхиалды лимфа түйiнiмен бірігіп кетеді де бiрыңғай конгломерат түзедi;
4) iрi қара малдан айырмашылығы шошқаның көк бауыр артериясын жағалай орналасқан көкбауыр лимфа түйiндерi бар;
5) шошқада төс, қабырға аралық және қолтық асты (жауырын асты) лимфа түйiндерi болмайды. Мойын үстi лимфа түйiндерi үш топқа бөлiнедi: үстiңгi, астыңғы және ортаңғы;
6) шошқаның тiзе асты лимфа түйiндері екi топқа бөлiнедi: терең және сыртқы. Сыртқысы жиi кездеседi.
Шошқаның бiрiншi қабырғасының лимфа түйiндерi ірі қара малға қарағанда жақсы жетiлген. Бүйірдегі және ортаңғы белдегі, құйымшақтағы, бүйректегі, жамбастағы лимфа түйiндері үлкен семiз шошқалардың май ұлпаларынан көрiнбейдi және ол сау малда қиындықпен табылады.
Жылқының ұшасы мен iшкi мүшелерiн сойғаннан кейiнгi
тексеру ерекшелiктерi
55. Жылқыларда лимфа түйiндерi көптеген ұсақ түйiндерден тұратын қапшық түрiнде көрiнедi. Жылқыда астыңғы жақ бөлінетін бұрыштағы жақ арасындағы кеңiстiкте қосымша тiласты лимфа түйiндерi, шынтақ буынына жақын иық сүйекте, иықтағы екi басты бұлшықет пен үш басты бұлшықеттің ішкі жағының арасында шынтақ лимфа түйіндері болады.
Жылқының басын зерттеу кезiнде жақтың астындағы және тiлдің астындағы лимфа түйіндерін тіледi, танау қуысы мен мұрынның шабылған жерiн қарайды. Массетерді ашпайды. Өкпе-бауырды тексерген кезде кеңiрдекті, ірі бронхты ашып кеседі және шырышты қабықты қарайды. Барлық бронхиалды, сондай-ақ кеңiрдектi бойлай орналасқан мойынның терең лимфа түйіндерін кеседі. Өкпенiң екi жағынан да екi қисық тiлiктер кеседi, тексеріп қарайды және сол кесiлген жердi ұстап көредi. Жылқы ұшасын зерттегенде қосымша жауырынның iшкi жағынан бұлшық еттерді меланомаға тексередi (әсіресе, сұр жылқыларда). Мүшелер мен ұшаны тексерудің қалған әдістемесі iрi қара малдікі сияқты.
Жануарлардың инфекциялық ауруларын ветеринариялық-санитариялық
сараптау кезінде жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты
ветеринариялық-санитариялық бағалау
56. Аусыл. Сойылған өнімдер жойылуға тиіс.
57. Ауыздың бөртіп уылуы. Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған және амалсыз сойылған малдан алынған ет пен басқа да өнiмдер одан әрi өндiрiсте қайта өңдеу үшін пісіріледі.
Терiсi дезинфекцияланады.
58. Шошқаның бөртпе ауруы. Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған және жұқты деп күдік тудырған шошқаны союдан алынған ет пен басқа да өнiмдер пісірілген, пісіріліп-ысталған және ысталған-піскен шұжық өнімдері мен консервілер дайындау үшін пайдаланылады. Субөнімдерін қабылданған технологиялық режимдердi сақтай отырып, зельцтер, сілікпе, пiсiрiлген шұжық пен консервілер жасау үшiн пайдаланылады.
Майы ерiтiп алғаннан кейiн сүйек, асқазанның шырышты қабығы, тұяқтар сол шошқа сойылған кәсіпорында жануарлардың құрғақ жемшөбі етіп қайта өңделедi.
Iшектер, қуық пен өңеш 0,5 %-дық формальдегид ерiтiндiсiмен бiр сағат бойы өңделіп, кейiн сумен шайқар жуылады, содан кейiн өндiрiстiң iшiнде пайдаланылады. Көрсетiлген тәсiлмен зарарсыздандырылмаған ішек-қарын мен басқа да шикiзат жоюға жiберiледi.
Ауырған, ауырады деп күдiк тудырған және жұқты деп күдік тудырған жануарлардың терiсі дезинфекцияланады.
59. Iрi қара малдың оба ауруы. Ұсақ күйiс малының оба ауруы. Осы аурулар анықталған жағдайда, сойылған малдың ұшасын, қанын, терiсiн және барлық қалған өнiмдерiн өртеп жояды.
Обадан ауырып жазылған малды сойған кезде, оның еті мен субөнімдерін пiсiрiлген шұжық немесе консервi дайындауға жiбередi.
Терiсi дезинфекцияланады.
60. Түйе обасы. Ауру анықталғаннан кейiн түйе ұшасын және басқа өнiмдердi (оның ішінде терiсiн) жояды.
Басқа жануарларды сойғаннан кейін алынған, ауру жануардың немесе онымен қатар болған жануардың сойылған өнімдерімен араласып кеткен белгісіз өнімдердің бәрі (аяқ, желiн, құлақ, қан және басқалары) жойылады.
61. Iрi қара малының жұқпалы (контагиозды) плевропневмониясы.
Ұшасы және зақымданбаған iшкi мүшелерi қайнатуға немесе пісірілген шұжықтар мен консерві жасау үшін қайта өңдеуге жiберіледi.
Патологиялық өзгерiстерi бар мүшелерi жойылуға жiберіледi.
Iшектерi тазаланып, тұздықпен консервіленген соң, жалпы негiзде пайдаланылады.
Ауру ірі қара малдан алынған терi дезинфекцияланады.
62. Қой мен ешкiнiң түйінді жұқпалы дерматитi (контагиозды эктима). Ауру зарарсыз iсiк түрiнде болса, патологиялық өзгерiстер болған жерiн, ісіп кеткен тіндерін алып тастағаннан кейiн, мал ұшасы мен iшкi мүшелерi өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi.
Геморрагиялық және гангреналы түрi болса, ұшаны iшкi мүшелерiмен бірге жоюға жiбередi.
Терiсi дезинфекциялануға тиіс.
63. Блутанг (көк тіл, инфекциялық катаралды безгек).
Аурудың бірлі-жарым жағдайлары алғаш рет анықталған кезде сойылған барлық өнiм жойылады.
Жануарлар жаппай ауырған кезде сойылған жағдайда, сойылған ет пен басқа мүшелері өндiрiстiк қайта өңдеуге немесе қайнатуға жiберiледi. Ұшасы дистрофиялық өзгерiске ұшыраған, терi асты өзегіне қан ұйыған немесе қатты арық ұшалар, iшкi мүшелерi, басы мен аяқтары жоюға жiберіледi.
Блутангпен ауырған немесе ауырды деген күдік тудырған малдың терiсi дезинфекцияланады.
64. Малдың шешек ауруы. Залалсыз iсiк түрiнде ауырған болса және пустулалар жазыла бастаса, ірi қара малдың, қойдың, ешкiнің және жылқының патологиялық өзгерiстері бар, iсiп кеткен тіндері алып тасталғаннан (тазалағаннан) соң, өнеркәсіптік қайта өңдеуге жiберiледi.
Тұтастып кеткен және гемморогиялық түрдегі ауру малдың сойылған ұшасы, сондай-ақ басқа да өнiмдерi жоюға жiберiледi.
Терiсi дезинфекцияланады.
65. Жылқының африкалық обасы (дара тұяқты жануарлардың африкалық обасы).
Ауру сойылғаннан кейiнгi сараптамада анықталған жағдайда, сойылған өнімнің бәрі өртеліп жойылады.
Ауырып жазылған мал сойылған жағдайда, оның етi мен субөнiмдерi пiсiрiлген шұжық немесе консервi дайындауға жiберiледi.
66. Шошқаның африкалық обасы. Шошқаның африкалық обасының белгілері анықталған жағдайда, ұшаны ішкі мүшелерімен және терісімен бірге өртеу арқылы жояды.
Африкалық шошқа обасы бойынша бірінші қауіпті аймақтағы сойылған шошқадан алынған ет және басқа да өнімдер пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық, консерві өнімдеріне өңделеді немесе қайнатылады. Дайын өнім қолайсыз аймақ аумағында сатылады.
Дистрофикалық өзгерістері бар, бұлшық ет ұлпасында және ішкі құрылысында қан құйылған ұшаларды барлық сойылған өнімдерімен бірге өртеу арқылы жояды.
Сүйектерді, қанды және субөнімдерді, сондай-ақ сойылған конфискаттарды етті-сүйекті ұнға өңдейді немесе 2,5 сағат бойы қайнатады және қауіпті аймақ шегінде құс жеміне пайдаланады.
Терілері дезинфекцияланады.
67. Шошқаның классикалық обасы. Ауырған немесе ауырды деп күдік туған малдан алынған ұша мен өнiмдердi шикiдей шығаруға тыйым салынады.
Мүшелерінде дистрофиялық немесе басқа да (күрделенген) патологиялық өзгерiстер бар болса ұшаны iшкi мүшелерiмен бірге жоюға жiбередi.
Ұша мен iшкi мүшелерде патологиялық өзгерістер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонелланың бар-жоғына бактериологиялық зерттеу өткізілгеннен кейiн қабылданады. Бұл ретте етте немесе ішкі мүшелерде салмонелла бар екенi анықталған жағдайда, iшкi мүшелерi кәдеге жаратуға жiберіледi немесе жойылады, ал ұшасы қайнатылғаннан кейiн шығарылады немесе консервi, етті азық дайындауға жiберiледi. Іш майы қорытылады.
Сальмонелла болмаған жағдайда, ұша, шпик және iшкi мүшелер пісірілген, пісіріліп қақталған шұжық өнімдеріне, консервiге және етті азыққа қайта өңделеді немесе қайнатуға жiберiледi.
68. Сібір жарасы. Сібір жарасы ауруы анықталған жағдайда, малдың ұшасын, ішкі мүшелерiн және терiсiн бактериологиялық зерттеу нәтижелерiн алуды күтпей-ақ өртеп жояды. Сібір жарасымен ауырған малдан алынған өнімдермен араласып кеткен басқа малды сойғаннан кейін алынған өнiмдердің бәрі өртеледі, терiсi дезинфекцияланады.
69. Ауески ауруы (жалған құтыру).
Малдың ұшасында дегенеративтi өзгерістер немесе бұлшық еттерінде, ұшасында және мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болған жағдайда, ұшаны және мүшелерiн кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшасы мен ішкі мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, оларды пайдалану туралы шешiм сальмонеллаға бактериологиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонелла болмаған жағдайда, мал ұшасын және iшкi мүшелерiн қайнатады немесе пiсiрiлген, пісіріліп қақталған шұжық, төс еттер мен төстіктер дайындау үшiн пайдаланады.
70. Туберкулез. Туберкулез процесі шоғырланған жағдайда, яғни, бір уақытта төсі мен ішкі мүшелері зақымдалып, лимфа түйіндеріне таралған жағдайда, қоңдылығының жай-күйіне қарамастан, ішкі мүшелерін (оның ішінде ішек-қарнын) жояды.
Лимфа түйiндерi, ішкі мүшелерінің бірі немесе басқа ұлпасы туберкулезбен зақымдалған қоңдылығы қалыпты ұша (шошқа ұшасынан басқасы), сондай-ақ зақымдалмаған басқа мүшелерi қайнатылады немесе қайта өңделiп консервi немесе етті азық жасалады, ал iш майы қорытылып алынады. Туберкулезбен зақымданған мүшелерi мен ұлпалары зақымдану нысанына қарамастан, жойылады.
Шошқа ұшасында жақ астындағы лимфа түйіндерінде ғана ағарған туберкулезбен зақымдану анықталған жағдайда, оларды алып тастайды, ал басын ішкі мүшелерімен бірге шектеусiз шығарады.
Туберкулезбен шажырқай лимфа түйіндері ғана зақымданған жағдайда, ішектi жояды, ал ұшасы мен қалған ішкі мүшелерiн шектеусіз шығарады.
Жақ астындағы немесе шажырқай лимфа түйіндерінде қатайған, ағармаған ошақтар түріндегі (олардың түріне қарамастан) зақымдану немесе жақтың астында және шажырқай тораптарында бір уақытта туберкулез ошақтары анықталған жағдайда, олар iшегімен бірге жойылады, ал ұшасы мен қалған мүшелерi қайнатылады немесе қайта өңделіп, консервi дайындалады.
Шошқа ұшасының лимфа түйiндерiнен коринебактериялар немесе атипиялы микобактериялар тудырған туберкулез ауруы анықталған кезде шошқа ұшасы мен мүшелерi шектеусiз шығарылады, ал зақымданған лимфа түйiндерi алып тасталып, жойылады.
Туберкулез ауруымен ауырған малдан алынған терi шектеусiз шығарылады (дезинфекцияланбайды).
71. Бруцеллез. Бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал мен шошқаның, түйенің, жылқының еті ұшасы мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер болмаған кезде ет 12 сағат тұрғаннан кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерістер анықталған жағдайда, шұжық және консерві бұйымдарына арнап шығарылады.
Бруцеллезге оң әсер берген қой мен ешкіні санитариялық союдан алынған ет ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отырып, пісірілген шұжықтарға немесе консервілерге қайта өңделеді.
72. Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеиті. Ринотрахеит ауруымен ауырған және ауырды деп күдiк тудырған мал сойылғаннан кейін алынған оның ұшасы мен субөнімдерін шикi түрiнде шығаруға тыйым салынады. Патологиялық өзгерiстері бар мүшелерi жойылады. Малдың ұшасы мен iшкi мүшелерiнде патологоанатомиялық өзгерiстер болған жағдайда, сальмонелланың бар-жоғаны бактериологиялық зерттеу жүргiзіледi. Сальмонелла анықталған жағдайда, iшкi мүшелерi жойылады, ал ұшасы пісіріледі.
Басы, кеңiрдегі, өңеші, мүйiзі, тұяғы және басқа да қалдықтары кәдеге жаратуға жiберiледі. Терiсi дезинфекцияланады.
73. Лейкоз. Бұлшық еттер, лимфа түйіндері және бiрнеше iшкi мүшелері зақымданған жағдайда немесе шырышты қабықтарында лейкоздық өскіндер (жара) болған жағдайда, ұша және сойылған басқа да өнiмдер кәдеге жаратуға жiберіледi. Жеке лимфа түйiндерi немесе iшкi мүшелерi зақымданған жағдайда, бiрақ қаңқадағы бұлшық еттерде өзгерiс болмаса, зақымданған мүшелерi кәдеге жаратуға жiберіледi, ал зақымданбаған мүшелерi мен етін пайдалану туралы мәселе бактериологиялық зерттеуге байланысты шешедi.
Жануарларды лейкозға гематологиялық зерттеу кезiндегі нәтиже оң болса, бiрақ осы ауруға тән патологиялық өзгерiстер болмаса, ұша мен мүшелер кедергiсiз жiберiледi.
74. Пастереллез. Дегенеративтік немесе патологиялық өзгерiстер немесе азғындық болған кезде, ұша мен iшкi мүшелер кәдеге жаратылады.
Ұшасы мен iшкi мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болмаса, етiн пайдалану туралы шешім сальмонеллезға бактериялогиялық зерттеуден кейiн қабылданады. Сальмонеллез табылған жағдайда, iшкi мүшелерi кәдеге жаратылады, ал ұшасы қайнатылады. Салмонелла болмаса, ұшасы мен ішкі мүшелері пісіріледі немесе пісірілген, пісіріліп қақталған шұжық, төстік, төс ет немесе консервi дайындау үшін пайдаланылады. Терiсi дезинфекцияланады.
75. Қой мен ешкінің инфекциялық агалактиясы. Патологиялық өзгерiстерге ұшыраған мүшелер кәдеге жаратылады. Зақымданбаған iшкi мүшелерi мен ұшасы қайнатылады немесе шұжық немесе консервi дайындау үшін қайта өңдеуге жiберіледi.
76. Қойдың инфекциялық энтеротоксемиясы. Ұшасы, iшкi мүшелері мен терiсi жойылады. Ұшасы мен зақымданбаған ішкі мүшелері пісіріледі немесе пісірілген шұжық немесе консерві дайындау үшін пайдаланылады.
77. Вирусты (трансмиссивтi) гастроэнтерит. Ауырған және ауырды деген күдік тудырған малдың, сондай-ақ жұқтырды деген күдік тудырған шошқаның ұшасы мен iшкi мүшелерi қайнатылады немесе пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжық бұйымдары мен консервi дайындау үшін қайта өңдеуге жiберіледi. Арық ұша кәдеге жаратылады. Терiсi дезинфекцияланады.
78. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелитi (Тешен ауруы). Бұлшық еттерiнде дегенеративті өзгерiстер болса, ұша мен iшкi мүшелерi кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерiнде дегенеративті өзгерiстер болмаса, ұша мен iшкi мүшелерi қайнатады немесе пісірілген, пісіріліп-қақталған шұжықтар немесе консерві дайындау үшін пайдаланады.
Терiсi дезинфекцияланады.
79. Эмфизематозды көршиқан. Ұшаны iшкi мүшелерiмен және терiсiмен бірге жояды (өртейді).
80. Маңқа. Маңқа ауруы анықталғанда, ұшасы, iшкi мүшелерi және терiсi жойылады.
Маңқа ауруын қоздырушы бар деп күдiк тудырған ұша қайнатылады, ал мүмкiн болмаған жағдайда, кәдеге жаратуға жiбередi. Iшкi мүшелерi кәдеге жаратылады.
Маңқа ауруымен ауырған немесе маллеинге оң әсерi бар малдар союға жiберілмейдi және жойылады.
81. Актиномикоз. Малдың актиномикозбен ауырған басы бұлшық еттерiмен және сүйегімен бірге кәдеге жаратуға жiберіледi. Бастың лимфа түйіндері ғана зақымданса, олар алып тасталып, басы қайнатуға жiберіледi.
Тiлі мен iшкi мүшелерiнің аздаған бөлiгi жарақаттанса, жарақаттанған жерiн алып тастап, оларды шектеусіз шығарады.
Зақымдану ауқымды болса, тiлдi және iшкi мүшелердi кәдеге жаратуға жiбередi. Актиномикоз кеңiнен таралып сүйектi зақымдаған болса, iшкi мүшелерi, ұшасы және бұлшық еттерi, мүшелерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
82. Некробактериоз. Белгiлi бiр мүшелер зақымданған болса, кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшасын шектеусіз шығарады. Септикалық процесс кезiнде ұшасы мен мүшелерiн кәдеге жаратуға жiбередi.
83. Стахиботриксикоз. Ұша мен iшкi мүшелердiң бiр бөлiгiнiң некрозды бөлшектері болса, кәдеге жаратуға жiбередi. Ұшада патологоанатомиялық өзгерiстер байқалмаса, сальмонеллезге бактериологиялық зерттеулер жүргiзедi. Сальмонеллез анықталмаған және патологиялық өзгерiс болмаған жағдайда, ұшасы мен сойғаннан кейін алынған өнiмдерi шектеусіз шығарылады.
84. Фузариотоксикоз. Ұшасы қайнатылады, iшкi мүшелерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
85. Туляремия. Ауру немесе ауруға күдiктенген жануарлардан алынған ұша, мүшелер мен терi кәдеге жаратылады.
Туляремиямен ауыратын сойылған жануарлардың өнiмдерiмен бiрге болған ет пен ет өнiмдерi қайнатылады.
86. Паратуберкулездi энтерит. Iшекте, шажырқайда, лимфа түйiндерiнде патологиялық өзгерiстер және баста iсiк болған жағдайларда, өзгертіске ұшыраған мүшелер мен шажырқайы бар iшек кәдеге жаратылады, ал ұшасы мен басқа мүшелердi шектеусіз шығарылады. Паратуберкулезбен зақымдалған жағдайда, арық ұша мен оның мүшелерi кәдеге жаратылады.
87. Жалған туберкулез (Псевдотуберкулез) Лимфа түйiндерi көп жерден жарақатталған және бұлшық ет жарақатталған жағдайда, сондай-ақ арық болған жағдайда, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратады.
88. Шошқалардың инфекциялы атрофиялық ринитi. Мұрынның, бас пен тiлдiң, өкпенiң, өңештiң шырышты қабығында үсiген және жансызданған өзгерiстер анықталған кезде, оларды жояды. Ұша мен iшкi мүшелерде дегенеративтік өзгерiстер болмаған жағдайда, олар шектеусіз шығарылады.
Арық болмаса және тек қана iшкi мүшелер мен лимфа түйiндерi зақымдалған жағдайда, iшкi мүшелер, зақымдалған лимфа түйiндердi кәдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусіз шығарылады.
89. Лептоспироз. Дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда немесе бұлшық еттердiң сарғыштануы 2 тәулiк арасында кетпесе ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратуға жiбередi.
Бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, бiрақ сарғайған түсi бар болып, ол сарғыш түсi 2 тәулiк арасында кетсе, ұша және iшкi мүшелер патологиялық өзгерiстерге ұшырамаса, қайнатуға жiберiледi. Iшек-қарны кәдеге жаратуға жiберiледi.
Ұшасы мен iшкi мүшелері лептоспирозға оң қорытынды берген малдардан алынса, бiрақ бұлшық еттерде, iшкi мүшелерде патологиялық өзгерiстер болмаса шектеусіз шығарылады. Лептоспирозбен ауыратын жануарлардың терiлерi дезинфекцияланады.
90. Ку-безгек (Ку-лихорадка). Ку-безгек анықталған жағдайда, ұша мен мүшелердi қайнатады. Өзгеріске ұшыраған мүшелерi мен қаны кәдеге жаратылады, терiсi дезинфекцияланады.
Инвазиялық аурулар кезінде еттің және жануарларды
сойғаннан кейін алынатын өнiмдердiң
ветеринариялық-санитариялық
сараптамасы
91. Трихинеллез. Етi адамдардың тағамына немесе жануарлардың азығына пайдаланылатын шошқалардың (3 аптаға толмаған торайлардан басқа), сондай-ақ қабанның, борсықтың, аюдың, саз құндыздың, басқа талғаусыз және етпен қоректенетiн жануарлардың ұшасы мiндеттi түрде трихиллинезге зерттелуі керек.
Тілікте бiр ғана трихинелла табылатын болса да, оның тiршiлiкке қабiлетiне қарамастан, ұша мен бұлшық ет ұлпасы бар субөнiмдерi, сондай-ақ жарамсыз қалған ет өнiмдерi кәдеге жаратылады.
Сыртқы майын сылып алады да, шыжғырады. Iшкi майы шектеусіз шығарылады.
Терiсi еттiң қалдығы алынғаннан соң, шектеусіз шығарылады. Қалдықтарды кәдеге жаратуға жiбередi.
92. Цистицеркоз (ipi қара мал мен шошқаның финнозы). Бастың, жүректiң бұлшық еттерiнің тіліктерінен цистицеркоз (массетер) табылған жағдайда, мойынның, сондай-ақ жауырын-шынтақ, жон, жамбас буындары мен диафрагманың бұлшық еттерiн қосымша екi қатар тiлiп қарайды.
Бастың немесе жүректiң етінің тілігінде 40 шаршы сантиметрден үштен төмен тiрi немесе өлi финн болса және үштен жоғары тiрi немесе өлi финн басқа бұлшық еттер кесiндiсiнен табылса, ұшаны, басты және ішкі мүшелерді кәдеге жаратады.
Iш майларын және шпикты тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады.
Бастың немесе жүректiң етінің тілігінің 40 шаршы сантиметрінде кемінде үш тірі немесе өлі финн табылған жағдайда және еттің басқа тіліктерінде үштен аспайтын финн болмағанда немесе болған кезде басты және жүректі кәдеге жаратады, ұшасы мен қалған мүшелерін пісіріп, тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады.
Iш майларын және шпикті тағамда пайдалану мақсатында қайта өңдейді немесе тұздап немесе мұздатып залалсыздандырады. Тұздап не мұздатылып залалсыздандырылған ұшалар фаршты шұжық немесе консервi дайындау үшін пайдаланылады, ал субөнімдері өндiрiстiк қайта өңдеуге жiберiледi.
93. Жiңiшке мойынды (тениукольды) цистицеркоз немесе сiрi қабықтың финнозы. Зақымданған мүшелердің маңындағы ұлпалармен бірге көпіршіктер жойылады. Ұшасы, зақымданбаған және тазартылған iшкi мүшелерi шектеусіз шығарылады.
94. Қой мен ешкiнiң, бұғының цистицеркозы (финнозы). Қойлардың, ешкiлердiң және бұғылардың ұшалары мен мүшелерiнде 40см2 тілікте 5-тен аспайтын финн анықталған жағдайда және бұлшық еттерде өзгерiстер болмаған жағдайда, ұша мен мүшелердi мұздату арқылы залалсыздандырады, содан кейiн шұжық өнімдерi немесе консервілерге қайта өңдеуге жiбередi. Ұшада 40 шаршы сантиметр кесiмiнде 5 финнан артық анықталған және бұлшық еттерде өзгерiстер байқалған жағдайда, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратады, ал iшкi және құйрық майын шыжғырады.
95. Эхинококкоз. Бұлшық еттер және iшкi мүшелерi көптеп зақымданған болса, сондай-ақ ұша арықтаған болса, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Бөлек мүшелер немесе тіндер зақымданған жағдайда, оларды кәдеге жаратады, ал ұшаның зақымданбаған бөлшектерi және мүшелерi кедергiсiз жiберiледi.
96. Фасциоллез. Зақымданған мүшелердiң бөлшектерiн кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Мүшенiң 2/3 бөлігі зақымданған болса, мүшенi толық кәдеге жаратады.
97. Дикроцелиоз. Бауырдың жарақатталған бөлшектерiн кәдеге жаратады. Бауырдың 2/3 бөлiгi зақымданған болса, толық кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi.
98. Диктиокаулез. Өкпенiң зақымданған бөлшектерiн кәдеге жаратады. Ұша мен iшкi мүшелердiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi. Өкпенiң 2/3 бөлiгi зақымданған болса, толық кәдеге жаратылады.
99. Шошқаның метостронгилезы. Өкпенiң зақымданған бөлшектерiн кәдеге жаратады. Ұша мен өкпенiң зақымданбаған бөлшектерiн кедергiсiз жiбередi.
100. Аскаридоз. Ұша мен мүшелердi патологиялық өзгерiстер жоқ болса кедергiсiз жiбередi.
101. Пироплазмидоздар (пироплазмоз, тейляриоз, бабезиоз, анаплазмоз). Сары түс жайылмаған және дегенеративтiк өзгерiстер болмаған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Ұшаларда сарғыш түс 2 күн арасында кетпейтiн болса, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. 2 күн арасында сарғыш түс кетсе, салмонеллезге бактериологиялық зерттеу жүргiзедi, ұша мен өзгермеген мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
102. Токсоплазмоз. Ұшаны қайнатады, iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
103. Саркоцистоз. Бұлшық етте саркоциста болған және патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
Бұлшық еттерде өзгерiс болса (гидремия, түссiздену, ағару, дегенеративтiк өзгерiстер), ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
Шошқаның шпигiн және iшкi майын кедергiсiз жiбередi.
104. Гиподерматоз. Инфильтраттан, жансызданған ошақтардан, өзгерген бөлшектерден тазартылған соң, ұша мен басқа өнiмдерді кедергiсiз жiбередi.
Жұқпалы емес аурулармен ауырған, санитариялық маңызы бар нормалардан
ауытқыған жануарлар етiнің және одан алынатын өнiмдердiң
ветеринариялық-санитариялық
сараптамасы
105. Тыныс жолы мүшелерiнiң аурулары (бронхит, бронхопневмония, пневмония, плевропневмония). Инфекциялық ауруларды бар-жоғын анықтау керек. Зақымданған мүшелердi кәдеге жаратады. Пневмония, плеврит болған жағдайда және процеске лимфа түйiндерi тартылған жағдайда, еттi және басқа сойылған өнiмдерді санитариялық бағалау туралы шешiм бактериологиялық зерттеу нәтижесiне қарай шешiледi. Өкпенiң аспирацияланса, оны кәдеге жаратады.
106. Қан айналым мүшелерiнiң ауруы (созылмалы перикардит), шошқаның жас төлінің ауруы. Перикард қабырғасының фибриоздық қабынуы және қалыңдауы байқалады, фибриннің әсерінен үстіңгі беті кедір-бұдыр болады, перикард эпикардпен ішінара тұтасып кетеді.
Жарақатты перикардит – ересек ірі қара малдың ауруы – жүрек қалтасының фиброздық немесе іріңдеп қабынуы. Перикардит қуысында фибрин көп болады және иісі жағымсыз іріңді сұйықтық болады. Перикардит қабырғасы қалыңдайды (2-4 сантиметр), кейде эпикардпен дәнекерленіп кетеді, бөзде зат (сым, шеге және басқалары) болады. Лимфа түйіндері зорайып, ісінген.
107. Миокардит. Iрiңдi перикард, қоршаған тіндерде және төс қабырғасында iрiңдер, iсiк, гидремия мен сарғыштану байқалған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Перикардта, эпикардта, өкпеде, төс қабырғасында патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, жарақатталған мүшелердi кәдеге жаратады, ал ет пен союдан алынған басқа өнiмдерiн қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.
108. Бауырдың ауруы (цирроз, капиллярды экстазия, майлы дистрофия iрiңдер). Бауыр циррозында, сары ауруда, iсiктерде және өкпе паренхимасының патологиялық өзгерiстерiнде бауырды кәдеге жаратады. Өкпенiң бiрлi-жарлы зақымданған жерлерін алып тастайды. Өкпенiң зақымданбаған бөлшектерiн, сондай-ақ капиллярлық экстазиясы анық бiлiнбейтiн болса, бауырды кедергiсiз жiбередi.
109. Бүйрек ауруы (нефрит, нефроз, киста, бүйрекке тас тұру, iсiк, бұзаулардың «ақ бауыр» ауруы). Нифриттiң, нефроздың, көптеген кистаның, iсiктердiң, бүйрек тастарының барлық түрлерiнде бүйректердi кәдеге жаратады.
«Ақ бауыр» ауруында, iрiңді нефритте, басқа мүшелерде патологиялық өзгерiстер анықталған жағдайда, еттi қолдану мәселесi бактериологиялық зерттеуден кейiн шешiледi.
110. Ас қорыту мүшелерiнiң аурулары. Патологиялық өзгерiстерi бар ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады. Патологиялық өзгерiстерi жоқ ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдерді санитариялық бағалау бактериологиялық зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзiледi.
111. Перитонит. Патологиялық өзгерiстерi бар iшкi мүшелер мен тіндердi кәдеге жаратады. Союдың басқа өнiмдерiн қайнатады.
112. Жаңадан шыққан iсiктердi зерттегенде оларды зиянсыз (фиброма, миксома, миома, неврома және тағы да басқалары) және зияндыларға (саркома, карцинома және тағы да басқалар) бөледi. Зиянды, сондай-ақ зиянсыз көптеген жаңадан шыққан iсiктерi бар мүшелер мен ұшаның бөлшектерiн кәдеге жаратады. Зақымданбаған ұша бөлшектерiн қайнатуға жiбередi, зақымдану ауқымды болса және зақымданған жерлерін алып тастау мүмкiн болмаса, ұша мен мүшелердi кәдеге жаратылады.
Бiрлi-жарым зиянсыз iсiктер кездессе, зақымданған жерлерiн алып тастайды, ал ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
113. Зат алмасуда пайда болатын аурулар (гидремия). Бұлшық етте iсiк болған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
114. Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерi мен құстардың ақ ет ауруы. Бұлшық етте дегенеративті өзгерiстер (iсiк, түссiздену, босау) анықталған жағдайда, ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Бұлшық еттегі өзгерiстер нашар байқалатын болса (түсі ақшыл-қызғылтым) немесе мүшелерде және бұлшық ет бөлшектерiнде патологиялық өзгерiстер байқалған жағдайда, етті бағалау сальмонеллезге бактериологиялық зерттеуден кейiн iске асырылады. Сальмонеллез болмаса ұша мен зақымданбаған мүшелердi қайнатылған немесе қайнатылып-қақталған шұжықтарға қайнатады, ал зақымданған мүшелердi кәдеге жаратады.
115. Уремия. Ұша мен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдерi кәдеге жаратылады.
116. Сарыауру. Сары түс 2 күн арасында кетпейтiн болса ұша мен iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Сары түс кеткен жағдайда, етті санитариялық бағалау бактериологиялық зерттеу нәтижесiне қарап жүргізіледі. Азықтық және жасына қарай болған сары ауруға ұшыраған еттi кедергiсiз жiбередi.
117. Iрiңдi қабынулар. Жайылған флегмон, ауқымды некроздар байқалғанда, мүшелерде, ұлпаларда, лимфа түйiндерде абсцесс болса, мүшелердi кәдеге жаратады. Паринхематозды мүшелерде көптеген абсцесс байқалса, зақымданған мүшелердi кәдеге жаратады, ал ұшаның бағалауын бактериологиялық зерттеудiң нәтижесiне қарап жүргiзедi. Бiрлi-жарым абсцесс және шамалы iрiңді жара болса және қоршаған ұлпалар мен лимфа түйiндерде патологиялық өзгерiстер болмаған жағдайда, зақымданған мүшелер жарамсыз деп табылады, ал етi бактериологиялық зерттеуге жiберіледi.
Жарақаты шамалы жансыз бөлшектердi және олардың маңындағы ұлпалар кәдеге жаратылады, ал ұша бактериологиялық зерттеуге жiберіледi. Ұлпалардың немесе мүшелердің жарақаты ауқымды болса және ағзаға уыты жайылып кетсе, ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады.
118. Жарақаттар (жаңадан пайда болған жарақаттар). Жаңадан пайда болған жарақаттар болса, сүйек сынған, қан ұйыған, қоршаған ұлпаларда және лимфа түйiндерiнде iсiк болмаған жағдайда, қан сiңген ұлпаларды алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
119. Күйiк. Кең жайылған күйiк болған жағдайда жарақатталған ұшаның бөлшектерiн алып тастайды және кәдеге жаратады. Ұшаның жарақатталмаған бөлшектерiн санитариялық бағалауды бактериологиялық зерттеулердiң нәтижесiне қарап өткiзедi. Iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Шамалы күйiк болған жағдайда, жарақатталған орындарын алып тастайды, ал ұша мен iшкi мүшелердi кедергiсiз жiбередi.
120. Жануарлардың улануы. Ет пен ет өнiмдерiнде мынадай улы зат қалдықтары болған кезде тамаққа пайдалануға рұқсат етiлмейдi (мөлшер көлемiне қарамастан): цианид, сары фосфор, пропазин, гептахлор, дихлораль несепнәрі, полихлоркамфен, альдрин, тетраметилтиурамдисульфид, дидихлорвинилфосфат, цинеба, дикрезил, байгон, метафос, хлорофос, тиофоса, уарбофос, құрамында сынабы бар пестицидтер, мышьяк кiретiн препараттар және гербицидтер.
Егер етте уытты заттардың қалдығы рұқсат етiлген мөлшерден төрт есе көп болса немесе химикаттардың қалдығын анықтайтын ресми тәсiлдердiң сезгіштігінің төрт шегінде болса, етті малға құрғақ азық етіп қайта өңдеуге жiберуге болады.
Бұлшық еттiң ұлпасында улы зат қалдықтары бекiтiлген нормадан аспаса, етiн қайнатады, iшкi мүшелердi, желiндi және миын кәдеге жаратады. Жануарлар фтор препараттармен, мырыш пен мыс тұздарымен, хлорлы натриймен және калиймен, қышқылдармен және сiлтiмен, газ тәріздес заттармен (аммиак, ащы күкiрт ангидридi, тұншықтырғыш газ, хлор және тағы да басқалары), несепнәрмен, алкалоидтармен, улы және өңез саңырауқұлақтармен, сапонин кiретiн өсiмдiктермен, эфир майларымен, шайыр мен фотодинамикалы нәрселермен немесе iшек-қарын жолдарын жаралайтын заттармен (купол, молочай), сондай-ақ сарғалдақ тұқымдастары, вехпен уланған ет пен сойылғаннан кейін алынған басқа өнiмдер бактериологиялық, қажет болса, физика-химиялық зерттеуден және басқа иiстердi анықтау үшiн қажеттi сынауға алынғаннан кейiн бағаланады.
121. Нитраттармен және нитриттармен улану. Уланған жануарларды союға клиникалық жазылудан 72 сағат өткеннен кейiн рұқсат етiледi. Амалсыз сойылған малдардың етi нитраттар мен нитрит мөлшерiнiң қалдығы анықталуымен бiрге бактериологиялық және биохимиялық зерттеуге жатады. Бактериологиялық зерттеу теріс нәтиже берген және 100 мг/кг нитраттың немесе 10 милиграмм/килограмм нитриттiң мөлшерi табылған жағдайда ұшаны қайнатады. Нитрат пен нитриттiң мөлшерi көп болса, еттi 5 есе сау малдардың етiмен араластырып қайнатылған шұжықтар дайындауға жiбередi, ал осы шараны орындауға мүмкiндiк болмаса, еттi кәдеге жаратады.
122. Малдардың радиациямен зақымдануы. Орта және ауыр дәрежеде радиоактивтi заттармен зақымданған, сәулелi аурулардың патологоанатомиялық өзгерiсi бар кезде сойылған малдардың еттерiн амалсыз сойылған мал еттерiндей бағалайды, мiндеттi түрде бактериологиялық және радиометриялық зерттеулер жүргiзедi. Iшкi және жеңiл сәулеге шалдыққан малдардың ұшаларымен одан алынған өнiмдерге радиометрия жүргiзедi. Радиометрияның қорытындысы бойынша, егер де оларда патологиялық өзгерiстер болмаса екі топқа бөледi:
1) жол берілетін концентрациядан аспайтын радиоактивтi заттармен ластанған тамақ өнiмдерi (кедергiсiз жiберiледi);
2) жол берілетін концентрациядан асып кетсе, дезактивация жүргізіліп (еттi сүйектен бөлiп алу, қайнату, тұздау және ұзақ уақыт мұздату), кейіннен қайтадан радиометрия жүргiзіледi.
123. Нормаға сай емес ет:
1) иісі мен дәмі өзіне тән емес (азықтың иісі мен татымы жануарлар сойылғанға дейін аз уақыт бұрын иісі қатты шығатын (қызылша, шалқан, тарна және басқалары) немесе ащы татымды (жусан және басқалары) өсімдіктермен немесе балықпен және оның қалдықтарымен, сондай-ақ бұзылған азықпен азықтандырылса). Жыныстық жағынан жетілген, піштірілмеген немесе сойғанға дейін аз уақыт бұрын піштірілген еркек малдың етінде жағымсыз иіс болады: текеде – тердің иісі, еркек шошқада – тұрып қалған зәрдің иісі, бұқада – сарымсақтың иісі болады. Әртүрлі патологиялық процестер (флегмон, күкірт қышқылды андигрид, тұншықтыратын газ, хлор және басқалары) болған кезде, сондай-ақ иісі бар дәрілік заттарды пайдаланған кезде, еттер иісі бар заттармен (мұнай өнімдері, химиялық заттар) бірге сақталған кезде де етте жағымсыз иіс пен дәм пайда болуы мүмкін.
Етте 48 сағат өткенше кетпейтiн балықтың, қайнатып көргенде кетпейтін зәрдiң, дәрi-дәрмектiң, балық майының иісі немесе етке тән емес басқа да иістер болса, ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратады. Қайнатып көргенде 48 сағат өткенше кетпейтін ащы татым немесе нәжіс иісі болса, ұшаны және iшкi мүшелердi кәдеге жаратады.
2) етке тән емес түс:
липохроматоз (май қыртыстарының қалыптан тыс сарғыш түсі). Басқа патологиялық өзгерістері болмаса, жасына немесе азықтандырылуына байланысты сарғыш түсі бар ұша мен сойыс өнімдері шектеусіз шығарылады. Барлық тіндерінің азықтандырылуына байланыссыз сарғыш түске боялуы екі тәулік ішінде кетпейтін болса, ұшасы және iшкi мүшелерi кәдеге жаратылады.
3) лилапоз (күрең түс) меланин пигментiнiң қабаттануынан, көбінесе, iрi және ұсақ малдың ұлпаларында пайда болады. Меланин пигментi көбiне бауырда, өкпеде, лимфа түйiндерде және тер асты өзектерінде қабаттанады. Меланоз жұққан бөлек мүшелердi жойып, ұшаны ешбiр шек қойылмай-ақ жiбередi.
124. Құрамында бөгде заттар бар ет – қойдағы дерматоидты кистасы (селеу тұқымы, бұлшық eттepдeгі әк шөгіндісі).
Әк шөгіндісі бар немесе бөгде заттар бар мүшелер және бұлшық еттiң жекелеген бөлшектерi кәдеге жаратылады. Капсуламен қоршалған дерматоид селеулерi алып тасталады, ұша мен мүшелердi кедергiсiз жiбередi. Селеу тiкенектерiмен қатты жарақатталған iшiнде абсцесс немесе басқа iсiкті өзгерiстер болса, қойлардың ұшасын кәдеге жаратады.
125. Арықтаған және көтерем жануарлардың етi. Май жиналатын жерлерде немесе бұлшық еттерде арықтауға әкеп соқтырған себептерiне қарамастан іркілдек ісік арыған болса не бұлшық еттер семген немесе дегенеративті өзгерістерге ұшыраған және лимфа түйіндері iсiнген болса, ұша және iшкi мүшелер жарамсыз деп есептеледi.
Көтерем болуға таяу еттерді бағалау бактериологиялық сараптамадан кейiн жүзеге асырылады.
126. Жетiлмеген бұзаудың, қозының, торайлардың етi (туғанына 14 күн толмаған жас малдан алынған ет). Сойылған жануарлардың жас төлден алынған етi кәдеге жаратылады.
Амалсыз сойылған малдардың етi мен мүшелерінің
ветеринариялық-санитариялық
сараптамасы
127. Аласұрып жүрген күйде сойылған ауру немесе сау жануар етінің шығу тегін органолептикалық және зертханалық зерттеу әдістерімен белгілеуге болады.
128. Ветеринариялық-санитариялық сараптама, бактериологиялық және физикалық-химиялық зерттеу нәтижелері бойынша амалсыздан сойылған малдың етi мен басқа да өнімдері тағамға пайдалануға жарамды деп танылса, олар пiсiруге немесе еттен жасалған азық немесе консервi (гуляш, ет паштеті) дайындауға жіберіледі. Еттi және сойғаннан кейін алынған басқа өнiмдерді алдын ала залалсыздандырмайынша, қоғамдық тамақтандыру орындарына (мейрамхана, асхана және басқалары) шикi күйінде жiберуге тыйым салынады.
129. Органолептикалық әдiс. Өлген, ауру не аласұрып жүрген күйде сойылған малдың етiн анықтауда мынадай сыртқы белгілеріне көңiл аудару керек:
1) бауыздалған жердiң жағдайы. Қалыпты физиологиялық күйде сойылған малдың бауыздалған жері тегiс емес, қан көп мөлшерде сiңген болады, ал аласұрып жүрген күйде сойылған немесе арам өлгеннен кейін сойылған малдардың бауыздалу жері тегiс, қан мөлшерi басқа бұлшық еттердегідей дәрежеде сіңеді. Әйтсе де, бауыздалған жері жақсылап тазартылып немесе шауып тасталса, бұл белгiлер бiлiнбей қалу салдарынан ескерiлмейдi;
2) ұшаның қансыздану дәрежесi. Қансыздану дәрежесiн әртүрлi әдiспен анықтайды:
1-әдiс – жай көзбен қанның үлкен және кiшi қан тамырларында және сiрi қабықтың астымен бұлшық еттердегi қалдықтарының мөлшерiмен анықтайды;
2-әдiс – тіліп жіберіп микроскоппен қарайды;
3-әдiс – гемоглобиндi-пероксидазалық сынамасын қояды.
Төрт түрлi қансыздану сатылары болады: жақсы, қанағаттанарлық, нашар және өте нашар.
Жақсы қансызданғанда бұлшық еттерде және қан тамырларында қан болмайды, iшкi қабықтардағы қан тамырлары көрiнбейдi, демек ұша сау малдан алынған.
Қанағаттанарлық қансыздануда қан тамырларында аз ғана ұйыған қан, бұлшық еттерде қан жоқ немесе сәл басқанда қан шығуы мүмкiн. Iшкi қабықтарда қан тамырлары нашар көрiнiп тұрады.
Нашар қансыздануда бұлшық еттердi кескен кезде бөлшек көлемдi ұйыған қан болады. Қан тамырларында қалған қан кездеседi; iшкi қабықтарда кiшкене қан тамырлары көрiнедi, бұлшық еттi кескен жерде басып қарағанда қара қан түйiршiктерi көрiнедi. Әдетте, ауру жануарлардың ұшасы нашар қансызданады.
Өте нашар қансызданған кезде iрi және ұсақ қан тамырлары қанға толы болады; iшкi қабықтарда қан көрiнедi, iшкi қабықтардың түсi қызыл-көк; қан тамшылары ағып тұрады. Аласұрып жүрген күйде сойылған не ауыр патологиялық жағдайда сойылған малдардың ұшасы әрдайым нашар қансызданады;
3) гипостаздардың болуы. Ауру малдардың қаны алдымен қан тамырларында тұнып, кейiн қан тамырларының жұқару салдарынан етке өтiп, қоршаған ұлпалар қызыл-көк түске боялады. Қандану өлекседе, ауру малдардың ұшаларында және аласұрып жүрген күйде сойылған малдарда кездеседi. Қандану малдың бауыздау алдында қай жағында жатқанын анықтайды. Сол себептi ұшаны аударыстырып қарау керек;
4) лимфа түйіндерiндегі өзгерiстер. Адал сойылған не дер кезiнде мүшеленген малдардың лимфа түйіндерiнiң кесiндiсi солғын не күлгiн сары болып көрiнедi. Сойылған мал ауру не аласұрып жүрген күйде сойылса лимфа түйіндері күңгiрт-қызыл болып көрiнедi. Бұның себебi лимфа түйіндерiнiң ұсақ қан тамырларында ұйыған қан болуы, лимфа түйіндерiнің синустарына енiп қызыл түске бояйды. Ауру малдардың ағзасындағы қышқылдану процестерiнiң нашар жүруiне байланысты көмiр қышқылы пайда болып, ол ағзаны көгiлдiр түске бояйды.
Аурудың түрлерiне байланысты лимфа түйіндерiндегi патологиялық өзгерiстер әртүрлi сипатта болуы мүмкiн (атрофия, гипертрофия, қан құйылу, iсiну, гиперемия және т.б.).
130. Ет ауру және аласұрып жүрген күйде сойылған малдан алынған деген күдiк болса, бактериологиялық талдаудан басқа, физикалық-химиялық зерттеу жүргiзіледі; рН анықталады, пероксидазға реакция қояды, ал iрi қараның етiне формалин сынамасын (бейтарап формалинмен реакция) да қояды.
Әртүрлi инфекциялық және басқа аурулар кезінде
құс еттерiн және iшкi мүшелерін санитариялық
бағалау
131. Туберкулез. Iшкi мүшелер зақымданса және ұша арық болса, кәдеге жаратылады. Егер де кейбiр мүшелер зақымданса, бiрақ ұшаның қоңдылығы жақсы болса, iшкi мүшелер кәдеге жаратылады, ал ұшаны пiсiрiп шығарады. Туберкулинге оң нәтиже берген құстың ұшалары, туберкулезге шалдыққаны болмаса пiсiрiп шығарады немесе консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны залалсызданады.
132. Сальмонеллез. Iшкi мүшелері кәдеге жаратылуға жiберiледi, ұшасы пiсiрiледi немесе консервi жасауға жiберiледi.
133. Орнитоз (Пситтакоз) Iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.
134. Пуллороз-тиф. Кеуде асқазан қуыстарында қан болса не перитонит болса, ұша iшкi мүшелермен бiрге кәдеге жаратылады. Егер етiнде өзгерiстер болмаса, тек қана зақымданған мүшелерді кәдеге жаратады, ал ұшасы пiсiрiледi не консервi жасауға жiберiледi.
135. Листериоз. Басы және зақымданған мүшелері кәдеге жаратылады, ұшалары және сау мүшелері пiсiрiледi. Түбiтi мен қауырсыны жойылады.
136. Колибактериоз. Ұшаларында және iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, кәдеге жаратылады (перикардит, перигепатит, аэросаккулит, перитонит). Егер өзгерiстер тек қана iшкi мүшелерінде болса олар кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi не консерв жасауға жiберiледi.
137. Стафилакоккоз. Зақымдану ұлғайып кетсе (мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер, буындарында абсцесс), ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Тек қана буыны зақымданса, ол кәдеге жаратылады, ал ұшалары пiсiрiлiп шығарылады.
138. Стрептококкоз. Ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
139. Ботулизм. Ұшалары, iшкi мүшелері, түбiтi және қауырсындары жойылады.
140. Тілме. Ұшалары мен iшкi мүшелерінде патологоанатомиялық өзгерiстер болса, кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерiнде өзгерiстер болмаса iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi.
141. Пастереллез. Ұшалары пiсiрiледi, қуырылады не консервi жасауға жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
142. Некробактериоз (инфекциялық синусит). Септикалық өзгерiстер болса, iшкi мүшелері ұшасымен кәдеге жаратылады. Тек қана басы мен мойны зақымданса, оларды кәдеге жаратып, ұшалары шектеусiз шығарылады.
143. Тұмау. Перитонит, көгеру, дегенеративтi өзгерiстер болмаса, мүшелері мен ұшаның бөлiктерi кәдеге жаратып; өзгерiстер жоқ болған жағдайда, ұшалары мен iшкi мүшелері пiсiрiлiп немесе ұшалары консервi жасауға жiберiледi.
144. Инфекциялық бронхит. Инфекциялық ларинготрахеит. Зақымданған iшкi мүшелері мен ұшаның бөлшегi кәдеге жаратылып, өзгерiстер жоқ болса, ұшалары мен мүшелері пiсiрiледi немесе ұшалары консервiге жiберiледi. Түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
145. Лейкоз. Марек ауруы. Iсiктер. Ұлғайған процестер болып не терi мен бұлшық еттер зақымданса, не етi арық, сарғыш тартса, зақымданған көлемiне қарамастан, ұшалары және iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерде анемия, сарғаю не патологоанатомиялық өзгерiстер болмаса немесе iшкi мүшелерде зақымдану аз болса, оларды кәдеге жаратады, ал ұшаларын пiсiреді не консервi дайындайды. Марек ауруында түбiтi мен қауырсыны дезинфекцияланады.
146. Ньюкасл ауруы. Ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Ауруға шалдыққаны күдiктi, бiрақ патологиялық өзгерiстерi жоқ болса, ұшаларын және жарамды iшкi мүшелерін пiсiредi. Түбiтi мен қауырсынын жояды.
147. Күл. Жайылып кеткен процестерде ұшалары iшкi мүшелерімен бiрге кәдеге жаратылады. Тек қана басы зақымданса, оны кәдеге жаратып, ұшалары мен мүшелерін пiсiредi не консервi дайындауға жiбередi.
148. Спирохетоз. Арық не iшкi мүшелерінде патологиялық өзгерiстер болса, ұшасы iшкi мүшелерімен кәдеге жаратылады.
149. Микоплазмоз. Ауа қуысы қалталарында фибриндi өзгерiстер болса, ұшаларын кәдеге жаратады. Ондай өзгерiстер болмаса, басы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi.
150. Авитаминоздар. Ұшалары мен iшкi мүшелері арық болса кәдеге жаратылуға жiберiледi.
151. Перитонит. Диффузды перитонит болып, iшкi мүшелер зақымданса, кеуде асқазан қуысында серозды фибриндi не iрiңдi сарысу болса, ұшалары мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Iшкi мүшелерде, плеврада, көк еттердiң сероз қабықтарында шамалы қабыну болған кезде, зақымданған мүшелер кәдеге жаратылып, ұшалары пiсiрiледi, қуырылады немесе консервi дайындалады.
152. Энтерогепатит. Зақымданған мүшелері (бауыр, қарын, жемсау) кәдеге жаратылады, ал ұшалары шектеусiз пайдаланылады.
153. Жарақат. Абсцестер. Ұшаларда жарақаттану салдарынан болған iрiңдi iсiк, патологиялық өзгерiстер болған мүшелерi, ал зақымдану үлкен болса, ұшалар iшкi мүшелермен бiрге кәдеге жаратылады. Зақымдану көлемi азғантай болса, тазартқаннан кейiн ұшаның бөлiктерiн консервi дайындауға жiберiледi не пiсiрiледi.
Жарақат жақында ғана түскен болса және жақында ғана аз ғана қан шыққан болса, бiрақ қабыну процестерi болмаған жағдайда, қан сіңген не iсiнген бөлiктерi кәдеге жаратылып, ұшаның қалған бөлшектерi шектеусiз өндiрiстiк өңдеуге жiберiледi.
154. Бас қотыры. Басы мен мойынын кәдеге жаратып, ұшасын шектеусiз пайдалануға жiбередi.
155. Аяқ бөртпесі. Аяқтың қауырсынданбаған бөлiгiн кәдеге жаратуға жiберiп, ұшасын және iшкi мүшелерін кедергiсiз пайдалануға жiбередi.
156. Арықтау. Бұлшық еттерде май жиналатын жерлерде жалқаяқ пайда болып, бұлшық еттер семiп және құрғақтап кетсе (сүйектерi шығып тұрса), сондай-ақ еттерi, айдары мен сырғалығы боз немесе көкшiл тартса, ұшасын iшкi мүшелерімен қоса кәдеге жаратады.
157. Бөгде иiстер. Тауық етiне тән емес дәрi-дәрмектердiң не басқа заттардың иiсi болса, ұшасы және iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
Әртүрлi ауруларға шалдыққан қояндардың етiн
ветеринариялық-санитариялық
бағалау
158. Миксоматоз. Ұшалары, iшкi мүшелері және терiсi жойылады. Орын жай, арнайы киiм, құрал-жабдықтар дезинфекцияланады.
159. Қояндардың вирустық геморрагиялық ауруы. Ұшасын, iшкi мүшелерін және терiсiн кәдеге жаратады.
160. Туляремия. Ұшасын, iшкi мүшелерін және терiсiн кәдеге жаратады.
161. Стрептококты септицемия. Ұшасы, iшкi мүшелері және терiсi кәдеге жаратылады.
162. Стафилококкоз. Кезбе пиемия мен стафилококкты маститанықталған жағдайда, ұшасын, терiсiн және iшкi мүшелерін кәдеге жаратады. Стафилококкты пододерматит, оқшауланған нысаны болған кезде зақымданған бөлшектері мен ішкі мүшелерін кәдеге жаратады, ал ұшасы пісіріледі.
163. Туберкулез. Ұшасын, iшкi мүшелерін, терiсiн кәдеге жаратады.
164. Псевдотуберкулез. Ұша бұлшық етiнде псевдотуберкулезді ошақтар немесе көтеремдік орын алған ошақтар болса, ұшасы мен мүшелері кәдеге жаратылады, ал болмаған жағдайда пiсiрiледi. Зақымданған ішкі мүшелері кәдеге жаратылады.
165. Пастереллез. Ұшасы мен iшкi мүшелерінде iрiңдi жара болса кәдеге жаратылады. Ал iрiңдi жара болмаса ұша пiсiрiледi, iшкi мүшелер кәдеге жаратылады.
166. Некробактериоз. Осы процестер азғантай болса, зақымданған бөлiктер кәдеге жаратылады, ұшалары пiсiрiледi. Ал процестер ұлғайған түрде болса, ұшасы iшкi мүшелерімен қоса кәдеге жаратылады.
167. Салмонеллез. Ұшасы пiсiрiледi, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Егер дегенеративтi өзгерiстер болса, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
168. Ауески ауруы. Ұшада iшкi мүшелерінде дегенеративтi өзгерiстер болса, кәдеге жаратылады, егер ондай өзгерiстер болмаса, iшкi мүшелер кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi.
169. Листериоз. Ұшасы пiсiрiледi, зақымданған мүшелері, басы, терiсi кәдеге жаратылады.
170. Токсоплазмоз. Iшкi мүшелері мен басы кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi.
171. Спирохетоз. Ұшаның зақымданған бөлшектерi, мүшелері кәдеге жаратылады, зақымданбағандары кедергiсiз пайдалануға жiберiледi.
172. Цистицеркоз. Бұлшық еттері зақымданған жағдайда, ұшасы мен мүшелері кәдеге жаратылады. Ішкі мүшелері зақымданса, олар кәдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусіз шығарылады.
173. Кокцидоз. Зақымданған дене мүшелерi кәдеге жаратылады. Ал ұшасы шектеусiз шығарылады. Бұлшық еттерi, майы сарғыштау болып келедi. 48 сағатта жойылмаса, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
174. Фасциолез.Зақымданған дене мүшелерi кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерi және майы сарғыштау болады. Егер 48 сағатта жойылмаса, онда ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
175. Жарақаттану (қан құйылу, көгерген жерлер, инфильтраттар, жара, сынған жерлер және басқалары). Жара және жарақат жаңа болса, зақымданған жерлері тазартылып, ұшасы шектеусiз жiберіледi. Iрiңдi қабынуда еттi бактерологиялық әдiспен зерттейдi.
176. Арықтау (бұлшық ет тіндерінде дегенеративті өзгерістер, бұлшық етінің атрофиясы, май жиналатын жерлерде іркілдек ісік болуы). Ұшаны, iшкi мүшелерін кәдеге жаратады.
177. Пневмония. Дегенеративтiк өзгерiстер, арықтау болмағанда, еттi бактерологиялық зерттеуден өткiзедi, бактериология қорытындысы терiс нәтиже берсе кедергiсiз пайдаланылуға жiберiледi.
Әртүрлi ауруға шалдыққан сазқұндыз ұшаларының
ветеринариялық-санитариялық
сараптамасы
178. Сазқұндыз етi ішкі сауда объектілеріне бассыз, құйрықсыз әкелiнедi. Ocымен қатар тексеруге ұшасымен бірге iшкi мүшелерін тапсырады (жүрек, бауыр, көк бауыр, бүйрек).
179. Ұшаны, iшкi мүшелері үй қояндарын тексеретіндей әдiспен тексеріледi.
180. Сояр алдындағы зерттеу, этиологиясы әртүрлi ауру кезiндегi патологоанатомиялық өзгерiстерi үй қояндарына ұқсас болады. Фасция 5-8 кеуде омыртқасының сүйектерi астында орналасқан май лимфа түйіндері, сазқұндыздың ерекшелігі болып табылады. Олар ветеринариялық-санитариялық сараптаудан кейiн алынады.
181. Аурудың әртүрiн анықтағаннан кейiн ұшаны және iшкi мүшелерді санитариялық бағалау мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) сiбip жарасы, туляремия, сiреспе, құтыру, қатерлi iсiк кезінде ұшасы, мүшелері және терiсi өртеледi;
2) туберкулез кезінде ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады;
3) лептоспироз кезінде бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер, сарғыштау түс болмағанда, ұша қайнатуға жiберiледi, ішкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерінде дегенеративтi өзгерiстер және түсінің сарғаюы байқалған жағдайда, ұшасы мен ішкi мүшелері кәдеге жаратылады;
4) листериоз кезінде зақымданған мүшелер (бауыр, жүрек) және басы кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi, терiсi дезинфекцияланады;
5) сальмонеллез кезінде iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ал ұшасы пiсiрiліп залалсыздандырылады;
6) колибактериоз кезінде бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалмағанда, ұша қайнатылады, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады. Бұлшық еттерді дегенеративтi өзгерiстер байқалған жағдайда, ұша мен мүшелер кәдеге жаратылады;
7) пастереллез кезінде iшкi мүшелері кәдеге жаратылады, ал ұшасы пiсiрiледi;
8) бұлшық еттерде абсцестер болған жағдайда, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады;
9) некробактериоз кезінде зақымдалған жерлері алып тасталады, ал ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады;
10) Ауески ауруы кезінде бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда, ұшасы iшкi мүшелерімен бірге кәдеге жаратылады. Ал, өзгерiстер болмаған жағдайда, мүшелері кәдеге жаратылады, ұшасы пiсiрiледi. Tepici дезинфекцияланады;
11) трихинеллез кезінде ұша және iшкi мүшелер кәдеге жаратылады;
12) фасциоллез кезінде бұлшық еттерде дегенеративтi өзгерiстер байқалмаған жағдайда, ұшасын кедергісіз жiбередi. Дегенеративтi өзгерiстер байқалғанда, iшкi мүшелері мен ұшасы кәдеге жаратылады. Арық болған жағдайда, ұшасы мен iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
Жабайы жануарлар етiнің ветеринариялық-санитариялық
сараптамасы
182. Жабайы жануарлардың етiн зерттеу тәртібінің үй жануарларын зерттеуден айтарлықтай айырмашылығы жоқ, бірақ жануарлардың түріне байланысты аздаған ғана айырмашылықтары бар. Ветеринариялық тексеруге келген жабайы жануарлардың ұшасы терiсiз, iшкi мүшелері алынған болуы керек.
183. Жабайы жануарлардың қанын ағызу негізінен нашар немесе мүлдем ағызылмайды. Етте бөгде иіс болмауы қажет және туалет сапасын белгілеу қажет.
184. Лимфа түйiндерiн зерттеу. Жабайы жануарлар етiнiң сапасын бағалау кезінде лимфа түйiндерiн тексеріп қараудың маңызы ерекше болады, олардың ұша мен мүшелердегі топографиясының үй жануарларының топографиясынан айырмашылығы көп емес.
185. Ұшаны және мүшелерді зерттеу. Ұша мен мүшелердің тіндерін тексеріп қарауға ерекше көңіл бөлген жөн. Жаралар көбiнесе лас болады (жүнмен, батпақпен, топырақпен), оларда сүйек қалдықтары табылады. Бұғы мен жабайы солтүстік маралының ұшасы финнозға тексерiлуі қажет, ол үшiн белдегі бұлшық етiн ұзынынан тіледі.
186. Тамақ талғамайтын және ет қоректілер (қабан, аю, борсық) үй жануарларында қарастырылғандай, міндетті түрде трихинеллезге тексеруге жатады.
187. Ciбip жарасы жабайы жануарларда сирек кездеседi, тұяқты жабайы жануарларда жиi кездеседi (бұғы, солтүстiк жабайы маралы, киік), сондай-ақ қоян мен борсықта да болады.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегіндегі және серозды қабықтағы қанды-жалқыаяқты iсiнулер, қан құйылулар. Сыртқы тамырларында – қоңыр-қызыл қою ұйымаған қан, ал лимфа түйiндерiнде және оның маңайындағы ұлпаларда геморрагиялық қабынулар мен ұйыған қан болады.
Санитариялық бағалау. Ауру не сiбiр жарасына күдiктi жабайы жануарлардың етi жойылады.
188. Құтыру жабайы жануарлардың көптеген түрлерінде кездеседi. Ұшасы мен мүшелерін тексергенде, құтыруға диагноз қою мүлдем дерлік мүмкiн емес.
Санитариялық бағалау. Құтыру аурумен ауырған жануарлардың ұшасы мен iшкi мүшелері жойылады.
189. Пастереллез.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегінде жалқыаяқты-қанды инфильтраттар, iшкi мүшелерінің кейбiр жерiнде нүктелi қан құйылу (гиперемия), өкпеде – iсiну, бауырда, бүйректе, жүректе, талақта – қайта жаратылу, қан құйылу.
Ұша мен мүшелердің лимфа түйiндерi қара-күрең түстi, ал олардың айналасындағы дәнекер болып тұратын ұсақ қан құйылулар көп ұлпаға сары-қызыл инфильтрат сіңген.
Санитариялық бағалау. Пастереллез аурумен ауырған, бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстер байқалған жабайы жануарлардың ұшасы, мүшелері жойылады. Дегенеративтi өзгерiстер болмаса, ет пiсiру арқылы зазалсыздандырылады.
190. Аусыл. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ауыз қуысының шырышты қабатында күлдіреуіктер мен жаралар, тұяқ қуысында күлдіреуіктер мен некроздар анықталады. Лимфа түйiндерiнде, бұлшық етте және ұшаның басқа мүшелерiнде өзгерiстер байқалмайды. Санитариялық бағалау. Сойылғаннан кейін алынған өнім жойылады.
191. Туберкулез жабайы жануарлардың көптеген түрiне тән.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Мүшелерде, лимфа түйiндерде, бұлшық етте туберкулездi ошақтар табылады, ортасында кiшкентай әк қосындылары көрiнедi. Жекелеген мүшелері зақымданғанда бұл процеске регионарды лимфа түйiндерi де қамтылады. Туберкулезбен жабайы шошқа ауырғанда көбінесе, басының және iшектерінiң лимфа түйiндерi зақымданады.
Санитариялық бағалау. Ұшада, лимфа түйiндерiнде көптеген туберкулездi зақымдар болса, жабайы жануарлардың етi кәдеге жаратылады. Жекелеген мүшелері, лимфа түйiндерi зақымданған жағдайда, зақымданған жерi ғана залалсыздандырылады да етi пiсiрiледi.
192. Псевдотуберкулез. Көбiнесе кемiргiштерде байқалады (қоян, сазқұндыз және тағы да басқалары).
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшаны тексеріп қарағанда лимфа түйiндерiнде және кейде бұлшық етінде ұсақ төмпешiктер түрiндегі некрозды ошақтар анықталады, оларда сұрғылт сары немесе жасыл түстi казеозды массалар болады. Санитариялық бағалау. Бұлшық етте, лимфа түйiндерiнде зақымданған жерлер көп болса немесе қоңдылығы назар болса, ұшасы мен мүшелері кәдеге жаратылады.
Жекелеген лимфа түйiндерi немесе бұлшық еттерi зақымданса, олар кәдеге жаратылады, ал ұшасы шектеусiз жiберiледi.
193. Бруцеллез – жабайы жануарлардың көптеген түрi ауырады.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Ұшада патологиялық өзгерiстер жоқ, сондықтан сойылғаннан кейiн жануар ауруын анықтау күрделi. Лимфа түйiндерi ұлғайғаны белгiленедi, олар iсiнген, кейде iрiңдi-некрозды ошақтар болады.
Санитариялық бағалау: Бруцеллез ауруымен ауырған деген күдiк тудырған жабайы жануарлардың етiн қайнатып залалсыздандырады.
194. Некробактериоз. Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Жабайы жануарларда көбінесе тұяқ ауруы, кейде ауыз қуысының шырышты қабаты зақымданады.
Лимфа түйiндерi, әсіресе мойындағы, шаптағы түйіндер ұлғайып, гиперемацияланады. Бұлшық етте кейде некрозды-iрiңдi ошақтар болады.
Санитариялық бағалау. Некробактериозбен ауырған жабайы жануарлардың етiнде, бұлшық еттерiнде некрозды ошақтар болса, кәдеге жаратылады.
195. Қарасан, бұғы мен зубрда кездеседi.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегінде, негізінен санында, жамбасының маңайында, сауырында, белiнде, кеудесiнде iсiнiп сыздайтын шиқандар байқалады, оларды қатты басқанда газ көпіршіктері мен қан аралас сары инфильтрат бөлiнедi. Дифузды тіліктегі лимфа түйiндер қара-қызыл түске боялған.
Санитариялық бағалау. Ауруға шалдыққан жабайы жануарлардың ұшасы және мүшелері жойылады.
196. Листериоз – көбінесе қоянда, жабайы қоянда, жабайы шошқада, бұланда, киіктерде кездеседі.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Лимфа түйiндерi ұлғайған, iсiнген, қоңдылығы төмен болады.
Санитариялық бағалау. Листериоз бойынша ауру немесе ауырды деп күдiк тудырған жабайы жануарлардан алынған ұша пiсiріліп залалсыздандырылады, ал iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
197. Лептоспироз – жабайы жануарлардың көптеген түрлерінің ауруы. Көбiнесе кемiргiштер, жабайы қояндар, теңбіл бұғылар, елік және басқалары ауырады.
Сойылғаннан кейiнгi диагностика. Терi асты өзегі, бұлшық етi және май ұлпалары сарғаяды, кейбiр жерлерiнде қан құюлармен сары инфильтраттар болады. Iшкi мүшелері сарғыштау, қан құюлар байқалады. Лимфа түйiндерi күрт ұлғайған.
Санитариялық бағалау. Ауру жануарлардан алынған етті қайнатады. Сарғыш түске боялғаны анық көрінетін немесе бұлшық етте дегенеративтi өзгерiстері бар ұша кәдеге жаратылады.
198. Трихинеллез жабайы шошқада, аюда, борсықта және жабайы ет қоректiлерде кездеседі. Ұшасы, iшкi мүшелері кәдеге жаратылады.
199. Цистицеркоз (финноз). Цистицеркозбен бұғының, еліктің ауырған жағдайлары белгілі.
Тұяқты жабайы жануарларда эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз кездеседi.
Түрлi инвазиялық аурулар кезінде жабайы жануарлардың етiн санитариялық бағалау үй жануарларының етiн бағалаумен ұқсас.
4. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау бойынша
оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу
тәртібі
200. Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама (бұдан әрі – тамақ өнімдері) жүргізу тәртібі ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын, жануарларды өсірумен (союмен), олардан алынатын тамақ өнімдерін өндірумен, өңдеумен және іске асырумен айналысатын барлық субъектiлерге таратылады.
201. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы Қазақстан Республикасының лицензиялау саласындағы заңнамасына сәйкес берілген лицензия негiзiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар мен нормативтерге сәйкес ветеринариялық зертханаларда, ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертханаларда және өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерінде жүзеге асырылады.
202. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптамасы оның қауiпсiздiгiн бағалау мақсатында жүргiзiледi. Ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижесi тамақ өнiмдерiнiң қатерлерiне талдау жүргізу үшiн қолданылады.
203. Тамақ өнiмдерiнің жойылу сатысынан (процесіне), оның қайталанбалы кезеңінің барлық сатыларына дейін тамақ өнiмдерi ветеринариялық-санитариялық сараптамаға жатады.
204. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзу үшін тамақ өнiмдерiнен сынама алу жүзеге асырылады.
205. Тамақ өнiмдерiнен алынған сынама және оның ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы есепке алуға жатады.
206. Тамақ өнiмдерiнiң ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындылары бойынша ветеринариялық зертханалардың сараптама актісін беру қағидасына сәйкес сараптама актiсi берiледi.
207. Сараптама актiсiнің негізінде ветеринария саласындағы уәкілетті органмен Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасына сәйкес тамақ өнiмдерiн одан әрі қолдану, оны кәдеге жарату және/немесе жою туралы ветеринариялық құжатты ресімдейді.
Тамақ өнiмінiң ветеринариялық құжаты болмаған жағдайда, оның қайталанбалы кезеңінің келесi процестерiне (сатыларына) олардың шыққан жерi мен қауiпсiздiгi анықталғанша жiберiлмейдi.
208. Тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiн айқындау үшiн оның қайта ветеринариялық-санитариялық сараптамасы мынадай жағдайда жүргiзiледi:
1) сапасыздығының айқын белгiлерi болса (бүлiнген, бұзылған, ластанған);
2) ветеринариялық құжаттардың қолданылу мерзiмі өтiп кетсе;
3) тамақ өнiмдерiнiң сақтау, тасымалдау және/немесе өткiзу шарттары бұзылса;
4) тамақ өнiмдерiн әзiрлеуді, дайындауды, айналымды және кәдеге жаратуды жүзеге асыратын объектiлер орналасқан аумақта (аймақта) жануарлардың аса қауiптi аурулары пайда болса.
Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) процесiнде (сатысында)
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу
тәртiбi
209. Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) сатысындағы ветеринариялық-санитариялық сараптамаға нормативтiк-техникалық құжаттаманың жобалары және/немесе тамақ өнімдерінің тәжiрибелiк үлгiлерi жатады.
210. Тамақ өнiмдерiн әзiрлеу (жасау) процесiне (сатысына) жануарларды сою, тамақ өнiмдерiн өндiруге (дайындауға) арналған балық аулау (ұстап алу), шикi сүттi, омартадан балды және жұмыртқаны жинау, сондай-ақ азық және азық қоспаларын жасау жатады.
211. Жануарларды сою кезіндегі ветеринариялық-санитариялық сараптамаға осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке сәйкес, сою алдындағы ветеринариялық тексеру және сойғаннан кейінгі ұшалар мен мүшелердің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы және оларды санитариялық бағалау кiредi.
212. Сойылғаннан кейiнгi ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша осы Қағидаларда белгіленген ветеринариялық етті таңбалау тәртібіне сәйкес ұшалар мен мүшелерді таңбалау жүргiзiледi.
213. Ветеринариялық-санитариялық сараптама өндiру үшін балық аулау (ұстап алу), шикi сүттi, омартадан балды және жұмыртқаны жинау кезiнде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға және нормативтерге сәйкес жүзеге асырылады.
214. Ветеринариялық-санитариялық сараптама азық және азық қоспаларын жасау кезiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 20 ақпандағы № 175 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндiрiлетiн (дайындалатын) және алғаш рет әкелiнетiн (импортталатын) азықтарды және азық қоспаларын мемлекеттiк тiркеу ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тамақ өнiмдерiн өндiру (әзірлеу) процесiнде (сатысында)
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу
тәртiбi
215. Тамақ өнiмдерiн, оларды өндiру (әзірлеу) процесiндегі (сатысындағы) ветеринариялық-санитариялық сараптама барлық технологиялық процесте және олармен байланысты орау, буып-түю, таңбалау, сондай-ақ тамақ өнiмдерін iшкi өндiрiсте сақтау және тасымалдау процестерiнде жүзеге асырылады.
Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесiнде (сатысында)
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу
тәртiбi
216. Айналым процесiне (сатысына) ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен тамақ өнiмдері жiберiледi.
217. Тамақ өнiмдерiнің айналымы процесінде (сатысында) олардың ветеринариялық-санитариялық сараптамасы осы Қағидалардың 208-тармағында аталған жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылады.
218. Тамақ өнiмдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) тамақ өнiмдерiн әкелу (импорттау) және әкету (экспорттау) кезiнде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертханаларда жүзеге асырылады. Тамақ өнiмдерiне ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу мен сараптама актiсiн беру мерзiмi 5 (бес) жұмыс күнiнен аспайды.
219. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өткiзудi жүзеге асыратын сауда объектiлерiнде (бұдан әрі – сауда объектілері) тамақ өнімдерінің ветеринариялық-санитариялық сараптамасы сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық зертханаларында (бұдан әрі – зертханаларда) жүзеге асырылады.
Мал өнiмдерi мен одан алынған шикiзат өнiмдерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сауда объектілерінде ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізетін зертханалардағы Міндетті және қосымша зерттеулер тізбесіне сай зертханаларда жүзеге асырылады.
220. Мал өнiмдерi мен одан алынған шикiзаттарды ветеринариялық-санитариялық сараптаудан өткiзу, жануарларды сояр алдында ветеринариялық тексеру және сойылғаннан кейiнгi ұшалар мен мүшелерді ветеринариялық-санитариялық сараптау және олардың ветеринариялық-санитариялық бағалау осы Қағидаларда белгіленген тәртіпке және стандартты тестерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату процесiнде (сатысында)
ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу
тәртiбi
221. Қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және/немесе жою Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 15 ақпандағы № 140 қаулысымен бекiтiлген Адамның өмiрi мен денсаулығына және жануарларға, қоршаған орта қауiп төндiретiн тамақ өнiмдерiн кәдеге жарату және жою ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
222. Кәдеге жарату процесiндегі (сатысындағы) ветеринариялық-санитариялық сараптамаға ветеринариялық-санитариялық бақылануға тиiсті тамақ өнiмдерi жатады.
5. Етке ветеринариялық таңба басу
тәртібі
223. Ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың барлық түрінен, оның ішінде құстардан алынған ет пен ет өнімдеріне (субөнімдеріне) мiндеттi түрде ветеринариялық таңба және мөртабандар қойылуы тиiс.
224. Ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы орган бөлiмшесінің басшысы етке таңба қоюды жүзеге асыратын ветеринариялық дәрiгерлерге жеке нөмiр берiп, олардың тiзiмiн құрады.
225. Ветеринариялық таңба және мөртабан ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырушы тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің жергiлiктi атқарушы органының бөлiмше басшысының рұқсатымен арнайы белгiленген тәртiп бойынша етте айқын таңба қалу мақсатында белгiленген нысанда және шетi терең етiп ойылған сандардан, әрiптерден тұратын көлемде қола немесе басқа да тот баспайтын металдардан дайындалады.
226. Ветеринариялық таңба рұқсатсыз қолданылуды толығымен болғызбау шартымен, етті таңбалауға рұқсат алған ветеринариялық дәрiгерлерде сақталады.
Ветеринариялық таңба мен мөртабандар
227. Еттердi, ет өнiмдерiн (субөнімдерін) таңбалау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ветеринариялық таңбалар мен мөртабандар белгiленедi.
228. Сопақша және тiк тiкбұрышты нысандағы ветеринариялық таңбаларда, сондай-ақ ветеринариялық мөртабандарда осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ақпарат көрсетiледi.
229. 1-нысандағы сопақша ветеринариялық таңба зертханалардың немесе сою пункттерiнiң немесе ет өңдейтiн кәсiпорындардың өндiрiстiк бақылау бөлiмшелерiнiң ветеринариялық дәрiгерлерiнің ветеринариялық-санитариялық сараптамасының қорытындылары бойынша қойылады. Сопақша ветеринариялық таңбаның болуы ветеринариялық-санитариялық сараптаманың жүргiзiлгенiн және өнiмнiң қауiпсiз екендiгiн растайды.
230. «Алдын ала тексеру» тiкбұрышты ветеринариялық таңбасын сою алаңдарында малды сою алдындағы тексеру және сойылғаннан кейiн ұша мен мүшелерді тексеру қорытындысы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар бөлімшелерінің ветеринариялық дәрiгерлерi қояды.
231. «Алдын ала тексеру» тiкбұрышты ветеринариялық таңбасы қойылған ұша мен мүшелер ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізу үшiн ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханаларына жiберiледi.
232. Жүргізілген зерттеулердің қорытындысы бойынша тiк бұрышты ветеринариялық таңбаның қатарына ветеринариялық-санитариялық сараптамалық зертхананың ветеринариялық дәрiгерi 1 нысандағы немесе 2 нысандағы сопақша ветеринариялық таңба қояды.
233. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) және қайта өңдеуге жататын ет пен ет өнiмдерi «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ет және ет өнiмдерiн пайдалану тәртiбiн көрсететiн ветеринариялық мөртабандармен таңбаланады.
234. Қосымша өнімдерді, қоянның және құстың етiн таңбалауға көлемі шағын сопақша ветеринариялық таңба қолданылады.
235. Ет өңдейтiн кәсіпорындарда, құс фабрикаларында электртаңба қолдануға болады, 1 немесе 2 сандары (құс етiнiң санатына қарай) жиектелмей, құстың аяғының сыртқы жағына қойылады. Ұшаны полимерлi пакеттерге қаптағанда түрi мен санатын тікелей пакет сыртына типографиялық тәсілмен қояды.
236. Ет пен ет өнiмдерiн сатуға тек сопақша нысандағы ветеринариялық таңба болған жағдайда ғана рұқсат етiледi.
Етті және ет өнімдерін (қосымша өнiмдердi) таңбалау
тәртiбi
237. Барлық жануарлардың еттерiне ветеринариялық таңбаның немесе мөртабандардың бедері төменгi тәртiппен қойылады:
1) ет ұшалары мен жартылай ұшаларға – бір-бiрден әр жауырын және жамбас тұсына;
2) әр төрт бөлiкке, қыртыс майдың кесегіне – бір-бiр таңбадан;
3) жүрекке, тiлге, өкпеге, бауырға, бүйрекке – бір-бiр таңбадан ветеринариялық таңба бедері бар бір жапсырманы желімдеу жолымен (ветеринариялық-санитариялық сараптау зертханалары үшін мiндеттi түрде);
4) үй қояндары мен сазқұндыздың ұшаларына екі таңба – жауырын тұсы мен санының сыртқы жағына бiр-бiрден;
5) iшкi сауда объектiлерiнде құстың ұшаларына мойынға немесе санының сыртқы жағына (жабайы құстардың еттерi де осылай таңбаланады) бiр таңба;
6) ет өңдейтiн кәсiпорындарда, құс комбинаттарында, құс фабрикаларында жiлiншiктiң сыртқы жағына: балапанның, тауықтың, үйректiң, мысыр тауығының ұшаларында – бiр аяғына; үйректiң, қаздың, күрке тауықтың – екi аяғына электр таңбасы қойылады;
7) өнеркәсіптік қайта өңдеуге жататын құстардың ұшасына арқа тұсына «п» деген электр таңба қойылады.
238. Ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткен жылқының, түйенің, бұғының, аюдың, есектің, қашырдың етін ветеринариялық таңбамен таңбалайды және жанынан ет және ет өнімдерінің түрін көрсететін қосымша мөртабан қойылады.
239. Жануарлардан алынған шикі майға таңба қойылмайды, бірақ ветеринариялық таңба қойылған заттаңба жапсырылады.
240. Залалсыздандырғаннан (зарарсыздандырғаннан) кейін ғана шығарылуға жататын ет және олардан алынатын қосымша өнiмдерге және өңдеуге жіберілетін шұжыққа және басқа да өнiмдерге тек залалсыздандыру (зарарсыздандыру) әдiсiн немесе диагнозын білдіретін ветеринариялық мөртабан қойылуы тиіс, сопақша таңба қойылмайды.
241. Залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға) жататын құстардың ұшалары салынған ыдысқа етті және ет өнiмдерiн ветеринариялық-санитариялық сараптау қағидаларына сәйкес залалсыздандыру тәсiлiн білдіретін: «Қайнатуға», «Консервiге» және тағы басқа әдiстерi көрсетiлген ветеринариялық мөртабан бедері бар заттаңбалар желiмделедi.
242. Ветеринариялық-санитариялық сараптама қорытындысы бойынша тағамдық мақсатқа жарамсыз деп танылған құстар мен үй қояндарын қоса алғанда, жануарлардың барлық түрлерінің ұшаларына «Жоюға» деген жазуы бар ветеринариялық мөртаңбаның кемінде 3-4 бедері қойылады.
243. Сақтау немесе тасымалдау шарттарының бұзылуы нәтижесінде өзінің ветеринариялық-санитариялық сипаттамаларын өзгерткен ет және ет өнімдері (қосымша өнімдер) қайтадан ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өтуi және сопақша нысандағы таңбалардың бедерлерін алдын ала жоя отырып, осы Қағидаларға сәйкес мөртаңбалар қойылып қайта таңбалануы тиіс.
6. Ветеринариялық препараттарды шығаратын және
сататын ұйымдарға қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
талаптар
244. Ветеринариялық-санитариялық талаптар Қазақстан Республикасының аумағында ветеринариялық препараттарды өндірумен және сатумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
245. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоклав бөлмесі – зертханалық ыдыстарды, қоректік орталарды, құрал-саймандарды стерилизациялау және микроорганизмдерді, залалданған материалды және басқа да биологиялық шығындарды залалсыздандыру (зарарсыздандыру) үшін екі бөлек бөлімшеден тұратын, автоклавтармен жабдықталған арнайы бөлме;
2) валидация – жабдықтың сәйкестігін, өндіріс жағдайын, технологиялық процестің, жартылай өнім мен дайын өнім сапасының қолданыстағы регламенттерге және/немесе нормативтік-техникалық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін құжатталған растау;
3) процесс валидациясы – белгіленген параметрлер шеңберінде орындалатын процестің тиімді және ұдайы өсу нәтижелерімен жүзеге асырылу мүмкіндігін және белгіленген біліктілік талаптары мен сапа сипаттамаларына сәйкес келетін ветеринариялық препарат өндіре алатынын құжаттамалық растау;
4) өндірісішілік бақылау (технологиялық, операцияаралық) бақылау мақсатында, және өнім біліктілік талаптарына сәйкес келуі үшін технологиялық процесс параметрлерін түзету қажет болған жағдайда өндіріс барысында орындалатын тексеру. Қоршаған ортаның немесе жабдықтың жай-күйін бақылау операцияаралық бақылаудың элементі ретінде қарастырылады;
5) ауа шлюзі – екі немесе одан да көп есігі бар, екі немесе одан да көп үй-жайдың арасына орналасқан шектелген кеңістік, мысалы үй-жайға кіру барысында олардың арасындағы ауа ағынын бақылауға арналған әртүрлі кластағы тазалық және ол адамдар мен материалдардың орнын алмастыру үшін пайдаланылады;
6) виварий – зертханалық тәжірибелік жануарларды ұстау үшін арнайы оқшауланған үй-жай;
7) изолятор – зертханалық ауру жұқтырылған тәжірибелік жануарларды ұстау үшін арнайы оқшауланған үй-жай;
8) бақылау (эталондық) штамдар (бұдан әрі – бақылау штамдары) жаңадан алынған штамм-изолятты бірдейлендіру үшін оларға қарсы сары сумен бірге қолданылатын микроорганизмнің әлсіздендірілген (аттенуацияланған) өндірістік штамдары дақылдарының мұражайлық үлгілері;
9) микроорганизмдердің бақылаулық (эталондық) және өндірістік (вакциналық) штамдарының матрикс сериялары (партиялары) – бір жағдайда алынған және ветеринариялық препараттардың нақты түрін өндіру және бақылау үшін үлгі ретінде қолданылатын микроорганизмдер штамының әлсіздендірілген (аттенуацияланған) дақылдарының бастапқы сериялары (партиялары);
10) микроорганизмдер – бактериялар, вирустар, рикеттсиялар, микоплазмалар, ашытқылар, актиномицеттер, көктейтін саңырауқұлақтар, балдыр және басқа да қарапайымдар;
11) ветеринариялық препараттарды өндіретін және сататын ұйымдар – осы ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға жауап беретін арнайы өндірістік үй-жайларда ветеринариялық препараттарды өндіруді (бұдан әрі – өндіруші) және сатуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың қызметі;
12) өндірістік және бақылау штамдарының паспорттары – микроорганизмнің өндірістік және бақылау штамдарын сәйкестендіретін негізгі ерекше қасиеттерінің сипаттамасы бар белгіленген нысандағы құжат;
13) өндірістік бақылау бөлімшесі (бұдан әрі – ӨББ) – кейін өндірісішілік акт жасай отырып, ветеринариялық препараттың өндірілген сериясының (партиясының) ветеринариялық нормативтерге сәйкестігіне ветеринариялық препаратқа зерттеуді орындайтын, белгіленген талаптарға сәйкестігін техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган берген аккредиттеу аттестаты бар, ветеринариялық препараттарды өндірушінің (сынақ зертханасы бар) сапаны бақылау бөлімі;
14) ветеринариялық препаратты өндіру – дайын ветеринариялық препаратты алу үшін өндірістің толық циклын (синтез, биосинтез, экстракция, тазалау, өңдеу, дайындау, орау, буып-түю, маркалау, затбелгі жапсыру) немесе субстанцияларды пайдаланудың жекелеген сатыларын қамтитын ұйымдасқан технологиялық процесс;
15) өндірістік (вакциналық) штамдар (бұдан әрі – өндірістік штамдар) – әртүрлі қолданыстағы биологиялық препараттардың сапасына және дайындалуында қолданылатын тиісті микроорганизмнің әлсіздендірілген (аттенуацияланған) дақылдары (вакциналар, анатоксиндер, емдеу-алдын алу сары сулары және глобулиндер, пробиотиктер, бактериофагтер, диагностикумдар және басқа биологиялық текті заттар);
16) санөткізгіш – қызметкерлердің киімдері үшін жеке шкафтар мен шешінетін жерден, әжетханадан, жуынатын жерден және қызметкерлердің арнайы арнайы киімдері үшін жеке шкафтар мен шешінетін жерден тұратын ғимарат немесе ветеринариялық препараттарды өндіру және сату бойынша өндірістік ғимараттың бір бөлігі;
17) ветеринариялық препараттардың сериясы (партиясы) – тұрақты жағдайда, бір өндірістік циклда алынған және оралған, өз сериясы нөмірін, өндірістік бақылау нөмірін алған және белгіленген үлгідегі бір құжатпен ресімделген ветеринариялық препараттардың белгілі бір саны;
18) ерекшелік – өнім өндіру барысында пайдаланылатын және алынатын шикізат пен материалдар сәйкес келуі тиіс сандық шекараны, ауқымды немесе өлшемдерді белгілейтін талдамалық әдістемеге сілтеме жасайтын және қолайлылық өлшемдеріне сәйкесетін сынақ тізбесін толық жазатын ұйымның стандарты;
19) өндірістің технологиялық регламенті – ветеринариялық препараттарды өндірудегі өндіріс әдістерін, технологиялық нормативтерді, техникалық құралдарды, технологиялық процестерді жүргізу шарттары мен тәртібін белгілейтін нормативтік-техникалық құжат;
20) штамм – ұзақ сақтау мерзімі ішінде өзінің сипаттамасын (биологиялық қасиетін) сақтайтын микроорганизмнің таза дақылы.
Санитариялық аймаққа және өндіруші ғимаратын
орналастыруға қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
талаптар
246. Ветеринариялық препараттарды өндіруші өнімнің қауіпсіздік жағдайының, сапасының немесе тиімділігі талаптарының бұзылуынан тұтынушыларға қауіп төндірмеу үшін өз мақсатына және қойылатын талаптарға сәйкес келуі үшін оларды өндіруді ұйымдастырады.
247. Ветеринариялық препараттарды өндіруші ғимаратты, үй-жайды және жабдықты олар үшін арналған процестерге сәйкес келуі үшін иелік етеді, жобалайды, құрастырады, орнатады.
248. Өндірушінің ғимараты жеке қоршалған аумақта орналасады, фармацевтикалық және биологиялық өнеркәсіптің басқа ұйымдарының аумағында оқшау орналастыруға рұқсат етіледі. Өндірушінің ғимаратын оқу орындарында, қоғамдық немесе тұрғын үй ғимараттарында орналастыруға рұқсат етілмейді.
249. Өндірушінің ғимараты биіктігі кемінде 2 метр қоршаумен қоршалады, үш бөлімшеден тұрады: бірінші – қызметкерлердің киімдері мен аяқ киімдеріне арналған жеке шкафтары бар шешінетін жер, әжетхана, екінші – жуынатын жер, үшінші – қызметкерлердің арнайы киімдеріне арналған жеке шкафтары бар санитариялық өткізу орнымен жабдықталады.
250. Бірінші және екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу барысында аталған қоршаудың үстіңгі жағында тікенекті сым болуы керек.
251. Өндірушінің ғимараты мен қоршауының арасында санитариялық-қорғаныс аймағы орналасады, оның көлемі «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 93 қаулысына сәйкес анықталады.
252. Бірінші және екінші топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істейтін өндіріс аумағына кіру барысында көлікті залалсыздандыратын дизтосқауыл – түбі бетондалған тереңдігі – кемінде 20 сантиметр, ені 3 метр, ұзындығы кемінде 5 метр қазаншұңқыр болады. Дезтосқауыл залалсыздандыру ерітіндісімен толтырылады. Өндіріс аумағына көліктің кіру/шығуы дезтосқауылсыз жүргізілмейді.
253. Әкімшілік-шаруашылық және қосалқы жайлар, ас дайындайтын және тамақ ішу орындары және жөндеу жүргізу орындары (цех) өндіріс орнынан жеке ғимаратта орналасуы керек (егер бір ғимаратта болса) немесе одан оқшауландыру керек. Әкімшілік-шаруашылық және қосалқы жайларды өндірушінің қоршауының сыртына орналастыруға болады.
254. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлар жеке есігі бар басқа барлық аймақтардан бөлек ғимаратта болады, ауаны дайындау және өңдеудің жеке жүйесімен жабдықталады.
Үй-жайларға қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
талаптар
255. Үй-жайлардың орналасу орыны, жобасы, құрылысы, жабдықталуы мен қызмет етуі орындалатын жұмысқа сәйкес келуі керек. Олардың орналасуы мен конструкциясы қателіктер тәуекелін барынша азайтуы керек және тиімді жинап сыпыру жұмысына мүмкіндік беретін, қиылысты контаминацияны болдырмау мақсатында қызмет көрсетуге, шаң мен кірді болдырмайтын жағдайда болуы керек.
256. Барлық қорғаныс шараларын сақтау барысында қоршаған ортаның әсерінен өндіріс жайының (ғимаратының) материалдары мен өнімнің ластануы барынша аз болуы керек.
257. Үй-жайды пайдалану сақтық шараларын орындау арқылы жүргізіледі, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмысы өнімнің сапасына теріс әсер етпеуі керек.
258. Үй-жайларды жиып сыпыру мен залалсыздандыру жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес жүргізілуі керек.
259. Жабдықталуы мен температуралық режим, ауаның ылғалдығы және желдету үй-жайдың қызмет міндетіне сәйкес болуы керек және ветеринариялық препаратты дайындау барысында оған тікелей және жанама түрде, теріс әсер етпеуі керек, сонымен қатар, қондырғының дұрыс жұмыс істеуіне әсер етпеуі керек.
260. Үй-жайларды жобалау мен пайдалану барысында оған жәндіктер мен жануарлардың кірмеуі үшін қорғаныспен қамтамасыз етіледі.
261. Үй-жайларға кіруге құқығы жоқ адамдар жіберілмейді. Өндірістік, қоймалық және сапаны бақылау үй-жайларының қызметкері мен осы жерде жұмыс істемейтін адамдар үшін келесі жайға өту орны ретінде пайдаланылмайды.
262. Өндірістік үй-жайларда, оның ішінде ӨББ-де, виварийлер мен изоляторларда едендер зиянды заттарды жинамайтын материалдан және жуу барысында жеңіл тазаланатын (жуылатын) материалдан жасалады.
263. Қабырғалар мен төбеге және басқа да тегіс беттер, әсіресе зиянды және агрессивті құралдар орналасқан құрылыс конструкцияларының тегіс беттері қажет болғанда, залалсыздандыратын және жүйелі түрде ылғалды және вакуумды түрде тазалауға мүмкіндік беретін, сорбацияны болдырмайтын құраммен қапталады.
264. Өндірістік аймақта:
1) сенсибилизациялаушы (антибиотиктер немесе биологиялық синтездің басқа да заттары) немесе биологиялық ветеринариялық препараттарды (тірі микроорганизмнен) өндіру барысында қиылысты контаминациядан туындайтын адамдардың денсаулығына қауіп төндіруді барынша азайту үшін арнайы және оқшауланған техникалық құралдар (үй-жай, әжетхана, ол өндіріс жайына жақын болмауы керек), қондырғылар (қызмет көрсету құралы) болуы керек;
2) бір үй-жайда антибиотиктерді, гормондарды, цитоксиндерді, қатты әсер ететін құралдар мен басқа да өнімдерді өндіруге жол берілмейді. Егер өндіріс циклы уақытпен бөлінсе және сақтықтың арнайы шаралары сақталса, сондай-ақ қажетті аттестация (сынақ) жүргізілсе, айрықша жағдайда аталған препараттарды бір үй-жайда өндіруге рұқсат беріледі;
3) ветеринариялық препараттарды өндіру үшін пайдаланылатын ғимараттарда техникалық мақсаттағы уды (пестицидтер мен гербицидтерді) өндіруге жол берілмейді;
4) үй-жайдың жобасы өндірістік операциялардың логикалық сабақтастығына сәйкес болуы керек және тазалық талаптарын орындауға мүмкіндік беруі керек;
5) жұмыс істеу аймағы мен өндіріс ішінде сақтау аймағының жобасы қондырғылар мен материалдарды логикалық түрде орналастыруға мүмкіндік беретін, ветеринариялық препараттар мен компоненттерін ауыстырып алу қаупін барынша азайтатын болуы керек, сонымен қатар, өндіру мен бақылау барысында қандай да бір операцияны жіберіп алу немесе ауыстырып алу жағдайын болдырмайтындай болуы керек;
6) бастапқы және соңғы немесе аралық орамадағы материалға және бөлшектеп оралған материалға қоршаған ортаның әсері барысында, ішкі тегіс бет (қабырға, еден, төбе) тегіс болуы керек және ашық өтетін орын немесе қабырға немесе төбеде жарық-тесік болмауы керек, олар ластайтын агенттер бөлмеуі керек және бөгетсіз тиімді жинап сыпыру жүргізуді, қажет болған жағдайда залалсыздандыруды жүргізуді қамтамасыз ететін болуы керек;
7) құбырлардың, жарық беру құралдарының, желдеткіштердің конструкциясы және орналасуы тазалауға ыңғайлы болатындай қол жететін жерде болуы керек. Оларға қызмет көрсету жұмыстары өндірістік үй-жайдың сыртында жүргізіледі;
8) ағын су құбыры (кәріз) тиісті көлемде болуы керек және судың кері кетуін болдырмайтын болуы керек. Ашық науаны пайдаланбау керек. Қажет болған жағдайда ол терең емес және тазалау мен залалсыздандыру жұмысын жүргізуге ыңғайлы болуы керек;
9) өндірістік аймақтарды тиімді желдету жүйесімен, ауаны бақылау қондырғысы бар (температураны талап ететін, қажет болғанда ылғалды беру және оны сүзетін) жүйемен қамтамасыз ету керек;
10) шығатын материалдарды өлшеу жұмысын арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізу керек;
11) шаң шығатын (сынама алу барысында, өлшеу, араластыру, өндіріс операциялары мен құрғақ өнімдерді орау) жұмыстар барысында қиылысты ластану бойынша шараларды және тазалау бойынша шараларды қарастыру керек;
12) ветеринариялық препараттарды орау жайын жобалау барысында алмастырып қою, материалдар мен өнімдерге қиылысқан ластанулары болдырмайтын араларды қарастыру керек;
13) өндірістік үй-жайлар, әсіресе көру арқылы операциялық бақылау жасау орындары дұрыс жарықтанған болуы керек;
14) өндірісішілік бақылау жұмысы егер техникалық процеске бөгет жасамайтын болса, онда өндіріс аймағында жүргізілуі мүмкін;
15) өндіріс орнында (залалсыздандыру жұмысын жүргізетін бокста) ауа ағымын соратын желдеткіш болу керек. Бұл мақсатқа арнайы залалсыздандыру сүзгілері пайдаланылады. Сағатына 36-50 текше метр ауаны сору барысында 1 шаршы м сүзгі беті коэффициенті микробты денелер бойынша «секіріп өтуі» 0,001-0,005 % артық емес. Ауа алмастырғыштың еселігі сағатына 3 тен 15 текше метрге дейін, үй-жайдың ерекшелігі мен қай мақсатта пайдаланылуына байланысты;
16) барлық өндірістік үй-жайлар герметикалық терезелермен және есіктермен жабдықталады (өндірістік үй-жайларда ондай терезелердің болмауына рұқсат етіледі);
17) технологиялық операциялардың сипатына сәйкес үй-жайлар (әсіресе, стерильді бокстер мен бокс алдындағы бөлмелер) бактерицидті лампалармен жабдықталады;
18) өндірістік үй-жайлар (бокс алдындағы бөлмелерді қоса алғанда) ыстық және суық сумен қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда сору шкафтарымен жабдықталады. Автоклав орнын жуу орнымен біріктіру және қоректік орта, ерітінділер мен құралдарға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетін «кір» және «таза» автоклавтарды біріктіруге жол берілмейді;
19) өндіріс орындары өрт қауіпсіздігі құралдарымен жабдықталады (бокстардың алдында – жүннен тігілген көрпешелер, басқа орындарда – өрт сөндіру құралдары), алғашқы медициналық көмек (медициналық аптека) және жұқпалы материалдан болған апатты жою үшін пайдаланылатын апаттық пакет (халат, қолғап, қалақ, мақта, залалсыздандыру ерітіндісі) болуы керек.
265. Қойма аймағында:
1) әртүрлі санаттағы өнімдер мен құралдарды дұрыс сақтауға мүмкіндік беретін болуы керек (бастапқы шикізаты және орама материалдары; аралық орамасы, дайын дараланбаған өнімді орауға арналған; шығаруға рұқсат берілген карантиндегі өнім; қайтарылған немесе қайтарылып алынған, алудан бас тартқан өнімдерді);
2) қойма аймағын жобалау мен қойманы ұйымдастыру барысында дұрыс сақтауды қамтамасыз етуді ескеру керек. Қойма аймағы таза және құрғақ болу керек, онда қажетті температуралық режим сақталуы керек. Қажет болған жағдайда арнайы сақтау жағдайын (температура, ауа ылғалдығы) қамтамасыз ету керек және ол бақылануы керек;
3) материалдар мен өнімдерді қабылдау мен беру аймақтары қолайсыз ауа райынан қорғалатын болу керек. Қабылдау аймағын жобалау барысында келген материалды қоймаға апарардан бұрын оларды тазалауға мүмкіндік беретін болу керек;
4) егер карантин режимі өнімдерді әртүрлі аймақта сақтау арқылы жүргізілетін болса, онда ол аймақтар нақты белгіленуі керек. Оған кіруге тек құқығы бар адамдарға ғана рұқсат етіледі. Қандай да бір басқа бөлулер тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс;
5) сынама материалдарын алу жұмысы жекеленген аймақта жүргізіледі. Сынаманы қоймада алу барысында тікелей және қиылысқан ластануының болмауын қамтамасыз етуі керек;
6) ақауы бар, қайтарылып алынған және қайтарылған материалдарды сақтау үшін оқшауланған жеке үй-жай көзделуі керек;
7) қатты әсері бар құралдар мен препараттар қауіпсіз және күзетілетін жерлерде сақталуы керек;
8) ветеринариялық препараттың бірегейлігін нақты анық көрсету үшін таңбаланған орама материалдарының қауіпсіз және сенімді сақталуы қамтамасыз етілуі керек;
9) ветеринариялық препараттың әрбір түрі жеке камераларда сақталуға тиіс;
10) ондай мүмкіндік болмаған жағдайда әрбір жеке ветеринариялық препаратқа жалпы камерадан жеке стеллаж көзделуі керек;
11) жартылай өнімдерді, жекелеген ингредиенттерді арнайы контейнерде сақтау керек, олардың анық көрінетін таңбасы – өнімнің аты, жасалған күні, қоймаға түскен күні, жауапты адамның аты-жөні көрсетілген белгісі болуы керек. Дайын өнім тиісті таңба жасалған орамада немесе стеллаждағы контейнерлерде сақталуы керек;
12) қойманың ауасы температурасына, ылғалдығына және ветеринариялық өнімнің орнын ауыстыруына, тазалау мен өңдеу жұмыстарына үнемі бақылау жасалып отыруы керек;
13) ветеринариялық препараттарды сақтау және тасымалдау ветеринариялық препараттарды қолдану (пайдалану) бойынша аталған басшылықтарға сәйкес жүргізіледі.
266. Сапаны бақылау аймағында:
1) өндірушінің ӨББ өнім шығару орындарынан жеке болуы керек, оның жобасы осы үй-жайларда жүргізілетін операциялардың талаптарына сәйкес болуы керек. Ол жерде операция жүргізу барысында препараттарды ауыстырып алуды болдырмайтын немесе оның қосалқы ластануын туғызбайтын және оның құжаттары мен үлгілерін сақтауға ыңғайлы болу керек;
2) электромагнитті өрістен, дірілден, ауаның артық ылғалдануынан немесе басқа да сыртқы факторлардан қорғауды талап ететін сезімтал аспаптарды сақтайтын орын жеке қарастырылуы керек;
3) ӨББ мен изолятор жергілікті ауа сору-ауа беру желдеткішімен жабдықталуы керек;
4) қандай да болмасын топтағы патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеу тек қана бокста ғана жүргізілуі керек;
5) улы, радиациялық, химикаттар мен уытты құралдармен жұмыс істеу тек қана сору шкафы бар бокстарда ғана жүргізіледі.
267. Қосалқы аймақта:
1) демалу және тамақ ішу бөлмелері өндірістік үй-жайлардан бөлек болуы керек;
2) киім ауыстыратын мен киім сақталатын үй-жайлары мен дәретханалар мен душ бөлмелері ыңғайлы жерлерде болуы керек. Оның саны мен аумағы қызметкерлер санына сәйкес болуы керек. Дәретханалар өндіріс немесе қойма аймақтарына жақын болмауы керек;
3) өндіріске пайдалануға арналған немесе өндірісте пайдаланылатын жануарларды оқшаулау және/немесе тазалықты сақтау кестесіне сәйкес болу керек, олар басқа жануарлар тұрған үй-жайдан жеке қоршалады. Өнімнің сапасын анықтау үшін пайдаланылатын жануарлар тұрған орындар, оның ішінде патогенді биологиялық агенттерді пайдаланатын орындар тиісті түрде оқшаулануы керек.
268. Ветеринариялық препаратты өндіру барысында өндірістік үй-жайлардан оқшауланған блок пайдаланылады:
1) қосымша материалдарды химиялық ерітінділер, қоректік орта, клетка дақылдарын дайындайтын үй-жайлар;
2) ветеринариялық препараттарды өндіретін үй-жайлар (цехтар, бөлімдер);
3) виварийлер;
4) изоляторлар;
5) Өндірушінің микроорганизмдерді бақылау (эталондық) және өндірістік штамдарын сақтау ӨББ;
6) температура мен ауа ылғалдылығын (қажет болғанда) реттеп отыратын датчигі бар термостатты бөлме;
7) зертхана ыдыстарын, қоректік ортаны, құралдарды тазалау және микробты дақылдарды зарарсыздандыруға, инфекцияланған материалдарды басқа да биологиялық қалдықтарды залалсыздандыруға арналған автоклав;
8) жуу мен ыдысты дайындауға арналған – жуу орны;
9) ветеринариялық препараттарды орауға арналған орын;
10) ветеринариялық препараттарды сақтауға арналған қойма үй-жайлары.
Жабдықтарға қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
талаптар
269. Өндірушінің өндірістік үй-жайларындағы технологиялық құралдары техникалық жағдайға және ветеринариялық препаратты өндіруге сәйкес ветеринариялық препараттарды өндіру/дайындау жөніндегі нұсқамаға және өндірісті жүргізу мен ветеринариялық препараттарға бақылау жүргізуге қажетті құралдар мен қондырғылар тізіміне сәйкес болса ғана рұқсат етіледі.
270. Қондырғыларды жабдықтау және техникалық қызмет көрсету тәртібі оның қызмет түріне сәйкес болуы керек.
271. Қондырғыларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстары ветеринариялық препараттардың сапасына кері әсерін тигізбеуі керек.
272. Технологиялық құралдың конструкциясы оны тазалау мен оған жөндеу жүргізуге ыңғайлы болуы керек. Қондырғыны тазалау операциялары нақты жазбаша түрде жазылған нұсқамаға сәйкес жүргізілуі тиіс, қондырғыларды таза және құрғақ күйінде ұстау керек.
273. Тазалау және жуу материалдары және тазалау құралдары контаминация көзі болмауы керек.
274. Қондырғыларды орнату барысында контаминация қаупі төнбейтін және қате әрекеттер болмайтын жағдайды қарастыру керек.
275. Технологиялық қондырғылар өнім сапасына әсер етпеуі керек және өнімге қандай да бір қауіп төндірмейтін болуы керек. Технологиялық қондырғының өніммен байланысқа түсетін бөліктері онымен химиялық реакцияға түспеуі керек және өнім сапасына әсер ететіндей заттарды бөлмеуі немесе сіңірмеуі керек.
276. Массаны өлшейтін және басқа да өндірістік өлшеуіш құралдары олар пайдаланылатын саладағы өндірістік және бақылау операцияларына сәйкес болуы керек.
277. Өлшеу, тіркеу, бақылау аспаптары мен таразыны калибрлеудің (тексерудің) жиілігі осы аспаптарға арналған нұсқаулықтар мен әдістемелердің талаптарына сәйкес болуға тиіс. Калибрлеу (тексеру) нәтижелерінің тексеру (аттестаттау) туралы қолданыстағы сертификаты және/немесе сенім таңбаларының бедері болуға тиіс.
278. Стационарлық құбыр жүйелерінде одан өтетін құрамы көрсетілген, қажет болған жағдайда оның өту жолы көрсетілген таңбасы болуы керек.
279. Дистилляцияланған, деиондалған суға арналған су құбырлары жазбаша түрдегі нұсқаулыққа сәйкес өңделуі тиіс, онда микробты контаминация бойынша әрекет ету деңгейі мен қажет болатын түзету шаралары жазылады.
280. Сынған құрал өндіріс және бақылау аймағынан шығарылып тасталуы керек немесе тиісті түрде белгі салынуы керек.
Технологиялық процеске қойылатын ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
талаптар
281. Технологиялық операциялар талап етілетін сападағы өнім алу мақсатында өндірістік нұсқаулықтарға, нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына және осы Қағидаларға сәйкес орындалады.
282. Өндірістік процесті орындау және оны бақылау жұмыстарын оған құқығы бар арнайы дайындалған персонал жүргізеді.
283. Материалдар мен өнімді қабылдау, карантин, іріктеу, сақтау, дайындау, әзірлеу, таңбалау, орау және сату бойынша барлық операциялар жазба түріндегі нұсқаулыққа сәйкес орындалады және хаттамаланады.
284. Келіп түскен барлық материалдар тапсырысқа сәйкестігі тұрғысынан тексеріледі. Ыдысы мен орамасын кірден тазаланып оған таңба соғылады.
285. Материалдың сапасына теріс әсер етуі мүмкін ыдыстағы және орамадағы зақымдану фактілері хаттамаланып, сарапталып ол туралы ӨББ-ге хабарланады.
286. Кәсіпорынға ветеринариялық препараттарды дайындауда пайдаланылатын аралық немесе орамаланбаған дайын өнім, бастапқы материал, орама материалы түскен жағдайда оларды тез арада жеке сақтау үшін әкімшілік шаралар арқылы оларды карантинге қояды және оларды пайдалануға рұқсат берілгенге дейін сол жерде сақтайды, егер олардың өнім шығарушы берген сертификаты болса немесе паспортының көшірмесі болса оларды түпнұсқа екенін тексеру арқылы пайдалануға болады. Өндірілгеннен кейін оны сатуға рұқсат алғанға дейін дайын өнім де карантинге қойылады.
287. Қоймадағы барлық материалдар мен өнімді өнім шығарушы анықтаған жағдайда және серияларын дәл анықтауды қамтамасыз ететін ережеге сәйкес сақтау керек.
288. Өнімнің шығуын және олардың саны туралы мәліметтердің нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін бақылау қажет.
289. Егер ауыстырып алу немесе қиылысқан контаминация қаупі болмайтын жағдай қарастырылмаса, бір үй-жайда әртүрлі өнімге бір мезетте немесе бірінен соң біріне операция жүргізуге рұқсат берілмейді.
290. Өндірістің барлық кезеңдерінде өнімдер мен материалдарды микробиологиялық және басқа да контаминация түрлерінен сақтау керек.
291. Құрғақ материалмен немесе өніммен жұмыс істеу барысында шаң шығудан немесе шаңның таралуынан сақ болу керек. Әсіресе ол қатты әсер ететін және сенсибилизациялаушы құралдарға қатысты.
292. Барлық техникалық процестерді орындау барысында барлық материалдар оның ішінде бөлшектеп өлшемдеу жасалынбаған дайын өнімі бар орамалар мен негізгі құралдар мен жұмыс жайлары өндіріліп жатқан өнім немесе материал аты, сериясы және технологиялық процестің сатысы көрсетіліп таңбаланады.
293. Құралдың орамасындағы немесе жұмыс орындарындағы таңбалау нақты және белгіленген үлгіде және сөзбен жазып белгіленуден басқа өнімнің мәртебесін көрсететін түс арқылы белгілеу де пайдаланылады.
294. Құбырлардың ақаусыз дұрыс жалғануын және өнімді бір аймақтан екінші аймаққа ауыстыруды қамтамасыз ететін құралдардың дұрыс жалғануын қамтамасыз ету керек.
295. Нұсқаулықтан ауытқымау керек, егер ауытқулар болған жағдайда ол хаттамаланып оған құзырлы тұлғалар ӨББ-не хабарлап, оларды тарту арқылы қол қояды.
296. Өндіріс орындарына басқа адамдардың кіруіне оған құқылы персонал тыйым салады.
297. Ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған құралдар мен жұмыс орындары өз мақсатында ғана пайдаланылады, онда басқа өнімдерді дайындауға тыйым салынады.
298. Бастапқы материалдың контаминациясын болдырмау керек, материалдар мен өнімдерден микроорганизм мен шаң бөліну, газ бөліну мен булану, аэрозоль мен кездейсоқ қиылысты контаминация қаупін, қалдықтар контаминациясы мен адамдардың киімдерінен болатын контаминацияларды болдырмау керек.
299. Контаминация мен өнім түрінің қауіп төндіру деңгейі анықталған контаминацияға байланысты болады. Контаминанттарға сенсибилизациялаушы құралдар, құрамында тірі микроорганизмдері бар биологиялық препараттар, гормондар, цитотоксиндер және басқа да қатты әсер ететін заттар жатады.
300. Контаминация әсіресе инъекция жасауға арналған препараттарға және ұзақ уақыт бойы және/немесе көп мөлшерде пайдаланылатын препараттарға қауіп төндіреді.
301. Қиылысты контаминацияны болдырмау үшін мына техникалық және ұйымдастыру шараларын қарастыру керек:
1) өндіріс аймағын бөлу (антибиотиктер, тірі вакциналар, тірі микроорганизмдерден жасалған бактериялық препараттар, биологиялық препараттар) немесе оларды өндіру циклын цикларалық тиісті жуу жұмыстары жүргізілетін уақытқа бөліп тастау;
2) ауа шлюздерін және ауа соруды ұйымдастыру;
3) рециркуляция немесе өңделмеген немесе дұрыс өңделмеген ауаның қайта берілуіне байланысты болатын контаминация қаупін төмендету;
4) қиылысты контаминация қаупін төндіретін қорғаныс киімдерін өндіріс орнынан алыс жерге қою, оларды тазалау барысында тиімділігі жоғары әдістер мен өңдеу жұмыстарын пайдалану.
302. Өндірістің «тұйықталған кестесін» пайдалану қалдықтың болмауын бақылау және құралдардың тазалық мәртебесі жазылған таңбалануын бақылау.
303. Бекітілген нұсқаулыққа сәйкес қиылысты контаминацияны болдырмау бойынша шаралардың тиімділігін арагідік тексеріп тұру қажет.
304. Валидациялық (біліктілікті) зерттеулер бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Олардың нәтижелері мен қорытындылары хаттамаланады.
Жаңа нормативтік-техникалық құжат немесе жаңа өндіріс әдістері бекітілген жағдайда, өндіріс процесінің, пайдаланылатын материалдар мен қондырғылардың сериялық өнім шығаруға жарамдылығы тексерілуі керек және бекітілген процесс пен пайдаланылатын материалдар мен жазылып берілген қондырғылардың тиісті сападағы өнімді шығаруға жарамды екенін бекіту керек.
Өнімнің сапасына немесе процесті жүргізу сапасына әсер етуі мүмкін технологиядағы айрықша өзгерістер немесе қондырғылардағы өзгерістер немесе пайдаланылатын материалдағы өзгерістер валидациядан өту керек.
Талап етіліп отырған нәтижеге қол жеткізуді қамтамасыз ететінін дәлелдеу үшін өндіріс процесі мен әдістерін қайтадан валидациядан өткізу қажет.
305. Бастапқы және орама материалдарын сатып алу жауапты операция болып табылады, онымен жеткізушілер туралы толық ақпараты бар қызметкерлер айналысады.
Бастапқы және орама материалдарын тиісті сертификатта көрсетілген және арнайы бекітілген жеткізушілерден сатып алу керек. Олар туралы талаптар ветеринариялық препараттарды өндіретін өндіруші бекіткен және жеткізуші өзі бекіткен бастапқы өнім мен орама материалдарының ерекшелігінде көрсетілген. Бастапқы және орама материалдарын өндіру мен бақылауға байланысты барлық аспектілер, жұмысын қоса алғанда, орамалау, жарнамалау рәсімдері және өнімді өңдеу жұмыстары өндіруші мен жеткізушінің арасында келісіледі.
Әрбір жеткізу барысында ыдыстың сынбағандығын, орамасының және пломбасының жұлынбағанын, сонымен қатар жеткізу жүкқұжатының уақыты мен жеткізушінің таңбасындағы уақытты тексеру керек. Егер бастапқы материалды жеткізу бірнеше сериядан тұратын болса, әрбір серияны сынама алуда, сынақ жүргізуде және оны пайдалануға рұқсат алуды басқа партияларға тәуелсіз түрде жеке жүргізу керек.
Бастапқы материалдың әрбір орамасындағы заттың дәл сол зат екенін қамтамасыз ететін нұсқама мен әдістер жасалып бекітіледі. Сынама алынған тек орамасы ашылмаған дайын өнім салынған орамаға тиісті таңбалау жасалады.
Ветеринариялық препараттарды өндіру барысында ӨББ рұқсат еткен орама материалдары мен бастапқы материалдар қолданылады, олардың сақталу мерзімі өтпеген болуы керек. Қолданылу мерзімі өтіп кеткен немесе пайдалануға жарамсыз таңбалау немесе алғашқы орама жасау материалдары хаттама жүргізу арқылы жойылады.
Бастапқы шикізат пен орама материалдарын қажетті материал таза және тиісті ыдысқа дәл өлшеніп қиылғанын қамтамасыз ететін жазбаша нұсқама арқылы арнайы тағайындалған тұлғалар ғана береді.
Әрбір берілген затқа оның массасы мен көлеміне тәуелсіз сараптама жүргізу қажет. Тексеріс нәтижесі құжаттамамен ресімделеді.
Әрбір серияға берілген материалдар бірге сақталады және нақты таңбасы болады.
306. Технологиялық операциялар:
1) аралық;
2) бөлшектеп өлшеу жасалмаған дайын өнім.
307. Қандай да бір технологиялық операция жүргізудің алдында өндіріс аймағы мен қондырғылар таза екеніне, материал, өнім қалдықтары жоқ екеніне және аталған процеске жатпайтын құжаттың жоқ екеніне көз жеткізу үшін шаралар өткізу керек. Аралық және бөлшектеп өлшеу жасалмаған дайын өнімді тиісті орындарда сақтау керек.
308. Қауіпті жағдайлар валидациялануы керек, өндірістегі өндірісішілік бақылау мен қоршаған ортаны бақылау жөніндегі қажетті операциялардың барлығы құжаттамамен ресімделеді, сонымен қатар өнім шығудан ауытқу жағдайлары да тіркелуі керек.
309. Орау жөніндегі операциялар. Орау жөніндегі операцияларды жүргізу ретін анықтау барысында қиылысты контаминация жағдайын, ауыстырып алу, шатастырып алу жағдайын болдырмауды көздеу қажет. Егер арасында оқшаулау жоқ болса онда әртүрлі өнім түрлерін жақын жерде орауға жол берілмейді. Операцияның алдында жұмыс аймағы, орама жасау шегі, таңбалау машинасы т.б. қондырғылар таза болуы керек және алдыңғы жұмыстан қалған материал, өнім немесе құжат қалдықтары болмауы керек. Өнімді орау шегін дайындау (тазалау) нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі. Оралатын өнімнің аты мен сериясының нөмірі әрқайсысында көрсетіледі. Орау барысында жүргізілетін таңбалаудың дұрыстығы мұқият түрде бақыланып, құжатпен ресімделеді. Әсіресе қолмен орауға ерекше көңіл бөлінеді, оны белгілі бір уақыт аралығында бақылап отыру керек. Кесілген затбелгілерді жабыстыру кезінде және орама жасау орнынан сыртта таңба соғу жұмыстарын ерекше бақылау керек. Кодты, затбелгіні электрондық оқу құралының және басқа да есептеуіш құралдарының дұрыстығын бақылау керек. Баспадан шығарылып немесе соғу таңбаларындағы ақпарат дұрыс көрінетін және жарық әсерінен өшпейтін (ағармайтын) шайылып кетпейтін болу керек.
310. Өнімге таңба жасау барысында желіге бақылау жасауда мыналарды тексеру керек:
1) орамның жалпы сыртқы көрінісі;
2) орам жиынтығының толықтығы;
3) баспа жазуларының дұрыс басылуы;
4) бақылау қондырғыларының дұрыс жұмыс істеуі.
311. Орау барысында аяқ астынан қандай да бір жағдайға түсіп қалған өнім арнайы тексерістен, зерттеу жүргізуден және өндірушінің ӨББ рұқсатынан кейін ғана өндіріске қайтарылады. Мұндай жағдайларда құжат жүргізіледі және ол құжат сақталады.
312. Орау жөніндегі операциялар аяқталғаннан кейін қалған серия нөмірі жазылған орау материалдары жойылуға тиіс, ал жою фактісі тиісті хаттама жасау арқылы құжатпен ресімделеді. Серия нөмірі қойылмаған орау материалдарын қоймаға қайтару бекітілген нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
313. Сатуға рұқсат берілгеннен кейін дайын өнім өнім шығарушы белгілеген жағдайларда, дайын өнім қоймасында сақталады.
Ветеринариялық препараттардың сапасын
қамтамасыз етуге қойылатын
талаптар
314. Сапаны қамтамасыз ету басшылық персоналдың басты міндеті болып табылады және өнім өндіруші кәсіпорынның және оның барлық деңгейдегі әртүрлі сатыдағы бөлімшелерінің, сондай-ақ, жеткізушілер мен дистрибьюторлардың қатысуын және жауапкершілігін талап етеді. Сапаға қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету үшін сапаны қамтамасыз ету және бақылау жүйесін мұқият әзірлеу және дұрыс ұйымдастыру қажет, ол толықтай құжатталуы тиіс және оның тиімділігі бақыланып отырады. Өндіруші кәсіпорын Қазақстан Республикасының нарығына түсетін мемлекеттік тіркеуден өткізу кезінде нормативтік-техникалық құжаттамада мәлімделген ветеринариялық препараттардың сапа көрсеткіштерінің, қауіпсіздігі мен тиімділігіне сәйкестігіне толық жауапты болады.
315. Ветеринариялық препараттарды өндіру барысындағы сапаны қамтамасыз ету жүйесі мыналарды қамтиды:
1) ветеринариялық препараттар осы Қағидалардың талаптарын ескере отырып өндіріледі;
2) өндіру мен оның сапасын бақылау жөніндегі барлық рәсімдер ветеринариялық препаратқа арналған техникалық шарттарда және нұсқаулықтарда белгіленген және жазылған, осы Қағидалар мен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес келеді;
3) әрбір жұмысшының жауапкершілігі мен міндеттері нақты белгіленген;
4) өндіру, жеткізу және тиісті шикізатты, тиісті орау материалдарын пайдалану бойынша барлық шаралар қамтамасыз етілген;
5) бастапқы шикізатқа, орау материалдарына, аралық және дайын өнімге қажетті бақылау, өндірісті бақылау және өндірістің әрбір процесіне валидация жасалған;
6) дайын өнімді өндіру мен оны бақылау жұмысы бекітілген нұсқаулыққа (әдістемелерге) сәйкес жүргізіледі;
7) ветеринариялық препараттарға өнімнің әрбір сериясы нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес шығарылғаны мен тексерілгенін растайтын сертификат беріледі;
8) қолданыстағы шаралар жүйесі ветеринариялық препараттарды сақтау мен көліктен түсіру және кейінгі айналыс мерзімі кезінде олардың сапасын қамтамасыз етеді;
9) сапаға өзіндік инспекциялау және/немесе аудит жүргізу тәртібі жүйелі түрде сапаның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
316. Сапаны қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыру және тиісті деңгейде ұстап тұру және ветеринариялық препарат өндірісін дұрыс ұйымдастыру өндіруші жауап беретін міндеттерді орындау үшін білікті персонал санының жеткілікті болуына байланысты. Жеке лауазымдық міндеттер барлық қызметкерлерге түсінікті және құжаттандырылған түрінде болу керек.
317. Өндірушінің талап етілетін біліктілігі мен практикалық тәжірибесі бар қызметкерлерінің қажетті саны болуға тиіс. Жекелеген қызметкерлерге жүктелетін лауазымдық міндеттер шамадан тыс көлемді болмауға және оған шамадан жүктеме түсіруге ықпал етпейтін, өнім сапасына теріс әсер ететін болуға тиіс.
318. Өндірушінің нақты ұйымдастырушылық құрылымы болуы керек. Басшылық қызметкерлердің қызметтік міндеттері жазбаша нұсқаулықта жазылуы тиіс.
319. Өндіруші міндеттері өндірістік үй-жайларда немесе бақылау орындарында болуға байланысты барлық қызметкерлерді және қызметі өнім сапасына әсер етуі мүмкін басқа қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз етуге тиіс.
320. Базалық оқытудан басқа жаңадан алынған қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттеріне сәйкес оқытудан өтуге тиіс. Персоналдың үздіксіз білім алуын ұйымдастыру және оның практикалық тиімділігін бақылау керек. Оқыту бағдарламалары әзірленіп, оларды өндіріс басшылары бекітуге және ӨББ-мен келісілуге тиіс. Оқыту хаттамалары кәсіпорында сақталады.
321. Келушілер және оқытылмаған қызметкерлер өндіріске және сапаны бақылауға байланысты аймақтарға жіберілмеуге тиіс. Қажет болған жағдайда оларға жеке гигиена ережесін, киім ауыстыру және арнайы киімді кию тәртібін алдын ала түсіндіру керек. Бұл тұлғаларға жете бақылау ұйымдастырылуы қажет.
322. Кәсіпорында персоналдың жеке гигиенасын сақтау қағидаларының нақты өндірістің ерекшеліктеріне бейімделген егжей-тегжейлі нұсқаулықтары әзірленуге тиіс. Нұсқаулықтарда денсаулық жағдайына, гигиенаны сақтауға және арнайы киімді пайдалану қағидалары мен тәртібіне қойылатын талаптар регламенттелуге тиіс. Нұсқаулықтарды міндеттері өндірістік үй-жайларда және сапаны бақылау аймақтарында болуға байланысты қызметкерлердің барлығы дәл сақтауға тиіс. Кәсіпорын басшылығы гигиена қағидаларының орындалуын бақылауды және персоналды қажетті оқытуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуге тиіс.
323. Жұмысқа қабылданатын барлық қызметкерлер медициналық тексеруден өтуі тиіс. Кәсіпорында өнім сапасына әсер ететін денсаулық көрсеткіштерінің тізбесі жазылған нұсқаулық болуы тиіс. Алғашқы медициналық тексеруден кейін, одан арғы медтексерулер өндірістік қажеттілікке немесе қызметкердің денсаулығына байланысты жағдайларда жүргізіледі.
324. Ветеринариялық препараттарды өндіруге жұқпалы аурулармен ауыратын және денесінің ашық жерлерінде жарақаты бар адамдар жіберілмейді.
325. Өндірістік үй-жайға кіретін кез келген адам осы үй-жайда жүргізілетін жұмысқа сәйкес келетін қорғаныс киімін кию керек.
326. Өндірістік және қойма аймақтарында темекі шегуге, тамақ ішуге немесе су ішуге, сағыз шайнауға және тамақ өнімдерін, темекі өнімдерін, сусындар мен жеке дәрілік құралдарды сақтауға тыйым салынады.
327. Оператордың қолы мен ашық өнімнің, сондай-ақ өніммен байланысқа түсетін жабдықтардың кез келген бөлшектерінің арасындағы тікелей байланысты болдырмау қажет.
328. Персонал қол жуу қағидаларымен таныстырылуы керек.
Бақылау зертханаларының жұмысын
ұйымдастыру
329. Ветеринариялық препараттарды өндіруші кәсіпорын ӨББ-мен қамтамасыз етіледі, ол өз қызметі барысында басқа құрылымдардан тәуелсіз болады және қажетті қазіргі заманғы зертханалық қондырғылармен, бақылау-өлшеу аспаптарымен, реактивтермен қамтамасыз етіледі, қажетті нормативтік-техникалық құжаттамалармен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар, өндіріс процесіне кезеңдік бақылау жасау үшін талдамалық әдістемемен және/немесе нұсқаулықпен қамтамасыз етіледі.
330. ӨББ белгіленген талаптарға сәйкестігіне техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган берген Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінде аккредиттелген аккредитация аттестаты бар бір немесе бірнеше сынақ зертханаларын біріктіруі мүмкін.
331. ӨББ-ге сапаны бақылау нұсқаулықтары мен әдістемелерінің бәрін әзірлеу, валидациялау және енгізу; заттар мен препараттардың бақылау үлгілерін сақтау; заттар мен препараттардың салынған орамаларды таңбалаудың дұрыстығын бақылау; өнімнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; өнімге рекламация жасалған жағдайларды талдау мен тергеуге қатысу жөніндегі міндеттер де жүктеледі. Бұл функциялардың бәрі бекітілген нұсқаулықтарға сәйкес орындалады және/немесе хаттамалар түрінде ресімделеді.
332. Дайын өнімнің сапасын бағалау кезінде өндіріс жағдайларын, ішкі өндірістік бақылау нәтижелерін, өндірістік құжаттаманы талдауды, дайын өнімнің ерекшеліктеріне сәйкестігін және дайын өнімнің соңғы орамасының жай-күйін қоса алғанда, маңызды факторлардың бәрі қарастырылуға тиіс.
333. ӨББ-де өндірілген ветеринариялық препараттың әрбір сериясына арналған сапа паспорты сақталады, ветеринариялық препараттың бақылау штамдары сериясының (партиясының) мұражайлық сынамаларын сақтау, сондай-ақ нәтижелері тиісті өндірістік журналға жазылатын микроорганизмдердің бақылау штамдарын сақтау және олармен жұмыс істеу (жаңарту, көбейту, пассирлеу) де осы жерде жүзеге асырылады. ҚББ-де өндірістік қалдықтарды дезинфекциялау және зарарсыздандыру/ залалсыздандыру сапасын және нәтижелері тиісті өндірістік журналға жазылатын микроорганизмдердің/аэрозольдердің стерильдеуші сүзгілер арқылы «ұшып кетуін» бақылау жүргізіледі.
334. Хаттамалық серияға жататын сапаны бақылау бойынша барлық жұмыстар серияның сақталу мерзімі өткеннен кейін бір жыл бойы сақталады және серияға сертификат алғаннан кейін бес жыл бойы сақталады.
335. Кейбір мәлімет түрлеріне (талдамалық сынақ нәтижесі, өнім шығару, қоршаған орта параметрлері тағы да басқалар) хаттамалары параметрлердің өзгеру үрдісіне бағалау жасауға мүмкіндік беретіндей болып сақталуы ұсынылады. Өнім сериясының хаттамасына толықтыруды басқа алғашқы ақпаратқа (зертханалық журнал және/немесе хаттама) қол жететін жерге сақталуы керек.
336. Сынама алуды бекітілген жазбаша түрдегі нұсқамаға сәйкес түрде жүргізу керек, оған мыналар кіреді:
1) сынама алу әдістемесі;
2) пайдаланылатын жабдықтардың тізбесі;
3) алынатын сынамалардың саны;
4) сынама алынатын ыдыстың сипаттамасы;
5) сынамамен алынған ыдысты таңбалау;
6) сақтау жағдайы, зиянды заттар мен зарарсыздандырылған заттарға қатысты сақтық шаралары;
7) сынама алу құралдарын сақтау мен оны тазалау бойынша нұсқаулық.
337. Алынған бақылау үлгілері құрамның немесе препараттың репрезентативті сериясынан болуы қажет. Сонымен қатар технологиялық процестің қиындық кезеңін (мысалы, жұмыстың басталуы немесе аяқталуы) сипаттауы керек.
338. Алынған сынама салынған ыдыс ішіндегі зат пен сынама алу уақыты мен сынама қайдан алынғаны жазылып таңбаланады.
339. Сынақ жүргізу. Аналитикалық әдістерді валидациялау қажет. Нормативтік-техникалық құжаттамада сипатталған сынақ жүргізу жөніндегі барлық операциялар бекітілген әдістемелерге сәйкес орындалуы қажет.
340. Сынақтан алынған нәтижелер құжатпен ресімделеді және сынақ хаттамасындағы ақпаратқа сәйкестігі тексеріледі. Барлық алынған нәтижелер мұқият тексеріледі.
341. Жүргізілетін сынақтарды құжат түрінде мына мәліметтерді көрсете отырып ресімдеу керек:
1) заттың (материалдың) немесе препараттың атауы;
2) серия нөмірі (қажет болған жағдайда өндірушінің және/немесе жеткізушінің атауы);
3) сынақ жүргізу ерекшелігі мен әдістемесіне, сынақ нәтижесіне сілтеме жасау, бақылау мен есептеуге сілтеме беру;
4) сынақ жүргізу уақыты;
5) сынақ жүргізушінің аты-жөні;
6) қажет болған жағдайда зерттеу жүргізу және есептеу нәтижесін алушының аты-жөні; рұқсат беру мен өнімді алуға рұқсат берудің толық түсінікті қорытындысы (немесе өнімнің статусы туралы басқа шешім), сонымен қатар жауапты адамның қолы мен қол қойған уақыты.
342. Нақты өндіріс орындарында жұмыс істейтін тұлғалар орындайтын операциялардың өндірісішілік бақылау бойынша барлық операциялар ӨББ бекіткен әдістемеге сәйкес жүргізіледі және оның нәтижелері құжатпен ресімделеді.
343. Зертханалық реактивтердің, зертханалық өлшеу құралдары, титрленген ерітінді мен қоректік орта ыдыстарының сапасы сынақ алу талаптарына сәйкес жүргізілуі керек және жазбаша нұсқамаға сәйкес дайындалады.
344. Ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын зертханалық реактивтер дайындалған уақыты көрсетіліп дайындаған адамның қолы қойылып белгіленеді. Затбелгіде тұрақсыз реагенттердің сақталу мерзімі мен қоректік орта мен сақтаудың ерекшелік жағдайы мен сақтау жағдайы көрсетіледі.
345. Титрленген ерітіндіде соңғы титр қою уақыты мен соңғы түзету коэффициенті қойылуы керек. Қажет болған жағдайда оларды сақтау мен пайдалану нұсқаулығына сәйкес сынақ жүргізуге алынған әрбір затты алу уақыты (реактивтер, үлгілер) көрсетіледі. Кейбір жағдайларда алғаннан кейін немесе реактивті пайдаланудың алдында оны бірдейлендіреді және/немесе басқа да сынақ жүргізіледі.
346. Тәжірибе жасауға пайдаланылатын жануарлармен жұмыс істеудің алдында бастапқы орамға, құралдар мен препаратқа қажет болса карантин жүргізіледі.
347. Жануарларды ұстау жағдайы мен оларды бақылау жұмыстарына олардың қажетті сынаққа жарамдылығын қамтамасыз ету керек.
348. Жануарлар бірдейлендіріледі, оларды пайдалану тарихы құжат түрінде ресімделеді.
349. Кәсіпорында өз қарамағында болатын персоналы бар рекламацияларды қарастыруға және оның себептерін жоюға жауапты адам тағайындалуы керек.
350. Өнімнің болуы мүмкін деген ақаудың рекламациясын қарау бойынша әрекет пен өнімді шақырып алу бойынша шешім тиісті нұсқаулыққа жазылады. Ол жұмыстар ӨББ қызметкерлерінің қатысуымен толық зерттеу жүргізу арқылы және барлық детальдарын құжатқа толық жазу және өнім сапасына деген қандай да болмасын келіспеушілікті толық жазу арқылы жүргізіледі.
351. Кез келген рекламация бойынша қабылданған шешімдер мен шаралар өнімнің сериясының хаттамасына енгізілуі қажет.
352. Рекламация хаттамасы ерекшелік және қайталанылатын рекламацияларды анықтау мақсатында жиі қаралып отыруы керек, ол жұмыстар ерекше назарды қажет етеді және өнімді кері қайтарып алуға себепші болуы мүмкін.
353. Өнімді кері қайтарып алу кәсіпорында өнімді сату мен маркетингті ұйымдастырудан тәуелсіз персоналмен бірге жауапты адам жүргізуі керек.
354. Өнімді кері қайтарып алу тәртібі жазбаша түрде нұсқаулықта регламенттелуі тиіс, оны үнемі тексеріп және қажет болған жағдайда қайта қарау керек.
355. Өнімді кері қайтарып алу жұмысы шұғыл түрде қандай уақытта болмасын жүргізілуі керек.
356. Өнім жіберілген елдердегі құзырлы органдар, ұйымдар мен кәсіпорындар тез арада өнімді кері шақырып алу туралы оның саны мен сапа ақауын көрсету арқылы хабарлануы керек.
357. Өнімді сату туралы құжаттар өнімді кері қайтарып алуға жауапты адамға (адамдарға) қол жетімді жерге қойылуы керек және көтерме сатып алушылар туралы толық ақпараттары мен тікелей жеткізушілер туралы ақпараттар жазылуы керек (мекенжайы, нөмірі, жұмыс және жұмыстан тыс кездегі телефон/факсы), жеткізу партия нөмірі мен көлемі, дәрілік құралдарды экспорттау мен жеткізу нөмірлері көрсетіледі.
358. Кері қайтарып алынған өнім тиісті үлгіде белгіленіп арнайы оқшауланған орында одан әрі оны пайдалану мен жою бойынша шешім қабылданғанша жатады.
359. Өнімді кері қайтарып алу рәсімінің реті құжатпен ресімделуге тиіс.
360. Жеткізілген және кері қайтарып алынған өнімдердің теңгерімі жазылған соңғы есеп болуы керек.
361. Кері қайтарып алу шарасының тиімділігі үнемі сарапталып отыру керек.
362. Өзіндік инспекция кәсіпорындарда осы Қағидалар талаптарының орындалуын тексеру, сондай-ақ кемшіліктерді жою жөнінде қажетті шаралар қабылдау мақсатында жүргізілуі керек.
363. Өзіндік инспекция жұмысын арнайы тағайындалған кәсіпорын штатындағы ешкімге тәуелсіз адам және/немесе басқа мекеменің аудит сарапшысы жүргізуі керек.
364. Өзіндік инспекция жүргізудің нәтижелері есепте көрсетіледі, жүргізілген алдыңғы инспекцияларға шолу мен талдау жүргізіледі және белгілі бір қорытындылар жасалады. Алдыңғы инспекция өткізілген уақыттан бері орын алған өзгерістер, жақсарулар мен сапасының төмендеу мысалдары жазылуы керек.
365. Өткізілген өзіндік инспекцияның нәтижелері бойынша жасалған есепке анықталған барлық қателер мен оларды жою бойынша ұсыныстар жазылады, өткізілген өзіндік инспекция нәтижесімен өндірістің ӨББ-не басшылық қызметкерлері танысады және инспекция соңында оны талқылау жұмысына қатысады.
366. Өзіндік инспекция жүргізу бойынша қабылданған барлық әрекеттер құжат түрінде ресімделеді.
Ветеринариялық препараттарды өндіру
және бақылау жөніндегі
құжаттама
367. Құжаттама сапаны қамтамасыз ету жүйесінің маңызды бір бөлігі болып табылады, олар мазмұны жағынан бірдей және екі ұшты мағынада түсінілмеу керек, өнімнің нақты бір сериясын өндіру тарихына әсері болмауы керек. Құжаттар мұқият әзірленеді, дайындалады, қайта қаралады және нормативтік-техникалық құжаттамалардың белгілі бір бөлігіне сәйкес келген жағдайда ғана жіберіледі.
368. Әрбір құжатқа тиісті өкілеттігі бар тұлға/тұлғалар уақытын көрсетіп қол қояды және үнемі қайта қаралады және жаңартылып отырады. Құжатты қайта қарағаннан кейін ескірген нұсқаның пайдаланылуын болдырмау бойынша шара қолдану керек.
369. Құжаттаманы қолжазба түрінде ресімдеуге рұқсат етілмейді. Егер құжаттамаға түзету енгізетін болса, енгізілген ақпаратты өшіріп тастамау үшін анық, түзу жазумен енгізу керек. Құжатқа мәлімет енгізуге орын болу керек. Құжатқа енгізілген қандай да болмасын өзгерту мен түзетуге қол қойылып мерзімі жазылады. Өзгерту жасау барысында негізгі мәтінді оқуға бөгет болмауы керек.
370. Ветеринариялық препараттарды өндірушінің ветеринариялық препарат шығаруын реттеуші келесі нормативтік-техникалық құжаттамалары болу керек:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісілген және өндіріс басшысы қол қойған ветеринариялық препаратты өндіру жөніндегі нұсқаулық;
2) өндіріс басшысы бекіткен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісілген және техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті органда тіркелген өндірілетін немесе сатылатын ветеринариялық препараттың техникалық шарттары;
3) өндірушінің басшылығымен келісілген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы бекіткен ветеринариялық препаратты қолдану (пайдалану) жөніндегі нұсқаулық;
4) микроорганизмдердің өндірістік және бақылау штамдарының паспорттары.
371. Егер ветеринариялық препарат (оны дайындау технологиясы/тәсілі, сондай-ақ және оның жаңа мақсатта пайдаланылуы, өндіру/бақылау барысында қолданылатын микроорганизмдер штамы) патентпен (инновациялық патентпен) қорғалатын болса, онда Қазақстан Республикасының патенттік заңнамасына сәйкес өндірушінің патент иесімен ветеринариялық препаратқа арналған лицензияланған шарты болуға тиіс.
372. Ветеринариялық препараттарды өндіру барысында ерекше қауіпті инфекцияларды - жануарлардың патогендерін қоздырғыштар бойынша микроорганизмдердің ресми ұлттық коллекциясында сақталып жануарлардың ауруын қоздырғыштардың өндірістік және бақылау штамдарының матрикстік сериялары пайдаланылады.
373. Өндіріс барысында мына құжаттар пайдаланылады: ерекшеліктер, технологиялық регламенттер, ұйымның өндіру мен орауы бойынша стандарттары, нұсқаулықтар (әдістемелер), хаттамалар мен сапаға бақылау жүргізу бойынша құжаттар.
374. Өлшеуді орындаудың стандартталмаған әдістемелерін (ӨОӘ) пайдалану барысында олар метрологиялық аттестациялануға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелген болуға тиіс.
375. Ерекшеліктер бастапқы материалдарға, орау материалдарына және дайын өнімге, аралық және бөліп салынбаған дайын өнімге жасалады және бекітіледі.
376. Бастапқы материалдың, орау материалының таңбаланған орау материалының ерекшелігіне мыналар жазылады:
1) мыналарды көрсете отырып материалдарды сипаттау;
2) атауы және зауытішілік код;
3) фармакопеялық мақалаға сілтеме (бар болса);
4) жеткізушінің (жеткізуге рұқсаты бар), материалды бастапқы өндірушінің атауы;
5) баспа материалдарының үлгісі;
6) сынама алу бойынша және сынақ жүргізу бойынша нұсқаулық немесе тиісті әдістемелерге сілтемелер;
7) рұқсат етілетін шегін көрсете отырып, сандық және сапалық сипаттамалар;
8) сақтау шарттары мен сақтық шаралары;
9) қайта тексеруге дейінгі ең жоғарғы сақтау мерзімі;
10) аралық немесе өлшеп салынбаған дайын өнімге арналған ерекшелік бастапқы материалға немесе дайын өнімге арналған ерекшелікке ұқсас жасалады;
11) технологиялық регламент пен өндіріс нұсқаулығы өнімнің әрбір жекелеген түрі мен әрбір серия көлеміне жасалады. Бұл нұсқаулықтар бір құжат ретінде сақталады.
377. Техникалық регламентке мыналар жазылады:
1) ерекшелігіне сәйкес кодын көрсете отырып, өнімнің атауы;
2) ветеринариялық препараттың сипаттамасы, дозасы мен серия көлемі;
3) пайдаланылған бастапқы материал тізімі, оның аты қабылданған номенклатураға сәйкес коды көрсетілу арқылы жүргізіледі, технологиялық процесс барысында өзгеріске ұшырайтын барлық құрамдар мен мүмкін деген шегі көрсетілген немесе аралық өнім түрі көрсетілген дайын өнімнен алынатын өнім көрсетіледі.
378. Өндірістік нұсқаулыққа мыналар жазылады:
1) өндірістің орналасқан орны туралы және негізгі пайдаланылатын қондырғы туралы мәлімет;
2) негізгі қондырғыны дайындау әдісі (тазалау, жинау, калибрлеу, залалсыздандыру) немесе олардың сілтемесі;
3) толық кезеңдік технологиялық нұсқаулықтар (материалды бақылау, алдын ала сынама алу, материалды енгізу тәртібі, араластыру уақыты, температурасы);
4) өндірісішілік бақылаудың барлық түрлерінің нұсқамасы, рұқсат етілетін шегі көрсетілген;
5) қайта өлшемдеу жасалмаған дайын өнімді сақтау жағдайы, орама, таңбалау мен арнайы сақтау жағдайы талаптарын сақтаумен қоса;
6) арнайы сақтық шаралары.
379. Орау жөніндегі нұсқаулық өнімнің барлық түрлеріне, ораудың мөлшері мен үлгісіне арналып әзірленеді және бекітіледі әрі мынадай ақпаратты қамтиды:
1) өнімнің атауы;
2) ветеринариялық препараттың сипаттамасы, дозасы;
3) препараттың соңғы орауындағы орау көлемі, салмағы немесе көлемі көрсетілген;
4) орау материалының ерекшелігіне сәйкес оның кодын немесе нөмірін көрсете отырып, санын, мөлшері мен үлгісін қоса алғанда, өнімнің стандартты мөлшердегі сериясы үшін қажетті орау материалдарының толық тізбесі;
5) өндірістік сериялардың барлық хаттамалары жасалуға және сақталуға тиіс. Сериялар өндірісінің хаттамалары тиісті технологиялық регламенттер мен өндірістік нұсқаулықтарға негізделеді, онда өнімнің өндірістік сериясының нөмірі жазылады.
380. Серия хаттамасына мыналар жазылады:
1) өнімнің атауы;
2) уақыты мен мерзімі, барлық технологиялық процестің негізгі және аралық кезеңнің басталуы мен аяқталуы;
3) өндірістік процестің әрбір сатысының орындалуына жауапты адамның аты-жөні;
4) өнімді дайындаудың негізгі кезеңіне жауапты адамның (оператордың) аты-жөні, осы операциялардың әрқайсысының орындалуына тексеріс жүргізетін адамдардың аты-жөні;
5) серия және/немесе талдау нөмірі, сонымен қатар бастапқы материалды өлшеудің нақты саны (қосылған, қалпына келтірілген немесе қайта өңделген материалдардың серия нөмірі);
6) негізгі технологиялық операциялар немесе олардың нәтижелері, негізгі пайдаланылған қондырғы;
7) өндірісішілік бақылау хаттамасы, оны орындаған адамдардың аты-жөні көрсетілген және алынған нәтижелері көрсетілген;
8) өндіріс процесінің негізгі сатыларында алынған өнімнің шығуы;
9) технологиялық регламенттен немесе өндіріс нұсқаулығынан қандай да бір ауытқуды толық жазу және оған жауапты адамның қолы қойылуы керек.
381. Өнім сериясының хаттамасына технологиялық процесті жүргізуге жауапты адам қол қояды және уақыты мен мерзімін көрсетеді.
382. Жеткізілетін бірінші, бастапқы, сондай-ақ таңбаланған орамадағы материалдардың әр партиясын қабылдау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Қабылдау нәтижесі бойынша хаттама жасалады.
383. Қабылдау хаттамасында мыналар қамтылады:
1) жүкқұжат бойынша және тарадағы белгі бойынша материалдың атауы;
2) материалдың өндірісішілік атауы немесе коды;
3) қабылдау уақыты; өндіруші мен жеткізушінің аты;
4) өндірушінің серия нөмірі;
5) алынған материалдың жалпы саны және орау бірліктерінің саны;
6) қабылдаудан кейінгі берілген серия нөмірі.
384. Сынама алу жөніндегі нұсқаулықта осы операцияларды жүргізуге уәкілетті адамдардың тізімі, пайдаланылатын әдістемелер мен жабдықтар, іріктеп алынатын материал саны, сондай-ақ контаминацияны немесе өнім сапасын нашарлататын кез келген жағдайды болдырмау үшін қабылданатын сақтық шаралары қамтылады.
385. Негізгі және қауіп төнген қондырғыны немесе технологиялық операция жүргізілетін өндіріс аймағын пайдалануды хронологиялық ретпен арнайы журналға тіркеп отыру керек.
386. Ветеринариялық препаратты өндіру және бақылау бойынша өндірушінің мынадай технологиялық құжаттамасы (белгіленген нысандағы өндірістік журналдары) болуға тиіс, ол тігіледі, нөмірленеді және мөрмен бекітіледі:
1) ветеринариялық препаратты өндіру бойынша ветеринариялық препараттың мерзімі жазылған әрбір серияны (партияны) өндіру бойынша толық рәсімі жазылған журнал;
2) қоректік ортаны, клетка дақылын және ерітінді дайындау мен сапасын бақылау журналы;
3) ветеринариялық препараттарды бақылау (өндірістік бақылау) журналы;
4) ветеринариялық препараттың сапасын көрсететін өндірістік бақылау нөмірі жазылған, серия (партия) нөмірі, ветеринариялық препараттың атауы мен дайындаушы ұйымның атауы, дайындау мерзімі мен сақтау мерзімі, паспорт берілген күні көрсетілген журнал;
5) ҚББ-ге келіп түскен ветеринариялық препараттардың бақылау үлгілері, сақтау уақыты мен түсуін есепке алу жазылған журнал;
6) өндірістік қалдықтарды зарарсыздандыру/залалсыздандыру мен дезинфекция жасау сапасына бақылау жасау журналы;
7) пайдаланылған немесе ақауы бар материалдарды есепке алу журналы;
8) ветеринариялық препараттың сериясын (партиясын) қоймаға қабылдау, оны сақтау мен температура режимін тіркеу, орамасы мен тұтынушыға түсіру журналы;
9) ветеринариялық препаратты өндіру бойынша қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау мен ветеринариялық-санитариялық режим бойынша нұсқаулықтар бойынша журнал;
10) өндірушідегі штамдар үлгілерінің дақылдық-морфологиялық, биохимиялық және биологиялық қасиеттерін тексеру журналы;
11) патогенді-биологиялық агенттерді зарарсыздандыру (залалсыздандыру) журналы;
12) патогенді-биологиялық агенттерді лиофилизациялау журналы.
387. Өндірушінің мынандай рұқсат құжаттары болады:
1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және өртке қарсы қызмет органының қорытындысы;
2) ветеринариялық препараттың ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін ветеринариялық-санитариялық қорытындысы;
3) ветеринариялық препараттың ветеринария саласындағы құзыретті орган беретін тіркеу куәлігі;
4) ветеринариялық препараттарды өндіруге берілетін лицензия;
5) ӨББ-ні аккредиттеу аттестаты;
6) аумақтық ведомство бөлімшелері беретін өнім объектісін есепке алуға берілген бекіту құжаты.
Ветеринариялық препараттың сапасы мен қауіпсіздігіне
жүргізілетін келесі сынақтардың
бағдарламасы
388. Ветеринариялық препарат сатылғаннан кейін сатылған өнімнің нормативтік-техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіздікке қатысы бар кез келген өзгерісті анықтауға мүмкіндік беретін бағдарлама бойынша оның қауіпсіздігіне жүйелі түрде сынақ жүргізіп отыру керек.
389. Ветеринариялық препараттың бұдан кейінгі сынақтарының мониторингісінің мақсаты оның жарамдылық мерзімі ішінде өнімнің жағдайын бақылау және ветеринариялық препараттың таңбада көрсетілген сақтау жағдайы кезіндегі ерекшелікті сақтағанда ветеринариялық препараттың ерекшелікке сәйкестігін бақылау болып табылады.
390. Мониторинг бағдарламасына құжатталған түрде ресімделген талдау, бағалау, және болжам қосылады, ал жұмыс нәтижелері есеп түрінде ресімделеді.
Ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидаларға
1-қосымша
1. Ауески ауруы
Қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар
1. Ауески ауруының әкелінуінен қорғау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) табынды жинақтау үшін жануарларды Ауески ауруы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден сатып алады, жаңадан келіп түскен барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде ветеринариялық бақылаумен профилактикалық карантинде ұстайды;
2) фермалардың, жайылымдардың аумағында, мал шаруашылығы қора-жайларында, мал азығы ас үйлерінде, қоймаларда, диірмендерде, құрама жем зауыттарында үнемі кеміргіштермен күрес жүргізіледі.
2. Кеміргіштер жаппай қырылған жағдайда өлу себебін анықтау үшін олардың өлекселерін ветеринариялық зертханаға жібереді:
1) қаңғыбас иттер мен мысықтардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында болуына жол бермейді;
2) шарасыздан сойылған жануарлардан алынған ет және ішек-қарындарды пісірілмеген күйі, сондай-ақ союдың, асхананың және ас үйдің пісірілмеген қалдықтарымен шошқаларды, терісі бағалы аңдарды, иттерді және мысықтарды азықтандыруға жол бермейді.
3. Жануарларда Ауески ауруына күдік тудыратын белгілер байқалған жағдайда жануарлардың иелері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға дереу хабарлайды және ол келгенге дейін мынадай шараларды қабылдайды:
1) ауырған жануарларды оқшаулау, еметін торайлар ауырғанда қолайсыз ошақтың аналығымен қоса барлық ұяластарды, ал аналықтан бөлінген торайлар ауырғанда барлық топты оқшаулау;
2) ауру жануарлар немесе олардың өлекселері болған станоктарды, үйшіктерді және тасымалдайтын жәшіктерді механикалық тазарту және дезинфекциялау, сондай-ақ күту заттарын Қазақстан Республикасында тіркелген дезинфекциялық заттармен дезинфекциялау;
3) бөгде адамдардың қолайсыз ферманың аумағына және қора-жайларына кіруіне жол бермеу, осы ферманың (шошқа қора, мал ауласы, қой қора, тәлімбақ) қолайлы фермалармен шаруашылық байланысын тоқтату;
4) жануарлар өлген жағдайда өлекселерді станоктар мен торлардан жару бөлмесіне алып тастау немесе оларды ветеринариялық дәрігер келгенге дейін суық жерде жабық жәшікте сақтау.
4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор жануарлардың ауруы туралы хабарды алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) диагнозын анықтау үшін ветеринариялық зертханаға жануардың өлексесін немесе патологиялық материалды жібереді;
2) аурудың шығу себептерін, көзін және аурудың әкеліну жолдарын анықтайды, шаруашылық жүргізуші субъектінің эпизоотиялық жағдайын нақтылайды және аурудың таралуын болдырмау жөніндегі шаралар жүргізуді ұйымдастырады.
5. Жануарлардың Ауески ауруымен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп жарияланады және карантин қойылады.
6. Карантиннің шарты бойынша мыналарға:
1) Ауески ауруына сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге (кіргізуге) және одан әкетуге (шығаруға), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде де және қоралардың іштерінде де қайтадан топтастыруға;
2) шаруашылық жүргізуші субъектіден алдын ала зарарсыздандырмастан, былғарыны, қой терілерін, терілерді, сондай-ақ қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында дайындалған және сақталатын маңыздандырылған, шырынды азықтарды және көлемді жем-шөпті (шөп, сабан) әкетуге. Бұл азықтарды ауырып жазылған және вакцинациядан өткен жануарларды азықтандыру үшін сол жерде пайдаланады;
3) шаруашылық жүргізуші субъектіде жануарларды шағылыстыруды жүргізуге, асханадан қалған қалдықтарды азықтандыру үшін пайдалануға;
4) жануарларды өлшеуге және таңба басуға, аңдардың түбіттерін тарауға;
5) шошқаларды оларды алдын ала қайнатпастан маңыздандырылған және шырынды азықтармен (сүрлемнен басқа) азықтандыруға жол берілмейді.
7. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде:
1) жануарлардың барлық мал басын клиникалық тексеруден және оларды іріктеп термометрлеуден өткізеді;
2) ауру және ауруы күдікті жануарларды оқшауландырады және емдейді;
3) кейіннен карантинді алып тастау алдында қорытынды дезинфекциялай отырып, қора-жайларды және күту заттарын мұқият тазартады және ауық-ауық дезинфекциялайды;
4) қолайсыз фермалар мен шаруашылықтардың аумағында мал шаруашылығы және қосалқы қора-жайларда кеміргіштерді жою және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша іс-шаралар жүргізеді;
5) қора-жайлардан күнделікті қи мен төсенішті биотермиялық зарарсыздандыру үшін көңқоймаға шығарады. Қиды немесе бөкпені алдын ала зарарсыздандырмастан егін алқабына және бақшаға тыңайтқыш үшін шығаруға жол берілмейді;
6) Ауески ауруынан шарасыз өлтірілген немесе арам өлген жануарлардың терілерін және қойдың терілерін сыпырып алады және жануарлардан алынған шикізаттарды дезинфекциялау жөніндегі нұсқауға сәйкес зарарсыздандырудан өткізеді;
7) жануарлардың өлекселерін өртейді.
Шошқа өсіретін шаруашылықтардағы
іс-шаралар
8. Шошқа өсіретін қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде қосымша:
1) барлық жас топтарындағы жануарларды тек станоктарда азықтандыруды ұйымдастырады. Әрбір азықтандырғаннан кейін астауларды мұқият тазартады және кейіннен сумен әбден шая отырып, дезинфекциялайды;
2) Ауески ауруымен ауырған аналық шошқаларды, қабандарды және төлдерді бордақылауға қояды және союға өткізеді.
9. Ауески ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан және одан аурудан сауыққан жануарларды шығарғаннан, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін бір айдан кейін алынады.
Ірі қара және ұсақ малдары бар шаруашылықтардағы
іс-шаралар
10. Ауески ауруы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
1) ауру және ауруы күдікті жануарларға Ауески ауруына қарсы емдік дозада глобулин егеді;
2) ауру жануарлармен жанасуда болған жұқтыруы күдікті жануарларға профилактика дозасында глобулин егеді, ал 2-3 апта өткеннен кейін олар Ауески ауруына қарсы вакцинамен иммундалады;
3) шошқалар Ауески ауруымен ауырған шошқа қораға тікелей жақын орналасқан ірі қара мал мен қойларға да вакцинация жасайды;
4) Ауески ауруы жұғуы күдікті сиырлардан алынған сүтті адамдарға тағам ретінде тек пастерленген немесе қайнатылғаннан күйінде беруге жол беріледі. Клиникалық ауру және ауруы күдікті сиырлардың сүтін қайнатып зарарсыздандырады және жояды.
11. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантинді ауру тоқтағаннан және ветеринариялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін бір ай өткеннен соң алады.
Аң өсіретін шаруашылықтар мен қызмет көрсететін
иттердің тәлімбақтарындағы
іс-шаралар
12. Аң өсіретін фермаларда (қызметтік ит өсіретін тәлімбақтарда) мынадай қосымша іс-шараларды жүргізеді:
1) Ауески ауруы вирустарының болуына күдікті ет азықтарын рационнан дереу алып тастайды;
2) ауру және ауруы күдікті аңдарға (иттерге) емдік дозада ерекше глобулин егеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді. Шартты түрдегі сау аңдарға, иттерге Ауески ауруына қарсы вакцина егеді;
3) шарасыздан сойылған және қырылған терісі бағалы аңдардың терілерін зарарсыздандырады. Құндылығы жоқ жазғы терілерді өлексемен бірге жояды.
13. Ауески ауруы бойынша қолайсыз аң өсіретін шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру тоқтағаннан, ауырып жазылған мал шығарылғаннан, қора-жайларды санитарлық жөндеуден өткізгеннен және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күннен кейін алынады.
2. Везикулярлық стоматит
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
өткізілетін профилактика жөніндегі
іс-шаралар
14. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерді везикулярлық стоматит вирусының әкелінуінен қорғау мақсатында:
1) везикулярлық стоматит бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған малдардан шаруашылық жүргізуші субъектілерді жинақтау;
2) шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан келген барлық жануарларға толық ветеринариялық тексеру жүргізу;
3) везикулярлық стоматитке диагностикалық зерттеулер жүргізу қажет.
Везикулярлық стоматит бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
15. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні сол ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және карантин қойылады.
16. Карантин шарттары бойынша мыналарға:
1) қолайсыз пунктке ауруға сезімтал жануарларды әкелуге;
2) қолайсыз пункттен залалсыздандырмаған мал шаршаулығы өнімдері мен жем-шөптерді шығаруға;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
17. Ауру жануарларды оқшаулайды, диеталық жем-шөппен (сүрлем, быламық) қамтамасыз етеді және симптоматикалық емдеу жүргізеді.
18. Қора-жайларды, станоктарды, жануарларды күту заттарын, жабдықтарды, көлік құралдарын залалсыздандырады. Қиды биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады.
19. Жануарлардың өлекселері биотермиялық шұңқырларда жағып жіберуге жатады.
20. Шарасыздан сойылған, ауру және ауру бойынша күдікті жануарлардан алынған ет және ет өнімдері көп қайнатуға жатады, одан кейін шектеусіз қолданылады.
21. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларынан алынған сүт 760С температурада 15-20 секунд пастерленеді. Егер ортадан тепкiш сүт тазалағыш пастерлейтін қондырғылар болмаған жағдайда келіп түскен сүтті міндетті түрде 850С температурада 30 минут пастерлейді немесе 5 минут қайнатады.
22. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауырған мал жазылғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
3. Жануарлар төлдерінің колибактериозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
жануарлар төлдері колибактериозының профилактикасы бойынша
іс-шаралар
23. Төлдердің колибактериозының (бұдан әрі – колибактериоз) профилактикасы аналығы мен төл ағзасының резистенттілігін көтеруге, сондай-ақ сыртқы орта объектілері арқылы жануарларға жұқтыруды болдырмауға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық және эпизоотикалыққа қарсы (жалпы және арнайы) іс-шаралар кешенін жүргізуге негізделген.
Жануарлар төлдерінің колибактериозы бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
24. Бұзаулар арасында колибактериоз анықталған жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) ауру шыққан профилакторий секциясына бұзауларды қабылдау тоқтатылады. Ауырған жануарларды орнында қалдырады және ауру қоздырғышының профилакторийдің басқа секцияларына таралуының алдын алатын барлық шараларды жүргізеді;
2) қолайсыз секциядағы бұзаулардың қиы мен төсенішін қора-жайдан шығарады және биотермиялық залалсыздандыру үшін арнайы бөлінген алаңға жинайды;
3) қиларды жинауға үшін пайдаланылатын арбалар мен басқа мүкәммал күн сайын дезинфекцияланады;
4) ауру бұзауларды оқшаулайды және емдейді;
5) профилакторийдің колибактериоз бойынша қолайсыз секциясынан бұзауларды шығарғаннан кейін, механикалық тазарту мен дезинфекциялау жүргізеді.
25. Торайлар арасында колибактериоз шыққан кезде мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) барлық ауыратын еметін торайларды енесімен бірге және ауру аналықтан бөлінген торайларды оқшаулайды және емдейді. Терапияның диеталық және симпатикалық құралдарын да қолданады;
2) ауру малдар тұрған босаған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды.
26. Қозылар арасында колибактериоз шыққан жағдайда мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) ауру қозыларды енесімен бірге оқшаулайды және емдейді;
2) ауру малдар анықталған қора-жайларды тазартады және дезинфекциялайды;
3) қоздатуды қораның қолайлы бөлігінде ұйымдастырады.
4. Пастереллез
Пастереллездің профилактикасы бойынша
іс-шаралар
27. Жануарлардың пастереллезбен ауыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) жаңадан келіп түскен жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде алдын ала оқшаулап ұстамастан жалпы табынға қосуға жол бермеу;
2) табынды пастереллез бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі жануарлармен толықтыру;
3) азықтар залалдануының профилактикасы үшін мал шаруашылығы қора-жайларында, айналасындағы аумақта және азық қоймаларында кеміргіштерді ұстауды үнемі жүргізу;
4) азықтың, әсіресе сүрлем мен құрама жемнің сапасын тұрақты түрде бақылау, ал көрсеткіштер болған кезде оларды бактериологиялық зерттеу;
5) мастит кезінде сүтке бактериологиялық зерттеу жүргізу.
Ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
28. Жануарлардың пастереллезі анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні пастереллез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізеді.
29. Жануарлардың пастереллезі бойынша қолайсыз пунктте мыналарға:
1) жануарларды сою үшін әкетуді қоспағанда, шаруашылық жүргізуші субъектіден жануарларды шығаруға;
2) пастереллезге сезімтал жануарларды кіргізуге (әкелуге);
3) жануарларды қайта топтастыруға, таңбалауға, сондай-ақ хирургиялық операциялар жасауға;
4) оны ет өңдейтін кәсіпорындарға өңдеуге жіберу үшін шығаруды қоспағанда, пастереллезбен ауырған шарасыз сойылған жануарлардың етін шикі түрде шығаруға;
5) жануарларды жаюға және оларды ашық суайдындардан суаруға;
6) ауру жануардан алынған сүтті зарарсыздандырмаған күйінде сатуға;
7) мүкәммалды, жабдықты және кез келген басқа заттарды, сондай-ақ ірі, шырынды және маңыздандырылған азықтарды шығаруға (әкетуге);
8) ауру қоздырғышы табылған жануарлардың қиын және қи бөкпесін егістіктерге шығаруға жол берілмейді.
30. Сүтті 900С температурада 5 минут ішінде пастерлейді және жануарларды азықтандыру үшін пайдаланады.
31. Қиды бөлек жинайды және биотермиялық зарарсыздандырады.
32. Эпизоотиялық ошағын бәсеңдету және ауруды жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргізеді:
1) қолайсыз топтың барлық жануарларын клиникалық қарап тексереді және термометрлейді. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды бөлек қора-жайларға оқшаулайды және емдейді, ал қалғанына вакцина егеді;
2) шаруашылықтың қалған жануарларына олардың тұрған орнына қарамастан вакцина егеді;
3) ауру жануарлармен жанасқан барлық жастағы жануарларды олар бұрын тұрған қора-жайларда қалдырады және жаз кезінде шектеу алынғанға дейін оларды байлауда күтіп-бағуды ұйымдастырады.
33. Пастереллез бойынша қолайсыз пункттерде жануарларға вакцина егу жұмыстарымен қатар мүмкін болатын ауру көзі ретінде тышқан тәріздес кеміргіштерді жою мақсатында үнемі дератизациялау шараларын жүргізеді.
34. Кезекті дезинфекциялауды мынадай тәртіппен жүргізеді:
1) жануарлардың ауруының бастапқы жағдайлары және қырылуы кезінде дереу жануарлар тұрған қора-жайларда;
2) ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларда күнделікті таңертең тазарту жүргізген кезде;
3) ауру жануарлар жанасқан барлық заттар (қораның едендері, қабырғалары, астаулар, қызмет көрсететін персоналдың аяқ киімі мен арнайы киімдері), қора-жайлардың өтетін жолдары дезинфекцияланады. Ауру және ауру бойынша күдікті жануарлар тұрған қора-жайларға кіре беріс аяқ киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық барьермен жабдықтайды;
4) жұқтыруы күдікті (шартты түрде сау) жануарларды ұстайтын қора-жайлар мен жайылу алаңдарына ауру жануарды әрбір бөліп шығарғаннан кейін және одан кейін шектеу алынғанға дейін әр 10 күн сайын дезинфекция жүргізеді.
35. Пастереллезден қырылған жануарлардың өлексесін өртеп жібереді немесе биотермиялық шұңқырларда зарарсыздандырады.
36. Қолайсыз пункттен шектеулерді алудың алдында мынадай ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді:
1) қажет болған кезде ауру және ауру бойынша күдікті жануарларды ұстаған қора-жайларда жөндеу жұмыстары;
2) жайылу алаңдарын, қой қораларды, қоршаулы мал жайлары мен шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қидан және қоқыстан тазартады, одан кейін оны дезинфекциялайды және қопсытады;
3) мал шаруашылығы қора-жайларында дезинсекция, дератизация және қорытынды дезинфекция жүргізеді. Дератизацияны шаруашылық жүргізуші субъекті аумағының барлық қора-жайларында жүргізеді.
5. Салмонеллез
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге
асырылатын салмонеллездің профилактикасы бойынша
іс-шаралар
37. Жануарлар мен құстардың арасында салмонеллездiң таралуын болдырмауға бағытталған негізгі іс-шаралар:
шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңа туған жануарлардың және өсіріліп жатқан төлдердің ағзасының резистенттілігін көтеруге бағытталған санитарлық-ветеринарлық тәртіптің сақталуын қатаң бақылауды жүзеге асыру;
ауру жануарлар мен инфекция тасымалдағыштарды уақтылы анықтау жөнінде жануарлар мен құстардың ауруына қатаң ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды орнату;
жануарларға арналған өндірістік қора-жайларды дезинфекциялау мен дератизациялау жүргізу;
шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ғана жануарлармен толықтыру;
ветеринариялық-санитариялық бақылауды және жануарлар тасымалдаудың ветеринариялық-санитариялық (ветеринариялық) қағидаларының сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;
рационды бірден өзгертуге, бұзылған азық беруге, сапасыз сумен суаруға жол бермеу;
азық пен азық қоспаларына ұдайы Сальмонеллалармен ластануға бактериологиялық бақылау жүргізу.
38. Жануарларды союдың көбейетін сальмонеллалары бар өнімдерін шығаруды болдырмау мақсатында мыналарды жүргізеді:
1) мал сою объектілерінде (ет өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою пункттері мен алаңдарында) санитарлық мәдениетті арттыруға, сояр алдында ұстау режимін сақтауға және жануардан алынатын шартты түрде жарамды өнімді залалсыздандыруға бағытталған іс-шараларды;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің салмонеллез бойынша қолайлы екендігі туралы белгісі бар келіп түскен малдардың міндетті құжаттамаларды және ұшаны, басты, өкпе-бауырды, теріні бірыңғай нөмірмен таңбалауды;
3) қалдықтарды дұрыс жинақтауды, зарарсыздандыруды және жоюды жүргізеді.
39. Сүт шаруашылығын жүргізуші субъектілерде сүттi жинау, сақтау және тасымалдаудың санитарлық шарттарын қатаң түрде орындау, сүт ыдыстарын, мүкәммалын, жабдықтарын сапалы санитарлық өңдеуді қамтамасыз ететін қағидалардың сақтау қажет.
Салмонеллез бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
40. Салмонеллез анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеулер қойлады. Шектеу шарты бойынша мыналарға:
1) жануарларды және құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелуге және шығаруға;
2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде жануарларды және құстарды қайта топтастыруға;
3) шарасыздан сойылған жануарлар мен құстардың етiн алдын ала бактериологиялық зерттеуге жүргізбестен, ал егер зерттеу мүмкін болмаған жағдайда - жоғары температурада залалсыздандырмай пайдалануға;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа секцияларындағы адамдардың, сондай-ақ бөгде адамдардың арнайы киiмсiз және аяқ киімдерін дезинфекцияламай оқшаулағышқа кiруiне;
5) салмонеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің жайылымдарына жануарларды жаюға және азық дайындауға;
6) қолайсыз құс қорасындағы құстарды, құстардың инкубациялық жұмыртқасын шығаруға жол берілмейді.
41. Шаруашылық жүргізуші субъектіде салмонеллез өршіген уақытта жануарларды міндетті түрде термометрлей отырып бас басына клиникалық тексереді. Ауру және ауруы күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді.
42. Сальмонеллезбен ауырған жануарлар және құстар табылған қора-жайларда, сондай-ақ торларда, науаларда, өтетін жерлерде, инкубаторларда, қосалқы қора-жайларда және жайылымдарда дезинфекция, дезинвазия, дезинсекция және дератизация бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзедi.
43. Шаруашылық жүргізуші субъектіні ауруды жойғаннан, қорытынды дезинфекция жасағаннан және аурудан сауыққан жануарларды союға өткізгеннен кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң жануарлардың салмонеллезі бойынша қолайлы деп таниды.
6. Трихофития
(дерматомикоз, қысаға)
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
44. Аурудың алдын алу үшін жануарларды күтіп-бағу және оларды ұстау жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтау қажет.
45. Қысағаның алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жаз кезеңінде жүргізіледі.
46. Қиларды кейіннен мал шаруашылығы қора-жайларын профилактикалық дезинфекциялай отырып, зарарсыздандырады. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру алдында барлық мал басына клиникалық тексеру жүргізеді. Ауруы күдікті немесе ауру жануарлар анықталған жағдайда, диагноз нақтыланады және емдеу жүргізіледі.
47. Жануарларды қамап ұстауға ауыстыру кезеңінде қора-жайларға дезинфекция жүргізеді. Жаңа туған төлдерді ұстайтын қора-жайлар таза, құрғақ және онда жеткілікті мөлшерде төсеніш болуы қажет.
48. Басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстайды. Осы кезең ішінде жануарларды тері ауруларының бар-жоқтығына тексереді.
49. Қызмет көрсететін персонал тері ауруларын анықтаудың қарапайым шараларымен және жеке профилактика қағидаларымен таныс болуы қажет.
Қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
50. Түпкілікті диагноз қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу іс-шаралары қойылады.
51. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) жануарларды етке сою үшін әкетуді қоспағанда, жануарларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға) жол берілмейді;
2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға жол берілмейді;
3) тазарту мен дезинфекция жүргізгенге дейін ауру жануарларды ұстаған қора-жайларға сау жануарларды әкелуге (кіргізуге) жол берілмейді;
4) ауру жануарлар тұрған қора-жайларда мұқият механикалық тазалау және дезинфекция жүргізеді;
5) жануарлардың жасын және пайдалануды ескере отырып, ұстау, күтіп-бағу және азықтандыру бойынша ветеринариялық-санитариялық қағидаларды қатаң сақтайды;
6) қысағаға сезімтал барлық жануарлардың тері қабатын 5 (бес) күнде бір рет тиянақты тексереді;
7) ауру және ауруы күдікті жануарларды оңашаланған топтарға бөледі және емдейді (микроспориямен ауратын мысықтар жоюға жатады);
8) жайылым кезеңінде ауру жануарларды жеке топтармен жаяды;
9) ауру жануарларды емдеуді арнайы бөлінген орында жүргізеді;
10) өңделгеннен кейін алынған жүнді, тері қабыршақтары мен мақтаны жағу, құралдарды қайнату, ал жануарларды өңдеген орынды дезинфекциялау қажет;
11) қиды биотермиялық жолмен өңдейді;
12) қайта ағымдағы дезинфекцияны күнтізбелік 10 күнде бір рет жүргізеді.
52. Клиникалық ауру жануарларды бөлген соңғы жағдайдан кейін 2 ай өткен соң қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін шектеу іс-шаралары алынады.
7. Жануарлар мен құстардың туберкулезі
Туберкулездің профилактикасы
53. Жануарлардың туберкулезбен ауыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері, шаруашылық жүргізуші субъектілер меншік нысанына қарамастан мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) қолында жануарлар бар немесе жаңадан сатып алған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын хабардар етеді;
2) сатуды, союға тапсыруды, өріске шығаруды, жайылымдарға орналастыруды және басқа барлық жануарларды тасымалдау мен қайта топтастыруды, мал шаруашылығы өнімдерін сатуды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен жүргізеді;
3) оларға ауру жұқтырмау мақсатында мал азығын дайындау барысында қауіпсіздік шараларын сақтайды;
4) жаңадан келген жануарларға диагностикалық зерттеулер мен ветеринариялық тазалау жүргізу үшін күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстайды;
5) туберкулезге күмәнді жануарлар ауруының барлық жағдайлары туралы ветеринариялық қызметке дер кезінде хабарлайды;
6) Ветеринар мамандардың талабы бойынша сатып алынған жануарлар туралы барлық қажетті мәліметтерді береді және оларға тексеру, зерттеу мен тазалау жүргізу үшін жағдай жасайды;
7) жануарларды тасымалдағанда, күтіп бағу және азықтандыру кезінде, мал шаруашылығы нысандарын салу кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтайды;
8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқауы бойынша ауру жануарларды уақытында өткізуді немесе қолайсыз барлық мал басын толығымен жоюды жүзеге асырады;
9) жануарлардың туберкулезбен ауруының алдын алу бойынша, сондай-ақ ауру шыққан жағдайда эпизоотиялық ошағын жою бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді.
54. Туберкулез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде қызмет көрсететін тұлғалар жеке гигиена қағидаларымен таныс болуға тиіс. Жыл сайын міндетті түрде флюорографиялық зерттеуден өте отырып, медициналық тексеруден өту керек, ал малшылар мен сауыншылар несеп жынысы туберкулезін ерте анықтау мақсатында бактериологиялық зерттеу үшін несеп талдауын (туберкулездің микобактерияларына несеп себіндісі) тапсырады.
55. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары мынаны жүзеге асырады:
1) мал шаруашылығы қызметкерлерін жұмыс киімімен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді, оларды сақтау бөлмелерімен жабдықтайды, сондай-ақ мал шаруашылығы қора-жайларын қол жуғышпен, сабынмен, сүлгімен және алғашқы көмек қобдишасымен жарақтандырады;
2) мал шаруашылығы және азық дайындау жұмыстарына туберкулезге тексеруден өтпеген, сондай-ақ туберкулезбен ауыратын және диспансерлік есепте белсенді топта тұратын адамдарды жібермейді;
3) қызмет көрсететін персоналда туберкулез анықталған жағдайда, ауру адамдарды дереу жануарларды күту жөніндегі жұмыстан босатады;
4) сүт және сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында қолайсыз пункттерден алынған сүтті міндетті түрде пастерлеудің және басқа да шикі сүт өнімдеріне термиялық өңдеудің жүргізілуін қамтамасыз етеді.
56. Аумақтық денсаулық сақтау органдары:
1) жануарларды күтіп-бағатын персоналға тұрақты түрде медициналық қадағалау жүргізеді;
2) халық пен мал шаруашылығы жұмысшылары арасында тұрақты негізде туберкулездің зияны мен зардаптары, жеке профилактика және онымен күресу шаралары туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады.
57. Меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануарларды күтіп-бағатын ветеринарлық мамандар жануарлар туберкулезінің профилактикасы және онымен күресу іс-шараларын жүргізеді.
58. Адам туберкулезінің профилактикасы және оларды емдеу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы және басқа да арнайы іс-шараларды, сондай-ақ, осы іс-шаралардың орындалуын бақылауды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының, туберкулезге қарсы диспансерлердің (бөлмелердің) және басқа да медициналық ұйымдардың қызметкерлері жүзеге асырады.
59. Ветеринарлық және медициналық ұйымдар жануарлардың және жануарларды күтіп-бағуға байланысты немесе қайта өңдеу кәсіпорындарында жұмыс істейтін адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары туралы ақпаратты өзара ұсынады. Елді мекендерде адамдардың туберкулезбен ауыру жағдайлары анықталған кезде адамдардың залалдану көзі мен жұғу жолдарын анықтау мақсатында тез арада эпидемиологиялық-эпизоотологиялық зерттеу жүргізіледі, қажет болған жағдайда малдар туберкулезге зерттеледі және ауру табылған жағдайда эпизоотиялық ошақты жою бойынша іс-шаралар ұйымдастырылады.
Туберкулез кезіндегі шектеу
іс-шаралары
60. Туберкулез ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті жеке меншік нысанына қарамастан туберкулез бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу енгізіледі.
61. Туберкулинге реакция берген жануарларды қалған мал басынан тез арада оқшауландырады және асыл тұқымдық және өндірістік құндылығына қарамастан күнтізбелік 15 күн ішінде союға өткізеді.
62. Сау малдар бұрын ауру жануарлар ұсталған қора-жайларға, жайылым алаңдарына және басқа да объектілерге сауықтыру іс-шараларын жүргізгеннен кейін ғана жіберіледі.
63. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:
1) малдарды союға шығаруды қоспағанда, олардың орнын ауыстыруды (кіргізу және шығару) жүзеге асыруға;
2) қолайсыз аймақта шөп, сабан және басқа ірі мал азығын дайындауға;
3) сау жануарлар үшін туберкулез бойынша қолайсыз табындар жайылған жайылым жерлерін пайдалануға және ақпайтын суаттардан суаруға 6 айдан кейін жол беріледі;
4) туберкулезбен ауырған жануарларды пайдалануға және табынды көбейту үшін олардан алынған төлдерді пайдалануға;
5) ауру жануарларды және қолайсыз табындардың мал басын сау малдармен қосып ұстауға, бірге жаюға, суаруға немесе өзге де жанасуға, сондай-ақ қолайсыз табындардың жануарларын жайлауға айдауға және тасымалдауға;
6) туберкулезбен ауырған жануарларды сойған кезде алынған залалсыздандырмаған етті, ет өнімдерін аңдарды азықтандыру үшін пайдалануға жол берілмейді.
64. Туберкулез бойынша қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған шикі сүтті базарларда сату, асханаларға, емдеу-профилактикалық, балалар және мектеп мекемелеріне жеткізу үшін шығаруға жол берілмейді. Зерттеу кезінде туберкулезге реакция берген сиырлардан алынған сүт қайнатуға немесе тоң май жасауға қайта өңдеу жолымен зарарсыздандырылуға жатады. Қолайсыз табындардың (ферманың) реакция бермеген сиырларынан алынған сүт (қаймақ) тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде 900С температурада 5 минут ішінде немесе 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен зарарсыздандыруға, ал пастеризатор болмаған жағдайда қайнатуға жатады. Зарарсыздандырғаннан кейін сүтті сүт зауытына әкетеді немесе шаруашылық ішінде қолданады. Сүт өңдеу кәсіпорындарында сүт құйылғаннан кейін цистерналар немесе бидондар шаюға және дезинфекциялауға жатады.
65. Туберкулезбен ауырған жануарларды сою объектілерінде (сою пункттері, алаңдар, ет өңдейтін кәсіпорындар) союды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік санитариялық-ветеринариялық инспекторының бақылауымен, жеке профилактика шараларын сақтаумен және инфекция қоздырғышының таралуын болдырмауды қамтамасыз ететін талаптарды орындай отырып жұмысшылар жүргізеді.
66.Туберкулез бойынша қолайсыз пункттерде қора-жайларды, жайылымдарды, жайылым алаңдарын, жабдықтарды, мүкәммалды және басқа да объектілерді ағымдағы дезинфекциялауды, сондай-ақ дезинсекция мен дератизациялауды жүргізеді. Қиды биологиялық, химиялық және физикалық тәсілдермен зарарсыздандырады.
Ірі қара мал туберкулезінен қолайсыз пункттерді
сауықтыру
67. Ірі қара малдың туберкулезінен қолайсыз пункттерді сауықтыруды мынадай жолмен жүргізеді:
1) қолайсыз табынның мал басын толығымен сау жануарларға ауыстыру жолымен;
2) ауру малдарды бөліп және кейіннен оларды сою арқылы жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен;
3) ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы шаралардың кешенін міндетті түрде жүзеге асырумен.
68. Туберкулез шаруашылық жүргізуші субъектіде алғаш рет анықталғанда және ауру табын арасында кеңінен таралған кезде мал басын толығымен ауыстыруды қолданады. Мұндай жағдайда шектеу қойылғаннан кейін:
1) малдарды туберкулезге аллергиялық зерттеуді тоқтатады;
2) сиырларды және қашарларды ұрықтандыруды жүргізбейді;
3) алынған сүт 850С температурада 30 минут немесе 900С-та 5 минут пастерленеді, содан кейін бұзауларға береді немесе сүт өңдеу кәсіпорындарына жібереді;
4) қолайсыз табындағы барлық мал басын төлімен бірге үш ай ішінде союға өткізеді;
5) қора-жайлар малдан босағаннан кейін оларды дезинфекциялауды жүргізеді;
6) барлық босаған сиыр қораларда, бұзау қораларда, төл қабылдайтын бөлмелерде едендерді, өтетін жерлер мен қабырғаларды қидан, жем-шөп қалдықтарынан тазартады, қиды механикалық жолмен алып тастау үшін тасылмалдаушыларды қайта жөндейді;
7) ағаш едендерді алады, қайта қолдануға жарамды тақтайларды жақсылап тазалап жуғаннан кейін дезинфекциялайды. Жарамсыз тақтайларды өртейді;
8) аумақты, жайылым алаңдарын қоқыс пен қидан тазартады;
9) қиды арнайы арналған жерге шығарады, ені 3 метр және биіктігі 2 метр дөңдерге жинайды, бетін жермен жабады және қоршайды, бұл қи дөңдерге жиналғаннан кейін кемінде 2 жылдан соң пайдаланады;
10) мал шаруашылығы үй-жайларында жөндеу жүргізеді, едендер төсейді, қи шығаратын транспортерлер жасақталады;
11) барлық пайдалануға жарамсыз арнайы киімдерді, аяқ киімді, құнысыз мүкәммалды өртейді;
12) ветеринариялық–санитариялық іс-шаралар аяқталғаннан, шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағындағы барлық қора-жайларда қорытынды дезинфекция жүргізгеннен және дезинфекцияның сапасын зертханалық жолмен тексергеннен кейін қолайсыз пункттен шектеу алынады.
69. Барлық табын бойынша екі рет қатар зерттеу нәтижесі теріс болған кезде, осы кезеңде 1,5 ай аралығымен тері ішіне туберкулиндік сынамамен зерттеу жүргізілетін жануарларды үш айлық бақылап қадағалауға қояды. Аллергиялық және серологиялық зерттеулерден теріс реакция алынған кезде табынды туберкулез бойынша қолайлы деп жариялайды.
70. Егер туберкулезге аллергиялық және серологиялық әдістермен соңғы зерттеу кезінде реакция беретін жануарлар шықса, онда оларды диагностикалық союға жібереді.
71. Қолайсыз пункттерде:
1) ауру сиырлардан туған бұзауларды сиырлармен бірге союға өткізеді;
2) сауықтыру жүргізіліп жатқан табында реакция бермеген сиырлардан туған бұзауларды (оны бақылап қадағалауға қойғанға дейін) оқшауландырылған топпен ұстайды, бордақылауға қояды, содан кейін союға өткізеді;
3) бақылап қадағалау кезеңінде алынған төлдерді оқшаулап ұстау жағдайында өсіреді және шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынғаннан кейін қалыпты жағдайда пайдаланады.
72. Шектеуді алар алдында ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың кешенін жүргізеді.
Шошқа, қой, ешкі, жылқы, түйе, терісі бағалы аңдар және құстар
туберкулезінен қолайсыз пункттерді
сауықтыру
73. Шошқа туберкулезі (бұқа немесе адам қоздырғышының түрі) анықталған жағдайда туберкулинге реакция берген барлық шошқаларды, оның ішінде төлдейтін аналық шошқаларды, қабандарды союға өткізеді. Торайлау және төлдерді бордақылау аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық жануарларын туберкулезге диагноз қойылған сәттен бастап 3 айдан кешіктірмей союға өткізеді.
74. Қойда, ешкіде, жылқыда және түйеде туберкулез анықталған жағдайда:
1) реакция берген барлық жануарларды союға өткізеді;
2) қалған мал басын зерттейді: жылқыны – туберкулинді көзге тамызу арқылы (офтальмосынама), ал қой, ешкі және түйені – әр күнтізбелік 30-45 күн сайын тері ішіне туберкулиндік сынама арқылы бір рет теріс реакция бергенге дейін тексереді, содан кейін тиісті топтағы жануарларды сау деп таниды.
75. Терісі бағалы аңдарда туберкулез анықталған жағдайда:
1) оларды клиникалық тексереді, ауру ұрғашы жануарларды төлімен бірге оқшаулайды. Сойылғаннан кейін терілері шектеусіз қолданылады, ал ұшалары өртеу арқылы жойылады;
2) күшіктегеннен бастап сойғанға дейінгі кезең ішінде қырылған және өлтірілген аңдарда органдар мен бөлшектерінің туберкулезге тән өзгерістерін таппаса аң өсіретін шаруашылық сауықтырылған болып саналады;
3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейін шектеу алынады.
76. Маралдарда туберкулез анықталған жағдайда:
1) реакция берген барлық маралдарды союға өткізеді;
2) қалған мал басын табын бойынша теріс реакция бергенге дейін туберкулезге зерттейді. Клиникалық ауру жануарларды союға өткізеді.
77. Құс шаруашылығы шаруашылығын жүргізуші субъектілерінде және жеке аулаларда құстардың туберкулезі анықталған кезде қолайсыз құс қорасындағы (цехтағы) барлық құстар союға өткізіледі, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды жүргізеді және шектеу алынғаннан кейін сау жас құстардан жаңа топ құрады. Қолайсыз құс қораларындағы (цехтағы) құстардан алынған жұмыртқалар өсіруге жіберілмейді, нан өнімдері мен кондитерлік кәсіпорындарында қолданылады.
78. Кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу алынады.
8-тарау. Аусыл ауруы
79. Халықаралық Эпизоотия Бюросының (бұдан әрі – ХЭБ) Жер үсті жануарларының санитариялық кодексінің ұсынымдарына сәйкес, аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы табиғи жағдайда жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату мақсатында аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарына қарсы денелерді анықтау бойынша серомониторингтік зерттеулер жүргізіледі.
Аусыл вирусының эпизоотиялық штаммы жұқтырылған жануарлардан вакцина егілген жануарларды ажырату аусыл диагностикасы бойынша ХЭБ ұсынған әдістермен жүзеге асырылады.
Аусылға қарсы вакцина егілмеген жануарлардың арасынан аусыл вирусы эпизоотиялық штаммының әр түрлі типті құрылымдық емес ақуыздарына реакция берген жануарлар анықталған жағдайда, ХЭБ ұсынымдарына сәйкес, мұндай жануарлар санитарлық союға жатады.
Аусыл бойынша қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар
80. Қолайсыз пунктке карантин қойылады.
81. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – ЖАО) бөлімшелері ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша буферлік зонада және қолайсыз пунктте жануарлардың аусыл ауруына қарсы күрес жөнінде төтенше жоспар жасайды, ол мынаны көздейді:
1) облыс және аудан орталықтарында ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарын тарта отырып, аусылға қарсы барлық іс-шараларды басқаруға және үйлестіруге жауапты жедел топтарды құруды, сондай-ақ ветеринария саласында уәкілетті орган ведомствосының аусыл бойынша жұмыс тобымен өзара іс-қимылды;
2) ветеринариялық қызметтің, ішкі істер органдары, кеден және шекара қызметтерінің аумақтық құрылымдарының олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыретін ескере отырып, аусылға қарсы күрес бойынша жедел және келісілген іс-әрекеттерін;
3) жануарлардың аусыл ауруымен күрес жөніндегі іс-шараларда адами және материалдық ресурстарға, соның ішінде аусылдың таралуын болдырмау үшін басқа облыстардан бар ресурстарды тарту мүмкіндігімен баса назар аударуды;
4) шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара арқылы жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен басқа да бақылауға жататын жүктерді заңсыз өткізудің негізі бағыттарын анықтай отырып, аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды жедел бағалауды;
5) биоматериалдардың сынамасын алуды және одан әрі молекулярлық деңгейде вирустардың сипатын анықтай отырып, зертханалық зерттеулер жүргізуді;
6) қолайсыз облыстарда және тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда аусылға сезімтал жануарларды тасымалдауды және көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан мал сою пункттері мен мал базарларының жұмысын тоқтатуды;
7) аусылдың таралуының және аусыл өршуінің мүмкін болатын салдарының әлеуетті ауқымын бағалау үшін ақпарат жинақтау;
8) жеке аулаларға, шаруашылықтарға, тірі мал сататын базарларға, қайта өңдеу кәсіпорындарына, сою объектілерін инспекциялау жолымен аусыл бойынша тәуекел дәрежесі жоғары аймақтарда белсенді бақылауды жүзеге асыруды;
9) аусылдың таралуын азайту мақсатында карантин режимін енгізуді және жануарларды тасымалдауды шектеуді;
10) өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды алып қою және жоюды;
11) аусыл ошағына дезактивация жүргізуді және ауру қоздырғыштарының механикалық жолмен берілу тәуекелін жоюды;
12) аусылдың қауіптілігі туралы тұрғындардың хабардар болуын арттыру және аусылды тану бойынша ақпараттық материалдарды (буклеттер, плакаттар және кітапшалар) тарату, ауруды тапқан кезде жануарлардың иелерінің әрекеттері және жануарларды қорғау шаралары жөнінде жұмыстар жүргізуді;
13) ЖАЖ-технологияның бағдарламалық өнімін пайдалана отырып, аурудың шығуын модельдеуді, деректерді картаға түсіруді және аусыл бойынша молекулярлық зерттеулер жүргізуді;
14) аусылдың шығу себептерін, ауру таралуының болжамды ауқымын және клиникалық белгілерін белсенді түрде іздеу арқылы вирустардың айналымын анықтау мақсатында аумақтарда, шаруашылықтарда, мал базарларында және жеке аулаларда эпизоотологиялық тексеру жүргізуді;
15) аусыл бойынша қолда бар ақпараттың негізінде шектеу аймағын, бақылау аймағын және қорғау аймағын картаға түсіру және анықтау;
16) шектеу аймақтарында аусылға сезімтал жануарлардың барлық түріне күнделікті клиникалық тексеру жүргізуді, бақылау мен қорғауды және аурудың кез келген жағдайы және күдігі туралы хабарлауды;
17) профилактикалық дауалау жүргізу үшін, шектес мемлекеттермен шекаралас жоғары тәуекел дәрежелі аудандарды анықтауды;
18) мынадай стандартты жедел рәсімдерді әзірленімдеуді:
Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа биоматериалдардың сынамаларын беру бойынша;
жұқтырылған қора-жайларды, анықтау бойынша;
әкімшілік аудандар мен табиғи шекаралар (өзен, көл, тау) шегінде шектеу аймағын, жұқтырылған аумақтың айналасында диаметрі 3 километр бақылау аумағын және диаметрі 10 километр қорғау аймағын анықтау бойынша;
өтемақы төлей отырып, ауру және ауру малдармен жанасқан жануарларды бағалау бойынша;
тәуекелді бағалауға сәйкес, жұқтырылған қора-жайларда ауру жануарларды сою және жою бойынша;
мал сойылған қора-жайлар мен аумақтарды тазарту және дезинфекциялау бойынша;
аусылдың клиникалық белгілерін анықтау үшін шаруашылықты инспекциялау бойынша;
аралығы 3 жыл бойы бірінші рет еккеннен кейін бір айдан кейін, екінші рет егуден кейін 6 айдан кейін етіп қорғау аймағында жануарларға вакцина егу бойынша;
кейіннен аусыл кезінде шектеу қоя отырып, карантинді алып тастау бойынша;
19) мыналарды:
басқа облыстардың қолайсыз аймақтарымен ветеринариялық-санитариялық бекеттер ұйымдастыруды;
көршілес облыстарда аусыл бойынша эпизооттиялық жағдай қиын болуына байланысты облыс шекарасы бойына карантиндік аймақ орнату туралы шешім қабылдауды;
мыналарға:
қол жүктерін физикалық бақылауды қоса алғанда, сауда-экономикалық және тұрмыстық байланыс бойынша өткізу пункттері арқылы көршілес облыстардан адамдардың және автокөлік құралдарының өтуіне;
облыстық әкімшілік аумақты қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың құзыретін ескере отырып, облыс аумағына көршілес облыстардан жануарлардың заңсыз тасымалдануына;
облыс ішінде қолайсыз аудандардан қолайлы аудандарға ауру немесе ауырып жазылған жануарларды бақылаусыз өткізуді қадағалауды бақылауды күшейту бойынша бірлескен іс-шаралардың ведомствоаралық жоспарын әзірлеуді және бекітуді көздейтін Қазақстан Республикасының шекарасын қорғау бойынша іс-шараларды.
82. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының бөлімшесі «Аумақты аймақтарға бөлу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 767 бұйрығына сәйкес аумақтарды аймақтарға бөлуді жүзеге асырады. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары аймақтарды белгілеу үшін қажетті негізгі параметрлерді көрсете отырып, географиялық картаны жүргізеді.
83. Қолайсыз пунктте жүргізілетін іс-шаралар мыналарға жол бермеуді көздейді:
1) аусыл бойынша қолайсыз пункттен жануарлардың барлық түрлерін, оның ішінде құстарды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға);
2) қолайсыз пунктте жануарлардан алынған азық-түліктер мен шикізаттарды, мал азығын, азықтық қоспаларды дайындауға және одан шығаруға, сондай-ақ ауру жұққан мүкәммалды, материалдарды және өзге де материалдық-техникалық құралдарды шығаруға;
3) ошақтың, қолайсыз пункттің ішінде жануарларды қайта топтастыруға (ауыстыруға);
4) ветеринариялық қадағалаудың бақылауындағы жүктердің көрмесін, базарларын, жәрмеңкелерін, нарықтарын және саудасын өткізуге, сондай-ақ қолайсыз пункттің аумағында жануарлардың, адамдардың және көліктердің шоғырлануына байланысты басқа іс-шараларды өткізуге;
5) қолайсыз пункттен сүтті шығаруға және пайдалануға;
6) жануарларды қолдан ұрықтандыру үшін қолайлы шаруашылықтарға ұрықты шығаруға;
7) көліктің барлық түрлерінің қолайсыз пункт арқылы өтуіне. Көліктердің межелі жеріне өтуі үшін айналып өтетін жолдары анықталуы және көрсеткіштермен белгіленуі тиіс. Қажет болған жағдайда қолайсыз пунктке арнаулы тағайындалған көліктің кіруіне және шығуына болады. Бұл ретте, қолайсыз пункттен шығарда көлік, шығатын адамдардың сыртқы киімдері және аяқ киімдері міндетті түрде дезинфекциялауға жатады. Осы мақсатта қолайсыз пункттің шекарасындағы бір жолды жеке арнап кіретін адамдардың (немесе шығатын) сыртқы киімін зарарсыздандыру үшін дезинфекциялау камерасын, дезинфекциялау ерітіндісі және аяқ киімді дезинфекциялау үшін щетка бар ыдысты, көлікті дезинфекциялау үшін дезинфекциялық қондырғыны, кезекшілер үшін күзет күркесін және олардың киімдерін санитарлық тазарту кезінде көрсетілген тұлғалардың болуы үшін вагон орнатады.
84. Аусыл бойынша қолайсыз пункттерде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ЖАО бөлімшесі мынадай іс-шараларды ұйымдастырады:
1) пункттен шығатын барлық жолдарды (соқпақтарды) жабады және тәулік бойы кезекшілікте болатын күзет-карантин бекеттерінің қажетті санын қояды, сондай-ақ: «Жүруге тыйым салынады», «Айналып өту», «Міндетті түрде тоқтау», «Тоқтауға тыйым салынады» деген тиісті көрсеткіштерді (жол белгілерін) орнатады;
2) күзет-карантин бекеттерінде кезекшілікті атқару үшін адамдардың қажетті санын бөледі және олардың міндеттерін анықтайды. Күзет-карантин бекеті бойынша кезекшілерге арнайы куәлік және қолдарына байлайтын таңғышты береді. Бекеттерді шлагбаумдармен, дезинфекция барьерлерімен және кезекшілерге арналған күркелермен жабдықтайды, мүмкіндігінше байланыс орнатады;
3) барлық жануарларды қамап ұстауға немесе жайылымның арнайы бөлінген оқшауланған учаскесіне ауыстыруды қамтамасыз етеді, қолайсыз пункттегі барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады;
4) қолайсыз пункттегі барлық сезімтал жануарларға алдындағы егудің мерзіміне қарамастан міндетті түрде аусылға қарсы вакцинация жүргізеді;
5) қолайсыз пункттің аумағындағы үй құстарын жабық қора-жайларда, ал иттерді байлауда ұстайды;
6) ветеринарлық дезинфекция, дезинсекция, дезинвазия және дератизация жүргізу жөніндегі қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес, күнделікті мал шаруашылығы қора-жайларына және өндірістік аумақтарға дезинфекция жүргізуді, арнайы киімдерді, күту заттарын, көлік құралдарын және басқа заттарды тазартуды қамтамасыз етеді;
7) қора-жайларға немесе малға арналған қораларға, жануарлар иелерінің аулаларына, сондай-ақ жануарларды, жануарлардан алынған өнімді және шикізатты дайындауды (сою), өңдеуді, өндіруді, сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде міндетті түрде аяқ киімді және көлікті тазарту үшін, дезинфекция барьерлері орнатылуы тиіс.
85. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы:
1) аусыл бойынша қолайсыз пунктке шығуға және сол жерде диагноз қоюдың, аусылды жою жөніндегі іс-шараларды жүргізудің, ауру бойынша қолайсыз пункттің шекарасын, қолайсыз аймақты, қадағалау аймағы мен қолайлы аймақты белгілеудің дұрыстығын нақтылауы;
2) ауданның жергілікті атқарушы органының басшысына, облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына, көршілес әкімшілік-аумақтық бірліктердің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларына аусылдың шыққандығы туралы дереу хабарлауы;
3) қолайсыз пунктте және қолайсыз аймақта карантин талаптарының сақталуы бойынша дереу бақылау орнатуы тиіс.
86. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы облыстың Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторынан хабар алғаннан кейін Жануарлардың денсаулығын сақтаудың дүниежүзілік ұйымын және шектес мемлекеттердің мемлекеттік ветеринариялық қызметтерінің басшыларына Қазақстан Республикасындағы аусыл бойынша эпизоотиялық жағдай туралы хабарлайды.
87. Қолайсыз пунктте аусылдың эпизоотиялық ошағын толық оқшаулауды, онда вирусты жоюға бағыталған іс-шараларды үнемі және жоспарлы орындауды, оны тарату жолдарын жабуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатта мынадай іс-шараларды жүргізеді:
1) өтетін бір жер қалдырып эпизоотиялық ошақтың аумағын қоршайды және онда тәулік бойы күзетшілік бекет қояды;
2) ошаққа кіре берісті дезинфекция барьері және дезинфекциялайтын қондырғысы бар бақылау-өткізу пунктімен жабдықтайды;
3) жануарларға қызмет көрсету және ошақтың аумағында басқа шаруашылық жұмыстарын жүргізу үшін тысқары шығу құқығынсыз тұрақты көлікті бекітеді. Мал азығын, азық-түлікті және басқа да қажетті материалдарды тасып жеткізу үшін ошаққа кіре берісте сырттан жүктерді жеке көлікпен жеткізетін қайта тиеу алаңын жабдықтайды;
4) қолайсыз пунктте бекітілген адамдарды ауыстыратын санитарлық киіммен және аяқ киіммен, орамалмен, сабынмен және қолды тазартуға арналған дезинфекциялайтын ерітіндімен, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек қобдишасымен қамтамасыз етеді. Ошақтан қандай да болмасын заттарды, мүкәммалды, жабдықтарды, азық-түлікті, жем-шөпті және кез-келген заттарды алып шығуға болмайды;
5) ошақтың шегінде сүтті зарарсыздандыру, сүт өнімдерін өңдеу және сақтау үшін үй-жайларды жабдықтайды. Ошақтағы сиырлардан алынған сүтті қорытқан майға қайта өңдейді. Адамдардың тамағына және жануарларға азыққа 5 минут бойы қайнату немесе 30 минут бойы 850С температурада пастерлеу жолымен зарарсыздандырылған сүтті (сүт өнімдерін) ғана пайдаланады;
6) ошақтың аумағына және әсіресе, ауру малдар тұрған қора-жайларға, сондай-ақ оларды күтіп-бағу заттарына күнделікті дезинфекциялау жүргізуді ұйымдастырады. Қиларды, мал азығы қалдықтарын және төсенішті биотермиялық жолмен зарарсыздандыру үшін ошақтың аумағында жинайды және үйеді немесе жағып жібереді;
7) шаруашылық жүргізуші субъектілерде кеміргіштерді жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аусылмен ауыратын жануарларды ұстайтын жерлерге иттердің, мысықтардың, құстардың және басқа жануарлардың кіруіне жол бермеу шараларын қабылдайды;
8) ошақтағы ауру және қырылған жануарларды өртеу жолымен жояды.
88. Қолайсыз пунктте ветеринарлық іс-шараларды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринарлық ұйымдар:
1) жануарлардың аусыл ауруы шығуына күдікті жағдайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринар маманын хабардар етуі;
2) аусыл ауруы бойынша күдікті жануарларды оқшаулауы, оларға қызмет көрсетуге басқа жануарларды күтіп-бағатын адамдармен оның байланысын болдырмай, жеке адам бекітуі. Басқа жануарларды ауру анықталған орнында қалдыру және оларды басқа қора-жайларға ауыстыруды немесе басқа жайылымға айдауға жол бермеуі, жануарларды айдауды, тасуды, жануарларды, жануарлардан алынатын азық-түлік пен шикізаттарды дайындау (сою), өндіру және қайта өңдеу кәсіпорындарының қызметін тоқтатуы;
3) аумақ шекарасына немесе ауру жануарлар орналасқан қора-жайларға кіре берісте «Кіруге тыйым салынады! Аусыл ауруына күдікті!» деген жазуы бар көрсеткіш белгілер қоюы;
4) аусылдың эпизоотиялық ошағы аумағынан жануарлардан алынатын азық-түлікті және шикізатты, азықты, азықтық қоспаларды қоса алғанда, кез келген заттарды шығаруға (алып шығуға)жол бермеуі;
5) шаруашылықты қоса алғанда, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа жеке және заңды тұлғалармен, ең алдымен басқа жануар иелерімен байланысқа жол бермеуі;
6) жануарлардың аусыл ауруымен ауруына күдік туралы хабарламаны алған кезде ветеринариялық-санитариялық қорытындыны ресімдей отырып, аусылға алдын ала диагноз қою үшін орынға (аусылдың эпизоотиялық ошағына) дереу келуі;
7) ауданның бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын жануарлардың аусылмен ауырғанына алдын ала қойылған диагноз туралы хабардар етуі;
8) эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап, аусылдың эпизоотиялық ошағының шекарасын және аусыл бойынша қолайсыз пунктті анықтауы;
9) аусылға диагнозды растау (түпкілікті диагноз қою) және жануарлардың ауруын қоздырған аусыл вирусының типін анықтау үшін, эпизоотиялық ошаққа келген сәттен бастап ауру жануарлардан патологиялық материал алуы;
10) келген сәттен бастап, аусылдың вирусын әкелу көзін, сондай-ақ оны таратудың мүмкін болатын жолдарын анықтау мақсатында тиісті эпизоотологиялық зерттеу актісін ресімдей отырып, эпизоотологиялық зерттеу жүргізуі;
11) киімдері мен аяқ киімдерін мұқият санитарлық тазартқаннан және дезинфекциялағаннан кейін адамдардың аусылдың эпизоотиялық ошағынан шығуын ұйымдастыруы қажет.
89. Қолайсыз пункттен карантин эпизоотиялық ошақта соңғы ауырған жануардың жазылған, сойылған немесе жойылған күнінен бастап 21 күн өткен соң алынады.
90. Карантинді алудың алдында:
1) аусылмен ауырған жануарлар орналасқан барлық қора-жайларды, аумақтарды, мүкәммалды және көлікті тазартуды және қорытынды дезинфекциялауды жүргізеді;
2) жануарларды ұстау, пайдалану және өсіру жөніндегі өндірістік үй-жайлардың ішінде жаңа сөндірілген әк ерітіндісімен қабырғаларды, бөлінген жерлерді әктейді;
3) қолайсыз пункттен карантинді алу кезінде қорытынды іс-шараларды жаңбыр, қар жауған және аяз уақытында жүргізген жағдайда, қолайлы ауа-райы болған кезде бұл пунктте қайтадан сыртқы ортадағы аусылдың вирусын толық құртуды қамтамасыз ететін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін (қора-жайларды санитариялық жөндеу, дезинфекция және басқалары) жүргізеді;
4) қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды орындаудың толықтығын, аусыл бойынша малдың сау екендігін тексереді.
91. Тиісті аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларының ұсынымы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органдарының шешімімен карантинді алғаннан кейін ветеринария уәкілетті органының ведомствосы Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген және ХЭБ жер үсті жануарларының саулығы жөніндегі кодекспен ұсынылған мерзімге шектеу іс-шараларын бекітеді.
Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды
(союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын
өндіріс объектілерінде аусыл анықталған кезде жүргізілетін
іс-шаралар
92. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өндіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде (бұдан әрі – Кәсіпорын) аусыл анықталған кезде осы Қағидада белгіленген іс-шараларды жүргізеді.
93. Кәсіпорындарда аусылдың таралуын болдырмайтын мынадай шараларды қабылдайды:
1) кәсіпорын аумағындағы барлық жануарларды дереу алады және өртеу жолымен жояды;
2) жануарлар тасымалданған көлік құралдарын қидан, азық қалдықтарынан және қоқыстардан, жануарларды ұстаған аумақтар мен қора-жайларды, өндірістік үй-жайларды, сондай-ақ мүкәммалды тазартуды ұйымдастырады және оларды мұқият дезинфекциялайды;
3) қиларды кәсіпорын аумағында жабдықталған көң сақтағыштарда биотермиялық тәсілмен жағып жіберуді немесе зарарсыздандыруды, сондай-ақ ағын суларды зарарсыздандыруды қамтамасыз етеді;
4) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің аусыл бойынша қолайсыз партиясын жеткізуге, адамдардың киімдерін және аяқ киімін тазарту, дезинфекциялау, сондай-ақ зарарсыздандыру бойынша жұмыстарды жүргізуге қатысқан адамдарды санитариялық тазартуды ұйымдастырады.
94. Кәсіпорындарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша дереу мыналар көздейтін шектеу іс-шараларын енгізеді:
1) сою үшін әкелген жануарлардың жаңа партияларын, басқа өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді қабылдау ошақты жою жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар аяқталғанға және карантин мен шектеулі іс-шаралар алынғанға дейін тоқтату;
2) кәсіпорынның аумағынан өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға, сондай-ақ қалдықтарды және кез келген заттарды зарарсыздандырмаған күйде одан тысқары шығаруға (әкетуге) жол бермеу;
3) кәсіпорынға тікелей қатысы жоқ бөгде адамдардың кәсіпорынға кіруіне жол бермеу;
4) кәсіпорынның қызмет көрсететін персоналын санитариялық тазалықтан өткізу режимін күшейту.
Аусыл бойынша қолайсыз аймақта және ветеринариялық-
санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
іс-шаралар
95. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жануарлардың аусылмен ауыруының алдын алу бойынша ветеринариялық-санитариялық және профилактикалық іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады.
96. Қолайсыз аймақта жануарлардың аусыл ауруының туындауына жол бермеуді қамтамасыз ететін мынадай іс-шараларды қабылдайды:
1) пункттердің аусыл бойынша қолайсыз пунктпен қатер төндіретін шаруашылық байланысты толығымен тоқтатады;
2) барлық аусылға сезімтал жануарларды есепке алады және оларды вирустың тиісті типінің аусылға қарсы вакцинасымен иммундайды. Қатерлі аймаққа жаңадан келген барлық жануарларды да аусылға қарсы егеді, оларды күнтізбелік 30 күндік карантиннен кейін, бірақ вакцинациядан кейін күнтізбелік 21 күннен бұрын емес жалпы табынға қосады;
3) жануарлар орналасқан өндірістік аумақтарға және қора-жайларға бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
4) профилактикалық іс-шараларды жүргізу және елді мекендерде оларға аусыл қоздырғыштарын әкелуден қорғауға бағытталған ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтауға бақылауды жүзеге асыру үшін қолайсыз аймақтың әрбір елді мекеніне ветеринарлық мамандарды бекітеді;
5) отарлы мал шаруашылығы аймақтарында қолайсыз пункт аумағымен шекараның бойымен 10-15 километр ішке қарай жануарлар жайылмайтын аймақты бекітеді, ол жерден карантин кезінде барлық жануарларды шығарады. Басқа жағдайларда жануарларды азық пен суды әкеліп беретін байлап немесе қамап ұстайды;
6) шөп маяларын және басқа ірі азықтарды үй және жабайы жануарлардың кіруінен қорғауды немесе қоршауды (айналасын қазады) ұйымдастырады;
7) аусыл вирусының әкеліну қаупі және аурудың туындауының алдын алу шаралары туралы жеке және заңды тұлғаларға, азаматтарға хабарлайды, тұрғындар арасында осы мәселелер бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізеді;
8) аусылға қарсы вакцина егілген жануарларды вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 21 күннің ішінде союға жол бермейді.
97. Жабайы жануарлар (ең алдымен – аша тұяқтылар) ұстайтын жеке және заңды тұлғалар көрсетілген объектілерге кіре берісте (шығатын жерде) дезинфекция кілемшелері және дезинфекция барьер жабдықтарын қоса, инфекция қоздырғыштарының әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шаралардың жүйесін жүргізеді, қызмет көрсететін персоналды арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етеді.
98. Қолайсыз аймақтан жеткізілген сүтті міндетті түрде 850С температурада пастерлейді немесе қайнатады.
Аусыл бойынша қолайлы аймақта жүргізілетін
іс-шаралар
99. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ЖАО бөлімшесі аусыл бойынша қолайлы аймақта ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомоствосының аумақтық инспекциясымен келісім бойынша аусыл ауруының профилактикасы және онымен күресудің стратегиялық жоспарын жасайды, онда:
1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу бойынша;
2) тәуекелдерді анықтау бойынша;
3) тәуекелдерді азайту/төмендету бойынша;
4) аусылдың таралуын қысқарту және жұғу тәуекелін төмендету бойынша іс-шаралар көзделеді.
100. Аусыл эпизоотологиясын зерделеу жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
1) аусыл бойынша эпизоотология жағдайын анықтау мақсатында тиісті аумақтағы мал шаруашылығын жүргізу жүйесін (жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін ұстау, өсіру) толық зерделеу;
2) соңғы 12 ай ішіндегі деректерді жинау және талдау арқылы аусыл бойынша эпизоотология жағдайын зерделеу:
аусылдың үй жануарлары және жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларының арасында таралуы;
аурудың клиникалық белгілерінің көрінуі;
жануарларды вакциналау және аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарын анықтау серомониторингі;
жануарларды және мал шаруашылығы өнімдерін тиісті аумаққа шығару (импорттау);
көктем-жаз мезгілінде жаңа жайылымдарға жаюды ескере отырып, жануарларды әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағы ішінде орын ауыстыру;
жеке аулалар, шаруашылықтар, базарлар, қайта өңдеу кәсіпорындарын белсенді бақылау (инспекциялау) деректерінің жиынтығы;
аусылға қарсы вакцина егілген жануарлар мен аусыл вирусының құрылымдық емес ақуыздарының серомониторингі деректерінің жиынтығы;
жануарларға вакцина егу және серомониторинг жүргізу бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жоспарлау;
ауру тіркелген жағдайда, республиканың аумағында таралған аусылдың серотиптерін (кіші типтерін) анықтау үшін ауыл шаруашылығы жануарларының қан сывороткасының сынамаларын ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасына жіберу;
деректер базасын пайдалану және аусылдың таралу көрсеткіштерін картаға түсіру жөнінде ауруларды қадағалау жөніндегі электрондық интеграцияланған жүйені және жер ақпараттық жүйесін (бұдан әрі - ЖАЖ) қолдану. Ветеринар мамандарды ауру жануарлардан биоматериалдар сынамаларын алуды қоса алғанда, аусылды эпизоотологиялық тексеруге, диагностикасы мен ауру тәуекелдеріне үйрету бойынша семинар-тренингтер өткізу.
101. Тәуекелді анықтау жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
1) ауру өршіген және/немесе ауруы күдікті болған кезде ақпаратты жедел жинауды жүзеге асыру;
2) аусылды жұқтыру мүмкін ошақтарды анықтау үшін оларды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, аусылдың пайда болуына, таралуына және әкелінуіне ықпал ететін тәуекелдерді бағалай отырып, эпизоотологиялық тексеру нәтижесінің деректерін талдау;
3) мынадай факторлар мен оларды бағалау әдістері бойынша аусылдың таралуына ықпал ететін тәуекелдерді бағалау, оның ішінде:
аусыл бойынша қолайсыз пункттерден ауру немесе ауырып жазылған жануарларды көшіру және орнын ауыстыру;
қолайлы аймаққа адамдардың, көлік құралдарының қозғалысы, азықты (шөп, жем-шөп және басқалар), қолайсыз аймақта қолданыста болған жабдық пен мүкәммалды тасымалдау;
сапасыз вакциналарды қолдану;
аусылды жұқтырған жануарлардың сүйектері бар қалдықтармен шошқаларды азықтандыру;
аусылдың пайда болуының және таралуының мерзімдік факторлары және басқа да әлеуетті тәуекелдері;
жабайы фауна;
ауруды қасақана тарату;
4) тәуекелдерді зерделеу және анықтау негізінде Қазақстан Республикасының аумағында (облыстар бөлігінде) аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын жасау және бекіту;
5) аусылдың таралуын қысқартуға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау шараларын және егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оларды бағалау әдістерін белгілеу;
6) анықталған жаңа тәуекелдерді ескере отырып, облыс аумағында аусылдың таралуына және сау түліктерге жұқтыруға ықпал ететін тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру және оны жаңарту.
102. Тәуекелдерді азайту/төмендету жөніндегі іс-шаралар мынаны көздейді:
1) аусыл эпизоотологиясын зерделеу мен тәуекелдерді бағалау жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2) тұрғындар арасында аусылға қарсы күрес шаралары бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) вакцинация жүргізу стратегиясын әзірлеу және «суық тізбек» принципін қамтамасыз ету;
4) жануарлардың аусылды жұқтыруын қысқарту үшін тірі мал сататын базарларда ветеринариялық-бақылау шараларын қабылдау және оған қатысушылар арасында аусылдың жұғу жолдары мен профилактика және онымен күрес шаралары туралы ағарту жұмыстарын жүргізу;
5) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жануарлардың орын ауыстыруына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
6) жеке аулаларда, мал шаруашылығы объектілерінде және тірі мал сататын базарларда гигиена нормаларының сақталуын қамтамасыз ету (өндірістік-тұрмыстық желілердің аса күдікті жерлерін үнемі жинау, тазарту, дезинфекция, дератизация және дезинсекция т.б.);
7) жануарларға аусылға қарсы вакцина егуді қамтуды бағалауға бағытталған серомониторинг жүргізу;
8) қолданылатын вакциналардың қажеттігін және оның тиісті аумақта таралған вирус штаммына сәйкестігін растайтын зертханалық зерттеу жүргізу;
9) жүргізілген және жүргізілетін аусылдың таралуын және тәуекелдерді қысқартуды бақылау шараларын бағалау;
10) аусылдың өршуін, оның ішінде қолданылған бақылау шараларына қарамастан орын алған аурудың өршуін эпизоотологиялық тексеру жолымен зерделеу;
11) бақылаудағы нысандарда биологиялық қауіпсіздік және гигиена талаптарының сақталуын тексеруді және инспекциялауды ұйымдастыру;
12) жеке аулалар мен шаруашылықтарға бару, жануарларды тексеру, биоматериалдардың сынамаларын алу және жануарлардың иелерінен сұрау алу жөніндегі ветеринариялық инспекцияның жедел әлеуетін арттыруға ықпал ететін құқықтық жағдай жасау;
13) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу жөніндегі алынған деректерді нақты режимде талдау үшін географиялық байланысы бар деректерді және карта жасауды қамтитын ақпараттық жүйені дамыту;
14) жануарлардың орын ауысуы мен оларды базарларда сатуға байланысты аурудың таралу тәуекелін қысқарту үшін қажетті құқықтық нормаларды (тірі малды сату жөніндегі нарық жұмысын және оларға қатысушылардың жауапкершілігін реттеу) міндетті түрде қолдану.
103. Аусылдың таралуын қысқарту және жұқтыру тәуекелін төмендету жөніндегі іс-шаралар мыналарды көздейді:
1) аусылдың эпизоотологиясын зерделеу, тәуекелін анықтау және бақылау шараларының орындалатындығы мен тиімділігін қамтамасыз ету және тиісті жоспарларға түзету енгізу үшін әрбір шара бойынша алынған деректерді міндетті түрде талдай отырып, тәуекелдерді қысқартуға бақылауды жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
2) аусыл бойынша эпизоотиялық жағдайды зерделеу және тәуекелдерді бақылау жоспарын іске асыру негізінде, мынаны:
аурудың пайда болуына ықпал еткен инфекция көзі мен факторларын көрсете отырып, аусылдың өршуінің әрбір жағдайын эпизоотологиялық тергеуді;
аурудың таралуының мүмкін болатын сценарийлерін болжауды және атқарылған жұмыс туралы есеп жасауды;
аусылдың одан әрі таралуын шектеу жөніндегі жедел шараларды (карантиндік режим, ауру және олармен жанасқан жануарларды санитариялық сою, олардың қозғалысын шектеу, аумақты зоналау, жедел вакцина егу және басқаларын) қабылдауды;
белсенді және пассивті бақылау деректерін, оның ішінде өршуді зерттеу, ауру көзін анықтау және аусыл бойынша зертханалық зерттеу туралы деректерді талдауды;
аусыл ауруының таралуының алдын алу мақсатында жануарлардың қозғалысын шектейтін қолданыстағы құқықтық базаны толықтыруды;
аусылға күдікті жағдайлар туралы міндетті хабардар етуді;
ауру жануарларды алуды және жоюды, олардың құнын өтеуді қамтамасыз ететін құқықтық жайлар жасауды;
жануарларды сәйкестендіру және деректер базасын жүргізу жүйесін бір жолға қоюды;
аусылды жұқтыруды қысқарту үшін жануарларды өсіру мен күтіп-бағудың және мал базарларында сатудың, қайта өңдейтін кәсіпорындарда өнімдер мен шикізатты өңдеу мен сатудың технологиялық сызбасын қадағалауды;
импорттық жануарларға карантин жүргізуді және импорттық мал шаруашылығы өнімдерін инспекциялауды;
оларды мерзімдік жазғы жайылымдарға айдауға байланысты жануарлар қозғалысының бағыттарын анықтауды;
үй жануарларының жабайы фаунаның аша тұяқты жануарларымен мүмкін болатын байланысын болдырмауды;
әлеуетті және аусылдың таралу қаупі бар аймақтарды ескере отырып, аумақтарды:
қазақстандық аумақта кемінде 50 километр ішке қарай Қазақстанның мемлекеттік шекарасының бойымен;
кемінде 30 километр радиусымен (жолдың екі жағы бойынша) облыс аумағымен өтетін ірі автомагистралдардың бойымен;
елді мекендердің санын және аусылға сезімтал мал басын ескере отырып, аусылдың бұрын анықталған ошақтарының қолайсыз және буферлік аймақтары бойынша;
жабайы фаунаның аша тұяқты өкілдері арасында мүмкін инфекция көзі бар аймақтар бойынша буферлік аймақтарға бөлуді;
мыналарды:
жеке аулаларды, шаруашылықтарды, базарларды, өңдеу кәсіпорындарын инспекциялауды;
жануарларды аусылға қарсы вакцинациялау серомониторингін;
аусыл вирусының құрылымдық емес ақуызының серомониторингін;
жануарларды клиникалық тексеруді қоса алғанда, ауру өршіген және ауруға күдік болған кезде қолда бар ақпаратты жедел жинау және талдау жүргізу жолымен белсенді бақылауды жүзеге асыруды;
аусыл бойынша есептілікті зерделеу және талдау жолымен пассивті бақылауды жүзеге асыру;
облыс аумағында таралған аусыл вирусы штаммының сипаттамасын анықтау үшін ХЭБ халықаралық анықтамалық зертханасында биоматериалдардың сынамаларын алу кезінде репрезентативтілікті қамтамасыз етуді;
ХЭБ-тың Жер үсті жануарларының денсаулық кодексінің бақылау стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының тиісті аумағында аусылдың таралуын бақылауды көздейтін аусылды жою жөніндегі жоспарды әзірлеу және іске асыру.
9. Iрi қара малдың вирустық диареясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактика бойынша
іс-шаралар
104. Вирустық диареяны болдырмау жөнінде жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
iрi қара малды орналастырған, азықтандырған және пайдаланған кезде осы Қағиданың орындалуын қамтамасыз етуді;
жайылымдардың және суару орындарының ветеринариялық-санитариялық жағдайын тиісті түрде ұстауды;
өлген жануарлардың қиын және өлекселерін уақтылы зарарсыздандыруды қамтамасыз етуді;
профилактикалық дезинфекцияны, дератизацияны, дезинсекцияны ұдайы жүргізуді;
барлық жануарларды сәйкестендіруді қамтамасыз етуді;
қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарларының арасында байланысқа жол бермеуді қамтиды.
Вирусты диареяның эпизоотиялық ошағында және ол
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
105. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
106. Ауру жануарларды оқшаулайды және аурудың таралу деңгейіне қарай жояды немесе емдейді. Таралу және сау жануарларға жұқтыру деңгейі экзотикалық, жануарлардың алғашқы анықталған ауруларын қоса алғанда, қосымша инфекция жұқтырудың жоғары тәуекелінің болуына қарай анықталады.
107. Емдеу кезінде негізінен, асқыну профилактикасына және ағзаның қорғаныс күштерін қолдауға бағытталған симптоматикалық терапияға жол беріледі.
108. Антибиотиктерді іріктеу кезінде микрофлораның оған деген сезімталдығы ескеріледі.
109. Жануарларды қайта топтастыруға шектеу қойылады.
110. Егжей-тегжейлі дезинфекция жүргiзедi.
111. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу ақырғы ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
10. Iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы
112. Ірi қара малдың азығы үшін күйіс қайыратын жануарлардың ет-сүйек ұны мен қайта өңдеу қалдықтарын пайдалануға тыйым салу профилактиканың негізгі әдісі болып табылады.
113. Кемiктәрiздес энцефалопатиясына күдiктi ірi қара мал союға, жатады, өлексесін өртеп жібереді.
114. Ауру жұққан жануар анықталған жағдайда, оны жояды, ал шаруашылықта карантин енгізіледі. Шаруашылықтағы қалған жануарларды кейін ұшаларын және iшек-қарынын өртей отырып, қасапханада сояды.
115. Бас миын диагнозды түпкілікті растау үшін гистопатологиялық, иммунохимиялық, электронды микроскопиялық әдіспен және иммуно-блотингті түрлі әдістерді пайдалана отырып, түпкілікті растау үшін алады.
116. Ауру жануарларды анықтау үшiн етке сояр алдында жасы 6 айдан асқан iрi қара малдың, барлық жас тобындағы қойлар мен ешкiнiң барлық басын жүйелi түрде тексеруден өткiзедi.
117. Аурудың инкубациялық кезеңi ұзақ және серологиялық немесе ауырған, әсіресе аурудың инкубациялық кезеңiдегі жануарларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін басқа да тесттердің болмауына байланысты аурудың таралу қаупі ұлғаяды. Осыған байланысты:
1) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясына кез келген күдіктену туралы ауданның (қаланың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
2) ветеринар мамандар iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының клиникалық белгiлерiн тани білуі;
3) диагностикалық қызметтерде Еуропалық комиссиясының ғылыми ветеринариялық комитетi әзірлеген стандартталған тесттерді қолдана отырып, ауруды растауға және iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясын iрi қара малдың клиникалық белгiлерi ұқсас басқа да жақын ауруларынан ажыратуға мүмкіндік беретін білімі, тәжірибесі және әдістері болуы тиіс;
4) инфекцияның азық арқылы берiлуi мүмкіндігін болдырмау. Ол үшін күйіс қайыратын жануарларды күйіс қайыратын жануарлардан алынған ақуыздармен азықтандыруға тыйым салу қажет. Мұндай шара жануарларды, соның ішінде зоопарктегі және табиғи қорықтардағы жануарларды қоздырғыштың ағзаға мал азығымен түсуінен қорғауы тиіс.
118. Ет-сүйек ұнын өндiру кезiнде ірi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұқпаған күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерiн өңдеу технологиясы iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының қоздырғышымен өндіру, тасымалдау және сақтау барысында бірігу мүмкіндігін жоққа шығаратын шараларды көздеуі қажет.
119. Аурудың инкубациялық кезеңі ұзақ болуына байланысты қоздырғыш iрi қара мал арасында клиникалық белгiлерi байқалмай-ақ таралуы мүмкін. Ірi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы тіркелмеген елдерде, инфекция байқалмай қалады және басқа малдарға патогенмен ластанған мал азығы арқылы берiлуi мүмкiн. Осыған байланысты мынадай шарттарды сақтау қажет:
1) беру факторларын ескеру, рационға күйіс қайыратын жануарлардың субөнімдерін, күйіс қайыратын жануарлардың ақуыздарын қосуды болдырмау;
2) ет-сүйек ұнын өндiру кезінде қолданылатын күйіс қайыратын жануарлардың субөнiмдерiн өңдеу технологиясын қатаң сақтау;
3) шекарадағы және көлiктегi ветеринариялық қызмет ет импортына ерекше бақылауды жүзеге асыруы тиiс. Күйіс қайыратын жануарлардың ұшаларын бас миымен, жұлынымен, көк бауырымен, айырбезімен бiрге әкелуге тыйым салуы қажет.
120. Адамға және күйіс қайыратын жануарларға iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының жұғу қаупін азайту мақсатында: бас миы мен жұлынды, көзді, көмекей бездерiн, айырбезін, көк бауырын және 6 айдан асқан жануарлардың ішек-қарнын, сондай-ақ осы ағзалардан алынған ақуыз өнiмдерді пайдалануға, сондай-ақ еттi бөлшектеген кезде көрініп тұратын жүйке және сөл бездерi ұлпаларының алып тастауға және жоюға тыйым салу қажет.
121. 1996 жылы сәуiрде Женевада Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы Халықаралық Эпизоотиялық Бюроның және Азық-түлiк және ауыл шаруашылық ұйымының, Біріккен ұлттар ұйымының қатысуымен ұйымдастырған конференцияда халықаралық сарапшылар тобы Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғалар орындауы үшін міндетті мынадай ұсынымдарды әзірледі:
1) барлық елдер олардың тағамға түсуіне, азық-түлік өнiмдерiн өңдеу барысында оның қоздырғышы активтілігінің жойылуына жол бермеу үшін iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жұққан жануарларды союды және қауiпсiз жоюды қамтамасыз етуі тиіс;
2) Халықаралық Эпизоотиялық Бюро қабылдаған ұсынымдарға сәйкес iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясы жағдайларын ұзақ мерзiмдi бақылауды және тіркеуді белгілеу;
3) iрi қара малдың кемiктәрiздес энцефалопатиясының бiрдi-екiлi жағдайы байқалған елдер де аурудың қоздырғыш ластаған жануарлар ұлпаларының адам және жануарлардың азық-түлік өнімдерін шығару үшін түсуіне жол бермеуі тиіс;
4) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың ұлпаларын олардан азық дайындау үшін пайдалануға тыйым салу.
11. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн профилактика бойынша
іс-шаралар
122. Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеитінің профилактикасы мынадай іс-шараларды қамтиды:
шаруашылық жүргізуші субъектiлердi инфекция қоздырғыштарының әкелінуінен қорғау;
ағзаның резистенттiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралар кешенін жүргізу;
уақтылы диагноз қою, ауру жануарларды бөлу және оқшаулау;
сыртқы ортадағы вирустарды залалсыздандыру;
табынды жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайлы аймақтардан сау жануарлармен топтастыру;
жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұстау;
қора-жайларда қалыпты микроклиматты сақтау, үнемі жүргізілетін ауаны аэрозольдық профилактикалық дезинфекциялау, кейіннен дезинфекциялай отырып, қабырғаларды, аралықтарды, еденді және науаларды механикалық тазалау.
Iрi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша эпизоотиялық
ошақта және қолайсыз пунктте жүргізілетін
іс-шаралар
123. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
124. Шектеу қойған кезде мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағына жануарларды кіргізуге және одан шығаруға;
2) оларды шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағында қайта топтастыруға;
3) жем-шөптердi және күтіп-бағу заттарын әкетуге жол берілмейді.
125. Жаңа эпизоотиялық ошақтағы ауру жануарларды қоспағанда, барлық жануарларды дереу ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитіне қарсы вакцинамен иммундайды.
126. Буферлі аймақтағы жануарларды вакцинамен иммундайды.
127. Ауру және ауруы бойынша күдiктi жануарлар тұрған қора-жайларды, сондай-ақ күтіп-бағу құралдарын, арнайы киiмдi, мал төсенiшi мен қиды зарарсыздандырады.
128. Өлген және шарасыздан сойылған жануарлардың терiлерін дезинфекциялық ерітіндіге салу арқылы зарарсыздандырады.
129. Шарасыздан сойылған жануарлардың ұшалары ет жетілгеннен кейін және дегенеративтi өзгерiстер болмаған жағдайда кедергiсiз сатады. Танаудың, өңештiң, жұтқыншақтың, өкпенiң, асқазан-iшек органдарының кiлегей қабығында талаурау және некроздық процестер анықталған жағдайда бұл органдарды техникалық жолмен жағып жібереді.
130. Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлардан алынған сүтті 700С температурада 30 минут пастерлеуден кейiн адамдарға тамаққа және малдарға азық ретiнде қолдануға болады.
131. Ауру жануарлар тұрған қора-жайларға кіретін жерде дезинфекциялық ерiтiндiмен қатты шыланған дезинфекциялық маттар орнатылады.
132. Шектеу ауру жануар жазылған соңғы жағдайдан кейін күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
Жануарларды қолдан ұрықтандыру кәсіпорындарында және пункттерінде
ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеитімен күрес бойынша
іс-шаралар
133. Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша ұйымды ірi қара малдың инфекциялық ринотрахеиті бойынша қолайсыз өңірлерден тұқымды бұқалармен жинақтайды.
134. Қолдан ұрықтандыру стансаларына жаңадан келген бұқаларды күнтізбелік 30 күнге карантинге қояды.
135. Қолдан ұрықтандыру стансаларындағы барлық бұқаларды айына бір рет термометрия жасап, жыныс органдарының жай-күйіне ерекше көңіл бөле отырып клиникалық тексереді.
136. Баланопаститпен ауырған бұқаларды оқшаулайды, олардың күпегiнен тампонмен кiлегей сынамаларын және жуынды, сондай-ақ ұрықтар алады және зерттеу үшін диагностикалық зертханаға жiбередi.
137. Вирусты бейтараптаушы анти денелердi анықтау үшiн қан сывороткасының сынамасын және вируспен ластанғанына зерттеу үшiн ұрықты алады.
138. Соңғы күнтізбелік 14 күнде алынған ұрықтардың сериясын біріктіреді және бір сынама ретінде зерттейді.
139. Ұрығынан вирус табылған бұқалар жарамсыз деп есептеледi, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтарды жояды. Қан сывороткасында антидене табылған бұқалар да жарамсыз деп танылады.
140. Баланопаститпен ауыратын бұқалар зертханалық әдiспен вирустың этиологиясы дәлелденсе жарамсыздыққа шығарылады, ал олардан соңғы 2 айда алынған ұрықтар жойылады.
141. Бұдан кейін процудент ретiнде қолданылатын барлық бұқалардың ұрықтарын вируспен контаминациясына және қанын антидененiң бар-жоғына арасы 6 айдан жылына 2 рет зерттейдi.
12. Кампилобактериоз
Ауыл шаруашылығы жануарлары кампилобактериозының
профилактикасы
142. Жануарлардың кампилобактериозбен ауыруына жол бермеу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелерi және ветеринар мамандар мыналарды қамтамасыз етеді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің iшiнде ветеринар мамандардың рұқсатынсыз жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеу;
2) жануарларды күтудің, азықтандырудың және оларды күтіп-бағудың ветеринариялық-санитариялық қағидасын қатаң сақтау;
3) қолайлы табынды (отарды) толықтыру үшін тек iрi қара мал және қой кампилобактериозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден ғана жануарларды әкелуге рұқсат ету;
4) шаруашылыққа жаңадан келген барлық бұқаларды асыл тұқымдық немесе өндiрiстiк мақсатта пайдалану үшін арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет кампилобактериозға тексеріп карантинде ұстайды.
143. Жануарлар кампилобактериозының ерекше профилактикасы үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген вакциналарды қолданады.
Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды
ірi қара малдың кампилобактериозынан сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
144. Кампилобактериоз диагнозы анықталған кезде асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын кампилобактериоз бойынша қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеуді енгізеді.
145. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындардың барлық тұқымдық бұқаларын иммундайды.
146. Барлық тұқымдық бұқалардан ұрық алу тоқтатылады.
147. Жануарларға вакцина егумен қатар тұқымдық бұқаларға емдеу жүргізіледі.
148. Емдеуден және вакцина еккеннен кейін бір айдан соң арасына күнтізбелік 10 күн салып үш рет барлық тұқымдық бұқалардың ұрықтарына және күпек шырышына бактериологиялық зерттеу жүргізіледі.
149. Үш рет теріс реакция алынған кезде бұқаларды сауықты деп таниды.
150. Ауру бұқалардың қатты мұздатылған ұрықтарының барлық қоры жойылуға жатады. Шартты түрде сау бұқалардан алынған ұрықтардың қалған сериялары жануарларды кампилобактериозға бактериологиялық зерттеуден кейін оларды қолдан ұрықтандыру үшін қолданылуы мүмкін.
151. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарда сауықтыру кезеңінде, санитарлық ахуалды жақсарту және ауруды таратуға жол бермеу бойынша іс-шараларды жүргізеді:
1) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарды, кампилобактериозға қарсы сауықтыру іс-шаралары кезеңiнде табынды жаңартуға арналған жас малмен толықтыруға жол берілмейді;
2) асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорындарына түсіп қойған табынды жаңартуға арналған жас малды оқшау қорада ұстау және оларды тазарту және вакцина еккеннен кейін жалпы мал шаруашылығы қора-жайларына ауыстыру қажет;
3) бұқаларға вакцина егердің және тазалаудың алдында және емдеу курсы аяқталғаннан кейін барлық мал қораларға, аумақтарға, күтіп-бағу және ұстау заттарына толық дезинфекциялау жүргізеді. Кейіннен дезинфекциялауды күнтізбелік 10 күнде бiр рет жүргізеді.
152. Асылдандыру ісі және қолдан ұрықтандыру жөніндегі кәсіпорын жануарлардың барлық тобы бойынша ұрықтың және күпек шырыштың бактериологиялық зерттеулерінің үш рет (арасына күнтізбелік 10 күн салып) теріс реакцияларының негізінде ірі қара малды кампилобактериоз бойынша сауықты деп жариялайды.
Ірi қара мал кампилобактериозы бойынша қолайсыз
шаруашылықты сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
153. Iрi қара малдың кампилобактериозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шаралар кешенін жүргізеді.
154. Қолайсыз табындарда аурудың одан әрі таралуын болдырмау мақсатында қолдан ұрықтандыру жүргізіледі. Аталған шаруашылықтағы қашарлардың және сиырлардың бұқалармен ерiктi шағылысуына жол берілмейді. Бұқаларды оқшаулайды, кампилобактериозға зерттейді және емдеу-профилактикалық тазартуды жүргізеді.
155. Сауықтыру іс-шараларын жүргiзу кезеңiнде мыналарға:
1) басқа шаруашылықтардан жануарларды әкелуге және шаруашылық iшiнде фермалар арасында малды қайта топтастыруға;
2) кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылықтан асылдандыру үшiн және қолдану мақсатында жануарларды әкетуге тыйым салынады.
156. Ірi қара малдың барлық басы кампилобактериозға қарсы иммундалады.
157. Фермаларда сиырлардың және құнажындардың бұзаулауы тек төлдету бөлімшелерінде жүргізілуі тиiс. Шаруашылық жүргізуші субъектiде оларды кезеңді санациялау үшін резервті төлдету бөлімшелері болуы қажет. Әрбiр iш тастаған сиырды оқшаулайды, iш тастау жүргізілген қора-жайды және станоктарды тазалайды және дезинфекциялайды. Барлық түсіп қалған ұрықтарды бактериологиялық зерттеу үшін ветеринарлық зертханаға жолдайды. Жаңа туған бұзауларды сақа малдардан оқшау ұстайды.
158. Жаз кезеңінде қолайсыз фермалардағы малды лагерлік ұстауға ауыстырады, мал шаруашылығы қора-жайларында санитарлық тазартуды, дезинфекциялауды және жөндеуді жүргізеді. Қора-жайларды барлық лагерлік кезеңде жануарлардан бос қалдырады.
159. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде сауықтыру іс-шаралары барысында мал шаруашылығы қора-жайларына және аумақтарына дезинфекция жүргiзiледi.
160. Егер 12 айдың ішінде кампилобактериялардың патогендік дақылдары бөлінбесе және аурудың клиникалық белгілері байқалмаса, профилактикалық және емдеу-сауықтыру іс-шараларының барлық кешені орындалған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiні сауықтырылған деп хабарлайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектіде тұқымдық бұқалар бар болған кезде шектеуді алудың алдында ұрықты, күпек шырышын немесе өсінді жыныс бездерінің сөлін бактериологиялық зерттеудің үш рет теріс нәтижесін алған кезде бұқалар сау деп саналады.
Қойлардың кампилобактериозы бойынша қолайсыз
шаруашылықтарды сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
161. Барлық iш тастаған қойларды, сондай-ақ мезгiлiнен ерте төлдеу белгілері бар қойларды отардан тез арада бөлiп және сақман бiткенге дейiн отардан оқшаулайды.
162. Түсіп қалған ұрықтарды, шарана қабықтарын, шуды және ластанған төсенiштi, қиды жинайды, содан кейiн өртейді немесе дезинфекциялық заттармен зарарсыздандырғаннан кейін жерге көмедi.
163. Қой қораны және жайылатын аулаларды тазартады және дезинфекциялайды.
164. Кампилобактериоз бойынша қолайсыз отардан асылдандыру және қолдану мақсаты үшiн қойды шығаруға (әкетуге) тыйым салынады, отарларды шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринар маманының рұқсатынсыз қайта толықтыруға жол берілмейді.
165. Қолайсыз отардың қойларын қырқуды және тоғытуды кесте бойынша соңғы кезекте жүргізеді, содан кейін қора-жайлар, жабдықтар, құрал-саймандар және аумақты дезинфекциялайды.
166. Қойларды жайылымдық ұстау кезінде отарды басқа жайылымдық учаскелерге ауыстырады, ал қолайсыз отар бағылған жайылымды 2 ай мерзімге карантиндейдi.
167. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің барлық буаз қойларын қойлардың кампилобактериозына қарсы вакцинамен иммундайды.
168. Егер шаруашылықта бір мезгілде қойлардың кампилобактериозы бойынша бірнеше отар қолайсыз болған жағдайларда, мұндай отарлардан алынған қойлардан жас малды (ұрғашы тоқтыларды) жеке отарға жинақтайды және оларды шартты түрде қолайлы деп есептейді.
169. Шаруашылық жүргізуші субъектiні қойларда екі жыл ішінде кампилобактериоздық іш тастау болмаған кезде кампилобактериоз бойынша қолайлы деп таниды.
13. Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесі
Iрi қара малдың жұқпалы алаөкпесiнің
профилактикасы және жою
170. Iрi қара малдың алаөкпесiмен ауру жағдайы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады.
171. Эпизоотиялық ошақтарда және қолайсыз пункттерде ветеринарлық мамандар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) iрi қара малдың басын есепке алу;
2) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі барлық сақа ірі қара малды және бұзауларды алаөкпеге (перкуссия, аускультация және температура өлшеу) клиникалық зерттеу. Сонымен қатар комплементті байланыстыру реакциясында (бұдан әрi - КБР) зерттеу мақсатында зертханаға жолдау үшін қан алынады;
3) зерттеулердің нәтижесіне сәйкес малды топтарға бөлу;
4) клиникалық белгiлерi бар ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру.
172. Карантин белгіленген аумақта мыналарға:
1) сауықтыру іс-шараларын жүргiзетiн ветеринар дәрігердің рұқсатынсыз малды қайта топтастыруға;
2) алаөкпе бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден (пункттен) малды әкету және оған сау малды қосуға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнiң алаөкпе бойынша қолайсыз аумағы арқылы тасымалдауға немесе айдауға;
4) ірі қара малдың алаөкпесі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден және елдi мекеннен жем-шөпті әкетуге жол берілмейдi. Бұл шаруашылық жүргізуші субъектiлердің және елді мекеннің жем-шөбі тек аталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде және пункттерде пайдаланылады.
173. Алаөкпе ауруы бойынша күдiктi және КБР бойынша оң реакция берген барлық клиникалық ауру жануарлар отардан оқшау қораға тез арада бөлініп алынады және сойылуға жатады. Өлген жануарлардың сылынған терiлерiн оқшауланған жағдайда ауада кептіреді. Жарамсыз деп танылған зақымданған мүшелер мен тұтас еттің бөлігі өртеу әдісімен жойылады.
174. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден алаөкпенiң таратушы көзi болып табылуы мүмкін ауру жануарларды уақытылы және толығымен жою мақсатында, шаруашылық жүргізуші субъектілердегі вакцинацияға қарамастан, карантинді алып тастағанға дейін малға клиникалық зерттеу екі аптадан кешіктірмей жүргізіледі.
175. Шартты сау малы бар шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық карантин мерзіміне оны қоршаған шаруашылық жүргізуші субъектiлерден немесе шаруашылық жүргізуші субъектiнiң қалған бөлiктерiнен толық оқшаулануын қамтамасыз ететін жағдай жасалады.
176. Карантин екiншi вакцина егуге барлық жануарлардағы реакцияның аяқталуы уақытынан бастап үш айға қойылады. Екiншi вакцина еккеннен кейiн аурулар анықтаған кезде, карантин мерзімі отардан ауруларды жойған сәттен бастап есептеледі.
177. Егер көрсетiлген мерзiм iшiнде жануарлардың алаөкпесі бойынша аурулары немесе күдіктілері анықталмайтын болса, карантин алынады және шаруашылық жүргізуші субъектi алаөкпе бойынша қолайлы деп жарияланады.
14. Ірі қара малдың лейкозы
Жалпы ветеринариялық-санитариялық
іс-шаралар
178. Жануарлар арасында лейкоздың таралуына жол бермеу мақсатында мына ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізіледі:
1) жаңадан әкелінген жануарлар 30 күн ішінде лейкозға серологиялық зерттеулер жүргізіле отырып карантинге қойылады. Ірі қара мал лейкозы вирусын (бұдан әрі – ІҚМЛВ) жұқтырғандар анықталған кезде, тараптардың келісуі бойынша жануарлардың барлық партиясын союға өткізеді немесе жеткізушіге қайтарады;
2) жануарларды ветеринарлық және зоотехникалық өңдеу кезінде асептика және антисептика ережелерін міндетті түрде сақтау;
3) Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу қағидаларына сәйкес барлық меншік нысаны жануарларын сәйкестендіру;
4) Қазақстан Республикасында немесе Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық заттармен қора-жайларды және жабдықтарды тұрақты дезинфекциялау;
5) эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары бойынша жануарларға диагностикалық зерттеулер жүргізу;
6) мыналарды:
қолайлы деген мәртебесі жоқ, сондай-ақ карантиннен өтпеген шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды әкелуді;
ветеринарлық қызметтің келісімінсіз малды қайта топтастыруды болдырмау жөніндегі шараларды қабылдау.
179. Лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды шығару (әкету), олар бұған дейін 30 күн бұрын осы Қағидаларда көрсетілген серологиялық әдістермен зерттелген және барлық топ бойынша теріс реакция алынған жағдайда рұқсат етіледі.
180. Тұқымдық бұқалар мен құнажындарды өсіруге қалдыру үшін, қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің тек сау сиырларынан алынған бұқалар мен қашарларды іріктеп алады.
181. Жануарлардың қолдан ұрықтандыру және эмбриондарды трансплантациялау жөніндегі бекеттер (пункттер) үшін тек сау донор-сиырлардың ұрықтары мен аналық жасушалары және қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердің реципиенттері іріктеліп алынады.
182. Ірі қара малды, ұрықтар мен аналық жасушаларды, эмбриондарды экспорттау кезінде импорттаушы елдердің ветеринариялық талаптары орындалуы тиіс.
183. Қазақстан Республикасына соңғы 3 жыл ішінде лейкоздан таза экспорттаушы елден шығарылған сау асыл тұқымды ірі қара малды әкелуге рұқсат етіледі.
184. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары, жануарлардың иелері ірі қара мал лейкозының пайда болуына, таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды қабылдайды, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұйғарымын орындайды, жануарларды клиникалық қарау және диагностикалық зерттеулер жүргізу үшін ұсынады.
Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы
пункттерде іс-шаралар жүргізу
тәртібі
185. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі ветеринариялық іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келісім бойынша жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің (бұдан әрі – ЖАО бөлімшесі) басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
186. Қазақстан Республикасында лейкозға диагноз қою үшін серологиялық, клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық әдістерді және полимеразды-тізбекті реакцияны (бұдан әрі – ПТР) қолдануға болады.
187. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларда лейкозды дер кезінде анықтау мақсатында жоспарлы түрде жануарларды 12 айлық жасынан бастап жылына бір рет иммуннодифузия реакциясын (бұдан әрі – ИДР) диагностикалық зерттеуден өткізеді.
188. Ірі қара мал арасынан зерттеу нәтижесі бойынша ауруға оң нәтиже берген малдар анықталған жағдайда ауруды нақтылау үшін иммуноферментті анализ (бұдан әрі – ИФА) реакциясымен қайта тексереді.
189. ИФА реакциясымен теріс реакция алынғанда ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру деректерінің базасына диагностикалық тест нәтижелері туралы белгі енгізіледі, жануар 6 айдан соң қайтадан зерттеледі.
190. ИФА бойынша оң реакция алынған кезде аталған жануар лейкоз ауруымен ауырған болып саналады.
191. Әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша ЖАО бөлімшесінің басшысы ауырған малды басқа жануарлардан оқшаулауды ұйымдастырады және 15 күн ішінде тиісті аумақта орналасқан жануарларды союды жүзеге асыратын (ет комбинаты, мал сою бекеті) (бұдан әрі – сою объектісі) өндіріс объектілеріне санитариялық союға жібереді.
Ауырған жануарларға ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен жағына немесе жамбасына «Л» әрпін басу жолымен таңбалайды.
192. Қолайлы табындардағы жануарлар топтарынан алынған сүттің біріктірілген сынамаларын зерттеу үшін ИФТ реакциясын қолданады.
193. Жануарларда аурудың өршу кезеңдерін анықтау үшін клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық әдістерді қолданады.
194. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайлы пунктте жекелеген жануарларда клиника-гематологиялық, патологоанатомиялық немесе гистологиялық өзгерістер болғанда диагнозды ИДР, ИФТ бойынша нақтылайды.
195. ИДР, ИФТ бойынша жыл сайынғы жоспарлы зерттеулер кезінде теріс реакция алынған шаруашылық жүргізуші субъектілері ірі қара малдың лейкозынан қолайлы болып саналады.
196. Асыл тұқымды жас төлдерді импорт пен экспортқа шығарумен айналысатын шаруашылық жүргізуші субъектілері жануарларды міндетті түрде екі рет серологиялық тексеруден өткізеді: бірінші рет 6 (алты) айлығында, екінші рет асыл тұқымды малды сатар алдында.
197. Мемлекеттік асылдандыру кәсіпорындарының тұқымдық бұқаларын тоқсан сайын, ал шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бұқалары мен биологиялық препараттар өндірумен айналысатын ұйымдар үшін продуцентті қан алатын жануарларын арасына алты ай салып жылына 2 рет серологиялық зерттеу жүргізеді.
198. Мал сою объектілерінде ауруға шалдыққан жануарлардан ветеринариялық, медициналық және тағамдық мақсатта қанды, эндокринді және басқа органдарды алуға тыйым салынады. Цехтың үй-жайы және жабдықтары жануарларды сойғаннан кейін мұқият тазаланады және дезинфекцияланады.
199. Ұлпа мен органдарда ісікті өзгерістер анықталған барлық жағдайлар есепке тиісті нысанды енгізе отырып, жануарларды сою объектілерінде етке және субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманың есебін жүргізу журналына тіркелуге жатады.
200. Асылдандыру мақсатында әкелінген жануарларды ИДР, ИФТ немесе ПТР бойынша лейкозға экспорттаушы мемлекетте немесе жеткізуші шаруашылықта сатқанға дейін 30 күн бұрын және импорттаушы мемлекетте немесе сатып алушы шаруашылықта карантинге қойылған кезеңде зерттейді.
201. ПТР-ға зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға сарысуы шықпаған қан жіберіледі. ПТР бойынша зерттеу сынамаларды біріктіру тәртібімен пул жүйесі бойынша жүргізіледі.
202. Карантин мерзімінде лейкозға диагноз анықталғанда барлық мал басы сойылады немесе экспорттаушы елге немесе жеткізуші шаруашылыққа қайтарылады.
203. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жануарларды сатуға мұндай жануарлар сатудан күнтізбелік 30 күн бұрын ИДР немесе ИФТ бойынша зерттелген және бұл ретте лейкозға теріс реакция алғанда ғана шектеусіз рұқсат беріледі.
Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз
пунктте іс-шаралар жүргізу
тәртібі
204. Осы Қағидаларда көрсетілген әдістер арқылы ірі қара малдың лейкозына диагноз анықталған елді мекенді (ауыл, село, кент), елді мекеннің бөлігін немесе жеке орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіні (ферма, табын), жеке меншік түріне қарамастан ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
Қолайсыз пунктке шектеу іс-шараларын қою туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖАО бөлімшелері ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар көзделетін сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын бекітеді, орындаушы, оларды орындау үшін жауапты тұлға және ауруды жою мерзімі анықталады.
205. Жануарларда ауруға тән тек клиникалық-гематологиялық, патологоанатомиялық және гистологиялық өзгерістер байқалған жағдайда, табында 6 айдан жоғары жастағы жануарларға арасына күнтізбелік 30-45 күн салып екі рет серологиялық зерттеу жүргізеді.
Егер бұл ретте ірі қара малдың лейкоз вирусына антиденелер анықталмаса, шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп саналады.
206. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға:
1) серопозитивті (ИДР немесе ИФА бойынша) жануарлардан алынған сүтті сүт зауытына өткізуге. Мұндай сүт қайнатуға және тек лейкоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъекті ішінде ғана пайдалануға жатады;
2) серонегативті жануарлардан алынған сүтті алдын ала зарарсыздандырмастан (пастерлемей) шығаруға;
3) лейкоз бойынша қолайсыз жеке тұлғалардың сиырының сүтін зарарсыздандырғаннан кейін, тек осы жеке меншік ауласында ғана пайдаланады;
4) лейкозбен ауырған жануарларды сау малдармен бірге ортақ табында бағуға;
5) асылдандыру мақсатында жануарларды сатуға;
6) тұқымдық бұқаларды сиырлар мен қашарларға шағылыстыру үшін пайдалануға;
7) ІҚМЛВ жұққан тұқымдық бұқалардың ұрықтарын пайдалануға;
8) лейкозға диагнозы анықталғанға дейін 6 ай ішінде серопозитивті тұқымдық бұқалардан алынған ұрықтар қоры жоюға жатады;
9) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық санитариялық-инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға;
10) ветеринариялық және медициналық емдеу-профилактика препараттарын дайындау үшін қан және уыз дайындау үшін, гемотерапия жүргізуге;
11) лейкозға гемотологиялық және клиникалық белгілері бар ірі қара малды шаруашылық жүргізуші субъектіден тыс жерге өсіру немесе бордақылау үшін шығаруға;
12) емдеу-профилактикалық, зоотехникалық және технологиялық іс-шараларды жүргізген кезде, стерильденбеген құралдарды, аспаптарды, аппараттарды пайдалануға;
13) бір сауу аппаратымен ІҚМЛВ жұқтырған және сау сиырларды саууға;
14) лейкозбен ауыратын және сау сиырларға бір төлдеу бөлмесін пайдалануға;
15) лейкозбен ауырған сиырлардың ақуызын сау сиырлардан алынған төлдерді қоректендіру үшін пайдалануға;
16) табын өсіру үшін лейкозбен ауырған бұзауларды пайдалануға жол берілмейді.
207. Ірі қара малдың лейкозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру:
1) 30 пайыздан жоғары жануарлары ауруға шалдықса, шаруашылық жүргізуші субъектінің қолайсыз табынын лейкоз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектінің жануарларымен біржолғы толық айырбастау жолымен мал басын 100 басқа дейін жеткізумен;
2) табыннан ауру жануарларды бөле және кейіннен оларды сою алаңдарында соя отырып ИДР және ИФТ бойынша жүйелі зерттеулер жүргізу жолымен мал басын 100 басқа дейін жеткізумен жүргізеді.
208. Ірі қара мал лейкозы бойынша қолайсыз пункттерді ИДР және ИФТ қолдану арқылы сауықтыруды мына жолмен жүргізеді:
1) жасы алты айдан жоғары жануарларға зерттеу жүргізеді;
2) келесі ИДР және ИФТ-ға серологиялық зерттеулерді 4 ай сайын екі рет теріс реакция алғанға дейін жүргізеді. Әрбір диагностикалық зерттеуден кейін қора-жайларға Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекция жүргізеді;
3) барлық ауру жануарларды союға өткізгеннен кейін және қора-жайлар мен жақын аумақтарға қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейін, сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген басқа да іс-шаралар орындалған кезде қолайсыз пункт сауықтырылған деп жарияланады.
Сауықтырғаннан кейін екі жыл бойы тоқсан сайын серологиялық бақылау жүргізеді.
15. Ірi қара малдың нодулярлық дерматиті
Нодулярлық дерматиттiң
профилактикасы
209. Жануарлардың нодулярлық дерматит ауруының алдын алу бойынша:
1) ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлау;
3) ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
4) ветеринар мамандарға бiрнеше жануар кенеттен қырылған, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ветеринар мамандар келгенге дейін ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану қажет.
Нодулярлық дерматитпен
(бұлдырмақ ісікпен)
күресу шаралары
210. Нодулярлық дерматит шыққан кезде шаруашылық жүргізуші субъектiге карантин қойылады.
211. Карантиннiң шарты бойынша мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге құстарды қоса алғанда, барлық жануарлар түрлерiн кіргізуге (әкелуге), шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъекті iшiнде ветеринар маманның рұқсатынсыз малдардың орнын ауыстыруға;
3) ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды союға, саууға және етiн, сүтiн пайдалануға жол берілмейді.
212. Нодулярлық дерматиттен қырылған жануарлардың өлекселерi терiсiмен бiрге өртеу жолымен жойылуға жатады.
213. Шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин барлық ауру және ауру бойынша күдiктi жануарларды сойғаннан және қорытынды шаралар жүргізгеннен кейiн алынады.
16. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруы
Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының
алдын алу бойынша
іс-шаралар
214. Iрi қара малдың парагрипп-3 ауруының алдын алу бойынша іс-шаралары:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердi қоздырғыштың әкелуінен қорғауды;
2) жануарлардың жалпы резистенттілігін көтеруге бағытталған шаралар кешенін жүргізуді;
3) осы Қағиданы қатаң сақтауды;
4) ауруға уақтылы диагноз қоюды;
5) сыртқы ортадағы вирусты жоюды;
6) жаңадан келген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстауды қамтиды.
215. Жеткізуші шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тасымалдағанға дейін кемінде күнтізбелік 14 күн бұрын бұзауларға парагрипп-3 ауруына қарсы профилактикалық вакцина егеді.
216. Жануарларды арнайы жабдықталған көлiкпен жеткiзедi.
217. Шаруашылық жүргізуші субъектiнiң мал шаруашылығы қора-жайларында қажетті микроклиматты қалыпты жағдайда ұстайды және үнемі профилактикалық дезинфекциялауды жүргiзеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектiнi ірі қара малдың
парагрипп-3 ауруы бойынша сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
218. Парагрипп-3 диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және шектеу қояды.
219. Шектеу шарттары бойынша қолайсыз пунктте мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жануарларды әкелуге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге әкетуге және оларды қайта топтастыруға;
2) жануарларды күтіп-бағуға байланысты емес адамдардың қолайсыз қора-жайларға баруына;
3) ауру жануарларды күтіп-бағатын персоналдың сау бұзаулар орналасқан қора-жайға кiруiне тыйым салынады.
220. Клиникалық сау жануарларды сою пунктіне союға арнайы жабдықталған көлікпен әкетуге рұқсат берiледi. Жануарлардың өлекселерін өртеп жiбередi.
221. Жануарлардың етінде дегенеративтi өзгерiстер болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. 221. Жануарлардың етінде азудың өзгерiстері болмаған кезде жануарлардың етін шектеусіз сатуға рұқсат етіледі. Танауының, кеңірдегінің, өкпесiнiң, асқазан-ішек жолының кiлегей қабаттарында қабынған және өлi етке айналған өзгерiстерi анықталған кезде бұл органдар техникалық кәдеге жаратуға жiбередi.
222. Ауру жануарларды бөлек секцияларға оқшаулап гипериммунды сывороткасымен, спецификалық емес глобулинмен немесе реконвалесценттi сывороткасымен емдейдi. Сонымен қатар антибиотиктер, сульфаниламид, нитрофуран препараттарын қолданады.
223. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегi торларды, станоктарды, күту құрал-саймандарын, жабдықтар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен дезинфекциялауды жүргізеді.
224. Ауыру жануардың сауығуының немесе сойылуының соңғы болған оқиғасынан кейiн күнтізбелік 14 күн өткен, сондай-ақ қорытынды шаралар өткізілген соң шаруашылық жүргізуші субъекті қолайлы деп жарияланады және шектеу алынады.
17. Iрi қара малдың паратуберкулезi
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
225. Iрi қара малдың паратуберкулезiнiң пайда болуының және оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлер, Ветеринар мамандар, сондай-ақ мал иелерi мыналарды:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге iрi қара малдың паратуберкулезi бойынша қолайсыз аумақтардан жануарларды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге жаңадан келетiн барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы оқшаулап ұстау;
3) жануарларды жылына екi реттен кем емес клиникалық тексерудi қамтамасыз ету: жайылымға шығару алдында және күзде қыстаққа тұрғызу алдында;
4) жайылымдарды, суаратын жерлерді, мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларды және жануарларды ұстайтын басқа да жерлердi қалыпты ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
5) паратуберкулез бойынша қолайсыз пункттердің жануарларымен iрi қара малдармен, жеке қолданыстағы малдармен байланысына, сондай-ақ жануарлардың әртүрлі түрiмен және әртүрлі жастағы топтарын бiрге ұстауға жол бермеу;
6) жануарлар ағзасының резистенттiлiгiн көтеру үшiн рационды ақуыз, минералды заттар, микроэлементтер мен витаминдер бойынша құрастыру;
7) жануарлардың рационы қышқылды жеммен күшейтілген бiр жақты жемдеуге жол бермеу қажет.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
226. Диагноз қойылған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағында шектеу іс-шаралары қойылады.
227. Шектеу іс-шараларының шарттары бойынша:
1) диагноз қойылғаннан кейін барлық жануарларды клиникалық тексереді;
2) аурудың клиникалық белгiлерi бар жануарларды шығарады және етке союға тапсырады;
3) қалған iрi қара мал басын паратуберкулезге тексередi;
4) одан кейiн сауықтырылатын табындағы жануарлардың қан сывороткаларын серологиялық зерттеу мен аллергиялық тексеру жылына 2 рет - көктем мен күзде жүргiзіледi;
5) мал басын тоқсанына бiр рет клиникалық тексереді, паратуберкулездiң клиникалық белгiлерi бар жануарларды аллергиялық және серологиялық зерттеулердің нәтижесіне қарамастан етке союға тапсырады;
6) екiншi рет зерттеу кезінде оң немесе күдiктi реакция берген жануарларды етке союға өткізеді, қалғаны жалпы табынға қайтарады;
7) сойылған жануарлардан алынған материалдарды барлық жағдайда бактериологиялық және гистологиялық зерттеулерге жолдайды;
8) паратуберкулезбен ауыратын сиырлардан туған бұзауларды етке союға өткізеді, қолайсыз табындағы сау жануарлардан туған бұзауларды үлкен малдардан бөлектейді және 5 (бес) күн уыз береді, сонан кейін осы ферма үшін арнайы бөлінген пастерленген сүтпен және обратпен бағады. Кейін оларда паратуберкулездің бар жоқтығын зерттейді.
228. Паратуберкулездiк энтерит бойынша қолайсыз пунктте өткізілетін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар:
1) тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатынсыз малдарды қайта топтастыруға тыйым салады;
2) мал аулалары мен олардың аумағының айналасының тиісті санитариялық жағдайын қамтамасыз етедi;
3) мал шаруашылығы қора-жайларын механикалық тазартуды, жануарларды ұстау орындарын, әр зерттеуден кейiн мүкәммал мен басқа да жабдықтарды ағымдағы дезинфекциялауды жүргiзедi;
4) ауру малдардың және ауру бойынша күдiктi малдардың қиын өртейді, шартты түрде сау малдардың қиын биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады;
5) сауын сауу қондырғысы мен сүт ыдыстарын күнделiктi зарарсыздандыруды қамтамасыз етедi;
6) сиырлардың бұзаулауын төлдеу қора-жайларында жүргiзедi, шуларды өтпейтiн ыдысқа жинайды және залалсыздандырады;
7) алғашқы уызды жеке ыдысқа сауады және қайнату арқылы залалсыздандырады, шартты түрде сау жануарлардан алынған сүтті 850С температурада 30 (отыз) минут пастерлейдi;
8) жануарларды жабық су көздерінен суаруды ұйымдастырады, олардың жануарлардың тезегімен ластануын болдырмау үшiн жайылымдағы бөгеттерді, арықтарды, үлкен шалшықтарды қоршайды.
229. Ауру жануарды соңғы бөлу жағдайынан кейiн 3 (үш) жыл өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізгеннен кейiн шектеу іс-шаралары алынады.
18. Iрi қара малдың обасы
Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасы
қоздырғышының әкелінуінен қорғау жөніндегі
іс-шаралар
230. Ірі қара малдың обасына қарсы іс-шаралар ел аумағын шетелден ауру вирусының әкелінуінен сенімді қорғауды, шекара маңындағы аймақта оған сезімтал жануарлардың мал басына жыл сайын вакцина егуді, ал оба анықталған жағдайда – барлық ауру және ауру бойынша күдiктi ірі қара малды сою және жоюды көздейді. Қолайсыз пункттерде қатаң карантин және басқа ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу.
231. Ерекше профилактика Қазақстан Республикасының аумағын ірі қара малдың обасынан қорғау жөніндегі кешенді іс-шаралардың негiзi буыны болып табылады.
232. Ірі қара малдың обасы бойынша қолайсыз елдермен шекаралас әкiмшiлiк аудандарда орналасқан барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде осы бөлімде көрсетiлген ұйымдастыру, эпизоотияға қарсы және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
233. Ветеринар мамандар өздерiне бекiтiлген шекарадағы аймақ учаскесінің эпизоотиялық жағдайының, жайылымдардың, суаттардың, мал айдау жолдарының жағдайын жақсы бiлуге тиiс; қызмет көрсету аумағындағы әрбір елдi мекендердегі және шаруашылықтардағы жануарлардың барлық түрлерінің саны туралы нақты мәліметі болуы тиiс.
234. Жайылым мерзімінде әрбiр табынға жеке жайылым және суат бекiтiледi және жануарлардың әр түрi бөлек бағылады; әртүрлі табынның жануарларының араласуына, сондай-ақ үй жануарларының жабайы жануарлармен (бұғы, елiк, бұлан, қабан және басқалары) байланысына жол берілмейді.
235. Жайылымдарда ірі қара малдың обасына сезімтал үй немесе жабайы жануарлардың өлекселерi табылған жағдайда ол туралы тез арада әкiмшiлiк аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына (диагностикалық зерттеулерге) патологиялық материал алу үшiн хабар бередi және өлекселердi көмудi ұйымдастырады.
236. Шекаралас аумақта ұсталынған жабайы жануарлар немесе атқаннан кейін олардың ұшалары мiндеттi түрде ветеринариялық тексеруге жатады.
237. Шекаралас аумақта иесiз малдың жүргені туралы ветеринариялық бақылау бекетіне хабарлайды. Мұндай малдар тез арада ұсталып және оқшауланып, оның иесі анықталғанға дейін ветеринариялық тексеруге жатады.
238. Бiр шаруашылық жүргізуші субъектіден екiншi шаруашылық жүргізуші субъектіге, сондай-ақ шекара аумағынан тысқары жерлерге өткізу клиникалық тексеруден кейiн тек әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.
239. Шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан мал әкелу (әкету) алдын ала сол әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсiледi, шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген малдарды бордақылау алаңдарына және табындарға орналастыруға тек ветеринариялық тексеруден және оларды күнтізбелік 30 күндiк карантинде оқшаулап ұстаудан кейiн ғана рұқсат етiледi.
Жануарларды ірі қара малдың обасымен
ауыруын жою жөніндегі
іс-шаралар
240. Диагноз анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз пункт деп жариялайды және карантин қояды.
241. Ауру және ауру бойынша күдiктi жануарлар қан шықпайтын әдіспен өлтiруге жатады, өлекселерi терісімен бірге жағып жібереді.
242. Ауырған және өлген жануарлардың жатқан жерін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттармен мұқият дезинфекциялау қажет.
243. Қалған (шартты түрде сау) жануарлар (табындағы, топтағы, фермадағы, шаруашылықтағы) жеке қолайсыз топқа бөлiп жыл мезгіліне қарамастан олардың шаруашылық шегінде қайта топтастырылуына жол бермей, оқшаулап қамап ұстау шартында ұстайды.
244. Көлiктiң барлық түрінің шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуына, оған кіруіне, адамдардың тиісті дезинфициялық өңдеусіз шығуына және кіруіне, сондай-ақ шаруашылық аумағынан жануарлар өнiмдерi мен шикiзаттарын шығаруға тыйым салынады.
245. Қолайсыз шаруашылық аумағының кiре берiсiне бекеттер және дезинфекциялық ерiтiндiлерi бар ыдыстар қойылады.
246. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маманы мыналарды:
1) барлық жануарларды клиникалық тексеруден өткiзiп дене қызуын өлшеуді;
2) ауырған және өлген жануарлардың санын нақтылауды, көршiлес шаруашылықтағы және елдi мекендегі эпизоотиялық жағдайды, ауру қоздырғышын әкелудің мүмкін жолдарын анықтауды;
3) ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қатаң орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
247. Карантин соңғы ауыру жануар жойылғаннан күннен бастап күнтізбелік 21 күн өткен соң алынады.
19. Қарасан ауруы
Жануарлардың қарасан ауыруының
профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
248. Жануарларды қарасан ауыруының профилактикасы мақсатында мынандай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) мал қорымдарын (биотермиялық шұқыр) тиісті санитарлық жағдайда ұстау және оны қоршау жұмыстарын жүргiзу;
2) қарасан ауыруынан өлген жануарлар көмiлген жерлердiң топырағын зарарсыздандыру;
3) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлердi құрғату бойынша жұмыстарды жүргiзу;
4) суаттарды, құдықтарды қалпына келтiру, жануарлар су iшетiн зақымданған немесе күдiктi суаттарды жабу;
5) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз мал союға, шарасыз өлтірілген жануарлардың етiн және ет өнiмдерiн сатуға тыйым салу;
6) қолайсыз аулаларды, өлген жануарлар жатқан қора-жайлар мен жерлердi тазарту және дезинфекциялау;
7) 3 айдан 4 жас аралығындағы iрi қара малдың барлық сезімтал басына профилактикалық вакцина егуді жүргізу. Қарасан ауруы тiркелген шаруашылықта 6 айдан жоғары жастағы қойлар вакцина егуге жатады.
249. Профилактикалық иммундау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттар Мемлекеттік тізілімінде тiркелген вакциналар қолданылады.
250. Активтігі жойылған вакцинамен профилактикалық егу жануарларды жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 14 күн кешіктірілмей аяқталуы тиiс. Мал жайылымда 6 айдан артық болатын аудандарда ауруға сезімтал мал басына арасына 6 ай салып жылына 2 рет вакцина егілуі тиіс. Қарасан ауыруына қарсы тiрi вакцинамен жануарларды жылына 1 рет жайылымға шығарғанға дейін күнтізбелік 7 күннен кешіктірмей егедi.
251. Жаңа туған төлдердi олардың 3 айлық жасқа толуына қарай жыл ішінде вакцина егедi, кейінгі вакцина егу активтігі жойылған вакцинамен 6 айдан кейiн егедi.Тірі вакцина қолданылған кезде малды қайта вакцина егу 12 айдан кейін егеді.
252. Қауiп төнген аумақта орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келген барлық жануарлар мiндеттi түрде вакцинамен егуге жатады. Егу жүргізгеннен кейін 14 тәуліктен соң оларды жалпы табынға қосуға жол беріледі.
253. Қарасан ауруына қарсы жүргізілген екпе туралы егу жасалған жануарлардың (түрлері бойынша) санын, вакцинаның, препарат шығарған кәсіпорынның атауын, дайындалған күнiн, жұмсалған вакцинаның мөлшерiн, сондай-ақ вакцинаны жүргізген тұлғаның аты-жөнiн және жануарлардың жағдайын қадағалауды көрсете отырып актi толтырылады.
Қарасан ауруын жою жөнiндегi
іс-шаралар
254. Қолайсыз пункттерде қарасан ауыруына бейiм жануарлар дене қызуы өлшеп клиникалық қаудан өткiзедi. Ауырудың клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, дене қызуы) белгілері байқалған жануарлар оқшауланады.
255. Жануарлардың өлекселері терісімен бірге өртеу арқылы жойылады.
256. Ауру жануарлардан ластаған қи, төсенiш және жем-шөп қалдықтары далаға шығар алдында 10 % ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсi себiлiп, содан кейiн (мүмкіндігінше сол жерде) өртке қарсы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өртеледі.
257. Ауырудың клиникалық белгiлерi жоқ барлық жануарлар тез арада вакцинамен егiледi.
258. Қарасан ауыруымен ауырған жануарлар клиникалық белгiлерi (ақсау, iсiну, сықырлау) жойылған күннен бастап күнтізбелік 30 күннен ерте емес етке союға рұқсат етiледi.
259. Егiлген жануарлардың дене қызуының көтерiлуi, вакцина егілген жерлерде iсiнудiң немесе ауырудың басқа белгілерінің болуы жағайын қоспағанда, вакцина егiлген сиырлардың сүтi шектеусiз қолданылады. Мұндай жағдайда сүттi тек пiсiргеннен кейiн пайдалануға жол беріледі.
260. Диагноз анықталған кезде қолайсыз пунктте карантин қойылады.
261. Карантиннің шарттары бойынша мыналарға:
1) iрi қара малды және қойды карантин аумағынан шығаруға;
2) карантин қойылған аймаққа iрi қара мал мен қойларды әкелуге және оларды карантин қойылған аумақ арқылы айдауға;
3) ірі қара малдар мен қойларды сатуға және айырбастауға және шаруашылық iшiнде қайта топтауға;
4) карантин қойылған аумақта дайындалған шөптi және басқа азықтарды шығаруға. Бұл азықтарды карантин қойылған пункт iшiнде жылқыларға және егiлген iрi қара малға оларға вакциналық егу прививкаларынан кейін күнтізбелік 14 күннен соң азықтандыру үшін пайдаланылады;
5) ауырған жануардың сүтiн тамаққа пайдалануға;
6) ауру жануарларды етке союға;
7) өлген жануардың өлекселерін ашуға және терiсiн сылып алуға;
8) бөтен адамдардың қолайсыз фермаға кiруге және аталған фермаға қызмет көрсетумен байланысты емес көліктердің кіруіне;
9) жануарларды тоғандардан және басқа суаттардан ортақ суаруға;
10) прививка жасалған және ауыруы асқынған жануарлардың сүтiн тамаққа пайдалануға тыйым салынады.
262. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қарасан ауыруынан сауығудың немесе жануардың өлуінің соңғы оқиғасы болған күннен бастап күнтізбелік 14 күннен кейiн қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен соң қарасан ауыруы бойынша қолайлы деп жарияланады және карантин алынады.
20. Қой мен ешкiнiң секiртпе ауруы
Қой мен ешкiнiң секiртпе ауруына қарсы
күрес және профилактикалық
іс-шаралары
263. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жануарлар ауыруының алдын алу мақсатында мыналар қажет:
1) Ветеринар мамандармен бірлесіп ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіруді жүргізу;
2) Ветеринар мамандарды жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабардар ету;
3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
4) бiрнеше жануар кенеттен өлген, бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы Ветеринар мамандарға хабарлауға және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауру деп күдiк келтiрiлген жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қолдану.
264. Секiртпе ауруы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу шаралары қойылады, бұл ретте:
1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулап, емдiк дозамен гипериммунды сарысу және антибиотик егедi, ал керек болған жағдайда симптоматикалық емдеу жүргiзiледi;
2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тиiстi вакцина егiледi;
3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және секіртпеден жануарлардың ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
265. Секіртпеден өлген қой немесе ешкiнiң өлекселерi терiсiмен және жүнi алынбай жойылады. Өлекселерді ашу тек арнаулы жабдықталған орында ғана диагностикалық мақсатта жол берiледi.
266. Қиды химиялық немесе күйдіру әдісімен дезинфекциялау жүргізіледі.
267. Шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жарияланған кезеңде мыналарға жол берілмейді:
1) шаруашылық жүргізуші субъектіде қой мен ешкіні әкелуге, шығаруға және ауыстыруға;
2) секіртпемен ауырған қой мен ешкiнi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
3) қой мен ешкiнi саууға және сүтiн тамаққа пайдалануға, секіртпемен ауырғаннан алынған сүт қайнату жолымен зарарсыздандырылады.
268. Шаруашылық жүргізуші субъекті жануардың ауыруы немесе көрсетілген аурудан өлуі болған соңғы оқиғадан кейін қорытынды шаралар жүргізілгеннен соң күнтізбелік 20 күннен кейін қой мен ешкінің секіртпе ауруы бойынша қолайлы болып саналады.
21. Қой мен ешкiнiң жұқпалы агалактия ауруы
Қой мен ешкiлердiң жұқпалы агалактия
ауруларын жою жөніндегі
іс-шаралар
269. Қой мен ешкінің жұқпалы агалактия ауыруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялап, шектеу қойылады.
270. Агалактия ауруы бойынша ауру және күдiкті жануарлар тез арада оқшаулауға және емдеуге жатады.
271. Ауру жануарларды дәрімен емдеумен қатар оларды азықтандыру мен күту жағдайын жақсарту қажет.
272. Жұқпалы агалактия бойынша қолайсыз отардағы түсік тастаған қой мен ешкілер де оқшауланады. Iш тастаған төл және шу жойылады, ал түсік тастаған жер мұқият дезинфекцияланады.
273. Барлық бөлінген жануарларды емделiп сауыққаннан кейін 8 ай бойы оқшаулауда ұстайды. Емделуге келмейтiн жануарларды етке союға жiбередi.
274. Еметiн қозылар мен лақтарды оқшаулап, сау аналықтардың сүтiмен қоректендiредi. Қолайсыз отардағы басқа малдарды жаңа суаттары бар жаңа жайылымдарға ауыстырады, оларға жүйелі түрде ветеринариялық қадағалау белгілейді және үнемі клиникалық тексеру жүргізеді.
275. Ауыру жануарлар тұрған қора, аула мұқият механикалық тазартылады және дезинфекцияланады. Күтім заттары қайнату немесе күлді сілті ерітіндісімен зарарсыздандырылады. Бөлінген ауыру жануарлардың ластанған төсеніші, азығы мен қиы өртеледі.
276. Қолайсыз отардағы қой мен ешкіден алынған сүтті сол жерде пастерлейді.
277. Терiлердi күнге кептiредi де шектеусіз қолданады.
278. Жұқпалы агалактиямен ауыру және жазылған қошқарлар табиғи немесе қолдан ұрықтандыруға жiберiлмейдi. Жазылған саулықтарды сау қошқарлардың ұрығымен ұрықтандырады.
278. Инфекциялық агалактиямен ауыратын және жазылған қошқарларға табиғи және жасанды ұрықтандыруға жол берілмейдi. Жазылған қойлар мен ешкілер сау қошқарлардың ұрығымен жасанды ұрықтандыруға жатады.
279. Қолайсыз отарлардан асыл тұқымды және өндірушілік мақсат үшін жануарларды шығаруға, сондай-ақ шаруашылықта шектеу алынғанға дейін отарларды қайта топтастыруға жол берілмейді.
280. Қолайсыз пункттерден шектеу соңғы ауру жануарды жойғаннан (оқшаулағаннан) кейiн күнтізбелік 60 күннен соң алынады.
22. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық
энтеротоксемиясы
Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясына
қарсы күрес және профилактика
іс-шаралары
281. Шаруашылық жүргізуші субъектiлер энтеротоксемия ауруының алдын алу мақсатында мыналарды:
1) Ветеринар мамандармен бiрлесе отырып ауыл шаруашылық жануарларға сәйкестендіруді жүргізуі;
2) мемлекеттiк ветеринариялық жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлдер, олардың сойылуы мен сатылуы туралы хабарлауы;
3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
4) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет.
282. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы анықталғанда, шаруашылық жүргізуші субъектіні қолайсыз деп жариялайды және мынадай іс-шаралар жүргiзіледi:
1) барлық ауру және ауруға күдiктi жануарларды оқшаулайды және емдейді;
2) сау жануарлар қорада ұстап бағуға ауыстырылады, рационда тек сапалы ірі-тартылған азық, минералды заттардан тұратын қосымша азық қалдырылады және тез арада иммундейді;
3) бiрiншi вакцина егілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң және қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауыруы мен өлiмi тоқтағаннан кейiн қой мен ешкі әдеттегі бағу және жемдеу жағдайына көшiредi.
283. Қолайсыз пункт кезеңінде мыналарға:
1) инфекциялық энтеротоксемиямен ауырған қойлар мен ешкiлердi союға және етiн тамаққа пайдалануға;
2) ауру қойлар мен ешкiлердiң сүтiн саууға және тамаққа пайдалануға жол берілмейді.
284. Инфекциялық энтеротоксемиядан өлген қойлар мен ешкiлердiң өлекселерi терiсiмен, жүнiн сылып алмастан жоюға жатады.
285. Қидың дезинфекциясын химиялық әдiспен немесе биотермиялық зарарсыздандырмай өртеу арқылы жүргізеді.
286. Қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық энтеротоксемия ауруын алдын алу мақсатында жануарларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету, рационды бірден өзгертуге жол бермеу, суару мен ұстаудың санитариялық және зоогигиеналық қағидаларын сақтау қажет. Аурудың пайда болу мүмкіндігі кезінде қойлар мен ешкiлердi жайылымға шығарар алдында сапалы азықпен қоректендiруді ұсынады.
287. Қойлар мен ешкілердің инфекциялық энтеротоксемия ауруы бойынша бұрын тiркелген қолайсыз пункттерде барлық қой мен ешкiлердi аурудың пайда болу кезеңіне дейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей немесе жайылымға шығар алдында тиiстi вакцинамен иммундеуге жатады.
288. Шаруашылық жүргізуші субъекті қойлар мен ешкiлердiң инфекциялық анаэробтық энтеротоксемиясы ауруы бойынша аурудың соңғы жағдайынан немесе жануарлардың өлгенiнен кейiнгі күнтізбелік 20 күн өткен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін қолайлы болып саналады.
23. Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы
(«көк тiл», блютанг)
Қойлардың инфекциялық катаральды қызбасы
ауруының профилактикалық
іс-шаралары
289. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге жаңадан әкелінген жануарларға профилактикалық карантиндеуді күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізу.
290. Қора-жайларда дезинфекцияны, дезинсекцияны, сондай-ақ дератизацияны жүйелі жүргізу.
291. Ойпаң жердегi шөптердi шабу және жануарларды жоғары учаскелерге көшіру.
292. Қансорғыш жәндіктерге қарсы репеллентермен жануарларды өңдеу.
293. Жаңадан сатып алынған жануарларға белсенді және белсенді емес клиникалық, вирусологиялық және серологиялық қадағалауды жүргізу.
294. Жануарлардың кіргізілуін соңғы 24 ай ішінде осы инфекциядан бос елдерден жүзеге асыру.
24. Қойлардың инфекциялық маститі
Қойлардың инфекциялық маститiн
профилактикалау және жою
іс-шаралары
295. Жүйелi түрде аналық қойларға клиникалық қарау жүргiзiледi. Ауру аналық қойды қозыларымен бiрге оқшаулайды және емдейдi. Ауру аналық қойдың қозысын жекелейді және, ауыз қуысын антисептикалық ерiтiндiлермен мұқият түрде өңдегеннен кейiн сиыр сүтiмен азықтандырады немесе сау аналық қойларға қосады. Ауырып жазылған қойларды оқшаулап ұстайды.
296. Қой қораларды мұқият тазалайды және дезинфекциялайды. Ауру қойлардың сүтiн жеке ыдысқа жинап жояды. Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
297. Аналық қой отарын инфекциялық мастит бойынша қолайлы бастарымен қалыптастырады.
298. Емiзулi аналық қойларды құнарлы азықпен қамтамасыз етедi және ұстауға қажетті жағдай жасайды. Олардың сүт безiнiң жағдайына назар аударады және жүйелi түрде қарайды.
299. Маститке күдiктенген кезде сауылатын қойлардың сүтiн экспресс әдiспен зерттейдi, ал аурулардың сынамаларын және өлген жануарлар желiнiнiң бөлiгiн бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жiбередi.
300. Ауруларды бөлгеннен кейін қора-жайларды тазалайды және дезинфекциялайды.
301. Инфекциялық маститпен ауыратын қойларды оқшаулайды, құнарлы азықпен қамтамасыз етедi.
302. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген осы ауру үшiн тиiмдi антибиотиктердi, сульфаниламидтердi және тағы басқа препараттарды пайдаланады.
303. Шектеу ауруды жойғаннан және қорытынды дезинфекция жүргізгеннен кейiн алынады.
25. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы
(контагиозды пустулезді стоматиты және дерматиты)
Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасына (контагиозды пустулезді
стоматиты және дерматиты) қарсы күрес және профилактика
іс-шаралары
304. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының профилактикасы мыналарды:
1) жануарлардың контагиозды пустулезді дерматиты ауруына уақытылы диагностикалауды;
2) қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматитіне қарсы вакцинаны барлық бейiм бастарға вакцина егуді қамтиды.
305. Шаруашылық жүргізуші субъектілерге қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасының әкелінуінен қорғау мақсатында жануарлар иелерi мен Ветеринар мамандарға мыналарды:
1) ауыл шаруашылығы жануарлардың сәйкестендіруін жүргізу;
2) Ветеринар мамандарға жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлдер, оларды сойылуы мен сатылуы туралы хабарлау;
3) Ветеринар мамандарға олардың талап етуi бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егудi жүзеге асыру үшiн жануарларды беру;
4) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауы қажет.
306. Қойлар мен ешкiлердiң контагиозды пустулезді дерматиты ауруы қойылған кезде шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағын қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
307. Шектеудiң шарттары бойынша мыналарға:
1) қойлар мен ешкiлердi ет комбинатына клиникалық сау ұсақ мал басын союға автокөлікпен шығаруды қоспағанда, әкелуге (кіргізуге) және шығаруға (әкетуге);
2) қолайсыз топтардың жануарларына қызмет көрсетумен байланысты емес адамдардың қора-жайларға және осы жануарларды ұстайтын басқа орындарға кiруге;
3) ветеринариялық маманның рұқсатынсыз шаруашылықтың iшiнде жануарларды қайта топтастыруға;
4) ауру жануарлар жанасқан жем-шөптерді (шөп, сабан) шығаруға жол берілмейді. Осы жем-шөппен сол жерде қойлар мен ешкілердің контагиозды пустулезді дерматиты ауруына бейім емес жануарларға, сондай-ақ ауру және осы аурумен ауырып жазылған қойлар мен ешкiлердi азықтандырады.
308. Қолайсыз жерлердің қойлар мен ешкiлердiң сүтiн тамаққа қайнатқаннан кейiн немесе сүт өнiмдерiн тікелей шаруашылық жүргізуші субъектіде қайта өңдегеннен кейiн, және кейіннен шаруашылық жүргізуші субъектіде ғана пайдалануға рұқсат етедi.
309. Қойлар мен ешкілердің контагиозды эктимасы ауруымен ауыратын жануарларды оқшаулайды және емдеу жүргiзедi.
310. Өлген және контагиозды эктимасы ауруының клиникалық белгiлерi бар, жануарларды шарасыздан өлтірген өлекселерiн жояды.
311. Әкімшілік-аумақтық бірліктің қойлар мен ешкiлердiң контагиозды эктимасы бойынша қолайсыз жануарларын қырқу қолайлы отарларды қырққаннан кейін соңғы кезекте жүргізеді. Қырқу орындарын, сондай-ақ қырқу құралдарын жұмыс аяқтағаннан кейiн механикалық тазартудан және дезинфекциядан өткiзеді. Алынған жүн тығыз материалдан жасалған ыдыста шаруашылық жүргізуші субъектіден тек қайта өңдеу кәсiпорынға шығарады.
312. Қолайсыз пункттен шектеуді соңғы ауру жануарды анықтаған немесе сауыққан жағдайынан кейін күнтізбелік 30 күннен соң және қорытынды дезинфекциялау жүргізілгеннен кейiн алады.
26. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
қойлар мен ешкiлер тұяғының шіруінің профилактикасы бойынша
іс-шаралар
313. Аурудың алдын алу мақсатында жеке және заңды тұлғалар тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін жануарларды ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтан тыс шығару (әкету) кезінде жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күн ішінде және жаңадан сатып алынған жануарларды профилактикалық карантиндеу кезеңiнде жалпы ветеринариялық тексеруден өткізеді.
314. Жануарларды сатуға, сондай-ақ оларды осы пункттен әкетуге (шығаруға) жануарларды тексеру нәтижелері теріс болған және ветеринариялық паспортта тиісті белгі болған кезде жол беріледі.
315. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде отарларды жинақтауды қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайлы пункттерден шығатын жануарлармен жүргізу қажет.
316. Импортталатын жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде профилактикалық карантиндеуге жатады.
317. Экспортталатын жануарларды импорттаушы елдiң ветеринариялық талаптарына және әдiстерiне сәйкес зерттейдi.
Эпизоотиялық ошақтарында және қойлар мен ешкiлердiң тұяғының
шіруі бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
318. Жануарлардың қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі ауыру анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу қойылады.
319. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде (елді-мекенде):
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына қойлар мен ешкiлердi әкелуге (кіргізуге) және одан тыс әкетуге (шығаруға);
2) қойлар мен ешкiлердi шаруашылық жүргізуші субъектiнің (елді-мекеннің) iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру қойлар мен ешкiлердi сау қойлармен және ешкiлермен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға жол берілмейді.
320. Шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететiн ветеринариялық маманы қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруін жою жоспарын жасайды және оны тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келіседі, тұяқтың шіруін қойлардың некробактериозынан, эктимасынан, шешектен және ауысылдан саралау үшін ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және зертханаға жібереді.
321. Қойлар мен ешкiлердiң тұяғының шіруі пайда болған шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық жануарлар әрбiр күнтізбелік 10 күн сайын зерттейді, анықталған ауру жануарларды оқшаулайды.
322. Шартты түрде сау қойлар мен ешкiлердiң сүті қайнатылғаннан кейін тамаққа қолданылады, ал ауру жануарлардан алынған сүт жойылады.
323. Қолайсыз пунктте тұяқтың шіруінің жұғуын болдырмау мақсатында қойлар мен ешкiлер аяқ ваннасынан өткiзіледi.
324. Оқшауланған ауру қойлар мен ешкiлерді емдейді.
325. Шаруашылық жүргізуші субъектіден шектеу соңғы ауру қойдың немесе ешкiнің сауығу сәтінен бастап немесе ауру қой немесе ешкi сойылғаннан кейін 1 ай өткен соң алынады. Шектеу алынар алдында барлық қойлар мен ешкiлердің тұяқшаларына ветеринариялық тексеру жүргізіліп, аяқ ваннасынан өткiзедi.
27. Қойлардың баяу инфекциялары
(скрепи, висна-маеди, аденоматоз)
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақтарда жүзеге асырылатын
іс-шаралар
326. Отарды қолайлы өңірлердегі жануарлармен жинақтау.
327. Жаңадан әкелінген жануарларды профилактикалық карантинін күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізу.
328. Баяу инфекцияларға жол бермеу бойынша қой мен ешкі иелерi жүргiзетiн ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) қойлар мен ешкiлерді орналастыру, азықтандыру және пайдалану кезінде ветеринариялық-санитариялық қағидалардың орындалуын қамтамасыз ету;
2) жайылымдар және суат орындарын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
3) қиды және өлген жануарлардың өлекселерін уақытында залалсыздандыру;
4) профилактикалық дезинфекция, дератизация, дезинсекция, дезакаризацияны тұрақты жүргiзу;
5) мал шаруашылығы фермаларын, қора-жайларын дезинфекциялық кедергілермен қамтамасыз ету;
6) мал шаруашылығы объектiлерiнiң аумақтарына қоршауды қамтамасыз ету;
7) Ветеринар мамандарға жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төлі, олардың сойылуы мен сатылуы туралы хабарлау;
8) барлық жануарлардың сәйкестендіруін қамтамасыз ету;
9) жаңадан әкелiнген жануарларды диагностикалық зерттеу және ветеринариялық өңдеу жүргiзу мақсатында күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
10) инфекциялық ауруларға қолайлы аумақтарда азықтардың дайындығын жүргізу;
11) асхана және сою қалдықтарына термикалық залалсыздандыру жүргізу;
12) қолайлы және қолайсыз аймақтардың жануарлары арасында байланысқа жол бермеу.
329. Ветеринар мамандар жүргізетін арнайы iс-шаралар:
1) жануарлардың жыл сайын клиникалық қарауды жүргiзу;
2) жануарларды емдеу-профилактикалық тазалауды жүргiзу;
3) жануарларды жоспарлы диагностикалық зерттеуді жүргiзу.
Қойлар мен ешкiлер арасында баяу инфекция
пайда болған жағдайда жүргізілетін
iс-шаралар
330. Жануарлар иелерi мыналарды жүзеге асырады:
1) бір уақытта бiрнеше жануар ауырған, өлген немесе олардың ерсі қылықтардың жағдайлары туралы Ветеринар мамандарға хабарлауды және Ветеринар мамандар келгенге дейiн ауруға күдiкті жануарларды оқшаулап ұстау жөнiнде шаралар қабылдауды;
2) ветеринариялық маманды ескермей ауруы бар деп анықталған жануарға кез келген қозғалуға тыйым салу;
3) союдың алдында ветеринариялық қарауды жүргiзбей және сойылғаннан кейiн ұшалары мен мүшелерiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жасамай сатуға арналған жануарларды союға жол бермеу;
4) қолайсыз пункттің аумағына жануарлардың, бөгде адамдар мен көлiктердiң кіруіне тыйым салынады;
5) жануарлардың қиын, өлексесiн және ауру жануарлардың басқа да қалдықтарын зарарсыздандыру.
331. Ветеринар мамандар мыналарды:
1) жануарлардың клиникалық қарауын жүргізуді;
2) барлық ауру және жұғу күдігі бар жануарларды жоюды;
3) шарасыз дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзуді жүзеге асырады.
332. Барлық ауру, ауруға күдiгi бар жануарларды сойған соң және қорытынды іс-шараларды жүргізгеннен кейін карантин алынады.
28. Қой шешегi
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралар
333. Қойлардың шешек ауруының пайда болуы мен оның таралуын алдын алу үшiн мыналар:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге қойдың шешегі бойынша қолайсыз өңірлерден келген қойларды, азық пен құрал-саймандарды әкелуге (кiргiзуге) жол бермеу;
2) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келген барлық қойларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
3) қойлардың жай-күйiне жүйелi түрде ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыру;
4) отарларға, сондай-ақ жайылым учаскелерге, суару жерлерi мен айдау жолдарына тұрақты түрде қызмет көрсететiн персоналды бекiту қажет.
334. көрсетілген ауру бойынша қолайсыз шектес елдермен тікелей шекаралас аудандардың аумақтарында орналасқан бастарды қоса алғанда, қойдың шешек ауруы бойынша қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық қойларына жылына 2 рет шешекке қарсы профилактикалық вакцина егу қажет.
335. Қойдың шешек ауруы жойылған кейiнгi үш жыл ішінде бұрынғы қолайсыз пункттердегі қой бастарына вакцина егуге жатады.
Қойдың шешегі бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралары
336. Түпкілікті диагнозды қойған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң аумағына карантин қойылады.
337. Карантиннiң шарттары бойынша мыналарға:
1) жануарлардың барлық түрлерiн қолайсыз пункттерге әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
2) қолайсыз пунктте дайындауға және жануарлардан бұрын дайындалған өнімді және шикiзатты шығаруға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiсiнiң iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, сондай-ақ ауру қойларды сау жануарлардың барлық түрлерiмен бiрге жаюға, суаруға және ұстауға;
4) қолайсыз топтардағы жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес адамдарға қора-жайларға және осындай жануарлары бар басқа орындарға кіруге;
5) карантин қойылған аймақта малдар мен мал өнiмдерiн сатуға, көрмелер, жәрмеңке, базар, сондай-ақ жануарлардың, адамдардың және көлiктердiң жиналуымен байланысты басқа да іс-шаралар жүргiзуге;
6) қойдың шешек ауруымен ауыратын жануарлармен жанасқан жем-шөпті (пiшен, сабан және тағы да басқа) шығаруға. Ол жем-шөптi сол жерде (шаруашылықта) шешек ауруына бейiм емес жануарларға немесе ауру және қойдың шешегімен ауырып жазылған қойларды азықтандырады;
7) қойдан алынған сүттi және одан алынатын өнiмдердi залалсыздандырылмаған күйiнде пайдалануға. Қолайсыз пункттегі қойдан алынған сүт сол жерде 850С температурада 30 минут пастерлеу жолымен немесе 5 минут қайнату арқылы залалсыздандыруға жатады;
8) қойдың шешек ауруына қолайсыз пункттiң аумағы арқылы автокөлiктiң жүруiне. Бұндай жағдайда көлiктiң белгiленген жерiне жету үшiн айналма жолдары көрсетiлуі қажет;
9) карантин алынғанға дейiн шешек ауруына қолайсыз қойларды қырқуға жол берілмейді.
338. Шешекпен ауру қойлар мен қозыларды оқшаулайды және емдейдi, клиникалық сау малдарға шешекке қарсы вакцина егедi.
339. Шешектiң клиникалық белгiлерiмен өлген қойлардың өлекселерiн өртеу арқылы жояды. Ондай өлекселердiң терiлерiн сылып алуға және пайдалануға тыйым салынады.
340. Қолайсыз пункттегі мал шаруашылығының қора-жайларын, жабдықтарды, серуендету алаңдарын, қоршауларды және ауру қойлар болған басқа да орындарды барлық карантиннiң мерзiмi кезiнде қорытынды дезинфекция жүргiзiлгенге дейiн әр күнтізбелік 5 күн сайын дезинфекциялайды.
341. Қиды биотермиялық әдiспен зарарсыздандырады.
342. Қолайсыз пунктте соңғы шешек ауруымен ауырып сауыққан, өлген немесе сойылғаннан кейiн күнтізбелік 20 күн өткен соң карантин алынады.
29. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік
тастауы
Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық)
түсік тастауын профилактикалау жөніндегі
іс-шаралар
343. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастау ауруының алдын алу үшін мыналар:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңа әкелінген жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде оқшаулап ұстау;
2) қора-жайларды, жайылымдарды, суару орындарын тиісті ветеринариялық-санитариялық жағдайда ұстау;
3) оларды құнарлы азықпен қамтамасыз ету;
4) отарларға жайылымдарды және суару орындарын бекіту қажет.
344. Жануарларды қолдан ұрықтандыру пункттері мен кәсіпорындардағы асыл тұқымды қошқарларды әр 6 ай сайын серологиялық зерттеуден өткізу.
345. Төлдетуді жеке қора-жайларда, оқшауланған секцияларда жүргізеді.
346. Қойлар мен ешкiлердiң энзоотиялық (хламидиоздық) түсік тастауын профилактикалау мақсатында осы ауруға қарсы вакцинамен иммундайды.
Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық)
iш тастауларын жою жөніндегі
іс-шаралар
347. Қойдың энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастауы анықталған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъекті қолайсыз деп танылады және оған шектеу қойылады.
348. Шектеу шарттары бойынша мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің ветеринар маманының рұқсатынсыз қой мен ешкілер басын қолайсыз пунктке кіргізуге және шығаруға, жануарларды қайта топтастыруға;
2) қой шаруашылығының, ешкі шаруашылығының шикі өнімін және ауру жануарлар жанасқан азықтың барлық түрін шығаруға;
3) қой мен ешкілерді еркін шағылыстыруға;
4) ауру жануарлардан алынған етқоректі және талғаусыз қоректі шикі өнімдермен азықтандыруға тыйым салынады.
349. Ауру және ауруға күдікті жануарларды союды пункттері мен алаңдарында жүргізеді.
350. Қолайсыз пункттерде өсірілетін қошқарларды (текелерді) вакцинациялау алдында хламидиозға тексереді. Ауруға теріс реакция берген жануарларды хламидиоздық іш тастауға қарсы вакцина егеді, ал оң немесе күдікті нәтиже бергендерді оқшаулайды және күнтізбелік 30 күннен кейін қайтадан тексереді. Егер қайтадан тексеру барысында оң немесе күдікті нәтиже берсе, ол малдарды сояды, ал теріс реакция бергендерге вакцина егеді. Егілген қошқарларды (текелерді) мақсатқа лайықты пайдаланады.
351. Қолайсыз отарларда төлдеген қойлардан (ешкілерден) алынған сүтті қайнатып немесе сүт қышқыл өнімдері ретінде қолданады.
352. Қоражайларды, керек-жарақтарды, күтіп-бағу заттарын, киім-кешектерді, аяқ киімдерді дезинфекциялайды.
353. Түсік тасталған төлді, төлдік қабықшалар, қойлардың, ешкілердің, қозылардың, лақтардың жолдастары және өлекселері жойылады.
354. Энзоотиялық (хламидиоздық) iш тастау бойынша қолайсыз отарлардың (топтардың) жануарларды, аурудан қолайлы отарлардың қойлары мен ешкілерін қырққаннан кейін соңғы кезекте қырқады.
355. Қырықтық орны, керек-жарақтары, сондай-ақ, қырықтық құралдары жұмыс аяқталғаннан кейін тазартылады және дезинфекцияланады. Шаруашылық жүргізуші субъектісінен алынған жүнді қайта өңдеу кәсіпорындарына жібереді.
356. Қойлардың энзоотиялық (хламидиоздық) іш тастауы бойынша қолайсыз пункттен шектеу соңғы жануарлар сойылғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейiн күнтізбелік 30 күннен соң алынады.
30. Жылқы тұмауы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың тұмау ауруының профилактикасы бойынша
іс-шаралар
357. Жылқы тұмауының алдын алу мақсатында меншігінде жылқылары бар жеке және заңды тұлғалар мынандай іс-шараларды өткізеді:
1) тұмауға қарсы профилактикалық екпелер жасау үшін оларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарларды кіргізуге (әкелуге) тыйым салады;
3) барлық жаңа әкелінген жылқыларды күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұстайды.
358. Импортталатын жылқыларға жөнелтуге дейін ең көбі сегіз және ең азы екі апта ішінде жылқы тұмауына қарсы вакцина егілуге тиіс.
Эпизоотия ошақтарында және жылқы тұмауы
бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
359. Жануарлардың жылқы тұмауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
360. Карантин шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жылқыларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге);
2) жылқыларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға (ауру жануарларды оқшауланған жерге шығаруды қоспағанда), сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға рұқсат етілмейді.
361. Жылқы тұмауымен ауыратын және ауру күдігі бар жануарлар оқшауланып, симптомдық емдеуге түседі.
362. Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 10 күн сайын дезинфекцияланады.
363. Қи және төсем биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады. Өлген жануарлардың өлекселері өртеледі.
364. Клиникалық сау жылқыларға вакцина егіледі.
365. Қолайсыз пункттен карантин жануарлардың жылқы тұмауымен соңғы ауыру жағдайынан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
31. Жылқылардың жұқпалы анемиясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың жұқпалы анемиясын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
366. Тақ тұяқты жануарлардың инфекциялық анемиямен ауруының алдын алу мақсатында, меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар инфекциялық анемияға диагностикалық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді. Жануарларды тексеру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) асыл тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін әкімшілік-аумақтық бірліктің шеңберінен тыс шығару (әкету) (жөнелтуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды);
2) жаңадан сатып алынған жануарларды профилактикалық карантиндеу;
3) жануарлардың биологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына продуцент ретінде түсуі (арасына күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте, одан әрі жылына 2 рет).
367. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жануарларын жинақтауды жылқылардың жұқпалы анемиясы бойынша қолайлы пункттердегі жануарлармен жүргізу қажет.
Эпизоотия ошақтарында және жылқылардың жұқпалы
анемиясы бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
368. Жануарлардың жылқылардың жұқпалы анемиясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
369. Карантиннің шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және оның шеңберінен тыс шығаруға (әкетуге);
2) сезімтал жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде қайта топтастыруға, сондай-ақ, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) оларды жылқылардың жұқпалы анемиясы вирусынан зарарсыздандырмай жануарлардан алынатын қан-сарысу дәрі-дәрмектерін сатуға;
4) жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жануарлардан алынған қымызды карантиндегі пункттен шығаруға және сатуға рұқсат етілмейді.
370. Қолайсыз пункт жануарларының барлық мал басы клиникалық тексеруге түседі және диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеріледі.
371. Инфекциялық анемиямен клиникалық ауыратын жануарлар оқшауланып, техникалық кәдеге жаратуға жіберіледі.
372. Ауру жануарлар ұсталған қоражайлар карантин тоқтатылғанға дейін әрбір күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
373. Қи биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
374. Инфекциялық анемияға серологиялық тексеру кезінде араға күнтізбелік 7-10 күн салып екі мәрте оң немесе күдікті сезінетін және клиникалық ауру белгілері (дене температурасының көтерілуі, ісінуі, жүдеуі) жоқ жануарлар санитарлық қасапханада сойылады. Тамаққа жарамды ет пісіріліп зарарсыздандыруға немесе консервілер дайындау үшін жіберіледі. Басы, сүйектері, ішек-қарындары, терісі кәдеге жаратылады.
375. Қолайсыз пунктте диффузиялық преципитациялау реакциясы әдісімен инфекциялық анемияға тексеру кезінде теріс реакция берген жануарлар топ бойынша екі мәрте теріс реакция алуға дейін араға күнтізбелік 30 күн салып осы әдіспен қайта тексеріледі.
376. Серологиялық тексеру кезінде оң нәтиже берген биелерден туған құлындар диффузиялық преципитациялау реакциясымен араға күнтізбелік 30 күн салып екі мәрте инфекциялық анемияға тексеріледі. Екі мәрте тексерудің нәтижелері теріс болған кезде олар сау деп есептеледі.
377. Бірінші немесе екінші тексеру кезінде күмәнді нәтиже берген жануарлар күнтізбелік 7-10 күннен кейін қайтадан тексерілуге тиіс. Оң және екі мәрте күмәнді нәтиже берген жануарлар союға жатады.
378. Қолайсыз пункттен карантин ауру және оң нәтиже берген жануарлар сойылғаннан кейін, сондай-ақ, араға күнтізбелік 30 күн салып қалған тақ тұяқты жануарлардың мал басын cерологиялық тексерулердің теріс реакцияларын екі мәрте алғаннан және қорытынды іс-шаралар өткізілгеннен кейін 3 ай өткен соң алынады.
32. Жылқылардың сақауы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқылардың сақауының профилактикасы бойынша
іс-шаралар
379. Аурудың алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар мынадай іс-шараларды өткізеді:
1) ветеринарлық қарап тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) құлындарды үлкен мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды жеткізуді және жемшөпті сатып алуды тек қана қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұстайды;
6) 5 жасқа дейінгі жануарларды жылқылардың сақауына қарсы вакцина егу үшін жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
7) қоражайларды профилактикалық дезинфекциялауды жүргізеді.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың сақауы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
380. Жануарлардың жылқылардың сақауымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
381. Шектеудің шарттары бойынша:
1) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағынан жануарларды және жемшөпті шығаруға (әкетуге);
2) жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiнің ішінде қайта топтастыруға;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына бөгде адамдардың кіруіне жол берілмейді.
382. Ауру жануарларды оқшаулайды және емдейді.
383. Барлық мал басының термометриясымен күн сайынғы клиникалық тексеру белгіленеді.
384. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдіспен зарарсыздандырылады.
385. Жануарлар тұрған қора-жайлар тазаланады және дезинфекцияланады.
386. Қолайсыз пункттен шектеу жануарлардың жылқылардың сақауымен соңғы ауруы жағдайынан және қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін күнтізбелік 15 күн өткен соң алынады.
33. Жылқы ринопневмониясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын жылқы ринопневмониясына профилактикалық
іс-шаралар
387. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауруының алдын алу мақсатында меншігінде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді.
388. Жануарларға тексеру:
1) жануарларды тұқымдық мақсаттар үшін ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумағынан тыс шығару (әкету) кезінде (жіберуге дейін күнтізбелік 30 күннен аспайды);
2) қайта сатып алынған жануарларға профилактикалық карантиндеу кезеңінде жүргізіледі.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқы ринопневмониясы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
389. Жануарлардың жылқы ринопневмониясымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке шектеу қойылады.
390. Жылқы ринопневмониясы бойынша қолайсыз пунктте:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
3) аталық жануарлардан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ұрық беруге жол берілмейдi.
391. Ветеринария маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған жануарларына мұқият клиникалық бақылауды белгілейді.
392. Ветеринария маманы түсік тастаған немесе төлі өліп қалған құлындаған биелердi симптоматиялық емдеуге түсіреді.
393. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария маманы барлық мал басына жылқының ринопневмониясына қарсы вакцина егуді жүргізеді.
394. Әрбiр түсік жағдайынан кейін ат қора дезинфекцияланады.
395. Тастанды төл қабығымен бiрге өртеледi.
396. Қи, төсем, азық қалдықтары биотермиялық әдiспен зарарсыздандырылады.
397. Жылқы ринопневмониясымен ауыратын немесе күдігі бар жануарлардан алынған ұша қайнатылады.
398. Сүйектер мен iшкi органдар жоюға жiберіледi.
399. Терiні оларды кейіннен таза сумен жуып және кептіре отырып, әк тұнбасы ерітіндісінде (1 килограмм жаңа өшірілген әк 20 литр суға) 12 сағат ұстау жолымен дезинфекцияланады.
400. Жылқылардың ринопневмониясы бойынша қолайсыз пункттен шектеу егер буаздықтың екінші жартысында жануарлар болмаса, соңғы түсік жағдайынан немесе тіршілікке қабілетсіз құлын туылғаннан және қорытынды iс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін екі айдан соң алынады.
34. Жылқылардың маңқасы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың маңқасын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
401. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумаққа жылқылардың маңқасының әкелінуін болдырмау мақсатында, қолайлы аумақтардан тек қана клиникалық сау және маллеинизацияда теріс реакция берген жануарларды әкелуге (енгізуге) рұқсат етiледi.
402. Қайта сатып алынған жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде оқшауланып ұсталады және маллеинизация мен клиникалық тексеруге ұшырайды.
403. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын жылына бір рет жануарларды маңқаға жоспарлы аллергиялық тексеру жүргізіледі. Жылқылар мына жағдайларда клиникалық тексеруге және маллеинизацияға түседі:
1) басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге беруге дейін екi аптада;
2) көрмелерге, спорт жарыстарына жiберу алдында;
3) сою алдында.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың маңқасы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
404. Жануарлардың жылқы маңқасымен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
405. Карантиннің шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағына жануарларды кіргізуге (әкелуге) және одан тыс шығаруға (әкетуге);
2) қолайсыз пункттiң аумағы арқылы жылқыларды айдауға және оларға мiніп өтуге;
3) шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде жануарларды қайта топтастыруға, ауру жануарларды сау жануарлармен бірге бағуға, суғаруға және ұстауға;
4) союға, жылқыларды қымызбен емдеу орындарында пайдалануға, ауру және маңқамен ауру күдігі бар жануарларды қаштыруға рұқсат етiлмейдi.
406. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің ветеринария маманы барлық жануарларды клиникалық тексеруге және маллеинизацияға түсіреді.
407. Тексеру нәтижелерi бойынша жануарларды төрт топқа бөледi:
1) жылқы маңқасының клиникалық белгiлерi анық байқалған жануарлар;
2) анық белгілері жоқ және маллеинизацияда сезінетін;
3) клиникалық белгiлерi жоқ, бiрақ маллеинизацияда оң әсер көрсететін жануарлар;
4) клиникалық белгiлерi жоқ және маллеинияға әсер көрсетпейтін жануарлар.
408. Осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетiлген жануарлардың өлекселері терiсi сыпырылмай және ашылмай жағу жолымен жойылады.
409. Маңқамен ауырған жануарлардың өлекселерiн ашуға және олардың терісін сылып алуға тыйым салынады.
410. Ауру жұқтыру күдігі бар жануарлар әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын пунктті қолайлы деп жарияланғанға дейін маллеинизациялау әдiсiмен зерттейдi.
411. Маңқаны жұқтыру күдігі бар жануарларды осы шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағы шегінде жекеленген жерде жаюға рұқсат етiледi.
412. Қора-жайларды дезинфекциялау әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын (әрбір маллеинизациядан кейін) жүргізіледі.
413. Қиға, төсемге және азық қалдықтарына дезинфекциялық ерiтiндi құйып өртейдi.
414. Қора-жайдағы жылқыларды күтуге арналған барлық заттар, абзелдер, шелектер мен басқа да саймандар:
1) металл заттарды күйдiру жолымен дезинфекцияланады;
2) ағаш заттар, арбалар, шаналар 3 % ыстық күйдiргiш натрий ерiтiндiсiмен, 3 % формальдегид ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады;
3) абзелдің былғары бөліктері, етiктер, кебiстер 1-3 % хлорамин ерiтiндiсiмен сүртіледi;
4) халаттар, сүлгiлер 30 минут бойы қайнатылып зарарсыздандырылады;
5) қызмет көрсететін персоналдың жеке киімдері параформалинді камерада дезинфекцияланады.
415. Қолайсыз пункттегі карантин көзді маллеинизациялау әдісімен барлық сезімтал мал басын зерттеудің үш есе терiс нәтижелерін алу жағдайында маңқамен ауыратын жылқыларды соңғы анықтаудан кейін қырық бес күн өткен соң және қорытынды дезинфекция жүргiзгеннен кейін алынады.
35. Жылқылардың эпизоотиялық лимфангитi
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiне профилактикалық
іс-шаралар
416. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылыққа қайтадан келіп түскен жылқылар профилактикалық карантинде ұсталып, тері және көзге көрінетін шырышты қабыршақтары мұқият тексеріледі. Жылқыларды пайдалану кезінде терi жамылғысының жарақаттануына жол бермеу бойынша іс-шараларға ерекше назар аударылады.
417. Эпизоотиялық лимфангиттің пайда болуының алдын алуға жылқыларды ұстау, күтім жасау және пайдалану жөніндегі ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып қол жеткiзiледi.
418. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасау заттары мерзімді түрде дезинфекцияланады.
Эпизоотиялық ошақтарында және жылқылардың эпизоотиялық
лимфангитi бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
419. Жануарлардың жылқылардың эпизоотиялық лимфангитiмен ауыру жағдайы анықталған қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
420. Карантиннiң шарты бойынша шаруашылықта жылқыларды (есектерді, қашарларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ, құлындарды қашыртуға, піштіруге, ауру және ауру күдігі бар биелерден алынған сүтті пайдалануға рұқсат етілмейді.
421. Эпизоотиялық лимфангитпен ауыратын жануарларды қан шықпайтын әдiспен жояды. Өлекселердi терiсiмен бiрге өртейдi.
422. Қолайсыз ферманың сау жылқыларын (есектері, қашарлары) әрбір күнтізбелік 5 күн сайын клиникалық тексеруден өткізеді. Оларды қолайлы фермалардың жылқыларымен байланысты болдырмау шартында шаруашылық ішіндегі жұмыстарға жібереді.
423. Ат қоралар және олардың айналасындағы аумақты тазартады және әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын дезинфекцияланады.
424. Абзелдерді бір сағат ішінде 60 С0 температурада формальдегид буымен дезинфекцияланады.
425. Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және азық қалдықтары жағылады.
426. Қолайсыз пункттен карантин соңғы ауру жануарды жоюдан, жылқыларды қорытынды клиникалық тексеруден, қора-жайларды тазалап, дезинфекциялаудан кейін 3 айдан соң алынады.
36. Шошқаның атрофиялық риниті
Шошқаның атрофиялық ринитін
профилактикалау және жою
427. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын шошқаның инфекциялық атрофиялық ринитін профилактикалау іс-шаралары мыналарға:
шошқаларды ұстау және азықтандыру бойынша жалпы ветеринариялық-санитариялық және зоогигиеналық талаптарды сақтау арқылы шаруашылық жүргізуші субъектісіне инфекцияның әкелінуін алдын алуға;
ветеринариялық құжаттармен расталуы тиіс инфекциялық атрофиялық риниті бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден шошқалардың табынын жинақтауға;
жаңа әкелiнген шошқаларды профилактикалық карантинде күнтізбелік 30 күн ішінде шыдауға;
олардың жасын ескере отырып, шошқалардың бөлек ұстауын сақтауға;
аналық шошқаларды торайлау кезiнде басқа жас топтарынан бөлек ұстауға;
шошқа фермасының аумағына және қора-жайларына көктем мен күзде, кейiннен қиды дезинфекциялап және биотермиялық зарарсыздандыра отырып, механикалық тазалауды жүргізуге;
шошқа қорасының кiрген кезде дезинфекциялық кедергілерді жүйелі орнатуға және дератизация өткiзуге;
инфекциялық атрофиялық ринитi бойынша қолайсыз жеке сектордың және шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларымен қатынасқа жол бермеуге;
шошқа тұрған қора-жайларға бөгде адамдардың кiруiн болдырмауға;
ветеринарлық мамандардың барлық шошқа басына клиникалық қарауды өткiзуге;
жануарларды күтуге пайдаланылатын заттарды (күрек, айыр, сыпыртқы) күнделiктi тазалауға және дезерiтiндiмен жууға;
әрбір шошқа қорасына сабыны мен сүлгісі бар қолжуғыш орнатуға және олардан арнайы киiмдi шығаруға тыйым салуға;
ветеринариялық зертханаға келіп түскен шошқа өлексесiнiң танау қуысын мiндеттi түрде ашу және инфекциялық атрофиялық ринитке тән өзгерiстердiң болуын зерттеуге негізделген.
428. Ауруға диагнозды белгілеген кезде мынадай іс-шаралар өткiзiледi:
аурудың анық белгiлерi бар ауру шошқалар тобын ортақ шошқа қораларынан оқшаулайды және союға тапсырады немесе шошқа фермасынан тыс аумағына семiртуге қояды;
аурулары табылған шартты сау шошқаның тобын әрбір күнтізбелік 5-6 күннен кейін мұқият жеке клиникалық қараудан өткiзедi және барлық анықталған ауру шошқаларды оқшаулайды және союға тапсырады;
сау шошқаның тобына шошқа қорада қалған барлық шошқа бастарына клиникалық қарау кезінде ауру және ауру күдігі бар жануарлар анықталмаған және олардың жұқтырмаудан қорғау іс-шаралары қабылданған шошқа бастары жатады.
429. Шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтыру кезінде мыналар қарастырылуы тиіс:
1) қолайлы шошқа қоралардан іріктелген үш және одан да көп торайлары бар клиникалық сау аналық шошқалар мен екi жастан асқан аталық шошқалардан топ құру және оларды шаруашылық сауықтырылғанша жеке оқшауланған, құрғақ, ауасы жақсы желдетілетін қора-жайларда орналастыру;
2) осы топтар тұратын шошқа қораларды және айналадағы ортаны тазалау, қажетті жөндеу жұмысын, дезинфекция және дератизация жүргізу;
3) оқшауланып ұсталатын клиникалық сау шошқа топтарын жазғы лагерге шығару және осы шошқа басын күту үшін жеке персоналды бекіту;
4) шошқаның қолайсыз бастарын шошқалардың қолайлы топтарда өсірілген сау аналық баспен ауыстыра отырып, союға тапсыру немесе шошқалардың инфекциялық атрофиялық ринит ауруынан қолайлы басқа шаруашылықтан сау бастарын әкелу.
430. Шошқаның инфекциялық атрофиялық ринит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектіні осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және шектеу қояды.
431. Шектеу талаптары бойынша мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектінің табынын көбейту үшін толық сауыққанша басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шошқаларды шығаруға;
2) клиникалық ауру шошқаларды семiрту үшін басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге шығаруға рұқсат берiлмейдi.
432. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бiр жыл iшiнде ауру болмаған кезде және шартты қолайлы топтардың негізгі аналық шошқалардан соңғы екi рет торайлану кезінде инфекциялық атрофикалық ринитке қолайлы сау торайлар алынған жағдайда, сондай-ақ қорытынды ветеринариялық іс-шаралар өткізгеннен кейін инфекциялық атрофиялық ринит бойынша қолайлы деп жариялайды.
37. Шошқаның африкалық обасы
Шошқаның африкалық обасын
профилактикалау және жою бойынша
iс-шаралары
433. Шошқаның африкалық обасы вирусының әкелінуiн алдын алу мақсатында мыналарға:
1) шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден үй және жабайы жануарларды, оларды союдың өнiмдерiнiң және азықтың барлық түрін кіргізуге;
2) Қазақстан Республикасына бағытталған көлiк құралдарының иелерiне Қазақстан Республикасы аумағына шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз мемлекеттерде сатып алынған жануарлар мен олардың тамаққа қолданылатын ет өнiмдерiн (консервiлерден басқа) жеткізуге;
3) Көлік құралдарынан Қазақстан Республикасының теңіз порттары акваторияларына, әуе кеңістігіне, темір және тас жол магистральдары бойынша тамақ қалдықтары мен қоқыстарды тастауға жол берілмейді. Шошқаның африкалық обасы бойынша қолайсыз елдерден келген кемедегi ағынды су зарарсыздандыруға жатады. Тамақ (ет) өнiмдерi бар сақтайтын тоңазытқыш камералары және теңiз, өзен кемелерiндегi қоймалары Қазақстан Республикасы портында барлық тоқтап тұру кезеңінде пломбалауға жатады;
4) шошқаларды халықаралық әуе, теңiз, өзен порттары және шекаралық темiржол станцияларының аумақтарында ұстауға жол берілмейді.
434. Ветеринариялық бақылау бекеттерiнің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларымен бiрлесе отырып, шошқалардың африкалық обасы бойынша қолайлылығына тәуелсіз шет елдерден келген теңіз және өзен кемелерінен, ұшақтардан, вагон-мейрамханалардан, рефрижераторлардан және басқа көлiк құралдардан түсiрiлген қоқыстарды, тамақ және басқа қалдықтарды жинауға және зарарсыздандыруға бақылауды жүзеге асыруы тиіс. Бұл қалдықтар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаушы қызметтің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторымен келiсу бойынша қаланың қоқыс тастайтын жерінен тыс арнайы жабдықталған жерлерде жағу арқылы жоюға жатады.
435. Шет елдерден (шошқаның африкалық обасына қолайсыз) келген экипаждың жолаушылар мен мүшелеріне тиесілі жүктер, қол жүктерi, сондай-ақ халықаралық почта жөнелтілімдері мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және ветеринариялық бақылау бекеттерінде қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен тиісті іс-шаралар қабылдау үшін тексеріп қарауға жатады.
436. Қазақстан Республикасына аурудың вирусын тікелей әкелуінің қаупі кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында аурудың эпизоотиялық ошақтары пайда болған жағдайда, облыстардың, аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары белгіленген тәртіпте шошқаның африкалық обасына қарсы күрес бойынша арнайы комиссия құрады. Комиссия құрамына, сәйкесінше шошқаның африкалық обасын профилактикалау және жою бойынша жүргізілген іс-шараларына бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшiн қажетті жергiлiктi атқарушы органдарының өкілдері енгізіледi.
437. Қазақстан Республикасымен шекаралас аумақта шошқаның африкалық обасы пайда болған кезде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлігінің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторлары шекаралас аудандардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қайта өңдеу кәсіпорындардың тұрғындарына шошқа шаруашылығы үшін туындаған қауіптер туралы кеңінен таныстыруды ұйымдастыруы және Қазақстан Республикасының аумағына аурудың вирусының әкелінуiн болдырмау бойынша іс-шараларды қабылдауға тиіс.
438. Шаруашылық жүргізуші субъектiсiндегі ветеринариялық маман шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк пайда болған кезде ол туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
439. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор шошқаның африкалық обасы ауруына жануарларда күдiгі туралы хабарлама алған кезде, эпизоотиялық тексеру, патологиялық материалдарды іріктеу жүргiзу үшін және эпизоотиялық ошақтың шекарасын, қолайсыз пунктті, аурудың таралу мүмкін жолдарын анықтауға тез арада сол жерге келуге және аурудың таралуын болдырмау бойынша мынадай іс-шараларды қабылдауға тиiс:
1) ауру және ауру күдiгi бар шошқаларды олар болған қора-жайлардан оқшаулау;
2) жануарлардың (құстарды қоса алғанда) барлық түрлерін союға және ет өнiмдерiн (ет, май, терi, қауырсын, түбiт) сатуға тыйым салу;
3) ауру анықталған елдi-мекеннен, шаруашылық жүргізуші субъектіден шығуға және олардың аумақтарына көлік құралдарының кез-келген түрлеріне кіруге, шаруашылық жүргізуші субъектіден тиісті санитарлық өңдеусіз қызмет көрсету персоналына шығуға жол берілмейді;
4) шаруашылық жүргізуші субъектінің аумағынан жануарлардың өнімдерін және шикізаттарын, азықтарын және өткізілетін (тасымалданатын) объектілерді шығаруға;
5) шошқаның африкалық обасы ауруына күдiк болған кезде тиісті іс-шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдарға, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, көрші аудандардың бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына қабылданған іс-шаралар туралы тез арада хабарлауға;
6) пысықталған патологиялық материалды ветеринариялық зертханаға патологиялық материалдарды іріктеу және қайта жіберудің белгiленген тәртiбін сақтай отырып, шошқаның африкалық обасын зерттеу үшін жiбередi.
Эпизоотиялық ошақта шошқаның
африкалық обасын жою бойынша
іс-шаралар
440. Шошқаның африкалық обасының диагнозын қою туралы материалдарды алғаннан кейін тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы жергiлiктi атқарушы органға карантинді белгілеу туралы ұсыныс енгізеді.
441. Ветеринария саласындағы уәкілеттік органмен бекітілген аумақтарды аймаққа бөлу қағидаларына сәйкес эпизоотиялық ошақтың шекарасын анықтайды және онда аурудың профилактикасы мен жою бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастырады.
442. Карантині салынған шаруашылық жүргізуші субъектілерде, аудандарда және облыстарда мыналарға:
1) жануарлардың барлық түрлерiн, соның ішінде құстарды карантині салынған аумаққа және аумақтан тыс әкелуге және әкетуге, кіргізуге және одан шығаруға;
2) осы аумақта жануарлардың өнiмi мен шикiзаттарын дайындауға және шығаруға;
3) олардың аумағынан өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн шығаруға;
4) карантині салынған шаруашылық жүргізуші субъектіге бөгде адамдарға кіруге, оның аумағына көлiк құралдардың енуiне және шаруашылық жүргізуші субъектіде шошқалардың басын қайта топтастыруға;
5) базарларда және басқа сауда орындарда жануарларды және оның өнiмдерi мен шикізатты сатуға, адамдар мен жануарларды шоғырландырумен байланысты ауыл шаруашылық жәрмеңкелерiн, көрмелердi (аукциондарды), басқа қоғамдық іс-шараларды жүргізуге жол берілмейді.
443. Эпизоотиялық ошақтағы барлық шошқаларды қан шықпайтын әдiсiмен жояды. Өлген, сойылған шошқаның өлексесiн, қиды, азық қалдықтарын, ыдысты және арзан құнды құрал-жабдықтарды, сондай-ақ тозған қора-жайларды, ағаш едендердi, науаларды, қалқаларды сол жерде өртейдi.
444. Жануарлар ұсталған қора-жайларға, қоршаулар мен басқа орындарға мына тәртіпте 3 рет дезинфекцияны жүргізеді: бiрiншi - жануарларды жойғаннан кейiн бiрден жасайды; екiншi - ағаш едендердi, қалқаларды, науаларды алғаннан және тиянақты механикалық тазарту жүргізгеннен кейiн; үшiншi - карантиндi алардың алдында жасайды. Бiрiншi дезинфекцияны жүргізген кезде дезакаризация, дератизация, дезинсекция жасалады.
445. Дератизация жасағаннан кейiн жиналған кемiргiштердiң өлекселерін өртейдi.
446. Барлық қора-жайларға, құрал-жабдықтарға, қоршауларға, мал сою пункттерге және жануарлар тұрған басқа орындарға механикалық тазарту жүргізудің алдында дезинфекциялауға түседі.
Жануарлардың қора-жайларына, қоршауларға, азық алаңдарына, мал сою пункттерге, ет өңдеу кәсіпорындарға және басқа объектілерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады.
447. Жануарлардың өлекселерi болған қора-жайлардың жерлерiн (ағаш едендердi алғаннан кейiн), қораларды, орындарды дезинфекциялауды кейіннен 1 шаршы метрге кемінде 10 литр су есебімен сулай отырып, 1 шаршы метрге 2 килограмм есебімен құрамында 25 % активтi хлоры бар хлорлы әкті біркелкі себу жолымен жүргізеді. 24 сағат өткен соң жердiң 10-15 сантиметр қабатын қопарып алады және арнайы қазылған, тереңдiгi кемiнде 2 метр орға көмедi. Топырақ бетiне бiркелкi хлорлы әкті сеуiп, үстiнен су құяды.
448. Нәжіс жинағыштағы қи бөкпесін құрғақ (құрамында кемінде 25 % активті хлор бар) хлорлы әкпен араластырады, 10 литр қи бөкпесіне 1,5 килограмм әк жұмсайды.
449. Жануарлардың қи қоймасындағы қиды құрғақ, құрамында 25 % хлорлы әкпен 0,5 килограмм/метр есеппен сеуiп араластырады, содан 1,5 метр тереңдiкке көмiп тастайды.
450. Қилардың көп мөлшерін биологиялық зарарсыздандыру үшін 1 жылға қалдырады. Ол үшiн, қи қойманың жиегiне 1 шаршы метрге 2 килограмм құрғақ хлорлы әк себеді. Қи қоймасының ішкі жағының периметрі бойынша тікенек сымдардан қоршау орнатады және ор қазады.
451. Көлiк құралдарды және басқа да техникаларды (бульдозерлер, экскаваторлар және басқалар) сол эпизоотиялық ошақтың аймағындағы арнайы бөлінген алаңда мұқият жуып болған соң, дезинфекциялайды, ол үшiн осы Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тізілімінде тіркелген дезинфекциялық заттардың бiреуiн қолданады.
452. Дезинфекциялық кедергілерді, дезтөсенiштердi, дезванналарды Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттардың біреуімен толтырады.
453. Эпизоотиялық ошақты душ қабылдайтын кабиналармен жабдықтайды және онда жұмыс істейтін адамнан басқа, барлық мамандар күнде гигиеналық душта санитариялық өңдеуден өтедi. Бұл ретте, сыртқы, iшкi киiмдердi, бас киiмдердi, арнайы жұмыс киiмдердi және аяқ киiмдердi формалиндi бу камерасында 57-600 С температурасымен 1 сағат ішінде зарарсыздандырады, бұнда формалиннiң шығыны 1 метрге 75 миллилитр болуы тиiс. Ошақтағы жұмыс толық аяқталғаннан кейiн пайдаланылған арнайы киiмдердi отқа жағады.
454. Ауаның температурасы 00 С төмен болған жағдайда дезинфекцияның алдында тиянақты механикалық тазарту жұмыстары жүргiзiледi. Ол үшiн дезинфекциялық объектілердің беті ең алдымен дезинфекция ерітіндісінің бiреуiмен суарады, сонан кейiн мұздан, қардан босатады да, қи мен қоқысты тазалайды.
Буферлік аймақта жүргізілетін
iс-шаралар
455. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы шаруашылық жүргізуші субъектідегi, елді-мекендегі барлық шошқаларды дереу есепке алады, шаруашылық жүргізуші субъектiге шошқаларды сатуға, ауыстыруға, қора-жайдан шығаруға, союға жол бермеу туралы жазбаша түрде ескертедi.
456. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 28 сәуiрдегi № 407 қаулысымен бекітілген Жануарларға және адамдар денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу ережесіне сәйкес, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы қысқа мерзiмде барлық шошқалардың алуды жүзеге асырады. Жануарларды тасымалдау кезiнде жүру жолында қоршаған ортаны вируспен ластамау үшiн тасымалдау көлiктерiнің шанағын жабдықтайды.
457. Шошқаларды түсiргеннен кейiн көлік құралдары арнайы оқшауланған орында механикалық тазартуға және дезинфекциялауға жатады. Көлiк құралына санитариялық өңдеудің жүргізілгені туралы бұл жұмысты есепке алу журналына жазады.
458. Буферлік аймақта шошқаларды союды вирустың таралу мүмкіндігін болдырмайтын осы Қағидаларды сақтай отырып жүргізеді.
459. Сойылған шошқадан алынған етті және оның өнiмдерiн пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервілерге қайта өңдейдi.
460. Еттердi көрсетiлген өнiмдерге қайта өңдеу мүмкiн емес болса, онда оларды пiсiру арқылы зарарсыздандырады. Өндiрiлген өнiм қолайсыз аумақтың шегінде пайдаланылады.
461. Егер ұшаны сойған кезде бұлшықеттерде, iшкi органдарында және теріде қанталау немесе дегенеративтiк өзгерiстер анықталса, онда оларды барлық ішкі органдарымен өртеу арқылы жояды.
462. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз пункттерден және эпизоотиялық ошақтарынан буферлік аймаққа апаратын барлық жолдарға, буферлік аймақтың және қадағалау аймақтың сыртқы шекарасына апаратын жолдарға тәуліктік карантиндiк-күзеттiк полициялық бекеттері орнатылады.
463. Бекеттердi шлагбауммен, дезтосқауылмен және кезекшiлерге арналған үйшiктермен жабдықтайды.
Бақылау аймағында жүргізілетін
iс-шаралар
464. Базарларда шошқалардың және олардың өнiмдерiнің саудасына жол берілмейді.
465. Шаруашылық жүргізуші субъектiдегi барлық шошқа бастарына қайта есепке алу жүргізіледі. Оларды жаюға жол берілмейді. Шошқаның классикалық обасына және шошқа тiлмесiне қарсы иммундау жұмыстары жүргізіледі.
466. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерде барлық санаттағы шошқалардың денсаулығының жағдайына мемлекеттiк ветеринариялық бақылауды және қадағалауды күшейтедi. Ветеринариялық зертханаларға шошқалардың өлекселерiн және патологиялық материалдарды зерттеу үшін пошта арқылы қайта жiберуге жол берілмейді. Патологиялық материалдарды тиiстi талаптарды сақтай отырып қолма-қол жеткізуге ғана жол беріледі.
Карантиндi және шектеудi
алу
467. Шаруашылық жүргізуші субъектідегі шошқаның африкалық обасы бойынша карантин күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
468. Карантин алынғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шошқаларды және оны сойғаннан кейін алынған өнiмдерi мен шикiзаттарын қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығаруға жол берілмейді.
469. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың (қалалардың), облыстардың ішкі сауда объектілерінде және шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде шошқаны сатуға және тұрғындардан сатып алуға жол берілмейді.
470. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аудандардың, облыстардың байланыс бөлiмшелерiнде азаматтардан жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттары бар сәлемдемелердi қабылдауға жол берілмейді.
471. Шошқаның африкалық обасына қолайсыз аумақтар үшін белгіленген шектеулер қадағалау аймақтың шекаралас әкімшілік-аумақтық бірлікке де қатысты.
472. Карантиннің әрекет ету мерзімінде қолайсыз аудандардан, облыстардан тыс шығатын кезде жолдарда карантиндік бекеттер жұмыс атқаруы тиiс.
473. Бұрынғы эпизоотиялық ошақтарында және буферлік аймақтарда карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, шаруашылық жүргізуші субъектілерді шошқалармен жинақтауға рұқсат берiледi.
474. Ірі шошқа шаруашылығының кешеніне жануарлар басын жинақтау карантин алынғаннан кейiн 12 айдан соң, ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органының рұқсатымен жол беріледі. Мұндай қора-жайларға жануарлардың (құстарды қоса алғанда) басқа түрлерін орналастыру карантин алынғаннан кейiн рұқсат берiледi.
38. Шошқаның везикулярлық ауруы
Шошқаның везикулярлық ауруының
әкелінуiнiң алдын алу
іс-шаралары
475. Ауру қоздырғыштың әкелінуін алдын алу мақсатында мыналарға:
1) везикулярлық ауруға қолайсыз елдерден шошқаның терiсiн, шошқа өнiмдерiн және шошқаларды әкелуге;
2) халықаралық желілерге қызмет көрсететін әуежайлардан, ұшақтардан, пароходтардан, пойыздардан жиналған тамақ қалдықтарын шошқаларға азық ретiнде пайдалануға;
3) құстардың жаппай ұшу кезеңінде шаруашылық жүргізуші субъектiлердің ашық жайылым алаңдарда шошқаларды ұстауға жол берілмейді.
476. Шошқаның везикулярлық ауруының негізгі алдын алуы ауру қоздырғышының қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінуін болдырмау және шаруашылық жүргізуші субъектінің шегінде шошқа басының өткізілуіне бақылау болып табылады.
477. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының әкелінуін алдын алу үшiн:
1) шаруашылық жүргізуші субъектіні везикулярлық ауруына қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден сау жануарлармен толықтыру қажет;
2) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелiнген шошқаларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстау қажет. Карантин кезiнде шошқаларға шошқаның везикулярлық ауруына серологиялық зерттеу жүргізеді.
478. Шошқаның везикулярлық ауруына күдiктенгенде шаруашылық жүргізуші субъектiсiнің басшысы немесе шаруашылық жүргізуші субъектіге қызмет көрсететін ветеринариялық маман тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды және ауру және ауруға күдiктi жануарларға оқшаулауды ұйымдастырады, оларға жеке қызмет көрсететін персоналды бекітеді.
479. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы, шошқаның везикулярлық ауруына күдiктi деген хабар алғаннан кейін, тез арада сол жерге келiп, эпизоотиялық жағдайды анықтап, оның диагнозын анықтау және аурудың таралуына жол бермеу үшін іс-шаралар қабылдауы тиiс.
480. Осы мақсатта:
1) ауру қоздырғышының әкеліну көздерін және жолдарын анықтау бойынша шаруашылықта мұқият эпизоотиялық зерттеу, талдау жүргiзіледi;
2) айналадағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде шошқаның везикулярлық ауруының және басқа ауруларының эпизоотиялық жағдайын нақтылайды;
3) оқшауда тұрған шошқа басына, аурудың әртүрлі сатысында жануарлардың дене қызу реакциясына назар аудара отырып, клиникалық тексеру жүргізіледі;
4) патологиялық материалдарды іріктеп, зерттеуге жолдайды.
Шошқаның везикулярлық ауруының қоздырғышының
әкелінуі қаупі бар аймақтағы
іс-шаралар
481. Қауiптi аймақта мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
1) тұрғындарды аурудың таралу қаупi және осыған байланысты жүргізілетін іс-шаралар туралы хабардар етедi. Шошқаларға активтілігі жойылған профилактикалық вакцинаны қолайсыз пункттен карантинді алғаннан кейiн 2 жыл бойы егеді;
2) жануарлардың өсіруін, жануарлардан жасалған өнімдер мен шикізаттардың дайындауын (союын), сақтау мен қайта өңдеуін, сатуын жүзеге асыратын ішкі саудада, қайта өңдейтін кәсіпорындарда, мал сою алаңдарда немесе мал сою пункттерде, өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтедi;
3) қауiптi аймақтан шошқаларды әкелуге және әкетуге (қайта өңдейтін кәсіпорындарды, сою алаңдары мен сою пункттерін қоспағанда) жол берілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқалардың саудасы Шошқаның везикулярлық ауруына қарсы вакцина еккен кейін күнтізбелік 21 күннен кейiн жүргізеді;
4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау қойылады.
Шошқаның везикулярлық ауруын жоятын
іс-шаралар
482. Шошқаның везикулярлық ауруының диагнозы анықталған кезде карантин қойылады.
483. Карантинді шаруашылық жүргізуші субъектілерде мыналарға:
1) карантиндi аумаққа шошқаларды әкелу және одан тыс шығуға (жануарларды қайта өңдеу кәсіпорындарына, ою алаңдары мен сою пункттерiне шығаруды қоспағанда);
2) қолайсыз пункттен қайта өңдеу үшін ет комбинаттарына немесе сою пункттерiне әкетуді, сондай-ақ азықтарды, жабдықтарды және құрал-саймандарды қоспағанда шошқаның шикі етін және басқа зарарсыздандырылмаған өнімді алып шығаруға;
3) Ветеринар мамандардың рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде шошқаларды союға және топтастыруға;
4) дезөңдеусiз көлiк құралдарына карантиндi аумақтан тыс шығуға;
5) қызмет көрсететін персоналдың санитариялық өңдеусіз аурудың эпизоотиялық ошағынан шығуына;
6) жануарларға қызмет көрсетумен байланысты емес тұлғалардың шошқа қора-жайларына кiруiне;
7) шошқаларды және олардың шикi өнiмдерiн (ет, май, өкпе-бауыр) базарларда сатуға жол берілмейді.
484. Шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық шошқа басын сою тиімсіз болып табылатын қолайсыз шошқа кешендерiнде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, асыл тұқымды зауыттарда күнделiктi клиникалық қарау жүргізеді, шошқаның везикулярлық ауруымен ауырған және ауруға күдiктi барлық жануарларды сояды және қора-жайларды дезинфекциялайды. Қолайсыз шошқаның везикулярлық ауруынан сау және қауiптi шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі шошқаларға вакцина егiледi.
485. Шошқаның везикулярлық ауруымен ауыратын және ауруға күдiктi шошқаларды союды ет комбинаттардың санитариялық сою цехтарында немесе ортақ конвейерде, сондай-ақ вирустың таралуын болдырмайтын қағидаларды сақтай отырып, арнайы жабдықталған сою пункттерiнде (аулаларда) жүргізеді.
486. Шошқаларды союға немесе олардан алынған өнiмдердi қайта өңдеу үшін ет комбинатына және сою пунктіне сұйықтықты өткізбейтін, тығыз шанағы бар көлік құралымен жеткізеді. Жүру жолында елдi-мекендерде тоқтауға, сондай-ақ шошқаны союға жол берілмейді.
487. Шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ ет комбинаты немесе сою пунктi аумағынан шығатын көлiк құралдар мұқият тазаланады және дезинфекцияланады. Жануарларды тиеу және түсiру кезiнде, сондай-ақ жүру жолында шошқаларға қызмет көрсететін қызметкерлердің арнайы киiмдерi және аяқ киімдері дезинфекцияланады.
488. Жануарларды сою кезінде пайдаланған жабдықтарды жұмыс аяқталған соң мұқият дезинфекциялайды. Құндылығы аз ағаштан жасалынған құралдарды өртейдi. Сою пункттерiн (аулаларды) тазалайды және дезинфекциялайды.
489. Еттi, қыртыс майды және субөнімдерді пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжықтар немесе консервi жасауға қайта өңдейді немесе пiсiруге жiбередi.
490. Жануарлардың арық ұшаларды барлық iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ шошқалардың өлекселерiн өртейді немесе Ветеринар мамандардың бақылауымен техникалық жоюға жiбередi.
491. Жануарлардың терiсiн сылып алмайды, оларды үйітеді немесе жидiтедi. Ет комбинаттарында немесе сою пункттерiнде жануарлардың зарарсыздандырылатын терiсiн сылып алуға жол беріледі.
492. Барлық орындалған іс-шаралардан кейін карантиндi алар алдында екi рет қорытынды дезинфекцияны жүргізеді.
493. Шошқаның везикулярлық ауруын профилактикалау үшiн активтілігі жойылған вакцина қолданады.
494. Везикулярлық ауруы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден карантин ауру немесе ауруға күдікті барлық жануарларды сойғаннан кейін, сондай-ақ барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды жүргізілген соң күнтізбелік 30 күннен кейiн алынады.
495. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантинді алғаннан кейiн 12 ай мерзіміне шектеу қойылады, бұл уақыт iшiнде:
1) ет комбинатынан басқа бұрынғы шошқаның везикулярлық ауруына қолайсыз аумақтан тыс шошқаларды және олардың өнімдерін шығаруға және сатуға;
2) сәлемдемемен шошқадан алынған өнiмдер мен шикiзаттарды жiберуге жол берілмейді.
39. Шошқа дизентериясы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
шошқаның дизентериясын профилактикалау
іс-шаралары
496. Дизентерияны болдырмау және таратпау мақсатында жеке және заңды тұлғалар:
1) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелердi және шошқа басын азықтандыру мен ұстау технологиясының талаптарын қатаң орындауға;
2) жабық түрдегi шошқа фермаларын өзінің сауықтырылатын жас мал есебiнен, ал бордақылау шаруашылықтарын жұқпалы аурулар бойынша оның ішінде шошқа дизентериясы бойынша қолайлы (кемінде 2-3 жыл ішінде) бекітілген шаруашылық жүргізуші субъектiлерден әкелінетін мал басы есебінен жинақтауға;
3) шошқа дизентериясы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлермен шаруашылық байланыстарына жол бермеуге;
4) бордақылау шаруашылық жүргізуші субъектiлерде көбейту үшін бір реттік шошқаларды және қабандарды пайдалануға қатаң тыйым салуға тиіс.
497. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiге әкелінетін жануарларды күнтізбелік 30 күн бойы ұстайды.
498. Фермадағы шошқаларда дизентерияға күдiктi гастроэнтерит карантині пайда болған кезде барлық жануарларды тобы кейіннен қора-жайларды (секцияларды, торларды, станоктарды) санациялай отырып, союға тапсырылады.
499. Сауықтырылатын жануарларды бір цехтан екiншi цехқа негізгі фермаға ауыстыру кезінде торайлардың тері жамылғысын құрамында 0,5 пайыз күйдiргiш натрий және 1 пайыз формальдегиді бар сiлтiлi ерiтiндiсiмен өңдейді.
Шошқаның дизентериясы бойынша эпизоотиялық ошақтарында
және қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
500. Ауру жануарлар бөлiнген шаруашылық жүргізуші субъектiге мынадай:
1) жануарлардың орнын ауыстыруға жол бермеуі;
2) бөгде адамдардың келуі;
3) жеке және заңды тұлғалардың дезинфекциялауды жүргiзуі шектеу қойылады.
501. Емдеу үшiн Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген препараттар қолданылады.
40. Шошқаның классикалық обасы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралар
502. Шошқаның классикалық обасының (бұдан әрі – ШКО) пайда болуын және таралуын алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерге, ветеринария мамандарына, сондай-ақ, жануарлардың иелерiне:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлерге келіп түскен барлық шошқаларды күнтізбелік 30 күн оқшаулап ұстау;
2) шошқаларды тамақ қалдықтарымен термиялық зарарсыздандырудан кейiн азықтандыруы қажет.
Эпизоотиялық ошақтарында және қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
iс-шаралар
503. ШКО диагнозы анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектi аумағына карантин қойылады.
504. Қолайсыз пункттегі (шаруашылық жүргізуші субъектiден) карантинді жануарлардың ШКО-дан өлуінің немесе сауығуының соңғы жағдайынан кейін күнтізбелік 40 күн өткен соң алынады. Шошқаларды шаруашылық жүргізуші субъектiден шығару бойынша шектеулер карантин алынғаннан кейін 12 айдан соң алынады.
505. Карантиннiң шарты бойынша:
1) қолайсыз пункттерге шошқаларды (қайта өңдеу кәсiпорындарды қоспағанда) әкелуге (кіргізуге) және олардан әкетуге (шығаруға);
2) ветеринария маманының рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектiнің iшiнде шошқаларды союға және қайта топтастыруға;
3) дезинфекциялық өңдеусіз көлiктiң кез келген түрiн қолайсыз пункттен шығаруға;
4) шошқаларға қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың шошқа қора-жайларына кіруіне;
5) қызмет көрсететін персоналдың аурудың эпизоотиялық ошағынан санитариялық өңдеуден өткiзбей жұмыс киiммен және аяқ киiммен шығуына;
6) қолайсыз пункттен азықтарды әкетуге;
7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ, шикі түріндегі ет өнімдерін (ет, май, өкпе-бауыр және тағы да басқалары) сатуға жол берілмейді.
506. Эпизоотиялық ошақтағы шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқалар союға жатады, ал барлық шошқа басын сою орынсыз болатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық шошқаларды қараудан өткiзеді және клиникалық сау шошқаларға ШКО-ға қарсы вакцина егіледi.
507. ШКО бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде аналық шошқаларды ШКО-ға қарсы тiрi вирус-вакцинамен иммунизациялауды ұрықтануға дейiн жүргiзедi. Торайлайтын аналық шошқаларға тiрi вакцина егуге тыйым салынады. Торайлайтын аналық шошқалар арасында ауру пайда болған жағдайда, оларға вирус-вакциналар егедi, алайда кейіннен союға өткізу үшін бордақылауға ауыстыра отырып, одан әрі өсiрудiң циклынан алып тастайды.
508. Ауру және ауру күдігі бар және ШКО жұқтыруға күдiктi жануарларды сою қайта өңдеу кәсiпорындарда, сою алаңдарында немесе сою пункттерінде жүргізіледі.
509. Ауру және ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қора-жайларға механикалық тазарту және дезинфекциялау жүргiзiледі.
510. Обадан өлген шошқалардың өлекселерін өртеу арқылы жояды.
Шошқаның классикалық обасынан
қауіп төнетін аумақтағы
іс-шаралар
511. ШКО бойынша қауіп төнетін аумақта барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлердің барлық шошқаларына мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орнатылады, жүйелі түрде есепке алу және клиникалық қарау жүргiзiлiп, ветеринария мамандарының рұқсатынсыз оларды қайта топтастыруға тыйым салынады.
512. Бұрын жүргізілген вакцина егу мерзімдерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде ШКО-ға қарсы профилактикалық вакцина егу жүргізіледі.
41. Шошқа тiлмесi
Шошқа тiлмесiнің профилактикасы және
оны жою бойынша ветеринариялық
іс-шаралар
513. Шошқа тiлмесiнiң профилактикасы бойынша ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар мыналарды:
1) шошқаларды тікелей күн сәулесiнен қорғауды қамтамасыз ететін жануарларға жазғы-лагерлік ұстауды жабдықтау жолымен жылу күйзелісінің профилактикасын;
2) шошқаларды құрама тамақ қалдықтарымен залалсыздандырылмаған күйде азықтандыруға жол бермеуді;
3) шошқаларды союды қайта өңдеу кәсiпорындарда немесе жануарларды сою бойынша мамандандырылған пункттерде жүргізуді қамтиды.
514. Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында диагноз анықталған кезде шектеу қойылады.
515. Шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу ауру жануардың соңғы сауығу жағдайынан және қора-жайларды, жаю алаңдарын және күтім жасау заттарын мұқият тазартқаннан және қорытынды дезинфекциялау жүргiзгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң алынады.
516. Шектеудiң шарттары бойынша:
1) шошқаларды әкелуге (кіргізуге) және әкетуге (шығаруға);
2) шошқаларды шарасыз союдан алынған зарарсыздандырылмаған етiн шығаруға;
3) ауру шошқалармен байланыста болған шошқаларды азықтандыруға арналған азықтарды шығаруға тыйым салынады.
517. Тілмемен клиникалық ауыратын шошқаларды пенициллин қосылған тiлмеге қарсы гипериммунды сывороткамен емдейдi. Аурудан сауыққан жануарларды олар сауыққаннан кейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей және барлық шошқаларды тiлмеге қарсы вакцина егілгеннен кейін терi жамылғылары мен аяқтарын дезинфекциялағаннан соң қайтарады.
518. Қолайсыз эпизоотиялық ошақтарындағы клиникалық сау шошқаларға тiлмеге қарсы вакцина егеді.
519. Технология бойынша қайта өңдеу кәсiпорындарға өткізуге жататын шошқалар арасында тiлме ауруы пайда болған кезде, ауруларды оқшаулайды және емдейді, ал клиникалық сау шошқаларды тез арада сою үшін жақын жердегi етті қайта өңдейтiн кәсiпорындарға жiбередi. Жiберiлген күнi союды жүзеге асыру мүмкiн болмаған кезде, сау жануарларды сол жерде қалдырып, тiлмеге қарсы вакцина егеді және күнтізбелік 10 күннен кейiн шектеусiз союға тапсырады.
520. Ауру шошқаларды бөлудің әрбiр жағдайынан кейін, шошқа қораның еденi мен қабырғасын тазартады, жуады және Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген препараттармен дезинфекциялайды.
521. Өлекселерден немесе шарасыз сойылған тілмемен ауыратын шошқалардан сылып алынған терiлер дезинфекцияланады. Өңделген терiлердi өткiзбейтiн ыдысқа орайды да терi зауытына жiбередi. Терiнiң дезинфекциялауын ұйымдастыру мүмкiн болмаған кезде, өлексенi терiсiмен бірге жояды.
42. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтериті
Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтерит
ауруына профилактикалық
iс-шаралар
522. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритпен ауруының алдын алу және профилактикалау мақсатында шошқалары бар шаруашылық жүргізуші субъектiлер жыл сайын шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритін профилактикалау бойынша жоспарлы ветеринариялық iс-шараларды жүргізедi.
523. Шошқалардың трансмиссивтi гастроэнтеритiн профилактикалау мыналарға:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiлердiң аумағын инфекция қоздырғышының әкелінуiнен қорғауға;
2) шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритке қарсы барлық аналық шошқаларға жүйелі профилактикалық вакцинаны тиісті вакцинаны қолдану бойынша басшылыққа сәйкес егуге;
3) негізгі және сауыққан аналық шошқалардың бөлек торайлануын ұйымдастыру;
4) шошқалардың торайлануын жүргізген кезде «бос - бос емес» қағидатын сақтауға;
5) құрал-саймандар мен жабдықтар бар шошқалардың торайлануға арналған қора-жайлардағы профилактикалық үзіліс кезінде мұқият механикалық тазартуды, дезинфекциялауды, жууды, кептiруді жүргізуге негiзделедi.
524. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді және репродукторларды жинақтау тәртібі шаруашылық жүргізуші субъектінің – сатып алушылар мен жеткізулердің трансмиссивтi гастроэнтериті бойынша эпизоотиялық қолайлығынан шыға отырып белгіленеді.
525. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шаруашылық жүргізуші субъектiні шошқа басымен жинақтауды, осы ауру бойынша эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiлерген, сондай-ақ күнтізбелік 30 күнде келіп түскен барлық басқа профилактикалық карантин кезiнде мiндеттi түрде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне серологиялық тексеру жүргізу қажет. Егер, оң әсер ететін жануарлар анықталса, онда шаруашылық жүргізуші субъектiсiн шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiнен бос шошқалардың тобымен жинақтауға жол берілмейді. Бұл жануарлар союға немесе эпизоотиялық жағдайы ұқсас шаруашылық жүргізуші субъектiсiне беруге жатады.
526. Серологиялық зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң әсер ететін жануарлар анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнде осындай жағдайдағы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiмен немесе аурудан бос шаруашылықтан жинақтау рұқсат етіледі.
527. Ауруға қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі және зерттеу кезiнде шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне оң әсер ететін жануарлар бар шаруашылық жүргізуші субъектiлерiндегі барлық аналық шошқа басына вакцина егіледi.
528. Шошқа қора-жайларындағы микроклиматтың тиісті технологиялық параметрлерін ұстау қажет.
Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритіне қолайсыз
шаруашылықты сауықтыру бойынша
іс-шаралары
529. Қолайсыз пунктке шектеу қойылады. Шектеудiң шарттары бойынша:
1) шаруашылық жүргізуші субъектiсiне кіргізуге және басқа шаруашылық жүргізуші субъектіден шығаруға;
2) қолайсыз шошқалардың басын қайта топтастыруға;
3) қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiсiне, жануарларға қызмет көрсетуге байланысты емес адамдарға кіруге жол берілмейді.
530. Барлық буаз аналық шошқаларды шошқаның вирустық трансмиссивтi гастроэнтеритiне қарсы вакцинасын егеді.
531. Клиникалық сау жануарларды сою үшін қайта өңдеу кәсіпорындарға, сою алаңдарға немесе сою пункттерге арнайы жабдықталған көлiк құралдармен шығаруға рұқсат етіледі.
532. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтеритiне қолайсыз шаруашылық субъектiлерiнде шошқалар тұрған бөлiмдердi, күтiм құралдарын, көлiк, құрал саймандарды шектеу алынғанша, күн сайын күйдiргiш натрийдiң 3 пайыздық ерiтiндiсiмен немесе жаңа сөндiрiлген әктiң 20 пайыздық тұнбасымен дезинфекциялайды.
533. Шаруашылық жүргізуші субъектiсi және оның Ветеринар мамандары тез арада осы аурудың өршуіне себеп болған шошқаларды ұстаудың технологиясындағы бұзушылықтарды жоюға іс-шаралар қабылдайды.
534. Шошқадан, аурудан және шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруы бойынша күдігі бар шошқадан алынған етке және субөнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізгеннен кейін пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп-қақталған шұжық өнімдерін, консервiлерін дайындауға жіберіледі. Шұжық өнімдеріне қайта өңдеу мүмкін болмаса, етті және субөнімдерді қайната отырып зарарсыздандырылады, шикі түрінде пайдалануға жол берілмейді.
535. Шошқаның трансмиссивтi гастроэнтерит ауруынан өлген жануарлардың өлекселерiн өртейді.
536. Жануардың соңғы өлу жағдайынан және союға тапсырғаннан немесе ауырған жануарлардың сауықтыруларынан күнтізбелік 21 күннен кейiн және бекітілген іс-шараларды жүргізген соң қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiсi деп жариялайды.
43. Шошқалардың энцефаломиелиті
(Тешен ауруы)
Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитінің
(Тешен ауруы) профилактикасы және жою бойынша
іс-шаралар
537. Энзоотиялық энцефаломиелиттің негізгі профилактикасы қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерге ауруды қоздырғыштың әкелінуінің алдын алу және шаруашылық жүргізуші субъекті шеңберінде шошқалардың орын ауыстыруын бақылау болып табылады.
538. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті қоздырғышының әкелінуінің алдын алу үшiн жеке және заңды тұлғалар мынадай iс-шараларды жүргiзедi:
1) шаруашылық жүргізуші субъектісін шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті бойынша қолайлы сау жануарлармен топтастыруды жүргізеді;
2) шаруашылық жүргізуші субъектіге әкелінген шошқаларды күнтізбелік 30 күн ішінде карантиндейді. Шаруашылық жүргізуші субъектінің шошқаларын карантиндеу кезеңінде энзоотиялық энцефаломиелитке серологиялық зерттеуден өткізеді;
3) клиникалық ауру жануарлар анықталған және шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитіне диагноз зертханалық зерттеулермен расталған жағдайда немесе шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитінің қоздырғышына серопозитивтi шошқалар анықталған кезде энзоотиялық энцефаломиелит вирусының таралуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, әкелінген шошқалардың барлық партиясы сою объектілерінде (сою пункттері мен алаңдары, ет өңдейтін кәсіпорындар) сойылады;
4) тамақ қалдықтары шошқаларға тек термиялық зарарсыздандырылғаннан кейiн берiледi.
Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитпен
ауруына күдiктену кезіндегі
iс-шаралар
539. Қолайлы емес пункттерге шектеулер қойылады. Осы мақсатта:
шаруашылық жүргізуші субъектіде аурудың қоздырғышының көздерін және әкеліну жолдарын анықтау үшiн мұқият эпизоотиялық тексеру жүргiзедi;
жақын орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілерде және елді мекендерде шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті мен басқа аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайын анықтайды;
аурудың әртүрлі кезеңдерінде жануарлардың температуралық реакциясына ерекше назар аудара отырып, оқшау қорада орналасқан шошқаларды клиникалық қарап тексеруді жүргізеді;
патологиялық материалды іріктеп алып, зерттеу үшін ветеринариялық зертханаға жiбередi.
540. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитіне диагноз қойылғаннан кейiн карантин белгіленеді.
541. Карантинделген шаруашылық жүргізуші субъектiлерде мыналарға:
1) карантинделетін аумаққа шошқаларды әкелуге немесе оның шеңберінен тыс шығаруға (жануарларды өңдейтін мекемелерге, сою алаңдарына немесе сою пункттерiне әкетуді қоспағанда);
2) қайта өңдеу үшін қайта өңдеу кәсіпорындарына, сою алаңдарына немесе сою пункттеріне әкетуден басқа, қолайсыз пункттен шикі шошқа етін және шошқаны союдың басқа да зарарсыздандырылмаған өнімін, сондай-ақ азықтарды, жабдықтарды және мүкәммалды әкетуге;
3) ветеринария мамандарының рұқсатынсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлер ішінде шошқаларды союға және қайта топтастыруға;
4) дезинфекциялық өңдеусiз көлiктің карантин аумағынан тыс шығуына;
5) қызмет көрсететін персоналдың санитариялық өңдеусіз аурудың эпизоотиялық ошағынан шығуына;
6) жануарларды бағып-күтуге қатысы жоқ адамдардың шошқа қоражайларына кіруіне;
7) базарларда тірі шошқаларды, сондай-ақ, сойылған өнімдерін (ет, май, өкпе-бауыр және т.б.) шикі түрінде сатуға;
8) жәрмеңкелерді және ауруға сезімтал жануарлардың топтасуына байланысты басқа да іс-шараларды өткізуге рұқсат етілмейді.
542. Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелитпен ауруын жою бойынша iс-шараларын жүргiзу кезінде шаруашылық жүргізуші субъектінің өндiрiстiк бағытын, көлемі мен мал басының зақымдану дәрежесін есепке алады.
543. Қолайсыз ферманың барлық шошқаларын сою орынсыз шошқа шаруашылығы кешендерінде және репродуктивтi шаруашылық жүргізуші субъектілерде, тұқымдық зауыттарда күн сайын клиникалық қарап тексеру жүргізіледі, энзоотиялық энцефаломиелитпен ауыратын және ауру күдігі бар барлық шошқалар, сондай-ақ дамуы жағынан артта қалған жануарлар сойылады, қоралар дезинфекцияланады. Энзоотиялық энцефаломиелит бойынша қолайсыз және қауіп төндіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердегі клиникалық сау шошқаларға вакцина егiледi. 2 айлық жасқа дейінгі кезеңде вакцина егілген торайларға олар 3 айлық жасқа жеткеннен кейін қайта вакцина егiледi. Вакцина егу карантин тоқтатылғаннан кейiн де 2 жыл бойы жалғастырылады.
544. Энзоотиялық энцефаломиелитпен ауыратын және ауру күдігі бар шошқаларды сою қайта өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде вирустың таралуын болдырмайтын шараларды сақтай отырып, жүргізіледі.
545. Союға арналған шошқаларды немесе олардың сойылған өнімдерін қайта өңдеу үшін берік, сұйықты өткізбейтін шанақтары бар көлік құралдарымен қайта өңдейтін мекемелерге, сою алаңдарына немесе сою пункттерiне әкелінеді. Жолшыбай елдi мекендерде тоқтауға, сондай-ақ, шошқаларды союға рұқсат етілмейді.
Көлік құралдары шаруашылық жүргізуші субъектiден, сондай-ақ, өңдейтін мекемелердің, сою алаңдарының немесе сою пункттерiнің аумағынан шығатын кезде мұқият тазартылып, дезинфекцияланады. Тиеуде және түсіруде жұмыс істейтін адамдардың, сондай-ақ, жолшыбай шошқаларды бағып-күтетін адамдардың арнайы киімдері мен аяқ киімдері дезинфекцияланады.
Жануарларды сойғанда пайдаланылған жабдықтар жұмыс аяқталғаннан кейін дезинфекцияланады.
546. Ет, май және қосалқы өнімдер пiсiрiлген немесе пiсiрiлiп қақталған шұжықтар немесе консервiлерге қайта өңделеді немесе қайнатуға жiберіледi.
Арық жануарлардың ұшалары iшкi құрылыс мүшелерiмен бiрге, сондай-ақ, өлекселер жағылады.
547. Бас, сирақтары мен құйрықтарды оларды дайындаудың қарапайым технологиялық режимдерін сақтай отырып, ұйыма және іркілдек өңдеп шығаруға пайдалануға рұқсат етіледі.
548. Жануарлардың терiсі сыпырылмайды, олар ұйытылады немесе ыстық сумен жидiтіледi. Өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде зарарсыздандырылатын терілерді сыпыруға рұқсат етіледі.
Шошқалардың энзоотиялық энцефаломиелиті қоздырғышының
әкелінуі бойынша қауіп төндіретін аймақтағы
iс-шаралар
549. Қауіп төндіретін аймақта мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
1) халыққа аурудың тарау қаупi және осыған байланысты өткізілетін iс-шаралар туралы хабарланады. Бұрын жүргізілген вакцина егулерді ескере отырып, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде қолайсыз пункттен карантин алынғаннан кейiн 2 жыл бойы энзоотиялық энцефаломиелитке қарсы инактивтендірілген және тірі вакцинамен шошқаларға профилактикалық вакцина егiледi;
2) ішкі сауда объектілерінде, өңдейтін мекемелерде, сою алаңдарында немесе сою пункттерiнде жануарларды өсіруді, жануарларды, жануартекті өнімдерді және шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және сатуды жүзеге асыратын, шошқаларды союдан алынған өнімдерді және шикізатты дайындайтын және қайта өңдейтін өндіріс объектілерінде мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау күшейтіледі;
3) қауiп төндіретін аумаққа (өңдетін мекемелерді, сою алаңдарын немесе сою пункттерiн қоспағанда) шошқаларды әкелуге және одан әкетуге рұқсат етілмейді. Ішкі сауда объектілерінде тірі шошқаларды саудалау оларға энзоотиялық энцефаломиелитке қарсы вакцина егiлгеннен кейін күнтізбелік 14 күн өткен соң жүргізіледі;
4) шошқаларды ұстауға және азықтандыруға мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау орнатылады;
5) шаруашылық жүргізуші субъектiге қызмет көрсету үшін тұрақты жұмысшылар мен көлік бекітіледі.
550. Шошқаның энзоотиялық энцефаломиелиті бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин ауру және ауру күдігі бар жануарлар не тиісінше дамуы жағынан артта қалған шошқалар сойылғаннан, сондай-ақ, барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар өткізілгеннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң алынады.
Егер, қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiде барлық шошқалар сойылса, онда мұндай шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин онда тиiстi ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар және соңғы дезинфекциялау жүргізілгеннен кейін алынады.
551. Барлық iс-шаралар орындалғаннан кейін, карантиндi тоқтату алдында 24 сағат аралықпен екi мәрте дезинфекциялау жүргізіледі.
552. Шаруашылық жүргізуші субъектiден карантин алынғаннан кейін 6 ай мерзiмге шектеу қойылады, сол аралықта шошқаларды және оның сойылған өнiмдерiн әкетуге және сатуға тыйым салынады.
44. Дикроцелиоз
Жануарлардың дикроцелиозы бойынша қолайлы
аумақта өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
553. Жануарлардың дикроцелиозының профилактикасы үшiн мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде жануарлар гельминтокопрологиялық әдiстермен ішінара дикроцелиозге, олардың дикроцелилердің личинкаларын жұқтыруы анықтала отырып, жайылымдар оларда жер үстiндегі моллюскалар мен құмырсқалардың болуына және орналасу тығыздығына тексерiледi, ауру анықталған жағдайда мал басын гельминтокопрологиялық зерттеу және ауру жануарларды гельминтті жою жүргiзiледi;
2) жануарларды ашық құрғақ учаскелерінде жаю және таза бұлақтардан суару қамтамасыз етiледi, сыртқы ортада дамуын ескере отырып, жайылымдардың уақтылы ауысуы қамтамасыз етiледi.
554. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге әкелу (кіргізу) немесе әкету (шығару) алдында жануарлар дикроцелиозге гельминтокопрологиялық тексеруге түседі, гельминттер анықталған кезде жануарларға гельминтті жою жүргiзiледi және олар толық сауыққанға дейiн бақыланады.
555. Қиды тазарту, оны зарарсыздандыру және мал шаруашылығы қораларын және жайып семірту алаңдарын және жануарлардың экскременттерiмен жанасатын сыртқы ортаның басқа да объектiлерiн дезинвазиялау жүргiзiледi.
Жануарлардың дикроцелиозi бойынша қолайсыз
аумақта өткізілетін жою
іс-шаралары
556. Жануарлардың дикроцелиозi бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) жануарларды байлауда немесе байлап бағуда ұстау ұйымдастырылады;
2) эпизоотологиялық бағалау мақсатында, жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде жайылымдар оларда жер үстiндегі моллюскалар мен құмырсқалардың болуына және орналасу тығыздығына тексерiледi, олардың дикроцелилердің личинкаларын жұқтыруы анықталған жағдайда ол жерлерге сау жануарларды жаюға рұқсат етілмейді;
3) моллюскалардың (дикроцелийлердiң аралық иелерi) санын азайту үшiн жайылым бұталардан және тастардан тазартылады, дақылдық шөптер егiледi немесе инсектицидтiк препараттармен моллюскаларға қарсы тазалау жүргiзiледi;
4) жыл-сайын қараша-желтоқсан айларында емдiк-сақтандыру гельминтті жою жүргiзiледi;
5) гельминтті жою үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген антигельминтиктер қолданылады.
45. Ірi қара малдың, қойлар мен ешкiлердің диктиокаулездері
Жалпы іс-шаралар
557. Жануарлардың диктиокаулездерінің алдын алу және жою мақсатында жануарлардың иесi және ветеринария мамандары ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүзеге асырады.
558. Жануарлардың диктиокаулездермен ауыруының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралары барлық мал басын толыққанды жемшөппен, жануарларды азықтандырудың, суарудың және ұстаудың тиісті шарттармен қамтамасыз ету болып табылады.
559. Жануарларды жайылымды немесе қорада байлап бағу қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектiлерде табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жүйелi түрде жақсарту (жерлерді суландыру, оларды тастардан және бұталардан, орман жайылымдарынан, шырпылар мен өсінділерден тазарту), дақылды жайылымдарды жасақтау, сондай-ақ, әрбір күнтізбелік 5-7 күн сайын ашық қораларды ауыстыра отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша шаралар жүзеге асырылуы қажет.
Жануарлардың диктиокаулездерінің
профилактикасы бойынша
іс-шаралар
560. Жануарлардың диктиокаулездерді жұқтыруын болдырмау мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзу қажет:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рациондары қолданылады. Жайылымдық учаскелер микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады;
2) жануарлар тек қана оттықтардан азықтандырылады;
3) жануарлар су құбырларынан, құдықтардан, өзендерден, ағысы жылдам бұлақтардан алынған таза сумен суарылады. Тоғандардан және басқа да ағынсыз су қоймаларынан суаруға сүзгiш-құдықтардың жасалуын көрсету шартымен рұқсат етіледі. Шалшықтардан, несеп төгілген сулардан, арықтардан және шұңқырлардан суаруға тыйым салынады;
4) мал шаруашылығы қораларының, оттықтардың және астаулардың, күтім жасау заттарының, керек-жарақтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық жерлер мен аумақтардың тазалығы қамтамасыз етіледі. Қоражайлар жақсы желдетiлетін, құрғақ, жарық болуға тиіс;
5) мал шаруашылығы қоражайларда, оларға жақын орналасқан жерлерде және жемшөптер мен су көздерін сақтау орындарында иттердi ұстауға тыйым салынады;
6) мал шаруашылығы қоражайлардан және жаю алаңдарынан қи мен тезек тұрақты түрде зарарсыздандыру үшін арнайы қи қоймаларына шығарылады;
7) әрбiр гельминтті жоюдан кейiн мал несебі күнтізбелік 3-5 күн ішінде жиналып, одан кейін дезинвазиялануы керек. Қоражайларға, жаю алаңдарына, жабдықтарға және керек-жарақтарға дезинвазия жасалады;
8) жануарларды құрғақ жайылымдарда жаю. Жаю үшін жайылымдардың батпақты, ойпатты және несеппен ластанған учаскелерін пайдалануға тыйым салынады;
9) жануарлардың (диктиокаулезге барынша сезімталдары сияқты) жас төлдерiн қырат жерлерде, жақсартылған жайылымдарда бағу жүзеге асырылады, ерте (қысқы) төлдеген бұзауларды қоражайда және байлап бағуда ұстау, сондай-ақ, жас төлді диктиокаулезден еркін өсіруді және сау табынды жасақтауды қамтамасыз ететін басқа да шаралар қолданылады.
561. Ветеринария мамандары жылына кемінде 2 рет гельминттiк копроскопиялық әдiстермен барлық ірi қара малдың, қой мен ешкi мал басының 10-20 %-ын ішінара тексеруге, өлген немесе етке сойылған жануарларды ашу кезінде диктиокаулдың бар-жоғын ескеруге тиіс.
562. Шаруашылыққа жаңадан әкелінетін барлық үй және жабайы жануарларды 30 күн iшiнде профилактикалық карантиндеу және диктиокаулезге гельминттiк копроскопиялық тексеру қажет. Диктиокаулез жұқтырғаны анықталған жағдайда, жануарларды жаппай гельминтті жою жүргiзiлiп, оның тиiмдiлiгi тексерiледi.
Бұрын шаруашылық аумағында кездеспеген жаңадан әкелiнген малдардан диктиокаулез анықталған жағдайда, жануарлар оқшау ұсталып, диктиокаулдан толық арылғанша гельминтті жою жүргiзіледi.
563. Шаруашылықтан шығарар алдында, ірі қара және ұсақ малды диктиокаулезге гельминттік копроскопиялық тексеру жасалады.
Диктиокаулез анықталған жағдайда барлық жануарларға гельминтті жою жасалып, бұдан кейiн оларды шығаруға рұқсат етіледі.
Жануарлардың диктиокаулезiн жою бойынша
іс-шаралар
564. Диктиокаулездің ерекше алдын алудың негізгі шарасы жануарлардың ауруының алдын алуды және қоздырғыштың инвазиясының сыртқы ортада сейілуін қамтамасыз ететін химиялық және биологиялық дәрі-дәрмектерді қолдану болып табылады.
565. Жаппай немесе профилактикалық гельминтті жоюдың алдында қатты әсер ететін және бірінші рет қолданылатын дәрі-дәрмектер және қолдану әдістері жануарлардың шағын тобында (15-20) алдын ала сыналады. 2-3 тәулік ішінде асқынулар болмаған жағдайда барлығына жаппай гельминтті жою жасалады.
566. Жануарларды гельминтті жою үшiн мемлекеттік тiркеуден және сынамалаудан өткен ветеринарлық дәрі-дәрмектер және олардың дәрiлік түрлерi қолданылады.
567. Ірi қара малдың диктиокаулезi анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiде:
1) ағымдағы жылы туған бұзаулар, мал бордақылайтын шаруашылықтарда жасы үлкен бұзаулар қорада немесе оқшауланған байлап бағуда ұстап өсiріледi;
2) диктиокаулез жұқтырған iрi мүйiздi қара малдың өткен жылдың қыркүйек айынан бастап бағылмаған учаскелерде бұзауларды оқшауланған жайылымда-қорада ұстау ұйымдастырылады;
3) көп жылдық дақылды жайылымда бағу, әрбiр ашық қораны (учаскені) 5 тәуліктен аспайтын мерзімге пайдалана отырып, 3-4 айдан соң бастапқы учаскеге қайтара отырып, ұйымдастырылады. Диктиокаул жұқтырған жануарларды көп жылдық дақылды жайылымдарға жаюға рұқсат етілмейді;
4) карантин кезеңiнде шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарлар ларвоскопиялық әдіспен гельминтологиялық тексеруден өткiзіледi. Бүкіл топ бойынша нәтижелер теріс болған жағдайда жануарлар жалпы табынға ауыстырылады;
5) өткен жылы туған бұзаулар жаюға дейін күнтізбелік 20 күн ішінде ларвоскопиялық әдіспен гельминтологиялық тексеруден өткiзіледi;
6) ағымдағы және былтырғы жылы туған бұзаулар ішінара (20-25 бас) бiрiншi рет жайылғаннан кейін күнтізбелік 45-50 күн өткен соң, одан кейін жайылым мерзiмiнiң соңына дейiн әрбiр күнтізбелік 15 күн сайын ларвоскопиялық әдіспен гельминтологиялық тексеруден өткiзіледi;
7) табында бұзаулардың ауруы анықталған жағдайда гельминтті жою жасалып, қамап ұстауға ауыстырылады. Қажеттілігіне қарай гельминтті жою тек күнтізбелік 12 күннен кешіктірілмей қайталанады.
568. Қой мен ешкiнiң диктиокаулезi анықталған шаруашылық жүргізуші субъектiлерде:
1) ларвоскопия әдісімен ішінара гельминтке тексеру жүргiзедi: көктемде (наурыз) бұрын табиғи жайылымда бағылған барлық табындар мен елдi мекендердегі жануарларға - 3; жазда (шiлде-тамыз) барлық саулық табындарда ағымдағы жылы туған қозылар мен лақтарға - 3; күзде, қамап ұстау алдында жаңадан жинақталған жас малдарға және 2 жасқа дейiнгi қой мен ешкiге – 3;
2) табындарда ауру жұқтырған жануарлар анықталған жағдайда көктемде жайылымға шыққанға дейiн бұрын жайылымда бағылған қой мен ешкiлерге (әсiресе төлдегеннен кейiн саулықтар) – 3, жазда (шiлде-тамыз) қозыларды, күзде барлық жануарларға (қамап ұстауға қою кезінде) - 3 гельминтті жою жүргізіледі;
3) жыл бойы жайылымда күтіп-бағу кезінде және айдаудағы қой шаруашылығында жануарларды тексеру және гельминтті жою мерзiмiн, диктиокаулездің өңірлік эпизоотологиясының ерекшелiктерiн ескере отырып, белгілейді;
4) жануарлар диктиокаулезі клиникасымен ауырған кезде оларда жыл мезгiлiне қарамастан тез арада емдік гельминтті жоюды жүргізеді.
569. Төлдегенге дейін 2 апта бұрын және төлдегеннен кейін 2 апта болған буаз сиырлар, қойлар, сондай-ақ, арық малдар, iшi кепкен, остеомаляция белгiлерi бар және басқа да өткір және ауыр түрде ауырған жануарлар гельминтті жоюға жатпайды. Мұндай жануарлар олар сауыққаннан кейiн, жеке гельминтті жоюдан өткiзіледi.
570. Дәрі-дәрмектерді терiге, терi астына, бұлшық етке, көк тамырға, қабақ астына, кеңiрдекке егу кезінде асептика және антисептика ережелерiн қатаң түрде сақтау қажет.
46. Ірi қара малдың, қойлар мен ешкiлердің мониезиозы
Жалпы іс-шаралар
571. Жануарлар мониезиозінің алдын алу және жою мақсатында жануарлардың иесi және ветеринария мамандары ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүзеге асыруға міндетті.
572. Жануарлардың мониезиозбен ауыруының алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылық іс-шаралар барлық мал басын толыққанды азықпен, азықтандырудың, суарудың және ұстаудың тиісті жағдайымен қамтамасыз етуді білдіреді.
573. Жануарларды жайылымды немесе қорада байлап ұстау қолданылатын шаруашылық жүргізуші субъектiлерде табиғи шабындықтар мен жайылымдарды жақсарту (жерлерді мелиорациялау, оларды тастардан және бұталардан, орман жайылымдарын шөпшектер мен өсінділерден тазарту), дақылды жайылымдарды жасақтау, сондай-ақ, әрбір күнтізбелік 5-7 күн сайын қораларды ауыстыра отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша шараларды жүйелi түрде жүзеге асыру қажет.
Жануарлар мониезиозының
алдын алу жөніндегі
іс-шаралар
574. Жануарлардың мониезиоздерді жұқтыруының алдын алу мақсатында жануарлардың иелері мынадай іс-шаралар жүргiзедi:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рацион қолданады. Жайылымдық учаскелер микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады;
2) жануарларды тек қана науалардан азықтандырады;
3) жануарларды су құбырларының, құдықтардың, өзендердің, ағысы жылдам бұлақтардың таза суымен суарады. Тоғандардан және басқа да ағынсыз су қоймаларынан суаруға сүзгiш-құдықтар жасалған жағдайларда рұқсат етіледі. Жануарларды шалшықтардан, несеп төгілген сулардан, арықтардан және шұңқырлардан суаруға тыйым салынады;
4) мал қораларының, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық жерлер мен аумақтардың тазалығын қамтамасыз етеді.
Мал қоралар жақсы желдетiлетін, құрғақ, жарық болуға тиіс;
5) мал қораларынан, жаю алаңдарынан және баздардан қи тұрақты түрде зарарсыздандыру үшін арнайы қи қоймаларына шығарылады;
6) әрбiр дегельминтизациядан кейiн мал несебі күнтізбелік 3-5 күн ішінде жиналып, одан кейін дезинвазиялануы керек. Мал қораларына, жаю алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға да дезинвазия жасалады;
7) жануарларды құрғақ жайылымдарда жаяды. Жаю үшін жайылымдардың батпақты, ойпатты және несеппен ластанған учаскелерін пайдалануға рұқсат етілмейді;
8) жануарлардың жас төлдерiн қырат жерлерде, жақсартылған жайылымдарда бағуды жүзеге асырады, ерте (қысқы) туған бұзауларды қорада және байлап бағуда ұстау, сондай-ақ жас төлді мониезиозден еркін өсіруді және сау табындарды жасақтауды қамтамасыз ететін басқа да шаралар қабылдайды.
575. Ветеринария мамандары жылына кемінде 2 рет гельминттiк копроскопиялық әдiстермен барлық iрi қара мал, қой мен ешкi мал басының 10-20 %-ын ішінара тексеруге, өлген немесе етке сойылған жануарларды ашу кезінде мониезиоздың бар-жоғын ескеруге тиіс.
576. Шаруашылыққа жаңадан келіп түскен барлық үй және жабайы жануарлар 30 күн iшiнде профилактикалық карантинделуі және мониезиозге гельминттiк копроскопиялық тексерілуі керек. Мониезиоз жұқтырғаны белгіленген кезде, жануарлардың мал басын дегельминтизациялау жүргiзiлiп, оның тиiмдiлiгi тексерiледi.
Жаңадан әкелiнген малдарда бұрын шаруашылық аумағында кездеспеген мониезиоз анықталған кезде, жануарлар оқшау ұсталып, мониезиоздерден толық арылғанша дегельминтизация жүргiзіледi.
577. Шаруашылықтан шығарар алдында, iрi қара және ұсақ малды мониезиозге гельминттік копроскопиялық тексеру жасалады. Мониезиоз гельминттері анықталған кезде барлық жануарларға дегельминтизация жасалып, бұдан кейiн оларды шығаруға рұқсат етіледі.
Жануарлардың мониезиозын
жою бойынша арнайы
іс-шаралар
578. Мониезиоздың ерекше профилактикасының негізгі шарасы жануарлар ауруының алдын алуды және инвазия қоздырғышының сыртқы ортада сейілуін қамтамасыз ететін химиялық және биологиялық препараттарды қолдану болып табылады.
579. Малдардың мониезиозді жұқтыруы анықталған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерде малды қорада ұстауға қою және жайылымға айдау алдында профилактикалық дегельминтизация жүргізілуі керек.
580. Преимагиналды дегельминтизация жануарлардың организмiндегi мониезиоздар жыныстық жетілуге жетпеген мерзiмде жүргiзіледi.
581. Жануарлардың мониезиоздардың клиникалық белгiлерi болған кезде дегельминтизация жылдың кез келген уақытында жүргiзіледi. Қайталама инфекциядан немесе жұқпалы емес аурулардан туындаған асқынулар жағдайында қайталанатын ауруға қарсы симптоматикалық емдеу белгіленеді және тек қана осыдан кейін жануарлар дегельминтизацияланады.
582. Жаппай емдік немесе профилактикалық дегельминтизацияның алдында қатты әсер ететін және жабдықтауға бірінші келіп түскен препараттар мен қолдану әдістері жануарлардың шағын тобында (15-20) алдын ала сыналады. 2-3 тәулік ішінде асқынулар болмаған кезде барлық мал басына дегельминтизация жасалады.
583. Қозылар мен лақтарды профилактикалық дегельминтизация бiрiншi рет оларды жайылымға немесе қора аумағына айдап шығарған соң күнтізбелік 14-16 күннен кейiн (жыл бойы жайылымда ұстау кезінде туғаннан кейін күнтізбелік 25-30 күн өткен соң), қайталама бiрiншi дегельминтизациядан кейін күнтізбелік 15-20 күн өткен соң, үшiншi рет екiншi дегельминтизациядан кейін күнтізбелік 25-30 күн өткен соң жасалады. Қозылар мен лақтар қыркүйек айында бiр рет дегельминтизацияланады, ал жануарларды қорада ұстауға ауыстырғаннан кейін күнтізбелік 30 күн өткен соң қой мен ешкiнiң барлық мал басы дегельминтизацияланады. Жыл бойы жайылымда бағылатын шаруашылықтарда бiр жастан асқан ұсақ малға күзде және жоспарлы төлдеу аяқталған соң профилактикалық дегельминтизация жасалады.
Ағымдағы жылы туылған бұзауларға профилактикалық дегельминтизация 2 рет жүргiзiледi: бiрiншi рет жайылымға шығарылғаннан кейін 35-40 күнтізбелік күн өткен соң, екiншi рет бiрiншi дегельминтизациядан кейін 35-40 күнтізбелік күн өткен соң, ал бір жастан асқан бұзауларға жылына бiр рет жайылымға шығарылғаннан кейін күнтізбелік 35-40 күн өткен соң жасалады.
584. Төлдеуіне 2 апта қалған және төлдегеннен кейін 2 апта өткен буаз сиырлар мен қойлар, сондай-ақ, арық малдар, iшi кепкен, остеомаляция белгiлерi бар және басқа да өткір және ауыр түрде ауырған жануарлар дегельминтизациялауға жатпайды. Бұл жануарлар олардың денсаулық жағдайы жақсарғаннан кейiн жеке дегельминтизациядан өткiзіледi.
585. Жануарларды дегельминтизациялау үшiн мемлекеттік тiркеуден және сынамалаудан өткен ветеринариялық препараттар мен дәрi түрлерi қолданылады.
586. Препараттарды терi астына, бұлшық етке, көк тамырға егу кезінде асептика және антисептика ережелерiн қатаң түрде сақтау қажет.
587. Мониезиоз анықталған шаруашылық жүргізуші субъектілерде, бұзауларды соңғы 3 жыл бойы ауырған малдар жайылмаған жайылымда ересек малдардан оқшау бағады. Дақылды жайылымда бағу үшiн бiр жылдық шөп егiлген қоршауды пайдаланады. Көп жылдық шөптері бар қоршауда бұзаулар тек қана алғашқы егу жылында бағылады.
588. Жануарларды қорада немесе байлап бағуда ұстау қолданылады, мұнда олар мониезиозды жұқтырмайды.
589. Көрсетiлген іс-шараларды орындау мүмкiн болмаған кезде профилактикалық дегельминтизация және химиялық профилактика жүргізіледі.
47. Пироплазмоз
Жануарлардың пироплазмозының алдын алу және
профилактикасы бойынша өткiзілетін
iс-шаралар
590. Жануарларды пироплазмозды жұқтыруының алдын алу үшiн мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) табындар пироплазмоз бойынша қолайлы пункттердің жануарларынан топтастырылады және мемлекеттiк ветеринариялық инспектордың хабарынсыз табынға жаңадан келіп түскен жануарлар қосылмайды;
2) басқа жерлерден жаңадан әкелiнген барлық жануарлар күнтізбелік 30 күн бойы карантинде ұсталады. Осы уақыт iшiнде жануарлар жүйелi тексеруден өткiзіледi және иксод кенелерi анықталған кезде жануарлар Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген акаридцидтік препараттармен өңделеді, өңдеу су бүрку, шомылдыру, дуст себу немесе сүрту жолымен жүргізіледі. Кенелерге қарсы ылғалды өңдеуді жүргiзу үшiн шомылдыру ванналары, тұрақты немесе жылжымалы бүрiккiш тетіктер жабдықталады;
3) жануарларды кене баспаған қораларда ұстау қамтамасыз етіледi;
4) егер, жануарлар пироплазмоз бойынша қолайсыз аумақтан әкелiнсе, олар бiр мәрте Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген акарицидтiк препараттардың бiрiмен өңделеді;
5) жануарларды кенелерге қарсы кезең-кезеңімен өңдеу, оларды ұстау жүйесiне, жыл мезгiлiне және жайылым жерлері аумағындағы кенелердiң санына және белсендiлiгiне байланысты жүргiзiледi. Айдауда бағу жүйесі кезінде жануарлар жергілікті жерде кене басу бойынша көрсеткіштерге сәйкес айдау трассаларындағы акарицидтермен өңделеді;
6) табиғи және жасанды жайылымдарды пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жайылымдарды ауыстыру кенелердiң биологиясымен олардың жануарларда паразиттiк өмiр сүру уақытын ескере отырып жүргізіледі.
591. Пироплазмоз бойынша қолайсыз пункттерде жануарлардың түрiн, қоздырушының және оған тән тасымалдаушы кенелердiң түрiн ескеру және аурулар мен кенелердiң таралу картасын жүргізу қажет. Барлық мал басы, кенелердiң белсендiлiк кезеңiн және акарацидтiк препараттардың қалдықты әсер ету ұзақтығын ескере отырып өңделеді. Жануарлар кене баспаған жайылымдарда бағылады.
592. Жануарлардың денесiнде тасымалдаушы кенелер анықталған кезде немесе аурудың жекелеген жағдайлары анықталған кезде бүкіл табын Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізіліміне енгiзiлген акарицидтiк препараттармен өңделеді. Өңдеу ерте химиялық профилактика үшін ұсынылатын шамада және әрбiр күнтізбелік 15 күннен кейiн мал басының жаппай ауруының тоқтауына дейiн қайталанады. Жануарлар химиялық профилактика жүргiзiлгеннен кейін екiншi күнi акарацидтiк препараттармен кенелерге қарсы өңделеді.
593. Пироплазмозға диагноз қойылғаннан кейiн бүкіл табын акарацидтiк препараттардың бiрiмен емдiк мөлшерде өңделеді.
594. Кенеленген мал қоралар мұқият механикалық тазалаудан кейiн акарацидтiк препараттармен өңделеді.
595. Мал шаруашылығы қораларын профилактикалық дезакаризациялау жылына кемiнде 3-4 рет өткiзіледi.
596. Жануарлардың пироплазмозын тасымалдаушы иксод кенелермен күрестi олардың мекендейтін жерлерiнде агротехникалық және жер суландыру іс-шараларын өткізу жолымен жүргiзу қажет. Кенелердің биотоптарында, жайылымдарда бұталарды тегістеу, арамшөптердi жою, тың және тыңайған жерлердi жырту, дақылды шөптерді егу жүргізіледі.
597. Кенелердiң санын азайтуға мына схемалар бойынша жүргізілетін жайылымдарды ауыстыру жолымен қол жеткізіледі:
1) егер шаруашылық жүргізуші субъектiлерде кенелерi жоқ және кене басқан жайылымдар бар болса, онда кенелерi жоқ аумақ төрт учаскеге бөлінедi. Әр учаскеде мал көктемнен бастап күнтізбелік 25 күннен бағылады. Төрт учаскені пайдаланғаннан кейiн жануарлар былтырғы күзден бастап жануарлар болмаған кене басқан аумаққа ауыстырылады. Одан бергi өткен кезең 7 айдан астам уақытты құрайды. Осы мерзімде кене басқан учаскеде жануарлар болмағандықтан, учаскелердегі личинкалардың қоректену мүмкіндігі болмайды, соның салдарынан олардың негізгі бөлігі өледi;
2) егер бүкіл жайылым алқабын кене басқан болса, онда жайылымдарды ауыстыру екi учаскеге бөлу жолымен ұйымдастырылады. Олардың бірінде жануарлар бағылады, ал екiншiсі бiр жыл бойы бос тұрады, осы уақыт аралығында ол кенеден тазарады.
Келесi жылы жануарлар кенеден босаған аумақта бағылады, ал жануарлар бағылған учаске бiр жыл бойы пайдаланылмайды және ол да кенеден тазартылады.
598. Мал қораларындағы, ашық қоралардағы және қоршаған аумақта қанның паразиттiк ауруларын тасымалдаушы кенелер личинкаларының тышқан тәрiздi кемiргiш-қоректендіргіштерімен жүйелі түрде күрес жүргiзiледi.
599. Жануарлардың денесiндегi кенелердi жою үшiн оларды акарицидтi препараттардың ерiтiндiлерімен ұсынылған концентрацияда күнтізбелік 7-10 күнде бiр рет ванналарда шомылдырады немесе душ қондырғыларында су бүркедi. Жануарларды өңдеу көктемгi жайылымға шығару алдында күнтізбелік 2-3 күн бұрын басталып, олардың жануарлар денесiнде паразиттiк өмiр сүру маусымы кезеңінде жүргізіледі.
600. Жануарларды союға оларды қолдану бойынша нұсқаулықта белгіленген мерзімде пайдаланылатын акарицидтердің қалдықтарын толығымен ыдыратқаннан кейін рұқсат етiледi. Жануарлар мәжбүрлі түрде сойылған жағдайда, олардың етi мен органдары зертханада акарицид қалдықтарының бар-жоқтығына тексеріледі.
48. Саркоптоидоз және демодекоз
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы
аумақта өткізілетін
iс-шаралар
601. Мал қораларында жыл сайын дезинфекция жүргiзіледi.
602. Жаңадан әкелінген жануарлар күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұсталады.
603. Жануарларды ветеринариялық-санитариялық инспектордың келiсiмiнсiз жергілікті жерлерде қайта топтастыруды жүргізуге тыйым салынады.
Қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
604. Саркоптоидоз ауруына күдiктену жағдайында жануарлар дереу оқшауланады және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарланады.
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор барлық мал басын тексеруден өткiзедi, терi жарақаты болған жағдайларда, зертханалық зерттеулер үшін сынамаларды іріктеп алады.
605. Шаруашылық жүргізуші субъектiлер және жануарлардың иелерi саркоптоидозды жоюға бағытталған барлық іс-шаралардың орындалуын және өткізілуін қамтамасыз етуге тиіс.
606. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы жануарлардың саркоптоидозын жою іс-шараларының өткізілуін бақылайды.
607. Меншiк нысанына қарамастан шаруашылық (табын, ферма, отар) қолайсыз болған кезде:
1) жануарлардың кіргізуге және шығаруға;
2) сау мал басымен бiрге жаюға, ұстауға, суаруға және басқа да жанастыруға;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың келiсiмiнсiз жануарларды қайта топтастыруға;
4) аумаққа бөгде адамдардың жіберілуіне тыйым салынады.
608. Өлген, өлтірілген және сароптоидозбен ауырған жануарлардан сыпырылған терiлер Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген ветеринариялық препараттармен зарарсыздандырылады, ал тауарлық құн жоқ мамық жүнді аңдар мен қояндардың терiсi жағу жолымен жойылады.
609. Мал қораларда, баздарда, қой қораларда, торларда дезакаризация жүргізіледі.
610. Саркоптоидозды ауру малдар бағылған және айдалып өткен жайылымдарды және мал айдау трассаларын жаз айларында күнтізбелік 30 күннен кейін ғана пайдалануға рұқсат беріледі.
611. Саркоптоидоздарды емдеу және профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) саркоптоз және псороптоз кезінде қойлар мен ешкiлердiң профилактикасы мақсатында бір мәрте және емдеу мақсатында екі мәрте (арасы 7-10 күннен) көлемi 8-15 метр3 стационарлық ванналарда акарацидтiк препараттардың судағы ерiтiндiсiне шомылдырады;
2) қыста қойлардың псороптозбен ауру жағдайлары болған отарлар қырықтықтан кейін көктемде екi рет және күзде бiр рет өңделеді;
3) iрi қара малды, қойларды және ешкiлерді, түйелерді, шошқаларды, ала бұғыларды, маралдар мен бұғыларды, қояндарды, мамық жүнді аңдарды, иттер және мысықтарды саркоптоидоздан емдеу және профилактикалық өңдеу үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген акарацидттер қолданылады;
4) жануарлар шомылдыру алдында дем алдырылады, 4-5 сағат бойы азықтандыруды және 1-2 сағат бұрын суаруды тоқтатады;
5) шомылдыруға буаз қойлар (ешкiлер) төлдеуге бiр ай қалғанда жiберiлмейдi, бiр айға дейiнгi қозылар (лақтар), аналық қойлар ұрықтандыруға 45 күн қалғанда жiберiлмейдi;
6) ауру және арық жануарлар отардан бөлінеді, олар қосымша жемшөппен қамтамасыз етіледі және қанағаттанарлық қоңдылыққа жеткеннен (сауыққаннан) кейін шомылдырылады. Қатты жаңбырдың астында қалған жабағысы кеппеген қойлар, күнтізбелік 7-10 күннен кейiн қайта шомылдырылады;
7) акарацидтердi бүрку жолымен пайдалануға тыйым салынады.
612. Қырқуға бiрiншi кезекте сау отардағы қойлар жіберіледі. Қолайсыз отарлардың жануарларын қырқу орналасқан орындарында жүзеге асырылады.
613. Ауру жануарлардан алынған жүн жеке үй-жайларда сақталады. Ол дезакаризациялау үшін «қотыр» деген таңбасы бар тығыз қосарлы жұмсақ ыдыста өңдеуші кәсіпорындарға әкетіледі.
614. Қораларды, баздарды дезакаризациялау оларды механикалық тазартудан кейiн жүргiзiледi. Қи, төсем, жемшөп қалдықтары 3 айға дейінгі мерзімге биотермиялық зарарсыздандыру үшін қи қоймасына шығарылады.
49. Жануарлардың токсоплазмозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
615. Жануарлардың токсоплазмозды жұқтыруының алдын алу мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектiлер, ветеринар мамандар, сондай-ақ жануарлардың иелерi:
1) токсоплазмоз бойынша қолайлы шаруашылықтардан отарларды, мал табындарын жасақтауы;
2) қораларды жүйелi түрде дезинвазиялау және профилактикалық дезакаризациялау жүргізуі;
3) мал қораларға мысықтар мен иттердi жiбермеуі;
4) мысықтар мен иттерді өлi немесе түсік тастаған төлдермен азықтандыруға жол бермеуі;
5) 30 күнтізбелік күн бойы жаңадан келіп түскен барлық жануарларды карантиндеуі қажет.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
616. Шаруашылық жүргізуші субъектiде жануарлардың токсоплазмозбен ауруына күдiктену кезінде ветеринар маман бұл туралы тез арада тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
617. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы токсоплазмоз ауруының пайда болуы туралы хабарды алғаннан кейiн ауру шыққан жерге келедi және эпизоотия ошағының шекарасын анықтай отырып, қолайсыз пункттi эпизоотологиялық тексерудi ұйымдастырады. Ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және диагноз қою үшiн ветеринариялық зертханаға жiбередi.
618. Эпизоотологиялық және клиникалық белгiлерi (этиологиясы анықталмаған бедеулік және түсік тастау, мутацияланған және тiршiлiкке қабілетсіз төлдердiң тууы) бар шаруашылық жүргізуші субъектіде барлық жануарлардан алынған қан токсоплазмозға тексеріледi. Өлген және мәжбүрлі сойылған малдардың басы, бауыры, көкбауыры, өкпесi, жүрегi, сондай-ақ өлi туған төлдерi зертханаға жiберіледi.
619. Клиникалық белгiлерiнен және оң реакциясынан басқа микроскопиялық түрде токсоплазмоздың қоздырушысы табылған жануарлар ғана ауру деп танылады.
620. Жануарларда тек қана клиникалық белгiлерi мен оң реакция болған кезде олардың ауру күдігі бар деп есептеледі.
621. Шаруашылық жүргізуші субъекті аумағында түпкілікті диагноз белгіленген кезде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) токосплазмозбен ауырған ауыл шаруашылығы жануарлар сойылады, олардың еті қайнатылғаннан кейiн қолданады, қосалқы өнiмдер жойылады;
2) ауру күдігі бар жануарлар оқшауланады, ал жайылымдық ұстау кезінде олар жеке жайылым учаскесiнде бағылады;
3) ауру жануарлардың сүтін пастеризациядан немесе қайнатылғаннан кейiн ғана пайдаланылуға рұқсат етіледі;
4) өлi туған және түсік тастаған төлдер зертханаға зерттеуге жiберіледi;
5) ауру күдігі бар барлық жануарларға ветеринариялық бақылау жүргiзіледi және айына бiр рет (қатарынан алты ай бойы) сарысуды токсоплазмозға тексеру жүргізіледі.
622. Егер осы кезеңде аталған жануарлардың арасынан токсоплазмозбен ауру жануарлар бөлінбесе, ал сарысуды зерттеген кезде титрдiң төмендегенi байқалса, ондай жануарлар сау жануарлар тобына ауыстырылады:
1) токсоплазмозбен ауру иттер, мысықтар және мамық жүнді аңдар, сондай-ақ ауру күдігі барлар жойылады;
2) токсоплазмозбен ауру немесе ауру күдігі бар жануарлар сойылғаннан кейiн алынған терiлер өңделгеннен (тұздау, кептiру және басқа да әдiстер) кейiн шектеусiз шығарылады;
3) ауру немесе ауру күдігі бар жануарлар ұсталған қоралар дезинвазияланады.
623. Токсоплазмоз бойынша қолайсыз пунктте ауру жануарлар сойылғаннан кейiн және ауру күдігі бар малдар оқшауланғаннан кейiн қалған жануарларды шектеусiз сатуға және шығаруға және олардан алынған барлық мал шаруашылығы өнiмдерiн пайдалануға рұқсат етiледi.
624. Шаруашылық жүргізуші субъектідегі клиникалық сау жануарлар сауықтырылғанға дейiн айына бiр рет серологиялық тексеру жүргізіледі. Клиникалық белгiлер байқалған және серологиялық зерттеу кезінде екi рет қайталанатын оң реакция болған жағдайда, жануарлар ауру күдігі бар жануарлар тобына ауыстырылады. Жануар өлген, түсік тастаған, өлi төл туған және буаздықтың басқа да патологиялық нысандары жағдайында материалдар зертханаға жiберіледi.
625. Жануарлардың токсоплазмозбен ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъектi егер бiр жыл iшiнде ауру жануарлар бөлiнбесе, аурудың айқын клиникалық белгiлерi, оның ішінде буаздықтың патологиясы жағдайлары байқалмаса, сауықтырылған болып есептеледі.
50. Фасциолез
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикалық
iс-шаралар
626. Жануарларға фасциолезді жұқтыруының алдын алу мақсатында, мынадай iс-шаралар өткізіледі:
1) профилактикалық дегельминтизация жылына кемiнде 2 рет: жануарларды қораға қойғаннан кейiн бір айдан кейін, одан кейiн үш ай өткен соң (фасциолдар бұл кезде жыныстық жетілу кезеңіне жетеді, оған антгельминтиктер барынша белсенді әсер етеді), малды жайылымға шығарудан бiр ай бұрын дегельминтизация тоқтатылады;
2) жануарлардың фасциолезіне күдіктенумен аурудың барлық жағдайларында ветеринария қызметіне уақтылы хабарланады;
3) ветеринария мамандарының талап етуі бойынша сатып алынған жануарлар туралы қажетті мәліметтер ұсынылады және оларды тексеруді, зерттеуді және өңдеулерді жүргізу үшін жағдайлар жасалады;
4) жануарларды тасымалдау, ұстау және азықтандыру кезiнде, мал шаруашылығы объектілерінің құрылысы кезiнде санитариялық және ветеринариялық-санитариялық талаптар сақталады.
Жануарлардың фасциолезімен күресу
шаралары
627. Жануарлардың фасциолезімен күресу – арнайы iс-шараларды пайдалана отырып, кешендi түрде жүргiзiледi. Кешендi профилактикалық iс-шаралар мыналарды қамтиды:
1) дефинитивтік иелерді дегельминтизациялау;
2) ұлулардың биотоптарын анықтау және оларды жою;
3) жайылымды ауыстыруды жүргізу, толыққанды азықтандыру және жануарларды санитариялық-гигиеналық ұстау.
628. Дегельминтизациялау үшін антгельментиктер препараттары қолданылады.
Кейіннен паразиттердің тұрақты, резистентті нәсілдерінің пайда болуымен гельминттердің препараттарға бейімделуін болдырмау үшін дегелминтизациялау кезінде антгельминтиктердi ауыстыру қажет.
629. Фасциолездің профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) өзендердің, аңғарлардың, батпақ атыраптарының және су қоймаларының аңғарларын (жағалаулар, өсімдіктер мен суландыру каналдарының әсіресе, жерге түскен жапырақтардың түбі), шалшықтарды, су қоймалары жағалауындағы жануарлар тұяқтарының іздерін тексеру жолымен жайылымдардағы ұлулардың биотоптарын анықтау;
2) биотоптары құрғауы кезінде немесе суық түскен кезде ұлулар топырақ сынамаларын шаю жолымен табылады;
3) алаңдар жануарлардың су ішуіне арналған қатты жабынмен жабдықталады;
4) жануарларды бағу мал жаюды 2-2,5 ай сайын ауыстыра отырып, қыратты құрғақ жерлерде жүргізіледі. Жануарларды ойпаң батпақты жерлерде жаюға және ұсақ ағынсыз су қоймаларынан суаруға тыйым салынады;
5) қиды биотермиялық өңдеу қамтамасыз етіледі;
6) сатып алынатын жануарлардың несебін гельминттiк копроскопиялық зерттеулер жүргізіледі.
51. Анаплазмоз
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге
асырылатын анаплазмозды профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
630. Аурудың алдын алу мақсатында меншiгiнде жануарлары бар жеке және заңды тұлғалар:
1) профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды жыл сайын ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) жас малдарды ересек мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды әкелуді және жемшөпті сатып алуды тек қана қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұстайды;
6) мал қораларды, аулаларды, ашық қораларды және тұрақтарды дезакаризациялауды жүргізеді;
7) жануарлардың, жайылымдардың биотиптеріндегі кенелермен жүйелi түрде күрес жүргізеді;
8) әкелiнетiн, әкетiлетiн, сондай-ақ орны ауыстырылатын жануарлар карантиндеуге және анаплазмозға тексеруге жатады;
9) хирургиялық операцияларды жүргiзу, жануарларды жаппай ветеринариялық өңдеу кезiнде асептика және антисептика қағидаларын қатаң сақтайды.
Анаплазмоз бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
631. Шаруашылық жүргізуші субъектiде анаплазмозбен ауыратын жануарлар анықталған кезде, ветеринар маман бұл туралы дереу тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
632. Тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жануарлардың анаплазмозбен ауыруына күдіктену туралы хабарды алысымен диагноз қою, эпизоотологиялық тексеру жүргізу, эпизоотия ошағының және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау үшін дереу осы жерге келіп, ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды іріктейді және ветеринариялық зертханаға жiбередi.
633. Анаплазмозға диагноз қою кезінде, жануарлар оқшауланып, оларды емдеу үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады. Апта сайын жануарлар акарицидтi препараттармен өңделедi.
52. Iрi қара малдың гиподерматозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактикалық
іс-шаралар
634. Гиподерматоздың алдын алу және жою мақсатында ауру қоздырғыштарының биологиясын, эпизоотиялық ерекшелiктерiн, жергiлiктi табиғи климаттық жағдайларды және мал шаруашылығын жүргiзу технологиясын ескере отырып ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және емдеу-профилактикалық іс-шаралар кешенi жүзеге асырылады.
635. Ұйымдастыру-шаруашылық іс-шаралары жануарларды толыққанды жемшөппен қамтамасыз ету, зоогигиеналық талаптарға жауап беретін суаруды және ұстауды қамтиды.
636. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар шаруашылық жүргiзу технологиясын ескере отырып, қоралардан және жайылу алаңдарынан қиды тұрақты жинауды, қораларды, шатырлы жайларды, жазғы қоршалған қораларды дезинфекциялауды қамтиды.
637. Жайылымдарға бөгелек личинкаларымен зақымданған, сондай-ақ шаруашылыққа жаңадан әкелінген жануарларды оларды инсектицедтермен алдын ала өңдеусіз жайылымдарға бағуға рұқсат етілмейді.
638. Бөгелектердің ұшу маусымында жануарлар қораларда, шатыр астында, қараңғыланған жерлерде ұсталып, таңертең бөгелектердің ұшуы басталғанға дейін, кешке – олардың ұшуы аяқталғаннан кейін жайылады.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
iс-шаралар
639. Гиподерматозбен iс-шаралар кешенінде күресудiң негiзгi әдiсі жануарларды жануардың организмінде болатын бөгелектердің бiрiншi кезеңдегі личинкаларын жоюға бағытталған Қазақстан Республикасында тiркелген ветеринариялық препараттармен бастапқы өңдеу болып табылады. Осы мақсатта жануарларды күзде бөгелектердiң ұшуы аяқталғаннан кейін өңдейді. Гиподерматоз бойынша қолайсыз өңірлерде барлық мал басы химиялық терапиялауға жатады.
640. Iрi қара малды тексеру және екінші және үшінші кезеңдегі личинкаларға қарсы химиялық терапия республиканың оңтүстiк бөлігінде ақпан-наурыз айларында, орталық және солтүстiк бөлiктерінде сәуiр-мамыр айларында жүргiзіледi.
53. Ірi қара малдың тейлериозы
Ауру профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
641. Шаруашылық жүргізуші субъектiлердің басшылары жануарларды аурудың тасымалдаушы кенелермен жанасуын болдырмайтын жағдайларда ұстауы қажет, ол үшiн:
1) сезімтал жануарды кенелерден таза қораларда ұстауды қамтамасыз ету;
2) тейлериоз бойынша қолайсыз пунктте немесе шаруашылық жүргізуші субъектiде сезімтал жануарларды қорада және қора-лагерьлік күтiп-бағуды немесе биік таулы жайылымдарда жаюды ұйымдастыру қажет.
642. Тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы мыналарды жүзеге асырады:
1) тейлериоз бойынша қолайсыз пунктте немесе шаруашылық жүргізуші субъектiде эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, кенелерге қарсы және тейлериозға қарсы іс-шаралардың кешендi жоспарын жасайды;
2) осы жерде мекендейтiн тасымалдаушы кенелердiң түрлерiн анықтайды;
3) олардың жануарларды шағу мерзiмiн ескере отырып, кенелердiң таралу картасын жасайды.
Ауруды жою бойынша
іс-шаралар
643. Тейлериоз белгіленген қолайсыз пункттерде не шаруашылық жүргізуші субъектiлерде тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының рұқсатынсыз жануарларды қайта топтастыруға және әкелуге рұқсат етілмейді.
644. Мал қораларды және жануарларды кенелерге қарсы өңдеу үшiн, сондай-ақ, тейлериоздың алдын алу және оны емдеу үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар пайдаланылады.
645. Жануарларды кенелерге қарсы өңдеу жергiлiктi температуралық жағдайларға және кенелердiң белсендiлiгiне байланысты наурыз-қыркүйек айларында аптасына бiр рет, қазан-қараша айларында екi аптада бiр рет және желтоқсан-ақпан айларында айына бiр рет жүргiзедi.
646. Наурыз-қыркүйек айларында жануарларды өңдеу үшiн дымқыл әдiс, бүрку немесе ванналарға тоғыту қолданылады.
647. Кенелерге қарсы өңдеу iрi қара малға, жылқы мен түйелерге жасалады.
54. Iрi қара малдың телязиозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
iрi қара малдың телязиозын профилактикасы жөніндегі
iс-шаралар
648. Iрi қара мал телязиозының профилактикасы үшiн мынадай iс-шаралар жүргізiледi:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рацион жасалады;
2) жайылымдық учаскелері микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден және басқа да элементтер) қоспалар қосылады;
3) жануарлар тек қана науалардан азықтандырылады;
4) жануарлар үшін қоралардың, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық аумақтың тазалығын қамтамасыз ету, сондай-ақ дезинсекциялауды өткiзу;
5) үй-жайлардан, жаю алаңдарынан және мал қоралардан қи мен тезекті күн сайын зарарсыздандыруға арналған арнайы қи қоймаларына шығаруды қамтамасыз ету;
6) қи жинауға арналған арнайы құрал-саймандар және көлiк бөлу;
7) әрбiр дегельминтизациядан кейiн жою үшiн қиды жинауды қамтамасыз ету;
8) қораларды, жаю алаңдарын, жануарлар шоғырланатын жерлерді, сондай-ақ құрал-саймандарды, жабдықтарды дезинвазиялауды және дезинсекциялауды жүргізу;
9) жануарларды жаюға батпақты жайылымдарды пайдаланбау;
10) телязиозды болжау және алдын алу үшiн инвазияның белсендiлiгiн зерттеу. Ол үшiн мерзімді түрді жылына кемінде бiр рет, мал басының ішінара 10-20 %-ның көз конъюктивасынан шаю әдісімен зерттеледi;
11) шаруашылық жүргізуші субъектілерде жаңадан келіп түскен жануарларды гельминтологиялық тексеруден өткiзу. Жануарлардың гельминттермен зақымданғаны анықталған кезде, барлық мал басына дегельминтизация жүргiзу.
649. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерден әкету алдында iрi қара малдар телязиозға гельминтологиялық тексеруден өтеді. Телязиоз гельминттері анықталған кезде барлық жануарлар арнайы ерiтiндiмен жұмсақ ұшты спринцовкамен көздерiн шаю арқылы дегельминтизацияланады және содан кейін ғана оларды алып кетуге рұқсат етiледi.
Iрi қара малдың телязиозын емдеу үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген ерекше дәрiлік заттар қолданылады.
Эпизоотия ошақтарында және ірi қара малдың телязиозы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
650. Ірi қара малдың телязиозы бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде барлық ауру жануарлардың көздерiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген емдiк ерiтiндiлермен және эмульсиялармен шаю жүргiзiледi.
651. Телязиоздың секундарлық инфекциямен асқынса, онда симптоматиялық емдеу жүргiзiледi.
652. Күннің ыстық кезеңінде сиыр шыбындары неғұрлым белсендi болғанда жануарларды жабық қораларда немесе шатыр астында ұстайды.
653. Барлық мал басын дегельминтизациялау қысқы байлауда тұрған кезеңiнде немесе көктемде сиыр шыбындарының ұшуы басталғанға дейін жүргізіледі, эмульсиямен немесе арнайы ерiтiндiмен өңдеу сиыр шыбындарының ұшуынан бастап әрбiр күнтізбелік 7-8 күн сайын қайталанады.
654. Жайылым кезеңінде сиыр шыбындарымен күресу үшiн iрi қара малға күн сайын дезинфекциялық машиналардың көмегімен дезинсекциялық құралдар себіледі, бұл үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген дезинсекциялық құрал пайдаланылады.
55. Iрi қара малдың трихомонозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
655. Жануарлар тек қана iрi қара малдың трихомонозы бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнен әкелуге рұқсат етiледi.
656. Шаруашылық жүргізуші субъектiлерге тұқымдық немесе пайдалану мақсатында келіп түскен бұқалар (жас бұқалар), сондай-ақ әкелінетін сиырлар мен қашырту жасындағы құнажындар 1 ай карантинде ұсталып, күнтізбелік 10 күн сайын 3 рет трихомонозға тексеріледi.
657. Асыл тұқымды бұқалар мен сынама бұқалар трихомонозға 6 айда, күнтізбелік 10 күн аралықпен үш мәрте тексеріледi.
658. Түсік тастаған жануарлар дереу оқшауланады. Түсік тасталған төл трихомонозға тексеру үшін зертханаға жiберіледi.
Қолайсыз пункттердегі ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
659. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде трихомонозбен ауырған немесе трихомонад тасымалдаушы жануарлар анықталған кезде, iрi қара малдың трихомонозы бойынша қолайсыз деп жарияланып, шектеу қойылады және оларды профилактикасы жүргiзiледi.
660. Қолайсыз пунктте мынадай іс-шаралар өткізіледі:
1) қолдан ұрықтандырылған немесе шағылысқан барлық сиырлар мен құнажындар трихомоноз анықталғанға дейiн соңғы 4 айда гинекологиялық тексерiстен өткiзіледi. Трихомонозбен ауру күдігімен жыныс органдарының патологиясы анықталған жануарлар дереу оқшауланып, емдеу жүргiзіледi;
2) ауру жануарларды емдеу үшін Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады;
3) қолайсыз пункттерде:
трихомоноз бойынша қолайсыз пунктіге құнажындарды және жас бұқаларды, сондай-ақ толық сауыққанға дейін ересек жануарларды әкелуге;
тұқымдық және пайдалану мақсаттары үшін етке союға жiберiлетiндерден басқа, жануарларды шаруашылық жүргізуші субъектiден басқа шаруашылық жүргізуші субъектіге шығаруға (әкетуге) тыйым салынады;
жаз мезгілінде малды лагерьлік ұстауға ауыстырылып, қораларда санитариялық тазалау, жөндеу, дезинфекциялау, дератизациялау жүргізіледі және ол жаз бойы малдан бос қалдырылады;
дезинфекциялау үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялағыш заттар қолданылады.
661. Сатуға немесе тұқымдық және пайдалану мақсатында басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге ауыстыруға іріктеп алынған iрi қара малды шығаруға (әкетуге) трихомоноз бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерiнен ғана рұқсат етiледi.
662. Жыныстық жетiлген бұқаларды (18 айлық жастағылары және одан жоғары) шығару алдында олардың препуциялық шырышы немесе ұрықтары микроскопиялық және өсiндiлiк зерттеу жолымен бiр рет тексереді.
663. Қолайсыз пункт емдiк және ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар кешені жүргiзілгеннен кейiн, барлық емделіп отырған жануарларды трихомонозға зертханалық зерттеу нәтижелері теріс болған және барлық ауру жануарлар емделгеннен кейiн 6 ай iшiнде жаңа түсік жағдайлары және трихомоноз өзегінде гинекологиялық аурулар болмаған кезде iрi қара малдың трихомонозынан сауықтырылған болып есептеледі.
56. Жануарлардың эймериозы
Жануарлардың эймериозын профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
664. Эймериоз профилактикасының жалпы шаралары жануарларды толыққанды жемшөппен қамтамасыз ету және жануарларды азықтандыру, суару және бағып ұстаудың гигиенасын сақтау болып табылады.
665. Жануарларды тығыз орналастырып ұстауға және қораларда ылғалдылықтың жоғары болуына, ересек малдар мен жас малдардың араласуына, жемшөптің және ауызсудың қимен ластануына жол берілмейді.
666. Жануарларды төмен орналасқан батпақты учаскелерде жаюға жол берілмейді.
667. Жануарларды қамап ұстаудан жайылымда бағуға және керiсiнше бiртiндеп ауыстыру қажет.
668. Шаруашылық жүргізуші субъектiнің аумағынан қи уақтылы жиналуы және олар қи қоймаларында биотермиялық зарарсыздандырылуы қажет.
669. Жануарларды қорадан шығарғаннан кейiн және қорада ұстауға қояр алдында қораны қидан және басқа ластанулардан тазартып жуады және мұқият дезинфекциялайды.
Қолайсыз пункттердегі ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
670. Күн сайын қиды жинау, қораларды, жаю алаңдарын және жабдықтарды (науалар, астаулар және жануарларға күтім жасауға арналған басқа да заттар) механикалық тазарту жүргiзiледi.
671. Қора-жайды, жаю алаңдарын және жабдықтарды дезинвазиялау үшiн Қазақстан Республикасының Ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген дезинфекциялағыш заттар қолданылады.
672. Ауру пайда болған жағдайда ауру жануарлар жедел оқшауланады және оларды емдеу жүргiзіледi.
673. Паразиттiң дамуын тоқтату үшiн емдiк және профилактикалық мақсатта кокцидиостатикалық препараттар қолданылады.
674. Ауру жануарлары емдеу үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
57. Псороптоз
Профилактикалық
іс-шаралар
675. Жануарлардың псороптозбен ауруының алдын алу үшін шаруашылық жүргізуші субъектiлер және жануарлардың иелерi:
1) жануарларды тазалықта ұстауды, оларды күн сайын тазалауды және жылдың жылы мезгілінде он күнде кемiнде бiр рет шомылдыруды жүргізуді;
2) әрбір мал басының терiсін тексеруді, нашар семіртілген жануарларға жемшөп рационын ұлғайтуды;
3) әрбір жануарды ұстау орнын бекiту (жылқыларға арналған желі, iрi қара малға және түйеге арналған қоршаулы орындар, ер-тұрман, әбзелдер, щеткалар, науалар);
4) псороптоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден әкелiнген құрал-саймандарды дезинфекциялаусыз пайдалануды;
5) шаруашылық жүргізуші субъектіге жаңадан келіп түскен жануарларды оқшаулап ұстауды қамтамасыз етеді.
Қолайсыз пункттердегi жүргізілетін
іс-шаралар
676. Псороптоз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъекті псороптоз бойынша қолайсыз болып есептеледі және онда мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) ауру жануарларды (клиникалық белгiлерi айқын және ауру күдігі бар) ауру жұқтыру күдігі бар жануарлардан (клиникалық белгiлерi жоқ, қатаң жеке күтiм жасау және ұстау болмаған кезде көрші қорада, жалпы қорада немесе бір жайылымда болған псороптозбен ауыратын жануарлармен жанасқан), сондай-ақ сау жануарлардан (ешқандай клиникалық белгiлерi жоқ, псороптозбен ауырғандармен жанасуда болмаған және басқа қораларда тұрған) бөлек қояды;
2) жануарлар оқшауланып ұсталады және оларға жеке бекітілген персонал қызмет көрсетедi;
3) жануарлардың азықтандыру және суару жануарға бекітілген тиісті құрал-саймандармен (науалар, шелектер) жеке жүргізілуге тиіс;
4) жануарлардың бағу белгiлi бiр учаскелерде оқшау жүргізіледі.
677. Мемлекеттiк ветеринариялық инспектор емдеу үшін арнайы емдеу пункттерiне жіберетін жануарларды шығаруды (әкетуді) қоспағанда, псороптозбен ауырған жануарларды қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiден шығаруға (әкетуге) рұқсат етілмейді.
678. Псороптозды жұқтыру күдiгі бар жануарларға толық емдік өңдеу жасалады.
679. Оларды шығаруға (әкетуге) (сату, басқа шаруашылықтарға беру) жануарларды псороптозға қарсы өңдеуден кейiн мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың рұқсатымен ғана жол беріледі.
58. Қой ценурозы
Ценуроз бойынша қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактика бойынша
іс-шаралар
680. Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды және жеке тұлғалар, жануарлардың иелерi іс-шараларды ценуроздың және жануарлардың басқа да ауруларының алдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясын және бағу технологиясын ескере отырып, жүзеге асыруға тиіс және бұл барлық мал басын толыққанды жемшөппен, азықтандырудың, суарудың, ұстаудың тиісті шарттарымен қамтамасыз етуді білдіреді. Осы мақсатта мынадай шарттар орындалуы қажет:
1) ақуыз, минералды тұздар және витаминдер бойынша теңгерімделген рационды қолдану. Жайылымдық учаскелері қандай да бір макро және микроэлементтерге жұтаң аймақтарда рациондарға тиісті (мыс тұзы, кобальт, йод, молибден) қоспаларды қосу;
2) жануарларды қора-жайларда және баздарда тек қана науалардан ғана азықтандыру;
3) жануарларды су құбырларының, құдықтардың, өзендердің, ағысы жылдам бұлақтардың таза суымен суару. Тоғандардан және басқа да ағыссыз су қоймаларынан суаруға сүзгiш-құдықтар жасалған жағдайда ғана жол беріледі. Жануарларды шалшықтардан, арықтардан және шұңқырлардан суаруға тыйым салынады;
4) мал қораларының, науалардың және астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, жабдықтардың, аулалардың, жаю алаңдарының, мал шаруашылығы қораларының маңындағы ашық жерлер мен аумақтардың тазалығын қамтамасыз ету. Қора-жайлар жақсы желдетiлетін, құрғақ, жарық болуға тиіс;
5) мал қораларында, оларға жақын орналасқан жерлерде және жемшөп сақтау орындары мен су көздерінде иттердi ұстауға тыйым салынады;
6) мал қораларынан, жаю алаңдарынан және баздардан қи мен көң тұрақты түрде зарарсыздандыру үшін арнайы қи қоймаларына шығарылады.
681. Иттердi әрбір дегельминтизациялаудан кейiн, олардан бөлiнген қи күнтізбелік 3-5 күн бойы жиналуы керек, содан кейiн өртеу арқылы дезинвазияланады. Қора-жайлар, жаю алаңдары, жабдықтар мен құрал-саймандар дезинвазияланады.
682. Шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңадан келіп түскен барлық жануарларды күнтізбелік 30 күн ішінде профилактикалық оқшаулауды жүргізу керек, ценурозбен ауырған жануарлар анықталған жағдайда олар емделедi және толық сауыққаннан кейін жалпы табынға жiберіледi.
683. Жануарлардың өлекселерi және қасапханалық қалдықтар (бас, iшкi органдар) жағылып, биотермиялық орға көміліп зарарсыздандырылады. Жануарларды сою ветеринар маманның рұқсатымен жүргізіледі. Иттердi азықтандыру үшiн қасапханалық материал мұқият тексерілгеннен кейiн қолданылады. Иттерді жануарлардың зарарсыздандырылмаған органдарымен және өлекселерiмен азықтандыруға тыйым салынады.
Эпизоотия ошақтарында және қой ценурозы бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
684. Отарлар мен табындардағы иттердiң саны ең төменгі қажеттi шекке дейiн қысқартылады (1-2 итке дейiн) және кезбе иттердi жою жүйелi түрде жүргізіледі.
685. Азаматтардың жеке пайдалануындағы иттердi мал қораларға, жемшөп сақтау қоймаларына, жаю алаңдарына, жайылымдарға және суару көздерiне жiберуге тыйым салынады.
686. Малды қорғауға және бағуға есепке алынған қызметтiк иттер ғана жiберіледi.
687. Иттерге жануарлардың кез келген, әсiресе цестод личинкаларымен зақымдалған органдарының етін шикі түрінде беруге үзілді-кесілді тыйым салынады.
688. Отарлар мен табындардағы иттер мынадай мерзiмдерде дегельминтизацияланады: желтоқсаннан бастап сәуiрге дейiн - күнтізбелік 45 күн сайын, мамырдан бастап қарашаға дейiн - күнтізбелік 30 күн сайын.
689. Ауылдық жерлерде тұрғындарға тиесілі иттер тоқсанына бір рет дегельминтизацияланады.
690. Иттердi дегельминтизациялау желден қорғалған жерде орналасқан арнайы бөлінген, қоршаумен қоршалған немесе ор қазылған алаңда жүргiзіледi. Алаңға бөгде адамдар, оның ішінде балалар жiберілмейдi. Иттер дегельминтизациялағаннан кейiн бiр тәулiк бойы байлауда ұсталады.
691. Иттердi дегельминтизациялау үшiн Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген антгельминтиктер қолданылады.
692. Иттер мен жабайы ет қоректiлердiң ауру жұқтыруының алдын алу үшiн мыналар жүзеге асырылады:
1) жануарларды союға тиісті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен және оның бақылауымен арнайы қасапханаларда немесе сою пункттерiнде ғана рұқсат етiледi. Отарлар мен табындарда жануарлар мәжбүрлі сойылған жағдайда малдың ұшасы мен iшкi органдары арнайы, қаңылтырмен қапталған жабылатын жәшiкте, ұшаны және органдарды тексеруге тиіс ветеринар маман келгенге дейiн сақталады;
2) ет комбинаттары, қасапханалар мен сою пункттерi аумағына, ет пен сүт және азық-түлiктiк бақылау станциялары маңына және ауру малдар шоғырланған жерлерге иттер (қызметтiк иттерден басқа) жiберілмейдi;
3) жануарлардың өлекселерi өлексе жағатын пештерде жағылады немесе биотермиялық шұңқырға тасталады. Әрбір отар кейіннен оларды кәдеге жарату үшін шығара отырып, өлiм себебiн ветеринар маман анықтағанға дейiн қойдың өлекселерiн сақтауға арналған қаңылтырмен қапталған және құлыппен жабылатын арнайы жәшiкпен жабдықталады.
693. Ценуроздың айқын көрінісі байқалған жануарлар уақтылы оқшауланады және дәрi-дәрмекпен емделедi. Антгельминтиктер болмаған кезде қойлар мен қозылар сою үшін ет комбинаттарына, қасапханаларға немесе сою пункттерiне шығарылады.
694. Өнiмдiлігі жоғары және элиталық жануарлар хирургиялық жолмен емделедi.
59. Цистицеркоз
Ауыл шаруашылығы жануарларының ауру
жұқтыруының алдын алу жөніндегі
iс-шаралар
695. Ауыл шаруашылығы жануарларының ауру жұқтыруының алдын алу үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) кезбе иттер жойылады;
2) фермалардағы күзет иттерінің саны қой отарын немесе мал табынына бір итке дейін шектеледі. Иттерге ветеринариялық паспорт беру арқылы олар есепке алынады;
3) иттерді мал фермаларының және базалардың, ет комбинаттары мен мал соятын пункттердің аумағына және малға арналған жемшөпті сақтау және дайындау орындарына жіберуге тыйым салынады;
4) күзет және отар иттеріне мерзімді түрде (әрбір 1-1,5 ай сайын) дегельминтизация жүргізіледі. Дегельминтизацияның тиімділігін арттыру үшін иттер өңдеуге дейін кемінде бір тәулік аш диетада ұсталады. Дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттiк тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
Иттердiң және жыртқыш етқоректiлердің ауру
жұқтыруын болдырмау жөніндегі
iс-шаралар
696. Жануарларды сою мал сою объектілерінде (сою пункті, алаңы, өңдеуші кәсіпорындар) жүзеге асырылады.
697. өлекселерді немесе өлтірілген жануарлардың конфискаттарын иттерге, мысықтарға және мамық жүнді аңдарға беруге рұқсат етілмейді.
60. Жылқылардың нутталлиозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың нутталлиозын профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
698. Ауру профилактикасы мақсатында меншiгiнде жануарлары (жылқылар, есектер, қашырлар) бар жеке және заңды тұлғалар жыл сайын мынадай іс-шараларды жүргiзедi:
1) профилактикалық ветеринариялық тексеру үшін жануарларды ветеринария мамандарына көрсетеді;
2) жануарларды толыққанды азықтандыруды ұйымдастырады;
3) құлындарды үлкен мал басынан бөлек ұстайды;
4) жануарларды (жылқыларды, есектердi, қашырларды) әкелуді және жемшөп сатып алуды қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерден ғана жүргізеді;
5) барлық жаңадан сатып алынған жануарларды (жылқыларды, есектердi, қашырларды) күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұстайды;
6) қора-жайларды, аулаларды, ашық қораларды және тұрақтарды дезакаризациялауды жүргізеді;
7) жүйелi түрде жануарлардағы, жайылымдардағы кенелермен күрес жүргізеді.
Жылқылардың нутталлиозы бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін
iс-шаралар
699. Шаруашылық жүргізуші субъектiде нутталлиозбен ауыратын жануарлар анықталған кезде, осы шаруашылық жүргізуші субъектiге қызмет көрсететін ветеринар маман бұл туралы тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
700. Тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жануарлардың жылқылардың нутталлиозымен ауыруына күдіктену туралы хабарды алысымен диагнозды нақтылау үшін осы жерге келіп, ауру жануарлардан алынған патологиялық материалды алады және ветеринариялық зертханаға жiбередi.
701. Нутталлиоз диагнозы анықталған кезде, ауру жануарлар оқшауланады және емдеу үшiн Қазақстан Республикасында тіркелген препараттар ветеринариялық препараттар қолданылады.
702. Жануарларды апта сайын акарацид препараттарымен өңдейді.
61. Жылқылардың параскариозы
(параскаридозы)
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
703. Аурудың профилактикасы жылқыларды оңтайлы мерзiмде дегельминтизациялауды, сыртқы ортаны зарарсыздандыруды, азықтандырудың және ұстаудың қалыпты жағдайын қалыптастыруды қамтиды.
704. Профилактикалық дегельминтизациялау мерзiмi және кезеңдiлiгi жылқылардың жасына және олардың басқа гельминттердi жұқтыруына байланысты. Ерте көктемде туылған құлындардың параскариозбен моноинвазиясы кезiнде, маусым және шiлде айларында, ал көктемнiң соңында туғандарды – тамыз айында дегельминтизациялайды. Оларды қазан және қараша айларында қайталап өңдейдi. Жас 1-2 жылдық жастағы малдарды жайылымға шығару алдында наурыз және сәуiрде дегельминтизациялайды, қайталап – тамызда және қыркүйекте; интенсивтi инвазия кезiнде қараша-желтоқсанда үшiншi дегельминтизациялауды жүргiзедi. Ересек жылқыларды көктемде және күзде дегельминтизациялайды.
705. Табында бағып ұстау кезiнде жиі байқалатын жылқылардың бiр мезгiлде параскариозды және стронгилятозды жұқтыруы кезiнде дегельминтизация кешендi түрде, ұзақтығы гельминттердiң препатенттi даму кезеңiне сәйкес келетін мерзiмде антибиотиктердiң қауымдастырылуымен жүргiзiледi.
706. Емдiк (мәжбүрлі) дегельминтизация жылдың кез келген уақытында жүргiзіледi.
707. Дегельминтизациядан кейiн күнтізбелік 10-15 күннен соң ат қораны және жақын жатқан аумақтарды санитариялық өңдеу жүргiзіледi. Қабырғалар, едендер, науалар және барлық шаруашылық құрал-саймандар ыстық дезинфекциялық ерiтiндiмен жуылады.
708. Кейін қи, жемшөп қалдықтары және төсем күн сайын тазартылып, қиға биотермиялық өңдеу жасалады.
Эпизоотиялық ошақта және параскариоз бойынша
қолайсыз пунктте жүргізілетін
iс-шаралар
709. Параскариоз бойынша қолайсыз шаруашылықта жайылымның ашық қора жүйесiн қолдану ұсынылады, бұл үшiн жайылымдық жерлер 8 учаскеге бөлінедi. Әрбiр ашық қорада жылқылар осындай жүйелілікпен бастапқы ашық қораларға қайтарыла отырып, күнтізбелік 10 күннен жайылады.
710. Инвазияланған жануарларды емдеу Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген антигельминтиктермен жүргiзiледi.
62. Жылқылардың күйек ауруы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жылқылардың күйек ауруын профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
711. Аурудың пайда болуының алдын алу үшiн өсіруге арналған жылқыларды жеткізушілер аумағының және шаруашылықтарының эпизоотиялық жай-күйі тұрақты түрде бақыланып отырады. Шаруашылық жүргізуші субъектiге жаңадан әкелінген жылқылар күнтізбелік 30 күн профилактикалық карантинде ұсталады.
712. Күресу шаралары (профилактика, диагностика және емдеу) ауруды жою және ауру жануардың организмін стерильдеу бойынша жоспарлы іс-шараларды өткізу жолымен жүргізіледі.
713. Жылқыларға арналған қора-жайлар, құрал-саймандар және күтім жасауға арналған заттар дезинфекцияланады.
Эпизоотия ошақтарында және жылқылардың күйек ауруы
бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
714. Шаруашылық жүргізуші субъектiде (табында, аулада) күйек ауруымен ауыратын жылқылар анықталған кезде, осы ауылдық округке, елді мекенге, қалаға қызмет көрсететін ветеринар маман бұл туралы дереу тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлайды.
715. Тиісті әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы жылқылардың күйек ауруымен ауыратынына күдіктену туралы хабарды алысымен диагноз қою, эпизоотологиялық тексеруді жүргізу, эпизоотия ошағының және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау үшін дереу осы жерге келуге тиіс.
716. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жылқыларды (есектерді, қашырларды) шығаруға, сатуға және көшіруге, жаңа жануарларды кіргізуге, ауру және ауру күдігі бар жануарларды жаюға, сондай-ақ қашыртуға рұқсат етілмейді.
717. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын күйек науқандары арасындағы кезеңде сезімтал жануарларды, сондай-ақ ауру және ауру күдігі бар биелерден туған құлындарды үш мәрте тексеру жүргізіледі.
718. Қолайсыз жерлерде қашырту үшін пайдаланылатын айғырлар міндетті түрде Кеден одағының аумағында тіркелген препараттардың бірімен профилактикалық өңдеуге ұшырайды.
719. Ауру және ауру күдігі бар жануарлардың қиы, төсемі және жемшөп қалдықтары жағылады.
720. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектi соңғы ауру жануар бөлінгеннен кейін және егер шаруашылық жүргізуші субъектiнің қалған барлық жануарлары күйек ауруына терiс нәтиже берсе, бір жыл өткен соң қолайлы деп жарияланады.
63. Стронгилятоз
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
жануарлар стронгилятоздарының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
721. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта стронгилятоздардың таралуын болдырмау мақсатында клиникалық сау және копрологиялық тексерулер бойынша теріс нәтижелер берген жануарларды ғана әкелуге рұқсат етiледi.
722. Жаңадан сатып алынатын жануарлар күнтізбелік 30 күн бойы оқшау ұсталып, клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткiзіледi.
723. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жыл сайын, жылына 2 рет көктемде және күзде жануарларға профилактикалық дегельминтизациялау жүргiзіледi. Бұдан басқа, жылқылар мынадай жағдайларда: басқа шаруашылық жүргізуші субъектiлерге беруге дейін, көрмеге және спорттық жарыстарға жіберудің алдында екі апта бұрын клиникалық байқаудан және копрологиялық тексеруден өткiзіледi.
Эпизоотия ошақтарында және жануарлар стронгилятозы
бойынша қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
724. Стонгилятоз бойынша стационарлық қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлерде:
1) жануарларды азықтандыру және ұстау жағдайлары жақсартылуға тиіс;
2) күн сайын және мұқият қи жинау және оны биотермиялық өңдеу жүргізіледі;
3) жануарлар дегельминтизацияланады;
4) сыртқы ортадағы қоздырғыштың даму мерзімін ескере отырып, жайылымдарды тұрақты түрде ауыстыру жүргізіледі;
5) жас төл қыратты, жақсартылған жайылымдарда бағылады;
6) жануарлар су құбырының, құдықтың, өзендердің және жылдам ағысты бұлақтардың таза суымен суарылады, бұл ретте су көздеріне түсетін жерлер құрғақ, қатты топырақты немесе жабынды болуға тиіс;
7) мал қораларының, науалардың, астаулардың, күтім жасау заттарының, құрал-саймандардың, аулалар мен олардың маңындағы аумақтың тазалығы қамтамасыз етіледі;
8) дезинфекциялық, дезинвазиялық және дератизациялық іс-шаралар өткізіледі.
725. Стронгилятозбен қатты ауырған жануарлар жеке топтарға бөлінеді, оларды азықтандыру және ұстау жағдайлары жақсартылады, жеке емделеді.
64. Түйелердiң су-ауруы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүзеге асырылатын
түйелердiң су-ауруы профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
726. Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумаққа су-аурудың таралуын болдырмау мақсатында осы ауру бойынша қолайлы аумақтардан клиникалық сау жануарларды ғана әкелуге рұқсат етiледi.
727. Импортталатын және экспортталатын жануарлар күнтізбелік 30 күн ішінде карантиндеуге және су-ауруға тексеруге жатады.
728. Қолайсыз аумақтарға амалсыздан бару немесе оларды басып өту уақытында жануарларды қан сорғыш жәндiктерден иісі аңқып тұратын дәрiлер сiңген (деготь, креолин, тазартылмаған карбол қышқылы тағы басқа) жабумен қорғау қажет.
Эпизоотия ошақтарында және түйелердiң су-ауруы бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
729. Жануарлар су-аурумен ауырған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект қолайсыз деп жарияланады.
730. Су-ауру бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде жыл сайын кейіннен ауру жануарларды оқшаулап және міндетті ерекше емдей отырып, түйелердi және осы ауруға сезiмтал басқа да мал басын трипанозомозға клиникалық, микроскопиялық және күкіртті диагностикалық әдiстер көмегiмен тексеру жүргізіледі. Тексеру жылына кемінде үш рет: қыстың басында және соңында (таратушылар болмаған кезде) және ауру маусымында жүргiзiлуге тиіс.
731. Жануарларды қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерден қолайлыларға ауыстыруға трипанозоманы тасымалдаушының жоқтығын белгіленгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi.
732. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектiлердегі бағалы аталықтар және асыл тұқымды аналықтар жыл сайын трипанозомозді жұқтырудың барынша үлкен қаупі бар маусым уақытында ерекше препараттармен профилактикалық өңдеуден өткiзіледi.
733. Ішкі құюды жүргізу кезінде, зерттеу үшін қан алу кезінде және осы сияқты барлық құралдар, әсіресе инелер әрбір жануарға қолданар алдында қайнату арқылы зарарсыздандырылады. Айналадағы заттардың қанмен ластануына жол берiлмейдi.
734. Ауру малдар оқшауланады және емделедi.
735. Ауру күдігі бар жануарлар оқшауланады және кемінде үш рет қосымша зерттеулерден өткiзіледi.
736. Емдеуден кейін жануарлар 6 айға жеке топтарға оқшауланады және үш мәрте тексеруден өткiзіледi.
737. Егер 1 жыл iшiнде емделген жануарларда аурулардың жаңа жағдайлары және рецидивтер анықталмаса, шаруашылық етуші субъекті сауықтырылған деп танылады.
738. Күйек пункттерiнде мiндеттi бақылау жүргiзiп, барлық келіп түскен аналықтардың қаны микроскопиялық зерттеуден өткiзіледi.
739. Жоғары бағалы аталықтар ауру, күдiктi және емдеуден өткен аналықтармен соңғылардың сауығуына дейiн күйекке жiберiлмейдi.
740. Ауру аналықтар ұрықтандыруға емделгеннен кейiн күнтізбелік 10-15 күн өткен соң ғана жiберіледi.
741. Ауру аталықтар емделгеннен кейiн толық сауыққанға дейін күйекке жiберiлмейдi.
742. Ауру, күдiктi және емделген аналықтарды жасанды түрде ұрықтандыруға болады.
65. Шошқалардың аскаридозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта жүргізілетін
шошқалардың аскаридозы профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
743. Шошқалардың аскаридозының профилактикасы үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) рационға құрамы бойынша витаминдермен және минералдық заттармен теңгерімделген жемшөп қосылды;
2) шошқаларды жазда лагерьде ұстау қамтамасыз етіледі;
3) оңтүстiкке қарай қаратылған, топырағы тығыз ылдилы бөктерлерде жазғы лагерьлердiң құрылысы және жабдықталуы қамтамасыз етіледі;
4) қидың күн сайын жиналуы, оның биотермиялық залалсыздандыруға арналған жабдықталып қоршалған қи қоймасына шығарылуы қамтамасыз етіледі;
5) қораларды, астауларды, науаларды, күтiм жасау заттарын және шаруашылық құрал-саймандарын (шелектердi, күректердi, айырларды, сыпыртқыларды) үнемi тазалау және механикалық тазарту, оларды ерiтiндiлермен немесе қайнаған сумен зарарсыздандыру жүргiзiледi;
6) кейіннен тегістей отырып, ферма маңындағы аумаққа және жаю аулаларына әк сеуіп аудару жүргізіледі;
7) ферма маңындағы жыртылмаған учаскелерді және орманды жайылымдарды пайдалануға тыйым салынады, өйткені онда жаңбыр құрттарының ірі биотоптары көп болады;
8) торайлау науқандары, жас малды бордақылауға ауыстыру аралығындағы кезеңдерде және жануарлар союға әкетілгеннен кейін мерзімді түрде қораларды мұқият тазарту және дезинвазиялау жүргiзiледi;
9) жануарларды тек қана науалардан (астаулардан) азықтандыру және таза сумен суару қамтамасыз етiледi;
10) жаңадан әкелінген жануарлар күнтiзбелiк 30 күн iшiнде профилактикалық карантиндеуге және гельминттерге зертханалық зерттеуге ұшырайды;
11) шошқалардың ферма аумағындағы немесе елді мекендегі жаю аулаларынан тыс жайылуына рұқсат етілмейді.
744. Репродуктивтік және асыл тұқымды шаруашылықтарда аналық шошқаларды торайлауға дейiн бiр ай бұрын, лагерлерге ауыстыру алдында және күзде қоршалған орындарда ұстауға қою алдында дегельминтизациялау жүргiзiледi. Жас емізілетін торайлар сәуірден бастап желтоқсанға дейін бірінші рет 90 күндiк жасында, ал қыста, желтоқсаннан бастап сәуiрге дейiн - бiрiншi рет 50-55 күндiк жасында, екiншi рет 90 күндiк жасында преимагинальды түрде дегельминтизацияланады. Қиының сынамалары мерзімді түрде зерттелініп, зерттеудің нәтижелері оң болған кезде жоспардан тыс алдын алу дегельминтизациясы жүргiзiледi.
Қолайсыз пункттерде шошқалардың аскаридозын
жою бойынша жүргізілетін
іс-шаралар
745. Шошқалардың аскаридозы бойынша қолайсыз пункттерде мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) репродуктивтік, асыл тұқымды және репродуктивтік-бордақылау шаруашылықтарында торайлауға дейiн бiр ай бұрын барлық аналық шошқалар дегельминтизацияланады. Күнтізбелік 10 күннен кейiн бақылау зертханалық зерттеу жүргiзiледi және ауру жұқтырған жануарлар анықталған кезде дегельминтизация қайталанады;
2) туылған торайлар 14 күндiк жасынан және 35 күндiк жасынан бастап преимагинальдық дегельминтизацияланады;
3) торайларға преимагинальдық дегельминтизация жүргiзу мүмкiндiгi болмаған кезде, дегельминтизация 5-3 айлық жасқа жеткеннен кейін басталады. Күнтізбелік 10 күннен кейiн бақылау зертханалық зерттеулер жүргiзiледi және топта 10 %-тен астам ауру жұқтырған жануарлар анықталған жағдайда дегельминтизация қайталанады;
4) аналық шошқалардың қоралары – әрбiр торайлау кезеңінің алдында, өсіру және бордақылау топтарының шошқа қоралары – қораларды кезектi толтыру алдында дезинфекцияланады.
746. Бордақылау шаруашылықтарында:
1) бордақылауға келiп түсетiн шошқалар, профилактика карантинi кезеңiнде зертханалық зерттеулерге және қажеттілігіне қарай дегельминтизациялауға түседі;
2) карантиндiк қоралар малдарды бордақылауға ауыстырғаннан кейiн, ал бордақылауға арналған шошқа қоралары - бордақылаудың кезектi циклi аяқталғаннан кейiн дезинфекцияланады.
747. Шаруашылықтың барлық түрлерiнде шошқа қораларының, төбесi ашық жайлардың, жаю аулаларының және алаңдардың едендерiнiң жамылғысы қатты болуға тиіс. Шошқаларды ферма аумағында жаюға тыйым салынады.
748. Дегельминтизациялау үшін Қазақстан Республикасында тiркелген препараттар қолданылады.
66. Трихинеллез
Трихинеллез бойынша қолайсыз эпизоотия
ошақтарында жүргізілетін
іс-шаралар
749. Шошқаларды жануарларды ет комбинатында сою қалдықтарымен, сондай-ақ аң шаруашылығындағы және аңшылықта ауланатын аңдардан алынған ет ұшасымен тіпті кәдімгі қайнатудан кейін де азықтандыруға рұқсат етiлмейдi. Шошқалардың фермалардың, елдi мекендердің аумағында, алаңқайлар мен жыраларда және орман алқабында кезiп жүруiне рұқсат етiлмейдi. Шошқа қораларын, жаю аулаларын, жазғы лагерьлерді қоса алғанда, шаруашылық жүргізуші субъектiлерде жүйелi түрде дезинфекциялау және дератизациялау жүргiзiледi.
750. Ветеринария қызметi ет өңдейтiн, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы және елдi мекендердегі барлық шошқа ұшасын, сондай-ақ базарға және арнайы дүкендерге келіп түсетiн осы ауруға сезiмтал басқа да жануарлардың ұшаларын трихинеллезге мiндеттi түрде тексеріп отырады. Ветеринария қызметi аң шаруашылықтарында жаппай сою кезінде аң ұшаларын ішінара тексередi.
751. Шошқа мен аңдар ұшаларының бұлшықет сынамаларында трихинелл личинкалары табылған кезде, бұл ұшаларды етсүйек ұнын жасауға жiбередi немесе өртейдi, оларды жерге көмуге рұқсат етiлмейдi.
752. Бұлшықет талшықтары бар қосалқы өнімдер де кәдеге жаратылады, шпиг 20 минут бойы 100 С0 қорытылады, iшкi май шектеусiз сатылады.
753. Аң фермаларында аң ұшаларын алдын-ала залалсыздандырмай азықтандыруға рұқсат етiлмейдi, өлген жануарлардың өлекселері өртеледi.
67. Құстың аспергиллезі
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
құс аспергиллезiнiң профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
754. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде құс аспергиллезi ауруын болдырмау үшін меншік нысанына қарамастан, осы Қағидаларда көзделген іс-шаралар кешені қатаң орындалады.
755. Бiрiншi кезекте мыналар қамтамасыз етіледi:
1) құстарға толыққанды сапалы жем беру;
2) фермаларға, құсханаға әкелінетiн жем мен төсемдердiң, буып-түю материалдарының және жұмыртқа ыдыстарының санитариялық сапасын мұқият бақылау;
3) саңырауқұлақтардың әртүрлі түрлерімен жаппай тұқымданбау үшiн жем мен жемшөп қоспаларын сақтау қағидаларын орындау;
4) кезең аралық профилактикалық үзiлiстерiн сақтау, бұл кезде құсханаға, инкубаторияға, қоймаға, күтіп-ұстау заттарына, жабдықтарға, ыдыстар мен тасымалдау заттарына мұқият түрде механикалық тазалау мен дезинфекция жүргiзіледі;
5) инкубациялық жұмыртқаларды жүйелi түрде дезинфекциялау;
6) құсханаларды және құс фабрикаларының өндiрiстiк аймақтарын тазалау, вентиляциялық және басқа да қалдықтардың жиналуын, бұталардың, биiк шөптер мен өсiмдiктердiң өсiп кетуін болдырмау;
7) құс фабрикасының ауа кеңiстiгi шаңдануының және эрозияның алдын алу мақсатында топыраққа көпжылдық шөптер егу, оларды жүйелi түрде көгал түрінде шабу;
8) ферма iшiндегi жолдарды, құсхана қабырғаларын, әсiресе құсханаға, көгалға, ағаштарға жақын орналасқан вентилятор, алаң жақтан суару машиналарының көмегiмен су бүрку арқылы жүйелi түрде жуу немесе суландыру.
756. пайдаланылатын құсханаларда едендi жұмыс күнiнiң бiрiншi және екiншi жартысында сумен ылғалдап отырады, ал 7-10 күнде 1 рет натрий гипохлоридiн (кальций) немесе 1 текше метрге 300 миллилитр есебімен құрамында 0,5 белсендi хлоры бар хлорамин Б ерiтiндiсiн пайдаланады.
757. Қазақстан Республикасында тіркелген ветеринариялық препараттар пайдаланылады.
Эпизоотикалық ошақтарда және құс аспергиллезi бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін
іс-шаралар
758. Ауру құс анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті аспергиллез бойынша қолайсыз болып жарияланады және шектеу енгізеді.
759. Құс аспергиллезi бойынша қолайсыз құс шаруашылық жүргізуші субъектiде мыналарға:
1) құстарды қолайсыз құсханадан (елдi мекеннен, ауладан) сау құсханаға ауыстыруға;
2) тиісті санитариялық өңдеусіз керек-жарақтарды, жабдықтарды және басқа да заттарды қолайсыз объектiлерден сау объектiлерге ауыстыруға;
3) қолайсыз құсханада (елдi мекеннен, ауладан) күтіп-бағумен айналысатын персоналдың қолайлы объектiлерге келуіне;
4) жұмыртқаларға алдын ала дезинфекция жасамай инкубаторияға әкелуге рұқсат етілмейді.
760. Ауру құс өз шаруашылығында сойылып, кейіннен кәдеге жаратуға жiбередi.
761. Күрделi эпизоотиялық жағдайда ветеринар маман мен шаруашылық жүргізуші субъектi басшысының шешімі бойынша құс мерзімінен бұрын союға жiберіледi.
762. Қорытынды іс-шаралар жүргізілген жағдайда, ауру құсты анықтау және құсханадан әкетудің соңғы жағдайынан кейін 3 ай өткен соң шаруашылық жүргізуші субъектiден шектеу алынады.
68. Құстардың Марек ауруы
Құстардың Марек ауруының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
763. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруына шалдығатын әр басына, Марек ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзiледi.
764. Тауықтардың арасында Марек ауруына иммундық профилактика жұмысын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген вакциналар қолданылады.
765. Құсханалар мен жабдықтарға толық санация жүргiзе отырып, табынды өсiруде профилактикалық үзiлiс жүзеге асырылады.
Аурудан қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
766. Марек ауруына диагноз қойылған жағдайда, құс шаруашылығына шектеу енгiзiледi, оның шарттары бойынша аурудың өту сипатын ескере отырып, ауруды жою бойынша кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзiледi.
767. Құс шаруашылығында аурудың таралуы кең ауқымды сипат алмай, аурудың жекелеген жағдайлары болған кезде формальдегидтiң буымен 4 рет дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн, құс шаруашылығының iшiнде жұмыртқаларды инкубациялауға рұқсат етiледi. Құстардың жүнін, мамығын, инкубациялық жұмыртқаларды және мал қораларға кәдiмгi жалпы қабылданған заттармен дезинфекциялау жүргiзiледi.
768. Марек ауруының эпизоотиялық пайда болуы кезiнде (құстардың жаппай ауыруы және аурудың таралу үрдісінде) мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) инкубациялық жұмыртқалардың және тiрi құстардың сатылуына тыйым салынады;
2) инкубацияны және құстардың жас балапандарын өсiруге қабылдау тоқтатылады;
3) қолайсыз құс қораларындағы, цехтардағы, фермалардағы барлық құстар құс шаруашылығының құс сою бөлiмiнде немесе ет өңдеу кәсiпорындарында сойылады;
4) инкубаторға, құс қорасына, қосалқы қора жайларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, іргелес аумаққа мұқият тазарту және дезинфекциялау жүргiзiледi;
5) қолайсыз құс өсіру шаруашылықтарында құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға, өндiрiстiк аумақтарға, көлiк құралдарына және басқа объектiлерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция жүргiзiледi;
6) саңғырыққа және төсемдерге биотермиялық зарарсыздандыру жүргiзiледi.
769. Балапандарды өсiруге қабылдау, құс шаруашылығында санация аяқталғаннан кейiн бiр ай уақыт өткен соң рұқсат етiледi.
770. Өсiруге қабылданған балапандар тәулiктiк жаста Марек ауруына қарсы егiледi (вакцинаны қолдануға арналған нұсқаулыққа сәйкес).
771. Қолайсыз құс шаруашылығының тауықтарынан алынған жұмыртқалар формальдегид буымен мынадай схема бойынша дезинфекцияланады:
1) инкубациялық жұмыртқалар: төрт рет - бiрiншi рет жұмыртқалағаннан кейiн 1 сағаттан кешіктірілмейтін уақытта, екiншi рет - инкубаторға салынар алдында, үшiншi рет - инкубаторларда 6 сағат жылытылғаннан кейiн және төртiншi рет - шығарушы шкафтарда жұмыртқалар бiр орыннан басқа орынға ауыстырылғаннан кейiн;
2) ас жұмыртқалары - сауда көздерiне жiберiлердiң алдында бiр рет дезинфекциялаудан өткiзiледi.
772. Марек ауруы бойынша қолайсыз құс қораларындағы құстарды сою кезiнде тұтас ұшалар iшкi органдарынан толық босатылады, барлық iшкi органдары кәдеге жаратуға жiберiледi, ал тұтас ұшалар қоғамдық тамақтану желісіне беріледі немесе қайнатылған шұжық, консервiлер дайындауға қолданады. Терiлерiнде немесе бұлшықеттерінде iсiктi жаралар болған жағдайда, тұтас ұшалар техникалық кәдеге жаратуға жiберiледi және ас өнiмдерiн дайындау үшiн қолдануға тыйым салынады.
773. Марек ауруының классикалық үлгiсiмен құстардың 5-10 % ауырған жағдайда құстардың барлық қолайсыз топтарын сою қажет.
774. Ауру жаппай таралған жағдайда инкубациялық жұмыртқаларды сатуға және балапандарды өсiруге тыйым салынады. Құстарды жойғаннан кейiн және құс шаруашылығында өндiрiстiң барлық технологиялық буындарындағы санациядан кейiн 1 ай уақыт өткен соң балапандар өсiрiле бастайды. Барлық жас балапандар тәулiктiк жаста егiледi.
775. Шектеу құс шаруашылығынан 6 айлық жасқа дейiн өсiрiлген құс балапандарының арасында Марек ауруы болмаған кезде алынады.
69. Құстардың жұқпалы бурсалдық ауруы
Құстардың жұқпалы бурсалдық ауруының
профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
776. Құс шаруашылықтарының ветеринар мамандары профилактикалық жұмыстар жүргізу мақсатында:
1) сырттан індеттің енуiне жол бермеуге арналған іс-шараларды әзірлеуге. Бұл үшiн құстарды, сондай-ақ асыл тұқымды жұмыртқаларды жұқпалы бурсалды аурудан қолайлы шаруашылықтардан ғана алуға;
2) құстарды зоогигиеналық нормалардың талаптарына сай келетін бағып-ұстауға қолайлы жағдай жасау арқылы құстар организмiнiң жұқпалы ауруларға жалпы резистенттiлiгiн көтеруге;
3) жұқпалы бурсалдық ауруға қарсы профилактикалық егу жүргiзiлетiн шаруашылықтарда, егiлген құстарға иммунитеттiң тұрақтылығына жүйелi түрде бақылауға міндетті. Иммунизацияның тиiмдiлiгi вакцинаның сапасына және оны енгiзу тәсiлiне байланысты.
Қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
777. Бурсалдық аурудың пайда болуына күдiктену кезінде аурудың таралуын тоқтатуға арналған іс-шаралар жүргiзiледi, құс қоралары бекiтiледi, ауру және ауруға күдiктi құстар сойылады, құс қораларына, инкубаторларға, жабдықтарға, құрал-саймандарға және құстарды серуенге шығаратын аумаққа тазарту жүргiзiледi. Құс қораларына бөгде кiсiлердің кiруіне, құс шаруашылығының iшiнде құстардың орнын ауыстыруға және одан құстарды, жұмыртқаларды шығаруға, сондай-ақ жем-шөпті, құрал-саймандарды, жабдықтарды, саңғырықты шығаруға рұқсат етілмейді.
778. Диагноз анықталған жағдайда қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
779. Карантин шарты бойынша мыналарға:
1) қолайсыз пунктке әкелуге, құстарды және құс шаруашылығы өнiмдерiн оның шегiнен әкетуге;
2) қолайсыз пункт (ошақ) аумағына бөгде кiсiлердiң кiруiне тыйым салынады.
780. Ауруды және жұқпалы ошағын жою іс-шараларға мыналар кiредi:
1) ауру және ауруға күдiктi, құстардың бурсалды ауруына шалдығатын барлық құстарды сою;
2) өлген құстардың өлексесін және сойылған ауру құстарды термиялық кәдеге жарату;
3) құс қорасын, жабдықтарды, құрал-саймандарды және ауру құс тұрған аумақты дезинфекциялау арқылы залалсыздандыру;
4) ауру ошағындағы және қауiптi аумақтағы бурсалды ауруға шалдығатын құстардың арасында вакциналық профилактика жүргiзу.
781. Жұқпалы бурсалдық ауру бойынша қауiптi құс шаруашылықтарында және елдi мекен пункттерінде мыналарға:
1) қора-жайдан жұқпалы бурсалды ауруға шалдығатын құстарды шығаруға;
2) құс фабрикасына бөгде адамдардың кiруiне және көрмелер өткiзуге тыйым салынады;
3) қызмет көрсетуші персонал санитариялық рұқсатты қолданады.
782. Карантин соңғы ауру немесе өлген құсты кәдеге жаратудан соң және індет ошағында қоздырғышты жою бойынша қорытынды ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргiзілгеннен кейiн күнтізбелік 21 күн өткенде алынады.
70. Үйректердiң вирустық гепатитi
Үйректiң вирустық гепатитінен ветеринариялық-санитариялық
қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
профилактикалық іс-шаралар
783. Вирустық гепатит профилактикасы үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерді індеттің енуінен қорғаудың, зоогигиеналық жағдайды жақсартудың, жемдеу және құстардың орналасқан жерiн қалыптастыру және құстардың моционының нормаға сай орындалуының үлкен маңызы бар.
784. Профилактика үшiн тiрi белсендiлiгiн жоятын вакцина қолданылады, оны аналық үйректерге немесе 1-3 күндiк балапандарға егедi. Аналық үйректерге де егедi, 2-3 рет еккен соң аналық үйректер иммунитеттi жұмыртқадан бередi.
Үйректiң вирустық гепатиті бойынша қолайсыз аумақтарда
және эпизоотикалық ошақтарда жүргізілетін
іс-шаралар
785. Вирустық гепатит диагнозы қойылған кезде (жеке меншiк құс фабрикаларында, аулаларда) карантинге жауып, мынадай іс-шаралар жүргізіледі:
1) барлық ауру және ауруға күдікті, әлсiреген және арықтаған үйректердi жояды. Осы құс қорасының қалған сау үйректерiн ары қарай өсуге қалдырады, ал жасы үлкен үйректердi - жұмыртқалағанға дейiн ұстайды, кейiн шаруашылықтың барлық құстарын союға жiбередi;
2) 2-ден 25 күнге дейiнгi шартты сау үйректердiң барлығына реконвалесценттi қан сары суын немесе гипериммунды қан сары суын терi астына, мойынның астыңғы бөлiгiне, 0,5-1 миллилитр көлемiнде бiр рет енгiзедi;
3) шартты сау құстарды етке тапсырған соң қорада механикалық тазарту жүргiзедi және құрал-жабдықтарды, қолданылатын заттарды, құс қораның маңайын дезинфекциялайды. Қиды және төсемді жағады немесе биотермиялық залалсыздандыруға шығарады. Залалсыздандыруды араға 10 күн салып формалиннiң 3 % ыстық ерiтiндiсiмен екi рет өткiзедi. Арнайы киiмдердi (халат, т.б.) 15-20 минутке қайнап жатқан суға салады немесе формальдегид буымен залалсыздандырады, аяқ киiмдi 2 % формалин ерiтiндiсiмен залалсыздандырады. Үйректердiң жаңа партиясын қайта залалсызданғаннан кейiн 7-10 күн өткен соң әкелуге рұқсат берiледi.
786. Карантин талаптары бойынша:
1) инкубациялы жұмыртқаларды, үйрек пен балапандарды сыртқа шығаруға, оларды халыққа сатуға;
2) үйректердің вирустық гепатиті бойынша қолайсыз қора-жайлардағы құстарды алмастыруға, олардан жем-шөпті, құрал-жабдықтарды және басқа қолданылатын заттарды қолайлы қора-жайларға шығаруға;
3) бөтен адамдардың құс фабрикасына (жеке меншік құс фабрикасына, аулалар мен құс қораларына) кіруіне;
4) вирустық гепатитпен ауырған құстар ұсталған су қоймаларын бiр жыл бойы қолдануға рұқсат етілмейді.
787. Карантин талаптары бойынша мыналарға:
1) клиникалық сау үйректер мен балапандарды сою үшін сою пунктiне жiберуге;
2) шаруашылық жүргізуші субъектінің ішiнде үйректi етке өсiру үшiн жұмыртқаларды инкубациялауға;
3) үйрек табынын қалыптастыру үшін үйректердің вирустық гепатиті бойынша қолайлы басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерден балапандарды әкелуге рұқсат етiледi.
788. Шаруашылық жүргізуші субъекті карантин алынғаннан кейін және қора-жайға, құрал-жабдықтарға, құстарды күтетiн заттарға, құс қора-жайларының айналасындағы аумаққа және басқа да қосалқы қор-жайларға қорытынды дезинфекция жүргізілгеннен кейін қолайлы деп жарияланады.
71. Жоғары патогенді құс тұмауы
Жоғары патогенді құс тұмауының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
789. Жоғары патогенді құс тұмауының жұғу қаупi туған жағдайда, оның қоздырғышын енгiзбеу мақсатында ветеринария саласындағы уәкiлеттi орган тиiстi эпизоотияға қарсы шараларды қолданады, оларға сәйкес:
1) қолайсыз мемлекеттердiң аумағынан құс және құс шаруашылығы өнiмдерiн әкелуге (әкетуге) шектеу енгiзіледі;
2) жабайы және ұшып келетiн құстарды аулау реттеледі (жабайы құстарға аңшылық мерзiмiн реттеу, олардың популяциясын және үй құстарымен жанасу жиiлiгiн азайту мақсатында құстарды атудың санын көбейту);
3) ең алғашқы аурудың пайда болу қаупi төнетiн аумақ анықталады, құс ұстайтын заңды және жеке тұлғаларға енгiзiлген шектеулер туралы тиiстi өкiмдер жiберіледі.
790. Шаруашылықта (жеке шаруашылығында) құстары бар жеке тұлғалар мынадай талаптарды қатаң сақтауға тиіс:
1) үй құстарының жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) аулада құс ұстау қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша жабық түрде ұстауға көшiру;
3) құстың ауру және өлу жағдайы туралы дереу тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық-санитариялық инспекторына хабарлау;
4) жабайы құстармен бiрге көлдердiң маңайынан радиусi 5 шақырым көлемiнде үй құстарын бағуға немесе жаюға жол бермеу.
791. Шаруашылықта құстары бар заңды тұлғалар мынадай:
1) құстардың жабайы, әсiресе суда жүзетiн құстармен жанасуды болдырмау бойынша шаралар қолдану;
2) радиусi 5(бес) шақырымда құстардан бос аймақ құру;
3) қажет болған жағдайда, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектордың нұсқауы бойынша құстарды жабық типтi режимде ұстауға көшiру;
4) iндеттiк аурулар бойынша қолайлылығы тиiстi ветеринариялық құжаттармен бекiтiлген шаруашылықтардан құстарды енгiзу (шығару, араластыру);
5) шаруашылық жүргізуші субъектiлерде қолайлылықты сақтау, қажет болған жағдайда оларға дезинфекция жүргiзу;
6) құстарды өсiру және ұстау технологиясын сақтау;
7) құстың ауру және өлу жағдайы туралы жедел тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң ветеринариялық санитариялық инспекторына хабарлау;
8) құстарды әртүрлi жануарлармен, әсiресе шошқалармен бiрге ұстауға жол бермеу талаптарын қатаң сақтауы қажет.
Эпизоотикалық ошақтарда және жоғары патогенді құс
тұмауы бойынша қолайсыз пункттерде өткізілетін
iс-шаралар
792. Диагноз анықталған кезде шаруашылық жүргізуші субъектiнiң аумағына карантин белгіленеді.
793. Ауру шыққан жер, оған енетiн аумақ ауру анықталған жерге (ауру ошағына) қатынасы бойынша ара қашықтығына және вирустың тасымалдану факторлығының болуына байланысты аймақтарға бөлiнедi:
1) iндет ошағы аймағы - ауру тiркелген және оған енетiн аумақ маңайындағы радиусы 8 (сегiз) шақырымнан кем емес пункт (орын);
2) буферлік зона - ауру тiркелген пункттiң (iндет ошағы аймағынан) шекарасы маңайынан радиусы 25 (жиырма бес) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы);
3) байқау аймағы – қауiптi аймақтың шекарасы маңайынан радиусы 50 (елу) шақырымнан кем емес аумақ (сыртқы).
794. Iндет ошағының аймағында жоғары патогенді құс тұмауының қоздырғышын жою және оның одан ары таралуының алдын алу бойынша шаралар жүргiзіледi. Бұл үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлердегi, елдi мекендегi барлық құстарды (өлексесiн, ауруын, шартты сауын және сауын), олардың түрiне, жасына қарамастан күйдіру жолымен жояды.
Вируспен ластанған және ластануы мүмкiн жер (құс қоралары, аулалар, соятын жер, тасымалдау, қайта өңдеу) аталған аурудың қоздырғышына қарсы тиiмдi саналатын Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялық құралдармен дезинфекцияланады.
Iндет ошағы аймағынан құс және құс шаруашылығы өнiмдерiн шығару (енгiзу) толықтай тоқтатылады. Iндет ошағы аймағының шекарасына ветеринариялық-санитариялық бекет (карантиндiк) ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда аталған аймақта жануарлардың барлық түрлерiнiң қозғалысы толықтай тоқтатылады.
795. Буферлік аймақта ауруды шектеу іс-шаралары және аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
796. Бақылау аймағында аталған аумақтағы құстарға қатаң ветеринариялық бақылау енгiзiледi. Құстар қатаң жабық типте ұстауға ауыстырылады. Жабайы құстардың түрлерiмен байланысына жол берілмейді.
797. Тұмаудан өлген ең ақыры өлексенi, құс тұмауына күдiктi немесе ауырған құстарды жойғаннан кейін және қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн 21 күннен соң шаруашылық субъектiлерiнен карантин алынады.
72. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
тауықтардың жұқпалы бронхит профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
798. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді тауықтың жұқпалы бронхит вирусының енуінен мақсатында құс фабрикаларының басшылары мен мамандары профилактикалық іс-шаралар кешенін орындайды.
799. Құс фабрикаларының тауықтың жұқпалы бронхитi бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілермен шаруашылық байланыс жасауына рұқсат етілмейді.
800. Құс шаруашылығын жинақтауда тек қана клиникалық сау құстың инкубациялық жұмыртқаларын ғана қолдануға болады.
801. Құс ұсталатын барлық құс қораларында ауа алмасу тұрақтылығын бақылау қажет. Зиянды газдардың концентрациясы тиiстi шамадан аспауы тиіс: аммиак 15 миллиграмм кубтық метрге, күкiрттi сутегi 5 миллиграмм кубтық метрге, көмiр қышқылы – 0,25 пайыз көлемi бойынша ауа дымқылдығы 60-70 пайыз болуы тиіс.
802. Құс қораларын бiр жастағы құстардан ғана жинақтау қажет.
Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы бойынша қолайсыз пункттерде
және эпизоотия ошақтарында өткізілетін
іс-шаралар
803. Тауықтардың жұқпалы бронхит ауруы анықталған шаруашылық жүргізуші субъекті (құс фабрикасы) тауықтардың жұқпалы бронхиты бойынша қолайсыз деп жарияланады және оған шектеу қойылады.
804. Қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіде (құс фабрикасында) мыналарға:
1) қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіге инкубациялық жұмыртқаларды және эмбриондарды әкетуге;
2) тiрi-құсты басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге әкетуге және оны халыққа сатуға;
3) құсты, жемшөпті және жұмыс құралдарын қолайсыз құс қораларынан қолайлы қораларға ауыстыруға;
4) құстың жұқпалы бронхитiне бейiм құстарды басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерінен, құс қоралардан әкелуге;
5) асыл тұқымды табындарды балапан кезінде жұқпалы бронхиттен ауырған құстардан жинақтауға жол берiлмейдi.
805. Бiрнеше қора-жайда ауру анықталған жағдайда ауру және әлсiз құстар мұқият іріктеледі, оны ет-сүйек ұнға өңдейдi.
806. Асыл тұқымды шаруашылық жүргізуші субъектілерде тауықтың жұқпалы бронхиты анықталған жағдайда, ауру сақа құстарды союға тапсырады, ал шартты түрде сау құстарды одан әрі союға тапсыра отырып, ет, жұмыртқа алу үшiн қолданады. Тауарлы шаруашылық субъектілердегі аналық табында да соны қайталайды.
807. Қолайсыз құс қораларының жұмыртқаларын өткiзу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектілерден шығару алдында алдымен формальдегид буымен дезинфекция өткiзедi.
808. Қолайсыз құс қораларындағы сойған құстың ұшаларын өнеркәсiптiк өңдеуге жібереді. Қолайлы құс қораларындағы құс ұшаларын жалпы сатуға өткізеді.
809. Қолайсыз құс қораларындағы сойылған құстарының мамығы, қауырсыны кептiру аспаптарында 15 минут бойы 85-90 Цельсий градуста кептiріледi немесе 3 % формальдегид ерiтiндiсiмен 45-50 С0 30 минут бойынша дезинфекцияланады, кейін кептіріліп, мамық өңдейтін кәсіпорындарға жіберіледі.
810. Қолайлы құс қораларының тауықтарынан алынған инкубатор жұмыртқаларын, шаруашылық ішілік мақсатта пайдалана отырып, формальдегид буымен (25-30 миллилитр формалин, 17-20 грамм марганец қышқылы калий, 12-15 миллилитр су 1 кубтық метрге камера арқылы) екi еселiк дезинфекциядан кейiн балапан өсiруге рұқсат берiледi.
811. Инкубация қалдықтарын кәдеге жаратады немесе жояды.
812. Құстардың жұқпалы аурулары бойынша қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектіден инкубациялық жұмыртқаларды әкелуге инкубациялық жұмыртқаларды мұқият дезинфекциялағаннан және жұмыртқаны жеке инкубациялағаннан кейiн, сондай-ақ балапандарды жеке өсiрген жағдайда рұқсат етіледi.
813. Шаруашылық жүргізуші субъектіде сау балапандарды жеке өсiру енгiзіледi.
814. Қи және төсем қи қоймасына шығарылады және биотермиялық тәсiлмен зарарсыздандырылады. Көлiктер күн сайын дезинфекцияланады.
815. Инкубаторлар, құс қоралары, жабдықтар 2 % улы натрийдің ыстық ерiтiндiсiмен 2 сағат бойынша мұқият механикалық тазаланады және дезинфекцияланады. Құс қораларының айналасындағы аумақ 1 % формалин ерiтiндiсiндегі 3 % улы сiлтi ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады.
816. Қораларды әрбiр 2-3 күн сайын, ал аумақты аптасына 1 рет дезинфекциялайды.
817. Құстар іште болған кезде құс қоралары құрамында 2 % белсендi хлор бар натрий гипохлоридімен дезинфекцияланады (1 текше метрге 0,5 миллилитр есептегенде: балапандар үшін - 1,0 грамм хлоризвестi, 0,1 миллилитр скипидар, 7 минут экспозиция кезінде; сақа құстар үшін арасында – 2,0 грамм хлоризвестi, 0,2 миллилитр скипидар, 15 минут экспозиция кезінде: сүт қышқылының жоғары дисперсті аэрозольдер (булар тұман) немесе 20 % сүт қышқылы су ерiтiндiсi резорцин немесе триэтиленгликоль есеппен 0,025 грамм дәрiлермен 1 текше метрге ауада 2-3 рет бiр күнде әр 2 сағат интервалмен).
818. Осы аурудың қоздырғышына қарсы басқа да тиiмдi Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялағыш препараттар қолданады.
819. Ауада дәрiлердiң таралуы үшін аэрозоль агрегатын қолданады.
820. Ауру құстардың ақырғы қоздырғыш бөлуiнен 3 айдан кейiн шаруашылық жүргізуші субъектідегі тауықты жұқпалы бронхит бойынша қолайлы деп жариялауға болады. Шектеуді алар алдында толық қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
73. Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті
Құстардың жұқпалы ларинготрахеиті
профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
821. Құстардың жұқпалы ларинготрахеитінің (бұдан әрі - ЖЛТ) профилактикасы үшін:
1) құс топтары инкубациялық жұмыртқалармен және тәулiктiк балапандармен тек қана ЖЛТ-тен қолайлы шаруашылықтардан толықтырылады;
2) құстардың әртүрлi жастағы топтары аумақтық бөлінген аймақтарға орналастырылады;
3) құс қораларын бiрдей жастағы құстардан толықтыру;
4) құс қораларын мұқият тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзе отырып, цикл аралық профилактикалық үзiлiстердi сақтау;
5) тасымалдап әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқалар, ыдыстар және оларды жеткiзуге қолданатын көлiк, сондай-ақ киiм, аяқ киiм, жүргiзушi және алып келушi персоналдың қолдары дезинфекцияланады;
6) өзінің аналық табынынан алынған жұмыртқаларға және құс шаруашылығына әкелiнетiн асыл тұқымды жұмыртқаларға бөлiнiп алынған инкубацияны қамтамасыз ету;
7) шаруашылық жүргізуші субъектінің басқа құстарынан бөлек әкелiнген жұмыртқадан алынған тәулiктiк балапандарды өсiру қажет.
822. ЖЛТ-тi профилактикасы үшін Қазақстан Республикасында тiркелген құстардың жұқпалы ларинготрахеитiне қарсы вакциналар қолданылады.
Қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
823. Құстардың ЖЛТ ауруы анықталған жағдайда, құс шаруашылығы осы ауру бойынша қолайсыз болып жарияланады және бұл жерге шектеу енгiзiледi.
824. Шектеу енгiзу кезiнде мыналарға:
1) құс шаруашылығының iшiнде ауру асқынған кезде құстарды ауыстыруға;
2) қолайсыз құс шаруашылығына кез келген жастағы құстарды әкетуге және олардан әкетуге;
3) инкубациялық жұмыртқаларды басқа құс шаруашылығына әкелуге;
4) құс шаруашылығының iшiнде қолайсыз құс қораларынан алынған жұмыртқаларды инкубациялауға қолдануға;
5) жем-шөпті, жабдықтарды және құрал-саймандарды қолайсыз өндiрiстiк қора-жайлардан және қолайсыз құс шаруашылығы аумақтарынан әкетуге;
6) қолайсыз құс қораларынан алынған жұмыртқаларды құс шаруашылығының жұмыртқа қоймасына әкелуге және сақтауға;
7) қолайсыз құс шаруашылығының аумағына және оның аумағынан персоналдың толық санитариялық өңделуiнсiз және киiмдерi мен аяқ киiмдерiн ауыстырмай шығуына тыйым салынады.
825. Құс шаруашылығының қолайсыздығы кезеңiнде мыналарға:
1) облыс көлемiнде дезинфекция жасалғаннан кейiн қолайсыз пункттерден ас жұмыртқаларына сауда көздерiне әкетуге;
2) қолайлы құс қораларындағы құстардан алынған жұмыртқаларды iшкi шаруашылық мақсатта қолдану үшiн мына схема бойынша формальдегидтiң ерiтiндiсiмен жүргiзiлген аэрозольдық дезинфекциядан кейiн: бiрiншi жолы - жұмыртқалағаннан кейiн 1,5-2 сағаттан кем емес уақытта, екiншi - арнайы автомашинадағы ыдыста қорапталған күйiнде немесе инкубаторияның дезинфекциялық камерасында, үшiншi - инкубаторға салынардың алдында таңдалып алынғаннан кейiн; төртiншi - инкубацияның басталуынан 6 сағат өткен соң инкубациялау;
3) құс шаруашылығында сою цехы болмаған кезде облыстың мемлекеттiк ветеринариялық инспекторларының рұқсатымен аурудан қолайлы құс қораларынан жоспарлы түрде етке союға жататын құстарды, құс етiн қайта өңдеушi кәсiпорындарға әкелуге рұқсат етiледі.
826. Құс шаруашылығында құстардың ЖЛТ алғаш рет пайда болған кезде аурудың таралуына жол бермеу мақсатында қолайсыз құс қорасындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай жағдайда сыртқы ортадағы аурудың қоздырғышын жоюды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзiледi.
827. Ауру басқа құс қораларына таралған жағдайда мұқият таңдау жүргiзiледi және құс шаруашылығының санитариялық сою цехында ауру және әлсiз құстар сойылады.
828. Барлық клиникалық сау құстарды ЖЛТ қарсы вакцинасымен оны қолдану нұсқаулығына сәйкес иммунизациялайды.
829. Құс шаруашылығында құстарды жемдеу және ұстауды жақсартады, рационға антистресстiк препараттар (қоспалар) енгiзiледi.
830. Әрбiр құс қорасына қызмет атқарушы персонал тағайындалады, олар жұмыс киiмiмен, арнайы аяқ киiммен, дезинфекциялаушы заттармен қамтамасыз етiледi.
831. Құстарды сою, ветеринариялық-санитариялық шарттарды сақтай отырып, ветеринар маманның бақылауымен, кейін сойылған жерге, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция жүргiзiледi.
832. Қолайсыз құс қорасынан құстардың үлкен партиясын сою қажеттiлiгi кезiнде және құс шаруашылығында күнтізбелік 2 күн iшiнде сою мүмкiндiгi болмаған жағдайда, тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен клиникалық сау құстарды еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарына әкетуге рұқсат етiледi.
833. Құстардың тұтас ұшаларына ветеринариялық-санитариялық сараптама және қайта өңдеу жүргiзiледi. Тұтас ұшаларында және органдарында өзгерiстер болмаған жағдайда, қайнатқаннан кейiн қолданады немесе қайнатылған шұжықтар, консервiлер дайындауға арналады.
834. Қолайсыз құс қораларында құстарды сойғаннан алынған мамықтар және қауырсындар мынадай тәсiлдермен дезинфекцияланады:
1) ыстық ауамен - кептiргiш қондырғыларда 85-90 С0 температурада 20 мин. ішінде;
2) 3 %-тi формальдегидтiң ыстық (45-50 С0) ерiтiндiсiнде арнайы ыңғайлы ыдыста 30 минут ішінде;
3) ыстық суда (85-90 С0) арнайы ыңғайлы металдан жасалған ыдыста 20 мин ішінде;
4) мамықтарды және қауырсындарды формальдегидтiң ерiтiндiсiмен немесе ыстық сумен дезинфекциялағаннан кейiн мамықтарын және қауырсындарын ылғалдан сығып алып және кептiргiш қондырғыларда кептiредi.
835. Құстарды етке союға тасымалдағаннан кейiнгi контейнерлер және жәшiктер ет тасылатын ыдыстар, сондай-ақ жұмыртқа әкетуге қолдануға арналған контейнерлер, картон төсемелер, жәшiктер және басқа ыдыстар міндетті түрде тазалауға, сондай-ақ дезинфекциялауға жатқызылады.
836. Құстарды және жұмыртқаларды әкелуге арналған ағаш жәшiктердi, контейнерлердi дезинфекциялау үшiн улы (өткiр) натрийдің 2 % ыстық ерiтiндiсiн немесе формальдегидтiң 1-2 % ерiтiндiсiн қолданады. Ағаш ыдыстар кальциленген соданың 5 % ыстық ерiтiндiсiмен немесе улы (өткiр) натрийдің 2 % ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады. Металдан дайындалған ыдыстарды кальциленген соданың 5 % ыстық ерiтiндiсiмен дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн оларды мұқият сумен жуады.
837. Құс шаруашылығының ЖЛТ қолайсыз кезеңi кезiнде мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ қолайсыз құс қораларына, инкубаторларға, қосалқы мал қораларға, құрал-саймандарға және жабдықтарға, өндiрiстiк аумақтарға, көлiк құралдарына және басқа объектілерге ағымдағы және қорытынды дезинфекция, дезинсекция, сондай-ақ дератизация жүргiзiледi.
838. Құстардан босап бос тұрған мал қораларға дымқыл дезинфекция жүргiзу үшiн мынадай препараттардың бiрiн қолданады: улы (өткiр) натрийдің 2 % ыстық ерiтiндiсi, формальдегидтiң 2 % ерiтiндiсi, 2 % белсендi хлордан тұратын хлорлы әктің ашық ерiтiндiсi, жаңа сөндiрiлген әктің 20 % қою сұйығы (арасы 1 сағаттан 2 рет ақтау жолымен), кальциленген соданың 10 % ыстық ерiтiндiсi.
839. Ауаны және өндiрiстiк бөлмелердiң беткi жақтарын, жабдықтарды құстарды сыртқа шығармай аэрозольдық дезинфекция жүргiзу үшiн йодтриэтиленгликольды, сүт қышқылын, хлорскипидардың буын, гипохлорид натрийін, су тотығының қалыпталған ерiтiндiсiн қолданады.
840. Саңғырықты және терең төсемені саңғырық сақтағышқа биотермиялық залалсыздандыруға шығарады.
841. Құс етiн қайта өңдеушi кәсiпорындарда құстардың ЖЛТ пайда болған жағдайда, кәсiпорындағы барлық құстар етке сойылады. Мұндай кезде бұл кәсiпорынға жаңадан келiп түсетiн құстарды тасымалдап әкелуге тек қана, барлық құс шаруашылығы өнiмдерi сатылып болғаннан кейiн және барлық қажеттi ветеринариялық-санитариялық шаралар (мал қораларға және аумаққа механикалық тазарту, дезинфекция, дезинсекция, дератизация, құрал-саймандарға және жабдықтарға дезинфекция) жүргiзiлгеннен кейiн рұқсат етiледi.
842. Құс шаруашылығындағы құстардың ЖЛТ бойынша шектеу ауру құстың сойылуының соңғы жағдайынан соң немесе құстар ауырып жазылғаннан кейiн 2 ай өткен соң және қорытынды ветеринариялық-санитариялық шаралар жүргiзiлгеннен кейiн алынады.
74. Құстардың кокцидиозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргізілетін профилактика жөніндегі
іс-шаралар
843. Құстардың кокцидиозбен ауруының профилактикасы мақсатында:
1) құстарды топтап өсiруге, қораларда ылғалдылықтың жоғары болуына, жас балапандар мен үлкен құстардың араласуына, жем және ауыз судың қимен ластануына жол бермеу;
2) құстарды толыққанды жеммен қамтамасыз ету;
3) құс қораларына құстарды кезектi отырғызуға дайындау кезеңiнде қораларға, серуен алаңдарына, жабдықтарға және құрал-саймандарға дезинвазия жүргiзу;
4) шаруашылық жүргізуші субъектiлердің аумақтары қидан тазарту және оны биотермиялық зарарсыздандыруды жүргiзу;
5) құстарға кезең-кезеңімен кокцидиостатиктердi қолдану қажет.
844. Құстардың балапандары батареялық торларда немесе еденi торланған секцияларда өсiріледi.
845. Құс қораларын, құралдарды және құрал-саймандарды дезинвазиялау үшiн Қазақстан Республикасында тiркелген дезинфекциялағыш құралдар қолданылады.
Эпизоотия ошағында және құстардың кокцидиозы бойынша
қолайсыз пункте жүргiзiлетiн жою бойынша
іс-шаралар
846. Кокцидиоз пайда болған кезде, қолайсыз топтың барлық құс басына кокцидиостатиктер белгіленеді, әлсiз құстар өлтіріледі. Күн сайын қиды жинау, қораларды, жаю алаңдарын және жабдықтарды (науалар, астаулар және басқа құстарға күтім жасауға арналған заттар) механикалық тазарту жүргiзiледi.
847. Профилактикалық және емдеу мақсатында, тауық балапандары, күрке тауық, қаз және үйрек балапандарына Қазақстан Республикасында тiркелген препараттар қолданылады.
848. Кокцидиостатиктердi қолданудың ұзақтығы эпизоотиялық жағдайға және құстардың балапандарын өсiрудiң әдiстерiне байланысты.
849. Құстардың балапандарын торларда өсiру кезiнде препараттар аурудың залдан келесi залға ауыстырылған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде профилактикалық мақсатта белгілеу ұсынылады. Қажеттілігіне қарай 3 күндiк үзiлiстен кейiн препараттарды беру курсы жалғастырылады.
850. Құстардың балапандарын едендерде өсiру кезiнде кокцидиостатиктер профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жастағыларынан бастап екi-үш 10-күндiк курстармен аралығында күнтізбелік 3 күннен аспайтын үзiлiспен белгіленеді. Қажеттілігіне қарай препараттарды берудi қайталанады.
851. Бройлерлерді ауыстырылмайтын терең төсенiште өсiру кезінде кокцидиостатиктердi профилактикалық мақсатта күнтізбелік 10-15 күндiк жасынан бастап күн сайын қолдану және союға 3-5 тәулiк қалғанда қолдануды тоқтату ұсынылады.
852. Ұзақ уақыт бойы шаруашылықта кокцидиостатиктiң бiр түрiн қолдануға болмайды, өйткені кокцидиилер оған төзiмдiлiк пайда болуы мүмкiн.
75. Құстардың Ньюкасл ауруы
Ньюкасл ауруының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
853. Құс шаруашылығының, сондай-ақ мемлекеттiк ветеринария желісі мекемелерiнiң ветеринар мамандары:
1) қызмет көрсететін құс шаруашылықтарында, елдi мекендерде арнайы ветеринариялық іс-шараларды жүргiзудi ұйымдастыруға және құстардың жағдайына жүйелi түрде бақылау жүргiзуге;
2) құс қораларын және құрал-саймандарды улы натрийдің (1,5 %-тi), хлорлы әктің (3 %-тi), креолиннiң (5 %-тi) ерiтiндiлерiмен дезинфекцияға. Бiр мезгiлде аэрозолдық дезинфекция жүргiзуге;
3) Ньюкасл ауруына қарсы профилактикалық вакцинация жүргiзетiн құс шаруашылықтарында, егiлген құста иммунитеттiң тұрақтылығына бақылау тағайындауға міндетті.
854. Осы ауру бойынша аурудан қолайлы шаруашылықтарда (аймақтарда) құстарды Ньюкасл ауруына қарсы егудiң орындылығын эпизоотиялық жағдайға байланысты тиісті әкімшілік бірліктің Бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторлары анықтайды.
Аурудан қолайсыз пунктерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
855. Ньюкасл ауруынан қолайсыз пунктке карантин белгіленеді.
856. Ньюкасл ауруына карантин қойылған құс шаруашылықтарында және елдi мекендерге:
1) құс қораларынан Ньюкасл ауруына шалдыққан құстарды шығаруға;
2) құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарды бөгде адамдардың аралауына;
3) құстарды және құс өнiмдерiмен сауда жасауға, құстар және құс өнiмдерiн (тұтас ұшалар, жұмыртқа, эмбриондарды, мамықтарды, қауырсындарды) дайындауға, шаруашылыққа әкелуге немесе одан орын ауыстыруға тыйым салынады.
857. Құстардың Ньюкасл ауруынан қолайсыз құс шаруашылығында ауруды жоюда мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) етке тапсыруға қоңдылығы жоқ жас құстарда ауру анықталған жағдайда, қолайсыз пункт құс қораларындағы барлық ауру және сау балапандар қансыз тәсiлмен өлтiрiледi және жойылады. Мұндай жағдайда ауру қоздырғышының шығып кетуiне және жайылуына жол бермеу үшiн барлық қажеттi шаралар қабылданады, міндетті түрде сыртқа шығарушы желдеткiш сөндiрiледi, терезелер және есiктер жабылады. Етке тапсыруға қоңдылығы жеткiлiктi балапандарда немесе ересек құстарда ауру пайда болған жағдайда, қансыз тәсiлмен өлтiрiледi және тек ауру немесе ауруға күдiктi құстар жойылады;
2) құс қораларындағы қалған клиникалық сау құстар етке тапсыруға сойылады, егер барлық құстарды етке союмен қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда - оларды Ньюкасл ауруына қарсы егедi. Бұл құстарды қатаң түрде оқшаулап ұстау қажет және құс шаруашылығынан карантиндi алуға дейiн 2 аптадан кешiктiрмей союға тапсыру қажет;
3) тұтас ұшалар қайнатылады және осы шаруашылық iшiнде халыққа тамаққа қолданылады;
4) құстардың үлкен партиясы етке сойылғанда, тұтас ұшалары облыстың iшiндегi жақын орналасқан ас дайындаушы кәсiпорындарға өндiрiстiк қайта өңдеу үшiн жiберiлуi мүмкiн немесе қайнатылған күйде қоғамдық тамақтандыру арналарына жiберiледi;
5) құстарды етке сою ветеринариялық маманның бақылауымен, ветеринариялық-санитариялық шарттарды сақтай отырып және соңынан ет сойылған жерлерге, құрал-саймандарға, жабдықтарға дезинфекция жүргiзе отырып жүзеге асырады;
6) клиникалық сау құстарды етке сою кезiнде алынған мамық және қауырсындар дезинфекцияланады;
7) Ньюкасл ауруы шыққанға дейiнгi және карантин кезеңiндегi алынған жұмыртқаларды 10 минуттан кем емес уақыт қайнатады және қолайсыз пункт шаруашылығының iшiнде тағамға қолданады;
8) жұмыртқалардың үлкен партиясы болған жағдайда оларды аэрозольдық тәсiлмен дезинфекциялайды және жоғары температурада дайындалатын нан немесе кондитерлiк тағамдарға қолдануға, облыс iшiндегi тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарына жіберуге рұқсат етiледi. Мұндай жағдайда, ауру қоздырғыштарының таралып кетуiн болдырмау үшiн шаралар қолданылады (ыдыстарды, көлiктi, жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдердi дезинфекциялау, қызметшiнi санитариялық өңдеу);
9) Ньюкасл ауруына қарсы бұрын егiлмеген қолайсыз пункт шаруашылығының барлық қалған құстарын вакцинацияланады. Бұрын вакцинацияланған құстарға иммунитеттiң деңгейiне тексеру жүргiзiледi (құстардың қан сары суы зерттеледi), қажет жағдайда қарсы вакцинацияланады;
10) карантиндi алғанға дейiн жұмыртқаларды инкубациялауды және балапандарды өсiруге қабылдауды тоқтатады.
858. Елдi мекен тұрғындарының меншiгiне жататын құстардың арасында Ньюкасл ауруы анықталған жағдайда, қолайсыз пункт аулаларындағы барлық ауру немесе ауруға күдiктi құстарды отқа жағу арқылы жояды, ауру құстармен байланысы болған осы ауладағы қалған құстарды, сондай-ақ көршi аулалардағы барлық құстарды етке сояды, тұтас ұшалары қайнатылады және шаруашылықтың iшiнде тамаққа қолданылады. Етке сойылған құстардан алынған мамықтары, қауырсындары және iшкi орындары отқа жағылады.
859. Қолайсыз елдi мекеннiң ауруға шалдығуы мүмкін қалған құстарды Қазақстан Республикасында тiркелген биопрепараттармен Ньюкасл ауруына қарсы вакцинацияланады.
860. Көршi қолайсыз құс қораларына, құс қора-жайларына, аулаларға мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi. Саңғырыққа және терең төсемдерге оқшауланған жердiң бөлiгiнде биотермиялық залалсыздандыру жүргiзiледi.
861. Құс шаруашылығында және қауiп туғызушы аймақтағы елдi мекендердегі мемлекеттiк ветеринариялық қызмет, ветеринария мамандары және шаруашылықтардың басшылары әкiмшiлiктердiң өкiлдерiмен бiрге, құс шаруашылығын, елдi мекендердi Ньюкасл ауруы қоздырғышының таралып кетуiнен сақтайтын шара қабылдайды және осы мақсатта мыналарды:
1) құстардың және құс өнiмдерiнiң, жемшөптің, жабдықтар мен құрал-саймандардың аурудан қолайсыз пункттерден шығарылмауы мақсатында, сол аймақтардың шекараларында карантиндiк бекеттер ұйымдастырады;
2) осы нұсқаулықта қарастырылған, шаруашылықтың санитариялық жағдайына, саңғырықтарды, төсемдерді тазартуға және оларды залалсыздандыруға, сондай-ақ өз уақытында егу және басқа іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылау жүргiзiледi.
862. Қолайсыз аймақтарда орналасқан құс шаруашылығымен айналысушы шаруашылықтарда және елдi мекендерде, ауруға шалдығатын әр құс уақтылы және егу бойынша нұсқаулыққа сәйкес Ньюкасл ауруына қарсы егіледі.
863. Соңғы тiркелген ауру құсты жойғаннан кейiн және ветеринариялық шаралар жүргiзiлгеннен соң күнтізбелік 30 күн өткен соң құс шаруашылығынан карантин алынады.
76. Құстардың шешек ауруы
Құстардың шешек ауруы профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
864. Аурудан қолайлы құс шаруашылықтарында құстардың осы ауруға шалдығатын әр басына шешекке қарсы профилактикалық егу жүргiзiледi.
865. Құс қораларына және жабдықтарына толық тазарту жүргiзiле отырып, өсiрiлушi топтарда профилактикалық үзіліс iске асырылады.
866. Құстардың шешегi профилактикасы үшiн құс шешегiне қарсы Қазақстан Республикасында тіркелген вакцина қолданылады.
Қолайсыз пункттерде ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
867. Құстардың шешек ауруы анықталған құс шаруашылығы және басқа құс шаруашылығымен айналысушы субъектiлер, қолайсыз пункт деп танылады және ол жерге карантин қойылады.
868. Карантин шарттарында мыналарға:
1) құстардың барлық жастағыларын және түрлерiн, оның iшiнде елдi мекендерге балапандарды сатуға (еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға етке тапсыруға тасымалдағанды есептемегенде), көлiкпен тасымалдауға, жекелеген жағдайларда шешектен қолайсыз құс қораларынан инкубация цехтары сенiмдi қорғаныста болған жағдайда және жұқпалы аурудың таралуына мүмкiндiк болмаған жағдайда, эпизоотиялық жағдай ескерiле отырып және ауданның (облыстың) Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторының рұқсатымен, тәулiктiк жастағы тауық балапандарын, күркетауық балапанын, цесаряттарды, қаз және үйрек балапандарын облыс шегiндегi мамандандырылған құс шаруашылықтарына орын ауыстыруға рұқсат етiледi;
2) жұмыртқаларды тұқымдық мақсатта орын ауыстыруға тыйым салынады.
869. Карантин шарттары бойынша мыналарға:
1) жұмыртқаларды дезинфекциядан өткiзгеннен кейiн сауда көздерiне шығарып сатуға;
2) құс шаруашылығының iшiнде құс өсiру мақсатында аурудан қолайлы құс қораларынан алынған құстардың жұмыртқалары, тiкелей инкубаторға қойылар алдында дезинфекциядан өткен жұмыртқаларды инкубациялауға;
3) шешекке қарсы егiлген (вакцинациядан кейiн 20 күн өткен соң) суда жүзушi құстар, сондай-ақ тауықтар, фазандар, павлиндер, түйеқұстар және цесаркаларды тасымалдап әкелуге рұқсат етiледi.
870. Құс шешегiнен қолайсыз пунктте:
1) құстардың арасында шешек ауруы пайда болған жағдайда барлық ауру және ауруға күдiктi, сондай-ақ әлсiз құстар сол құс шаруашылығының санитариялық ет сою пунктінде етке сойылады;
2) мұндай құстарды етке өткiзу үшiн еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға әкетуге тыйым салынады;
3) қалған, аурудың клиникалық белгiлерi жоқ жартылай сау құстарды, экономикалық мақсатын ескере отырып, етке союға немесе еттi қайта өңдеушi кәсiпорындарға өткiзуге ұсынады;
4) құс етiне ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргiзiледi. Бұл ретте ауру құстарды союдан алынған тұтас ұшаларды әкетуге және асқа қолдануға тек қана термиялық өңдеуден өткiзiлгеннен кейiн ғана рұқсат етiледi. Осындай алдын ала термиялық өңдеуден өтпеген тұтас ұшалар, құс шаруашылығының iшiнде де сатылуға рұқсат етілмейді;
5) барлық клиникалық сау құстарды шешекке қарсы егеді. Вакцинацияланған құстарға бақылау жүргiзiледi, вакцинациядан кейiн, егер 20 күн iшiнде олардың арасында шешекпен ауыратын құстар анықталмаса (инкубациялық кезеңде егiлгендерден), онда олар етке сойылады;
6) профилактикасы мақсатында шешектiң таралуына қауiп туғызушы құс шаруашылығында (азаматтарының жеке қолдануындағы құстарды) құстарды вакцинациялайды;
7) ауру және ауруға күдiктi құстарды етке сою кезiндегi алынған мамықтарды, қауырсындарды формальдегидтiң сiлтiлiк ерiтiндiсiне (улы натрийiнiң 1 % ерiтiндiсiндегi 3 % формальдегид) 1 сағат батырып ұстау арқылы дезинфекциялайды және ветеринариялық куәлiкте (анықтама) шаруашылықтың шешектен қолайлы екендiгiн көрсете отырып, мамық өңдеушi кәсiпорындарда екi рет қапталып, ыдысқа салынып әкетіледі;
8) қоралардың бөлмелерiне, жабдықтарға, құралдарға және өндiрiстiк аумақтарға мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргiзiледi, құс қораларынан алынған саңғырық биотермиялық жолмен залалсыздандырылады; құс қоралары қолайлы және құрғақ ұсталынып және құстардың тығыз тұруына жол берiлмейдi;
9) құстар құнарлы жемшөппен қамтамасыз етiледi, жем құрамына сүт өнiмдерiн қосу ұсынылады.
871. Ауру жойылғаннан кейiн 2 ай өткен соң (құстарда шешектiң клиникалық белгiлерiнiң соңғы рет тiркелуi анықталғанда) және соңғы қорытынды дезинфекция жүргiзiлгеннен кейiн қолайсыз пункт шаруашылығынан карантин алынады.
77. Күзеннiң Алеут ауруы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге асырылатын
күзеннiң Алеут ауруының профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
872. Қолайлы аң шаруашылықтарында Алеут ауруының профилактикасы күзендердi әкелу қағидаларын қатал орындалуына, қан сарысуының сынамаларын таңдамалы және жоспарлы түрде зерттелуiне, ветеринариялық-санитариялық және шаруашылық іс-шараларының орындалуына негiздеген.
873. Қолайлы аң шаруашылықтарына күзендi тек аурудан қолайлы шаруашылықтардан қан сарысуын зерттегеннен және терiс нәтиже алынғаннан кейiн әкелуге рұқсат етiледi.
874. Әкелiнген күзендердiң профилактикасы карантинiнде 30 күн ұстайды және күзендердiң Алеут ауруын жоққа шығару үшiн зертханалық зерттеу жүргізу қажет. Терiс нәтиже кезінде барлық клиникалық сау аңдарды фермаға көшiредi. Егер ауру жануарлар байқалса карантиннiң мерзiмiн олар сауыққанға дейiн ұзартады.
875. Жұқпалы жағдайын бақылау мақсатында аурудан қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектiлерде күзендерден зертханалық зерттеулер үшiн таңдап қан сарысуын алады.
876. Жұқпалы аурулардан сақтану мақсатында кезең-кезеңмен дезинфекциялау жүргiзiледi.
Эпизоотикалық ошақтарда және күзеннiң Алеут
ауруынан қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
877. Шаруашылығы субъектiсiне қызмет көрсететiн ветеринария маманы күзеннiң Алеут ауруына күдiк туғанда, ауданның (қаланың) бас ветеринариялық инспекторына хабарлайды және диагнозды анықтау үшiн шаралар қолданады.
878. Қолайсыз аң шаруашылығы субъектiлерiнде ауруды жою іс-шаралары қан сынамасын жоспарлы және жоспарлы емес зерттеулер, оң нәтиже берген малдарды оқшаулау және iрiктеу, аңдарды топтастыру, дезинфекциялық жұмыстарды жүргiзу қамтылады. Сонымен қатар күзендер көрмеге жiберiлмейдi, күзендердi сау шаруашылыққа шығаруға, өлген күзендермен жемдеуге, күзен майын және қалдық жемін қолдануға тыйым салынады.
879. Қолайсыз аң шаруашылығы субъектiлерiнде жоспар бойынша Алеут ауруына қанды зерттеу негiзгi табынды топтастыру кезеңiнде, күйлеу алдында, енесiнен бөлу алдында, сатуға арналған күзендердi, сондай-ақ тумайтын ұрғашыларды (ауруға күдiктi) тексередi. Зерттеу нәтижелерiн әрбiр тор бойынша есептейдi. Жоспарсыз зерттеу, серологиялық реакциялар оң нәтиже берген, ауруға күдiктi немесе өлген және ерiксiз өлген күзендер байқалған торларда жүргiзiледi.
880. Негiзгi табынды топтастыру кезеңiнде асыл тұқымды, үлкен күзендердi, сондай-ақ терiс нәтиже берген аналықтардан алынған төлдер зерттеледi. Оң нәтиже берген аңдарды жүн терiсi шыққанша оқшауханада ұстайды, кейiн терiсiн алу үшiн сояды. Терiс нәтиже берген аналықтардың күшiктерiн топтан ақаулап, кейiн өлтiредi. Кей жағдайда күзендердiң көпшiлiк басы аңғарса, бас ветеринар маманының рұқсатымен бiр жыл iшiнде тек қана оң нәтиже берген күзендердi сояды.
Ерекше жағдайларда, күзендердің көбі әсер алуына байланысты ауданның бас ветеринарлық инспекторымен келісім бойынша бір жыл ішінде оң әсер беретін күзендерді ғана союмен шектеледі.
881. Күзгi уақытта оң нәтиже беретiн күзеннiң процентi ортадан жоғары болған шаруашылықтарда негiзгi тобында және ұрыққа қалдырылған тұқымның арасында сою кезеңi бiткенше қосымша зерттеулер жүргізіледі.
882. Қаңтар-ақпанда, айдау басталғанға дейін күнтізбелік 10-15 күннен кеш емес барлық күзендердi зерттеуден өткiзедi, оң нәтиже бергендерiн сояды және терiс нәтиже берген төлдермен толықтырады.
883. Айдау аяқталған уақыттан бастап және төлдi енесiнен бөлу алдында барлық негiзгi табынды тексередi. Қанды зерттеудi наурыздың ортасына дейiн бiтiредi, сауылатын аналықтар мен еркектердi - енесiнен айырылғанша тексередi. Оң нәтиже берген тұқымдарды оқшаулайды және жүнi шыққанша ұстайды.
884. Серологиялық зерттеу нәтижесiне қарап күзендердi әкелу және әкету, шаруашылығы субъектiлерiнiң iшiнде, шаруашылықтар арасында, қала, елдер арасында топтастыру мәселелері мынадай түрде шешiледi:
1) қолайлыдан - шектеусiзге;
2) қолайсыз пункттен - терiс нәтижелi аңдарды жұқпалы жағдайы ұқсас немесе одан жақсы торларға, оң нәтижелi аңдардың пайызына қарай орын ауыстырады;
3) оң нәтижелi және олармен бiрге бiр торда тұрған күзендердi оқшауханаға көшiредi немесе сояр алдында ұстайтын, арнайы сау емес топқа қосады.
885. Сыртқа шығарылатын күзендердiң тобын күнтізбелік 30 күн карантинде ұстап, күнделiктi клиникалық бақылаудан және серологиялық зерттеуден өткiзедi.
886. Қолайсыз пункт шаруашылықтардан әкелiнген күзендердi профилактикасы карантинiнде күнтізбелік 30 күн ұстайды және зерттеулер жүргізеді. Серпозитивтi тұқымдарды сояды, ал терiс нәтиже беретiн клиникалық сау күзендердi басқа күзендерден жеке ұстайды.
887. Ауру және ауруға күдiктi күзендердi сойғаннан кейiн сою пунктiн дезинфекциялайды.
888. Күзендердің мал басының негiзгi топта және жөндеу төлінде жоспарлы қан зерттеуiнен 3 рет терiс нәтиже шыққанда Алеут ауруынан шаруашылығы субъектiсiн қолайлы деп есептеледi.
78. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық аурулары
Үй қояндарының вирустық геморрагиялық
ауруларының профилактикасы жөнiндегi
iс-шаралар
889. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың басшылары мен ветеринариялық мамандары, қояндарды тасымалдау, қабылдау және оның шикiзат өнiмдерiн өңдеу кәсiпорындарының басшылары аурудың профилактикасы үшiн жалпы ветеринариялық-санитариялық сақтық іс-шараларын қатаң сақтауға міндетті.
890. Үй қоянын өсiретiн шаруашылықтардың, басқа шаруашылығы субъектiлерiнiң ветеринариялық мамандары, қоян өсiрушi-әуесқойлар, елдi мекендерде, шаруашылығы субъектiлерiнде мемлекеттiк ветеринариялық қызмет көрсететiн мамандар, ветеринариялық арнаулы іс-шаралардың жоспарында көрсетiлгенiндей (профилактикасы егулер, диагностикалық зерттеулер) жүргiзуі тиіс, қояндардың геморрагиялық вирустық ауруының профилактикасы, сақтандырудың жағдайын жасайды және қояндарды үнемi бақылауды қамтамасыз етедi.
891. Үй қояндарының шикiзаттарымен жұмыс iстегенде, ветеринариялық және санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтайды, өндiрiс орнынан шаруашылықтың залалсыздандырмаған қалдықтарының шығуына жол берiлмейдi.
892. Жемшөп мен терi шикiзаттарының бiр қоймада сақталуына болмайды.
893. Үй қояндарының және оның шикiзаттарын тасымалдағаннан кейiн автокөлiктi міндетті жуып және оған дезинфекция жасалынады.
Үй қоянының вирустық геморрагиялық
ауруына күдiк туған кездегі
iс-шаралар
894. Үй қоянының вирустық геморрагиялық ауруына (бұдан әрі – ҮҚВГА) күдiк туғанда шаруашылығы субъектiлерiнiң басшылары, ветеринариялық мамандар мыналарға:
1) ҮҚВГА-ға күдiк туғанда аудандық (қалалық) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға;
2) қояндардың және оның өнiмдерiн сатып таратуды, тоқтата тұрудың шарасын жасауы;
3) жануарларды бағып күтушi персоналдың және көлiктiң кiрiп-шығуына шектеу қоюы;
4) қояндарды шаруашылықта топтастыруға, және жаңадан сырттан әкелуі;
5) басқа да ауруды таратпаудың тиiстi іс-шараларын қарастыруы тиіс.
895. Жануарлардың иелерi ҮҚВГА-ға күдiк туғанда жақын бөлiмшедегi ветеринариялық-санитариялық инспекторға хабарлауға міндетті.
896. Аудандық бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспектор немесе бөлiмшенiң ветеринариялық маманының ҮҚВГА-ға күдiк туғаны жөнiнде хабарды алғаннан кейiн мыналарға міндетті:
1) күдiктi жерге келiп эпизоотиялық жағдаймен танысады және ауруды анықтаудың, ауруға диагноз қоюдың іс-шараларын қарастырады;
2) ауруға тиiстi патматериал, сынама алып, оны ветеринариялық зертханаға немесе ғылыми зерттеу институтының зертханалық тексеруге жiберудi ұйымдастырады;
3) ауру тарату көзiн және оның жұғу жолдарын анықтайды;
4) қолайсыз пункттiң және қауiптi аймақтың шекарасын анықтайды, сонымен қатар ауруды таратпаудың нақты іс-шараларын белгiлейдi.
897. ҮҚВГА жөнiнде диагноз қойылғаннан кейiн, шаруашылығы субъектiлерiне шектеу қойылады.
Үй қояндардың вирустық геморрагиялық
ауруын жою жөніндегі
іс-шаралар
898. Шектеудiң шарты бойынша қолайсыз пунктте мыналарды:
1) қояндарды және оның өнiмдерiн: терi, түбiт, мүлiк және қоянның жемшөбін әкелуге және шығаруға;
2) үй қояндарын қайтадан топтастыруға;
3) үй қояндарының шоғырлануына байланысты өткізілетін көрмелер және басқа шаралар ұйымдастыруға;
4) қояндарды және оның сойылған өнiмдерiмен сауда саттық жасауға;
5) қоян өсiрушiлердiң жануарларды айырбастауына;
6) қояндарды шағылыстыратын пункттердiң жұмыс iстеуiне;
7) ауру қояндар орналасқан және оның өлексесi жатқан жерден жемдік жем-шөп дайындауға және олармен қояндарды жемдеуге;
8) қояндарды базарлардан, қоғамдық тамақтандыру орындарынан, елдi мекендерден алынған залалсыздандырылмаған тағам, өсiмдiк қалдықтарымен жемдеуге;
9) қоян өсiрушiлердiң жиналыстарын, кеңестерiн өткiзуге тыйым салынады.
899. Қолайсыз шаруашылықта, пунктте атқарылуы тиiс жұмыстар:
1) барлық қояндардың толық есебiн жүргiзедi;
2) ауру жануарларды айырып алу үшiн, мұқият клиникалық тексеру жүргiзедi;
3) ауру және ауруға күдiктi жануарларды қан шығармай сою әдiсiмен сол тұрған жерiнде өлтiредi және өлексенi кәдеге жаратуға жiбередi;
4) аурудың профилактикасы және емдiк мақсатта, барлық қояндарды арнайы дайындалған иммундық сарысумен тиiстi нұсқамаға сәйкес егедi;
5) қалған шартты сау жануарларға вакцинация жүргiзiледi;
6) вакцина болмаған жағдайда, ауруды таратпау мақсатында, қолайсыз пунктте қояндарды жою қажеттігі жөнiнде сұрақты шешедi. Ауру қояндарды және туғанына 2 ай болмаған қояндарды қан шығармай сою әдiсiмен өлтiрiп терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi;
7) ересек денi сау қояндарды қолайсыз пункттiң өзiнде шаруашылығықа етке сойылады, аурудың таралмауы қамтамасыз етiлiп, ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың қағидалары сақталады және тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринариялық инспекторының бақылауымен жүргiзiледi;
8) қояндардың ұшаларын, етiн қайнатқан соң қолайсыз әкiмшiлiк аймағының аумағында шексiз пайдалануға болады, және басы, аяқтары, iшкi ағзаларын, қан және басқа өнiмдерiн күнi бұрын дайындалған дезинфекциялық заттармен өңделiп утильдейдi, күйдіреді немесе 1,5-2 метр тереңдiкте қазып көмедi;
9) серуендеу алаңдарына, жабдықтарға, сою пункттерiне және жануарлар орналасқан шаруашылығы субъектiлерi мен қоян ұстайтын азаматтардың қора-мал қораларына мұқият механикалық тазарту, сондай-ақ дезинфекция жүргiзiледi;
10) елдi мекендi, азаматтарға қауiптi аурудың таралуы және шектеу қойылғандығы жөнiнде хабардар етедi;
11) ҮҚВГА-ны таратпау жөнiнде тұрғындар арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;
12) базарларда, ет комбинаттарында, қояндарды союдан шыққан өнiмдердi өңдеу және дайындау кәсiпорындарында ветеринариялық-санитариялық қадағалауды күшейтедi;
13) үй қоянына арналған қораларға күнделiктi дезинсекция жүргiзедi (шыбындарды, масаларды және басқа жәндіктерді жояды).
900. Қолайсыз пунктте дайындалған қояндардың терiлерiн екi қабат тығыз залалсыздандырылған матамен орап, қатқаннан кейiн, қоймалар мен тоңазытқыштарда ұстамастан тiкелей, залалсыздандыру және өңдеу үшiн өңдеу кәсiпорындарына жiбередi.
901. Үй қояндарының вирустық геморрагиялық ауыруы бойынша қолайсыз пункттерді шектеу қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін алынады.
79. Күзеннiң вирустық энтериті
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда жүзеге
асырылатын, вирустық энтериттен профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
902. Малдардың вирустық энтерит ауруын сақтандыру мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) вирустық энтеритке қолайсыз аймақтан күзен шаруашылығына жем, төсенiш, көлік құралдарын әкелуге рұқсат берiлмейдi;
2) аурудан қолайсыз пунктерден күзендi күтетiн тұлғаларға ауруға қолайсыз шаруашылығы субъектiсiне баруға тыйым салынады.
Эпизоотикалық ошақтарда және вирустық энтеритке
қолайсыз пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
903. Күзеннiң вирустық энтеритi ауруына күдiк болған жағдайда (жемнен тартыну, iш өткенде нәжiстер әр түрлi-түстi болған кезде, нәжiстерде кiлегейлi түтiк тәрiздiлер байқалғанда және басқалар) шаруашылығы субъектiлерiнде жұмыс iстейтiн ветеринар маман, ветеринариялық зертханаға зерттеуге патологиялық материалдар (өлексе, сұйық нәжiсi бар кiлегейлi түтiктер немесе iшек кесiндiлерi) жiберуi тиiс.
904. Аурудың шыққаны туралы тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің бас мемлекеттiк ветеринар инспекторына хабарлауы тиiс.
905. Барлық ауру және ауруға күдiктi деген күзендердi оқшау жерге бөлiп алады.
906. Аймаққа кiретiн жерде формалин немесе күйдiрiлген натрдық 2 % ерiтiндiсi бар дезинфекциялық кедергi қою керек.
907. Күзен өлген үйшiктi, торды, су, жем беретiн құралдарды 2 % формалин ерiтiндiсiмен сулы дезинфекция жүргiзiп, артынан тазартып, қайталап дезинфекция жүргiзедi. Күтушi персоналдың арнайы киiмдерi мен аяқ киiмдерiн булы формалин камерасында дезинфекциялайды.
908. Қи, төсенiш және жем қалдықтарын күн сайын жинап, биотермикалық әдiспен зарарсыздандыруға үйiп, дайындайды.
909. Тор астындағы топыраққа хлордың күштiлiгi 2 %-ды құрайтын 2 % ыстық улы натрий не формалин не хлорлы әк ерiтiндiсiн құяды.
910. Күзен ауруына күдiктi деген малды қарауға жеке персонал бөлiнедi; оларды басқа аурудан қолайлы шаруашылығы субъектiлерiндегi персоналмен қатынасуына жол бермейдi.
911. Диагноз зертханалық тәсiлмен расталғанда, шаруашылығы субъектiнi күзеннiң вирустық энтеритiнен қолайсыз деп жариялайды және мынадай шектеулер қойылады:
1) шаруашылығы iшiнде күзендердiң ауыстыруына тыйым салынады, сондай-ақ аңды қолға ұстап орындалатын iс-шараларды тоқтатады (өлшеу, бонитировка жасау);
2) қолайсыз шаруашылығы субъектiсі аумағына басқа персоналдың келуiне тыйым салынады, қолайсыз және қолайлы аң шаруашылықтары арасындағы байланысты тоқтатады;
3) шаруашылығы субъектiден күзендердi, сондай-ақ аңды күтуге қолданған құралдарды басқа жаққа шығаруға тыйым салынады;
4) қолайсыз шаруашылықта жұмыс iстейтiн персоналға аумаққа кiруге және одан шығуға тек қана, арнайы киiм мен аяқ киiмдерiн ауыстырғаннан кейiн рұқсат етiледi.
912. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсіге жем шөп, төсенiш, жабдық, мүлiк және малды күтетiн басқа құрал саймандарды аумақтың шекарасында орналасқан алмасу алаңы арқылы әкелiнедi, соңынан көлiк құралдарын арнайы дезинфекция жасайтын алаңдарда дезинфекциялайды.
913. Жабайы құстарды үркiту, кемiргiштер мен жәндiктердi жоюды ұйымдастырады, сондай-ақ аң өсiретiн фермаға ит, мысық және тағы да басқа жануарлардың кiрiп кетпеу шараларын қабылдайды.
914. Ауру және ауырып болған аңдарды жүнi өсiп болғаннан кейiн вирус алып жүрушi ретiнде деп сою.
915. Шаруашылығы субъектiдегi күзендердi вирустық энтеритiне қарсы вакциналайды.
916. Күн сайын аңдарды күтетiн құралдарды, сондай-ақ аптасына бiр рет олар тұратын тор мен үйшiктердi 2 % ыстық формалин ерiтiндiсiмен дезинфекциялайды.
917. Энтериттен өлген күзендердiң терiсiн алу, арнайы жабдықталған орында, арнайы бөлген қызметкерлер жүргiзедi.
918. Күнделiктi жұмыс аяқталғаннан кейiн өлекселердi, пайдаланған ағаш жаңқаларын және майлар күйдіріледi, ал қоралар, құрал-саймандар мен жабдықтар 2 % формалинмен немесе улы натрий ерiтiндiсiмен дезинфекцияланады.
919. Шаруашылығы субъектiсiнен өлген күзендердiң терiлерiн зарарсыздандырылғаннан кейін әкетуге рұқсат етіледі.
920. Қолайсыз пункт шаруашылығы субъектiсiнен шектеудi соңғы өлiм тiркелгеннен күнтізбелік 30 күн өткеннен кейін немесе күзендердiң вирустық энтеритiнен сауыққаннан кейiн және қорытынды іс-шаралар өткiзiлгеннен соң алынады.
80. Қоянның миксоматозы
Қояндардың миксоматоз ауыруы анықталған кездегі
іс-шаралар
921. Қоянның миксамотоз ауруының белгілері шыққан жағдайда шаруашылықта (елді мекенде) қызмет көрсететін ветеринариялық маман осы жөнінде тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің ветеринариялық инспекторына тез арада хабарлауы тиіс.
922. Тиісті әкімшілік аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық санитариялық инспекторы болған жағдаймен хабардар болғаннан кейiн, миксоматозға диагноз қоюдың шарасын қарастырады, аурудың таралуын, қоздырғышы қайдан келгенiн және ауруды болдырмаудың іс-шаралар жөнiнде нұсқау бередi.
923. Алынған патологиялық материалды қолма-қол ветеринариялық зертханаға жібереді.
924. Қоянның миксоматоз ауруының диагнозы анықталғаннан кейiн шаруашылығы субъектiсiне шектеу қойылады.
Қоянның миксоматоз ауруын жою жөнiндегі
iс-шаралар
925. Қолайсыз пунктте миксоматоз ауруын жою үшiн мынадай іс-шаралар атқарылады:
1) қоян шаруашылығы аумағынан кiре берiсте 3 % улы натрий ерiтiндiсi бар дезбарьер орналастырады, үй жануарлары мен жабайы жануарлардың қолайсыз ошақтарын болдырмас үшiн барлық шаралар қолданылады;
2) күнделiктi қораларға, орындарға шыбын, маса және басқа жәндіктерді құрту үшiн дезинсекция жұмыстарын жүргiзедi;
3) қояндарды күтушi-мамандар әр жұмысқа келген мезетте оларға қолайлы жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi ауыстырылып берiлiп отырады;
4) басқа қоян бағатын шаруашылықтармен ара қатынасты тоқтата тұрады, автотранспорт қатынасын, заттарды, құрал жабдықтарды, жемшөпті және басқа заттарды тасымалдау тоқтатылады;
5) қызметшілердің киетiн жұмыс киiмдерi және аяқ киiмдерi пароформалиндiк камерада залалсыздандырады.
926. Жануарларды сол тұрған жерiнде сояды. Сойған немесе өлген қоянның денесiн терiсiмен қоса кәдеге жаратуға жiбередi. Қи, төсеніш, шөптің қалдығы, ыдыстар және құралдар өртеледі.
927. Сойылған қояндардың ұшасын қайнатқан соң пайдалануға жiбередi, iшкi ағзаларын күйдіреді немесе кәдеге жаратады.
928. Қоян терiсiн дайындайтын базарларда, мекемелерде ауру шыққанға дейiн және шектеу кезiнде қоян терiлерiн залалсыздандыруға жiбередi.
929. Қолайсыз пунктте барлық қалған аурудан қолайлы, клиникалық белгiлерi байқалмаған қояндарды миксоматоз ауруына қарсы вакцина егіледi, ауруды таралмас үшiн барлық кешендi ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды атқарады. Әрбiр мал басына ветеринариялық бақылау күнделiктi жүргiзiледi.
930. Қояндардың миксоматоз ауруы бойынша қолайсыз пункттерден шектеу қорытынды іс-шаралардан кейін алынады.
81. Ет қоректiлердің токсокарозы және токсаскаридозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
жүргiзiлетiн профилактикалық
іс-шаралар
931. Инвазияның пайда болуы мен оның таралуының алдын алу үшiн шаруашылық жүргізуші субъектiлерi, ветеринария мамандары, сондай-ақ мал иелерi қажет:
1) аңдарды жерден жоғары көтеріңкі торлы еденi бар торларда ұстауы;
2) торларды, ашық қораларды, вольерлерді және басқа да мал ұстайтын жерлердi жануарлардың экскременттерiнен және басқа да заттардан күн сайын тазарту және дезинфекция жүргiзу;
3) буаз саулықтарды отырғызар алдында торлардың темiр бөліктері мен едендерiн қыздыру шамымен зарарсыздандыру, олардың ағаш бөліктерін ыстық сумен шаю;
4) мерзімді түрде копроовоскопиялық зерттеулер жүргiзу (күшiктердi ай сайын, ересектерін - тоқсан сайын) және инвазияланған жануарлар анықталған кезде - дегельминтизация жүргiзу;
5) мамық жүнді аңдарға көкөністерді ағынды сумен мұқият шайғаннан кейiн азыққа беру;
6) алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамасыз шикi етпен, iшкi органдармен мамық жүнді аңдар мен иттерді азықтандыруға жол бермеу;
7) аң фермаларының аумағына кезбе иттердi жiберуге жол бермеу;
8) шаруашылық аумағында және қораларда мерзiмдi түрде дератизация жүргiзу.
932. Аңдардың жоспарлы профилактикалық дегельминтизациясы маусым-шiлде айларында күшiктердi бөлгеннен кейiн, екiншi рет – желтоқсанда шағылыстырудың алдында жүзеге асырылады.
933. Токсокароз бен токсаскаридоздың профилактикасы үшiн күшiктер туғаннан кейiн 20-25 және 70-80 күннен кейін дегельминтизацияланады. Буаз ұрғашы иттер күшіктеуге дейiн бiр ай бұрын және күшіктегеннен кейiн бiр айдан соң дегельминтизацияланады. Күзеттiк және қызметтiк иттердi мерзiмдi түрде тексередi және қажеттілігіне қарай дегельминтизациялайды.
934. Токсокарозды адамдар, негізінен балалар жұқтырады, сондықтан балалар ойнайтын жерлерде, аулаларда иттер мен мысықтарды серуендетуге, адамдар шомылатын өзендерді және басқа да суқоймаларда шомылдыруға қатаң тыйым салынады.
935. Қалаларда иттердi серуендетуге арнайы бөлiнген тормен қоршалған алаңдарда және волъерлерде рұқсат етіледі.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пункттерде өткізілетін
іс-шаралар
936. Соңғы диагноз белгіленген кезде ветеринария маманы шаруашылық жүргізуші субъектiнің жетекшiсiмен және мал иелерiмен бірлесіп мынадай іс-шаралар кешенiн жүзеге асырады:
1) барлық ауру жануарларды оқшаулайды және жануарлардың экскремент жерлерiн дезинвазиялауды, дегельминтизациялауды жүргізеді;
2) серуендету аулаларын, ұстау орындарын мерзiмдi түрде механикалық тазалауды жүргiзедi.
937. Иттер мен мамық жүнді аңдарды емдеу үшiн, Қазақстан Республикасының ветеринариялық препараттарының мемлекеттік тізілімінде тiркелген ветеринариялық препараттар қолданылады.
82. Етқоректi жануарлардың обасы
Қолайсыз пункттегi ет қоректі жануарлардың
обасын жою жөнiндегi
iс-шаралар
938. Етқоректiлердiң оба ауруына диагноз қойылған кезде шаруашылығы субъектiлерiне карантин қойылады.
939. Етқоректiлердiң обасынан қолайсыз аң өсiретiн шаруашылықтарда (ит питомниктерiнде) мынадай жою іс-шаралары жүргiзiледi:
1) барлық ауырған және оба ауруына күдiктi жануарларды жедел оқшаулайды және симптоматикалық емдеу жүргiзедi, ал қалған жануарларды (терiсi бағалы аңдар мен иттер) ережеге сәйкес вакцинамен егедi;
2) аң шаруашылықтарында және ит питомниктерiнде барлық күтушiлердi қосымша киiмдермен - халаттар, фартуктер және резина аяқ киiмдерiмен қамтамасыз етедi;
3) күтушi персоналдың киiмдерi күнделiктi залалсыздандырылып тұрады;
4) әрбiр ауру жануар бөлiнiп оқшауланған сайын торлар, үйшiктер, тордың астындағы топырақ және жәшiктер залалсыздандырылады. Оқшаулағышқа күнделiктi дезинфекция жүргiзiледi. Дезинфекция жасау үшiн мынадай ерiтiндiлердiң бiреуi қолданылады: 2 % улы натрий, ағартылған хлорлы әк құрамында 2 % белсендi хлоры бар;
5) қиды арнаулы бөлiнген аумаққа жинап биотермиялық залалсыздандыру үшiн үш ай ішінде жауып тастайды.
940. Өлген аңдардың немесе мұқият сойылған жануарлардың терiсiн тек оқшаулағышта сыпырады. Обадан өлген аңның өлексесiн, ұшаларын және құнсыз терiлерiн жағып жiбередi.
941. Ауру және ауырған жануарлардан алынған терiлердi 25-33 градуста температурада 3 тәулiк ішінде кептiредi және кейіннен 18-20 градус температурада он тәулiк ішінде ұстайды.
942. Қорытынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ет қоректiлердiң оба ауруынан қолайсыз пункттен карантиндi алады.
83. Балықтардың анизакидозы
Балықтардың анизакидозын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
943. Балық шаруашылығымен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың аумағында және үй-жайларында жұмыс iстейтiн персоналдың анизакид личинкаларын жұқтырудың қауіпсіздік шаралары сақталуға тиіс. Балықтарды өңдеумен айналысатын адамдар жеке профилактика шараларын сақтауға, атап айтқанда, шикi балықтың туралған етiнің және басқа да балық жартылай фабрикаттарының дәмiн көруге жол бермеуге, қалдықтарды уақтылы зарарсыздандыруға тиіс.
944. Анизакидозбен зақымданған ошақтардан түсетін барлық балықтар ветеринариялық құжаты болған кезде қабылдануы қажет, онда балық шартты түрде жарамды деп көрсетiлуге тиіс, өйткені онда шартты түрде жарамды балық сатылар алдында тиісті технологиялық өңдеуге ұшырайды.
945. Шикі балықты және оның қалдықтарын су айдындарына, қоқыс төгетiн жерлерге тастауға және үй жануарларын жемдеуге беруге рұқсат етілмейді.
946. Балықты өңдеу кезінде алынатын қалдықтар қайта өңдеу үшін жемдік балық ұнына жіберіледі, ал ұн-май қондырғылары болмаған жағдайда судың қайнауынан бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады.
Балықтардың анизакидозын жою жөніндегі
іс-шаралар
947. Анизакидтердің тiршiлiкке қабілеттi личинкаларымен зақымданған балықтарды сатуға рұқсат етілмейді.
948. Балық өнiмдерiне зертханалық тексерулер жүргiзу кезінде және анизакидтердің тірі личинкалары анықталған кезде балық тоңазытып зарарсыздандыруға жіберіледі.
949. Зарарсыздандырылғаннан кейін балық қайтадан анизакидтердің тірі және тiршiлiкке қабілеттi личинкаларының бар-жоқтығын зертханалық тексеруге ұшырайды.
84. Тұқы балықтарының аэромонозы
Тұқы балықтарының аэромонозын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
950. Балықтардың аэромонозын сауықтыру мақсатында мыналар қажет:
1) балықтарды шаруашылыққа тек жұқпалы аурулардан қолайлы су айдындарынан тасымалдап әкелу;
2) тұқымдық материалды (осы жылғы, бiр жылдық, екi жылдық) жергiлiктi балықтардан арнайы жеке бөлiнген тоғандарға орналастыру;
3) аулау және көшiрiп отырғызу кезiнде балықтардың жарақат алуына жол бермеу;
4) тоғандарда қатты өсiмдiктердiң көп өсуiне тосқауыл қою;
5) балық организмдерiнiң төзiмдiлiгiн арттыруға бағытталған кешендiк іс-шараларды өткізу (толыққанды азықтандыру, қолайлы зоогигиеналық жағдайлар);
6) тұрақты түрде тоқсанынан бір реттен кем емес, ал вегетациялық кезеңде аулау уақытысында балықтарға ихтиопатологиялық зерттеу жүргiзу қажет.
Қолайсыз пункттердегі ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
951. Тұқы аэромонозы пайда болған жағдайда қолайсыз балық өсiретiн шаруашылықтарға және табиғи балық шаруашылығы су айдындарына карантин қойылады. Карантиннiң шарты бойынша қолайсыз шаруашылықтарда мыналарға:
1) балықтарды шаруашылықтың басқа тоғандарына және табиғи балық шаруашылығы су айдындарына ауыстырып салуға;
2) аэромонозға бейiмдi балықтардың әртүрлері мен әр жастағыларын араластырып салуға тыйым салынады.
952. Карантиндегi су айдындарынан әкетуге, сонымен қатар оларға балықтар мен гидробионттарды әкелуге, жекелеген жағдайларда ветеринариялық органдардың рұқсатымен карантиндегi шаруашылықтың қолайсыз тоғандарына байланысы болмаған шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды, оларды одан әрі карантинде міндетті түрде бір жыл ұстай отырып, басқа шаруашылыққа және су айдындарына әкетуге рұқсат етіледі.
953. Тiрi тауарлы балықтарды тiрi балық сақтайтын базалардағы орында ұстамай, сауда орындарына тек тiкелей әкетуге рұқсат берiледi. Қолайсыз шаруашылықтардағы балықтарды әкетуге пайдаланылған суды хлорлаудан өткiзгеннен кейiн жалпы дәліздік желіге төгiп тастайды, ал ауылдық жерлерде далаға су айдынынан 500 метрден кем емес қашықтық аралығында төгiп, ыдысты тиiстi өңдеуден өткiзедi.
954. Балық өсiретiн шаруашылықтарда және балық шаруашылықтарының су айдындарында сауықтыру шарасын суды ағызып жiберу арқылы немесе кешендiк тәсiлдердi қолдану жолымен iске асырады.
955. Құйылма тоғаны бар шағын толық жүйелi балық шаруашылықтары, балық питомниктері немесе жекелеген тоғандар бiр жыл iшiнде бiр мезгiлде барлық ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-мелиоративтiк iс-шаралар жүргiзе отырып, суын ағызып жiберуге жатады. Бұл ретте:
1) күзде тоғандарды ағызып жiбередi, барлық тауарлы балықтар, аталық және жетiлген жас балықтар сауда жүйесi арқылы өткiзiледi, тұқымдық балықтар (шабақтар) мал жеміне жiберiледi;
2) келесі жылдың қыс, көктем және жаз айларында тоған арнасын, балық жинайтын орларды және су құрылыстарын қайнатылмаған iзбес (25-30 центнер/гектарына) немесе хлорлы (3-5 центнер/гектарына) iзбеспен зарарсыздандырады;
3) көктемге қарай зарарсыздандырған тоғандарға су құйып, оларға сау тұқымдық балықтарды жұқпалы аурудан қолайлы шаруашылықтардан әкелiп, балықтандырады.
956. Суды тек тасымалдап жеткiзетiн iрi толық жүйелi балық өсiретiн шаруашылықтарда, суы ағызылмайтын немесе толық ағып кетпейтiн тоғандарда, сонымен қатар жабық табиғи су айдындарында кешендi әдiспен сауықтандыру жүргiзiледi.
957. Әдiстiң құрамына мыналар кіреді: ауру қоздырғышының көздерiн анықтау, қоздырғыштардың таралу жолдарын үзу, балықтардың табиғи төзiмдiлiгiн арттыру, аурудың таралуына тосқауыл қою және оларды бағып ұстауға бiр қалыпты жағдай туғызу.
958. Судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында судың рН деңгейiнің 8,5-ке дейiн көтерiлуiне қол жеткiзе отырып, су көлемiнiң 150-300 килограмм/гектарына мөлшерiнде (8-15 күн аралықпен суды ағызу кезеңінде 2-3 рет) сөндiрiлген әктi немесе әктiң сүттi сұйығын енгiзу ұсынылады.
959. Қолайсыз балық өсiрушi шаруашылықтарында аэромоноз ауыруынан жазылған және осы көрсетiлген ауруға едәуiр төзiмдiлiгi бар балықтардан аталық өндiргiш балықтар мен жас балықтардың топтарын қалыптастырады.
960. Аэромоноздың созылмалы ауруынан қолайсыз шаруашылықтарда, табиғи су айдындары мен су қоймаларында балықтардың ауруларына шалдықпайтын немесе едәуiр төзiмдi балықтарды: өсiмдiк улы (ақ амур және дөңмаңдай), шортан, өзектiк жайын және басқа түрлерi өсiрiлiп көбейтiледi.
961. Емдеу мақсатында Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлік препараттар қолданылады.
962. Балық өсiрушi шаруашылығынан балық аэромонозына қойылған карантиндi балықтар ауруының соңғы тiркелгенiнен бiр жыл өткеннен кейiн және өндiрiстiк тоғандардан алынған биологиялық сынамалардың жақсы нәтижелерi және жүргiзiлген ветеринариялық-санитариялық шаралар кешенi өткiзiлгеннен кейiн алады.
85. Балықтардың жүзу жарғағының қабынуы
Су қоймаларын сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
963. Суын ағызып жiберу кезінде кемiнде бiр жыл мерзімге барлық тоғандарды сусыз ұстайды. Ауланған балықтарды сауда орындарына сатуға жiбередi. Бүйiрi үлкейген балықтарды және судың бетiнде жүзген балықтарды пiсiрiлген күйiнде жануарларды жемдейді немесе оларды жояды. Суды ағызып жiберу әдісімен сауықтандырудың орындылығы тоғанның, сумен жабдықтау жүйесiнiң эпизоотиялық жағдайымен анықталады және тоғандардың тегiстiгi, ауданының көлемi, экономикалық мүмкiндiгi және басқа жағдайлар ескеріледi. Суы ағызылып жiберілген тоғандар орны дезинфекциялауға, құрғатуға, кейiннен ауыл шаруашылығы дақылдарын отырғыза отырып, қатыруға ұшырайды.
964. Тоғандардың суын ағызып жiберу мүмкiн болмаған кезде су айдындарын кешендi әдiспен сауықтыру жүргiзіледi. Мұнда уылдырықты инкубациялау әдiсiмен алынған балықтарды өсiрiп, сау үйiр құрады немесе осы ауруға бейiм балықтарды бейiм емес немесе бейiмдiлiгi төмен балықтармен ауыстырады. Тоғандарға, аулау құралдарына және мүлiктерге зарарсыздандыру жүргiзедi.
965. Тоғандарда балықтарды кешендi әдiспен сауықтырғанда алдын ала емдеу жұмыстарын жүргiзедi.
966. Осы аурудан қолайсыз пункттердегi тоғандарды кешендi әдiс бойынша сауықтырғанда шектеу алынар алдында ветеринариялық қадағалаудың бақылауымен биологиялық сынаманы жүргiзедi. Тоғандарға жергiлiктi тұқы балықтарын (бiр жылға дейiнгi, бiр жылдық немесе бас көбейтетiн) осы аурудан, басқа да аурудан қолайлы шаруашылықтан әкелiнген балықтарды жiбередi. Балықтарды 15 градустан төмен емес температурада үш ай ішінде ұстайды және қолданылатын балық өсiрудiң тығыздығын анықтайды. Егер судың температурасы 15 градустан төмен болса, онда биосынаманың мерзiмiн ұзартады, онда орта тәулiктiк температура үш ай ішінде 15 градустан төмен болмауы тиіс. Осы аталған уақытта балық ауруының болмауы шектеудi алуға негiз болады.
967. Жүзу жарғағының ауруы толық тоқтағаннан, ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-суландыру іс-шаралары жүргiзiлгеннен кейін бір жыл өткен соң кешендi кешендi әдiспен сауықтырғанда, терiс биосынама алынса, балық өсiрiлетiн шаруашылықтан шектеу алынады.
86. Балықтың дифиллоботриозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін профилактикалық
іс-шаралар
968. Жануарлардың дифиллоботриозды жұқтыруының алдын алу мақсатында:
1) су айдындарын нәжiспен ластанудан қорғау;
2) қызмет көрсететiн персоналға гельминтологиялық тексеру жүргiзу;
3) санитариялық қызметпен бірлесіп, табиғи су айдындары мен су қоймаларындағы балықтарды тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
4) күзет иттерiне мерзiмдi түрде дегельминтизациялау жүргiзу қажет.
969. Су айдындарына, қоқыс тастайтын орындарға шикі балықты және оның қалдықтарын тастауға, ет қоректi және барлық қоректi жануарларға беруге тыйым салынады.
970. Дифиллоботриид личинкаларын жұқтыруға: шортан, нәлiм, алабұға, пеляд, ақсақа, хариус, көкшұбар, талма, кета, бахтах, ақ балық, кета, кумжа, таймень, арқан балық тұқымдасының кейбiр түрлерi және қорегі су шаяндары-циклоптар мен диаптомустар болып табылатын балықтың басқа да түрлерi тексерiледi.
Дифиллоботриоз бойынша қолайсыз
аумақта өткiзілетін
iс-шаралар
971. Су айдынында дифиллоботриид личинкаларын жұқтырған балықтар анықталған кезде барлық балықтар ауру жұқтыру дәрежесiне қарамастан, шартты түрде жарамды деп саналады және осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тек қана тиісті өңделуден кейiн тамаққа пайдалануға жiберiледi.
972. Дифиллоботриоз бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде алдын-ала ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткізбей, мамық жүнді аңдар мен иттерді балықпен және балық өнiмдерiмен жемдеуге тыйым салынады.
973. Құрттардың плероцеркоидтарын жұқтыруға бейім қолайсыз тоғандардан ауланатын балықтардың барлық түрлеріне мiндеттi түрде ихтиопатологиялық зертханалық-диагностикалық зерттеу жүргізілуге тиіс.
974. Балықты өңдеген кезде алынатын қалдықтар азықтық балық ұнын жасау үшiн қайта өңделуге жiберiледi, ал май-ұн қондырғылары болмаған жағдайда су қайнағаннан бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады.
975. Балық ауланған жерлерде шартты түрде жарамды балықтарды өңдеуге мүмкiндiк болмаған жағдайда оны аудан, облыс шеңберінде жақын орналасқан өңдеу орнына дейiн тасымалдауға рұқсат етіледі.
976. Шартты түрде жарамды балықты тамаққа пайдалануға тұздау, мұздату, қайнату, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу арқылы тиісті өңдеуден кейін оның түрiне байланысты рұқсат етіледі.
977. Жалпақ құрттың плероцеркоидтарымен қатты зақымдалған балық техникалық кәдеге жаратуға жiбередi.
87. Тұқы балықтың қызамығы
Қызамықтан қолайсыз пунктте өткізілетін іс-шаралар
(шектеу іс-шаралары мен карантиндi ұйымдастыру)
978. Тұқы балықтың қызамық ауруының шығуын және таралуын алдын алу мақсатында шаруашылықтардың және шаруашылық субъектiлерiнiң басшылары жалпы сауықтыру, ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру талаптарын қатаң орындауға міндетті.
979. Балықтардың қызамық ауруы анықталғанда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттiк ветеринариялық инспекторы балық өсiретiн шаруашылық субъектiлерiнiң иелерiмен бiрлесiп, қызамық жұқпасы ошағына кiретiн көлшiктерді немесе су қоймаларын тексередi.
980. Тексерудің нәтижелерi актімен ресімделеді.
981. Аурудан қолайсыз пунктке карантин қойылады.
982. Карантиннiң шарты бойынша қолайсыз пунктерде мыналарға:
1) балықтарды карантиндегi су айдындарынан шығаруға, сондай-ақ карантиндегi көлдерге балықтарды әкелуге;
2) ауырған немесе ауру жұғуға күдiктi балықтарды қолайлы шаруашылықтардың тоғандарына және бір тоғаннан басқа тоғанға ауыстыруға;
3) қызамыққа бейiм балықтардың әртүрлерi мен әр жастағыларын суларда араластыруға;
4) балық өсiретiн тоғандарға тыңайтқыш мақсатында қи төгуге;
5) балық өсiретiн шаруашылық субъектілеріне бөгде тұлғаның баруына;
6) балық өсiру мүлiктерiн, аулау құралдарын және басқа заттарды бiр балық шаруашылығы тоғанынан басқасына әкетуге және әкелуге тыйым салынады.
983. Карантиндегi шаруашылық субъектілерінде балық ауруларын жою мақсатында мынадай іс-шаралар жүргiзiледi:
1) қолайсыз пункттерде жұмысқа арналған арнайы бөлiнген аулау құралдары мен мүлiктер болуы тиіс. Оларды басқа түске бояйды және жеке сақтайды. Карантиндегi тоғандарға қызмет көрсету үшiн тұрақты жұмысшылар бекiтiледi;
2) тұқы балық-үйрек аралас шаруашылық субъектілерінде үйректердi оқшау балық кәсiпшiлiгiне маңызы жоқ және басқа балық өсiретiн көлдермен, табиғи сулармен қатысы жоқ тоғандарға тастайды. Тұқымға және өсiруге арналған үйректердi басқа балық өсiретiн шаруашылық субъектілеріне немесе балық кәсiпшiлiгiне маңызы бар тоғандарға шығаруға тыйым салынады;
3) қырылған балықтардың өлекселерiн ұстап алып, тоғаннан алыста алдын ала хлор ерiтiндiсiмен немесе сөндiрiлмеген әкпен зарарсыздандырылғаннан кейiн кемiнде 1,5 метр тереңдiкке көмедi;
4) ауланған тiрi ауру балықтар (жаралары бар, қабыршақтары тiкiрейген, қабықтары қабатталған, денесi және құрсағы суға толған) техникалық кәдеге жаратуға жiберiледi;
5) судың қатты ағысын және аэрация жолымен оттегiмен байыту іс-шараларын қамтамасыз етедi;
6) судың қышқылдығын және оларда жиналып қалған органикалық қалдықтарды бейтараптау мақсатында судың рН деңгейiнің 8,5-ке дейiн көтерiлуiне қол жеткiзе отырып, су көлемiнiң 150-300 килограмм/гектарына мөлшерiнде (8-15 күн аралықпен суды ағызу кезеңінде 2-3 рет) сөндiрiлген әктi немесе әктiң сүттi сұйығын енгiзу ұсынылады;
7) шағын толық жүйелi балық өсiретiн шаруашылығы субъектілері, жеке тоғандар және әсiресе балық питомниктерiнде суын толық ағызып жiберу және барлық балық өсiру-мелиоративтiк және сауықтандырудың кешендiк іс-шараларын жүргiзу жолымен кептiреді;
8) су айдынында жұмыс iстейтiн персоналдың аяқ киiмдерiн және киiмдерiн, аулау құралдарын, мүлiктерiн, жабдықтарын міндетті зарарсыздандыруды ұйымдастырады.
Қызамықтан қолайсыз пунктте сауықтандыру
бойынша өткізілетін
іс-шаралар
984. Судың қамтамасыз етiлуiне байланысты суын босатпайтын немесе суын толық босатпайтын су айдындарында, сонымен бiрге жабық балық шаруашылығы субъектілерiнде қызамықты жоюдың кешендi әдiстерi қолданылады, мұнда қоздырғышты табу және оны жою іс-шаралары, оның таралу жолдарын үзу және болдырмау, балықтардың ауруға қарсы төзiмдiлiгiн жоғарылату және аурудың әрi қарай дамып өрiстеуiне кедергi келтiретiн жағдайлар жасау жөніндегі іс-шаралар жүргiзiледi.
985. Қолайсыз пунктерде қызамықпен ауырған, аталған ауруға салыстырмалы төзiмдi балықтардың арасынан еркек тұқым беретiн және балық басын көбейтетiн жас балықтардың үйірін қалыптастырады. Қолайсыз пункттерде және табиғи суларда өсiру және көбейту үшiн қызамыққа көбiрек төзiмдi өсiмдiк қоректi балықтарды ұстаған жөн.
986. Балық кәсiпшiлiгiне маңызы бар, табиғи тұйық суларда уылдырық өсiретiн шаруашылықтар және суға салатын материалмен толық қамтамасыз ететiн балық өсiретiн зауыттар салу ұсынылады. Тоғанды шаруашылықтарды тұйық балық өсiретiн шаруашылықтарға ауыстырады (тауарлық балықтардан басқа балықтарды шығаруға және әкелуге жол бермейдi).
987. Қызамықтан қолайсыз пункттерде емдiк және сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасында тiркелген дәрiлік заттар қолданылады:
1) түйiршiктелген жем, астық, байытылған антибиотиктер барлық жастағы балықтар тобына көбею кезеңi ішінде мынадай схема бойынша берiледi: 3 күн балықтарды емдiк жеммен, одан кейiн үзiлiс берiп кәдiмгi жеммен жемдеу. Судың температурасы 120 С-қа дейiн кезде емдiк жеммен және кәдiмгi жеммен жемдеу 6 күнге дейiн ұзартылады, ал температура 210 С-тан жоғары болғанда 3 күнге дейiн қысқартылады;
2) еркек балықтар мен өсiретiн балықтарға емдiк мақсатпен левомицитиндi 1 килограмм салмаққа 20-30 милиграмм көктемде қыстаулардан босағанда, екiншi рет - көктемгi түгендеуден кейiн және үшiншi рет - күзде қыстауға ауыстырғанда құрсағына егiледi. Аурудың бiлiнетiн клиникалық белгiлерi бар ауру балықтармен жанасқан еркек балықтар уылдырыққа қонар алдында қосымша өңделеді;
3) өсiретiн тоғандарда бiржылдық балықтарға, серуендейтiн тоғандарда сауықтыру мақсатында метилен көктi әр балыққа бiржылдықтарға 2-3 милиграмм және екiжылдықтарға 3-5 милиграмм бередi. Емдiк жемді жемдейтін жерге тәулiк сайын 7-8 рет салады. Осындай тәртiппен 2-3 рет қайталайды;
4) балықтар үшiн сауықтыру және емдiк мақсатпен мынадай препараттардың емдiк ваннасы ұсынылады: левомицитин, синтомицин, немесе метилен көк;
5) қызамық ауруының қайталануынан сақтандыру мақсатында уылдырық шашар кезең ішінде еркек балықтарды метилен көкпен байытылған жеммен 1 килограмм жемге 3 грамм метилен көк қосылған жем берiледi. Жем нормасы - желiнуiне қарай. Жемдiк жем 2-3 күн қатарынан берiледi, содан кейiн 2-3 күн кәдiмгi жемді пайдаланылады және осылай 2-3 рет қайталанады.
988. Кешендi ветеринариялық-санитариялық және балық өсiру-мелиоративтiк шаралар жүргiзiледi және балықтың қызамық ауруы толық тоқтағаннан кейін бiр жыл өткеннен соң балық өсiретiн шаруашылық субъектісінен карантин алынып, қолайлы деп жарияланады.
88. Балықтардың лигулезi және диграммозы
Ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақта
өткізілетін сауықтыру жөніндегі
іс-шаралар
989. Лигулез бен диграммоздың профилактикасы балық аулайтын шаруашылық жүргізуші субъектiлерінің аумағынан балық жейтiн құстарды үркiтiп отыруды білдіреді. Вегетациялық кезеңнің ішінде балық жейтiн құстардың жиналуына және олардың ұя салуына жол бермеу үшін тоғандарда қатты және жартылай қатты шөптер шабылады.
990. Негізгі кәсiпшiлiк балық ретінде плерецеркоидтермен инвазиялауға ұшырамаған сазандар және көксеркелер өсiрiледi.
Эпизоотия ошақтарында және қолайсыз
пунктерде өткiзілетін
iс-шаралар
991. Ауру балықтарды аулау олардың жиналу орындарында жүргізіледі. Тұқылы балықтардың ұсақ түрлерінің лигулезбен және диграммозбен зақымдану кезінде көксеркелер саны ұлғайтылады. Лигулез, диграммоз бойынша қолайсыз жерлерде орналасқан қайта жасалатын су айдындарында өсіру үшін ақсақа, арқан балық ауруларына бейiмділігі мейлінше төмен немесе бейiм емес балық түрлерін арнайы іріктеп алу керек.
992. Лигулез, диграммоз анықталған кезде сатуға тек қана iшкi құрылысы алынған балық жiберiледi. Iшкi органдары гельминттермен бiрге кәдеге жаратылуға тиіс.
89. Описторхоз
Описторхоздың профилактикасы жөніндегі
іс-шаралар
993. Күрес және профилактика шаралары кешенiнде адамның және жануарлардың денсаулығына арналған балық өнiмдерiнің қауiпсiздігін қамтамасыз ету жөніндегі мынадай іс-шаралар бірінші дәрежелі мәнге ие:
1) оны адамның және жануарлардың гельминтоздар қоздырғышынан зарарсыздандыруға кепілдік беретін балықты өңдеу режимдерін қамтамасыз ету;
2) санитариялық-гигиеналық және ветеринариялық-санитариялық сараптамалар;
3) медициналық-биологиялық және ветеринариялық-санитариялық талаптарға, сондай-ақ паразитарлық тазалықтың көрсеткiштерi бойынша санитариялық нормаларға сәйкестігіне зерттеулердi ұйымдастыру және олардың сапасы.
994. Балықтарды елдi мекенге сату ихтиопатологиялық зертханалық-диагностикалық зерттеулер жүргiзiлгеннен кейiн өткізіледі.
Қолайсыз пунктердегі ауруды жою жөніндегі
іс-шаралар
995. Қауiпсiздiк және санитариялық нормалардың талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер кезiнде адамның және жануарлардың денсаулығына қауiптi тiрi метацеркарилер анықталған балықты және олардың өңделген өнiмдерiн сатуға рұқсат етілмейді.
996. Құрамында адамның және жануарлардың денсаулығына қауiптi тiрi метацеркарилерi бар балықтар және олардың өңделген өнiмдерi «шартты түрде жарамды» немесе «жарамсыз» санатына ауыстырылады.
997. «Шартты түрде жарамды» балық өнiмi тамақ өнімдеріне, қайта өңдеуге және сатылуға тек қана зарарсыздандырудан кейiн рұқсат етiледi.
998. «Жарамсыз» санатына ауыстырылған балық және олардың өңделген өнiмдерi кәдеге жаратуға жiберiледi.
999. «Шартты түрде жарамды» балықты тамақ мақсатында пайдалануға тұздау, тоңазыту, ыстау, қақтау, арнайы кулинариялық өңдеу немесе консервiлеу жолымен рұқсат берiледi.
1000. Шартты түрде жарамды балық өнiмiн тұздау:
1) балықты описторхид личинкаларын зарарсыздандыру балық етiнде тұздың салмақтық үлесін 14 %-ға жеткiзе отырып, аралас өткiр және орташа тұздауды (+1+2 С0 температурада тұздаудың бiрiншi күнiнен тұздықтың тығыздығы 1,20) қолданумен қамтамасыз етiледi. Бұл ретте тұздаудың ұзақтығы мынадай болуға тиiс:
теңге балықта, үкiшабақта, қабыршақ балықта - 10 тәулiк;
тортада, тарақ балықта, қызыл қанатта, щипа балықта, ұсақ (25 сантиметрге дейiн) аққайрандарда, табанда, онғақта - 21 тәулiк;
iрi (25 сантиметрден жоғары) аққайрандарда, табанда, онғақта - 40 тәулiк;
2) «Шартты түрде жарамды» балық үшін барынша әлсiз немесе ұзақ тұздау тек қана осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен алдын ала тоңазытудан кейiн рұқсат етiледi.
1001. Балықтың уылдырығын тұздау:
1) жылы күйiнде тұздау (15-16 С0 температурада), тұздың мөлшерiнде (уылдырық салмағына пайызбен) жүргiзiледi: 12 % - 30 минут, 10 % - 1 сағат, 8 % - 2 сағат, 6 % - 6 сағат жүргiзiледi;
2) салқындатып тұздау (5-6 С0 температурада) тұз бен уылдырықтың бірдей арақатынасында екi есе ұзақ жүргiзiледi;
3) шайлы лентец личинкаларын (дифиллоботриид) жұқтырған ақсақа және басқа балықтардың уылдырықтарының салқындатылған тұздауы, уылдырықтың салмағына 5 % тұздың мөлшерiнде 12 сағат бойы жүргiзiледi.
1002. Балықтарды тоңазыту:
тоңазытудың мынадай режимдерін сақтау кезінде балық описторхис личинкаларынан зарарсызданады:
минус 40 С0 (балық денесiндегi температура) - 7 сағат (зарарсыздандыруға қажеттi уақыт);
3) минус 35 С0 - 14 сағат;
4) минус 28 С0 - 32 сағат.
1003. Балық өнiмiн зарарсыздандырудың сенiмдi әдісі оны жоғары температурамен өңдеу болып табылады.
Қолданыстағы технологиялық регламенттерге сәйкес жүзеге асырылатын ыстық және салқын ыстау, сүрлеу, кептiру, сондай-ақ консервiлердi жасау, аққайраңды қоспағанда, балықтарды описторхис личинкаларынан зарарсыздандырады. Салқындатылған аққайраң сүрленген және салқындатып ысталған балық өнiмдерiн өндіруге пайдаланылуы мүмкін емес, өйткенi бұл ретте оның описторхис личинкаларынан зарарсыздандыруы жүрмейді.
1004. Жануарлардың азығына тағайындалған балық өнiмдерi зарарсыздандырылады.
1005. «Шартты түрде жарамды» балық өнiмдерiн қайта өңдеу кезiнде алынатын қалдықтар, сондай-ақ, «жарамсыз» санатына ауыстырылған балық өнiмдерi, мал шаруашылығы мақсатына арналған балық ұнын шығаруға жiберiледi. Балық ұнын өндіретін қондырғылар болмаған жағдайда, қалдықтар қайнау сәтінен бастап 30 минут бойы қазандарда қайнатылады. Биотермиялық шұңқырларда көмуге рұқсат етiледi. Балық өнiмiн қайта өңдеуден алынған қалдықтарды алдын ала зарарсыздандырмай, су ағындарына және қоқыс орындарына тастауға, сондай-ақ олармен малдарды жемдеуге тыйым салынады.
90. Аралардың аурулары, ара ұясының зиянкестері
Аралардың ауруларын сауықтыру және ара ұясының
зиянкестерiмен күрес жөніндегі
іс-шаралар
1006. Жеке және заңды тұлғалар омарталарды адамдардың қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлетiн орындарға орналастырады.
1007. Көшпелi омарталар бал жинау кездерiнде бiр бiрiнен бiр жарым километр және тұрақты омарталардан үш километрден кем емес қашықтықта орналастырылады. Тұрақты және көшпелi омарталарды бұрын орналасқан бал жинау көздерi омарта араларының ұшу жолдарына орналастыруға рұқсат етілмейді.
1008. Омарталарды құрғақ, күн сәулесiмен жарықтандырылған, желден қорғалған, тас және темiр жолдарына, ағаш кесу орнына, жоғары кернеулi электр беру желілеріне 500 метр жақын емес және кондитерлiк, химия өндiрiсiнiң кәсiпорындарынан, аэродромдардан, әскери алқаптардан, радиолокациялық, радио-телетаратушы станциялардан және басқа кiшi толқынды сәулелi көздерден 5 километр қашықтықта орналастырады.
1009. Тұрақты омартаның аумағы шарбақпен қоршалады. Ара ұялары астына қоятын құралмен жерден 30 сантиметр төмен емес және бiр бiрiнен 3-3,5 метр және қатарларының аралығы 10 метр қашықтықта орналастырылады. Ара ұясының кiрiп-шығатын тесiктерiнiң алдына мөлшерi 0,5 х 0,5 алаңшалар жасалады. Осы алаңшалардағы аралардың өлекселелері және қоқыстары жиналып өртеледi.
1010. Аралар әртүрлi түске боялған (көк, ақ, сары) түзетiлген ара ұяларында ұсталады. Әрбiр омартада резервтегi ара ұялары және мөлшерi ара ұясының жалпы санының 10-15 пайызын (бұдан әрі - %) құрайтын бал салатын кәрездiк рамкалар болады.
1011. Омарталардың тиісінше ветеринариялық-санитариялық жағдайын ұстап тұру үшiн бұларға омарталық үйшiктердi (көшпендi дүңгiршiктер) орналастырады, жеке гигиенаның, сондай-ақ дизжұқпалау (сутегi тотығы және басқалары) заттарымен және құралдарымен қамтамасыз етiледi, дезинфекциялаушы алаңшалар, жабық шұңқырлар (қолданылған суға арналған), омарташыға арналған жуыну ғимараты жабдықталады.
1012. Стационарлық омарталардың аумағында бал салатын бос кәрездердi сақтайтын, сондай-ақ балы және балтозаңы бар кәрездердi, ыдыстарды, омарташылық құралдарын, дезинфекциялаушы заттарды сақтауға арналған ғимарат болуы қажет.
1013. Қысы суық созылмалы жерлерде омарталарда қыстайтын - құрғақ тоңдырмайтын, ауаны енгiзiп-шығарушы және 0,5-4 С0 бойынша (бұдан әрі - 0С) температураны, 75-85 % қажеттi ылғалдылықты ұстап тұруды қамтамасыз етушi желдеткiшпен жабдықталған қыстауыш ғимарат салынады.
1014. Сыртқы ауаның температурасы 120С-тан төмен емес кезде, ғимараттың iшiндегi температура 60С-қа дейiн тұрақты көтерiлгенде немесе аралары төменгi температурадан ауытқыған кезде ара ұясын қыстауыштан алып шығады.
1015. Ара ұясының кiрiп-шығатын тесiгiн өлекседен және қоқыстан тазартады, қажет жағдайда жылытушы материалды және басқаларын құрғақ, қолайлы, дезинфекцияланған түрлерiне ауыстырады.
1016. Ара ұясына тұрақты қарау жүргiзедi және жемнің болуын тексерiп отырады. Жем жетiспеген жағдайда жоғарыдан рамкаларға аралар үйірінің үстiне «себiлген бал» немесе қант бал қамыры-кандидi орналастырады, жем оттығына жылы (300С) қант сиропын 1:2 қатынасында немесе кенептiң астына бал толтырылған рамка қойылады.
1017. Ауа райының тұрақты жылы кезiнде (120С-тан төмен емес) ара ұясына (көктемгi тексерiс) мұқият қарау жүргiзiледi, олардың ұяларындағы күштерiн, ұрық-құрттардың болуын және санын анықтайды. Көгерiп кеткен және аралардың нәжiсi жағылған бос рамкалар алынып тасталынады. Бұл ретте рамкалар ұрық-құрттары мен азығынан тазартылады. Аралардың ұясы қолайлы дезинфекцияланған ара ұяларына ауыстырылып отырғызылады. Аурудың белгiлерi жоқ әлсiз ұяларды бiрiктiредi, ұяларды қысқартады.
1018. Денi сау әлсiз ара ұясын аурудың анық белгiлерi бар ауру аралармен қосуға рұқсат етілмейді. Мұндай ара ұясының ұрық-құрттары, азығы бар кәрездерiн денi сау ұяларға қолдануға болмайды. Омартада қалған ауру ара ұясына емдеу жүргiзiледi.
1019. Омартаға қолайлы және тұздалған сумен толтырылған суарғыш орнатылады (ас тұзының 0,01 % ерiтiндiсi).
1020. Арнайы алаңда механикалық тазарту және омарташылық жабдықтарға, құралдарға және жемнен бос, қолдануға жарамды кәрездерге дезинфекция жүргiзiледi. Дезинфекцияланған құрал заттар тиiстi бөлмелерде сақталады. Жарамсыздыққа шығарылған кәрездер балауызға тұщытылады.
1021. Тұрақты жылы ауа райы кезiнде ұя ашық-қоңыр кәрездермен кеңейтiледi, тозаң және шырын алып келу кезiнде ара ұясында кәрездердi тұрғызу үшiн балауызды күштiрек қолданады. Омартада жыл сайын 30 %-дан кем емес кәрездердiң қоры жаңартылады. Жыл сайын 50 %-дан кем емес аналықтарды ауыстыру жүргiзiледi.
1022. Аралардың ұрлығына, үйiрленуiне және көп болып жиналып үйiрленуіне жол берiлмеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады.
1023. Қыстауышты өз уақытында дайындауды жүргiзедi. Бөлмелердi кептiрiп, қабырғаларын және төбесiн әкпен ақтайды, еденiн мұқият жуады.
1024. Балдарды кәрездерден сорғытып алғаннан кейiн оларды бұрын шығарып алынған ара ұяларына кептiру үшiн орналастырады.
1025. Негiзгi бал жинаудан кейiн ара ұясына тексеру, сұрыптау, қысқы мерзiмге ара ұясын бiрiктiру және күштерiн белсендi түрде өсiру жүргізіледі. Қыркүйек айында ара ұясында 20 000-нан кем емес ара болады (6-8 ара ұясы).
1026. Жабысқақ және кристалданушы балды толығымен сапасы жақсы балмен немесе қант шырынымен алмастырады.
1027. Жемдік қорлар тамыз-қыркүйек басында қант шырынымен (5-6 килограмм қанттан көп емес) толықтырылады. Республиканың орталық және солтүстiк өңiрлерiнде жемдік қор аралардың бiр ұясына 28-30 килограммды құрайды, ал қалған өңiрлерде 18-25 килограммнан кем емес, балтозаңы - 2 килограмм (толығымен толтырылған екi кәрез). Қант шырынын жалпы ас оттығынан жемдеуге болмайды.
1028. Қысқы уақытта ұяларды жинауды жем сақталатын қормен толықтырғаннан және тұқым-құрттардың негiзгi бөлiгi шығарылғаннан кейін жүргiзiледi. Бал ара ұясынан тұқым-құрттардан босаған кәрездерін шығарып тастайды (1,5 килограммнан кем). Ұяның iшiне кәрездердi дұрыс орналастырады, оның көлемi ара ұясының күшiне сәйкес келуi қажет.
1029. Салқын түскен кезде барлық ара ұясын тексеру қажет және кәрездердегi аралар үйірінің орналасуын анықтайды, қажет жағдайларда кәрездердiң орнын ауыстырып қояды. Тұрақты суық және құрғақ ауа райы басталысымен, ара ұяларын қыстауышқа енгiзедi, ара ұяларының төбесiн алып тастайды, кiрiп-шығатын тесiктердi торлайды.
1030. Ара ұяларын, омарташылық құралдарды, бал айдаудың арнайы киiмдерiн, бал ыдыстарын және басқа омарташылық заттарды бiр омартадан басқа омартаға алдын ала дезинфекция жүргiзбей жiберуге болмайды.
1031. Қолайлылығын растайтын құжаттардың негiзiнде омарталарды жұқпалы аурулардан қолайлы омарта шаруашылықтарынан алынған денi сау ара ұясымен толтырады.
1032. Әкелiнген араларды, шыққан тегi белгiсiз ара үйiрлерiн басқа омарталардан 5 километр жақын емес қашықтықта, оқшауланған омартаға орналастырады және қамтамасыз етушi ветеринариялық маманның бақылауында күнтізбелік 30 күн ішінде карантинде ұстайды, осы уақыттан кейiн жұқпалы аурулардың қоздырғыштарының бар немесе жоқ болуына зерттеу жүргiзiледi.
Ара ауруларын емдеу және жою жөніндегі іс-шаралар
1033. Ара ұясының аурулары немесе өлiмi туралы қоғамдық және жеке омарталардың омарташылары тиiстi әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық-санитариялық инспекторына дереу хабарлайды.
1034. Тиiстi әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық-санитариялық инспекторы барлық ара ұясына тексеру жүргiзудi, ауруларды анықтауды және аурудың себептерiн табуды, аурудың көзiн анықтауды, таралу жолдарын, жұқпа ауруының (инвазияның) таралу дәрежесiн анықтауды ұйымдастырады және осы Қағидаларда көзделген қажеттi іс-шараларды қабылдайды. Аурудың диагнозын түпкiлiктi анықтау үшiн патологиялық материалдарды таңдап алып, ветеринариялық зертханаға зерттеуге жiбередi.
1035. Жұқпалы ауру немесе улану анықталған жағдайда, тиiстi аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторы мынадай іс-шараларды жүргiзедi:
1) осы аумақта орналасқан барлық омарталардың иелерiне және көршi аудандардың (қалалардың) бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларына хабарландыру жiбередi;
2) осы омарталарға, араларына, аналықтарға, омарташылық өнiмдерiне және араларына күтiм жасауға қолданатын заттарға ветеринариялық-санитариялық тексеру жүргiзудi ұйымдастырады.
1036. Аралардың аса қауiптi аурулары анықталған жағдайда (америкалық шiрiме, еуропалық шiрiме, залалды тұқым-құрт), карантин қойылады.
1037. Аралардың жұқпалы аурулары анықталған жағдайда (гафниоз, варроатоз, аскофероз) шектеу шаралары қойылады.
1038. Карантин немесе шектеу iс-шаралары қолайсыз омарталарға қойылғанда, жеке және заңды тұлғалар мынадай ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар жүргiзедi:
1) қолдануға жарамсыз омарталарды брактайды және балауызға өңдейдi;
2) қолданыста 2-3 жыл болған жарамды кәрездерді, дүкендік кептiргiшті залалсыздандырады (зарарсыздандырады);
3) аралардың көшiп-қонатын орындарын, ара ұяларын, рамкаларын, құрал-саймандарды, арнайы жұмыс киiмдерiн дезинфекциялайды;
4) ара үйiрлерiне қарсы шаралар қолданады;
5) омартада араларды бiр жерден, бiр ыдыстан тамақтануға, сироп iшуге және бал алғаннан кейiн кәрездерiнiң қатар орналасуына рұқсат етілмейді, әлсiз және аналығы жоқ ұяларды өсiруге жол бермейдi;
6) аурудан арылған аралардың көшiп-қонатын орындарын, ара ұяларын, кәрездерін, құрал-саймандарды, арнайы жұмыс киiмдерiн және басқа қонатын құралдарды толық тазартуды және дезинфекциялауды жүзеге асырады.
1039. Ауру ара ұясына емдiк ветеринариялық препараттар қолдану жөніндегі тиiстi нұсқауға сәйкес берiледi (қолданылады).
1040. Барлық ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар кешенiн жүргізу шарты кезінде карантин мен шектеулер алынады.
Араның жеке аурулары кезіндегі іс-шаралар
1041. Америкалық шiрiме. Аралардың америкалық шірімемен ауруы анықталған кезде омартаны және оның айналасындағы 5-7 километр алқапты осы ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және карантин қойылады.
Өлекселерi бар кәрездерді ауру ұядан алып тастайды және балауызға өңдейдi; балауыз қалдығын өртейдi. Араларды ауру ұядан үйірлерге сыпырады (мұның алдында ұяларды түтiнмен өңдейдi) және 1-2 тәулікке қыстаққа орналастырады.
Ауру ұя араларын парақ қағазға сiлкидi және түскенi бойынша түтiнмен дезинфекцияланған қолайлы кәрездерге немесе балауызы бар рамкаларға жіберіледі. Одан кейiн қағазды жағады.
Аурудың нақты белгiлерi жоқ аралардың тұқымдарын арнайы инкубатор-ұяларда өсiредi.
Мұндай ұялар ұшатын ұяларды майда торлармен жабады, аналықтарды сау аналықтармен ауыстырады, араларды сумен және ем сироптарымен қамтамасыз етедi. 10-18 күннен кейiн жас араларды жаңа ұяларға қайтадан қондырады.
Омартада барлық ара ұяларын емдеу кезiнде бөлінген микроорганизм штаммдарының сезiмталдық ерекшелiктерiне қарай антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарын тиiстi нұсқауларға сәйкес қолданады.
Балдан босаған және құрамында өлген араның өлтірігі, ұя және ара шаруашылығы құралы жоқ бос қолайсыз кәрездерді дезинфекциялайды.
Омартаның аурудан қолайсыз ара ұяларынан алынған балауызды техникалық өңдеуге жiбередi.
Ара балын және гүл тозаңдарын тек қана жем үшiн өткізеді.
1042. Европалық шiрiме. Қоздырушысы анықталған кезде омартаға карантин қойылады.
Ауруға шалдыққан ұяларды: қысқартады және жылытады, адал сапалы жеммен қамтамасыз етеді; әлсіз ауыру ұяларды біріктіреді, аналықтарын сауларына, өнім беретіндеріне ауыстырады.
Емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары америкалық шiрiмеде көрсетiлгендей жүргiзiледi. Кәрездерді және мүкәммалды зарарсыздандырады.
Ара балын және гүл тозаңдарын тек қана жем үшiн өткізеді.
Омартадан карантиндi бiр жыл өткен кейін, ал шектеулерді ауруды жойғаннан кейін алады.
1043. Қалталанған өсiн. Ауру анықталған кезде омартаны аталған ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және оған карантин қойылады.
Егер ауру омартада бiрiншi рет тiркелiп отырса, онда ауру ұяларын барлық ұяларымен және құрама бөліктермен бiрге дереу жою туралы шешiм қабылдайды.
Бос жарамды кәрездер, ұялар және ара мүкәммалы дезинфекцияланады. Өлген личинкаларының қалдықтары бар кәрездерді балауызға ерітеді.
1044. Гафниоз. Ауру анықталған кезде омартаны аталған ауру бойынша қолайсыз деп жариялайды және оған карантин қойылады.
Ауру ара ұяларына дәрілік жем береді.
Бос жарамды кәрездер, ұялар және ара мүкәммалы дезинфекцияланады.
Ауру ұялардан алынған бал кондитерлік өнеркәсіпте термиялық өңдеу шартымен тамақ мақсатында пайдаланылады.
91. Бруцеллез
Ескерту. 1-қосымша 91-бөлікпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1191 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жануарлар бруцеллезінің диагностикасы
1045. Бруцеллез диагнозын қою үшін эпизоотологиялық, клиникалық, серологиялық, бактериологиялық әдістер (биосынама қоя отырып) және полимеразды-тізбектеу реакциясы (бұдан әрі - ПТР) қолданылды.
Жануарларға бруцеллезге жаппай диагностикалық зерттеулер жүргізген кезде Жануарлардың саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйым (бұдан әрі - ХЭБ) ресми түрде ұсынған серологиялық тестілер қолданылады: комплементті байланыстыру реакциясы CF (КБР/КҰБР), Бруцелланың буферден тыс антигенімен тест - ВВАТ (ПРА/РБС), иммундық ферментті талдау - Elisa (ИФТ) және флюоресцентті поляризация - FPA (ФПА). Бруцеллез бойынша табынның (отардың) мәртебесін анықтау үшін бактериологиялық (биосынама қоя отырып) әдіс немесе ПТР қолданылады.
1046. Жануарлардың жеке түрлерін зерттеу үшін Қазақстан Республикасының аумағында бруцеллез диагностикасының мынадай әдістері қолданылады:
1) ірі қара мал, марал (бұғы), ала құлан және басқалары - серологиялық: агглютинация реакциясы (бұдан әрі - АР), комплиментті байланыстыру реакциясы (бұдан әрі - КБР) немесе комплиментті ұзақ байланыстыру реакциясы (КҰБР), Роз-бенгал сынамасы (бұдан әрі - РБС), сүтпен шығыршық реакциясы (бұдан әрі - ШР), О-ПС антигенімен иммунды диффузиялық реакциясы (бұдан әрі - ИДР), иммунды ферментті талдау (бұдан әрі - ИФТ). Табынның (отардың) мәртебесін растау үшін биологиялық материалды, іш тастаған жағдайда - іш тасталған төлдерді биологиялық сынама (бұдан әрі - биосынама) қоя отырып бактериологиялық немесе ПТР зерттейді;
2) қой, ешкі - серологиялық: АР, КБР (КҰБР), РБС, ИФТ, аллергиялық және бактериологиялық (биосынама қоя отырып) немесе ПТР;
3) шошқа - серологиялық: КБР, РБС, ИФТ, бактериологиялық (биосынама қоя отырып) немесе ПТР;
4) жылқы - серологиялық: АР, КБР, РБС, бактериологиялық (биосынама қоя отырып) немесе ПТР;
5) түйе - серологиялық: АР, КБР, РБС, бактериологиялық (биосынама қоя отырып) немесе ПТР;
6) ит және жануарлардың басқа түрлері - серологиялық: пробиркалардағы АР, бактериологиялық (биосынама қоя отырып) немесе ПТР;
7) терісі бағалы аңдар - іш тасталған төлдерді бактериологиялық (биосынама қоя отырып) зерттеу жолымен немесе ПТР.
Бруцеллез диагнозын растау (нақтылау) үшін жоғарыда көрсетілген диагностикалық зерттеулердің әдістерінен басқа ХЭБ ұсынған әдістер қолданылады.
1047. Ұсақ малды овис Бруцелласы тудыратын ауруға күдіктенген кезде овистік антигенмен КҰБР немесе ИФТ зерттейді. Тасталған төлдер болған кезде биосынама қоя отырып, бактериологиялық зерттеулер немесе ПТР жүргізеді.
1048. Бактериологиялық зерттеулерге (биосынаманы қоюды қоса) немесе ПТР бруцеллез ауруына күдік тудыратын клиникалық белгілері бар жануарлардан алынған патологиялық материалдар ұшырайды. Ветеринариялық зертханаға трихомонозға, кампилобактериозға, сальмонеллезге, лептоспирозға, хламидиоздық іш тастауға, листериозға, иерсиниозға зерттелуге келіп түскен тасталған төлдер міндетті түрде бруцеллезге зерттеледі.
Бруцеллез бойынша қолайлы шаруашылықтардағы іс-шаралар
1049. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілердегі ветеринариялық іс-шаралар тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бөлімшесінің (бұдан әрі - ЖАО бөлімшесі) басшысы бекітетін іс-шаралар жоспарының негізінде жүзеге асырылады.
1050. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде инфекцияланған жануарларды уақтылы анықтау үшін және кейіннен ауру табылған жағдайда оның таралуын болдырмау үшін ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жалпы кешенінде жоспарлы серологиялық зерттеулер жүргізіледі.
1051. Қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде бруцеллезді уақтылы айқындау мақсатында жоспарлы түрде диагностикалық тексеріске:
1) ірі қара мал:
физиологиялық жағдайына қарамастан аналық бас - жылына екі рет РБС, КБР;
4-6 айлық төлдер - жылына бір рет ИФТ;
аталық бұқалар - тоқсан сайын РБС, КҰБР;
қалған ересек бас - жылына бір рет РБС, КБР;
іш тастау орын алған жағдайда, тасталған төлдерді биосынаманы қою арқылы бактериологиялық немесе ПТР, ал іш тастаған малдарды - РБС, КБР-ға зерттейді;
2) қой мен ешкі:
аналық қойлар (ешкілер) - (ұрықтандырылар алдында және төлдеу науқанынан кейін) жылына екі рет РБС, КБР;
одан әрі өсімін молайту үшін пайдаланылатын 4-6 айлық жастан бастап төлдер - жылына бір рет КБР, РБС;
аталық қошқарларды бруцеллез бен инфекциялық эпидидимитке - жылына екі рет (шағылыстыру науқанына дейін және кейін) КҰБР;
іш тастау болған жағдайда, тасталған төлдерді биосынама қою арқылы бактериологиялық немесе ПТР, ал іш тастаған малдарды - РБС, КБР-ға зерттейді;
3) шошқа:
негізгі аналық мегежіндер және аталық қабандар - жылына бір рет РБС, КБР;
одан әрі өсімін молайту үшін пайдаланылатын ағымдағы жылы туылған мал басын толықтыратын төл - жылына бір рет РБС, КБР;
тасталған төлдер - биосынама қоя отырып, бактериологиялық немесе ПТР, іш тастаған аналық мегежіндер - РБС, КБР;
4) жылқы:
бруцеллезге (бурсит) күдіктенуге негіз болатын белгілері анықталған кезде - РБС, КБР;
спорттық және цирктік жылқылар - ел шегінен тыс алып өткен (тасымалдаған) жағдайда, жөнелтілерден бұрын - РБС, КБР;
сондай-ақ жалпы басының 1 % - жылына бір рет РБС, КБР;
5) марал (бұғы): жылына бір рет аталықтардың панттарын кесу кезінде - РБС;
6) түйе, оның ішінде 4-6 айлық жастағы төлді - жылына бір рет бруцеллезге зерттейді - РБС, КБР;
7) ит: шаруашылық жүргізуші субъектілердің аумағында (отардың жанында) мекендейтін үлкен иттерді зерттейді - КБР, РБС.
Республикадағы эпизоотиялық жағдайға байланысты жануарларды (жануарлардың түрі, зерттеулердің жиілігі мен әдістері) жоспарлы диагностикалық зерттеулердің стратегиясы мен тактикасы, оның ішінде мал басының жалпы санының кемінде 10 %-ын қамти отырып, скринингтік (іріктеп) зерттеулерді қолдану түзетіледі.
1052. Бруцеллезге қарсы иммунизацияланған жануарларды вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқауларда көзделген тәртіпте және мерзімде зерттейді.
1053. Бұрын қолайлы пункттерде (табындарда) жануарларға қолданылған әдістермен жануарлардың арасында зерттеудің күдікті нәтижесі анықталған жағдайда диагностикалық зерттеулер кешенімен аталған жануарларды қайта зерттеу жолымен 15-20 күннен кейін АР, КБР немесе ПТР әдістерінің ретімен диагнозды нақтылауды жүргізеді.
1054. АР немесе КБР бойынша теріс нәтиже алған жағдайда жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер қорына диагностикалық тестілердің нәтижелері туралы белгі енгізіледі, жануарды 3 айдан кейін қайта тексереді.
1055. АР немесе КБР бойынша оң нәтиже алған жағдайда осы жануар бруцеллезбен ауыратын болып саналады.
1056. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша ЖАО басшысы ауру жануарларды қалған жануарлардан оқшаулауды ұйымдастырады және кемінде 15 күн ішінде оларды тиісті аумақта орналасқан мал союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) (бұдан әрі - сою объектісі) санитариялық сою үшін жібереді.
Ауру жануарларға жақ немесе сауыр тұсына «Б» әрпін басу жолымен ыстық немесе суық таңбалау әдістерімен белгі салады.
1057. Санитариялық союды жүзеге асыру үшін ЖАО бөлімшесі сою объектілерінің басшыларымен бірлесе отырып, бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін аптасына бір санитарлық күнді белгілейді.
1058. Жануарларды санитариялық союды жүзеге асыру сою объектісінде ЖАО бөлімшесі сойылған жануарлардан биологиялық материалдың үлгілерін күнтізбелік іс-шаралар жоспарына сәйкес алуды ұйымдастырады және пункттің (табынның) мәртебесін анықтау үшін оны мемлекеттік ветеринариялық зертханаға ПЦР немесе бактериологиялық зерттеу (биосынама) әдісімен зерттеулер жүргізу үшін жібереді.
1059. Ветеринариялық зертханадан осы Қағидалардың 1058-тармағында көрсетілген әдістер бойынша оң нәтиже алған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы ЖАО бөлімшесімен бірлесе отырып, шаруашылық жүргізуші субъекті өкілінің қатысуымен эпизоотиялық ошақ пен эпизоотиялық үдерістің сипатын, ауру қоздырғышының көзін және берілу факторларын анықтау мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектіге эпизоотологиялық зерттеу жүргізеді, эпизоотиялық ошақ пен қолайсыз пункттің шекараларын белгілеуді жүргізеді.
1060. Эпизоотологиялық зерттеу аяқталғаннан кейін нәтижелер еркін нысандағы акт түрінде бір жұмыс күн ішінде ресімделеді. Акт үш данада жасалады және зерттеудің барлық қатысушыларының қолдары қойылады. Түпнұсқасы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторында қалады, көшірмелері ЖАО бөлімшесінің және шаруашылық жүргізуші субъектінің өкілдеріне беріледі.
1061. Эпизоотологиялық зерттеу актісінің негізінде зерттеу аяқталған күні бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына ұсыныс жолдайды.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы ұсынысты алған сәттен бастап кемінде 3 жұмыс күнінің ішінде аумағында эпизоотиялық ошағы бар оған іргелес аумақта жаңа эпизоотиялық ошақтардың туындау қатері бар елді мекенге (село, кент), елді мекеннің бір бөлігіне немесе меншік нысанына қарамастан оқшаулана орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектіге (ферма, табын, отар) шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгілеу туралы шешім қабылдайды.
Ұйымдастырылған мал бағу жолға қойылған екі не одан көп табынды, отарды қалыптастыратын елді мекендерде шектеулерді енгізе отырып, жануарлардың осы топтарын орналастыру қағидаты бойынша оның бір бөлігіне ветеринариялық режимнің қолайсыз пункті деп жарияланады.
1062. Қолайлы аймаққа жаңадан келіп түскен жануарларды (оның ішінде асыл тұқымды) Кеден одағының талаптарына сәйкес кемінде күнтізбелік 21 күн ішінде қалған жануарлардан оқшау ұстау қажет (профилактикалық бақылау) және бруцеллезге, аталық қошқарларды, сондай-ақ инфекциялық эпидидимитке диагностикалық зерттеулерден өткізу қажет.
Бруцеллезге оң нәтиже алынған жағдайда, жануарларды кейіннен сою және пісірілген шұжықтар мен консервілік бұйымдарға өнеркәсіптік өңдеу үшін жеткізушіге қайтарып береді.
1063. Алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасында ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы тіркеген, сондай-ақ Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген вакциналармен жануарларды бруцеллезге қарсы иммунизациялауға жол беріледі. Вакцинаны таңдау және оны қолдану тәртібін уәкілетті орган ведомствосының келісімі бойынша облыстық аумақтық бөлімшелер жүзеге асырады.
Жануарларды иммунизациялау стратегиясы мен тактикасы республикадағы эпизоотиялық жағдайға байланысты (жануарлардың түрлері, вакциналардың жиілігі мен түрлері) түзетіледі.
1064. Вакцина егілген жануарларды жапсырмалау, чиптау немесе ен салу жолымен арнайы таңбалармен таңбалайды және вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқауда көзделген мерзімде және әдістермен бруцеллезге зерттейді.
1065. Алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде үй-жайларды, мал жайылатын аулаларды механикалық тазарту, сондай-ақ профилактикалық дезинфекциялау мен дератизациялау мал иелерінің есебінен жүзеге асырылады.
Эпизоотиялық ошақтарда және бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерде
жүргізілетін іс-шаралар
1066. Шектеу іс-шараларын жариялау туралы шешім қабылданғаннан кейін қызмет көрсету аумағына бруцеллез бойынша қолайсыз пункт кіретін ЖАО бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы ветеринариялық шаралар кешені кіретін сауықтыру іс-шараларының жоспарын әзірлейді.
1067. Жоспарды тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының келісімі бойынша ЖАО бөлімшесі бекітеді.
1068. Эпизоотиялық ошақтарда және бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерде осы жоспарды іске асыру жөніндегі ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) іс-шаралар мемлекеттік ветеринариялық ұйымның күшімен республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
1069. Эпизоотиялық ошақты табу және қолайсыз пункттің шекарасын анықтау кезінде шектеу орнатылады.
1070. Шектеу шарттары бойынша:
1) шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды алып өтуге (айдап өтуге), осы аумаққа сау жануарларды әкелуге (алып келуге), осы аумақтан оларды союға жіберген жағдайдан басқа әкетуге (алып кетуге);
2) эпизоотиялық ошақтар белгіленген қолайсыз аумақта шөп, сабан және басқа да ірі сабақты жемшөптерді басқа аумаққа әкету үшін оларды дайындауға, сондай-ақ жануарлар немесе адамдардың жиналуымен байланысты іс-шаралар жүргізуге жол берілмейді.
Бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді басқа мал басынан тез арада оқшаулау және бордақыламай және жайып семіртпей, олардың асыл тұқымдылығына және өндірістік құндылығына, салмақ кондициясына, жасына, физиологиялық жағдайына қарамастан 15 күннен аспайтын мерзімде союға өткізуге тыйым салынады.
1071. Бруцеллез бойынша қолайсыз табынның жануарларын қолайлы топтардың мал басынан оқшау ұстайды. Бұзаулауды (төлдеуді) басқалардан үй-жайдың іргелі қабырғасымен оқшауланған мал төлдету бөлімшесінде жүргізеді.
1072. Бұрын ауру мал (қолайсыз мал басы) тұрған үй-жайларға сау малды мал жайылатын аулалар мен басқа объектілерді мұқият дезинфекциялағаннан, санациялағаннан кейін, сондай-ақ дезинсекциялау мен дератизациялаудан кейін ғана енгізуге жол беріледі.
1073. Бруцеллез бойынша жануарлардың қолайсыз тобы жайылған жайылымдық учаскелерден шабылған шөп 3 ай бойы сақтауға жатады. Бұдан кейін онымен осы аумақта ұсталатын малдарды қоректендіреді.
1074. Бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерде ұсталып отырған қойлар мен ешкілердің сүтін саууға, дезинфекцияланбаған елтірі терілерін өңдеуге (кептіруге, тазалауға), сондай-ақ қозылардың ұлтабарлары мен ұшасын дайындауға, қойлар мен ешкілердің сүтінен сүзбе ірімшік пен ірімшіктер әзірлеуге тыйым салынады. Елтірі терілерін оларды малдан сыпырып ала салысымен бірден дезинфекциялайды және консервациялайды, ал ұшаны кәдеге жаратады немесе жояды.
1075. Бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілердегі қойлар мен ешкілердің жүнін ең соңынан қырқады. Үй-жайларды, алаңдар мен қырқу аспаптарын, персоналдың арнайы киімін қырқу аяқталғаннан кейін тазартады және дезинфекциялайды. Жұмысшылар (қырқушылар және басқалар) жұмыстан кейін санитариялық өңдеуден өтеді. Бруцеллез бойынша қолайсыз отардың (табынның) қойларынан (ешкілерінен) алынған жүн шаруашылықта зарарсыздандырылады, одан кейін оны шектеусіз өнеркәсіптік қайта өңдеуге апарады.
1076. Бруцеллезбен ауыратын (әсер беретін) жануарларды ветеринариялық-санитариялық қағидаларды сақтай отырып союға әкететін жағдайларды қоспағанда, мұндай жануарларды тасымалдауға және айдап әкетуге жол берілмейді. Бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою үшін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды қатаң түрде сақтай отырып және тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық-санитариялық инспекторының бақылауымен, жануарларды ерекше жағдайларда тасымалдау кезінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды басшылыққа ала отырып, теміржолмен, су көлігімен және шанағы қымтап жабылған автомашиналарда тасымалдауға рұқсат етіледі.
1077. Бруцеллезбен ауыратын жануарларды сою мал союды жүзеге асыратын өндіріс объектісінде ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды сақтай отырып, арнайы белгіленген күндері жүргізіледі.
1078. Бруцеллезге оң әсер беретін ірі қара мал мен шошқалардың, түйелердің, жылқылардың еті ұша мен ағзаларында патологиялық-анатомиялық өзгерістер болмаған кезде еттің 12 сағаттық жетілуі өткеннен кейін шектеусіз шығарыла береді. Ұша мен ағзаларында патологиялық өзгерістер анықталған жағдайда шұжық және консерві бұйымдарына арнап шығарылады.
1079. Бруцеллезге оң әсер беретін қойлар мен ешкілер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен міндетті алып қоюға және жоюға жатады.
1080. Бруцеллезбен ауырған жануарларды сою кезінде алынған етті, ет және басқа өнімдерді зарарсыздандырылмаған түрінде аңдарға беру үшін қолдануға тыйым салынады.
1081. Жануарлардың өлекселері мен тасталған төлдері дереу жоюға жатады.
1082. Бруцеллезбен ауырған сиырларды саууға тыйым салынады.
1083. Қолайсыз пункттегі сиырлардан алынған зарарсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу кәсіпорындарына, базарларда сату үшін, қоғамдық тамақтандыру желілерінде пайдалану үшін шығаруға тыйым салынады.
1084. Қолайсыз пункттегі әсер бермейтін сиырлардан алынған сүтті (кілегейді) 70 0 С температура кезінде 30 минут бойы немесе 85-90 0 С температура кезінде 20 секунд бойы, сондай-ақ қайнату немесе өңдеу жолымен қорытылған майға зарарсыздандырады. Дәл осындай тәртіппен ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне қажетті (оның ішінде қаймағы алынбаған сүтті алмастырғышты әзірлеу үшін) сүтті зарарсыздандырады.
1085. Қорытылған майды әзірлеу кезінде алынған шайқалған май мен көк сүтті тек осы шаруашылық жүргізуші субъектідегі жануарларға беру үшін пайдаланады.
1086. Объектілерді дезинфекциялау үшін Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше елдерде тіркелген дезинфекциялау құралдарын қолданады. Жұмыс ерітінділерін әзірлеу мен дезинфекциялау режимдері оларды қолдану жөніндегі нұсқауларда көрсетілген талаптарға сәйкес келеді.
1087. Бруцеллезбен ауырған немесе күдікті жануарлардың қиын, төсеніштерін және жемшөп қалдықтарын жояды немесе зарарсыздандырады. Осы жануарлардың қиын алдын ала зарарсыздандырудан кейін ғана оны шаруашылықта қолдануға жол беріледі. Қиды биологиялық, химиялық немесе физикалық тәсілдермен зарарсыздандырады.
Эпизоотиялық ошақтарда және ірі қара малдың бруцеллезі бойынша
қолайсыз пункттерде жүргізілетін іс-шаралар (сауықтыру)
1088. Бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді сауықтыру эпизоотиялық ошақта жоюға және қолайсыз пунктте ұйымдастырушылық-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы ветеринариялық іс-шаралардың кешенін жүргізуге сайып келеді.
1089. Іш тастаумен байланысты малдың бруцеллезбен бірінші ауырғаны анықталған кезде, осы табындағы барлық жануарлардың диагнозы расталған жағдайда 15 күн ішінде союға тапсырады.
1090. Қолайсыз пунктті сауықтыруды:
1) кейіннен ауру жануарларды оқшаулай және соя отырып жүйелі диагностикалық зерттеу жолымен;
2) бруцеллезге қарсы вакциналарды қолдану жолымен;
3) жануарлардың барлық қолайсыз мал бастарын жою жолымен өткізеді.
1091. Қолайсыз пункттерді кейіннен ауру жануарларды оқшаулай және соя отырып жүйелі диагностикалық зерттеу арқылы сауықтыру әрбір 15-30 күн сайын екі рет қатарынан теріс нәтижені алғанға дейін РБС, КБР серологиялық зерттеу жолымен жүзеге асырылады.
1092. Оң әсер беретін жануарларды осы Қағидалардың 1055-тармағында көрсетілген әдістермен таңбалайды, тез арада табыннан оқшаулайды және оларды ауру табылған уақыттан бастап 15 күннен кешіктірмей сояды. Ауру жануарлар тұрған үй-жайға мұқият дезинфекция жүргізеді (ауру жануар анықталған әрбір оқиғадан кейін).
1093. Екі рет қатарынан теріс нәтиже алғаннан кейін ірі қара мал басы 3 айлық бақылауға қойылады, сол уақыт ішінде 1,5 ай аралығымен жалпы қабылданған серологиялық әдістермен РБС, КБР бақылаулық диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
1094. Ірі қара малдың бруцеллезі бойынша қолайсыз пункттен шектеуді алып тастар алдында осы Қағидада көзделген әдістермен бруцеллезге қатысты зерттеулер қолайсыз пункттің аумағында орналасқан бруцеллезге сезімтал басқа түрдегі жануарларға жүргізіледі.
Жануарлардың сауығып келе жатқан мал басын және солармен бірге тұрған басқа да сезімтал жануарларды бақылау мақсатындағы зерттеуде теріс нәтижелер алған кезде және бекіту іс-шараларын жүргізген кезде (үй-жайлар мен аумақты санациялау) қолайсыз пункттен шектеу алынып тасталады.
1095. Қолайсыз пунктті бруцеллезге қарсы вакциналарды қолдану жолымен сауықтыру мынадай түрде жүзеге асырылады:
1) қолайсыз пункттегі сезімтал жануарлардың мал басын, 4-6 айлық төлді кемінде екі рет бруцеллез жұқтырған жануарларды барынша анықтау мақсатында серологиялық әдістермен (РБП, РСК) зерттейді және осы Қағидалардың 1093-тармағына сәйкес іс-шаралар жүргізеді;
2) қалған мал басы Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше мемлекеттерде тіркелген бруцеллезге қарсы вакциналармен иммундалады.
1096. Вакцина егілген жануарларды вакциналарды қолдану жөніндегі нұсқауда көзделген мерзімдерде және әдістермен бруцеллезге зерттейді.
1097. Егер жүйелі серологиялық зерттеулер жолымен және вакциналарды қолданумен бір жыл ішінде табынды сауықтыруға қол жеткізілмесе, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің бас ветеринариялық-санитариялық инспекторы эпизоотологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің басшысымен бірлесе отырып, толық ауыстыру әдісімен шаруашылық жүргізуші субъектіні сауықтырудың орындылығы туралы шешім қабылдайды.
Эпизоотиялық ошақтарда және ұсақ малдың бруцеллез бойынша қолайсыз
пункттерде жүргізілетін іс-шаралар (сауықтыру)
1098. Мал шаруашылығы субъектілерінде (соның ішінде аулаларда) қойдың (ешкінің) бруцеллезбен ауырғаны анықталған жағдайда, эпизоотиялық ошақта тұрған оң әсер беретін жануарларды физиологиялық жай-күйіне, асыл тұқымды және шаруашылық құндылығына қарамастан солардан алынған төлімен қоса дереу союға ұшыратады. Қолайсыз пункттің және қауіп төндіретін аймақтың сезімтал жануарларының қалған мал басын 15-20 күн аралықпен екі рет бір мезгілде аллергиялық және серологиялық (КБР, РБС) әдістермен бруцеллезге зерттейді.
1099. Егер осы шаруашылық жүргізуші субъектіде араларында ауру мал болған қойлар (ешкілер) қалмаса және қолайсыз пунктте ұсталған барлық жануарлардың сезімтал мал басын зерттеуде теріс нәтижелер алынса және барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар орындалған болса шектеулерді алып тастайды.
1100. Cay жануарларға ауру жұқтыру және эпизоотиялық қауіпті аймақта инфекцияны тарату қаупі кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің барлық мал басын алдын ала зерттеуден (аллергиялық немесе РБС, КБР) кейін қолдану жөніндегі нұсқауға сәйкес кейіннен жыл сайын зерттеу арқылы Қазақстан Республикасында және Кеден одағына мүше мемлекеттерде қолдануға рұқсат берілген вакциналармен иммундайды.
1101. Вакцина егілген және қайта вакцина егілген қойдың (ешкінің) саулығын бақылауды тасталған төлдер мен өлі туылған қозыларды (лақтарды) бактериологиялық зерттеудің, аталық қошқарлар мен күйек қошқарларды шағылыстыру науқанына дейін және кейін, осы отардан алынған ұрғашы тоқтыларды, отар жанындағы иттерді серологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша жүзеге асырады, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың бруцеллезбен ауырған жағдайлары ескеріледі.
1102. Зерттеудің топтық теріс нәтижелері алынғаннан және бекіту іс-шараларын (үй-жайлар мен аумақты санациялау) жүргізгеннен кейін қолайсыз пункттен шектеулерді алып тастайды.
1103. Бруцеллез бойынша қолайсыз пункттен шектеулерді алып тастар алдында эпизоотиялық ошақта (осы аумақта) тұрған басқа түрдегі жануарларды осы Қағидаларда көзделген серологиялық әдістермен бруцеллезге зерттейді.
1104. Қойларды (ешкілерді) ұрықтандыру үшін бруцеллез бен инфекциялық эпидидимитке қатысты сау қошқарлардың (текелердің) ұрығын пайдаланады.
Қойлардың «Бруцелла овис» (қошқарлардың инфекциялық эпидидимиті)
қоздыратын ауруы бойынша қолайсыз пункттерде (сауықтыру) жүргізілетін
іс-шаралар
1105. Қошқарлардың инфекциялық эпидидимитпен ауырғаны анықталған жағдайда ауру малдарды союға өткізеді, ал шаруашылық жүргізуші субъектіге шектеу қояды.
1106. Ауру қошқарлармен байланыста болған қой басын (қошқарлар мен қойлар) серологиялық әдіспен КҰБР 20-30 күн сайын үш рет (қатарынан) теріс нәтиже алғанға дейін зерттейді. Ауру малдар анықталған жағдайда оларды (саулық қойларды олардан алынған төлдерімен бірге) союға тапсырады. Іш тасталған төлдер бар болған жағдайда оларды зертханаға биосынама қоя отырып, бактериологиялық зерттеуге немесе ПТР жібереді.
1107. Барлық ауырған мал басын союға тапсырғаннан және санитариялық жұмыстар жүргізгеннен кейін зерттеулердің теріс нәтижелері алынған жағдайда пунктті қолайлы деп таниды және жануарларды мақсаты бойынша пайдаланады.
1108. Одан әрі осы Қағидалардың 1050-тармағында көзделген әдістермен және мерзімдерде аталық қошқарларға міндетті жоспарлы диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Эпизоотиялық ошақтарда және түйелердің, шошқалардың, терісі бағалы
аңдардың, маралдар мен бұғылардың бруцеллез бойынша қолайсыз
пункттерінде жүргізілетін іс-шаралар (сауықтыру)
1109. Түйелердің бруцеллез бойынша қолайсыз мал басын кейіннен ауру жануарларды бөлумен және бекіту іс-шараларын жүргізумен жүйелі диагностикалық зерттеулер жолымен сауықтырады.
1110. Шошқаларда бруцеллез анықталған жағдайда барлық мал басын, оның ішінде төлдерін қоса союға өткізеді және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешенін жүргізеді. Үй-жайларды және аумақтарды санациялағаннан кейін шектеуді алып тастайды және фермаға сау шошқаларды әкеледі.
1111. Барлық санаттағы аң өсіру шаруашылықтарында және ит питомниктерінде бруцеллез анықталған жағдайда қолайсыз топтың барлық жануарларын өлтіреді, терілерін зарарсыздандырғаннан кейін қолданады. Қалған мал басын екі рет теріс нәтиже алынғанша тексереді. Ауру жануарларды жойғаннан және ветеринариялық-санитариялық жұмыс кешенін жүргізгеннен кейін пункттен шектеуді алып тастайды.
1112. Маралдар мен бұғылардан бруцеллезді табу үшін пантыны кесу кезеңінде қандары зерттеледі. Әсер беретін жануарлар анықталған жағдайда оларды өлтіреді. Аурудың алдын алу мақсатында табындардың қозғалыс бағыттарын анықтайды. Төлдеу кезеңінде шуларын және іш тасталған төлдерін жояды, ал табынды жайылымның жаңа учаскелеріне айдайды.
1113. Егер кезекті зерттеу кезінде табында диагностикалық тестілердің оң нәтижесімен жануарлар анықталмаса және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар кешені жүргізілген болса, табынды қолайлы деп таниды.
Адамдардың бруцеллезбен ауруына жол бермеу жөніндегі іс-шаралар
1114. Бруцеллез инфекциясының эпизоотиялық ошағы шегінде инфекция қоздырғышының көздері бар және жануарлар мен адамдарға жұғу мүмкіндігі бар, оның берілу тетіктері әрекет ететін аумақ болып табылады. Эпизоотиялық ошақты тексеруді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы және дәрігер-эпидемиолог жүргізеді.
1115. Адамдардың ауыруының ерекше маңызы ұсақ малдың бруцеллез бойынша қолайсыздығы. Ірі қара малдың және шошқаның бруцеллез бойынша эпизоотиялық ошақтары бар елді мекендерде, әдетте, адамдардың бруцеллезбен ауруының кездейсоқ жағдайларының бірлі-жарымы тіркеледі.
1116. Эпизоотиялық ошақты эпидемиологиялық тексеруді емдеу-профилактикалық ұйымынан шұғыл хабарлама (есепке алу нысаны № 58/е), сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілерде бруцеллезбен ауырған жануарлардың анықталғаны туралы ветеринариялық қызметтен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшыларынан, мал иелерінен мәліметтер алғаннан кейін бір тәулік ішінде бастайды.
1117. Адамдардың бруцеллезбен ауыру жағдайларын эпидемиологиялық тексерудің мақсаты ветеринариялық қызмет мамандарымен бірлесе отырып, инфекция қоздырғышының көздерін, жұқтыру жолдарын табу, инфекция көздерімен байланыста болған барлық адамдарды анықтау және одан әрі осы ошақта бруцеллездің адамдарға жұғуының алдын алу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізу, сондай-ақ эпизоотиялық ошақта жұмыс істейтін адамдарға медициналық байқауды ертерек белгілеу болып табылады.
1118. Жұқтыру жолдарын анықтау үшін меншік нысанына қарамастан шаруашылық жүргізуші субъектілерге, шикізаттарды және мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарына (ет комбинаттарына, сою пункттеріне, сүт зауыттарына) егжей-тегжейлі эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізген жөн. Тексеруді тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық-санитариялық инспекторы осы объектіге жетекшілік ететін эпидемиологты тарта отырып және шаруашылық жүргізуші субъекті, кәсіпорын әкімшілігінің немесе мал иесінің қатысуымен жүргізеді. Ошаққа эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеріс мынадай схема бойынша жүргізіледі:
1) эпизоотиялық ошақтың пайда болған жерін анықтау (ферма, отар, мал шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін кәсіпорындар, шаруашылық жүргізуші субъект). Халықты диспансерлік тексерудің алдыңғы нәтижелерін және ветеринариялық зертхана деректерін пайдалана отырып, бұрын осы ошақта адамдардың немесе жануарлардың ауырған жағдайы болды ма соны анықтау қажет;
2) эпизоотиялық ошақтың шығу себептеріне және жағдайларына тікелей қатысты, адамдарға жұқтыруға және олардың ауыруына ықпал ететін инфекция қоздырғышының көздерін табу. Осы аспектілерді анықтаудың нақтылығы мен толықтығы одан әрі бруцеллезге қарсы іс-шараларды таңдау тактикасына байланысты. Ветеринариялық қызмет жануарларды бруцеллезге тексеруді ұйымдастырады және ауру жануарлар табылған кезде оларды оқшаулау, союға тапсыру және басқа да ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу бойынша шұғыл шаралар қабылдайды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет емдеу желісі арқылы науқастарды ертерек анықтау және емдеу мақсатында жұқтыру қатеріне ұшыраған барлық адамдарды клиникалық-зертханалық тексеруді ұйымдастырады, қоздырғыштың берілу факторлары ретінде күдікті объектілерді зертханалық зерттеу үшін сынамалар алуды жүргізеді, аурудың жаңа жағдайларының алдын алу үшін санитариялық-ағарту жұмыстарын және басқа да іс-шараларды ұйымдастырады. Жануарлардың іш тастаған, өлі туған төлдерінен және сүттен қоректік (селективті) орталардың көмегімен бруцеллалардың өскіндерін бөліп алу жұқпалы бастаудың берілуіндегі олардың рөлдері дәйекті дәлел болып табылады. Сонымен қатар, осы факторлардың маңызын басқалармен (топырақ, су, сүт өнімдері, жүн, тері, қи) қатар анықтау серологиялық және басқа да әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін;
3) алынған деректерді талдау, пайда болған эпизоотиялық ошақты жою жөнінде барабар шараларды таңдау және оның пайда болу себептері мен жүргізілген іс-шаралар туралы қорытындылар жасау. Ветеринариялық маман және эпидемиолог ошақтағы эпизоотологиялық көріністі, оның қарқындылығын (малдың жұқтыру дәрежесін), шекарасын, айналатын қоздырғыштың түрін, объектінің санитариялық-гигиеналық жағдайын, инфекция қоздырғышының берілу факторлары мен жолдарын, жұқтыру қатеріне ұшыраған адамдардың тізбесін нақты анықтауға, және пайда болған ошақты жою жөнінде барабар шараларды қабылдайды. Бруцеллездің эпизоотиялық ошағы ауру малды союға толық тапсыру жағдайында, қалған мал басына бақылау диагностикалық тексеріс кезінде теріс нәтижелер алынған жағдайда инфекция берілуінің барлық ықтимал факторларын зарарсыздандырғанда, мал тұрған жерді санациялағанда, жұқтыру қатеріне ұшыраған барлық адамдарды диспансерлік бақылаумен толық қамтығанда жойылды деп есептеледі. Эпизоотиялық ошақты жою өлшемдері бруцеллезбен ауыратын малдың болмауы және, ең бастысы, осы ошақпен байланысты адамдардың бруцеллезбен ауруының қайталанбауы болып табылады. Эпизоотиялық ошақты тексеру процесінде эпидемиолог ветеринариялық маманмен бірлесіп, адамға жұққанына немесе жұқпағанына қарамастан арнайы № 175/Е есептілік нысанды «Зооноздық ауру ошағына эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру картасын» толтырады. Адам ауырған жағдайда, оған қоса «Науқас туралы мәліметтер» қосымша беті толтырылады. Ошақта бірнеше осындай жағдайлар болғанда, әрбір науқасқа қосымша бет жеке толтырылады. Картаның бөлімдері және ондағы сұрақтар ошақты эпидемиологиялық тексерудің негізгі кезеңдерінің тәртібімен орналасқан. Егер эпидемиологиялық тексеру бруцеллезбен ауыратын жануарларды анықтауға байланысты жүргізілсе, тексеріс нәтижелері актімен ресімделеді (ветеринариялық қызмет мамандарымен бірге), онда бруцеллезге қарсы іс-шаралардың орындалу нәтижелерін, жұмыс істейтін адамдарда бруцеллездің алдын алу жағдайын, инфекция көздерімен байланыста болған адамдарға медициналық тексеріп қарауды ұйымдастыруды, сондай-ақ эпидемияға қарсы іс-шараларды тексеруді көрсету керек. Осы шаруашылық (кәсіпорын) бойынша кейіннен орындалуын міндетті түрде тексерумен жоспар-тапсырма дайындалады.
1119. Фермаларға, кәсіпорындарға (шаруашылық жүргізуші субъектілерге) эпизоотиялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізген кезде бірінші кезекте бруцеллезге қарсы іс-шаралардың сақталуына көңіл аудару керек, жұмыскерлердің еңбек жағдайын зерделеу қажет, ол үшін:
1) аумақтың абаттандырылуына, сумен жабдықтауға, дезинфекциялық және жуғыш заттардың бар болуына, жұмысшыларға арналған тұрмыстық үй-жайлардың жабдықталуына, олардың жай-күйіне және ұсталуына, мал қорымдарының, Беккери шұңқырларының немесе өлексе өртеу пештерінің жабдықталуына, жинау мүкәммалының, оның ішінде іш тастаған және өлі туған төлдерді, шуды жинауға арналған жинау мүкәммалының бар болуына ерекше көңіл аудара отырып, объектінің санитариялық-гигиеналық жағдайын бағалау;
2) персоналдың жеке қорғаныш құралдарының бар-жоғын анықтау: арнайы киім мен аяқ киімдер, қолғаптар, резеңке (клеенка) алжапқыштар, саусаққаптар, олардың саны, қолдануға жарамдылығы, сақтау, ауыстыру тәртібі, кір жуудың орталықтандырылуы, дәрі қобдишаларының, қол жуғыштардың, дезинфекциялық заттардың, сабынның бар болуы;
3) жұқтырудың алиментарлық жолдарын анықтау мақсатында сүтті пастерлеу режимін, сүт ыдыстарын, сүзгіш материалдарды сақтау және өңдеу шарттарын сақтауды тексеру, сүт және сүт өнімдерін сату тәртібін белгілеу;
4) тексерілген шаруашылықтан мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін алғашқы өңдеу және тасымалдау тәртібін анықтау, шаруашылықтағы немесе кәсіпорындағы персоналдарға профилактикалық қарау жүргізудің ұйымдастыруылуын тексеру қажет.
Адамдарды жұқтырудан қорғау жөніндегі іс-шаралар
1120. Адамдарды жұқтырудан қорғау мақсатында мынадай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) және санитариялық-гигиеналық іс-шаралар жүргізіледі:
1) кейіннен жабдықтарды, үй-жайларды дезинфекциялай және қалдықтарды зарарсыздандыра, ауру жануарлар тасымалдаған көлікті дезинфекциялай отырып бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарларды сою ережесін сақтау;
2) зерттеу кезінде бруцеллезге әсер беретін жануарларды қабылдауға, тасымалдауға және союға, ұшаларын бөлуге және олардан алынатын шикізаттарды өңдеуге бруцеллезге диспансерлік тексеруден өткен, оның ішінде бруцеллезге тексеру кезінде оң иммунологиялық реакциясымен, бірақ бруцеллездің манифестік түрлерімен ауыратынын жоққа шығаратын тиісті медициналық мекемелерге қатысты динамикада титрлердің өсуі жоқ кәсіпорынның тек тұрақты жұмысшыларына рұқсат етіледі;
3) қолдарының саусақтарында тіліктер, жара бар және терінің басқа да зақымданғаны анықталған тұлғалар жұмысқа терінің зақымданған жерлерін алдын ала өңдегеннен кейін резеңке саусаққаппен ғана жіберіледі. Бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектіден келіп түскен жануарларды, тексерген кезде бруцеллезге әсер беретін, малдардың барлық түрлерін (және оны сойғанда алынған өнімдерді) қайта өңдеуде осы жұмысқа қатысатындардың барлығы резеңке саусаққап киеді;
4) бруцеллезге әсер беретін жануарларды қабылдауға, тасымалдауға, союға және ұшалары мен олардан алынған шикізаттарды қайта өңдеуге жасы 18 жасқа толмаған адамдар, жүкті және бала емізетін әйелдер, маусымдық жұмысшылар, этиологиясы әртүрлі жіті және созылмалы (асқыну сатысындағы) аурулармен ауыратын науқастар, бруцеллездің клиникалық белгілері байқалған науқастар, бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық минимумнан өтпеген жұмыскерлер жіберілмейді;
5) бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектідегі жануарлардан алынған сою өнімдері мен сүтті өңдеу мен пайдаланудың белгіленген ережелерін сақтау;
6) кәсіпорындарда және шаруашылық жүргізуші субъектілерде жануарлармен жұмыс істеу ережелерін сақтау: персоналды, оның ішінде бруцеллезді жұқтыру қаупіне қатысты жұмысқа уақытша тартылған адамдарды жеке гигиена құралдарымен, жеке және арнайы киімдермен (халаттар, резеңке саусаққаптар, жеңқаптар, клеенка алжапқыштар, арнайы аяқ киім) қамтамасыз ету;
7) демалатын бөлме, тамақ ішетін орын, себезгі бөлмелер сияқты тұрмыстық үй-жайларды пайдалану ережелерін сақтау;
8) ыстық сумен, жуғыш және дезинфекциялық заттармен қамтамасыз ету;
9) шаруашылық жүргізуші субъектілерде және кәсіпорындарда орталықтандырылған дезинфекцияны, арнайы киімдерді жууды және тазалауды ұйымдастыру;
10) гигиена ережелері, жеке қорғаныш заттарын қолдану, бруцеллезге қарсы режимдерді сақтау туралы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыскерлеріне нұсқау беру. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне ұқсас нұсқау жүргізеді;
11) бруцеллезді жұқтыру қаупімен байланысты жұмысқа нұсқаудан өткеннен кейін ғана жіберу.
1121. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде, жануардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдейтін кәсіпорындарда, вирулентті өскіндермен жұмыс істейтін зертханаларда бруцеллезге қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге және бруцеллезге қарсы режимді сақтауға мемлекеттік санитариялық қадағалау тәртібіндегі бақылауды Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы жүзеге асырады.
1122. Хеддльсон және Райт реакцияларымен бруцеллез ауруына міндетті тексеруге донорлар, тіндер, ағзалар және басқа да биологиялық материалдар жатады.
1123. Бруцеллезді жұқтыру қаупі бар шаруашылық жүргізуші субъектілерде, шалғайдағы жайылымдарда, сою пункттерінде, қой қырқу пункттерінде, ет комбинаттары мен сүт зауыттарында және басқа да кәсіпорындарда бруцеллезге қарсы режимнің сақталуы бойынша жоспарлы тексеруді эпидемиологтар осы объектілерге жетекшілік ететін санитариялық дәрігерлермен, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің ветеринариялық-санитариялық инспекторлармен бірлесіп жүргізуі керек. Жоспарлы тексерулердің жиілігі тәуекел дәрежесіне және эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға байланысты, бірақ жылына екі реттен сирек емес. Тиісті шара қолдану үшін объектілерді тексеру нәтижелерімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің әкімшілігін және иелерін таныстырады.
Кәсіби контингенттерге тексеріп-қарау жүргізу кезіндегі
іс-шаралар
1124. Бруцеллез жұқтырған және онымен ауырған адамдарды уақтылы анықтау мақсатында жұмысқа орналасатын кезде және бұдан әрі жыл сайын міндетті диспансерлік профилактикалық тексеріп-қараудан мынадай санаттағы азаматтар өтеді:
1) мал өсірушілер және олардың отбасы мүшелері;
2) мал күтуге уақытша тартылған жұмысшылар, шаруашылық жүргізуші субъектілерде мал шаруашылығы жұмысына тартылатын құрылысшылар, механизаторлар;
3) мал шаруашылығы шикізаты мен өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындардың тұрақты және уақытша жұмыскерлері;
4) қаракөл зауыттарының, тері зауыттарының, жүнді алғашқы өңдеу фабрикаларының, тері, жүн өңдейтін кіші кәсіпорындардың жұмысшылары;
5) бруцеллалардың тірі өскіндерімен, жұқтырылған материалмен, вакциналық препараттармен жұмыс істейтін медициналық, ветеринариялық және басқа персонал;
6) алғашқы латентті бруцеллезбен ауырған және серологиялық реакциялар бойынша бруцеллезге оң әсер беретін адамдар.
Жіті бруцеллезбен ауырып жазылған адамдар 2 жыл бақылауда болады.
1125. Тізбелеп аталған контингентті диспансеризациялау ресми жарияланған бруцеллез бойынша қолайсыз шаруашылық жүргізуші субъектілерде ғана емес, қолайлы шаруашылық жүргізуші субъектілерде де жүргізіледі.
1126. Егер ауруды жұқтырған жағдайда аурудың кәсіби сипатын барынша ықтималдықпен жіктеу мүмкін болуы үшін ауылды жерлерде барлық көрсетілген контингент жұмысқа орналасатын кезде бруцеллезге тексеріледі (клиникалық тексеріп-қарау, қанды Хеддльсон реакциясында зерттеу). Жұмыс басталғанға дейін диспансеризациялау толық қамтылмаған жағдайларда жұмысқа уақытша тартылған контингент ошаққа келген алғашқы 10 күнде тексеруге жатады, өйткені жаңа жұқтырған кезде гуморальдық жауап осы мерзімнен кейінірек дамиды. Бұл ретте медициналық қызметкер сақманға нақты тартылған адамдардың тізімін жасайды.
1127. Диспансеризациялау басшылығын Денсаулық сақтау департаменттерінің бас мамандары жүзеге асырады. Диспансеризацияны инфекциялық аурулар кабинеттері жүргізеді. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың аумақтық басқармалары мерзімдік медициналық тексеріп қарау және диспансеризациялаумен толық қамтылуын бақылауды жүзеге асырады, бруцеллезге мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын контигентті анықтайды, тексеріп-қарауды жүргізу мерзімдерін көрсете отырып, объектілердің және жұмыс істейтіндердің тізбесін жасайды, сондай-ақ қолайсыз өндірістік факторлардың әсерін бағалайды. Аудандық орталық аурухананың ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімі, инфекциялық аурулар кабинеті санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің эпидемиологымен бірлесіп жыл сайын динамикада мынадай деректерді көрсете отырып, бруцеллезге мерзімдік тексеріп-қараудың нәтижелерін қорытады:
1) бруцеллезге диспансерлік тексеріп-қарауға жататын адамдардың, оның ішінде дәрігерлік учаскелер бөлінісінде қаралғандардың саны;
2) бруцеллезбен ауырғандардың және реакциялар (Райт, Хеддльсон) кешені бойынша оң әсер бергендердің, оның ішінде диспансерлік есепке алынғандардың саны;
3) емделуге жататын науқастардың, оның ішінде (амбулаториялық және стационарлық) емделуге жіберілгендердің саны;
4) басқа жұмысқа ауыстырылған науқастардың саны;
5) бұрын ауырған ауруға байланысты мүгедектікке ауыстырылған адамдардың саны;
6) ауырғаннан кейін диспансерлік есепте тұрған адамдардың, оның ішінде ағымдағы жылы есепке алынғандардың саны;
7) ағымдағы жылы диспансерлік есептен шығарылған адамдардың саны.
Кәсіптік ауру ресімделген адамдарға ерекше көңіл бөлінеді. Олар есепке жеке тізіммен алынады.
1128. Объектілердің әкімшілігі бруцеллезге мерзімдік медициналық тексеріп-қарауға жататын жұмыс істейтіндердің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, бекітілген тізімдерді ұсынады.
1129. Ұсынылған ресми тізім бойынша учаскелік медициналық қызмет маусымдық жұмысты жүргізу кезінде малшылардың және жұмысқа уақытша тартылған адамдардың денсаулық жағдайын сұрау және тексеріп-қарау жолымен бақылайды және деректерді диспансерлік журналға (дәптерге) тіркейді.
1130. Бруцеллезге оң әсер берген адамдар, бруцеллездік инфекцияға тән клиникалық белгілері бар науқастар клиникалық белгілердің бейіні бойынша мамандарды (инфекционист, невропатолог, гинеколог, уролог, хирург) тарта отырып, тереңдетілген медициналық тексеріп-қараудан өтуге жатады.
1131. Диагнозды анықтауды немесе растауды инфекциялық стационарда (бөлімде, ауруханада) инфекционист дәрігер жүргізеді.
1132. Бруцеллездің, кәсіптік қызметпен байланысын анықтау белгіленген тәртіппен инфекционист пен эпидемиологтың міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі. Бруцеллезді жұқтырудың кәсіптік сипатын растайтын негізгі құжат толтырылған қосымша парақпен қоса эпидемиологиялық тексеру картасы болып табылады.
1133. Тұрақты мал өсірушілерге және мал шаруашылығына уақытша тартылған адамдарға ауыл шаруашылығы жануарларының төлдеуі және бұзаулауы аяқталғаннан кейін 1-2 ай ішінде профилактикалық медициналық тексеріп-қарау (клиникалық тексеріп-қарау, қанды Хеддльсон реакциясында зерттеу) жүргізген жөн.
1134. Мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындарының тұрақты және уақытша қызметкерлері жаппай мал сойылғаннан кейін және малды санитариялық қасапханаларда сойғаннан кейін әр жылдың IV тоқсанында диспансерлік тексеруден (клиникалық тексеріп-қарау, қанды Хеддльсон реакциясында зерттеу) өтулері қажет. Диспансерлік топқа жұқтыру қаупі бар цехтардың жұмысшылары кіреді.
1135. Қаракөл зауыттарының, тері зауыттарының, тері, жүн өңдейтін кіші кәсіпорындардың жұмысшылары, сондай-ақ бруцеллалардың тірі өскіндерімен жұмыс істейтін медициналық, ветеринариялық және басқа да персонал жылына бір рет диспансерлік тексеруден өтулері тиіс (клиникалық тексеріп-қарау, қанды Хеддльсон реакциясында зерттеу).
1136. Алғашқы-латентті бруцеллез ауруымен ауыратын және серологиялық реакциялар бойынша бруцеллезге оң әсер беретін адамдар тоқсанына 1 рет тексеру жиілігімен 1 жыл бойы диспансерлік бақылауға жатады. Серологиялық реакциялардың титрі артқан жағдайда олар 2 айда 1 рет қайта тексеріледі (қажет болғанда ем тағайындалады). Бруцеллез ауруына ұқсас шағым пайда болған жағдайда кеңейтілген зерттеу (қан егу, қан мен несептің жалпы талдауы, Хеддльсон және Райт реакцияларын қайта қою, дене қызуын сағат тәртібімен өлшеу) және инфекционистке консультацияға жіберу керек. Диспансерлік мерзімнің соңында шағым болмаған жағдайда қанға Райт реакциясында зерттеу жүргізіледі және теріс нәтиже анықталған жағдайда бақылау тоқтатылады.
1137. Балаларды қоса алғанда, жеке шаруашылықтағы жануарлармен ошақта байланыста болған тұлғалар аумақтық мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының нұсқауы бойынша дереу тексеруге (клиникалық тексеріп-қарау, қанды Хеддльсон реакциясында зерттеу) жатқызылуы тиіс. Осы адамдарды бақылау ауру малды жойған және ошақты санациялаған сәттен бастап (инкубациялық кезеңнің барынша ұзақ мерзімі) 6 ай ішінде белгіленеді. Байланыста болған адамдарға әрбір 2 ай сайын зертханалық зерттеу және бақылау жүргізіледі. Көрсетілген мерзім аяқталған соң шағым болмаған кезде ошақта бақылау тоқтатылады. Шағым пайда болған жағдайда кеңейтілген тексеру (қан егу, Райт реакциясы) жүргізу керек.
1138. Жіті бруцеллез ауруымен ауырып жазылған адамдар үдеріс созылмалылығының клиникалық-иммунологиялық белгілері болмаған жағдайда ауырған сәттен бастап 2 жыл бойы бақыланады. Бұрын ауырып жазылған адамдарды бірінші жылы 1, 2, 3, 6, 9, 12 айдан кейін, ал екінші жылы 6 айдан кейін инфекционист тексереді. Бұл уақытта олар мұқият клиникалық және серологиялық тексерілуі тиіс. Жіті және жітілеу бруцеллез ауруымен бұрын ауырып жазылған адамдарды егер соңғы 2 жыл бақылау кезінде үдеріс созылмалылығының белгілері байқалмаса, құрамында инфекционист дәрігер, терапевт және эпидемиолог бар комиссия оларды диспансерлік есептен алып тастайды.
1139. Созылмалы бруцеллез ауруымен ауыратын науқастарға тоқсан сайын міндетті түрде термометрия және серологиялық зерттеу (Райт және пассивті гемагглютинация реакциялары) жүргізе отырып, мұқият клиникалық тексеру жүргізіледі. Созылмалы бруцелллез ауруымен бұрын ауырып жазылған адамдар жіті және жітілеу бруцеллез ауруымен ауырған адамдар тәрізді диспансерлік есептен шығарылады.
Халық арасында санитариялық-ағарту жұмысын жүргізу кезіндегі
іс-шаралар
1140. Халықтың қалың жігіне бруцеллез бойынша қажетті санитариялық-гигиеналық білімді жеткізу мақсатында санитариялық-ағарту іс-шаралары жүргізіледі.
Бруцеллездің алдын алу бойынша санитариялық ағартудың негізгі міндеттері:
1) халықтың белгілі бір топтарында бруцеллез - инфекция қоздырғышының көздері ауру ауыл шаруашылығының жануарлары болатын зооноздық инфекция екендігі туралы нақты түсінік қалыптастыру;
2) жануарлар арасында аурудың таралуы, бруцеллезді жұқтыру жолдары туралы және аурудың кәсіптік сипатына назар аудара отырып, адам үшін қауіптілік дәрежесі туралы хабардар ету болып табылады.
1141. Арасында санитариялық-ағарту жұмыстары жүргізілетін халық тобының ерекшеліктеріне байланысты кәсіптік сипат мәселесіне баса назар аудару керек. Мал шаруашылығы қызметкерлері өздеріне тиетін экономикалық зиянды көрсетулері қажет, іш тастаудың алғашқы жағдайларын айқындау, табынның және барлық шаруашылық жүргізуші субъектінің сауығуына ықпал жасайтын шұғыл дезинфекциялық шараларды жүргізу соларға байланысты екенін атап көрсетулері тиіс.
1142. Мерзімді медициналық тексеріп-қарауды және зертханалық тексеруді жүргізу кезінде, тексерілетін контингент арасында санитариялық-ағарту жұмыстары кеңінен жүргізіледі.
1143. Мал өсірушілерді арнайы киімдермен қамтамасыз ету тәртібімен, сондай-ақ жеке бас профилактикасының шараларын орындауға барлық қажеттілермен таныстыру керек.
1144. Жеке ауласында қой және ешкі өсірумен айналысатын халыққа малдарда бруцеллез ауруының белгілері байқалған кезде шұғыл қолданылатын санитариялық және ветеринариялық-санитариялық шаралардың маңыздылығын, оларды бұзу және сақтамау инфекцияның таралуына және адамдарға да, малдарға да жұғуына әкеп соғатынын түсіндіру қажет, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді аурудан қорғауға көңіл бөлу қажет.
1145. Жануарлардан алынатын шикізатты және өнімдерді қайта өңдейтін кәсіпорындардың қызметкерлеріне жеке бас профилактикасының шараларын мұқият түсіндіру керек.
1146. Халықпен әңгімелесуде бруцеллездің клиникасына егжей-тегжейлі тоқталудың қажеті жоқ. Негізгі симптомдарына тоқталып, осы ауруды диагностикалауды клиникалық және зертханалық зерттеулер негізінде тек дәрігер жүргізетінін айту жеткілікті.
1147. Егер балалар ауру малдарды күтуге қатысса, оларға бруцеллездің жұғу мүмкіндігі бар екендігін атап өткен жөн.
1148. Егер тәжірибеден алынған нақты оқиғалар пайдаланылып, нақты аумақтардағы бруцеллезбен күресудің табысты шаралары мысалға келтірілсе, халық арасында ғылыми білімді насихаттау өте тиімді болады.
Ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидаларға
2-қосымша
Сауда объектілеріндегі ветеринариялық-санитариялық сараптама
зертханалары жүргiзетiн мiндеттi және қосымша зерттеулердiң
ТIЗБЕСI
1. Жануарлар мен құстарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер (тексеру):
1) жануарлардың жалпы жай-күйін, көрініп тұрған шырышты қабаттары мен беткі лимфа түйіндерін клиникалық қарау (ф-1 ветеринариялық куәлiгін тексере отырып);
2) термометрия, тамыр соғысын, демалысын, руминациясын тексеру.
2. Етті мiндеттi түрде зерттеу:
1) ұшаны, iшкi мүшелері мен басын, қолжетімді барлық лимфа түйiндерiн ашып қарай отырып және ішкі мүшелерін тіле отырып, органолептикалық қарау;
2) қайнатып сынау;
3) финнозға (цистицеркоз) тексеру;
4) трихинеллезға тексеру;
5) жылқының басын маңқаға тексеру;
6) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
3. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, етті қосымша зерттеу:
1) күдiк туғызған лимфа түйiндерiнен, iшкi мүшелері мен ұшаның бұлшық еттерiнен алынған жағындылардың бактериоскопиясы;
2) биохимиялық зерттеулер (токсокологиялық зерттеулерді қоса алғанда).
4. Сүт пен ашыған сүт өнiмдерiне (үйде жасалған) мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
1) органолептикалық зерттеу;
2) тығыздығын анықтау;
3) қышқылдығын анықтау;
4) тазалық дәрежесiн анықтау;
5) сүттің бруцеллезге сақиналы реакциясы;
6) маститке мастидин сынамасы;
7) сынамалардың жалпы радиациялық фонын анықтау.
5. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, сүтті қосымша зерттеулер:
1) майлылығын тексеру;
2) сүттегі сода қоспасын анықтау;
3) редуктазды сынама;
4) сүттің жасандылығын анықтау.
6. Сары майды (үйде жасалған) тексергенде мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
1) органолептикалық зерттеу;
2) майлылығын анықтау;
3) ылғалдығын анықтау;
4) ас тұзын анықтау;
5) жасандылығын анықтау;
6) ірiмшiк, сыр және тағы басқа заттардың қоспасын анықтау;
7) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
7. Ара балын тексергенде мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
1) анықтау және жіктеу;
2) органолептикалық зерттеулер;
3) су құрамын анықтау;
4) механикалық қоспаларды анықтау;
5) жалпы қышқылдығын анықтау;
6) шіре балын анықтау;
7) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
8. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, ара балын қосымша зерттеулер:
1) диастазалық белсенділігін анықтау;
2) инвертацияланған қанттың шекті құрамын анықтау;
3) жасанды инвертацияланған қант қоспасын анықтау;
4) сахарозаны (қамыс қантын) анықтау;
5) балдың божығанын анықтау.
9. Балықтарға мiндеттi түрде жүргiзiлетiн зерттеулер:
1) органолептикалық зерттеу (бүкіл партияның немесе орамның кемінде 10 данасын);
2) бактериоскопия;
3) қайнатып сынау;
4) адамдарға қауiптi инвазиялық балық ауруларына (описторхоз, клонорхоз, гетерофоз, метегонимоз, дифиллиоботриоз, диоктифимоз, нанофиетоз) тексеру;
5) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
10. Жұмыртқаны тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер:
1) органолептикалық зерттеу (ф-2 ветеринариялық ілеспе құжаттарды зерттей отырып);
2) овоскопия;
3) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
11. Қақталған етті (үйде жасалған) тексергенде мiндеттi түрде жүргiзетiн зерттеулер:
1) органолептикалық зерттеу;
2) трихинеллоскопия;
3) ылғалдылығын анықтау;
4) ас тұзын анықтау;
5) сынаманың жалпы радиациялық фонын анықтау.
12. Мiндеттi зерттеулерді жүргізу кезінде ветеринариялық нормативтерден ауытқу анықталған жағдайда, қақталған етті қосымша зерттеу – биохимиялық зерттеу (токсикологиялық зерттеулердi қоса алғанда).
Ветеринариялық
(ветеринариялық-санитариялық)
қағидаларға
3-қосымша
Ет пен сойылғаннан кейін алынған өнімдерді таңбалауға арналған
ветеринариялық таңбалардың және мөртабандардың
үлгілері
1. Сопақша нысандағы 1-таңба.
KZ F 01/U2-0001 – жануарларды сою жүргізілген сою пунктінің немесе ет өңдейтін кәсіпорынның есептік нөмірі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 қарашадағы № 1755 қаулысымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру ережесіне (бұдан әрі – қаулы) сәйкес беріледі:
бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
Мөлшері: 40(± 5)х60(± 5) миллиметр.
Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр.
Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 0,2) миллиметр.
2. Сопақша нысандағы 2-таңба.
«ЖК ВЕТСАРАПТАМА» – ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасының атауы;
KZ – Қазақстан Республикасының литерлік коды;
F 01 – аумағында ветеринариялық-санитарлық сараптама зертханасы орналасқан облыстың және ауданның коды, қаулыға 1-қосымшаға сәйкес берілген:
1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
Мөлшері: 40(± 5)х60(± 5) миллиметр.
Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр.
Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
3. Құстардың, үй қоянының, сазқұндыздың және басқа да ұсақ жануарлардың еттерін таңбалайтын сопақша нысандағы (кішірек мөлшердегі) таңба.
KZ F 01/U2-0001 – сою пунктінің немесе ет өңдейтін кәсіпорындардың есептік нөмірі, қаулыға сәйкес беріледі:
бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
Мөлшері: 25(± 3)х40(± 5) миллиметр.
Жиегінің ені – 1(± 0,2) миллиметр.
Әріптердің және сандардың биіктігі – 6 миллиметр.
4. Тік бұрышты таңба нысаны.
KZ F 01/U2-0001 – жануарды сою жүргізілген сою алаңының уақытша есептік нөмірі, қаулыға сәйкес беріледі:
бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
Мөлшері: 40(± 5)х70(± 5) миллиметр;
Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
5. Ветеринариялық мөртабандар.
KZ F 01/U2-0001 – жануарды сою жүргізілген өндіріс объектісінің есептік нөмірі, қаулыға сәйкес беріледі:
бiрiншi белгi – елдiң коды – КZ;
екiншi белгi – облыстың литерлiк коды;
үшiншi белгi – ауданның реттiк нөмiрi;
төртiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң қызмет түрiнің коды;
бесiншi белгi – өндiрiс объектiсiнiң реттiк нөмiрi;
1 – таңба қоятын ветеринар дәрігердің жеке нөмірі.
Мөлшері: 40(± 5)х70(± 5) миллиметр;
Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
Әріптердің және сандардың биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
6. Қосымша мөртабандар.
Мөлшері: 20 (± 3)х50(± 5) миллиметр;
Жиегінің ені – 1,5(± 0,3) миллиметр;
Әріптердің биіктігі – 10(± 2) миллиметр.
7. Құс өңдейтін кәсіпорындарда құс ұшаларына қойылатын электротаңба.
1 2 Қ
1 – бірінші санаттағы құс;
2 – екінші санаттағы құс;
Қ – өнеркәсіптік қайта өңдеуге.
Әріптердің және сандардың биіктігі – 20(± 4) миллиметр.